Балалар жасы

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін диагностикалау

Бұл материал оқушылардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін кешенді бағалауға арналған. Тапсырмалар уақытпен шектеледі, жауаптар арнайы карточкаға немесе бөлек параққа жазылады. Бағалау критерийлері әр бөлімде нақты көрсетілген.

Негізгі қағида

Жауаптардың саны ғана емес, олардың түпнұсқалығы (ерекшелігі) мен дәлдігі де есепке алынады.

Уақыт тәртібі

Көп тапсырмалар 3–5 минут аралығында орындалады, ауызша бөліктер де бар.

Бағалау тәсілі

Кей тапсырмалар ұпаймен (0–2), кейбірі деңгеймен (жоғары/орта/төмен) бағаланады.

I бөлім. Жаттығулар

1) «Қалампыр» сөзінен жаңа сөздер құрау

  • Берілген сөз: «қалампыр».
  • Осы сөздегі әріптерді пайдаланып мүмкіндігінше көп сөз құрастырыңыз.
  • Бір әріпті екі рет қолдануға болмайды.
  • Уақыты: 3 минут. Жауаптар бөлек параққа жазылады.

Деңгейлер

Жоғары

9 сөз және одан көп

Орта

7–8 сөз

Төмен

6 сөз және одан аз

2) Берілген әріптерден басталатын 5 сөзбен сөйлем құрау

Оқушыға төмендегі әріптерден басталатын бес сөз беріледі: Қ – Б – С – А – Т. Мақсат — осы сөздерді ғана пайдаланып, мүмкіндігінше көп мағыналы сөйлем құрау.

  • Сөйлем мазмұнды болуы тиіс.
  • Септік, жақ, сөйлем мүшелері бойынша дұрыс құрылуы қажет.
  • Қосымша сөз қосуға болмайды.
  • Уақыты: 5 минут.

Бағалау үшін дұрыс құрылған сөйлемдер саны есептеледі (сөйлем құрылымын икемді құра алу қабілеті).

3) Жаңылтпаш (ауызша)

Төмендегі үш жаңылтпаштың біреуін таңдап, жылдам әрі анық айтып шығу керек:

  1. 1. Қарға, қарға, қарғалар.
  2. 2. Көк базарда бәрі бар. Барып бәрің бәрін ал.
  3. 3. Шалғышы шалғы алды. Шаңғышы алды.

2 ұпай

Жылдам, қатесіз

1 ұпай

Қателері бар

II бөлім. Жағдаяттық таңдау (символды жауап)

Төмендегі жағдаяттарда берілген жауаптардың бірін таңдайсыз. Таңдалған жауаптың символы карточкаға белгіленеді.

1) Егер мен балалар қалашығын салсам, онда…

  • 2Еш жерде жоқ, ерекше қаланы салар едім.
  • 0Ұсынылған типтік жоба бойынша салар едім.
  • 1Кино, журнал, кітаптан көргенімдей етіп салар едім.

2) Егер мен достарымды туған күн кешіне шақырсам, онда…

  • 2Сценарий жазып, сыйлықтар дайындаймын.
  • 0Уақытын айтып, ата-анама үміт артамын.
  • 1Қонақтарға тағам дайындауға көмектесемін.

3) Сабақ үстінде мұғалім қойған сұраққа мен…

  • 0Қарапайым жауапты таңдаймын.
  • 1Күрделі жауапты таңдаймын.
  • 2Мүлдем жаңа жауап ұсынуға тырысамын.

4) Егер мен бір нәрсеге қатты қызықсам, онда…

  • 2Өлең жазамын.
  • 1Қызыққан нысанымды бақылап отырамын.
  • 0Қанағаттану сезімінде боламын.

5) Егер мен сүйікті пәнім бойынша зерттеу жүргізсем, онда…

  • 2Көптеген қосымша әдебиеттерді оқимын.
  • 1Жеңілірек материал таңдаймын.
  • 0Мұғалім көмектеседі деп үміттенемін.

