Қайта өрлеу кезеңі

Тест тапсырмалары арқылы студенттердің білімдерін бақылау түрі ретінде республиканың жоғары оқу орындарында өткен жүз жылдықтың 90–шы жылдарынан бастап кеңінен қолданылды. 1993 жылы ҚазақстанРеспубликасы Білім беру Министрлігінің О разработке инструментария аттестации учебных заведений №371 бұйрығы бойынша барлық оқу мекемелерінде тестілерді құру жəне мамандардың дайындық деңгейін көтеру мақсатында оқу үрдісіне енгізу міндеттері жүктелді.
Тест тапсырмалары білімгерлердің білім деңгейін тексеруде маңызды, тиімді жəне негізгі əдіс болып отыр.
Тест – бұл стандартталған тапсырма, оның орындалу нəтижелеріне сəйкес тексерілушінің білімі, білігі жəне дағдыларының деңгейін бағалау жүргізіледі. Білімгерлердің білімдерін тиімді бағалау əдістерінің бірі.
Əдістің артықшылығы:
тестілеу арқылы бағалаудың объективтілігінің артуы;
бағалаудың жылдам жүргізілуі;
қарапайымдылығы мен түсініктілігі;
тестілеу нəтижелерінің компьютерлік тəсілмен өңдеулігі;
бағалаудың статистикалық əдістерін қолдану мүмкіндігі.
Тестілеу оқыту деңгейін бақылаудың дəстүрлік жүйесіне маңызды толықтырушы болып табылады. Білімгерлердің білім сапасының деңгейлерін тестілеу арқылы бағалау үшін арнайы педагогикалық тестілер жасалады.
Тестілеудің негізгі мақсаты жоғары оқу орнының мамандарды дайындау сапасын ішкі басқару міндеттеріне, сонымен бірге түлектерді қорытынды аттестациялау, мемлекеттік аттестациялау міндеттеріне байланысты өткізу.
Педагогикалық тестің белгілі мазмұны, өзіне тəн пішіні бар, əрбір тексерілуші білімін сапалы бағалауға жəне тиімді өлшеуге мүмкіндік беретін есептермен (немесе) cұрақтардың жүйесі ретінде анықталады.
Кейінгі кездегі тест тапсырмалары деңгейленіп құрастырылады:
I деңгей – тану;
II деңгей – жаңарту;
III деңгей – білімді, білікті жəне дағдыны ұғына отырып қолдану;
IV деңгей – шығармашылық деңгей, студент білімінің ең жоғарғы деңгейі, терең білім көрінісі болып табылады.

1-ші межелік бақылау тестілері
Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы пәнінен
білімгерлердің білімін бағалауға арналған сұрақтар

1. XVIII ғ. қандай ғалымның жұмысында Психология сөзі пайда болды?
A) Ф.Гальтон
B) В.Вундт
C) Х.Вольф
D) О.Хрисман
E) З.Фрейд
2. Психологияның ғылым ретінде даму кезеңдері:
A) Жан туралы ғылым, сана туралы ғылым, мінез-құлық туралы ғылым, психика туралы ғылым
B) Жан туралы ғылым, психика туралы ғылым, мінез-құлық туралы ғылым, сана туралы ғылым
C) Мінез-құлық туралы ғылым, сана туралы ғылым, іс-әрекет туралы ғылым
D) Іс-әрекет туралы ғылым, сана туралы ғылым, мінез-құлық туралы ғылым
E) Сана туралы ғылым, мінез-құлық туралы ғылым, жан туралы ғылым
3. Психологияның даму жолы ұзақ, бірақ даму тарихы қысқа, - деген сөздің авторы кім?
A) Эббингауз
B) Дж.Ланге
C) Ф.Аквинский
D) В.Вундт
E) Р.Уотсон
4. Алғашқыда психология ғылым ретінде қандай ғылымның шеңберінде дамыды?
A) Жаратылыстану
B) Экономика
C) Биология
D) Философия
E) Медицина
5. Жан туралы алғашқы түсініктер қай кезеңде пайда болды?
A) Антика
B) Орта ғасыр
C) Көне ғасыр
D) Қайта өрлеу кезеңі
E) Жаңа заман
6. Платонның негізгі түсінігі, бұл:
A) Атом
B) Идея
C) Диалектика
D) Материя
E) Тәжірибе
7. Гиллозаизм дегеніміз не?
A) әр заттың жаны бар
B) психика тек барлық материаларға тән
C) жан мен тән бір-бірінен бөлек өмір сүреді
D) жан тек қана нақты материаларға бағынады.
