Балалар бөлмесінде
Менің пәтерім
Менің пәтерім бес қабатты үйдің екінші қабатында орналасқан. Пәтерім үш бөлмелі: қонақ бөлмесі, жатын бөлме және балалар бөлмесі.
Пәтерімде қазіргі заманға сай барлық қолайлылық бар: орталық жылу жүйесі, ыстық және салқын су, көгілдір отын (газ), электр жарығы, телефон.
Қонақ бөлмесі
Қонақ бөлмесі кең әрі жарық. Бөлменің ортасында дөңгелек үстел тұр, ал бұрышта жұмсақ жиһаз орналасқан.
Жатын бөлме
Қонақ бөлме мен жатын бөлмедегі жиһаздың түсі қоңыр.
Ас үй
Ас үйдегі жиһаздың түсі ақ, есіктері әйнекті.
Балалар бөлмесі
Балалар бөлмесінде ойыншықтар көп. Қабырғаларға кітап сөрелері мен суреттер ілінген.
Пәтерім шағын болса да, өте жайлы.
Антонимдер (қарсы мәндес сөздер)
Төмендегі сөздерге қарсы мәндес сөздерді табыңыз:
Жаттығу: сөйлемді толықтырыңыз
Берілген мәтінге сүйеніп, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.
Менің ... ... ... бес қабатты үйдің екінші қабатында.
Менің ... ... ... қазіргі заманға сай жанға жайлы ... ... ... бәрі бар: орталық жылу жүйесі, ыстық және салқын су, көгілдір отын, электр жарығы, телефон.
Қонақ бөлмесі кең, әрі ... ... ....
Бөлменің ... ... ... дөңгелек үстел тұр, ал бұрышта жұмсақ жиһаз.
Қонақ және жатын бөлмелердегі ... ... ... түсі қоңыр.
Ас үйдегі жиһаздың түсі ақ, есіктері ... ... ....
Балалар бөлмесінде ... ... ... көп.
Қабырғаларға кітап ... ... ... және суреттер ілінген.
Менің пәтерім шағын, бірақ өте ... ... ....