6) Мен үшін қарым-қатынаста ең бастысы…

  • 2Өзгеше, жаңа нәрсе туралы ақпарат алу мүмкіндігі.
  • 1Достарыммен қиындықтарымды бөлісу.
  • 0Жай ғана уақыт өткізу.

7) Егер мен ғалым болсам, онда…

  • 0Шетелге жиі барар едім.
  • 1Көп пайдалы кітап жазар едім.
  • 2Адамзат пайдасы үшін жаңалықтар ашар едім.

8) Орманда үш жол кездессе, мен…

  • 0Өзіме ыңғайлысын таңдаймын.
  • 1Таныстарым айтқан жолды таңдаймын.
  • 2Белгісіз жолды таңдаймын.

9) Менің қалауым — мектепте…

  • 1Барлығы өз мүмкіндігі аясында ғана оқыса.
  • 0Барлығы тату болса.
  • 2Жаңа нәрселер туралы мүмкіндігінше көп білсек.

10) Жаңылтпашты дауыстап, анық айтыңыз (біреуін таңдаңыз)

  1. а) Кеше неше кесе сынды?
  2. ә) Торғай тоғайды ұнатады, тоғай торғайды ұнатады.
  3. б) Піл күшті. Піл күшті емес — тіл күшті.

III бөлім. Қанатты сөздермен келісу

Әр пікір бойынша карточкаға төмендегі символдардың бірін белгілеңіз:

0

Толық келісемін

2

Келіспеймін

1

Бағалауға дайын емеспін

11.

«Ойды ой ғана жоққа шығара алады». (О. Бальзак)

12.

«Адамның ақылы оның жұдырығынан күштірек». (Ф. Рабле)

13.

«Қабілет бұлшық ет сияқты: жаттығудан кейін өседі». (И. Тимирязев)

14.

«Тек ақымақтар мен өліктер ғана өз ойын өзгертпейді». (Д. Оруэлл)

15.

«Етікші нан пісірсе, наубайшы етік тіксе — жаманшылық келгені». (И. Крылов)

16.

«Адамдар тек қорыққанын ғана сыйлайды». (А. Чехов)

17.

«Шындық айтылмайтыны белгілі болса, сөзге шебер болу оңай». (Р. Тагор)

18.

«Әркімнің өз сенгенін жүзеге асыруға жеткілікті күші бар». (В. Гете)

19.

«Адамдардан ұялу — жақсы сезім, бірақ өз-өзіңнен ұялу — одан да жақсы». (Л. Толстой)

20.

«Бірнеше адамға бақыт сыйлаған адам — дүниедегі ең бақытты адам». (Д. Дидро)

21.

«Ақылды дәрменсіз ететін — ақылдың күшіне сенімсіздік». (В. Белинский)

IV бөлім. Объект құрылымын өзгерте алу қабілеті

Әр сұрақта өзара байланысы бар сөз жұптары беріледі. Мақсат — сол байланысқа дәл келетін жауапты таңдау. Карточкаға жауап нөмірі жазылады.

22) Теңіз — бассейн

  1. 1. Өзен — труба
  2. 2. Өзен — монша
  3. 3. Өзен — көлшік
  4. 4. Өзен — су

23) Қайта өрлеу — жеңімпаз

  1. 1. Өрлеу — тау
  2. 2. Өрлеу — көшбасшы
  3. 3. Өрлеу — жігерлендіруші
  4. 4. Өрлеу — қаһарман

24) Ара — бал

  1. 1. Ит — жүн
  2. 2. Қабан — тіс
  3. 3. Ешкі — сүт
  4. 4. Жылқы — тұяқ

Сәйкесті сөзді таңдау (дұрыс жауап — 2 ұпай)

Түпкі сөз жұптары белгілі бір қатынаста беріледі. Келесі түпкі сөзге ұсынылған нұсқалардың ішінен сол қатынасқа дәл келетін сөзді таңдаңыз.

