Ежелгі дүние тарихы

Дүние жүзi тарихынан қазақ тiлiнде шпаргалкалар.

1. X ғасырда Ұлы Моравия мемлекетінің орнына құрылған мемлекет:
Чех мемлекеті
2. Еуропада кең тараған славян тайпаларының бөлінуі:
үш топқа
3. Орыс жерінде Киев Русі атты мемлекеттің құрылу кезеңі:
X ғасыр
4. Киев Русінде христиан дінін қабылдау жылы:
988 жыл
5. Орыс мемлекетінің нығайып, гүлденуіне негіз қалаған кінәз:
Ярослав Мудрый
6. Ағылшын буржуазиялық революциясының басталуына түрткі болған оқиға:
Ұзақ парламенттің шақырылуы
7. Секуляризация дегеніміз ... ... ... ...
Рухани және әлеуметтік өмірдің дін ықпалынан босауы
8. ХҮІІІ ғ. Индустриялық өркениеттің отаны:
Англия
9. Ағылшын буржуазиялық революциясының тарихи маңызы:
Абсолютизм және феодалдық тәртіптер жойылды
10. ХҮІІ ғ Англияда капиталистік қатынастардың дамуына ең басты кедергі болған жағдай:
Абсолютті монархия мен ескі феодалдық тәртіптер
11. Еуропалық отаршылдық саясатты тудырған тарихи жағдай:
Ұлы Географиялық ашулар
12. Англияда ХҮІ ғ. басталған қауымдық алқаптарды қоршаудың әлеуметтік-экономикалық салдары:
Жерден айырылған шаруалар қалаларға шоғырланды
13. Шіркеуді епископтар мен шіркеу соттары билігінен және құпиялықтардан тазартуды жақтаушылар:
Пуритандар
14. Ағылшын буржуазиялық революциясының нәтижесінде орныққан мемлекеттік басқару формасы:
Парламенттік монархия
15. 1639 ж. Ағылшын королі І Карлдың парламентті шақыру себебі:
Шотландиямен соғыстың басталуы
16. 1649 ж. диггерлер қозғалысында ұсынылған талаптар:
Жердің қоғамдастырылуын
17. 1653 ж. Англияда қабылданған жаңа конституция – Басқару жоспарының мәні:
Кромвель лорд-протектор болып тағайындалды
18. 1688 ж. Англияда орнаған мемлекеттік басқару жүйесі:
B) Парламентті монархия
19. ХVІІ ғ. қалыптасқан Ағартушылық көзқарастың мәні:
Қоршаған әлемді ғылым мен тәжірибе арқылы тану
20. Монарх өте сауатты, данышпан философ болуы керек деген қағиданы ұстанған ағартушы:
Франсуа Мари Аруэ
21. Атеистер – ... ... ... ..
E) Құдайды жоққа шығарушы ағартушылар
22. Барлығы бірдей тең және ортақ мүлікке иелік ететін қоғам ең әділетті қоғам деп есептейтін француз ойшылы:
C) Жан Мелье
23. Шотландық экономист әрі философ Адам Смиттің экономикалық теориясының мәні:
Адам өзінің жеке мүддесін ойлай отырып қоғамды жақсарта түседі және байытады
24. ХVІІ- ХVІІІ ғасырларда қоғамды қайта құруды насихаттағандар:
Ағартушылар
25. Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы мекені:
Виргиния
26. Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін соғысы болған жылдар:
1775-1783 ж.
27. Отары бар мемлекет:
Метрополия
28. АҚШ-тың үшінші президенті Томас Джефферсонның тарихта қалдырған еңбегі:
Тәуелсіздік декларациясы
29. 1778 ж. АҚШ-тың Франциямен одақтық келісім жасауға қол жеткізген дипломат:
Бенжамин Франклин
30. АҚШ-тың тұңғыш президенті:
Д.Вашингтон
31. 1783ж. АҚШ пен Англия арасындағы келісімшарттың басты нәтижесі:
Құрама Штаттар тәуелсіз мемлекет ретінде ресми танылды
32. 1787 ж. АҚШ Конституциясының толығымен демократиялық сипатта болмау себебі:
Қара түстілерді құлдыққа алудың заңдастырылуы
33. АҚШ Конституциясы қабылданған жыл:
1787 ж.
34. ХVІІ ғ. Франциядағы сословиелік уәкілдіктің жоғарғы мекемесі:
Бас штаттар
35. Француз буржуазиялық революциясының бастамасы болған оқиға:
E) Бастилияның алынуы
36. 1789 ж. Француз революциясының басты саяси жетістігі:
Абсолюттік монархияның құлауы
37. Тарихта тұңғыш рет Адам және азамат құқықтарының декларациясын қабылдаған республика:
Франция
38. 1792 ж. Пруссия мен Австрияның Францияға қарсы одақ құру себебі:
Француз революциясын тұншықтыру үшін
39. 1792 ж. 22 қыркүйектегі Франция тарихындағы маңызды оқиға:
Францияның республика болып жариялануы
40. 1793 ж. Жирондықтар құлағаннан кейін саяси билікке келгендер:
Якобиншілдер
41. Француз буржуазиялық революциясының тарихи маңызы:
Абсолюттік монархия жойылды
42. ХVІІІ ғасырдың І ширегінде Ресей экономикасына тән жағдай:
Батыс елдерінен техникасы мен экономикасы жағынан артта болды
43. Ресейдің болашақ астанасы – Санк-Петербург қаласының құрылысы басталған жыл:
1703 ж.
44. 1721 ж. Ресей мен Швеция арасында қол қойылған бейбітшілік келісімі:
Ништад келісімі
45. Еуропалық ойлауды орыс дәстүрімен алғаш сабақтастыра білген орыс патшасы:
І Петр
46. І Петр ұйымдастырған Петербургтегі алғашқы орыс мұражайы:
Кунсткамера
47. І Петр жүргізген үздіксіз соғыстардың жалпы ұлттық мақсаты:
Ресейдің теңізге шығу жолына ие болу
48. 1700 ж. 9 тамызда Ресей соғыс жариялаған мемлекет:
Швеция
49. Орыс тарихшысы В.О.Ключевскийдің 1725-1761 ж. аралығындағы Ресей тарихын атауы:
Сарайлар төңкерісі дәуірі
50. 1773-1775 жылдары Ресейде болған көтерілістің басшысы:
Е.Пугачев
51. 12 томдық шығармалар жинағы жарық көрген және балаларға арналған ертегілер, педагогикалық ойлар, өмірбаяндық естеліктер жазған орыс патшасы:
ІІ Екатерина
52. 1700-1721 жылдары болған соғыс:
Солтүстік соғыс
53. ХVІІ ғ. алғашқы ширегінде Үндістанның солтүстігінде өмір сүрген мемлекет:
Дели сұлтандығы
54. ХVІ ғ. Солтүстік Үндістан мен Ауғанстанда Ұлы Моғолдар мемлекетін құрған қолбасшы:
Бабыр
55. Орта ғасырда Үндістандағы діни орындардың меншігіндегі жер:
Вакф
56. ХVІІІ ғ. ортасында Үндістанды отарлау үшін соғысқан мемлекеттер:
Англия мен Франция
57. ХV ғ. Кіші Азиядағы және Балқандағы барлық византиялық аумақтарды жаулап алған мемлекет:
Осман империясы
58. ХVІІ ғ. Осман империясының әскери күш-қуаты мен өкімет билігінің әлсіреуіне себеп болған басты жағдай:
Сипахилік жүйенің ыдырауы
59. 1730 ж. Стамбулда қала кедейлерінің көтерілісін бастаған:
Патрон Халил
60. ХVІІІ ғ. ІІ жартысында Англия мен Францияның осман мұрасын бөлісуде ІІ Екатерина патшайымның саясатына қарсы шығу себебі:
Ресейдің Балқан мен Жерорта теңізінде күшейіп кетуінен қауіптенді
61. ХVІІІ ғ. Цин империясының ұстанған сыртқы саясаты:
Оқшаулану саясаты
62. 1628-1644 жы. Қытайдағы шаруалар көтерілісінің басшысы:
Ли Цзычэн
63. 1757 ж. бастап Қытай императоры Цяньлунның еуропалықтарға байланысты ұстанған саясаты:
Қытайға келуіне тыйым салды
64. Жоңғар хандығының негізі қаланған жыл:
1635 ж.
65. Жоңғар мемлекетінің алғашқы ханы:
Батыр қонтайшы
66. ХVІ ғ. соңында Жапонияда билікті қолында ұстаған әскери адамдар:
Сегундар
67. ХVІІ ғ. аяғынан бастап билік құруда шығыстық король, батыстық техника принципін ұстанған мемлекет:
Жапония
68. ХVІІ-ХVІІІ ғ. араб әлемінде жүзеге аса бастаған саяси жағдай:
Капиталистік-отаршылдық жүйенің ықпалына түсе бастауы
69. ХVІІ ғасырда Иранды билеген әулет:
Сефевидтер әулеті
70. ХVІІ ғ. Ирандағы мемлекет меншігіндегі жер:
Дивани
71. 1795 ж. АҚШ-пен бейбітшілік және достық туралы шартқа қол қойған араб елі:
Алжир
72. 1869 ж. іске қосылған Суэц каналын салған мемлекет:
Франция
73. ХVІІІ ғ. Иран халқының ауғандарға қарсы күресін басқарған ... ..
Нәдір
74. ХVІІІ ғ. Иран шахы Нәдірдің саяси беделінің түсу себебі:
Үздіксіз жүргізген соғыстарының халыққа ауыр зардаптар әкелуі
75. Иранның Каджар әулеті тұсындағы астанасы:
Тегеран
76. Каджар әулеті тұсындағы Иран жерінің әкімшілік аймақтары:
Вилаеттер
77. ХVІІ ғ. Ирандағы отбасы меншігіндегі жер:
Хассэ
78. Мәдениет пен мемлекеттіліктің өзіндік дәстүрлерін бұрын жасаған елдер:
Шығыс елдері
79. ХVІІ-ХVІІІ ғ. Еуропалық жаулап алушылар құрған сауда тірек пунктері:
Факториялар
80. ХVІІ ғ. басына қарай Батыс Еуропа елдерінің ішінде сауда және отарлық біріншілікті иемденген мемлекет:
Голландия
81. ХVІІ-ХVІІІ ғ. Англияда мемлекет ішіндегі мемлекет атанған ерекше құрылым:
Ост-Үнді компаниясы
82. ХVІІ-ХVІІІ ғ. Қытай, Жапония елдерінің шетелдік отаршылдарға елді тонатпау үшін ұстанған саясаты:
Жабық есік
83. Қытай рыногын жаулап алу жолындағы апиын соғыстарының бастамашысы болған мемлекет:
Англия
84. ХVІІІ-ХІХ ғ. Шығыс елдерінің экономикалық саяси және мәдени жағынан артта қалуының басты себебі:
Еуропалық отаршылдардың тонаушылық саясаты
85. Метрополия дегеніміз ... .
Отар иемденген мемлекет
86. Экспансия саясатының мәні:
Мемлекеттің өзінің ықпалын басқа елдерге түрлі әдістермен тарату саясаты
87. Дүние жүзінде отаршылдық жүйенің негізін қалағандар:
Сауда компаниялары
88. Өздерінің бақытсыздығын машинадан көрген жұмысшылар:
Луддашылдар
89. 1819 ж. Англияда лорд Ливерпуль кабинетінің әлеуметтік заң шығару саласында жасаған маңызды қадамы:
9 жасқа дейінгі балаларды жұмысқа алуға тыйым салынды
90. 1764 ж. Дженни атты механикалық ұршықты ойлап тапқан инженер:
Дж. Харгривс
91. 1765ж. Бу машинасын ойлап тапқан:
Джеймс Уатт
92. Өнеркәсіп төңкерісінің мәні:
Өнеркәсіптің машиналық техникаға сүйенген фабрикалық жүйесіне өтуі
93. Дүниежүзілік шеберхана атанған мемлекет:
Англия
94. ХІХғ. 30-50 жылдары Англиядағы пролетариаттың бұқаралық, саяси революциялық қозғалысы:
Чартизм
95. ХІХ ғ. Англияда ірі жер иеленушілердің, ірі кеме иелері мен саудагерлердің мүддесін қорғаған саяси партия:
Консерваторлар
96. ХІХ ғ. соңында ағылшын экономикасының даму қарқынының төмендеу себебі:
Шетелдерде ағылшын тауарларына жоғары салықтардың салынуы
97. 1804 ж. Рим папасы салтанатты түрде тәж кигізген император:
І Наполен
98. 1799 ж. 9 қарашадағы Франциядағы мемлекеттік төңкерістің нәтижесі:
Консулдық жүйе орнады
99. І Наполеонның өнеркәсіпке жасаған қолдауы:
Өнеркәсіпке мемлекеттік жәрдем ақша мен сыйлық беріп отырды
100. Англияны экономикалық тұрғыдан күйрету мақсатында Наполеонның жүргізген шарасы:
Құрлықты қоршауды жариялады
101. 1813 ж. 16-19 қазанда Лейпциг түбінде жарты млн. астам жауынгер қатысқан шайқас:
Халықтар майданы
102. 1815 ж. Ватерлоо түбіндегі шайқастың нәтижесі:
Наполеон жеңіліс тауып, Әулие Елена аралына жер аударылды
103. Францияда екінші республика жарияланған жыл:
1848 ж. 25 ақпан
104. Наполеон Бонапарттың келуімен Францияда орныққан әкімшілік жүйе:
Монархиялық жүйе
105. Франция-Пруссия соғысы басталған жыл:
1870 ж.
