Компьютерді ашудың ықтималдығын тап

ТАПСЫРМА-1

3. Тиынды екі рет лақтырғанда елтаңбаның пайда болуының үлестірім кестесін жазыңыз. Интегралдық функциясын табыңыз.
4. 0 және 1 цифрларынан қанша төрттаңбалы сан құрастыруға болады? Шыққан сандарды бұтақтар әдісі арқылы көрсет.
5. 0, 1 және 2 цифрларынан: а) цифрлары қайталанбайтын, б) цифрлары қайталанатын қанша үштаңбалы сандар алуға болады? Орындалуын бұтақтар арқылы көрсет.
6. 1 және 2 цифрларынан қанша үштаңбалы сан құрастыруға болады? Шыққан сандарды бұтақтар әдісі арқылы көрсет.
7. 3694 санының цифрларынан қанша төрт таңбалы тақ сандар құрастыруға болады? Мұнда әрбір цифр бірден артық қолданылмауы керек.
8. 0, 1, 2 цифрларынан қанша үш таңбалы қайталанбайтын сан құрастыруға болады.
9. 1, 2, 3 цифрларынан неше әдіспен екітаңбалы сан құрастыруға болады? Шыққан сандарды бұтақтар әдісі арқылы көрсет.
10. 1, 2, 3 цифрларынан цифрлары қайталанбайтын қанша үш таңбалы сан құрастыруға болады.
11. 0, 1, 2, 3 цифрларынан цифрлары қайталанбайтын қанша екі таңбалы сан құрастыруға болады.
12. 0, 1, 2 цифрларынан қанша төрт таңбалы сан құрастыруға болады?
13. Цифрлары қайталанбайтын тақ цифрлардан қанша төрт таңбалы сан құрастыруға болады.
14. 0, 3, 5 цифрларынан қайталанбайтын қанша үш таңбалы сан құрастыруға болады.
15. Кассадан ақша алуға бірмезгілде 4 адам келді. Кезекке неше әдіспен тұруларына болады.
16. 1) Математика, 2) Колокол, 3) Статистика, 4) Призма, 5) Алгоритм, 6) Этика сөздеріндегі әріптерді ауыстыра отырып қанша әртүрлі (мағынасыз) сөздер құрастыруға болады.
18. Телефонның нөмірін теріп тұрып абонент соңғы екі цифрды ұмытып қалды. Осы цифрларды неше әдіспен теруге болады?
15. Сыныпта 30 оқушы бар. Күнде екі баладан кезекші болу керек. Оқу жылы бойы екі оқушы бірге екі рет кезекшілікті атқармайтындай кесте құруға бола ма?
16. Бір адамда 7 кітап, ал екінші адамда 9 кітап бар. Олар бір-бірімен екі кітапты неше әдіспен ауыстыруларына болады?
17. Телефон нөмірін теріп тұрып абонент соңғы екі цифрды ұмытып қалды, тек олар әртүрлі екенін біледі. Бұл цифрларды ол неше әдіспен тере алады.
18. Нөмірі үш әртүрлі тақ саннан тұратын машина іздестірілуде. Мұндай машиналар саны қанша болады?
19. Егер подъездің (кіреберіс) есігі 0-ден 9-ға дейін нөмірленген үш әртүрлі кнопканы бір мезгілде басқанда ашылатын болса, онда оны ашудың неше әдісі болады.
20. Корпорацияның директоры 10 университет бітірушінің жұмысқа тұру туралы арызын қарастырады. Бірлестіктің бір кәсіпорынында 3 әртүрлі бос орын бар. Бұл бос орындарды директор неше әдіспен толтыра алады?
21. Телефон нөмірін теріп тұрып абонент соңғы үш цифрды ұмытып қалды. Бұл цифрларды неше әдіспен алуға болады?
22.Топта 20 студент бар, оның 15-і қыз бала. Төрт студенттің екеуі қыз бала болатындай етіп неше әдіспен таңдап алуға болады?
23. 6 пар әртүрлі размерлі қолғап бар. Оларды сол қолға бір қолғап, оң қолға бір қолғап және бұл қолғаптардың размерлері әртүрлі болатындай етіп неше әдіспен алуға болады?
24. 36 карта бар. Үшеуі тұз болатындай етіп алты картаны неше әдіспен алуға болады?