E) психикалық мәселелерді шешу әдісі
8. Жанды тәннен бөлуге болмайды, - деген жағдайды кім айтты?
A) Платон
B) Сократ
C) Аристотель
D) Плотин
E) Гегель
9. Аристотель қандай үш түрлі жанды көрсетті:
A) өсімдік, жәндік, адам
B) адам, от, жануар
C) өсімдік, жануар, адам
D) жер, су. От
E) адам, өсімдік, жәндік
10. Грек философтарының ішінде ең бірінші рет болып төрт темперамент туралы ойларын дамытқан ойшы:
A) Эпидокл
B) Гиппократ
C) Платон
D) Аристотель
E) Гераклит
11. Аристотельдің қай еңбегінде алғашқы рет психологиялық түсініктердің жүйесі беріледі?
A) Ес туралы
B) Түс көру туралы
C) Жануарлар бөліктері туралы
D) Жан туралы
E) Мемлекет туралы
12. Жан атомдардан тұрады деген кім?
A) Сократ
B) Демокрит
C) Эпикур
D) Платон
E) Аристотель
13. Өзінді-өзін тани біл сөзін кім айтқан?
A) Платон
B) Аристотель
C) Пифагор
D) Сократ
E) Эпикур
14. Мемфистік теология ескерткіштері шығарманың елі:
A) Қытай
B) Греция
C) Египет
D) Үндістан
E) Арап
15. Қытайдың қай мектебінің пікірінше, білім және психикалық процесстер адамның тума сапалары:
A) Лао-цзы
B) Мао-цзы
C) Конфуций
D) Йога
E) Ньяя
16. Үндістанның алғашқы мәтіндері қалай аталды?
A) Мемфистік теология ескерткіштері
B) Веда
C) Упанишида
D) Ішкі туарлы кітап
E) Дао дэ цзин
17. Ежелгі Үндістан дәрігерлерінің пікірінше, психикалық әрекеттің басты мүшесі болып не саналады?
A) ми
B) жүрек
C) бауыр
D) қан
E) ауа
18. Қай ғасырда джайнизм және буддизм кең тарады?
A) б.з.д. VIII ғ.
B) б.з.д. IV ғ.
C) б.з.д. Vғ.
D) б.з.д. Vғ.
E) б.з.д. Xғ.
19. Мектептегі этика діни идеалының негізін қалаушы кім?
A) Мо-цзы
B) Лао-цзы
C) Ван Чун
D) Конфуций
E) Фань Чжэне
20. Қай елдердің өкілдері темпераменттің негізіне үш затты жатқызды:
A) Египет және Қытай
B) Үндістан және Греция
C) Қытай мен Үндістан
D) Үндістан мен Египет
E) Қытай және Греция
21. Орта ғасырда психология қандай сипатта болды?
A) этикалық
B) діни
C) этико-теологиялық
D) теологиялық
E) мистикалық
22. Араб елдерінің қай ғалымы Аристотельдің іліміне қарсы шықты, жанның мәңгілігін жоққа шығарып жан мен тәнді бөлген?
A) Авицена
B) Аверроэс
C) Альгазен
D) Аль-Фараби
E) Ибн-Сина
Ф.Аквинскийдің католизм бағытының қазіргі заман ізбасарлары болып кім саналады?
B) реалистер
C) материалистер
D) неотомистер
E) идеалистер
F) логистер
23. Аристотельдің жан туралы ілімін сынға ала отырып, діни көзқарас тұрғысынан түсіндірген бағыт –
A) Номенализм
B) Рационализм
C) Гуманизм
D) Геллозаизм
E) Томизм
24. Р.Бэкон жан құбылыстарын қандай түсініктер арқылы түсіндіреді?
A) биологиялық
B) механикалық
C) сенсорлық
D) физиологиялық
E) физико-математикалық
25. Қайта өрлеу кезеңі қай ғасырды қамтиты және қай елде пайда болды?
A) Англия XVIғ.
B) Франция XIVғ.
C) Италия XIVғ.
D) Партугалия XVIIғ.
E) Германия XIVғ. соңы
26. Қайта өрлеу кезеңінің ерекшеліктері:
A) гуманизм, өнер, білімнің дамуы, адамның ашылуы
B) діни бағыттылық
C) отбасы құндылықтары, жеке меншік бағыттылығы
D) әкімшілік билікке бағыттылығы
E) қоғамдағы мәселелерге бағыттылығы
27. Божественная комедия еңбегінің авторы кім?
