Механикалық жарақат
Алғашқы ветеринариялық көмек пәнінен – МБ-1
2015-16 оқу жылы
ЭССЕ тақырыптары:
Жануарларға алғашқы ветеринариялық көмек көрсетудің маңызы
Жарақаттанған жануарларға алғашқы ветеринариялық көмек көрсету
Бақылау сұрақтары
1. Малмен жұмыс істеудің техника қауіпсіздіктері
2. Малдарды клиникалық әдіспен зерттеу реті
3. Жаңа кесілген жарақат, алғашқы ветеринариялық көмек
4. Жарақаттан қан ағу, ветеринариялық көмек
5. Алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсеткенде оттегін қолдану.
6. Соғылу, алғашқы ветеринариялық көмек
7. Алғашқы ветеринарлық көмек көрсеткенде клизма қою
8. Алғашқы ветеринарлық көмек көрсеткенде суықты қолдану қою
9. Инфекция түскен жарақаттарды емдеу
10. Алғашқы ветеринариялық көмек көрсеткенде компресс қою
11. Алғашқы ветеринарлық көмек көрсеткенде суық басып емдеу
12. Коллапс, алғашқы ветеринариялық көмек
13. Тесілген жарақат, емдеу ерекшеліктері
14. Көмекей мен өңешке бөге заттың тұрып қалуы,алғашқы ветеринариялық көмек
15. Созылу, алғашқы ветеринариялық көмек
16. Жарақаттан қан ағу, ветеринариялық көмек
17. Алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсеткенде оттегімен емдеу
18. Басылу, алғашқы ветеринариялық көмек
19. Алғашқы ветеринарлық көмек көрсеткенде емдік балшықтарды қолдану
20. Алғашқы ветеринарлық көмек көрсеткенде суықты қолдану
21. Алғашқы ветеринариялық көмек көрсеткенде компресс қою
22. Жарақаттық шокта алғашқы ветеринариялық көмек көрсету
23. Гематома, емдеу
24. Жарақаттан ақан қанды уақытша тоқтату әдістері
25. .Жарақаттан аққан қанды түпкілікті тоқтату әдістері
26. Басылу, алғашқы ветеринариялық көмек
27. Алғашқы ветеринариялық көмек көрсетуге қажет ветеринариялық құралдар
28. Алғашқы ветеринарлық көмек көрсеткенде қолданылатын құралдарды злалсыздандыру әдістері
29. Қансыраған жануарларға алғашқы ветеринариялық көмек көрсету
30. Алғашқы ветеринариялық көмек көрсеткенде ауырсындырмау жасау
31. Алғашқы ветеринарлық көмек көрсеткенде дәрілерді қолдану әдістері
32. Малдарға дәрілерді егу жолдары мен техникалары
Тест сұрақтары.
@@@ Ветеринариялық реаниматология
1
Реанимация-
A) Жүрек ауруын жедел емдеу.
B) Өкпе ауруын жедел емдеу.
C) Зақымдалған ағзаны жедел сылып тастау.
D) Оттегімен жедел емдеу.
E) Жандандыру, тірілту, өмірге қайта оралту.
2
Өмір мен биологиялық өлім аралығындағы кезең.
A) Нағыз өлім.
B) Өлім алды кезеңі.
C) Өмірдің соңғы кезеңі.
D) Аралық кезең.
E) Клиникалық өлім кезеңі.
3
Өмір мен биологиялық өлім арасындағы кезеңнің бірінші және екінші сатысы:
A) Жанталас.
B) Жанталас алды және жанталас.
C) Клиникалық өлім.
D) Терминальдық.
E) Өлім алды.
4
Өмір мен биологиялық өлім арасындағы кезеңнің үшінші сатысы:
A) Жанталас алды.
B) Жанталас.
C) Клиникалық өлім.
D) Терминальдық.
E) Өлім алды.
5
Клиникалық өлім сатысының сипаттамасы:
A) Жүрек соғысы, тыныс алу тоқтайды. Қайтымды саты.
B) Жүрек соғысы, тыныс алу баяулайды.
C) Жүрек соғысы мен тыныс алу ырғағы бұзылады.
D) Тыныс алу тоқтайды.
E) Жүрек соғысы, тыныс алу тоқтайды. Ми торшалары өледі. Қайтымсыз саты.
6
Биологиялық өлім сатысының сипаттамасы:
A) Жүрек соғысы, тыныс алу тоқтайды. Қайтымды саты.
B) Жүрек соғысы, тыныс алу баяулайды.
C) Жүрек соғысы мен тыныс алу ырғағы бұзылады.
D) Тыныс алу тоқтайды.