106. Францияда 1814 ж. тақ басына келген династия:
Бурбондар
107. 1870 ж. 19 шілдеде ... ... ...
Франция-Пруссия соғысы басталды
108. 1871 ж. Франция республикасының герцогтер республикасы деп аталу себебі:
Ұлттық жиналыс мүшелерінің көпшілігі монархияшылдар
109. 1871 ж. 21-28 мамыр аралығындағы күндердің қанды апта оқиғасы деп аталу себебі:
Париж Коммунарлары мен Версаль әскерлерінің арасындағы қырғын соғыстың болуы
110. 1848-1849 жылғы Германия революциясының қорытындысы:
Революция жеңіліспен аяқталды
111. 1848-1849 жылғы Италия революциясының нәтижесі:
Революция жеңіліспен аяқталды
112. ХІХ ғ. ортасында Италияда біртұтас ұлттық мемлекет құру жөнінде нақты жоспар ұсынған граф:
Камилло Бенсо Кавур
113. Біріккен Герман империясының бірінші канцлері:
Отто фон Бисмарк
114. ХІХ ғ. І жартысында Ресейдің экономикалық дамуының басты ерекшелігі:
Капиталистік қатынастың күшеюі
115. 1861 ж. Ресейде қабылданған реформаның мәні:
Басыбайлы құқықты жойды
116. 1880 ж. Ресейдегі марксизм идеясының ірі теоретигі:
Г.В.Плеханов
117. Ресейдегі бірінші орыс революциясы жүзеге асқан жылдар:
1905-1907 ж.
118. 1860 ж. теміржолдардың ұзындығы бойынша дүние жүзінде бірінші орынға жеткен мемлекет:
АҚШ
119. 1861 ж. АҚШ аумағындағы штаттың саны:
40
120. АҚШ-та қоныс аударушылардың жыртылмаған жерлерді өз бетімен басып алу тәсілі:
Контрабанда
121. ХІХ ғ. І ж. АҚШ азаматтарының жоғары өрлеуіне мүмкіндік жасаған жағдай:
Еуропадан иммигранттардың үздіксіз ағылып келуі
122. ХІХ ғ. ІІ ж. АҚШ -тың теміржол және болат құю зауытының қожасы :
Э.Карнеги
123. ХVІІІ-ХІХғ. АҚШ-тың оңтүстік аймағында үстемдік еткен шаруашылықтың түрі:
Плантациялық шаруашылық
124. 1793 ж. АҚШ-та мақта тазалайтын машина ойлап тапқан ... ...
Эли Уитни
125. ХVІІІ-ХІХғ. АҚШ экономикасының королі ретінде, шетке шығарылған басты тауар:
Мақта
126. Латын Америкасы елдеріндегі ірі жер иеліктері:
Латифундия
127. ХІХғ. І жартысында АҚШ өнеркәсібінің дамуына кедергі болған жағдай:
Плантациялық құлдық шаруашылықтың үстемдігі
128. 1803 ж. АҚШ-тың Франциядан сатып алған жері:
Луизиана
129. ХІХғ. басында АҚШ-тың Испаниядан тартып алған жері:
Флорида
130. АҚШ-тың Ресейден Алясканы сатып алған жылы:
1867 ж.
131. Томас Джефферсон мен оны жақтаушыларының есептеуінше АҚШ-тың гүлденуіне негіз болатын экономикалық саясат:
Ауыл шаруашылығын барынша қолдау
132. ХІХ ғ. ортасында АҚШ-тың саяси күресінде ең шиеленіскен мәселе:
Құлдық жүйенің сақталуы
133. АҚШ Президенттерінің ұзақ жылдар бойы құлдықты жоя алмау себептері:
Оңтүстік штаттардың одақтан шығамыз деп талап қоюларынан
134. ХІХ ғ. басында Америкалық отарлар қоғамының ұсынған идеясы:
Қара түстілерді Африкаға қайтару
135. АҚШ-та құлдықты жоюды жақтағандар:
Аболиционистер
136. Олигарх ... ... ...
Аз ғана топ ақсүйектердің, финанс алпауыттарының саяси және экономикалық үстемдігі
137. АҚШ-та азамат соғысы болған жылдар:
1861-1865 ж.
138. 1860 ж. АҚШ-та президенттік сайлауда бір-біріне қарсы тұрған партиялар:
Демократтар мен республикашылдар
139. 1860 ж. АҚШ президенті болып сайланған және құл иеленушілікті жоюды жақтаушы:
Авраам Линкольн
140. АҚШ тарихындағы ең қантөгісті соғыс:
Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы Азамат соғысы
141. 1861-1865 ж. АҚШ-тағы азамат соғысының басты тарихи маңызы:
Құлдық жойылды
142. Конкистадорлар ... ... ..
испан-португал басқыншылары
143. Латын Америкасы елдерінде құлдық жойылған ең алғашқы ел:
Гаити
144. ХVІІІ- ХІХ ғ. Латын Америкасы елдеріндегі буржуазиялық-демократиялық төңкерістердің басты мақсаты:
Тәуелсіздік алу
145. 1810 ж. Мексика ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы:
Мигель Идальго
146. 1826 ж. бастап бұл ел Аргентина деп аталады:
Біріккен Ла-Плата провинциялары
147. 1791 ж. Гаити аралындағы құлдар көтерілісінің басшысы:
Франсуа Доменик Туссен
148. 1825 ж. құрылған бұл мемлекет өзінің азат етушісінің құрметімен аталады, ол – ... ...
Боливия
149. ХІХ ғ. жаңа тәуелсіз Латын Америкасы мемлекеттерінде күшті экономикалық және саяси ұстанымын орнатуға мүмкіндік алған мемлекет:
АҚШ
150. 1823 ж. Монро доктринасының мәні:
АҚШ-тың америка ісіне державалардың араспауын талап еткен мәлімдемесі
151. Императорын Көк тәңірінің ұлы деп есептеген мемлекет:
Қытай
152. ХVІІІ-ХІХ ғ. Қытайдың дүние жүзі елдерінен дамуы жағынан артта қалу себебі:
Ешқандай елмен дипломатиялық не сауда байланысын жасамауынан
153. Бірінші апиын соғысы болған жылдар:
1840-1842 ж.
154. 1840-1842 ж. Англияның Қытайға соғыс жариялауының себебі:
Пекиннің ағылшындардың Қытайға апиын сатуына тыйым салуы
155. 1842 ж. Нанкин келісімшартында қабылданған шешім:
Қытай ағылшындар үшін бес порт ашуға және контрибуция төлеуге мәжбүр болды
156. 1850-1864 ж. аралығында Қытайдың экономикалық күйзелісі мен апиын қозғалысының зардаптарынан туған шаруалар соғысы:
Тайпиндер көтерілісі
157. Қытайда екінші апиын соғысы болған жылдар:
1856-1860 ж.
158. Англия мен Франция Пекинде өздерінің елшіліктерін ұстауға және өз азаматтарының Қытайда емін-еркін жүріп-тұруына мүмкіндік берген келісім:
Тяньцзинь келісімі
159. 1858 ж. Айгунь келісімі бойынша Ресей меншігі деп танылған аймақ:
Амур өзенінің сол жақ жағалауы
160. 1850-1864 ж. тайпиндер құрған мемлекеттің идеологиясы:
Ежелгі қытай дәстүрлерін сақтау, көне ережелерді құрметтеу
161. 1894-1895 ж. жапон-қытай соғысында күйреген Қытай саясаты:
Өзін-өзі күшейту
162. ХІХ ғ. Қытайды ауыр жағдайдан шығарудың жолын іздеген революциялық-демократиялық қозғалыстың көсемі:
Сунь Ятсен
163. 1894 ж. құрылған Қытайды қайта өркендету қоғамының басты мақсаты:
Қытай Республикасын құру
164. ХХ ғ. Қытайдағы ашық есік саясатының мәні:
Қытай рыногы үшін күресте барлық державаларға тең құқық
165. ХХ ғ. басында Қытай капитализмінің дамуына кедергі болған басты жағдай:
Шетелдіктердің отарлау саясаты
166. Сунь Ятсен тұжырымдаған үш принциптің бірі:
Монархиялық биліктен бас тарту
167. Қытайда Синьхай революциясы болған жылдар:
1911-1913 ж.
168. Қытай Республикасының тұңғыш президенті:
Сунь Ятсен
169. Қытайда маньчжур үстемдігі құлаған жыл:
1912 ж.
170. ХІХ ғ. жабық есік саясатын ұстанған, жері ірілі-ұсақты аралдардан тұратын мемлекет:
Жапония
171. ХVІ ғ. Жапонияға алғаш келген еуропалықтар:
Португалдар
172. ХVІІғ. Жапонияда шетелдіктердің кіруіне, жапондықтардың шығуына тыйым салған саясаты:
Жабық есік
173. 1867-1868 ж. Мэйдзи төңкерісінің мәні:
Императорлық билікті қайта қалпына келтіру
174. ХІХ ғ. Жапония императоры өз мемлекетінің дәстүрлеріне сәйкес келетін мемлекеттік құрылысты таңдау үшін қабылдаған шешімі:
Батыс елдерінің тәжірибесін үйрену үшін шетелге арнаулы делегация жіберді
175. Мэйдзи үкіметінің Жапония капитализмін дамыту үшін жүзеге асыра бастаған саясаты:
Жаңа шикізат көзін табу үшін басқыншылық саясатты жүзеге асырды
176. 1876 ж. Жапон экспансиясының алғашқы құрбаны болған мемлекет:
Корея
177. Жапонияда ұлттық қозғалыстың болмау себебі:
Бір ғана ұлттан тұрғандықтан
178. 1889 ж. құрылған жас түріктер партиясы:
Бірлік және прогресс
179. 1857-1859 ж. Үндістандағы ұлт-азаттық көтерілістің басталуына түрткі болған оқиға:
Сипай әскерлерінің қару-жарақтарына қажетті оқ-дәріге байланысты болуы
180. 1857-1859 ж. сипайлар көтерілісінен кейінгі Англияның Үндістанда енгізген саяси өзгерістері:
Әкімшілік билік вице-корольге берілді
181. ХІХ ғ. І жартысында Үндістанды өзінің тауарларын өткізу рыногына және шикізат көзіне айналдырған мемлекет:
Англия
182. Үндістанда алғашқы тоқыма фабрикасы пайда болды ... ... ... ...
1854 ж. Калькуттада
183. 1885 ж. Үндістанда құрылған жалпы-үнділік саяси партия:
Үнді Ұлттық Конгресі
184. ХІХ ғ. Үндістан радикалдарының ұлттық өнеркәсіпті бәсекелестіктен сақтап қалу үшін жасаған мәлімдемесі:
Ағылшын тауарларына бойкот жариялау
185. 1885 ж. құрылған Үнді Ұлттық Конгресінің радикалдық қанатының көсемі:
Б.Тилак
186. ХХ ғ. басында Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың аса белсенді ошағы болған аймақ:
Бенгалия
187. 1905 ж. Үндістандағы отаршыл өкіметтің Бенгалияны екіге бөлудегі мақсаты:
Үнділер мен мұсылмандар арасында діни алауыздықты тудыру
188. ХХ ғ. басындағы Үндістан халқын ағылшын отаршылдарына қарсы күреске шақырған үндеу:
Өз тауарларымыз
189. 1888 ж. билікке келген, өзін мұсылмандардың қорғаушысымын деп мәлімдеген германдық император:
ІІ Вильгельм
190. ХІХ ғ. Германияның Осман империясына орныққандығының белгісі:
Немістердің Берлин-Стамбул-Бағдат теміржолын салуы
191. 1889 ж. Стамбулда құрылған Бірлік және прогресс партиясының алға қойған мақсаты:
Конституциялық мемлекет құру
192. Жас түріктер революциясы басталған жыл:
1908 ж.
