Өндірістік үрдіс
Саланы ұйымдастыру және сала технологиясы пәнінен емтихан сұрақтары
1. Бұйымды жинау, дайындау, бөлшектерді өңдеу бойынша бірізді орындалатын операциялардың жиынтығы, бұл: Өндірістік үрдіс
2. Жарғылық капиталдағы өзінің салымы шегіндегі міндеттемелері бойынша, ал егер олардың жеткіліксіздігі жағдайында - жарғылық капиталға олардың салған үлесі мөлшерінде өз мүлкімен кәсіпорынға қатысушылар жауап береді: Қосымша жауапкершілікті серіктес
3. Өндірістік кәсіпорынның тиімділігімен байланысты басқару шешімдерін дайындау және жүзеге асырумен, басқару жүйесін құрумен және үйлестірумен айналысатын бөлімдер мен қызмет көрсетулердің жиынтығы, бұл: Ұйымдық құрылым
4. Негізгі өндірістік және айналым қорларын, сондай ақ қаржылық ресурстарды анағұрлым толық және тиімді пайдаланумен байланысты өнімді көп шығару мүмкіндігі, бұл: Өндірістік қуаттылық
5. Кез келген кәсіпорынның басты мақсаты болып табылады: көрсетілген қызмет сапасы
6. Кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық тиімділігін, материалдық өнімді шығаруды қамтамасыз ететін еңбектің өзін, еңбектің мазмұнын (шикізат және материал), еңбек құралын (құрал-жабдық) уақыт бойынша кеңістікте ұтымды үлестіру негізінде құрылған бөлімше, бұл: Өндірістік бөлімше
7. Еңбек мазмұны және еңбек құралы қозғалысы (толымдайтын шикізат, материал) қоймадан цехтарға, цехтар ішінде, олардың арасындағы, цехтардан дайын өнім қоймасына және т.б. – бұл: Өндірістік ағым
8. Өндірістің жалпы экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету және жоғары сапалы өнімнің оптимального санын шығару мақсатында өндірістің заттық элементтерін және еңбекті баланысту тәртібі мен мөлшерін қамтамасыз ететін ережелер, үрдістер және шаралар жиынтығы - бұл: Өндірісті ұйымдастыру
9. Өндірістік жүйенің негізгі түрлері болып табылады: Өндірістік бөлімше,ағын,үрдіс
10. Өнімнің нақты түрінің өндірісімен баланысты шығындар: Тура шығындар
11. Өндірістің түрі бойынша кәсіпорын бөлінеді: Массалық,сериялық,бірлік
12. Халық шаруашылығы екі сфераға бөлінеді– бұл: Материалдық және материалдық емес
13. Төмендегі ұйымдық - құқықтық нысанның қайсысы коммерциялық болып табылмайды? Тұтынушылық коператив
14. Өнімді үнемі шығарумен және көлемімен, номенклатурасымен келісілген өндірісті ұйымдастыру элементтері және факторлардың үйлесімділігі ерекшелігі және экономикалық, ұйымдық-техникалық сипаттамасы жиынтығы, бұл: Өндіріс түрі
15. Өндірістік үрдісте тура немесе жанама қатысатын шаруашылыққа қызмет көрсететін цехтар, учаскелер - кәсіпорынның бөлімшелерінің жиынтығы, бұл: Өндірістік құрылым
16. Өндірістік жүйенің элементтері болып табылады: Адамдар,еңбек құралдары,еңбек мазмұны,еңбек өнімдері
17. Пайда табу және қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында қызмет көрсету және жұмысты орындау, өнім өндіру үшін құрылған заңды тұлға болып табылатын дербес шаруашылық субьект, бұл: Кәсіпорын
18. Тірі еңбектің әсерімен еңбек мазмұнының нақты күінің өзгеру үрдісі, өндірістік үрдістің басты және маңызды бөлімі, бұл: Технологиялық үрдіс
19. Өнімнің сапасы, ассортименті, номенклатурасын, дайындау көлемі мен шығарылуын бейнелейтін өнімді өндіру мен өткізу және өндірістің толық, нақты жоспары, бұл: Өндірістік бағдарлама