E) Жүрек соғысы, тыныс алу тоқтайды. Ми торшалары өледі. Қайтымсыз саты.
7
Өлім хәліндегі жануарлардың қан айналу, тыныс алу ағзаларының қызметін қалыпқа келтіруге, организмді қайта жандандыруға бағытталған дәрігердің іс - әрекеті:
A) Емдеу.
B) Ауруды анықтау.
C) Операция жасау.
D) Аурудың алдын алу.
E) Реанимациялық көмек көрсету.
8
Жануарлардың аяқ астынан өлім халіне ұшырауының бір себебі:
A) Қатты жарақат алу, көп қан жоғалту.
B) Ауруға ұшырау.
C) Буаздық.
D) Авитаминоз.
E) Микроэлементтердің жетімсіздігі.
9
Жарақаттанған жануардың естен тануы:
A) Қатты қорқу.
B) Жарақаттан болған шок.
C) Клиникалық өлім.
D) Қатты шошыну.
E) Талықсу.
10
Жарақаттанған жануарлар қиналған дыбыс шығарады ( сиыр өкіреді, шошқа шыңғырады) жанталаса қимылдайды, көзі шарасынан шығып қарашығы кеңейеді. Жүрек соғысы, дем алысы жылдам. Қатты қысылады, тер басады:
A) Торпидтік шок.
B) Эректильді шок.
C) Нағыз шок.
D) Жанталас.
E) Жанталас алды.
11
Жарақаттанған жануар қатты әлсіреген. Жүрек соғысы, дем алысы баяу. Еріксіз нәжіс, зәр бөледі. Дене қызуы, қан қысымы төмендеген. Бірақ жануар әлі есін біледі:
A) Торпидтік шок.
B) Эректильді шок.
C) Нағыз шок.
D) Жанталас.
E) Жанталас алды.
12
Жарақаттанған жануар есінен танып, жүрек соғысы, тыныс алуы тоқтаған:
A) Торпидтік шок.
B) Эректильді шок.
C) Нағыз шок.
D) Жанталас.
E) Жанталас алды.
13
Жарақаттан болған шокты емдеу:
A) Шоктың себебін жою.
B) Жалпы және жергілікті ауырсындырмау жасау.
C) Ашық және жабық механикалық жарақаттарын емдеу.
D) Жүрек, өкпе жұмысын жақсартатын дәрілер егу.
E) А, В, C және D тармақтарында көрсетілген емдер.
14
Жүрек қан тамыр жүйесі қызметінің әлсіреп, қан қысымының кенеттен төмендеуі, малдың талықсуы:
A) Жарақаттан болған шок.
B) Клиникалық өлім.
C) Коллапс.
D) Эректильді шок.
E) Торпидтік шок
15
Тоқтап қалған жүректі қайта соқтыру үшін қолданылатын құрал:
A) Электрофарез аппараты.
B) Электр дифибриллятор.
C) Гальванизация аппараты.
D) Электрокогулятор.
E) Электрокардиограф.
16
Коллапста алғашқы ветеринариялық көмек көрсету:
A) Себебін жою, малды салқын, тыныш жерге қою.
B) Қан тоқтату.
C) Қан тамырына қан, физиологиялық ерітінді, 40 % -ды глюкоза құю.
D) Жүрек, өкпе жұмысын жақсартатын дәрілер егу .
E) А, В,С және D тармақтарында көрсетілген емдер.
17
Күн өткен жануарларға алғашқы ветеринариялық көмек көрсету:
A) Малды салқын, тыныш жерге қою.
B) Үстіне салқын су шашу, жуу.
C) Тері астына 2 – 3 мл 20% - ды кофейн бензот натрий, 1% лобелин егу.
( 100 кг – 1 мл).
D) Күре тамырдан қан ағызу.
E) А, В,С және D тармақтарында көрсетілген емдер.
18
Малға күн өтудің клиникалық белгілері:
A) Жүргенде тәлтіректеу, сүріну, кілегейлі қабықтар алқызыл түсті, дене қызуы жоғары, жүрек соғысы жиі, дем алысы ауыр.
B) Айналмаға ұшырау, көзі көрмей қалу.
C) Дене қызуы көтеріліп жатып қалу, жөтел
D) Дене қызуы қалыпты, іш өту.
E) А, В, С және D тармақтарында көрсетілген емдер.
19
Малға ыстық өту себептері:
A) Малды тар, есік – терезесі жабық қорада ұстау.
B) Ыстықта металдан жасалған, желдеткішсіз вагондарда тасымалдау.
C) Темір қорапты автокөлікпен тасымалдау.
D) Күн көзінде бағу.
E) А, В тармақтарында көрсетілген себептер.
20
Ыстық өткен малға алғашқы ветеринариялық көмек көрсету:
A) Себебін жою.
B) Себебін жою, шөлін қандыра су беру, қан тамырға физиологиялық ерітінді, 40 % -ды глюкоза құю.
C) Уқалау жасау.
D) Суық басу.
E) Жүрек жұмысын жақсартатын дәрілер егу.
@@@ Хирургиялық аурулар
21
Сыртқы ортаның механикалық әсерлерінен тері мен кілегей қабықтардың, сондай ақ олардың астындағы ұлпалар мен ағзалардың анатомиялық бүтіндігінің бұзылуымен сипатталатын механикалық жарақаттар:
A) Ашық.
B) Жабық.
C) Кесілген.
D) Тесілген.
E) Ашық сынық.
22
Ашық механикалық жарақаттардың клиникалық белгілері:
A) Ауырсыну.
B) Тері мен кілегей қабықтардың бүтіндігінің бұзылуы.
C) Қан ағу.
D) Жарақаттың қабынуы.
E) А, В, С және D тармақтарында көрсетілген клиникалық белгілер.
23
Жаңадан болған ашық асептикалық жарақатты емдеу:
A) Жарақаттың қанын тоқтату.
B) Дезинфекциялық дәрілермен жуу.
C) Жарақатқа тігіс салу.
D) Асептикалық таңғыш салу.
E) А, В,С және D тармақтарында көрсетілген емдер.
24
Инфекция түскен ашық механикалық жарақатты емдеу:
A) Жарақаттың қанын тоқтату, жарақатқа тігіс салу.
B) Дезинфекциялық дәрілермен жуу, антибактериалдық дәрілермен өңдеу, жарақатты толық немесе жартылай сылу.
C) Новокаин блокадасын жасау.
D) Асептикалық таңғыш салу.
E) А, В,С және D тармақтарында көрсетілген емдер.
25
Ашық механикалық жарақаттарды өңдеуге қолданылатын дәрі:
A) Септо - спрей
B) 10 % - ды иод.
C) 96 % - ды спирт.
D) Рампун.
E) А, В және D тармақтарында көрсетілген дәрілер.
26
Инфекция түскен ашық механикалық жарақаттарды өңдеуге қолданылатын дәрілер:
A) Чеми - спрей
B) Септо спрей
C) 96 % - ды спирт.
D) Рампун.
E) А, В тармақтарында көрсетілген дәрілер.
27
Сыртқы ортаның әртүрлі механикалық әсерлерінен терінің анатомиялық бүтіндігінің сақталып, тері асты ұлпалары мен ішкі ағзалардың әртүрлі патологиялық өзгерістерге ұшырауы:
A) Ашық механикалық жарақат.
B) Жабық механикалық жарақат.
C) Механикалық жарақат.
D) Асептикалық жарақат
E) А, Б, В тармақтарында көрсетілгендер.
28
1 – 2 – ші дәрежелі соғылуда алғашқы ветеринариялық көмек көрсету:
A) 1 – ші күні суық басу, 2 - ші күннен бастап жылулық емдер жасау, қыздыратын дәрілер жағу.
B) 1 - ші күннен бастап жылулық емдер жасау, қыздыратын дәрілер жағу.
C) Тек суық басу.
Д ) Гипс салу.
E) Операциялық ем жасау
29
Гематоманы емдеу:
A) Қысып таңғыш салу.
B) Қан толған қуысын ашып, ішіндегі қанын тазалап, ашық жарақат ретінде емдеу.
C) Жылулық емдер жасау, қыздыратын дәрілер жағу.
D) Суық басу.
E) Дезинфекциялық дәрілермен өңдеу.
30
Лимфоэкстравазатты емдеу :
A) Дезинфекциялық дәрілермен өңдеу.
B) Жылулық емдер жасау, қыздыратын дәрілер жағу.
C) Лимфа толған қуыстан лимфаны сорып алып, ішін тазалап, дезинфекциялық дәрілермен жуып, антибиотиктермен өңдеу. Қысып таңғыш салу.
D) Суық басу.
E) Ірің толған қуыстан іріңін сорып алып, ішін тазалап, дезинфекциялық дәрілермен жуып, антибиотиктермен өңдеу.
31
Қан тамырлары жарақаттанғанда қанды тоқтатудың механикалық әдісі:
A) Жарақатқа 5% - ды иод тұнбасы сіңірілген мәрлі – мақта тампонын басып, қысып танғыш салу
B) Қан тамырын байлау.
C) Қан тамырын тігу.
D) Қан тамырына қысқыш салу
E) А, В,С және D тармақтары
32
Малдарға жалпы ауырсындырма жасау үшін жиі қолданылатын дәрілер:
A) Тиопентал – натрий, хлоралгидрат.