25) Емхана — емделу. Институт — ?

  • а) профессор
  • ә) оқытушы
  • б) оқыту
  • в) мекеме
  • г) студент

26) Күлкі — мұңаю. Қайғы — ?

  • а) жеңіл
  • ә) клоун
  • б) ренішті
  • в) көңілді
  • г) түңілу

27) Шыбын — ермек. Балық — ?

  • а) өрмекші
  • ә) сазан
  • б) ау
  • в) қармақ
  • г) жүзу

V бөлім. Сөздік-пайымдық қабілеттер

Сізге ынталандыру материалы ретінде үш сөз беріледі. Сол үш сөзге сәйкес келетін, олармен сөз тіркесі құрауға болатын төртінші сөзді табыңыз. Жауап мүмкіндігінше ерекше, айқын болғаны дұрыс. Сөздердің грамматикалық қалпын өзгертіп, жалғау жалғауға болады.

Ынталандырушы материал
Мүмкін жауап
28
Асау, хрусталь, аялау
Фонтан
29
Сабыр, ұшақ, ой
Сынақшы
30
Бос, ми, бақша
Бас
31
Алу, күшті, рух
Сыйлық
32
Жүрек, болат, бару
Мереке
33
Кездейсоқ, үй, құпия
Кездесу
34
Қызыл, тұмсық, қу
Түлкі
35
Үміт, сөну, тұтас
Жалын
36
Жедел, төркін, бақыт
Табу
37
Әлсіз, қадам, монолит
Білім
38
Емен, машина, іші
Бюрократ
39
Теңіз, көп, тұлға
Жалқаулық
40
Жарық, ақымақ, қанат
Арман
41
Қалта, топырақ, бозбала
Сағат
42
Ит, күш, дөңгелек
Өмір
43
Жылан, қызыл, мөр
Қағаз
44
Гүл, жауһар, шаңырақ
Ыдыс

Бағалау қағидасы

Барлық нәтижелер ортақ кестеге енгізіледі (тігінен — аты-жөні, көлденеңінен — жауап-сөздер). Неғұрлым ерекше жауапқа 2 ұпай, қарапайым жауапқа 1 ұпай қойылады.

Жағдаяттардан шығу жолын табу (карточканың сыртқы беті)

  1. 45. Сізді облыс әкімі етіп тағайындады. Бастапқы іс-әрекеттеріңіз қандай болар еді?
  2. 46. Сіз өзенде шомылып жүрсіз. Кенет біреулер киіміңізді ұрлап кетті. Не істейсіз?
  3. 47. Институтқа конкурс арқылы өте алмадыңыз: 1 ұпай жетпеді. Бірақ басқа екі талапкер 2 ұпайы жетпесе де қабылданғанын естідіңіз. Әрекетіңіз қандай?
  4. 48. Сіз африкалық аборигендер арасына түсіп қалдыңыз. Не істейсіз?

0

Жауап жоқ

1

Қарапайым жауап

2

Ерекше жауап

Заттарды қолдану аясын кеңейту (карточканың теріс беті)

Әрбір заттың мүмкіндігінше көп қолдану тәсілін жазыңыз.

  • 49. Тіс сымы
  • 50. Полиэтилен бөтелкесі

VI бөлім (бақылау). Өзін-өзі бағалау

Әр тұжырымға жауап беріңіз: иә — 2, айту қиын — 1, жоқ — 0.

52. Маған жаңашылдық сезімі ұнайды.

53. Мен шын мәнінде болуы мүмкін емес нәрсені елестете аламын.

54. Күрделі жағдаяттарда тез жинақталып, өз-өзіме келемін.

55. Шығармашылық күштің тасқынын жиі сезінемін.

56. Өзімнің белгілі бір нәрсеге әуестігімнің себебін түсіндіре аламын.

57. Мені ерекше ойлар жиі мазалайды.

58. Күрделі мәселенің маңыздысы мен қосалқысын ажырата аламын.

59. Өз еңбегіме берілген бағалауды тыңдауға әрдайым дайынмын.

60. Өзімнің сәтсіздігімнің себебін түсінуді үйреніп келемін.

61. Танымдық сұраныстарымды қанағаттандыру үшін мектептің оқу материалы жиі жеткіліксіз болады.

62. Мен өз қабілеттерім мен мүмкіндіктеріме сенемін.

Нәтижені бағалау

  • Жоғары шығармашылық деңгей: орындалған тапсырмалардың кемінде 2/3 бөлігі 2 ұпаймен бағаланса.
  • Орташа деңгей: 2 ұпай алған жауаптар үлесі 0,5-тен жоғары болса.
  • Төмен деңгей: 2 ұпай алған жауаптар үлесі 0,5-тен төмен болса.

Ата-аналарға арналған әдістеме (сауалнама)

Мектептің оқу бағдарламасы сіздің балаңызға экспериментке қатысуды ұсынады. Балаңыз туралы ақпарат жинауда сіздің көмегіңіз маңызды. Сауалнаманы толтыру үшін бірнеше минут уақытыңызды бөліп, тек нақты білетін мәліметтеріңізді белгілеңіз және көрсетілген уақытта мектепке әкеліңіз.

Сұрақтар

  1. 1. Менің баламның сөздік қоры мол, өз ойын жақсы жеткізеді. «Иә» болса, мысал келтіріңіз.

    Иә / Жоқ

  2. 2. Бала тапсырманы орындағанда бар күшін жұмсайды, табанды, өз бетінше орындайды. Мысал келтіріңіз.

  3. 3. Бала кітап оқуды балабақшадан бастады.

    Иә / Жоқ

  4. 4. Егер «иә» болса, оқыған кітаптарын атаңыз.

  5. 5. Бала құмарлана кітап оқиды.

    Иә / Жоқ

  6. 6. Соңғы 6 айда оқыған кітаптарын атаңыз.

  7. 7. Балаңызды қай қырынан талантты немесе ерекше қабілетті деп ойлайсыз?

  8. 8. Аса қызығушылық танытатын заттары мен хоббиін атаңыз (коллекция, модельдер, шеберлік т.б.).

  9. 9. Мектептен тыс уақытта қандай қосымша сабақтарға барады?

  10. 10. Балаңыздың мектепке қарым-қатынасы қандай? Үйдегі және мектептегі жағдайлар кедергі жасай ма?

  11. 11. Балаңызға бағдарлама жоспарлауға көмектесетін қандай ерекшеліктерді атап өтер едіңіз?

  12. 12. Балаңыз бос уақытында немен айналысқанды ұнатады?

  13. 13. Сіз балаңызды аса дарынды деп атар ма едіңіз?

    Иә / Жоқ

    Егер «иә» болса, төмендегілердің қайсысы сәйкес?

    • а) Қиялмен орындайды, күрделі сөздер мен ишара арқылы түсіндіреді.
    • ә) Қарапайым мәліметті күтпеген қырынан қолданады.
    • б) Тапсырмада жаңа жол таңдайды, қалыпты тәсілге сүйенбейді.
    • в) Оймен «ойнауды» ұнатады, жаңа жағдаяттар құрастырады.
  14. 14. Сіздің ойыңызша, балаңыз дарынды балаларға арналған бағдарламаның қай саласын жақсы меңгере алады?

Бала туралы деректер

Баланың аты-жөні

________________________

Жасы

________________________

Сыныбы

________________________

Телефон

________________________

Мекенжай

______________________________________________

Маңызды ескерту

Бұл сауалнама бала туралы толық әрі нақты мәлімет жинауға көмектеседі және мектептің жеке оқу бағдарламасын жоспарлауына негіз бола алады.

«Ой-өрістік портрет» әдістемесі (мұғалімдерге)

Бұл әдістеме мұғалімдерге арналған және баланың ақыл-ой қабілеттері туралы бақылауларды жүйелеуге көмектеседі. Ол дарындылық диагностикасының өзге классикалық психодиагностикалық әдістерін жоққа шығармайды, керісінше, кешеннің құрамдас бөлігі ретінде қолданылады.

Танымдық сала көрсеткіштері

Ойлаудың түпнұсқалығы

Кең таралған қалыпты ойлардан бөлек, ерекше, жаңа, тосын идея ұсыну қабілеті. Мінез-құлқында, қарым-қатынасында, шығармашылық өнімдерінде (сурет, шығарма, жоба т.б.) көрінеді.

Ойлау икемділігі

Шешімнің жаңа жолдарын тез табу, байланыстарды оңай құру, ой бағытын жылдам өзгерту қабілеті.

Өнімдік (ілеспелік)

Бірнеше идеяны жинақтап, күшейту; баламалардың көптігі арқылы байқалады.

Талдау және синтез

Талдау — ақпаратты логикалық бөліктерге ажырату; синтез — ақпаратты тұтас құрылымға біріктіру. Логикалық тапсырмаларда және оқу-іс-әрекетте анық көрінеді.

Жіктеу және деңгейлендіру

Объектілерді түр, топ, деңгей бойынша топтастыру; мәліметті жинақтап, жүйелеуге ұмтылыс арқылы байқалады.

Зейіннің жинақталуы

Мәселеге терең ену және мақсатқа қатысты ақпаратты таңдап қабылдау мүмкіндігі; күрделі әрі ұзақ тапсырмаларда байқалады.

Есте сақтау (жады)

Маңыздысы — көп жаттау емес, қажет ақпаратты жадтан жылдам әрі орынды алу қабілеті.

Тұлғалық даму саласы көрсеткіштері

Мәселе мазмұнына қызығушылық

Жұмысты марапат үшін емес, мазмұны үшін істеу. Мұны бақылау мен әңгімелесу арқылы анықтауға болады.

Перфекционизм

Нәтижені жоғары стандартқа жеткізбейінше тоқтамау; қайта орындауға бейімділік.

Әлеуметтік автономдылық

Көпшілік пікіріне тәуелсіз болу, өз бетінше әрекет ету және өз пікірін дәлелдеуге дайын тұру.

Көшбасшылық

Ортақ істе бастамашыл болу, жауапкершілікті өз мойнына алу, шешім қабылдау тәжірибесін ерте жинақтау.

Бәсекелестік

Жеңіске ұмтылу немесе бәсекеден бас тарту; жеңіс пен жеңілістің мінез қалыптастырудағы рөлі.

Қызығушылық аясының кеңдігі

Жан-жақты, тұрақты қызығушылық; әртүрлі салада өзін сынап көруге ұмтылыс.

Әзілқойлық

Күлкілі жайтты көре білу; шығармашылықтың белгісі әрі психологиялық қорғаныс механизмі болуы мүмкін.

Бағалау шкаласы (полярлы ұпайлар әдісі)

Әр сипаттама 5 балдық шкаламен бағаланады:

5

Қасиет өте жақсы дамыған, жиі байқалады

4

Айқын, бірақ тұрақты емес

3

Айқын емес, сирек, екіұдай көрінеді

2

Қарама-қарсы қасиет жиі байқалады

0

Бағалауға мәлімет жоқ

Нәтижелерді өңдеу

Қосымша өңдеу міндетті емес: нәтижелер көбіне бірден көрінеді. Егер зерттеу бірнеше сыныпта жүргізілсе, міндетке қарай жинақтау немесе математикалық өңдеу қажет болуы мүмкін. Толтырылған сипаттама нақты бала туралы маңызды ақпарат береді және мұғалімге де, әкімшілікке де (директор, орынбасар, әдіскер т.б.) оқу траекториясын жоспарлауда көмектеседі.