193. 1826 ж. янычар әскерлерінің көтеріліске шығу себебі:
Янычар әскерінің таратылуы
194. 1828-1829 ж. орыс-түрік соғысынан кейін өзін-өзі басқару құқығына ие болған князьдіктер:
Грекия, Сербия, Дунай
195. 1839 ж. Түркия тарихында басталған жаңа реформалық кезең:
Танзимат
196. Ресей патшасы І Николайдың түрік сұлтанына жолдаған ультиматумындағы талабы:
Осман империясы құрамындағы барлық православиелік халықтарға орыстардың ықпалын мойындауы
197. ХІХ ғ. Осман империясының сұлтаны ІІ Махмұдтың мемлекетті басқару ісіне енгізген өзгерістері:
Еуропалық үлгідегі министрліктер құрылды
198. 1856 ж. Осман империясының экономикасына шетелдік қаржының көптеп келуіне кең жол ашқан саясат:
Шетелдіктерге жеке меншік және қозғалмайтын мүлік алуға рұқсат беру
199. ХVІІІ-ХІХ ғ. Осман империясының иеліктерін жаулап алуға ұмтылған батыс еуропалық мемлекеттердің саясаты:
Шығыс мәселесі
200. 1865 ж. Стамбулда құрылған құпия ұйым:
Жаңа османдар
201. 1908 ж. Жас түріктер революциясынан кейінгі Осман империясында жүзеге асқан саяси өзгерістер:
Конституциялық монархия орнады
202. ХХ ғ. Осман империясы арқа сүйеген Батыс державасы:
Германия
203. 1796 ж. Тегеранға француз елшілерінің келу себебі:
Иран шахын Ресей мен Англияға қарсы айдап салу үшін
204. 1813ж. Гулистан келісіміне қол қойған мемлекеттер:
Ресей мен Иран
205. 1828 ж. Туркманчай бітімінде Ресей пайдасына қабылданған шешім:
Каспий теңізінде әскери флот ұстау құқы түпкілікті бекітілді
206. 1848-1852 ж. Иранда хандар мен шах өкіметінің билігіне наразылық білдірген халық көтерілісі:
Бабшылдар көтерілісі
207. ХІХ ғ. Иранды экономикалық жағынан тәуелді елге айналдыру бәсекелестігіне түскен елдер:
Англия мен Ресей
208. 1872 ж. Иранда 70 жыл мерзімге мұнай мен табиғи байлықтарды игеруге тиімді концессия алған ағылшын капиталисі:
Ю. Рейтер
209. Еуропада тұңғыш телескоп жасаған ғалым:
Галилео Галилей
210. Дүниежүзілік тартылыс заңын тұжырымдаған ғалым:
Исаак Ньютон
211. Еуропада есептеуіш машинаны ойлап тапқан ғалым:
Готфрид Вильгельм Лейбниц
212. Шіркеулік музыканың жан-жақты дамуына жол ашқан ұлы композитор:
И.С.Бах
213. Барлық білім тәжірибеден жинақталады деген пікірді ұстанған ағылшын философы:
Джон Локк
214. 1875 ж. Мысыр монархынан Суэц каналын сатып алған мемлекет:
Англия
215. 1897 ж. соңында герман империалистері өзінің ықпал ету аймағына айналдырған Қытай провинциясы:
Шаньдун
216. Франция мен Пруссия соғысында Франция айырылып қалған аймақтар:
Эльзас пен Лотарингия
217. 1895 ж. Масквеллдің электромагниттік толқындар теориясына сүйене отырып көзге көрінбейтін Х-сәулелерін ашқан герман физигі:
В.К.Рентген
218. Париж ана құдайы ғибадатханасы мен Күлегеш адам атты әйгілі романдардың авторы:
В.Гюго
219. Ірі неміс ақын-жазушысы Иоганн Вольфганг Гетенің өлеңмен жазған трагедиясы:
Фауст
220. Оның шығармасы би, славян ұлттық әуендері негізіне құрылған, оны мазурка королі деп атаған:
Ф.Шопен
221. Ежелгі заманда Оңтүстік Қосөзен бойын алғаш мекендеген халықтар.
Шумерлер, аккадтар.
222. Ежелгі Қосөзендегі патесилер – ол:
Шағын қала-мемлекеттер.
223. Б.з.д. XXIV ғасырда Қосөзенде құрылған ірі мемлекеттің орталығы болған қала.
Аккад.
224. Вавилон патшалығын құрған билеуші:
Хаммурапи.
225. Ежелгі Вавилон патшалығындағы аса маңызды құжат:
Хаммурапи заңдар жинағы.
226. Әлемдегі ең ежелгі жазу жүйесі қалыптасты:
Қосөзенде.
227. Ежелгі Қосөзенде алғашқы жазуды қалыптастырғандар:
Шумерліктер.
228. Ежелгі Вавилондағы әлемнің жеті кереметінің бірі:
Аспалы бақ.
229. Ежелгі Вавилон қаласының қамқоршы құдайы:
Мардук.
230. Ежелгі вавилондықтардың түсінігінде Таммуз – ол:
Су құдайы.
231. Ежелгі Египеттің халық тығыз қоныстанған елге айналған уақыты:
Б.з.д. IV мыңжылдық.
232. Ежелгі Египеттің орналасқан жері:
Солтүстік-Шығыс Африка.
233. Б.з.д. IV мыңжылдықта Египет жерінде мемлекеттердің пайда болуына әсер еткен фактор:
Құл иеленушілік құрылыстың қалыптасуы.
234. Ежелгі Египет билеушісінің титулы:
Патша.
235. Ежелгі Египет мемлекетінің алғашқы астанасы:
Мемфис.
236. Ежелгі Египет жазуында қолданылған иероглифтер саны:
750-ге жуық.
237. Ежелгі египеттіктер бір жылды :
365 күнге бөлді.
238. Ежелгі Египеттегі Фивы қаласының бас храмында еңбек еткен құлдар саны:
80 мың.
239. Астрономиялық білім негізінде календарь пайда болған ел:
Египет.
240. Ежелгі Египетте құдайға баланғандар:
Перғауын.
241. Ежелгі дәуірде бір жылды 12 айға, 365 күнге бөле білген халық:
Египеттіктер.
242. Ежелгі египеттіктер құдай ретінде елестеткен бейне:
Жануар басты адам.
243. Ежелгі египеттіктердің жазуы – таңба суреттің атауы:
Иероглиф.
244. Ежелгі египеттіктерде Амон – Ра:
Күн құдайы.
245. Қазіргі Ирак мемлекетінің солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан ежелгі мемлекет:
Ассирия.
246. Б.з.д.ІХ ғасырда құрылған, Армения жерінде орналасқан ежелгі мемлекет:
Урарту.
247. Урарту мемлекетінің астанасы болған Тушпа қаласы орналасқан жер:
Ван көлінің жағасы.
248. Урарту патшалығының мықты мемлекетке айналған уақыт:
Б.з.д. VIII ғасыр.
249. Урарту мемлекетінің астанасы.
Тушпа.
250. Б.з.б. VIII ғ. қуаты арта түскен мемлекет:
Ассирия.
251. Ассириялықтардың отаршылдық саясатындағы ерекшеліктердің бірі:
Бағынышты халықты ата-қонысынан айыру.
252. Ашшурбанипал кітапханасын ұйымдастырды:
Ассирилықтар.
253. Қазіргі Түркия жерінде өмір сүрген Оңтүстік-батыс Азияның ежелгі мемлекеті:
Хетт патшалығы.
254. Хетт патшалығын талқандаған мемлекет:
Ассирия.
255. Оңтүстік-Батыс Азия жеріндегі ежелгі кеме жасаушылар мен теңізде жүзушілер:
Финикиялықтар.
256. Финикиялықтар мәдениетінің ірі жетістігі:
Альфавиттің пайда болуы.
257. Финикиялықтардың көктем құдайы:
Ваал.
258. Парсы патшасы Кирдің жорығын тойтарған Орта Азиядағы тайпа:
Сақ.
259. І Дарий патша парсы мемлекетін:
20 аймаққа бөлді.
260. Парсы мемлекетіндегі І Дарий шығарған таза алтын теңге:
Дарик.
261. Авеста шығармасында уағыздалатын діни ілім:
Заратуштралық.
262. Заратуштра дініндегі қайырымдылық құдайы:
Ахура Мазда.
263. Заратуштра дінінде өлген адамның денесін:
Жабайы құстарға тастады.
264. І Дарий кезінде парсылар сыйына бастаған құдай:
Ахурамазда.
265. Ежелгі Бактрия жерінің көптеген елдерге танылуына себеп болған бағалы тас:
Лазурит.
266. Бактрия мемлекетінің астанасы:
Бактр.
267. Азияның орталық бөлігінде қалыптасқан, ежелгі дүниедегі көшпелілер құрған ірі мемлекеттің бірі:
Кушан мемлекеті.
268. Парфия патшалығын құрған Адам:
Арсак.
269. Б.з.д. 53 жылы Қосөзен атырабында римдіктерді талқандағандар:
Парфиялықтар.
270. Б.з.д. І мыңжылдықтың соңында Үндістан жеріне солтүстіктен келіп қоныстанған көшпелі тайпа:
Арийлер.
271. Бір орталыққа бағынған Үнді мемлекетін құруды жүзеге асырған патша:
Ашок.
272. Ежелгі Үндістандағы брахмандар – ол:
Абыздар.
273. Ежелгі Үндістанның Рамаяна дастанында суреттелген, үнділіктер табынатын қасиетті маймыл.
Хануман.
274. Ежелгі үнділіктердің шаруашылығы, басқару жүйесі, әлеуметтік жағдайы, әдет-ғұрыптары жайында мәлімет беретін тарихи шығарма.
Ману заңдары.
275. Будда дінінің негізін қалаушы.
Сиддхардћа.
276. Буддизм дініндегі нирвана – ол:
Рахат өмір.
277. Ұлы Қытай қорғанын салдырған патша.
Цинь Ши Хуанди.
278. Сары орамалдылар көтерілісі созылды:
20 жылға.
279. Қытайлар өндіру тәсілін біраз уақытқа дейін құпия сақтаған тауар.
Жібек.
280. Қытайда қағазға жазу қалыптасты:
Б.з.д. ІІ ғасырда.
281. Әлемде компасты алғаш ойлап тапқандар.
Қытайлар.
282. Ежелгі Грекиядағы полистер – ол:
Қала-мемлекеттер.
283. Афины мемлекетінің құрамына кірген қалалар саны.
12.
284. Ежелгі Грекиядағы демостар – ол:
Қарапайым халық.
285. Архонт Солонның заңдары негізінде Ежелгі Афиныда пайда болды:
Демократия.
286. Ежелгі Афиныдағы жоғары өкімет билігі:
Халық жиналысы.
287. Афины қала мемлекетінің Эллададағы бай және қуатты мемлекетке айналған уақыт:
Б.з.д.V ғасырдың ортасы.
288. Б.з.д. V ғасырдың ортасында өмір сүрген, Афины демосының көсемі, Афины мемлекетінің өрлеуіне ықпал еткен қайраткер.
Перикл.
289. Б.з.д. IV ғасырда Грекияға қауіп төндірген Балкан түбегіндегі ел.
Македония.
290. Афинылықтардың Македонияға қарсы тәуелсіздік жолындағы күресін басқарған қайраткер.
Демосфен.
291. Македония мен гректердың арасында ең ірі Херонея соғысы өткен жыл.
Б.з.д. 338 жыл.
292. Ежелгі Грекиядағы Дионис құдайдың құрметіне жасалған мереке.
Егіншілер мерекесі.
293. Олимпия ойындары кезінде бүкіл Грекияда тыйым салынды:
Соғысқа.