25. Кодталған есіқтің 10 кнопкасы бар, олар 0, 1, 2,..., 9 деп нөмірленген және бір мезгілде үш кнопканы басқанда ашылады. Есікті ашудың неше әдісі бар.
26. Егер 7 әр түсті материал бар болса, онда үш түсті жатық жолақтан тұратын жалауды неше әдіспен дайындауға болады?
27. 36 карта бар. 4 карта таратылады. Бір тұздың таратылған карталардың ішінде болудың неше жағдайы бар?
28. Карточкаға 32 орыс әріптері жазылған. Бес карточка бірінен кейін бірі алынып стол үстіне шығу реті бойынша қойылады. Мұны неше әдіспен алуға болады?
29. Пойызда 9 вагон бар. 4 адамды, олар әртүрлі вагонда болатындай етіп, пойызға неше әдіспен отырғызуға болады?
30. Жәшікте 10 деталь бар, оның 6 стандартты. 5 детальдың 3-і стандартты болатындай етіп неше әдіспен алуға болады?
31. 12 детальдың 8 стандартты. Кез келген 5 деталь алынады. Олардың 3-і стандартты болу ықтималдығын тап.
32. Компьютерді ашу үшін оператор 4 қайталанбайтын цифрларды теру керек. Оператор бұл цифрларды білмейді. Компьютерді ашудың ықтималдығын тап.
33. Театрға бару үшін 6 билет алынған, оның 4 билеті бірінші қатардан. Алынған үш билетте бірінші қатардан болу ықтималдықты тап.
34. 10 лотерея билеті бар, оның 6-уы ұтысты. Сатылып алынған 5 билеттің 3-і ұтысты болу ықтималдығын тап.
35. Бір партияда 30 бірінші сортты, 6 екінші сортты және 4 үшінші сортты детальдар бар. Алынған екі детальдың әр түрлі сортты болу ықтималдығы қандай?
36. Жиналысқа 25 адам қатысты, оның 20 – ер адамдар, 5 - әйел адамдар. 3 адамнан тұратын делегация сайлау керек. Делегацияға екі әйел адам кіру ықтималдығын тап.
37. Студент емтиханның 25 сұрағының 20 сұрағына дайындалған. Барлық үш сұраққа да жауап бере алу ықтималдығын тап.
38. Бірінші жәшікте 12 деталь, оның 4 стандартты емес. Екінші жәшікте 15 деталь, оның 3 стандартты емес. Бірінші жәшіктен 2 стандартты емес деталь, ал екінші жәшіктен 2 стандартты деталь алу ықтималдығын тап.
39. 36 картадан 4 карта сүырылып алынады. Олардың екеуі тұз болу ықтималдығын тап.
40. Топта 8 ұл бала және 7 қыз бала бар. Олар театрдың 4 билетін жеребе тастау арқылы үлестіріп алды. Алынған билеттердің үшеуі қыздарға тию ықтималдығын тап.
41. Жәшікте 15 шар бар, олардың 10-ы ақ. Кез келген 6 шар алынады. Алынған шарлардың 3-і ақ болу ықтималдығын тап.
42. Студенттің бірінші емтиханды тапсыру ықтималдығы – 0,9-ға тең, екінші емтиханды тапсыру ықтималдығы – 0,7 тең, ал үшінші емтиханды тапсыру ықтималдығы – 0,8-ге тең. Студенттің кем дегенде екі емтиханнан өту ықтималдығы қандай?
43. Бір лотерея билеті бойынша ұту ықтималдығы 17 тең. 5 билеті бар адам: а) екі билеттен; б) кем дегенде бір билеттен ұту ықтималдығы қандай?
44. Бірінші студент 20 сұрақтың 17-ін біледі, екінші студент 12-ін біледі. әрбір студентке бір сұрақтан қойылады. 1)екеуіде, 2)тек біреуі ғана, 3) кем дегенде біреуі дұрыс жауап беру ықтималдығын тап.
45. Бірінші станоктың бір сағат бойы жұмыс жасау ықтималдығы 0,9-ға тең, ал екіншінікі -0,8-ге тең, үшінші станоктікі – 0,9-ға тең. Егер станоктар бір- бірінен тәуелсіз жұмыс істейтін болса, онда бір сағаттың ішінде тек бір станоктың бұзылу ықтималдығын тап.