20. Өндірістің иерархиялық жүйесі келесідей сатыларды біріктіреді: Кәсіпорын,цех,бөлім,участок,жұмыс орны
21. Кәсіпорын құралын ұдайы салатын өндірістік қызметтің факторларының бірі: Өндірістік айналым қорлары
22. Өндірістің басты бағыттарын және оның мамандануын анықтайтын кәсіпорынның бағдарламасындағы түрлі бұйымдар тізімі, бұл: Өнім намеклатурасы
23. Кәсіпорын қандай басты мәселеге тап болуы мүмкін? Негізгі капиталды толтыру
24. Негізгі қорлардың жаңғыртылуы және толықтырылуы, техникалық және ұымдық жетілдірілу базасында жұмыс жасап тұрған өндірісті түпкілікті қата құру үрдісі, бұл: Қайта құру
25. Бір немесе бірнеше жұмысшылармен (бригадамен) бір немесе бірнеше бұйымдарды жабдықты қайта жөндемей ақ, бір жұмыс орнында (станокта, агрегатта және т.б.) орындалатын өндірістік үрдістің қарапайым бөлімі, бұл: Технологиялық
26. Дұрыс жағдайда энергетикалық,технологиялық құрал-жабдықты ұстап тұратын жабдықпен, құралмен, энергиямен, отынмен, материалмен, шикізатпен негізгі өндірістік үрдісті қамтамасыз ететін қосымша өндірістің қызмет көрсетуші барлық кешені, бұл: Кәсіпорынның өндірістік инфра құрылымы
27. Өндірістік үрдіс келесідей үрдістерден тұрады: Негізгі,қосалқы,қызмет көрсетуші
28. Меншік түрлері: Жеке және мемлекеттік
29. Сыртқы ортаны зерттеу кәсіпорынды қамтамасыз етеді: Қызмет етуінің
30. Кооперацияға бірлестірудің технологиялық нысаны дегеніміз: Жартылай фабрикаттар мен дайын өнім ұсыну
31. Өндірістің қанша типі болады? 3
32. Кәсіпорынның мақсаттары анықталады: Жоғары тұрған басшы
33. Мамандану мен шоғырлану деңгейіне байланысты өндірістің келесідей типтері ажыратылады, бұл: Массалық,сериялық,бірлік
34. Рудадан және басқа материалдардан металл алудың алуан түрлі үрдістерін қамтитын өндіріс саласы: Металлургия
35. Ұйымдық өндірістің неше типі бар? 4
36. Өндіріс типтері келесіде факторлармен анықталады. Артығын тап. Өндіріс кезеңінің ұзақтығы
37. Кәсіпорын ішінде еңбекті кооперациялау және бөлу сипатымен белгіленген, арнаулы шектеулі өндірістік функцияларды орындатын, қызмет көрсетуші буындар мен өндірістік және қосымша учаскелерден тұратын, кәсіпорынның ұйымдық-ерекше бөлімшесі, бұл: Цех
38. Технологиялық біртекті немесе бір бағыттағы жұмысты орындауда арнайы бұйымды немесе бөлшекті шығаруға маманданған кәсіпорынның негізгі өндірістік құрылымдық бөлімшесі, бұл: Цех
39. Өндірістің салалық құрылымын факторлардың қайсысы сипаттамайды: Елдің тұрғындары
40. Операцияны немесе жұмысты орындайтын бір немесе бірнеше орындаушының еңбек қызметі үшін барлық қажеттінің бәрі бар өндірістік ғимарат кеңістігінің үштен бірін ұсынатын кәсіпорынның өндірістік құрылымының алғашқы, базалық буыны, бұл: Жұмыс орны
41. Технология анықтайды: Өнімді дайындау әдістері мен нысандары
42. Өңделетін бұйымды топпен бірлесіп немесе еңбектің әрбір түріне арналып жасалатын шаралардан тұратын, бір жұмыс орнында (станокта) орындалатын технологиялық үрдістің бөлігі, бұл: Операция
43. Жеке пайдалану құралы немесе негізгі қорлардың тұтыну құнын ішінара немесе толық қалпына келтірумен және ұстаумен байланысты технико-экономикалық және ұйымдастыру шараларының жиынтығы, бұл: Жөндеу
44. Бұйымның дайындалуы жұмыс орнында жоғары дәрежеде нағыз тура және үзіліссіз жүзеге асырылатын өндіріс, аталады: Тасқынды