294. Ежелгі Грекияда тұңғыш Олимпия ойындары өткен жыл.
Б.з.д 776 жыл.
295. Ежелгі грек жазушысы Эсхилдің ірі трагедиялық шығармаларының бірі көрсет.
Бұғауланған Прометей.
296. Ежелгі гректердің наным-сеніміндегі өздері табынған құдайлардың саны.
40-ға жуық.
297. Ежелгі гректердің нанымындағы ағайынды үш құдай.
Зевс, Посейдон, Аид.
298. Ежелгі гректер нанымындағы сұлулық пен махаббат құдайы.
Афродита.
299. Ежелгі Грекияда сәулет өнерінің барынша қарқынды дамыған уақыты.
Б.з.д. V ғасыр.
300. Грекиядағы әлемнің жеті кереметінің бірі, мүсінші Фидийдің туындысы:
Зевс мүсіні.
301. Ежелгі Грекиядағы балаларды он сегіз жастан бастап оқытатын, жан-жақты ғылым, біліммен сусындататын оқу орнының атауы.
Гимнасия.
302. Илиада және Одиссея поэмаларының авторы:
Гомер.
303. Атақты ғалым Гиппократтың ғылыми еңбектерінің саны.
60-ға жуық.
304. Тарихтың атасы атанған ежелгі грек тарихшысы.
Геродот.
305. Ежелгі грек философы Демокриттің әлемде тұңғыш рет жасаған ғылыми тұжырымдамасы.
Атом қозғалысы жайлы.
306. Ежелгі театр отаны.
Грекия.
307. Македония патшасы ІІ Филипптің б.з.д. 356 жылы жүзеге асырған ірі реформасы:
Ақша реформасы.
308. Александр Македонскийдің қайраткерлік жолына түсуіне ықпал еткен, ғылымның көптеген салаларымен сусындатқан грек ойшылы.
Аристотель.
309. Александр Македонискийдің соғыссыз бағындырған мемлекеті:
Египет.
310. Александр Македонский әскерінің Кіші Азияға басып кірген жылы:
Б.з.д. 334 жыл.
311. Б.з.б. 325 ж. Александр Македонский құрған империяның астанасы:
Вавилон.
312. Ежелгі Рим мемлекеті орналасқан Еуропадағы түбек.
Апеннин түбегі.
313. Ежелгі Рим республикасының саяси-басқару сипаты.
Аристократиялық.
314. Римдіктер мен Карфагендіктердің арасындағы соғыстың атауы.
Пуни соғысы.
315. Үшінші пуни соғысында Рим әскерлерінің Карфаген қаласын толықтай жаулап алған жылы.
Б.з.д. 146 жыл.
316. Спартак бастаған құлдар көтерілісі басталған жыл.
Б.з.д. 74 жыл.
317. Ежелгі Рим шешені Цицеронның ғылыми трактаттарының саны.
800-н астам.
318. Ежелгі Римдегі барлық құдайлардың ғибадатханасы деп аталатын храмның аты:
Пантеон.
319. Христиан дінінің өрлей түсуіне ықпал жасаған, храмдар салуға рұқсат еткен Рим императоры:
Константин.
320. Мемлекетті дара басқарған Римнің алғашқы императоры:
Октавиан.
321. Рим империясының екіге бөлінген жылы:
395 жыл.
322. Ғұндардың Рим империясына бағытталған жорығын басқарған ғұн көсемі:
Еділ.
323. 455 жылы Рим қаласын жаулап алған еуропалық тайпа:
Вандал.
324. IV ғасырдағы Рим империясының әлсірей бастауының негізгі себептерінің бірі.
Құлдар еңбегінің тиімсіздігі.
325. V ғасырда Рим империясы арқылы Солтүстік Африка жеріне өткен герман тайпасы.
Вандалдар.
326. V ғасырда ғұндардың ығыстыруымен Галлия жеріне барып өзі мемлекетін құрған герман тайпасы.
Франктер.
327. Батыс Рим империясындағы ірі көтеріліс болған, тарихта құл иеленушілік құрылыстың жойылу жылы деп аталған уақыт.
476 жыл.
328. Франктердің қылмыстық заңындағы қылмыскерге қолданылатын негізгі жазаның түрі.
Ақшалай айып төлеу.
329. Франктер империясында жаңа қоғамдық құрылыс – феодализмнің қалыптаса бастауының көрінісі
Карл Мартелдің жерді сыйлыққа үлестіруі.
330. Франктер билеушісі Қортық Пипин билікке жету жолында арқа сүйеді:
Рим папасына.
331. Франктер билеушісі Пипиннің Рим папасына берген сыйлығының жұрнағы болып табылады:
Ватикан.
332. 768-814 жылдар аралығында франктер империясында билік жүргізген атақты король.
Ұлы Карл.
333. Ұлы Карлдің Франк империясының ыдырауы нәтижесінде пайда болған мемлекеттер:
Франция, Германия, Италия.
334. Ұлы Карл империясы кезінде кітап жазу үшін пайдаланған зат:
Пергамент.
335. Рим имериясының ресми түрде Шығыс және Батыс империя болып екіге бөлінген жылы:
395 жыл.
336. Шығыс Рим империясының тарихтағы атауы:
Византия империясы.
337. 552-537 жылдары Византия имераторы Юстинианның Константинопольде салдырған храмы:
Әулие София храмы.
338. Ерте орта ғасырдағы Еуропадағы Азаматтық құқықтар жинағы атты заңдық құжат:
Византиялық заң.
339. VII ғасырдың 70-жылдарында Византияның солтүстік-шығысында құрылған алғашқы славян мемлекеті.
Болгария патшалығы.
340. Мұхаммед пайғамбардың өмір сүрген жылдары.
570-632 жылдар.
341. Ислам діні жолында Мекке қаласында өзіне қолдау таппаған Мұхаммед пайғамбардың барып паналаған араб қаласы.
Медине.
342. Мұхаммед пайғамбардың құрған араб мемлекеті:
Араб халифаты деп аталды.
343. VIII ғасырда арабтар жаулап алған Еуропадағы ел.
Испания.
344. Араб халифатының құрамынан бөлініп шыққан Еуропадағы ірі халифат.
Кордова халифаты.
345. Араб халқының көпшілік бөлігі ислам дііні қабылдаған жыл.
630 жыл.
346. Аса ірі кітапханасы бар Араб халифатының ірі қаласы.
Бағдад.
347. Ислам діні негізінде арабтар бейнелеу өнерінде тыйым салды:
Адам және жануар кейпін бейнелеуге.
348. Еуропалықтар XVIII ғасырға дейін пайдаланған Ибн Синаның ғылыми еңбектері.
Медицина жөнінде.
349. Отыз томдық Замана тарихы атты тарихи-географиялық энциклопедияның авторы, ортағасырлық араб тарихшысы.
әл-Масуди.
350. V-VII ғасырлар аралығында қазіргі Орта Азия, Ауғанстан, Солтүстік-Батыс Үндістан және Шығыс Түркістан жерлерінде өмір сүрген ірі тайпалық бірлестік.
Эфталит тайпалық бірлестігі.
351. V ғасырда эфталит тайпалары өз мемлекетін құрған аймақ:
Ауғанстанда.
352. Эфталит мемлекетінің астанасы болған қала:
Бадиян.
353. Эфталит дәуірінен сақталған жазба деректердің көпшілігі мына тілде жазылды:
Шығыс Иран тілі.
354. Эфталиттердің жергілікті тайпалармен бірігуі нәтижесінде пайда болған халық:
Ауғандар.
355. Эфталиттердің ежелгі мәдениет ескерткіштерінің орталығы болған қала:
Герат.
356. Эфталит мемлекетінің құлауына себеп болған мемлекеттер:
Түрік қағанаты мен Иран.
357. Батыс славяндардың құрамына кіретін тайпалар:
Поляктар, чехтар, словактар.
358. ІХ ғасырда құрылған тұңғыш Батыс славян мемлекеті:
Ұлы Морав мемлекеті.
359. 681 жылы Балкан түбегінде Аспарух ханның басшылығымен құрылған славян мемлекеті.
Болгар мемлекеті.
360. ХІ ғасырда жаңадан құрылған Орыс мемлекетінің гүлденіп, дамуына жағдай жасаған ұлы кінәз.
Ярослав Мудрый.
361. 988 жылы Киев Русінде болған маңызды тарихи оқиға.
Христиан дінін қабылдауы.
362. Киев Русінің славян алфавиті – кириллицаны қабылдаған ғасыры:
IX ғ.
363. 1185 жылы жазылған Киев Русінің әдеби мұрасы болып табылатын тарихи шығарма:
Игорь жорығы туралы жыр.
364. Ерте орта ғасырда феодалдардың жерінде ерікті шаруалардың еңбегіне негізделген шаруашылық:
Поместье.
365. Феодалдардың атақ-лауазымы бойынша топқа бөліну ерекшелігі:
Феодалдық саты.
366. Әскери іспен айналысатын феодалдар:
Рыцарлар.
367. Барщина дегеніміз:
Еңбекпен өтеу.
368. 1302 жылы Францияда құрылған өкілетті биліктің ресми атауы.
Бас штаттар.
369. Орта ғасырдағы Франция королінің иелігі:
Домен.
370. XIV ғасырдағы Англия мен Франция арасында болған жүз жылдық соғыс өткен жылдар.
1337-1453 жылдар.
371. 1358 ж. Жакерия көтерілісінде шаруалар отрядының басшысы:
Гильом Каль.
372. Жүзжылдық соғыста Пуатье қаласының түбінде француз армиясының ағылшындардан жеңілген жылы:
1356 жыл.
373. Францияда сословиелік монархия - орталықтанған мемлекеттің пайда болған уақыты.
XV ғасырдың аяғы.
374. 1429 жылы Жанна д Арктың ағылшындардан азат еткен француз қаласы.
Орлеан.
375. Ағылшын шіркеу сотының Жанна д' Аркке таққан айыбы:
Сиқырлық жасады.
376. 1453 жылғы жүзжылдық соғыста француздардың пайдасына шешілген шайқас:
Бордо шайқасы.
377. Францияны біріктіру аяқталды:
ХІ Людовиктің тұсында.
378. ХІ ғасырда Британ аралдарын жаулап алған Нормандия герцогі.
Вильгельм.
379. Англияда әскери қызмет атқарғысы келмеген феодалдарға ІІ Генрихтың енгізген салығы.
Қалқандық ақша.
380. Англиядағы алқызыл раушандар мен ақ раушандар соғысы өткен жылдар.
1455-1485 жылдар.
381. XIV ғасырдағы Англия парламентіндегі екі палата.
Лордтар, қауымдар палатасы.
382. ХІІІ ғасырда құрылған Англия парламентінің лордтар палатасына сайланбаған феодалдар тобы:
Рыцарьлар.
383. Х-ХІ ғасырларда Қасиетті Рим империясы деп аталған корольдік:
Германия корольдігі.
384. 1237 жылы Герман рыцарьлары құрған одақ.
Тевтон ордені.
385. Х-ХІ ғасырларда Германияда қалалардың пайда болып, өсе бастауына ықпал еткен еңбек бөлінісі.
Қолөнердің ауылшаруашылығынан бөлінуі.
386. XV аяғы – XVI ғасырдың бас кезінде Германияда ықпалы күшейген шіркеу.
Католиктік.
387. Орта ғасырдағы Испаниядағы реконкиста – ол:
Арабтарға қарсы күрес.
388. 726 жылы Испания жерінде арабтар құрған әмірлік:
Кордова әмірлігі.
389. Орта ғасырларда арабтардан азат етілген Пиреней түбегінде құрылған корольдіктер:
Испания және Португалия корольдігі.
390. 1492 жылы Пиреней түбегінен қуылған халықтар:
Еврейлер.
391. Ортағасырлардағы Италия жерінде тәуелсіздікке қол жеткізген қала-мемлекеттердің ішіндегі ең қуаттысы.
Венеция.
392. XVI ғасырда Венеция қала-мемлекетінің саяси-экономикалық жағынан құлдырауына себеп болған соғыс.
Түріктермен болған соғыс.
393. XIV ғасырда дүние жүзіндегі тұңғыш мануфактура ашылған Италияның ірі қаласы.
Флоренция.
394. Орта ғасырда Еуропадан Шығысқа баратын ірі сауда жолдарына иелік етті:
Венеция, Генуя көпестері.
