Бұғана асты катетер
Интубация
Орындаған: Кокаева Арай, Астана, 2013 ж.
Интубация — жұтқыншақ пен кеңірдек арқылы арнайы түтікті енгізу әдісі. Бұл тәсіл көбіне жедел терапия немесе реанимациялық іс-шаралар кезінде, сондай-ақ анестезиялық қамтамасыз ету барысында қолданылады.
Медицинада интубация жалпы мағынада дененің сыртқы немесе ішкі қуысына түтік енгізуді білдіреді.
Интубациялық түтік
Интубациялық түтік — резеңкеден немесе пластмассадан (сирек металдан) жасалатын, жұтқыншаққа енгізуге арналған арнайы пішінді түтік. Ол кеңірдек пен бронхтардың өткізгіштігін қалпына келтіру, тыныс жолдарының өткізгіштігін жақсарту және ингаляциялық наркоз жүргізу үшін пайдаланылады.
Енгізу техникасының негізгі кезеңдері
- Түтікке жұқа қабатпен майлау жағылады, содан кейін түтікке интубатор енгізіледі.
- Дәрігер интубаторды оң қолына ұстайды: бас бармақ құралдың сыртқы бетінде, қалған саусақтар интубаторды және түтіктегі жіпті қоса қамтиды.
- Сол қолдың сұқ саусағы науқастың аузына енгізіліп, тіл түбіріне дейін жеткізіледі.
- Интубациялық түтік саусақтың бақылауымен енгізіледі: бастапқыда интубатор науқас денесіне параллель орналасады.
- Енгізу барысында интубатор сабының ұшы жоғары көтеріледі, түтіктің төменгі ұшы жұтқыншақ кіреберісіне дейін жылжиды.
- Түтікті жұтқыншақ саңылауына енгізу интубатор сабын көтере отырып, алға тарту арқылы орындалады; қозғалыс алдымен тырнақпен, кейін саусақтың оң қырымен бақыланады.
- Түтік жұтқыншақта екені сезілген соң саусақ түтіктің қалпағына ауыстырылады, интубатордың босату механизмі іске қосылып, құрал алынады.
- Интубация сәтті аяқталғанда науқас канюла арқылы дем ала бастайды, бұл тыныс алудың еркіндегенін көрсетеді.
2-сурет. Интубация: орындалу кезеңдері.
Процедура кезіндегі ықтимал реакциялар
Түтік жұтқыншаққа енгізілгеннен кейін жөтел пайда болуы мүмкін. Бұл — интерорецепторлардың механикалық тітіркенуіне организмнің жауап реакциясы. Күшті жөтел кезінде диаметрі кіші түтік сырғып шығып кетуі ықтимал, сондықтан қайта енгізу және диаметрі үлкенірек түтікті таңдау қажет болуы мүмкін.
Тиімді интубациядан кейін түтікке жалғанған жіп жабысқақ бұласырмен науқастың бетіне бекітіледі.
Ларингоскопияны қолдану
Интубациялық түтікті тезірек әрі жеңілірек енгізу үшін ларингоскопия қолданылады. Тікелей ларингоскопия патологиялық өзгерістерді анықтауға және түтікті жұтқыншақ саңылауына ең аз жарақатпен енгізуге мүмкіндік береді.
Интубациялық түтікті ларингоскопия әдісімен С.И. Ратнер, А.И. Коломийченко, Л.Н. Ямпольский және т.б. қысқыштарының көмегімен енгізуге болады.
3-сурет. В.Ф. Ундриц директоскопы арқылы интубация жасау.
Бұғана асты катетер
Орындаған: Кокаева Арай, Астана, 2013 ж.
Бұғана асты катетер — бұғана асты көктамырын катетеризациялауға арналған құрал. Ол инфузиялық және трансфузиялық терапия жүргізу үшін, сондай-ақ көп көлемді қан, қан алмастырғыштар және басқа да сұйықтықтарды стационарлық жағдайда ұзақ уақыт енгізуге қолданылады.
Құрылысы мен ерекшеліктері
- Полиэтилен түтіктен жасалған, қонышы бар, ұшы жабық және екі бүйірлік ойығы болады.
- Бір рет қолдануға арналған.
- Ұшы «Луер» конусы пішінінде жасалып, шприцтерді және құю жүйелерін қосуға мүмкіндік береді.
- Лайықты өлшемдегі жолсерікпен және екі резеңке тығынмен жинақталады.
- Катетерді науқас денесіне бекітуге арналған ойықтары бар.
Өлшемдері
| Ішкі диаметрі | Ұшы жақты түтіктің ұзындығы |
|---|---|
| 0,6 мм | 150 мм |
| 1,0 мм | 150 мм |
| 1,4 мм | 200 мм |
Қою тәртібі
- Пункция орнын міндетті түрде йодпен және спиртпен өңдеп, стерильді жаялықтармен (майлық, сүлгі және т.б.) қымтау.
- Қолды спиртпен өңдеп, қолғап кию. Қолды стерильді ерітінділермен мұқият өңдегеннен кейін кей жағдайда қолғапсыз жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
- Катетерді қаптамадан алып, стерильді үстелге орналастыру.
- Новокаин ерітіндісінің немесе физиологиялық ерітіндінің катетер арқылы өтуін тексеру.
- Сол инемен және көлемі 5 немесе 10 мл шприцпен бұғана асты көктамырына пункция жасау.
- Инені шприцтен абайлап ажыратып, көктамырға жолсерікті катетер ұзындығына сәйкес енгізу; жолсеріктің кері-ілгері қозғалуына жол бермеу.
- Инені жолсеріктен шығарып, катетерді жолсерікке кигізіп, айналмалы-ілгерілмелі қимылмен көктамырға енгізу.
- Жолсерікті абайлап, серпінсіз алып шығу.
- Катетердің орналасуын растау және талдау үшін катетер ұшынан шприцпен аз мөлшерде қан алу.
- Катетерді теріге лейкопластырьмен бекіту немесе жібек жіппен тігу.
- Катетер ұшына көктамырішілік құю жүйесін жалғау. Құюдан кейін тығынды кигізіп, катетерді гепарин ерітіндісімен шаю (1 мл физиологиялық ерітіндіге 50–100 ӘБ гепарин).
- Ұзақ қолданғанда пункция аймағындағы теріге мұқият күтім жасау.
Кубиталка
Орындаған: Кокаева Арай, Астана, 2013 ж.
Кубиталка — перифериялық көктамырды катетеризациялауға арналған катетер. Ол тек сау қолға орнатылуы тиіс.
Тамшылатқыш тоқтатылғаннан кейін катетер гепаринмен шаю арқылы өткізгіштігі сақталуы керек.
Күтім және ауыстыру
- Кубитальдық катетер әр 10–14 күн сайын ауыстырылады.
- Үлкен көлемде сұйықтық енгізу қажет болғанда, орталық көктамырды (бұғана асты немесе мойынтұрық көктамыры) катетеризациялау жүргізіледі.