45. Өзінің табиғи-заттық нысанын өндіріс үрдісінде өзгертпейтін және тозу шамасына қарай бөлшектеп дайын өнімге өзінің құнын аударатын, өндіріс кезеңінде бірнеше мәрте қатысатын капитал бөлігі - бұл: Негізгі қорлар
46. Еңбектің тиімділік көрсеткіші, бұл: Өнімнің еңбек сиымдылығы
47. Сатып алушылар үшін қауіпсіздік шарттары, арнаулы қажеттілікті қанағаттандыру қабілетін беретін өнімнің қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы, бұл: Тауар сапасы
48. Дайын өнімнің аяқталмаған өндіріс, шикізат, материал, отын, ыдыстар қоры түріндегі кәсіпорынның активтері: Тауар,материалдық қорлар
49. Өндірісті басқару, бұл: Басшының ұйымдық құрылымын құру
50. Кәсіпорынды дамыту және қызмет етуі үшін қолалы жағдай құруға мақсатты бағытталған әсер ету құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы, бұл: Шаруашылықты жүргізудің экономикалық механизмі
51. Стандарт бойынша өнімділікті, қуатын қалпына келтіру, өңдеудің технологиялық дәлдігін тексеру, бөлшектерді ауыстыру және қалпына келтіру, сүртіп тазарту, жуу, нақты тексеру, құралдарды толықтай бөлшектеу - бұл: Жоспарлы жөндеу
52. Өнімнің меншікті салмағы бойынша Қазақстанда бірінші орын алады: Тамақ өнеркәсібі
53. Таңдалған тауар стратегиясына сәйкес дайындалған жоғары сапалы өнімді шығару боынша кәсіпорын жоспары - бұл: Өндірістік бағдарлама
54. Ауыл шаруашылығының өнімін қайта өңдейтін салалар, бұл: Тамақ және мата
55. Ауыр түсті металл, бұл: Мыс,мырыш,қорғасын
56. Қазақстанның мыс өнеркәсібінің ірі тау-металлургиялық кәсіпорны: Балқаш,Жезқазған
57. Б тобының салалары - бұл салалар шығарады: Тұтыну құралдары
58. Қысыммен металдарды өңдеу қандай металдарға қолданылады? Иілгіш
59. Қазақстанда анағұрлым дамыған машина құрастыру салалары, бұл: Ауыр,ауыл шаруашылығы
60. Жеңіл өнеркәсіпті кәсіпорынды орналастырудың негізгі факторы болып табылады: Еңбек ресурстары
61. Қарағанды көмірін негізгі тұтынушы болып табылатын өнеркәсіп салалары: Металлургиялық,химиялық
62. Өзінің табиғи-заттық нысанын өндіріс үрдісінде ауыстыратын және дайын өнімге өз құнын бірден және толықтай аударатын, әрбір өндіріс кезеңінде тұтастай пайдаланылатын аналым капиталы бөлігі - бұл: Айналым қорлары
63. Отын өнеркәсібі өз құрамына ... кенін қосады: Көмір,мұнай,газ
64. Күкіртқышқыл зауыттарын әдетте келесідей себептер бойынша тұтынатын жерлерде салады: Қышқылды тасудың қауыптілігі
65. Елдің шаруашылығы құрылымы құрамына кіреді: Өндірістік және өндірістік емес сфера
66. Экономиканың өндірістік сферасы біріктіреді: Өндіретін және өңдейтін салалар
67. Экономиканың өндірістік емес сферасы біріктіреді: Қаржы сферасы
68. А тобы салалары, бұл: Станок және жабдықтар
69. Жеңіл түсті металдарға жатады: Алюминий
70. Қара металлургияның өнімі, бұл: Болат,шойын,прокат,легирленген метал
71. Алюминий өндірісі үшін шикізат болып табылады: Алунит пен нефелимдер
72. ... өндірісі Қазақстан сапалы қара металлургиясы салалары болып табылады: Ферроқұймалар
73. Металл өндіруде нағыз энергияны көп пайдаланатын, бұл: Алюминий
74. Агро өнеркәсіптік кешен – бұл: Жеңіл және тамақ өнеркәсібі үшін шикізат өндіріс кешені
75. Қазақстанның қара металлургиясы ... салалар болып табылады: Болат,шойын,прокат
76. Қазақстанның қара металлургиясы ... өндірілген шикізатқа негізделеді: Қарағанда об.
77. Темір рудасын байыту ... әдісімен жүргізіледі: Платация
78. АӨК салаларына жатады: Өсімдік шаруашылығы
79. Өндірістің салыстырмалы тиімділігі мысалы болып табылады: Өндірісті шаруашылық мақсатты шешудің бірнеше нұсқасынан іріктеп таңдап алу
80. Өндірістің тиімділігін сапалық бейнелеуді ... сипаттауға болады: Шығындармен салыстырғанда алынған пайда
81. Инвестициялық тартымдылық дегенді қалай түсінеміз? Нақты инвестицияланған қызметті экономикалық нәтижесі базасындаинвестордың мақсатына сенімді және өз уақытында жету
82. Қазақстанда анағұрлым жақсы дамыған жеңіл өнеркәсібі саласы, бұл: Мата
83. Ең ірі тері комбинаты ... қаласында орналасқан: Алматыда
84. Ракета, атом және басқа да өндіріс салаларында қолданылатын және жоғары коррозияға қарсы қасиетке ие мықты металл: Титан
85. Металлургияға жатады: Ыссылай пісіріп желімдеу,салқын және ыссы күйде металды өңдеу,құймаларды алу
86. Коксохимия, бұл: Табиғи отынды кокске қайта өңдеу мен байланысты химия
87. Тар мағынада, технология бұл: Бұйым эксплуатация,қызмет көрсету,дайындауға бағытталған операциялар
88. Қазақстанда қара металлургияның толық кезеңі болып саналады: Қарағанды металлургиялық комбинаты
89. Әлеуметтік-экономикалық тиімділіктің жіктелген көрсеткіші болып табылады: Өнімнің материалды көп қажет етуі
90. Қоршаған ортаны аз дәрежеде ластайтын кәсіпорын саласы: Тігін өнеркәсібі
91. Қазақстанның өнеркәсібі үшін отынның негізгі түрінің бірі болып табылады: Газ
92. Қазақстанның машина құрастыру саласы... жылдары құрылды: Екінші дж соғыс кезінде
93. Айналым құралдары құрамына кіреді: Өндірістік запас,өндірістік аяқталмаған болашақ шығындар
94. Темірдің ... қоспасы шойын деп аталады: Көміртегі
95. Кең шикізат базасы бар сала, бұл: Химия
96. Өнеркәсіп типі бойынша кәсіпорын бөлінеді: Жаппай,сериялық,бірлік
97. Қазақстан Республикасының ірі көмір-металлургиялық орталығы болып табылады: Орталық Қазақстан
98. Негізгі құралдардың құрамына өндірістің құралдарының қайсылары кіреді: Еңбек құралдары
99. Қазақстанның түсті металлургиясы жаңа салаларына жатады: Алюминий және титаномагний
100.Жекелеген кәсіпорындардың немесе өнеркәсіптің жекелеген салалары шығаратын тауарлар жиынтығы, бұл: Өндірістік ассортимент
101.Өнімді өткізуден түскен пайда мен өткізілген өнімнің өзіндік құны арасындағы айырмашылық – бұл: Жалпы кіріс
102.Тұрақты шығындар – бұл: Өндірістің құрылымы мен көлеміне тәуелді шығындар
103.Жабдықтың іс жүзінде жұмыс істеу уақытының оны пайдаланудың мүмкін уақытына қатынасы – бұл: Жабдықты,экстенсивті пайдалану коэфиценті
104.Белгілі бір тұтастық немесе бірлік түзетін бір-бірімен байланыста және қатынаста орналасатын көптеген элементтер, бұл: Жүйе
105.Шұғыл басқару немесе шаруашылықты жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын – бұл: Мемлекеттік кәсіпорын
106.Материалдық өндірістің үшінші маңызды саласы, бұл: Көлік
107.Кәсіпорынның шығындар құрылымы бойынша ажыратылады: Материалды,энергияны,капиталды,еңбекті көп керек ететін
108.Материалға және шикізатқа айналым құралы ретінде қажеттілік ... жолмен анықталады: Материал мен шикізат қоры,мөлшері,шикізатпен материалдың бір күндік шығынының құнына көбейтіндісіне
109.Судың ең үлкен көлемін құрайтын мұхит: Тынық
110.Ұқсас технологиялар және біртекті ресурстар жұмсалған өндірістегі жақын тауарлар ... деп аталады: Субституттар
