Астана жайлы
Қазақстан астаналарының ауысуы
Қазақстан Республикасының алғашқы астанасы — Орынбор (1920–1925). Одан кейін астана Қызылорда қаласына ауысты (1925–1929). 1929 жылдан 1997 жылға дейін ел астанасы Алматы болды.
Астананы Ақмолаға көшіру
1997 жылғы 20 қазанда Н.Ә. Назарбаев «Ақмола» қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды. 1998 жылғы 6 мамырда Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы — Ақмола қаласы Астана болып аталды.
Сол жылдың 10 маусымында тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Осылайша, Астана Қазақстан Республикасының жаңа астанасына айналды.
Қаланың жаңғыруы
Аз уақыттың ішінде Астана көрікті әрі қарқынды дамыған қалаға айналды. Қаланың ортасынан ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы батпақ пен қалың қамыстың орны тұрғындар демалатын жағажайлар мен абаттандырылған аймақтарға айналды.