46. Деталь 3 өңдеу операциясынан өтеді. Бірінші өңдеуде жарамсыз болу ықтималдығы 0,02 тең, екінші өңдеуде – 0,03-ке тең, үшінші өңдеуде – 0,02-ге тең. Егер әрбір өңдеудегі жарамсыз болуы бір бірінен тәуелсіз деп есептесек, онда 3 өңдеуден де өткендегі жарамды детальдардың ықтималдығын тап.
47. Бірінші жәшікте 10 шар бар, оның 5-ақ, ал екінші жәшіктегі 15 шардың 10 ақ. Әрбір жәшіктен бір шардан алынады. 1) тек бір шардың ақ болу, 2) кем дегенде бір шардың ақ болу ықтималдығын тап.
48. Егер телефонмен сөйлесудің ықтималдығы 0,7-ге тең болса, онда 5 бір-бірінен тәуелсіз телефон бойынша (шақыруды) сөйлесуді бақылаудағы 2-ден 4-ке дейін сөйлесудің жүзеге асу ықтималдығын тап.
49. Студент 3 анықтамадан керекті формуланы іздейді. Керекті формуланың бірінші, екінші, үшінші анықтамада болу ықтималдығы, сәйкесінше, 0,6-ға, 0,7-ге, 0,8-ге тең. Формуланың 1) тек бірінші анықтамада, 2) кем дегенде бір анықтамада, 3) барлық анықта-маларда болу ықтималдығын тап.
50. Сатып алушыға аяқ киімнің 41-размері қажет болу ықтималдығы 0,2-ге тең болсын. Бірінші келген төрт сатып алушыға осы размердегі аяқ киім 1) тек біреуіне, 2) ең болмағанда біреуіне қажет болу ықтималдығын тап.
51. Сауда агенті (үгіттеушісі) бір күнде орта есеппен 5 потенциалды сатып алушылармен жұмыс істейді. Оған тәжірибе бойынша бір сатып алушының тауар алу ықтималдығы 0,1-ге тең екені белгілі. 1) екі нәрсе сату, 2) тек бір нәрсе сату, 3) кем дегенде бір нәрсе сату, 4) бір күннің ішінде бірде-бір сауданың болмау ықтималдығын тап.
52. Помидор көшетін еккенде тек 80 пайызы өнеді екен. 5 түп көшеттің кем дегенде 3-інің өну ықтималдығын тап.
53. Техникалық бақылау бөлімі 1000 дана бұйымның 5-і жарамсыз екенін анықтады. Жарамсыз бұйымдар дайындау жиілігін тап.
54. Лотереяда 100 билет бар, оның 10-ы ұтысты. Сатып алынған 3 билеттің кем дегенде біреуі ұтысты болу ықтималдығын тап.
55. Қандай да бір өсімдіктің тұқымының өнуі 70% құрайды. Егілген бес тұқымның а) үшеуінің, ә) кем дегенде үшеуінің шығу ықтималдығын тап.



Ұқсас жұмыстар

Бастауыш сыныпта комбинаторлық есептерді шешудің негізгі әдістері
Комбинаторика, ықтималдық және статистика
Информатика пәнінің оқыту әдістері
Құпия ақпаратты қорғау жүйелерінің құру мысалдары
Ақпаратты қорғау жолдары
Нанды пісіру, сақтау және шығыны.Уыттың және сыраның технологиясы.Газдалған алкогольсіз сусындар
Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Сабақты өткізу әдістемесі оқыту
Ойлау туралы теориялардың психологиялық маңызы
Жергілікті компьютерлік желідегі ақпараттық қорғау ұйымы
Бюджет балансы және бюджет тапшылығы
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары. туралы
GRAPH кітапханасын қолдану
Бюджет тапшылығының проблемалары және бюджет тапшылығының болу себептері , оны төмендетудің әдістері .
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары.
МTV парақтарының бастапқы беті
Бейнекарта компьютердің жадысында орналасқан бейнені түрлендіріп мониторға бейне сигнал ретінде жіберетін құрылғы
Ислам философияның бастапқы негізін қалаушылар
Дербес компьютерді пайдалану ережесі
Қазіргі кездегі инфляция жағдайын сипаттап, оның төмендету жолдарын көрсетіңіз