111.Өнеркәсіптің құрылымына ықпал жасамайды: Халық саны
112.Ассортименттегі және номенклатурадағы шикізатты қайта өңдеу және өндіру көлемі немесе максимальды шығару мүмкіндігі (бір жылда, күніне, сменада) сипаттайды: Кәсіпорынның өндірістік қуатын
113.Бүкіл өнеркәсіптің өсу қарқынына жеке кешеннің немесе саланың өсу қарқынының қатынасын бейнелейтін коэффициент: Алға кету коэфиценті
114.Жаңа өндірістік обьектілер өнімдерін аймақтық тұтыну мен шикізат факторларын бағалау үшін пайдаланылатын әдіс: Аймақтарды бөлу
115.Өндірістің салалық құрылымын сипаттамайтын көрсеткішті бөліп көрсет: Күрделі салым
116.Концентрация нысанына не жатпайды: Кәсіпорындағы өндірістің әртектілігі
117.Өндірістің рентабельділігі – бұл: Салық салуға дейінгі кірістің,активтердің орта жылдық құнына қатынасы
118.Активтерінің орташа жылдық құны 325 АЕК жоғары және жұмыскерлерінің саны 250 адамнан артық кәсіпорын жатады: Ірі кәсіпорын
119.Кәсіпорынның бір құрылтайшылары жарғылық капиталға өз салымдары шегінде міндеттемелер бойынша жауап береді, ал басқалары барлық өзінің мүлкімен жауап береді:Сенімге негізделген серіктестік (СНС)
120.Экономикалық мақсаттары, функциялары және тәртібі ұқсас... бірліктердің жиынтығы экономика деп танылады: Институционалды
121.Негізгі капиталдың белсенді бөлігінің моралдық тозу себептері ... болып табылады: Өндірістің құрал өндіретін салаларында ҒТП даму және еңбек өнімділігінің артуы
122.Коэффициент – бұл негізгі құралдардың алғашқы құнына амортизацияның жинақталған сомасына қатынасы: Жабдықтың тозуы
123.Кәсіпорынның айналым құралының әрбір теңгесіне 14 тиын кіріс келеді - осы көрсеткіш аталады: Айналым құралын қайтару
124.Еңбек ақы - бұл: Еңбектің күрделігі,сапасы,санына сәйкес жұмыс берушінің жалдамалы жұмыскерге беретін сыйақы
125.Шикізатты ұтымды әдістермен пайдалану ... болып табылады. Шикізатты таңдау,алғашқы өңдеу,сапасын арттыру,кешенді пайдалану
126.. .. ретінде еңбектің өнімділігі анықталады: Өнім өндірісі көлемінің жұмыс уакыты бірлігі есебіндегі уакыт шыгынына катынасы
127.Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің шарасыз диверсификациясы – бұл ... нысандарының бірі. Кәсіпорынның дәрменсіздігін жою,оның еңбек және өндірістік потенциалын сактау
128.Өндірістің диверсификациясы білдіреді ... Тиімділігін арттыру және анағұрлым кіріс алу максатында кәсіпорынның шыгаратын өнім түрлерінің іс жүзінде өзгеруі
129.Мамандану дәрежесіне қарай кәсіпорындар жіктеледі: Маманданған,әмбебап,аралас
130.Өнімді өткізу бойынша шығындар, әкімшілік шығындар, қаржыландыру шығындары біріктіріледі: Кәсіпорын шығыны
131.Кәсіпорынның негізгі құралдарының орташа жылдық құнының жұмыскерлер санына қатынасы – бұл: Еңбек қор құралданғандығы
132.Қоғамдық өндірістің дербес саласы ретінде өнеркәсіптің пайда болу және нығайтылу шарттары, бұл: Ауыл шаруашылығынан қол өнердің бөлінуі
133.Негізгі құралдарға жатады: Бір жылдан артық емес уакыт бойы пайдалануға болатын және әлеуметтік мақсатта немесе баскага жалга беру үшін тауарларды жеткізу үшін кәсіпорын алатын материалдық заттай нысандағы активтер
134.Дайын өнімді алу үшін жартылай фабрикаттар, материалдар, шикізаттарды өңдеу үшін машиналар, құрал-жабдықтар және басқа техникалық құралдарды пайдалану әдістерін өзіне біріктіретін өндіріс әдісі, бұл: Өндіріс технологиясы
