Амал бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қайсысы
Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы 5 В 020500 - Филология: қазақ тілі мамандығы үшін
Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі пәні бойынша тест сұрақтары
1. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Күтуші кемпір де ханшаны немен сергітуге білмей әбден басы қатса керек, біресе оны бақ ішіндегі мыңдаған гүлдерді аралатады, біресе ханшаға төркінінен жасауға келген әмірші сыйлаған, әкімдер мен ұлықтар, уәзірлер мен қолбасылар, елшілер тартуға тартқан неше алуан сақиналар мен жүзіктерді, сырғалар мен білезіктерді, бірінен-бірі өтетін асыл тастарды көрсетеді, енді бір уақ шартараптан алдырылған асыл маталарды жайып салып, қайсысынан көйлек тігейік деп, мата таңдатады.
А. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
В. Аралас құрмалас сөйлем.
С. Амал бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
Д. Күрделенген жай сөйлем.
2. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Аяғында керзі етік, үстінде қара пальто, басында жөндем құлақшын.
А. Атаулы жай сөйлем.
В. Мезгілдес салалас құрмалас сөйлем.
С. Көп тармақты салалас құрмалас сөйлем.
Д. Күрделенген жай сөйлем.
3. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Оның астында жалын өрген қылау бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған көк мақпал камзол, басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік.
А. Көп тармақты салалас құрмалас сөйлем.
В. Күрделенген жай сөйлем.
С. Атаулы жай сөйлем.
Д. Мезгілдес салалас құрмалас сөйлем.
4. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Біреу үн салуды сүйсе, біреу өлең жазуды арман етсе, басқа біреу қыран құстай ұшқыш болуды мәңгілік тілегі етеді.
А. Шартты бағыныңқылы.
В. Көп бағыныңқылы.
С. Аралас құрмалас.
Д. Көп тармақты салалас.
5. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Сен мұнайшысың, білесің ғой, осы мына жасанды жібек мұнайдан алынады дейді, сол рас па?
А. Көп тармақты салалс.
В. Себеп-салдар салалас.
С. Түсіндірмелі салалас.
Д. Күрделенген жай сөйлем.
6. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Бұл екеуінің елі жақын, отыз-қырық шақырымдай ғана жерде.
А. Мезгілдес салалас.
В. Түсіндірмелі салалас.
С. Жай сөйлем.
Д. Талғаулықты салалас.
7. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Әбділданың кеңсеге келуін аңдып тұр екен, хатшы бала жанына жетіп келді.
А. Мезгілдес салалс.
В. Себеп-салдар салалас.
С. Түсіндірмелі салалас.
Д. Жай сөйлем.
8. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Жарыста екі аттың біреуі-ақ озады, айқаста екі жақтың біреуі-ақ жеңеді.
А. Мезгілдес салалас.
В. Қарсылықты салалас
С. Салыстырмалы салалас.
Д. Түсіндірмелі салалас.
9. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Ғұламаның сөзі бар: өлең болсаң артыңда мал қалмасын, тал қалсын!
А. Түсіндірмелі салалас.
В. Көп тармақты салалас.
С. Аралас құрмалас.
Д. Көп бағыныңқылы сабақтас.
10. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Жазушы көзі тұрақтамаған жас балаға ұқсамауы керек, ой көзі тұрақтылықты тілейді.
А. Түсіндірмелі салалас.
В. Себеп-салдар салалас.
С. Қарсылықты салалас.
Д. Салыстырмалы салалас.
11. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Алқынып, танаулары делдиіп, бар денесімен дем алады.
А. Көп бағыныңқылы.
В. Мезгілдес бағыныңқылы.
С. Амал бағыныңқылы.
Д. Күрделенген жай сөйлем
12. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Біреуге сый беріп, біреуге серт, уәде беріп, кейбіреулерді салқын ызғар, сәлемхатпен тартып, әйтеуір, бір ай шамасында талай руды қайырып, баурап апты.
А. Көп бағыныңқылы.
В. Амал бағыныңқылы.
С. Себеп бағыныңқылы.
Д. Күрделенген жай сөйлем.
13. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң,
Жер толықсып, түрленер тоты құстай.
А. Мезгіл бағыныңқылы.
В. Себеп бағыныңқылы.
С. Көп бағыныңқылы.
Д. Амал бағыныңқылы.
14. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қайсы?
А. Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте ме, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айына бір, өзіңнен-өзің есеп ал!
В. Тайдың асаулық қияңқылығы сондай екен, біресе шапшып мөңкіп, біресе шыңғыра тулап кетіп, Масақбайды да екі рет жыққан.