395. Еуропада тұңғыш жоғары мектептер – университеттер пайда болды:
ХІІ ғасырда.
396. Орта ғасырларда Еуропадағы құрылған алғашқы университеттерде оқу ... тілінде жүргізілді.
Латын тілі.
397. Орта ғасырда Италияда жұмыс істеген белгілі университет.
Болонье университеті.
398. ХІІ ғасырда Францияда жазылып, халықтың арасына кең тараған рыцарлық дастан.
Роланд туралы жыр.
399. ХІ-ХІІ ғасырларда Еуропада құрылыс салуда кеңінен қолданылған Ежелгі Рим сәулет өнерінің үлгісі.
Романдық.
400. Дамыған орта ғасырларда Еуропадағы бейнелеу өнерінің аса зор жетістігін көрсетіңіз.
Кітап миниатюрасы.
401. ХІІ ғасырда көшпелі қыпшақтардан Русьты отыз жылдай уақыт қорғаған ұлы кінәз:
Владимир Мономах.
402. 1072 жылы Киевте жасалған кінәздық заң:
Русская правда.
403. Шығыс Рим империясындағы патриарх басқарған шіркеудің аты:
Православиелік.
404. 1095 жылы Клермон қаласындағы жиында папаның халыққа жасаған үндеуінде мұсылмандардан азат етуілуі керек болған қала.
Иерусалим.
405. Орта ғасырдағы жапон қоғамының ең ірі феодалдары:
Дайме.
406. Жапон феодалдық қоғамының негізгі әскери тобы.
Самурай.
407. Орта ғасырлардағы Жапонияның астанасы.
Киото.
408. XVI ғасырдың соңында Жапонияда қалыптаса бастаған капитализмнің белгілерінің бірі:
Сауда буржуазиясы.
409. 1603 жылы Жапонияны біріктіруді аяқтап сегун атағын алған билеуші.
Токугава.
410. Орта ғасырда Қытайда 618-907 жылдары билік жүргізген әулет.
Тан әулеті.
411. 768-824 жылдары өмір сүрген, будда дінін сынап еңбек жазған қытай жазушысы.
Хань Юй.
412. 1206 жылы Айбек сұлтанның басшылығымен құрылған Солтүстік Үндістандағы мемлекет.
Дели сұлтандығы.
413. Орта ғасырдағы Үндістан халықтарының арасындағы негізгі ерекшелікті көрсетіңіз:
Халықтың кастаға бөлінуі.
414. Үндістан халықтарының діни түсінігіндегі дүниені жаратушы:
Брахма.
415. ХІ ғасырда құрылған Осман империясының түп негізі болған түрік тайпалары.
Оғыз-селжұқтар.
416. Византия мемлекетінің астанасы Константинопольды басып алған түрік сұлтаны.
ІІ Мехмед.
417. Түріктердің қарамағына өткен Балкан түбегіндегі жерлердің әкімшілік-басқару жағынан бөлінуі.
Санжақ.
418. Осман империясындағы христиан дініндегі балаларды тәрбиелеп-үйрету арқылы жасақталатын әскери құрама.
Янычар.
419. Орта ғасырдағы Осман империясының езгісіне қарсы шыққан болгар және серб партизандары өздерін:
Гайдуктер деп атады.
420. 1513 жылы дүние жүзінің картасын, 1523 жылы Бахрийе атты теңіз атласын жасаған түрік географы.
Пири Реис.
421. ХІІІ ғасырда Орта Азия жеріндегі Хорезм мемлекетінің жойылуын тездеткен жағдай.
Монғол шапқыншылығы.
422. 1212 жылы Мұхаммед хорезмшахқа қарсы халық көтерілісі болған Орта Азия қаласы:
Самарқанд.
423. Орта ғасырдағы Орта Азия жеріндегі қалалардың қолөнершілер мен саудагерлер тұратын бөлігі.
Рабад.
424. 1428-1429 жылдары Ұлықбектің кезінде Самарқан қаласында салынған ірі ғылыми орталық.
Обсерватория.
425. Орта Азия жерінде өмір сүрген, атақты ғалым, дәрігер, Дәрігерлік ғылым каноны атты ғылыми еңбектің авторы.
Әбу Әли ибн Сина.
426. 1250 жылы Египеттегі мемлекет билігін басып алғандар.
Мамлюктер.
427. Қазіргі Эфиопияның солтүстігінде ІІІ ғасырға қарай құрылған, орта ғасырлардағы Африкадағы қуатты мемлекеттердің бірі.
Аксум.
428. 1004 жылы Каир қаласында салынған ғылыми орталық.
Білім үйі.
429. Мәскеу қаласын салдырған кінәз.
Юрий Долгорукий.
430. Игорь жорығы туралы сөз дастанында аты шыққан тұлға ретінде мадақталатын кінәз.
Всеволод Юрьевич.
431. Шыңғыс ханның (Темучин) туған жылы.
1155 жыл.
432. Монғол империясының құрылған және Темучиннің хан болып сайланған жылы.
1206 жыл.
433. Шыңғыс ханның заңдар жинағы.
Яса.
434. Шыңғыс хан кезіндегі Монғол империясының астанасы.
Қарақорым.
435. Монғолдардың батысқа шабуылды бастауға шешім шығарған құрылтай жиналысы өткен жыл.
1235 жыл.
436. 1236 жылы Бату әскері жаулап алған Еділ бойындағы ел.
Бұлғар.
437. 1240 жылы монғол-татар әскерлері жаулап алған Русь қаласы.
Киев.
438. Орыс жерінде монғол-татар үстемдігі орнаған уақыт:
1240-1480 жылдар.
439. Батудың орыс жерінде құрған мемлекеті.
Алтын Орда.
440. Бату ханның кезіндегі Алтын Орданың алып жатқан территориясын көрсетіңіз:
Ертістен Дунайға дейінгі аралық.
441. Бату ханның Шығыс Еуропаға жорық жасаған жылдарын көрсетіңіз:
1236-1242 жылдар.
442. 1539 жылғы Франция королі І Францискінің қабылдаған тарихи шешімі.
Француз тілін мемлекеттік тіл деп жариялады.
443. 1555 жылғы Нострадамустың Жүзжылдықтар атты тарихи еңбегінде көрініс тапқан болжам:
2025 жылға дейінгі адамзат тарихындағы оқиғалар айтылды.
444. 1607 жылғы Англиядағы тарихи оқиғаны көрсетіңіз:
Алғаш рет әнұран қабылданып, орындалды.
445. 1603 жылы Англияда билікке келген корольдік әулет.
Стюарттар әулеті.
446. Орта ғасырдағы Германия жеріндегі католик шіркеуінің озбырлығына қарсы қозғалыс.
Реформация.
447. XVI ғасырдың аяғында Испанияның дүниежүзілік теңіздегі үстемдігінен айырылуының басты себебі.
Англия флотынан жеңілуі.
448. XVI ғасырдың аяғында Испанияның Жеңілмейтін армада теңіз флотын жеңген ел:
Англия.
449. Еуропада ең алғашқы буржуазиялық революция жеңіске жеткен ел.
Нидерландия.
450. 1559 жылы аяқталған Италия үшін жүргізілген күреске қатысқан еуропалық елдер.
Франция мен Испания.
451. XV ғасырда еуропалықтар ойлап тапқан тез жүретін жеңіл, желкенді кеме.
Каравелла.
452. Еуропалықтар барғанға дейін Мексика жерін мекен еткен үндіс тайпасы.
Ацтек.
453. Еуропалықтар ашқанға дейін үндіс тайпаларының бірі - инктер мекендеген ел.
Перу.
454. Христофор Колумбтың туған отаны.
Италия.
455. XV ғасырда еуропалықтардың теңіз арқылы баруды көксеген Азиядағы асқан байлық елі.
Үндістан.
456. Христофор Колумбтың Испания жағалауынан батысқа бағытталған алғашқы сапары басталды:
1492 жылы.
457. Христофор Колумбтың батысқа бағыт алған теңіз сапарында ең алғашқы кезіктіріп, өзі атын қойған арал.
Сан-Сальвадор.
458. Америка құрлығын алғаш жаулап алғандар:
Испандықтар.
459. Христофор Колумбтың ашқан жерін бұрын белгісіз болып келген яғни жаңа материк екенін дәлелдеді:
Америго Веспуччи.
460. XV-XVI ғасырларда Оңтүстік Америкадағы Инктер империясын жаулап алған еуропалық қарақшы.
Писсаро.
461. XV ғасырдың аяғында теңіз арқылы Африканы айналып Үндістанға алғаш рет барған португалдық саяхатшы.
Васко да Гама.
462. Еуропадағы Қайта өркендеу мәдениетінің отаны:
Италия.
463. Еуропадағы Қайта өркендеу мәдениетінің толық гүлдену деңгейіне жеткен кезең.
XV ғасырдың аяғы –XVI ғасыр.
464. Орта ғасырдағы Қайта өркендеу кезеңіндегі Италияның басты мәдениет орталығының бірі:
Флоренция.
465. XV-XVI ғасырларда өмір сүрген ұлы итальян суретшісі Леонардо да Винчидің әлемге әйгілі картинасы:
Мона Лиза.
466. Рим қаласындағы Әулие Петр соборын салуға басшылық жасаған қайта өркендеу дәуірінің ұлы суретшісі.
Рафаэль Санти.
467. XV-XVI ғасырларда өмір сүрген, Германияның алдыңғы қатарлы суретшілерінің көшбасшысы, Төрт салт атты гравюраның авторы.
Дюрер Альбрехт.
468. Испанияның ұлы гуманист жазушысы Мигель де Сервантестің әйгілі романы:
Дон Кихот.
469. Англияның ұлы жазушысы Уильям Шекспирдің жазған пьесаларының саны.
37.
470. Польшаның ұлы ғалымы Николай Коперниктің ашқан ірі ғылыми жаңалығы:
Жер және басқа планеталардың Күнді айналуын тапты.
471. Итальян ғалымы Галилео Галилейдің 1609 жылғы жасаған ғылыми тәжірибесі.
Телескоппен Ай және басқа планеталарды бақылады.
472. XIV ғасырда ерекше күшейе бастаған Орыс жеріндегі кінәздік:
Мәскеу.
473. Орыс жеріндегі христиан шіркеуін Мәскеу шіркеуіне бағындырып, саяси ықпал жинай бастаған ұлы кінәз.
Иван Калита.
474. 1382 жылы қанды жорық ұйымдастырып Мәскеу қаласын өртеп кеткен Алтын Орда ханы.
Тоқтамыс.
475. 1380 жылғы Алтын орда ханы Мамай мен Мәскеу кінәзі Дмитрий Донскойдың арасындағы шайқас.
Куликово шайқасы.
476. 1549 жылы қабылданған жаңа заңдар негізінде Ресейде бұрынғы боярлар думасының орнынан құрылған ұйым.
Зем соборы.
477. XVII ғасырдың соңындағы Ресейдің жер көлемі.
5,4 млн. шаршы шақырым.
478. 1654 жылы Ресейге қосылған өлке.
Украина.
479. 1598 жылы таққа отырған, Ресейдің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени жағынан өрлеуіне көп ықпал еткен орыс патшасы.
Борис Годунов.
480. 1612 жылы К.Минин және Д.Пожарский Мәскеу қаласын қорғап қалды:
Польша әскерлерінен.
481. Ресейде Романовтар әулетінің билік құрған кезеңі.
1613-1917 жылдар.
482. Ағылшын буржуазиялық революциясы басталған жыл.
1640 жыл.
483. XVII ғасырдағы ағылшын буржуазиялық революциясының негізгі себептері.
Стюарттар абсолютизмі мен ескі феодалдық тәртіптер.
484. 1642 жылғы Англиядағы азамат соғысындағы қарама-қарсы екі топ.
Парламентті жақтаушылар мен феодалдық-абсолютизмді жақтаушылар.
485. XVII ғасырдағы Англиядағы азамат соғысында парламент армиясына басшылық жасаған белгілі қолбасшы.
О.Кромвель.
486. Ағылшын буржуазиялық революциясының сипатын өзгерткен оқиға.
Кромвель армиясының Ирландияға басып кіруі.
487. 1688-1689 жылдардағы Құқықтар туралы билль бойынша Англия мемлекеті:
Парламенттік монархияға айналды.