135.Экономикалық тиімді алынатын техниканың дамуының қазіргі кезеңінде мүмкін болатын, бір немесе бірнеше металдардан тұратын ... руда деп аталады: Пайдалы қазбалар
136.Бір күндік өнімнің шығынын қоймадағы дайын өнім қоры мөлшеріне көбейтіндісі – осылай есептеледі: Дайын өнімге айналым құралы ретіндегі қажеттілік
137.Активтерінің орташа жылдық құны 60 мың еседен 325 мың есеге дейін АЕК тең және жұмысшыларының саны 51 ден 250 адамға дейін жететін кәсіпорын жатады: Орта кәсіпорын
138.Өндірістің ұйымдасуының қоғамдық нысанына не жатпайды: Монополизация
139.Мата, химиялық, қара, түсті металлургия және басқа да салаларды қамтамасыз ету үшін шикізатты қолданатын өнеркәсіп: Өңдеу өнеркәсібі
140.Өнімнің арналымына сәйкес белгілі бір қажеттікті қанағаттандыруға оның жарамдылығына себепші болатын өнімнің қасиеттерінің жиынтығы - бұл: Өнімнің сапасы
141.Мұнай көлігі ..., серік газдарды және мұнайды өндіру, скважинаны бұрғылау, мұнай және мұнайгаз кен орындарын барлауды қоса алғанда, ауыр индустрия саласы – мұнай өнеркәсібі Құбыр жүргізу
142.Дүние жүзі тұрғындары ... үшін энергияның негізгі немесе басты көзі болып ағаш отын саналады 25
143.Қазақстанның машина құрастыру өнеркәсібінің негізі болып саналатын сала Металлургия
144.Қазақстанның мата өнеркәсібінің ірі орталықтары, бұл қалалар Алматы,Шымкент
145.Кәсіпорынның шығындары дегеніміз Өнім өндіру және сатуға ақшалай нысанда бейнеленген жиынтық шығын
146.Қазақстанның қорғасын өнеркәсібі орталықтары Шымкент,Өскемен
147.Керамика-... үрдісінде қалыпталған массадан алынған беорганикалық материал Төменгі температуралы сублимация
148.Қазақстанның мыс өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары, бұл комбинаттар Жезқазған және Балқаш
149.Өндіріс және өнімді өткізу шығындары Есептік кезең шығындары және өнімнің өзіндік құнына жататын шығындар
150.Жалпы кіріс... Өткізілген өнімнің өзіндік құнымен өнімді өткізуден түскен кірістің арасындағы айырмашылық
Кәсіптік зияндылықтар және адам денсаулығы
Өнім сапасын басқару жөніндегі американдық тәжірибесі туралы мәлімет
Өндірістік және үстеме шығындар есебі
Өнім сапасын қамтамасыз ететін жүйелердің халықаралық стандарттары
ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІ
Негізгі өндірісті ұйымдастырудың партиялық әдістері
Операционды менеджментті басқару жүйелеріндегі жобалаудың негізі операционды стратегиясы
Кәсіпорын жүйесінің элементтерімен танысу
Өнім сапасын басқару бойынша ғылыми мәліметтерді қарастыру мен нақты кәсіпорынның сапа жүйесіне талдау жасау («Сауыр» ЖШС мысалында)
Жаңа өнімдерді өндіру технологияларының даму теориясы, экономикалық тиімділігі
Өндірістік шығындар
Жүзедегі дипломдық жобада қарастырылған КИВЦЭТ-ЦС автогенді балқыту үшін шихта дайындау үрдісі
Басқару есептерінің қойылымы Технологиялық урдістерді оперативті басқарудың негізгі есебі
Мадрид келіссөз үрдісі.
Өндірістік саяхат
Өндірістік бөлімшенің жалпы құрамы
АЙНАЛМАЛЫ СУ ӨТКІЗУШІ ЖЕЛІЛЕРДЕ ТҰРАҚСЫЗ ҮРДІСТЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
ЕҢБЕК ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ШЕШІМДЕР
Мәтін - сөйлесу әрекеті мен ойлау үрдісінің жемісі
Сынаптай зымыраған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру тарихы кемел келешегіміздің үрдісі