С. Күн жылынып, қар кетуге айналып, мейірімді анадай жарқыраған жақсы күн келгенде, Абай тақат қыла алмай, атын ерттеп, міне сап, бет қараған жаққа таман жортып кететін.
Д. Қарсылай соққан қоңыр жел былтырдан қалған сары көденің басын изетіп, бұралып ессе, Абай тымағын алып, маңдайын төсеп, ұзақ тұрады.
15. Амал бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қайсысы?
А. Ақберен осындай ой үстінде келе жатып, Өргенішке жеткенін аңғармаған екен?
В. Кәрі адам дүниеге ақыл-парасатымен қараса, жас жан дүниені жүрек отымен бағалайды.
С. Аққуды атуға болмайды, махаббатты қорлауға болмайды.
Д. Күн күркіреп, жаңбыр жауды.
16. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Жиен қызы да құлпыра қалыпты, екі беті лаулай қызарып, өзінің сезімін оп-оңай ашып алғанына қысылыңқырап тұрған тәрізді.
А. Аралас құрмалас.
В. Қарсылықты салалас.
С. Себеп-салдар салалас.
Д. Амал бағыныңқылы.
17. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Иттің үргені басылар-басылмастан, есік ашылды.
А. Мезгілдес бағыныңқылы.
В. Мезгіл бағыныңқылы.
С. Қарсылықты бағыныңқылы.
Д. Себеп бағыныңқылы.
18. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Сірә, күн шығуға тақап қалған болуы керек, қараторғайдың үні бірте-бірте күшейе түсті.
А. Мезгілдес салалас.
В. Себеп-салдар салалас.
С. Күрделенген жай сөйлем.
Д. Мезгілдес бағыныңқылы.
19. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Құдай біледі, өмірінде шахтаның ішін көрмеген біреудің түсіне дәл сол түрде кіре қалған болсақ, түсінен шошып оянар еді.
А. Көп тармақты салалас.
В. Аралас құрмалас.
С. Шартты бағыныңқылы.
Д. Күрделенген жай сөйлем.
20. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Хасен селк етіп қараса, алтын торда тұрған тоты құс екен.
А. Шартты бағыныңқылы.
В. Мезгіл бағыныңқылы.
С. Мезгілдес бағыныңқылы
Д. Күрделенген жай сөйлем.
21. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Абай осы күндерде байқады: әкесінің сақал, шашындағы ақ көбейіп, бетінің әжімдері де молая түскен екен.
А. Түсіндірмелі салалас.
В. Аралас құрмалас.
С. Амал бағыныңқылы.
Д. Күрделенген жай сөйлем.
22. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Ербол енді аңғарды, ән Сүйіндіктің ауылының тұсынан шығып жатыр екен.
А. Мезгілдес салалас.
В. Түсіндірмелі салалас.
С. Шартты салалас.
Д. Күрделенген жай сөйлем.
23. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Базарға, қарап тұрсам, әркім барар,
Іздегені не болса, соны алар.
А. Аралас құрмалас.
В. Шартты бағыныңқылы.
С. Мезгілдес салалас.
Д. Себеп-салдар салалас.
24. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Ту тіккен Тобықтының қолбасшысы,
Жуан таяқ Тоқтамыс деген кісі,
Жақыны жамағайын сол кісінің
Бар екен Кебек деген бір інісі.
А. Көп тармақты салалас.
В. Күрделенген жай сөйлем.
С. Мезгілдес салалас.
Д. Түсіндірмелі салалс.
25. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
А. Көп тармақты салалс.
В. Күрделенген жай сөйлем.
С. Мезгілдес салалас.
Д. Шартты салалас.
26. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Жылан тілі жылт еткендей уақыт болды, қала жоқ болды.
А. Күрделенген жай сөйлем.
В. Салыстырмалы салалас.
С. Мезгілдес салалас.
Д. Қарсылықты салалас.
27. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Өзгеге, көңілім, тоярсың, Өлеңді қайтіп қоярсың?!
А. Мезгілдес салалас.
В. Көп тармақты салалас.
С. Күрделенген жай сөйлем.
Д. Қарсылықты салалас.
28. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас,
Артыңнан бір ауыз сөз айтып күлмес.
А. Мезгілдес салалас.
В. Күрделенген жай сөйлем.
С. Қарсылықты салалас.
Д. Себеп-салдар салалас.
29. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Кім біліп ер еңбегін сезіп жатыр,
Кім шыдап жолдастыққа төзіп жатыр,
Сасық ми, салқын жүрек санасыздар
Алаңсыз-ақ малтасын езіп жатыр.
А. Көп тармақты салалас.
