ЕТІС

Етіс — қимыл‑іс‑әрекеттің орындаушыға, яғни қимыл иесіне тікелей не жанама қатысын білдіретін, етістіктен етістік тудыратын жұрнақтар арқылы жасалатын етістік түрі. Етістіктен етістік тудыратын жұрнақтардың жүйесі етістер немесе етіс категориясы деп аталады.

Мысалдар

  • Ол жуынды.
  • Ол баласына кітап оқытты.
  • Әңгіме айтылды.
  • Олар бір‑бірімен хат жазысты.

Етістер жұрнақтарына қарай бес түрге бөлінеді: негізгі етіс, өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс.

1) Негізгі етіс

Негізгі етіс — өзге етіс формаларына негіз болатын бастапқы форма. Оның арнаулы жұрнақтары болмайды. Негізгі етіске түбір және туынды етістіктер, сондай‑ақ күрделі етістіктердің негіздері жатады.

Мысалдар

Бар, кел, сөйле, қуан, шөлде, ақта, қарайла, боян, ән сал, түсініп ал, сұрап қой және т.б.

2) Өздік етіс

Өздік етіс — қимыл‑іс‑әрекеттің орындаушыдан (субъектіден) сол орындаушыға тікелей бағытталуын білдіреді. Әдетте сабақты етістіктерден ‑ін, ‑ың, ‑н жұрнақтары арқылы жасалады.

Мысал

«Таң атқанша таранддық.» (Махамбет) — қимылдың сол іс иесіне бағытталғанын білдіреді.

3) Өзгелік етіс

Өзгелік етіс — сөйлемдегі іс иесі қимылды тікелей өзі емес, екінші бір орындаушы арқылы істейтінін білдіреді. Яғни іс‑әрекет біреу арқылы орындалады.

Жұрнақтар

  • ‑ғыз, ‑гіз, ‑қыз, ‑кіз: отыр‑ғыз, кір‑гіз
  • ‑дыр, ‑дір, ‑тыр, ‑тір, ‑ыр, ‑р: сал‑дыр, сен‑дір, тік‑тір
  • ‑т: жаса‑т, сөйле‑т

Назар аударыңыз

Бұл формада іс‑әрекет біреуге істетіледі немесе біреу арқылы орындатылады.

4) Ырықсыз етіс

Ырықсыз етіс — іс‑әрекеттің атқарушысы (қимыл иесі) арнайы айтылмай, қимылдың өздігінен істелгендей көрінуін білдіреді.

Жұрнақтар

‑ыл, ‑іл, ‑л, ‑ын, ‑ін, ‑н

Мысалдар

  • айт‑ыл‑ды
  • уәде бер‑іл‑ді
  • шарт жаса‑л‑ды
  • үй таза‑ла‑н‑ды

5) Ортақ етіс

Ортақ етіс — қимыл‑іс‑әрекеттің орындаушысы біреу емес, бірнешеу екенін білдіретін, негізгі етіс формасынан ‑ыс, ‑іс, ‑с жұрнақтары арқылы жасалатын етіс.

Мысалдар

Айтыс, әкеліс, апарыс, артыс, көріс, келіс, қарас, таныс, көмек көрсетіс, іздеу салыс, ат салыс және т.б.

Сөйлем үлгілері

  • Омар мен Оспан хат жаз‑ыс‑ты.
  • Ол бізге үй сал‑ыс‑ты.

Қосымша ескерту

Етіс жұрнақтары кейде бірінің үстіне бірі қабаттаса береді: сөйле‑с‑іл‑ді, жүр‑гіз‑іл‑ді, айт‑ыс‑тыр‑ды, т.б.

Сондай‑ақ ‑ла + ‑с формаларының біріккен құранды жұрнағы ‑лас (‑лес, ‑дас, ‑дес, ‑тас, ‑тес) арқылы жасалған туынды етістіктер де ортақ етіс мағынасын білдіреді: ақылдас, араздас, мұңдас, пікірлес және т.б.