Үйсіндер жөніндегі мәселе өте күрделі


Аннотация

Үйсіндер жөніндегі мәселе өте күрделі. Л.Н.Гумилевтің Ғұн және Усун мемлекеттері атты ғылыми еңбегінде Усундердің мекендеген жері туралы тың деректер ұсынады. Жапон ғалымы К.Ширатари: үйсіндер Лоуландар халқымен қатар аталатындықтан үйсіндер Лобнор жерлерінде өмір сүрген,- десе, Л.Н.Гумилев: Усундер – Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Егер VIII ғасырдағы жазушылардың Бесобалықты Усун кінязінің шекарасы деп айтатынын есккерсек, усундердің шығыс шегі бір кездерде Бесбалық ауданы арқылы өткен деген қорытынды жасау керек. Усундер иелігінің орталығы – Іле аңғары, дегенмен олардың ордасы – Қызыл Аңғар қаласы (Чигучен) Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты.Қытай тарихшысы Чжан Цянның (б.з.б.ІІғ.) дерегіне қарағанда, Дуньхуан мен Циньяньшаннің аралығында жатқан, бірақ бұл араны юечжилер де мекен еткен. Сиротари кезінде өздерін өздері басқаратын екі халықтың бір аумақта аралас тұрып жатқанына қайран қалған. Егер олардың аумағын батыста Лобнорға дейін, ал терістік-шығыста Эдзин-Голдың төменгі ағысында дейін созылған күннің өзінде, құлазығын шөл дала хисапсыз көп екі халықты қоректендіре алмас еді. Бірақ, әсілі оснау екі халық көрсетілген аумақты кезекпен иелінсе керек. Осы бір болжамды көзқарасты Шицзиден алынған мәтін дәйектей түседі, онда былай делінген: қазіргі Ганьсу уәлаятының батыс бөлігі-Гуачжоудан-Дуньхуанға дейін Цинь және Хан әулеттерінің тұсында үйсін халқы, момын юечжилер, ақырында бұларды қуып шыққан хұндар мекендеген. Бұл араны халықтардың кезектесіп мекендегені анық. Тағы сол Қытай елшісі Чжан Цянның хабарлауына қарағанда, усундердің бұрын мекендеген жері шығыстағы алыс бір жерде болған, мұның шындыққа жанаспайтыны анық,- деп өз пікірінің растығын дәлелдейді.
Сол елші Чжан Цянның дерегіне сүйенсек, ертедегі Қытай жазбаларында усун атауы б.з.б. ІІ ғасыр соңынан бастап кездеседі. Ал Л.Н.Гумилев аталған ғылыми еңбегінде Усун сөзінің мағынасы туралы да нақты мысалдар келтіре отырып былай дейді: Усун терминінің мағынасы осы кезге дейін анықталмай отыр. Ол қытайдың иероглифтік жазбаларынан ғана мәлім, оның қазіргі айтылуы қазақ этнонимдерінің бірі – Ұлы жүз қазақтарының басты этниалық компоненті болып табылатын тайпаның өзін атайтындай үйсін сөзіне сәйкес келеді. Бірқатар зерттеушілер бұл транскрипцияны Орта Азия тарихынан мәлім асиан термині ятии этнонимінің диалектілік нұсқаларының бірі болуы мүмкін деген басқаша түсініктеме айтылады, ал оның транскрипциясының дәстүрлі ертедегі қытайша түрі қазіргі қытай тілінде айтылатын (юечжи) иероглифтері болған.
Усун терминінің транскрипциясын түсіндірудің тағы бір нұсқасы бар. Қазір у-сун деп айтылатын екі иероглиф ертедегі қытай тілінде а-сман, яғни асман, аспан делініп айтылған деп жорамалданады. Бұл айтылғандарды усун гунмосына күйеуне берілген қытай ханшасының хатындағы: Менің үйім мен...Аспан Еліне...күйеуге берді деген сөздер растауы мүмкін. Бұл тұрғыдан алғанда, кө тіреген таулар дегенді білдіретін тянь-шань деген сөздің өзі де жергілікті атаудың аудармасы сияқты екенін атап өту маңызды.
Біздің заманымыздың аса көрнекті ғалымы Л.Н.Гумилев түркі және түркілерге дейінгі тарихтың өптеген мәселелерін барынша әділ зерттеп, өркениетті әлемнің өзін ашты. Оның еңбектері – тарих ғылымындағы қайсарлық пен адалдықтың үлгісі, өз өмірлерін осынау қызғылықты да қиын ғылымға бағыштаған жас ғалымдарға өнеге.



Ұқсас жұмыстар

Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті жайлы
Қазақстан территориясындағы ежелгі дәуір
Сақтар жайлы
Үйсіндер шаруашылығы
Сақ. Үйсін. Қаңлы
Үйсін ескерткіштерінен табылған еңбек құралдар
Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен көне мемлекеттік құрылымдар
ЕЖЕЛГІ ҮЙСІН ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫЛЫҒЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ
Үйсіндер тарихы
Жетісудағы Тиграхауд - сақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Баланың мектепке келу мәселесі
ТІЛЕУҚАБЫЛ ӨТЕЙБОЙДАҚ
Негізгі қорларды қйта жандандыру тәсілі – күрделі қаржыны жұмсау
Жүк көтергіштігі 6-тонна жүктік автомобиль жасап, арнайы бөлімде ілініс муфтасының құрылысын жобалау
ӨТЕҒҰЛҰЛЫ ӨТЕГЕН туралы
ӨТЕМІСҰЛЫ МАХАМБЕТ
ҚР банктеріндегі ипотекалық несиелендіруді ұйымдастыру және дамыту. Ипотекалық несиелер есебі
Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедов басқарған көтерілісі
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АДАМ МӘСЕЛЕСІН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУