Қан арқылы аурдың жұғуы
Қан арқылы жұғу
Жұғу жағдайларының шамамен 10–15%-ы қан арқылы болады. ЖИТС-пен ауыратын адамның қанында АИТВ болуы мүмкін, сондықтан АИТВ бар қанмен байланыс әртүрлі жолмен жұқтыру қаупін арттырады.
Негізгі қауіп факторлары
- Тексерілмеген қанды құю.
- Қолданылған және дезинфекцияланбаған шприц, ине, хирургиялық құралдар, татуировка құралдары, акупунктура инелері, ұстара, қайшы сияқты кесетін және тесетін құралдар.
- Тамыр ішіне есірткі қолдану.
- Тамыр ішіне есірткі қолданатын адамдардың ортақ ине, шприц және ерітінді дайындайтын қасықты бөлісуі.
- АИТВ жұққан ағза, тін және сперма трансплантациясы.
Анадан балаға жұғу
Барлық жұғу жағдайларының 5–10%-ы анадан балаға берілуімен байланысты. АИТВ жұқтырған әйелден балаға жұғу жүктілік кезінде, босану барысында немесе емізу кезінде болуы мүмкін.
Ықтималдық көрсеткіштері
- Ем қабылдамаса
- шамамен 30%
- Жүкті әйел ем қабылдаса
- шамамен 7%
Маңызды ескерту
Емшек сүті арқылы жұқтыру ықтималдығы жоғары емес, дегенмен АИТВ жұқтырған әйелге емізуге болмайды. Жүктілік және АИТВ туралы толық ақпарат алу үшін ЖИТС орталығына жүгінген дұрыс.
АИТВ жұқпайтын жағдайлар
АИТВ/ЖИТС күнделікті тұрмыста жұқпайды: бір бөлмеде отыру, бір мектепте оқу немесе бір ауаны жұту арқылы берілмейді. АИТВ зақымдалмаған тері арқылы өтпейді.
Жұқтыруға себеп болмайтын мысалдар
- Түкірік, көз жасы, тер, түшкіру, жөтелу, зәр және үлкен дәрет.
- Қол ұстасу, теріге тию, сипау, құшақтау және сүйісу.
- Тамақтану орындары, душ, кран, бассейн, теңіз, сауна және монша.
- Шыбын және басқа жәндіктердің шағуы, мысық, ит және басқа жануарлармен бірге өмір сүру.