488. XVII ғасырда ағартушылық идеялар алғаш пайда болған Еуропа елі.
Англия.
489. Еуропадағы ортағасырлық қоғамдық қатынастарды толығымен жойған, Қайта өрлеу мен Реформациядан кейінгі үшінші рухани төңкеріс:
Ағартушылық ғасыры.
490. Ағартушылық дәуіріндегі табиғат адамның санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді деген көзқарастағы ағартушылар:
Материалистер.
491. XVII ғасырдағы Солтүстік Америка жеріндегі ағылшын отарларының үш түрі.
Корольдік меншік, жеке меншік, қауымдық меншік.
492. Бостондағы шай ішу деген атпен тарихта белгілі болған Бостон қаласы тұрғындарының ағылшын кемесіне шабуыл жасаған жылы:
1773 жыл.
493. АҚШ-тың тәуелсіздігі ресми түрде мойындалған АҚШ пен Англия арасындағы қорытынды келісімшартқа қол қойылған жыл:
1783 жыл.
494. 1788 жылы қабылданған конституция бойынша АҚШ-тың заң шығарушы органы:
Конгресс.
495. 1791 жылғы АҚШ-тың Конституциясына енгізілген 10 түрлі өзгерістердің атауы:
Адам құқығы туралы билль.
496. XVIII ғасырда әлемде революциялық жолмен құрылған жаңа замандағы тұңғыш демократиялық республика.
АҚШ.
497. Францияда Адам және азамат құқықтарының декларациясы қабылданған уақыт.
1789 жыл 26-тамыз.
498. 1703 жылы салына бастаған қала:
Санкт-Петербург.
499. 1709 жылы 8 маусымда Ресейдің ұлы держава ретінде халықаралық беделінің өсуіне ықпал еткен, орыс әскерлерінің шведтерді жеңіліске ұшыратқан шайқас.
Полтава түбіндегі жеңіс.
500. Ресейдің Ұлы императоры І Петрдің билік құрған мерзім:
36 жыл.
501. 1711 жылы І Петрдің жарлығымен Боярлық думаның орнына құрылған басқару аппараты:
Сенат.
502. Ресейде 1703 жылдан бастап шыға бастаған алғашқы газет.
Ведомости.
503. Патша-ана атанған императрица ІІ Екатеринаның Ресейде билік құрған жылдары.
1762-1796 жылдар.
504. XVIII ғасырдың екінші жартысында Ұлы Моғол державасынан бөлінген Үндістанның Пенджаб өлкесіндегі мемлекет.
Сикха мемлекеті.
505. XVIII ғасырда Үндістанды отарлау жолында бәсекеге түскен Еуропалық державалар:
Англия мен Франция.
506. XVIII ғасырдың 70-жылдары Англияның Ост-Үнді компаниясы басып алған Үндістанның бай өлкесі.
Бенгалия.
507. Англия өкіметінің Үндістанды басқаратын генерал-губернатор қызметін енгізген жыл.
1773 жыл.
508. Үндістанды отарлаған ағылшындардың жергілікті халықтан жасақтаған еуропалық үлгідегі қарулы отряды:
Сипайлар.
509. І Петрдің Азов бекінісін түріктерден тартып алған жылы.
1696 жыл.
510. XVII ғасырдың ортасында Қытайды жаулап алған солтүстіктегі тайпа.
Маньчжурлар.
511. XVII ғасырда маньчжурлар басып алған Қытай мемлекетінің ресми аты.
Цинь империясы.
512. XVII-XIX ғасырларда Цинь империясында әлеуметтік жағынан көп артықшылықтарға ие болғандар:
Маньчжурлар.
513. XVII-XVIII ғасырларды Цинь империясының ең алдымен жаулап алған елі.
Монғолия.
514. XVIII ғасырларда Цинь империясы Шығыс Түркістан жерін бағындырғаннан кейін өлкеге берген атауы:
Синьцзян.
515. Жоңғар хандығындағы ойрат тайпаларының құрамына кірген төрт руды көрсетіңіз:
Чорос, дербет, хошауыт, хойт.
516. 1678 жылы Жоңғар қоңтайшысы Қалдан Бошоктың басып алған өлке.
Қашқар.
517. Жоңғарияда билік үшін таласқан, кейіннен Цинь империясына қарсы шығып Қазақ Ордасының ханы Абылайдан пана іздеген хойт тайпасының көсемі.
Әмірсана.
518. Жоңғар хандығын жер бетінен жойып жіберген империя.
Цинь империясы.
519. XVII ғасырдағы Жапониядағы ең ірі феодалдар.
Дайме.
520. XVII-XIX ғасырлардағы Жапонияның сыртқы саясатындағы басты ерекшелік:
Сырт елдерден оқшаулану саясаты.
521. Орта ғасырдағы Иран жеріндегі егіншілікпен айналысатын шаруалар.
Райяттар.
522. XVII ғасырда араб елдерін бағыныштылықта ұстаған империя.
Осман империясы.
523. ХІХ ғасырда Мысырды шетелдік басқыншылардан құтқарып, мықты мемлекетке айналдырған билеуші.
Мұхаммед Әли.
524. XVII-XVIII ғасырларда еуропалықтардың араласуынан сақтану жолында сыртқы әлемнен қол үзіп, оқшауланған Азия елі.
Жапония.
525. Орта ғасырда пайда болған еуроцентризм терминінің мәні.
Еуропаға табыну.
526. XVII ғасырда теңізде, дүниежүзілік саудада өз үстемдіктерін орнату үшін бәсекелескен еуропалық екі мемлекет.
Англия мен Голландия.
527. XVII ғасырда Үнді мұхиты арқылы сауда жүргізу және отарлар иелену үшін құрылған Ост-Үнді компаниясы мына мемлекетке тиесілі болды:
Англия.
528. Англияның Үндістанды толық отарлауды аяқтаған уақыт.
XIX ғасырдың ортасы.
529. Англияның отарлық үстемдік үшін күресін күшейткен XVII ғасырдың 40-жылдарындағы тарихи оқиға.
Буржуазиялық революцияның жеңісі.
530. 1845 жылы Мексикадан бөлініп, өзі еркімен АҚШ-ң құрамына кірген штат.
Техас.
531. XVII-XIX ғасырдағы Оңтүстік Америка жеріндегі Португалияның маңызды отары.
Бразилия.
532. ХІХ ғасырдың І жартысындағы Венесуэладағы тәуелсіздік жолындағы күрестің басшысы.
Симон Боливар.
533. Испания өзінің Латын Америкадағы барлық отарларынан толық айырылған жылы:
1826 жыл.
534. Латын Америка ісіне еуропалық державалардың араласпауын еткен АҚШ президенті:
Дж.Монро.
535. Барлық білім тәжірибеден жинақталып, соның негізінде ақыл-ойдың тәртіпке келтірілетіні жайлы пікір білдірген XVII ғасырда өмір сүрген ағылшын философы.
Дж.Локк.
536. Ағылшын философы Фрэнсис Беконның Жаңа Атлантида кітабындағы таңғажайып арал тұрғындары бақытының негізі.
Техникалық өнертабыстар.
537. Өзінің Табиғат философиясының математикалық принциптері ғылыми еңбегі арқылы дүниежүзілік тартылыс заңын тұжырымдаған ағылшын ғалымы.
И.Ньютон.
538. ХІХ ғасырдың аяғына қарай Африкадағы Конго бассейінінің басым бөлігін бақылауда ұстаған Еуропа мемлекеті.
Бельгия.
539. Англия мен Францияның арасында Африканы бөлісу туралы келісім жасалған жыл.
1899 жыл.
540. 1882 жылы құрылған Үштік Одаққа кірген мемлекеттер:
Германия, Австро-Венгрия, Италия.
541. 1907 жылы Англия, Франция және Ресей бірігіп құрған әскери-саяси одақ.
Антанта.
542. Луи Пастердің әлемдік ғылымның құрамына енгізген жаңа ғылымы.
Микробиология.
543. XVII-XVIII ғасырдағы Еуропа халықтары мәдениеті мен өнеріндегі бірін-бірі ауыстырып отырған үш көркем бағыт.
Классизм, романтизм, реализм.
544. Адамдар комедиясы деп аталатын 96 роман мен повестерден тұратын сериялы туындының авторы, француз жазушы-реалист.
Оноре де Бальзак.
545. Неміс ғалымы Роберт Майердің 1842 жылы ашқан заңы.
Энергияның сақталу және айналу заңы.
546. Химияға атомдық салмақ туралы ұғымды енгізіп, алғаш рет химиялық формулаларды қолданған ағылшын ғалымы.
Джон Дальтон.
547. Бірінші дүниежүзілік соғыстың болған уақыты.
1914-1918 жылдар.
548. Бірінші дүниежүзілік соғысты алғаш бастаған мемлекет:
Австро-Венгрия.
549. 1916 жылғы ақпан айындағы Германия мен Францияның арасындағы қанды шайқас.
Верден қырғыны.
550. 1916 жылғы Сомма шайқасында ағылшындар мен француздардың тарихта тұңғыш рет қолданған әскери техникасы:
Танк.
551. АҚШ-ң бірінші дүниежүзілік соғысқа кіріскен уақыты.
1917 жылы 6-сәуір.
552. Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан мемлекеттердің саны.
38.
553. 1919 жылы 18 қаңтарда Париж қаласында шақырылған бітім конференциясында қаралған негізгі мәселе.
Германиямен бітім шартын дайындау.
554. 1919 жылы құрылған Ұлттар Лигасының негізгі міндеті:
Халықтар арасындағы ынтымақтастықты дамыту, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
555. Төмендегі мемлекеттердің ішінен 1921-1922 жылдардағы Вашингтон конференциясына шақырылмаған мемлекетті көрсетіңіз:
Кеңестік Ресей.
556. 1917 жылғы Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының нәтижесі:
Монархия құлатылды.
557. Австро-Венгриядағы демократиялық революция жүзеге асқан уақыт:
1918 жылы 31-қазан.
558. Ұлыбританияның тұңғыш лейбористер партиясынан құрылған үкімет басшысы.
Р.Макдональд.
559. Ұлыбритания Ирландияның тәуелсіздігін ресми түрде мойындады:
1921 жылы.
560. Бірінші дүниежүзілік соғысты жеңіске жеткен Францияның Германиядан қайтарып алған өңірлер.
Эльзас, Лотарингия.
561. Францияда коммунистік партия мен социалистік партияның біріккен Халықтық майданның құрылған жылы:
1934 жыл.
562. Адольф Гитлердің Германияның үкімет басына келген жылы:
1933 жыл.
563. 1923 жылы қазан айында Германияның Гамбург қаласында болған коммунистер көтерілісінің басшысы:
Э.Тельман.
564. Еуропадағы фашистік ұйымдар алғаш пайда болған мемлекет:
Италия.
565. Италиядағы фашистік ұйымның көсемі:
Б.Муссолини.
566. Италия 1936 жылы басып алып, отарына айналдырған Африка елі:
Эфиопия.
567. 1918 жылы 12-қарашада республика болып жарияланған еуропалық монархия:
Австрия.
568. Польша тәуелсіздігін қайта орнату жолындағы поляк халқының 120-жылдық ұлт-азаттық күресінің аяқталған уақыты:
1918 жыл.
569. 1935 жылы Болгарияда барлық билікті толығымен қолына шоғырландырған патша:
ІІІ Борис.
570. 1932 жылғы президент сайлауында жеңіске жеткен, қатарынан төрт рет АҚШ президенті болған тұлға:
Ф.Рузвельт.
571. АҚШ президенті Ф.Рузвельттің елді экономикалық дағдарыстан шығару жолында ұсынған бағдарламасының атауы:
Жаңа бағыт.
572. Жапонияның 1932 жылы Қытайдың Солтүстік-Шығыс өлкесінде құрған қуыршақ мемлекеті.
Маньчжоу-го.
573. Жапонияның Ұлттар Лигасынан шыққан жылы:
1933 жыл.
574. Жапонияның 1939 жылы Монғолияға жасаған басқыншылық шабуылының нәтижесі:
Жеңіліске ұшырады.
575. Жапония, Германия, Италия біріккен Үштік пакт соғыс одағының құрылған жылы:
1940 жылы 27-қыркүйекте.
576. 1921 жылы шілдеде Қытай коммунистік партиясының бірінші съезі шақырылған қала.
Шанхай.