В. Мезгілдес салалас.
С. Күрделенген жай сөйлем.
Д. Себеп-салдар салалас.
30. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Айтып-айтпай, немене
Құсалықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні.
А. Шартты бағыныңқылы.
В. Аралас құрмалас.
С. Күрделенген жай сөйлем.
Д. Қарсылықты бағыныңқылы.
31. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Нұрғали әбігерленгенмен, Әлжан әзір байсалды қалпын бұза қойған жоқ-ты, аяғын жай басып, бәріне байыпты қарап келе жатып, жалпақ ала сиыр ұстаған біреудің қасынан өте бере, кілт бұрылды.
А. Көп бағыныңқылы сабақтас.
В. Аралас құрмалас.
С. Амал бағыныңқылы сабақтас.
Д. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.
32. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Біреулер жүк әкелсе, біреулер әкетіп барады.
А. Шартты бағыныңқылы.
В. Мезгілдес қатынастағы бағыныңқылы.
С. Қарсылықты бағыныңқылы.
Д. Салыстырмалы бағыныңқылы.
33. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Арбаны далаға тастап, екеуі екі өгізге жайдақ мініп, ауылға келгенде, қысқа күн кешкіріп қалған.
А. Амал бағыныңқылы.
В. Көп бағыныңқылы.
С. Мезгіл бағыныңқылы.
Д. Мезгілдес бағыныңқылы.
34. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Қараңғы бөлмелер жарқ еткенде, жабыңқы көңілдер де бір жарқ еткендей болды.
А. Мезгіл бағыныңқылы.
В. Мезгілдес бағынңқылы.
С. Себеп бағыныңқылы.
Д. Салыстырмалы бағыныңқылы.
35. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Дала қандай көңілсіз болса, үйдегілер де сондай көңілсіз.
А. Салыстырмалы бағыныңқылы.
В. Мезгілдес бағыныңқылы.
С. Себеп бағыныңқылы.
Д. Амал бағыныңқылы.
36. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Ауылдағылар есік алдының қарын күреп, құдықтан не суаттан аттарын суарып, қара малға, тысқа шығарып, шөп шашып, алды таңертеңгі шайға жаңа ғана отырды.
А. Көп бағыныңқылы.
В. Амал бағыныңқылы
С. Мезгілдес бағыныңқылы.
Д. Себеп бағыныңқылы.
37. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Тоқабай қолындағы айырына сүйене тұрып, Тәуке ат үстінде ұраны айнала жүріп, екеуі кәмпеске жайында көп әңгімелесті.
А. Көп бағыныңқылы.
В. Амал бағыныңқылы.
С. Мезгілдес бағыныңқылы.
Д. Аралас құрмалас.
38. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Ақан әлгі сөзді қанша жігерлене айтса да, Бүркіт одан таусылған адамның шарасыз шешім үнін естіді.
А. Қарсылықты бағыныңқылы.
В. Себеп бағыныңқылы.
С. Мезгіл бағыныңқылы.
Д. Мезгілдес бағыныңқылы.
39. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Түн ішінде аспаннан аққан жұлдыздай Құлагер Көкөзектің сайына, құйысқаны сартылдап, төрт жүз тоқсан тоғыз жүйрікті артқа тастап жалғыз құлдырап, екпіндетіп, түсе берді.
А. Көп бағыныңқылы.
В. Амал бағыныңқылы.
С. Күрделенген жай сөйлем.
Д. Себеп бағыныңқылы.
40. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Шүңірек қап-қара көзі болмаса, бет әлпеті тура әкесінен аумаған Батыраштың ұлының жүзін Мөңке жаңа аңғарды.
А. Қарсылықты бағыныңқылы.
В. Шартты бағыныңқылы.
С. Күрделенген жай сөйлем.
Д. Себеп бағыныңқылы.
41. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Болыс әмірін естісімен, атығай-қарауыл жігіттері ордаңдап, қорбаңдап кеп, байлаулы жатқандарды ашулы аюларша жұлмалап, тұрғыза бастады.
А. Мезгіл бағыныңқылы.
В. Мезгілдес бағыныңқылы.
С. Амал бағыныңқылы.
Д. Күрделенген жай сөйлем.
42. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Бір жақсылықтың болғанын сезіп, қаралы ауыл адамдары күншуаққа шыққан арық-тұрақтардай жасқаншақ басып, бұларға таяу жинала бастаған.
А. Себеп бағынңқылы.
В. Амал бағыныңқылы.
С. Күрделенген жай сөйлем.
Д. Көп бағыныңқылы.
43. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Бүгін түн жарымына шейін ас ішпей, жолдан кейін тыным алмай, бірде-бір үйге де кірмей, қараңғы далада көп үйлердің сыртында тапжылмай жалғыз отырып, Абайдың тыңдап шыққандары көктемдегі бүліктің әлегін шеккен, азабын арқалап қалған өңшең кедей-кепшік, жалшы-жақыбайдың жайлары болатын.
А. Көп бағыныңқылы.
В. Амал бағыныңқылы.
С. Себеп бағыныңқылы.
Д. Күрделенген жай сөйлем.
44. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Билер мен ояз отырған үлкен үйге Абай табалдырықтан аттап кіргенде, сол үйді әлденеше жүзден асқан қара халық еңсере қамап, басып кетті.
А. Мезгіл бағыныңқылы.
В. Мезгілдес бағыныңқылы.
С. Себеп бағыныңқылы.
Д. Көп бағыныңқылы.
45. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Қазан астындағы от қисая жанып, төрдегілерге сары қидың ащы көк түтіні шалқып жетіп, беймазалық жасады.
А. Көп бағыныңқылы.
В. Амал бағыныңқылы.
С. Себеп бағыныңқылы.
Д. Күрделенген жай сөйлем.
46. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Жүрек сезбейтін сұмдық бар ма, кенет оған осы отырысы ұстазымен ақырғы рет отырысуы секілденіп кетеді.
А. Күрделенген жай сөйлем.
В. Себеп бағыныңқылы.
С. Мезгілдес бағыныңқылы.
Д. Амал бағыныңқылы.
47. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Біреу тікелей қараса да, өзінен-өзі қуыстанатыны қылмысты жанның әдеті емес пе, ол көрінгеннен үрікті.
А. Көп бағыныңқылы.
В. Шартты бағыныңқылы.
С. Себеп бағыныңқылы.
Д. Күрделенген жай сөйлем.
48. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Аллалап бет-бетімен тым-тырақай қашқан кедей ауылдың жоқ-жітіктері, қазақ тұрмысында бұрын-соңды болып көрмеген мынадай жантүршігерлік сойқанды дүрмекке қарсы тұрар дәрмендері қайда, суықтан қорғалап, жылы пеш саңлауларына тығылатын шілделіктерше, жер кепелеріне сүңгіп-сүңгіп кіріп кеткен.
А. Көп бағыныңқылы.
В. Себеп бағыныңқылы.
С. Амал бағыныңқылы.
Д. Күрделенген жай сөйлем.
49. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Жаздай дамыл таппай семіртіп, ең көріктісін, құндысын әкелген малшы қазақ қымбатқа сатқысы келсе, оның аяулысын жалақтаған саудагерлер арзанға алып, пайда тапқысы келеді.
А. Көп бағыныңқылы.
В. Шартты бағыныңқылы.
С. Мезгіл бағыныңқылы.
Д. Қарсылықты бағыныңқылы.
50. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз:
Құлынжалды садақтарын шірене тартқан қазақ жігіттерінің жебесінен алдыңғысы оққа ұшса, артындағылары өліктерін басып өтіп, алға қарай ұмтыла берді.
А. Көп бағыныңқылы.
В. Шартты бағыныңқылы.
С. Мезгіл бағыныңқылы.
Д. Қарсылықты бағыныңқылы.
Әзірлеген, ф.ғ.к., доцент: Самекбаева Э.М.
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас
Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
Түсіндірмелі салалас сөйлем құрмалас сөйлемнің бір түрі ретінде
Салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық ерекшеліктерінің қалыптасуы
Есімшелердің құрмалас сөйлем жасаудағы қызметі
Құрмалас сөйлемнің ғылым ретінде даму, қалыптасу жолы
Есімше тұлғаларыy барлық тіл деңгейлері тұрғысынан қарастыру
Құрмалас сөйлемдерді жіктеу мәселесі
Сабақтас құрмалас сөйлемді оқыту барысында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану
Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" романындағы құрмалас сөйлемдер
Мәтін және онымен жұмыстың бағдарламалық талаптарын орындаудың негізгі жолы – тілдік талдау
Қазақ радиодағы әлеуметтік экономикалық бағдарламалардың қисындары
АРИФМЕТИКАЛЫҚ ОРТАША ШАМАЛАР
Windows – тің анықтамалық жүйесі
Қазақстанның топырақтары мен табиғи зоналары және олардың сипаттамалары
Лепті сөйлем
Қазақ даласының орта ғасырдағы ғұламаларының педагогикалық идеялары
Бастауыш сыныпта сөйлемді оқыту жолдары
Маркетингті – сараптамалық зерттеулер орталығы
Терминдер мен анықтамалар