A) Г.Коперник
B) Леонардо да Винче
C) Р.Бэкон
D) А.Данте
E) Дж.Бруно
28. Қайта өрлеу кезеңінде пайда болған ғылымдарының бірі:
A) математика
B) геометрия
C) натурофилософия
D) логика
E) тарих
29. Қайта өрлеу кезеңінде білім және ғылым қай салада дамып отырды;
A) шіркеуде
B) қоғамдық мекемелерде
C) университеттерде, сурет шеберханаларында және т.б.
D) көшелерде
E) қалалар мен ауылдарда
30. Қайта өрлеу кезеңінің титаны:
A) Гален
B) Б.Телезео
C) Леонардо да Винче
D) П.Помпонаций
E) Л.Валл
31. Ойлаймын, яғни мен тіршілік етемін, - деген мәнді сөзінің авторы кім?
A) Декарт
B) Спиноза
C) Лейбниц
D) Локк
E) Бекон
32. Спиноза эмоция теориясының дамуына елеулі үлес қосты. Ол мінез-құлықтың қозғаушы күштерінің 3 түрін ажыратты:
A) аффект, түрткі, қажеттіліктер
B) құмарлық, қуаныш, қайғы
C) интеллект, аффект, жеке бастың өсуі
D) инстинкт, қажеттілік, мақсат
33. Декартқа қарсы, адам – тұтас рухани тәндік тіршілік иесі деп тұжырымдады:
A) Лейбниц, Локк
B) Гоббс, Спиноза
C) Спиноза, Лейбниц
D) Бекон, Оккам
E) Юм, Беркли
34. Алғаш рет психология іліміне рефлекс түсінігін енгізген кім?
A) Р.Декарт
B) У.Гарвей
C) И.П.Павлов
D) О.Конт
E) Г.Гельвице
35. Рационалистік психологияның мәні неде?
A) дүниенің қос негізі бар
B) қоршаған ортаны тану ішкі көру арқылы жүзеге асырайды.
C) адам қоршаған ортаға таза тақтай ретінде келеді, ал ол оқыту мен тәрбиелеу, даму барысында өз қалпына әкеледі
D) дүниетану мен ақиқат танудың жалғыз ғана дұрыс жолы – ақыл-ой
E) сезімдік танымның үстемдігі
36. Психофизикалық өзара әрекеттесу түсінігі арқылы Р.Декарт қандай байланысты түсіндірді?
A) қан айналымын
B) сыртқы ортаның тітіркендіргіштеріне жауап беру реакциясын
C) дене жанға әсер ете отырып онда қабылдауды, эмоцияларды тудырады, ал жан ақыл мен ерік арқылы денені қозғалыс жасауға және өзгеруге итермелейді
D) жан денеге кірер алдындағы көрген көріністерімен денеге еніп, оны өзіне тәуелді етеді
E) психика вибрация түсінігімен түсіндіріледі, яғни сыртқы вибрациялар жауап ретінде ішкі вибрацяны тудырады
37. Адамға қоршаған орта және оның даму заңдылықтарын ашып көрсететін идеялар:
A) тума идеялар
B) жүре пайда болған идеялар
C) адам тудырған идеялар
D) жеке дара идеялар
E) ешқандай идеялар жоқ
38. Дуализмнің мәні неде?
A) дүниенің екі қос негізі бар, бірақ олар бірге, қатарласып жүрмейді
B) сезімдік танымның үстемдігі
C) таза сана алдындағы тәжірибе
D) жан барлық құбылыстар мен адамдарға тән
E) қоршаған ортадан келген тітіркендіргіштер рефлекс доғасына жетіп тізбекті ассоциацияны құрайды
39. Адамның біртұтастығы тек жан мен тәнді байланыстырмайды, сонымен қатар қоршаған ортаны танудың негізі болып келеді – деп дәлелдеген:
A) И.Кант
B) Б.Спиноза
C) К.Кондильяк
D) Гельмгольц
E) Дж.Милль
40. Б.Спиноза танудың қандай түрлерін ажыратты:
A) интуитивті тану, қисынды тану
B) біріншілікті тану, екіншілікті тану, объективті тану
C) объективті тану, интуитивті тану, субъективті тану
D) біріншілікті тану, екінішілікті тану, интуитивті тану
E) біріншілікті тану, объективті тану, интиутивті тану
41. Әлемде физика заңына бағынып қозғалыс жасайтын материалды денелерден басқа ештене жоқ – деген пікірді кім ұсынды?