577. ХХ ғасырдың ортасындағы Қытайдың Гоминьдан партиясының белгілі көсемі:
Чан Кайши.
578. 1921 жылғы Монғол халық революциясының көсемі, Монғол Халық партиясының ұйымдастырушысы:
Сухэ-Батор.
579. Монғол Халық Республикасы құрылған жыл:
1924 жыл.
580. ХХ ғасырға дейін Монғолия халқына ықпалын жүргізген будда дінінің тармағы:
Ламаизм.
581. 1929-1934 жылдары Монғолияда жүргізілген экономикалық саясат:
Бай-феодалдардың дүние-мүлкін тәркілеу.
582. 1917 жылдың басында Иран аумағын бөлісіп, басып алған елдер.
Ұлыбритания, Германия, Ресей.
583. 1920 жылы 5-маусымда Иран жерінде құрылған республика:
Гилян Республикасы.
584. Ауғанстанның тәуелсіз ел болып жарияланған жылы:
1919 жыл.
585. 1918-1923 жылдардағы Түркиядағы ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі, Түркия Республикасының бірінші президенті.
Мұстафа Кемал.
586. Түркияда монархия яғни сұлтан билігі жойылған жыл.
1922 жыл.
587. 1923 жылы 29 қазан күні Түркия тарихында болған маңызды оқиға:
Түркия Республикасы жарияланды.
588. Түркияның Ұлттар Лигасына мүшелікке өткен жыл:
1932 жыл.
589. 1934 жылы Түркияның Ұлы халық жиналысының Мұстафа Кемалға берген фамилиясы:
Ататүрік.
590. Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында еврей ұлтының өкілдерінің қоныстанған Оңтүстік-Батыс Азиядағы аймағы:
Палестина.
591. ХХ ғасырдың басына дейін Осман империясының ықпалы сақталған Африкадағы араб елі:
Ливия.
592. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде отаршылдарға қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар басталған Африкадағы араб елдері.
Египет, Марокко.
593. 1924 жылы Франция мен Испанияның біріккен 300 мың әскері күшпен басқан ұлт-азаттық қозғалыс.
Мароккодағы ұлт-азаттық қозғалыс.
594. 1909-1910 жылдары Англия өзін-өзі билеу құқығын берген осы құрлықтағы бірінші доминионы:
Оңтүстік Африка Одағы.
595. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары дүние жүзін қайтадан бөліске салуды көздеген Азиядағы империалистік ел:
Жапония.
596. 1936 жылы 25 қарашада Германия мен Жапония арасында құрылған әскери-саяси одақ.
Антикоминтерндік пакт.
597. Антикоминтерндік Берлин-Рим-Токио басқынышылық блогы құрылды:
1937 жыл.
598. 1938 жылы 30 қыркүйектегі Мюнхен келісімінде бөліске салынған ел:
Чехословакия.
599. 1939 жылы 23 тамызда Мәскеуде КСРО мен Германияның арасында жасалған келісім.
Өзара шабуыл жасаспау.
600. Екінші дүниежүзілік соғысты бастаған империалистік елдер:
Германия, Италия, Жапония.
601. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы:
Германияның Польшаға басып кіруі.
602. 1939 жылы 30 қарашада Кеңес Одағы соғыс әрекетін бастаған ел:
Финляндия.
603. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Азат Франция патриоттық қозғалысын басқарған белгілі француз мемлекеттік қайраткері:
Шарль де Голль.
604. АҚШ Конгресінің лендлиз туралы заңын қабылдаған жыл:
1941 жыл.
605. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде толық бейтараптық саясат ұстанған Батыс Еуропадағы елдер:
Швеция, Швейцария, Ирландия.
606. Ұлы Отан соғысында Гитлердің Қауырт соғыс жоспарын күйреткен шайқас:
Мәскеу түбіндегі шайқас.
607. 1941 жылы 7 желтоқсанда Жапон қарулы күштерінің тұтқиылдан шабуылдаған АҚШ-тың әскери базасы:
Перл-Харбор.
608. 1945 ж. Потсдам конференциясына қатысқан елдер:
АҚШ, КСРО, Ұлыбритания.
609. 1945 жылы АҚШ ұшақтары атом бомбасын тастаған Жапония қалалары:
Хиросима, Нагасаки.
610. Екінші дүниежүзілік соғыс қай мемлекеттің жеңілуімен аяқталды?
Жапония.
611. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан мемлекеттердің саны.
61.
612. 1945-1951 жылдары Ұлыбритания үкіметін басқарған лейбористік партия жетекшісі.
К.Эттли.
613. Ұлыбританияда атом бомбасын жасау туралы шешім қабылданған жыл.
1946 жыл.
614. Маргарет Тэтчердің Ұлыбритания үкіметін басқарған уақыты.
1979-1990 жылдар.
615. ХХ ғасырдың екінші жартыcында АҚШ-ң сыртқы саясатына үнемі қолдау көрсетіп келген Еуропа елі.
Ұлыбритания.
616. 1997 жылы Қытайға қайтарылған Ұлыбританияның бұрынғы отары.
Гонконг.
617. 1946 жылғы жаңа Конституция бойынша Францияның мемлекеттік басқару формасы:
Парламенттік республика.
618. Франциядағы Төртінші Республика кезеңі.
1946-1958 жылдар.
619. 1960 жылы Франциядан тәуелсіздік алған отарларының саны.
14.
620. Герман Федеративтік Республикасы құрылды:
1949 жылы 7 қыркүйек.
621. Герман Демократиялық Республикасы құрылды:
1949 жылы 7 қазан.
622. Герман Федеративтік Республикасында К.Аденауэрдың үкіметті басқарған уақыты.
1949-1963 жылдар.
623. 1982-1998 жылдар аралығындағы Германия Федеративтік Республикасының үкімет басшысы.
Г.Коль.
624.Финляндияның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке өткен жыл:
1953 жыл.
625. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңесті өткізуге зор үлес қосқан, ұйымдастырушылық міндетін мойнына алған Еуропа мемлекеті:
Финляндия.
626. 1995 жылы Еуропа Одағына толық мүшелікке өткен Скандинавия елдері:
Швеция, Финляндия.
627. 1947-1948 жылдары Шығыс Еуропа елдерінде билікке КСРО-ның қолдауымен билікке келгендер:
Коммунистер.
628. 1968 жылғы Чехословакиядағы коммунистік билік жүйесіне қарсы шыққан қозғалыстың аты:
Прага көктемі.
629. ХХ ғасырдың 80-90 жылдары ірі саяси өзгерістер нәтижесінде Болгарияда билікке келген:
Желе Желев.
630. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әлемнің әр түрлі елдерінде жайғасқан АҚШ соғыс базаларының саны.
500-н астам.
631. 1945 жылы АҚШ дүниежүзілік жауапкершілікті мойнына алады деп мәлімдеген АҚШ президенті.
Г.Трумэн.
632. АҚШ-та 1947 жылы қабылданған кәсіподақ құқығын шектеу, ереуіл ұйымдастырудағы кәсіподақ қызметі туралы заң:
Тафт-Хартли.
633. 1963 жылы 22 қарашада қастандықпен өлтірілген АҚШ президенті:
Дж.Кеннеди.
634. ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы АҚШ-ғы нәсілшілдікке қарсы күрестің көшбасшысы, қара түсті халықтың өкілі:
Мартин Лютер Кинг.
635. 1974 жылы АҚШ президенті Ричард Никсонның өз еркімен қызметінен кетуіне себеп болған саяси жағдай:
Уотергейт жанжалы.
636. Жылнамашылар деп кімдерді атаған?
Жыл сайын елде болып жатқан оқиғаларды жазып отыратын адамды.
637. Жалпы тарих қанша кезеңдерге бөлінеді?
Төрт
638. Ежелгі дүние тарихы қай ғасырға дейін жалғасты?
Vғасырға дейін
639. Орта ғасырлар тарихының датасы:
V-ХVII ғасырлар
640. Жаңа заман тарихының датасы:
ХVII-ХIХ ғасырлар
641. Қазіргі заман тарихы басталатын уақыт:
ХХ ғасырдан бастап.
642. Жаңа заман тарихы дәуіріндегі шаруашылық жүргізудің жаңа жүйесі:
Капитализм.
643. Қазақстан жерінде қатар дамыған өркениеттер:
Отырықшылар және көшпелілер өркениеті.
644. Ежелгі дүние тарихының кезеңдерді:
Адамдардың пайда болуынан бастап орта ғасырға дейін.
645. Ең ұзақ кезеңді қамтитың тарихи уақыт:
Ежелгі дүние тарихы.
646. Ежелгі дүние тарихы қанша уақытқа созылды?
2 миллион жылдай
647. Алғашқы таптық қоғамдар мен мемлекеттер пайда болған өңірлер:
Азия мен Солтүстік Африка
648. Адамзат қоғамы тарихының бірінші дәуірі басталатын кезең:
Алғашқы қауымдық қоғам тарихы мен ежелгі дүние тарихынан.
649. Тарихи деректер қандай екі топқа бөлінеді?
Заттай деректер,жазба деректер.
650. Археология дегеніміз:
Тарихты заттай деректер бойынша зерттейтін ғылым.
651. Археологтар адамзат дамуын 3 дәуірге бөлген, олар:
Тас, қола,темір дәуірі.
652. Ежелгі адамдардың шаруашылығының деңгейін, түрін былай анықтаған:
Еңбек құралдарына қарап.
653. Этнография дегеніміз:
Халықтардың әдет-ғұрып, салт-санасын зерттейтін ғылым.
654. Асар дегеніміз:
Бір отбасы шамасы келмейтін жұмысқа адамдардың ақысыз-пұлсыз көмектесуі.
655. Самарқанның көк тасы жібіген күн деп дәріптейтін уақыт:
22-наурыз.
656. Ру дегеніміз:
Бір анадан немесе бір атадан таралған ұрпақтардың бірлесіп өмір сүруі.
657. Ұлттың ең басты маңызды белгісі:
Өзінің тілі болуы.
658. Жер шарын мекендейтін халықтар топтасатын нәсілдер:
Негроидтар,монголоидтар,еуропоидтар.
659. Африкадағы Сахара жартастарындағы суреттер салына бастаған мыңжылдық:
Б.з.б. VIII мыңжылдықтан.
660. Күлтегін ескерткішіндегі үлкен жазу қанша жолдан тұрады?
40
661. Хаммурапи заңы қанша баптан тұрады?
282
662. ХVІІ ғ. қалыптасқан Ағартушылық көзқарастың мәні:
Қоршаған әлемді ғылым мен тәжірибе арқылы тану
663. Монарх өте сауатты, данышпан философ болуы керек деген қағиданы ұстанған ағартушы:
Франсуа Мари Аруэ
664. Атеистер – ... ... ... ..
Құдайды жоққа шығарушы ағартушылар
665. Барлығы бірдей тең және ортақ мүлікке иелік ететін қоғам ең әділетті қоғам деп есептейтін француз ойшылы:
Жан Мелье
666. Шотландық экономист әрі философ Адам Смиттің экономикалық теориясының мәні:
Адам өзінің жеке мүддесін ойлай отырып қоғамды жақсарта түседі және байытады
667. ХVІІ- ХVІІІ ғасырларда қоғамды қайта құруды насихаттағандар:
Ағартушылар
668. Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы мекені:
Виргиния
669. Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін соғысы болған жылдар:
1775-1783 ж.
670. Отары бар мемлекет:
Метрополия
671. АҚШ-тың үшінші президенті Томас Джефферсонның тарихта қалдырған еңбегі:
Тәуелсіздік декларациясы
672. 1778 ж. АҚШ-тың Франциямен одақтық келісім жасауға қол жеткізген дипломат:
Бенжамин Франклин
673. АҚШ-тың тұңғыш президенті:
Д.Вашингтон
674. 1783ж. АҚШ пен Англия арасындағы келісімшарттың басты нәтижесі:
Құрама Штаттар тәуелсіз мемлекет ретінде ресми танылды
675. 1787 ж. АҚШ Конституциясының толығымен демократиялық сипатта болмау себебі:
Қара түстілерді құлдыққа алудың заңдастырылуы
676. Құлдықты жоюды жақтағандар:
Аболиционистер
677. АҚШ Конституциясы қабылданған жыл:
1787 ж.
