Жамбыл Жабаев жайлы

Қазақтың ұлы ақыны, Қазіргі Алматы обылысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген.
Жасында білім алуға мүмкіндігі болмаса да, зерек бала көзімен көріп, көңіліне түйгендерді өлең етіп айта бастайды. Сөйтіп, 16жасының өзінде -ақ ол қазақ даласына белгілі болды. Оның қазақ, қырғыз ақындарымен айтысы қазақтың халық ауыз әдебиетінің алтын қорына енді. Жамбылдың Бақтыбай, Айкүміс, Сарыбас,Шашубай, Құлмамбет сияқты ақындармен айтысы көпшілікке кеңінен мәлім. Әсіресе, ақынның Құланаян Құлмамбетпен айтысы даңқын көпке жайды.
Ақын өзінің ұстазы Сүйінбайдың сара жолын мейлінше сәтті жалғады. Ол ғашықтық хикаяларды, тұрмыс-салт жырларын, батырлар туралы дастандарды жұртшылық арасында кеңінен толғады. Қырғыз халқының «Манас» жырын да өзінше жырлап, өзешелеу мәнермен айтып келді.
Қазан төңіркесіне дейінгі айтыстары мен өлеңдерінің көбісі дерлік сақталмаған. Тек ұрпақтан ұрпаққа, ауыздан ауызғакөшкен бөлігі ғана бізге келіп жетті. Олардың ішінде «әкеме», «Шәбденге», «Қали», «Шалабайға», «Байзақ молдаға» деген сияқты әйгілі жырлары бар.
Ж.Жабаев – 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа белсене атсалысқан. Ол өзінің өлеңдерімен халық рухын көтеріп, ел – жұртты жігерленуге үндеді. «Патша әмірі тарылды» , «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдері соның айғағы.
1917 жылғы қазан төңкерісін Жамбыл шаттана қарсы алд.Ақан әр құбылысқа өлеңімен үн қосып, жаңалықтарды шалқыған шабытпен жарлады.
1919 ж Жамбыл Жетісу ақындарының слетіне қатысты. 1934 жылғы өнер шеберлерінің 1-республикалық съезінде Жамбыл өзінің шынайы халық ақыны екенін танытты, тоқсандағы өлеңдері қазақ поэзиясын тағы бір биік шыңға көтерді.
Ұлы Отан соғысы жылдары Жажбыл жырлары халықты жеңіске жігерлендірді. Мәселен, оның «Ленинградтық өлеңім»өлеңі қоршаудағы үлкен рух, сенімді серпін берді.
Жүз жасаған ұлы жыршы 20 –шы ғасырдың Гомері деген атпен халық жүрегінде мәңгі қалды. Ақынның туғанына 150 жыл толуы ЮНЕСКО. шешімі бойынша әлемдік деңгейде мерекеленді.



Ұқсас жұмыстар

Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Жыр алабы - Жамбыл
Жамбыл Жабаев өлеңдерін мектепте оқыту
Мектепте Жамбыл Жабаев өлеңдерін оқыту жолдары
Ж. Жабаев творчествосын зерттеудің қазіргі жай-күйі мен маңызды мәселелері
Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ (1846 - 1945) АҚЫН ӨМІРІ
Жамбылдың Жабаевтың дастандары
Ж.Жабаевтың өмірі мен өнер жолы
Жамбыл Жабаев (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
ҚОҢЫРБАЙҰЛЫ АҒЫБАЙ жайлы жайлы жайлы жайлы
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ туралы
БАЙМЫРЗАҰЛЫ БАЛУАН ШОЛАҚ жайлы жайлы жайлы
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ туралы жайлы
Ұлы Жібек жолы жайлы жайлы
Ж.Жабаевтың өмірімен және көптеген ақындармен айтыстары
қонақ жайлылық индустриясы
Педагогика тарихында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру жайлы ой-пікірлер
Баймырзаұлы Балуан Шолақ жайлы жайлы
Қоңырбайұлы, Ағыбай жайлы жайлы жайлы