Когнетивтік лингвистика және тіл білімінің салалары
Бақылау жұмысын орындауға арналған түсіндірме
Бақылау жұмысы студентті берілген тақырып бойынша пәндік ғылыми әдебиеттерді өздігінен игеруге, түсінуге және жүйелеуге үйретеді. Тапсырманы орындау барысында теориялық мәселелерді талдап, нақты дәлелдермен қорытынды жасау дағдылары қалыптасады.
Мақсаты
Ғылыми еңбектермен жұмыс істеу, негізгі ұғымдарды ажырату, курс тақырыптарын тереңдетіп меңгеру.
Нәтижесі
Тақырып бойынша жүйелі жоспар құру, дәлелді пайымдау, дереккөздерді сауатты рәсімдеу қабілеті.
Әдістемелік нұсқаулар
Бақылау жұмысын жазу — студенттің алғашқы ғылыми-шығармашылық жұмысы. Сондықтан мазмұндау ғана емес, талдау, салыстыру, дәлелдеу және жүйелеу міндетті.
- Тақырыпты нақтылаңыз: негізгі сұрақтар мен ұғымдар шеңберін белгілеңіз.
- Ғылыми дереккөздерді іріктеңіз: оқулық, монография, мақала, жинақ материалдары.
- Тұжырымды стиль сақтаңыз: анықтама беріңіз, мысал келтіріңіз, қорытынды жасаңыз.
- Дәйексөздер мен деректер міндетті түрде әдебиеттер тізімінде көрсетілсін.
Жұмысты рәсімдеу тәртібі
Құрылымы
- 1 Мұқаба беті: ЖОО, факультет, топ нөмірі, тіркеу мерзімі.
- 2 1-бет: жоспар.
- 3 Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды.
- 4 Соңғы бет: пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Әдебиеттерді көрсету үлгісі
Әр дереккөз келесі тәртіппен беріледі: автор, еңбектің атауы, басылған жері, баспа, жылы, бет(тер).
Мысал: Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 2010. 120–135-бб.
Курс 1: Когнитивтік лингвистика
Бұл курс бойынша бақылау жұмысы студентке когнитивтік бағыттағы ұғымдарды, тілдік таным мәселелерін және мәтінді когнитивтік тұрғыда талдау тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік береді.
Ұсынылатын тақырыптар
- Когнитивтік лингвистика пәнінің зерттеу объектісі
- Даму және қалыптасу тарихы
- Когнитивтік ғылым және өзге ғылымдармен сабақтастығы
- Когнитологияның жеке тармақтары
- Когнитивтік лингвистика және терминология
- Поэтикалық мәтінді когнитивтік аспектіде қарастыру
- Тілдік таным және ғаламды зерделеу
- Тіл мен таным бірлестігі
- Тіл мен сана
- Когнитивтік лингвистика және тіл білімінің салалары
- Поэтикалық мәтіндегі когнитивтік модель қалыптастыратын бірліктер
- Концепт табиғаты және концептуалдық құрылым
- Концептуалдық құрылым
- Концептуалдық талдау жүргізу үлгілері
- Көркем мәтінге толық концептілік және концептуалдық талдау жүргізу үлгілері
Курс 2: Жай сөйлем синтаксисі
Бұл курс бойынша бақылау жұмысы нормативтік қазақ тілі, синтаксис және морфология салаларының негізгі теориялық мәселелерін бекітуге бағытталады. Жұмыс барысында сөз тіркестері мен сөйлем құрылымын жан-жақты талдау ұсынылады.
Ұсынылатын тақырыптар
- Жай сөйлем синтаксисі пәнінің зерттеу объектісі
- Даму және қалыптасу тарихы
- Сөз тіркесі және өзге ғылымдармен сабақтастығы
- Сөз тіркестерінің түрлері
- Жай сөйлем синтаксисі және сөз тіркесі
- Сөйлем мүшелері және олардың қалыптасу жолдары
- Тұрлаулы мүшелер
- Тұрлаусыз мүшелер
- Сөйлем мүшелерінің жасалу жолдары
- Сөйлем түрлері
- Сөйлем құрылымы
- Құрмалас сөйлем түрлері
- Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері
Курс 3: Қазіргі қазақ тілі тарихы
Бұл курс бойынша бақылау жұмысы қазақ жазуының даму тарихын, тілдік сананың қалыптасуын және тіл тарихын лингвомәдени жүйемен байланыстыра талдауды көздейді.
Ұсынылатын тақырыптар
- Қазіргі қазақ тілі тарихы пәнінің зерттеу объектісі
- Даму және қалыптасу тарихы
- Қазақ даласындағы жазу: даму тарихы
- Орхон ескерткіштері
- Таңба және семиотика негіздері
- Қазақ жазуындағы ренессанс (қайта өрлеу)
- Тілдік таным және ғаламды зерделеу
- Тіл мен таным бірлестігі
- Тіл мен сана
- Қазақ жазуларының өзгеруі және дамуы
- Жалғаулар тарихы (тіл тарихы контексінде)
- Қазақ жазуы және оны зерттеу мәселелері
- Концептуалдық құрылым
- Қазақ тілі тарихы және лингвомәдени жүйе
- Көркем мәтінге толық концептілік және концептуалдық талдау жүргізу үлгілері
Пайдаланылған әдебиеттер (ұсынылатын)
- Мороховская О., Тәжімұрат О. Қазақ тілі мен орыс тілінің салғастырмалы грамматикасы / Сопоставительная грамматика казахского и русского языка: оқу құралы. 2010.
- Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 2010.
- Балақаев М. Қазақ әдеби тілі. Алматы, 2007.
- Тектіғұл О. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 2012.
- Сыздықова Г. Қазіргі қазақ тілі: морфология. Алматы, 2012.
- Жаналина Л. Сопоставительное словообразование русского и казахского языков. Алматы, 1998.
- Исаев С., Нуркина Г. Сопоставительная типология казахского и русского языков. Алматы, 1996.
- Балақаев М. Қазіргі қазақ тілінің мәселелері. Алматы, 2008.
- Розенталь Д., Голуб И., Теленкова М. Современный русский язык. М., 2000.
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Қазақ тілінің функционалды грамматикасы. Алматы, 2013.
- Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 2010. 608 б.
Ескерту
Әдебиеттер тізімін рәсімдегенде бірізді библиографиялық стиль сақтаңыз: автордың тегі мен инициалдары, атауы, шыққан орны, жылы және беттері толық көрсетілсін.