678. ХVІІ ғ. Франциядағы сословиелік уәкілдіктің жоғарғы мекемесі:
Бас штаттар
679. Француз буржуазиялық революциясының бастамасы болған оқиға:
Бастилияның алынуы
680. 1789 ж. Француз революциясының басты саяси жетістігі:
Абсолюттік монархияның құлауы
681. Тарихта тұңғыш рет Адам және азамат құқықтарының декларациясын қабылдаған республика:
Франция
682. 1792 ж. Пруссия мен Австрияның Францияға қарсы одақ құру себебі:
Француз революциясын тұншықтыру үшін
683. 1792 ж. 22 қыркүйектегі Франция тарихындағы маңызды оқиға:
Францияның республика болып жариялануы
684. 1793 ж. Жирондықтар құлағаннан кейін саяси билікке келгендер:
Якобиншілдер
685. Францияда 1799ж. 9-қарашада болған оқиға:
Мемлекеттік төңкеріс
686. Француз буржуазиялық революциясының тарихи маңызы:
Абсолюттік монархия жойылды
687. ХVІІІ ғасырдың І ширегінде Ресей экономикасына тән жағдай:
Батыс елдерінен техникасы мен экономикасы жағынан артта болды
688. Ресейдің болашақ астанасы – Санк-Петербург қаласының құрылысы басталған жыл:
1703 ж.
689. Солтүстік соғыста Ресейдің ұлы держава ретінде беделінің өсуіне ықпал еткен шайқас:
Полтава шайқасы
690. 1721 ж. Ресей мен Швеция арасында қол қойылған бейбітшілік келісімі:
Ништад келісімі
691. Еуропалық ойлауды орыс дәстүрімен алғаш сабақтастыра білген орыс патшасы:
І Петр
692. 1703 ж. Ресейде шыға бастаған алғашқы жүйелі газет:
Ведомости
693. І Петр ұйымдастырған Петербургтегі алғашқы орыс мұражайы:
Кунсткамера
694. І Петр жүргізген үздіксіз соғыстардың жалпы ұлттық мақсаты:
Ресейдің теңізге шығу жолына ие болу
695. 1700 ж. 9 тамызда Ресей соғыс жариялаған мемлекет:
Швеция
696. Орыс тарихшысы В.О.Ключевскийдің 1725-1761 ж. аралығындағы Ресей тарихын атауы:
Сарайлар төңкерісі дәуірі
697. 1773-1775 жылдары Ресейде болған көтерілістің басшысы:
Е.Пугачев
698. 12 томдық шығармалар жинағы жарық көрген және балаларға арналған ертегілер, педагогикалық ойлар, өмірбаяндық естеліктер жазған орыс патшасы:
ІІ Екатерина
699. І Петр Боярлар думасын таратып, орнына құрған мемлекеттік ұйым:
Сенат
700. 1700-1721 жылдары болған соғыс:
Солтүстік соғыс
701. ХVІІ ғ. алғашқы ширегінде Үндістанның солтүстігінде өмір сүрген мемлекет:
Дели сұлтандығы
702. ХVІ ғ. Солтүстік Үндістан мен Ауғанстанда Ұлы Моғолдар мемлекетін құрған қолбасшы:
Бабыр
703. Орта ғасырда Үндістандағы діни орындардың меншігіндегі жер:
Вакф
704. ХVІІІ ғ. ортасында Үндістанды отарлау үшін соғысқан мемлекеттер:
Англия мен Франция
705.ХІV-ХV ғ. Кіші Азиядағы және Балқандағы барлық византиялық аумақтарды жаулап алған мемлекет:
Осман империясы
706. ХVІІ ғ. Осман империясының әскери күш-қуаты мен өкімет билігінің әлсіреуіне себеп болған басты жағдай:
Сипахилік жүйенің ыдырауы
707. 1730 ж. Стамбулда қала кедейлерінің көтерілісін бастаған:
Патрон Халил
708. ХVІІІ ғ. ІІ жартысында Англия мен Францияның осман мұрасын бөлісуде ІІ Екатерина патшайымның саясатына қарсы шығу себебі:
Ресейдің Балқан мен Жерорта теңізінде күшейіп кетуінен қауіптенді
709. ХVІІІ ғ. Цин империясының ұстанған сыртқы саясаты:
Оқшаулану саясаты
710. 1628-1644 жы. Қытайдағы шаруалар көтерілісінің басшысы:
Ли Цзычэн
711. Цин империясы құлаған жыл:
1912 ж.
712. 1757 ж. бастап Қытай императоры Цяньлунның еуропалықтарға байланысты ұстанған саясаты:
Қытайға келуіне тыйым салды
713. Жоңғар хандығының негізі қаланған жыл:
1635 ж.
714. Жоңғар мемлекетінің алғашқы ханы:
Батыр сұлтан
715. ХVІІ ғ. Жапонияда билікті қолында ұстаған әскери адамдар:
Сегундар
716. ХVІІ ғ. аяғынан бастап билік құруда шығыстық король, батыстық техника принципін ұстанған мемлекет:
Жапония
717. Аларих бастаған вестготтар Римді басып алған жыл:
410 жыл
718. 476 жылы Батыс Рим императорына қарсы шыққан қолбасшы:
Одоакр
719. Суассон қаласының маңындағы франктердің римдіктерді талқандау жылы:
486 жыл
720. Франк мемлекетінде салық жинайтын, әскерге басшылық жасайтын, сот ісін жүргізетін басшы:
Король
721. Франк мемлекетінде толық иелік-аллодтың иелері:
Жасақ басшылары мен нөкерлер
722. 732 жылы араб әскерлерінің франктерден жеңілген жері:
Пуатье
723. Франк империясының королі Ұлы Карл билік еткен жылдар:
768-814 жылдар
724. Франк королі Ұлы Карл император болып жарияланған жыл:
800 жыл
725. Ұлы Карл өлгеннен кейін, 843 жылы құрылған мемлекеттер:
Франция, Германия, Италия
726. V-X ғасырлардағы византиялық императордың атағы:
Василевс
727. Император Юстиниан билік құрған кезең:
527-565 жылдар аралығы
728. VII ғасырдың 70- жылдары Византияның солтүстік-шығысында құрылған алғашқы славян мемлекеті:
Болгар патшалығы
729. 661-750 жылдары Араб халифатында Омейя әулеті тұсындағы әкімшілік бөлініс:
5 жергілікті аймақ
730. Замана тарихы атты 30 томдық тарихи-географиялық энциклопедияның авторы:
Әл-Масуди
731. Эфталит-ақ ғұндардың қазақ даласындағы көшпелі ғұндардан негізгі айырмашылығы:
Иран тілінде сөйлеуі
732. Эфталит тайпаларының бірігіп, ірі мемлекет құрған кезеңі:
V ғасыр
733. Феод сөзінің мағынасы:
Cыйға берілген жер үлесі
734. Феодалдық құрылыстың ең басты белгісі:
Жердің негізгі табыс пен байлық көзіне айналуы
735. Әскери іспен айналысатын феодалдар:
Рыцарьлар
736. Шаруалардың феодалдан алған жер үлестері үшін еңбекпен өтеу міндеткерлігі:
Барщина
737. Германияда калалардың пайда болып, өсе бастаған кезеңі:
X-XI ғасырлар
738. Реконкиста сөзінің мағынасы:
Арабтарға қарсы күрес
739. Испаниядағы әлеуметтік топтар өкілдерінің жиналысы:
Кортес
740. Ортағасырлық Италияда ірі феодалдардың атауы:
Гранттар
741. Чомпилер сөзінің мағынасы:
Жалдамалы жұмысшылар
742. XV ғасырда Еуропада ашылған университеттер саны:
65
743. XII ғасырдағы Русьтегі ең елеулі поэзиялық шығарма:
Игорь жорығы туралы жыр
744. Готикалық құрылыстар салынған кезең:
XII-XV ғасырлар
745. Алғаш христиан шіркеуін басқарған:
Рим епископы
746. Католик және православиелік шіркеулердің бөлінген жылы:
1054 жыл
747. 1095 жылы осы қалада II Урбан папа Иерусалимді мұсылмандардан азат етуге шақырды:
Клермон
748. Шығысқа жасалған крест жорықтарынын саны:
8
749. Кресшілердің Иерусалимді алған жылы:
1099 жыл
750. Жапонияда VII ғасырдан бастап барлық билік және барлық жер иелігін қолына алған:
Микадо
751. Жапонияның бірігуі аяқталды:
Токугава тұсында
752. Токугава әулеті сегундарының билік еткен мерзімі:
265 жыл
753. IV-V ғасырларда Қытайда кең тараған дін:
Будда
754. Пагода сөзінің мағынасы:
Бірнеше қабат биік будда діни мұнарасы
755. Ұлы Моғол империясын құрған адам:
Бабыр
756. Үнділердің киелі жануары:
Сиыр
757. Осман империясындағы мешіт иелігіндегі жер:
Вакуф
758. Ортағасырлық түрік әскерлерінің атауы:
Сипахилер
759. Түркияда жазба әдебиетінің алғашқы үлгілері пайда болған кезең:
XIII ғасырда
760. Гайдуктер сөзінің мағынасы:
Болгар және серб партизандары
761. Хорезмшах мемлекетінің астанасы:
Үргеніш
762. Моңғол шапқыншылығы алдында (1200-1220 жылдары) Хорезмде билік еткен шах:
II Мұхаммед
763. XV ғасырда аспан әлемін бақылайтын орын- обсерватория- салынған қала:
Самарқан
764. Шахнама поэмасынын авторы:
Фирдоуси
765. Ж.Баласағұнидің атақты шығармасы:
Құтадғу білік
766. Манас поэмасын тұңғыш хатқа түсірген қазақ ғалымы:
Ш.Уәлиханов
767. Егіпет халқынын ислам дінін қабылдау кезеңі:
VII ғасырдың ортасында
768. XI ғасырда Білім үйі ашылған қала:
Каир
769. Киев Русінің ұсақ кінәздіктерге бөліну уақыты:
XII ғ.30-жылдары
770. Мәскеу қаласы салынған жыл:
1147 жыл
771. Францияда 1539 жылы мемлекеттік тіл ретінде француз тілін енгізген король:
I Франциск
772. 1485-1603 ж.ж. Англияда билік еткен әулет:
Тюдорлар
773. Германиядағы реформация көсемі:
М.Лютер
774. XVI ғасырда Еуропадағы реформациянын мазмұны:
Католик шіркеуіне қарсы қозғалыс.
775. XVII ғасырда Италияның Еуропадағы ең артта қалған мемлекет болуының басты себептері:
Саяси бытыраңқылық пен шет елдерге тәуелділігі
776. Инк тайпаларының елі:
Перу
777. Дүние жүзін айналып өткен тұңғыш саяхатшы:
Фернан Магеллан
778. Кім көп еңбек етсе, сол адам бақытты болады- сөздерінің авторы:
Леонардо да Винчи
779. Аса көрнекті суретші Рафаэль Сантидің картинасы:
Сикст мадоннасы
780. Гаргантюа мен Пантагрюэль романының авторы:
Рабле Франсуа
781. Аспан денелерінің айналысы туралы еңбектің авторы:
Н.Коперник
782. Куликово шайқасы басталған күн:
8 қыркүйек 1380 жыл
783. Украинаның Ресей қосылған жылы:
1654 жылы



Ұқсас жұмыстар

6-сынып. ежелгі дүние тарихынан дәрістер
Зерттеушілердің еңбектеріндегі А.Македонскийдің соғыс жылдары
5-сыныптың «Ежелгі дүние тарихы» оқулығымен оқушылардың жұмыс істеуі
Қоғамдағы саяси ілімдерді қалыптастырудағы ұлы ойшылдардың маңызы мен ролі
Ежелгі Спарта мемлекетінің тарихы
Ежелгі шығыс елдеріндегі саяси және құқықтық ілімдер.
Ежелгі Египет мәдениетін мектепте оқытудың әдістемесі
Саяси-құқықтық ілімдер тарихы пәні
САҚ ӨНЕРІ
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәні. Лекция сабақтары
Қазіргі дүниежүзінің саяси картасы
Дербес компьютерлердің шығу тарихы
Ежелгі Греция
Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы
Дүниежүзілік мұхиттың геологиялық даму тарихы
Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері
Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы
Қазақстан тарихы пәнінің дамуындағы кемшіліктер
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбектері тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көзі (1990-2006 жж.)
Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі кезінде Қазақстан бәсеке қабілеттілігінің стратегиялық менеджменті