B) Ксиланит, калипсол, рампун, рометар.
C) Новокайн, дикайн.
D) Монклавит – 1, глюкоза.
E) Нитокс – 200, бициллин – 3.
33
Жергілікті ауырсындырмау жасау үшін қолданылатын дәрілер:
A) Тиопентал – натрий, хлоралгидрат.
B) Аминазин, калипсол, рампун, рометар.
C) Новокайн, дикайн, тримекайн.
D) Монклавит – 1, глюкоза.
E) Натрий хлорид, калций хлорид.
34
Ашық механикалық жарақаттардың жануар өміріне төндіретін қаупі:
A) Асқынуы.
B) Тез жазылмауы.
C) Терең болуы.
D) Емдеудің қиындығы.
E) Жарақаттық шок, қансырау, инфекция түсіп асқыну
35
Жаңадан болған ашық асептикалық жарақатта алғашқы көрсетілетін ветеринариялық көмек:
A) Жарақаттың қанын тоқтату, таңу
B) Өлі еттерін сылу.
C) Іріңін шығару.
D) Жарақатты жылы ұстау..
E) А, В,С және D тармақтарында көрсетілген емдер.
36
Жаңадан болған терең кесілген жарақатта алғашқы көрсетілетін ветеринариялық көмек:
A) Жарақаттың қанын тоқтату, жарақатқа тігіс салу.
B) Дезинфекциялық дәрілермен жуу, антибактериалдық дәрілермен өңдеу, жарақатты толық немесе жартылай сылу.
C) Новокаин блокадасын жасау.
D) Антибиотиктермен емдеу.
E) А, В,С және D тармақтарында көрсетілген емдер.
37
Ашық механикалық жарақаттарды өңдеуге қолданылатын дәрілер:
A) Монклавит.
B) Ақ стрептоцид.
C) Бициллин - 3.
D) Камфора майы
E) А, В тармақтарында көрсетілген дәрілер.
38
Инфекция түскен ашық механикалық жарақаттарды өңдеуге қолданылатын дәрілер:
A) Чеми - спрей
B) Септо спрей
C) Перкутан.
D) Рампун.
E) А, В,С тармақтарында көрсетілген дәрілер.
39
1 ші дәрежелі соғылуда алғашқы ветеринариялық көмек көрсету:
A) 1 – ші күні суық басу, 2 - ші күннен бастап жылулық емдер жасау, қыздыратын дәрілер жағу.
B) 1 - ші күннен бастап жылулық емдер жасау, қыздыратын дәрілер жағу.
C) Антибиотиктермен емдеу.
Д ) Гипс салу.
E) Операциялық ем жасау.
40
Гематоманы емдеу:
A) Пайда бола салып қан толы қалтаны ашып, ішіндегі қанын тазалап, ашық жарақат ретінде емдеу.
C) Жылулық емдер жасау, қыздыратын
B) Қысып таңғыш салу. Қан тоқтап, ұйыған соң ашып, ішіндегі қанын тазалап, ашық жарақат ретінде емдеу.
C) Қыздыратын дәрілер жағу.
D) Жылу басу.
E) Дезинфекциялық дәрілермен өңдеу.
Жануарлардың жарақаттанулары және оның алдын алу
Ашық механикалық жарақаттың анықтамасы және түрлері
Жарақаттан естен тану туралы түсінік
Ерекше қауіпті жануарлардың тістегенінен болған жаралар
Жарақат — механикалық сыртқы әсерден терінің не ішкі органдардың кілегей қабығы бүтіндігінің бұзылуы
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ХИРУРГИЯ-2 ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Жарақат туралы
Сот медицинасы - сот істерін жүргізу кезінде туындайтын медициналық және биологиялық мәселелерді зерттейтін медицина ғылымының бір саласы
Механикалық жарақаттардың сот-медициналық сипаты
Механикалық жарақаттанудың түрлері
Балалар жарақаты
К. май және тері бездерінің өзегіне, сондай - ақ жарақаттанған теріге (немесе шиқанды қысып өзегін шығарғанда) микробтың енуі салдарынан пайда болады
Механикалық компьютер
ЖАРАҚАТТАНУ ДЕРТІНҢ ПАТОГЕНЕЗІНДЕГІ КЕРІ АЙНАЛЫП СОҒУ ШЕҢБЕРІ
Механикалық сарғыштану
Жарақаттану кезіндегі алғашқы көмек
Жара жұқпа жарақат нөтижесінде сыртқы жамылғыш қабат тұтастығының бұзылуы төн
Жарақаттар кезінде асқынушылық
Көздің тамырлы қабығының жарақаттары
Өндірістік жарақаттану