A) Р.Декарт
B) Б.Спиноза
C) Дж.Милль
D) Х.Вольф
E) Т.Гоббс
42. Психология іліміне санасыз психика түсінігін енгізген –
A) Г.Лейбниц
B) Р.Декарт
C) В.Вундт
D) Сеченов
E) И.П.Павлов
43. Т.Гоббс психологияға нені енгізді:
A) интроспекцианизм
B) эмпиризм
C) волюнтаризм
D) сенсуализм
E) эмпириокритизм
44. Адам дүниеге келгенде оның жаны таза тақта тәріздес болады деп айтқан кім?
A) Р.Декарт
B) Д.Дидро
C) Дж.Локк
D) Т.Гоббс
E) Спиноза
45. Ассоциативті психология қай ғасырда пайда болды және оның қалаушысы:
A) XVIII ғ. басында Д.Гартли
B) XVII ғ. Т.Гоббс
C) XVIII ғ. Ж.Локк
D) XIX ғ. А.Галлер
E) XVII ғ. екінші жартысында Д.Гартли
46. Сенсуализм – бұл –
A) таза сана алдындағы тәжірибе
B) сезімдік танымның үстемдік етуі
C) қоршаған ортаны танудың жалғыз ғана жолы – ақыл-ой
D) жан тек субъект болып келеді де, басқа қасиеттерді қабылдауды қамтасыз етеді
E) әрбір ғылымның негізіде эксперимент, тәжірибе және математика болуы тиіс
47. Эмпиризм дегеніміз –
A) таза сана алдындағы тәжірибе
B) сезімдік танымның үстемдік етуі
C) қоршаған ортаны танудың жалғыз ғана жолы – ақыл-ой
D) жан тек субъект болып келеді де, басқа қасиеттерді қабылдауды қамтасыз етеді
E) әрбір ғылымның негізіде эксперимент, тәжірибе және математика болуы тиіс
48. Француз материалистері Кондильяк, Ламетри, Кабанис былай тұжырымдады:
A) психика – бұл әлеуметтік шарттардың, әдеттер мен дәстүрлердің, адамдардың рухани өмірінің әсерлерінің нәтижесі ретінде
B) психика вибрация түсінігімен түсіндіріледі, яғни сыртқы вибрациялар жауап ретінде ішкі вибрацяны тудырады
C) психика түйсіктің бірнеше элементтерінен тұрады: көріністер мен сезімдер
D) дене жанға әсер ете отырып онда қабылдауды, эмоцияларды тудырады, ал жан ақыл мен ерік арқылы денені қозғалыс жасауға және өзгеруге итермелейді
E) психика-бұл жоғары дамыған материаның - бас миының функциясы
49. Алғаш рет психология тарихында өзінің Эмиль немесе тәрбие туралы еңбегінде баланы тәрбиелеу мен дамудың біртұтас жүйесін құрастырған кім?
A) Дж.Локк
B) Ж.Руссо
C) Дистерверг
D) Д.Дидро
E) Т.Гоббс
50. Гельвеций бойынша қабілеттер тума болып келмейді, бірақ олар қандай процесс арқылы қалыптасады:
A) тәрбиелеу
B) тану
C) қарым-қатынас
D) оқыту
E) дамыту



Ұқсас жұмыстар

Гегельдің пікірінше абъсолюттік рухтың соңғы формасы философия
Қайта өрлеу дәуірінің педагогикалық ой- пікірлер өкілдері
Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріндегі саяси- құқықтық ілімдер мен гелиоцентризмнің мемлекет пен қоғамды басқарудағы рөлі
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы туралы ақпарат
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы жайлы
Табиғат философиясы
Макиавеллидің саяси философиясы
Қайта өрлеу өнері. Проторенессанс, кватроченто
Христиан өнерінің бастапқы кезеңі
Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің өкілдері
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
Отандық өнеркәсіп кәсіпорындарын қайта құрылымдаудағы машина жасау өнеркәсібінің маңызы
Қайта өрлеу дәуіріндегі итальян әдебиеті
М. Қ. ҚОЗЫБАЕВ – ҚАЗАҚТЫҢ ЕГЕМЕН ТАРИХЫНЫҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУШЫСЫ
Өндірістің қысқа мерзім кезеңіндегі шығындары
Қайта құрылымдаудың бірінші кезеңі
Экономикалық теорияның қалыптасу кезені пікір қайшылықтары.
Жабдықтау кезеңінің аудиті
Тас индустриясының дамуы және энеолит кезеңіндегі мыс құралдардың пайда болуы
Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар