Құтты жылым
6.Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды
7.Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болып жүріңдер!
8. Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
9. Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.
10. Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз
11. Әкем таңдап әкелді
Ең үлпілдек шыршаны,
Иісі аңқыған шыршаны,
Жарқыраған шыршаны...
Жұпар иісі аңқыды,
Апамды да мәз қылды!
13.Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға,
Құт-береке әкелсін баршаңызға.
Аңсаған арманыңыз орындалып,
Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.
14.Қағып тұр Жаңа жыл кеп есігіңді,
Болмайды той-думанның кеші мұңды.
Жаратқан түгел қылып берсін сенің
Бақыт пен ырысыңды, несібіңді!
15.Ашылып ғасырдың бір ақ парағы,
Өзіңе Қыдыр дарып, бақ қарады.
Жаңа жыл берекелі жыл боп кірсін,
Табысқа бастап сені асқаралы!
16.Жаңа жылға арналады жаңа жыр,
Жаңа жылда шақырады бар өмір,
Бақыт болып, жаңа жылым келді ғой,
Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл!
17.Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
18.Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды
19.Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын
20.Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр
21.Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.
Жақсылықт ың жаршысы да нұрысын.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың
22.Кел, төрлет, Жаңа жылым. Құтты жылым.
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.
Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен,
Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.
12.Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,
Әрқашан мерекелік көңіл болсын.
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, достар, күлкімен орта толсын.
1.Қуанышпен келдіңіз бе, Жаңа жыл?!
Мен де саған арнайыншы жаңа жыр.
Есік ашық, дастарқаным жаюлы,
Қарсы алуға не керектің бәрі әзір.
2.О, Жаңа жыл! Сенсің менің асылым,
Қуанғаннан теңіз болып тасыдым.
Бақытыңды туған елге төге бер,
Жаңа туған менің жаңа ғасырым!
3.Көтерілдім тағы да бір белеске,
Мұның өзі бір ғанибет емес пе?
Мың жылдықпен қатар келдің, Жаңа жыл!
Сондықтан да сенің жолың ерекше.
4.О, Жаңа жыл! Менің айтар әнім көп,
Қазақстан тұрған жоқ па сәнім боп.
Бар халықпен достығымыз жарасып,
Өтейікші бірге туған бауыр боп.
5.Жаңажылда бақыт қандай, нұр қандай!
Бар әлемге салтанатын құрғандай.
Әрбір халық сөйлегенмен әр тілде,
Жаңа жылда бір тілек те туғандай.
Аппақ, аппақ, жапалақтап
Қар жауады тынбастан
Қалың орман қар жамылған
Маужырайды түнгі аспан.
Қайырмасы:
Кел билейік, үйренейік
Ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын жаңа жыл.
Кең пейілді, мол мейірлі
Сағынышпен табысқан
О алақай Аяз ата
Келе жатыр алыстан
Қайырмасы.
2)Тауда туып, тауда өскен
Шырша келді ортаға
Бәріміз бір дауыспен
Дейміз енді шыршаға
- Қуан, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
3)Жасыл шырша жанында біз
Ән саламыз, билеп
Жаңа жыл мерекесімен
Құттықтаймыз сізді.
Ақшақар Аяз атамен
Сыйлық алып келді.
Аспан аппақ ,жерде аппақ
Аппақ барлық көңіл
Қоян ,қонжық, қасқыр ,тиін
Бәрі жүр осында
Шат, шадыман бала көңіл
Шыршаның қасында
Бал- бұл жанған бала жүзі
Қуанышты бәрі
Жапалақтап қар жауып тұр
Қандай ол әдемі
Таудан төмен зырылдайды
Шана, шаңғы бәрі
Қысқы ойын таусылмайды
Балалар көңілді
Аппақ -аппақ ақ тілекпен
Құттықтаймыз сізді
Ұлыстың ұлы күні наурыз жайлы
Лэпбук мектеп жасына дейінгі балаларға жыл мезгілдерін оқытудың заманауи құралы ретінде атты 4-5 жастағы балаларға арналған жоба
Ақшақар балам
Халық айтса -анық айтады
Балабақшадағы мерекелік ертеңгіліктің түрлері
Шалқар өңірі ақындарының туындыларындағы ерекшеліктер
Кәсіби сөздердің зерттелуі турасында жалпы мәліметтер (Қ.Айтазиннің еңбектері жайында)
Су түбі жылымдарымен балық аулау
КӨҢІЛДІ МЕРЕКЕЛЕР МЕН ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕҢГІЛІКТЕР
Шәкәрімнің депутаттық қызметі
ҚҰТТЫМБЕТҰЛЫ НАУРЫЗБАЙ
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы халықтық педагогика негіздері
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым
Құтты білік поэмасы түркі тіліндегі энциклопедиялық шығарма
Алғашқы қоңырау салтанатында құттықтау сөз бүгінгі жиынымыздың құрметті қонақтарында
Мерекеде құттықтап қайт анаңды
Құттықтап аналарды мерекемен
Дауымшар Құттықадамұлы (1770 - 1810) - Ресей отаршылдығына қарсы күресте қазақ жерінің тұтастығын сақтауда көрсеткен ерлігімен, табандылығымен танылған батыр
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті абзал аналар