-
1. Селевко педагогикалық технологияның неше аспектісін көрсетті?
A) 2 B) 3 C) 5 D) 4 E) 6
-
2. Дидактикалық ойындардың негізін салушы кім?
A) Д. Локк B) В. А. Сухомлинский C) Вернадский D) А. Френь E) Н. Щуркова
-
3. Педагогикалық технология ең алғаш қай елде пайда болды?
A) Германия B) Қытай C) АҚШ D) Египет E) Ресей
-
4. Тұлғалық бағдарлы тәрбиені іс жүзінде тәжірибеге енгізген ғалымдардың бірі:
A) Н. Е. Щуркова B) В. А. Сухомлинский C) Г. К. Селевко D) Вернадский E) Д. Локк
-
5. Мұғалім моделінің негізгі үш түрін атаңыз.
A) Практикалық, инновациялық B) Кәсіптік, теориялық C) Теориялық, тәжірибелік, әдістемелік D) Жекелеген E) Әдістемелік, кәсіптік
-
6. Бастауыш сыныптарда қолданылатын тест әдісінің түрлерін атаңыз.
A) Ашық, жабық B) Ұйық C) Қолданбалы D) Практикалық E) Әдістемелік
-
7. Бастауыш сынып оқушыларының білімін диагностикалау әдістері:
A) Тест B) Бақылау C) Әңгімелеу D) Сұрақ E) Барлығы дұрыс
-
8. Ізгілікті тұлғалық технологияның авторы:
A) Ш. А. Амонашвили B) Г. Песталоцций C) А. Волков D) Эрдниев E) В. А. Сухомлинский
-
9. Өзара оқыту технологиясының авторы:
A) Вернадский B) Лысенкова C) Песталоций D) Амонашвили E) Дұрыс жауап жоқ
-
10. Өзін-өзі тәрбиелеу технологиясы дегеніміз не?
A) Адамның өз мінез-құлқындағы адамгершілік қасиеттерді танып, оны одан әрі дамытуы; жағымсыз қылықтарды жеңуге дағдылануы.
B) Өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі бағалау.
C) Өте күрделі қиындық туғызатын тәрбие.
D) Педагогикалық шеберлікті қажет ететін тәрбие.
E) Дұрыс жауап жоқ.
-
11. Ойлау мен әрекет тәсілін қалыптастыру қай технологияға жатады?
A) Ақпараттық B) Операциялық C) Эмоционалды-адамгершілік D) Қолданбалы E) Эвристикалық
-
12. Қолданбалы технология деген не?
A) Эстетикалық және адамгершілік қатынастарды қалыптастыру.
B) Білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыру.
C) Тұлғаның өзін басқаратын механизмдерін қалыптастыру.
D) Әрекеттік-практикалық сфераны қалыптастыру.
E) Шығармашылық қабілетті қалыптастыру.
-
13. Тәрбие жұмысының формасы:
A) Бақылау B) Сендіру C) Үйрету D) Лекция E) Сынып сағаты
-
14. Тәрбие принципінің түрі:
A) Ғылымилық принципі B) Жүйелілік пен бірізділік принципі C) Еңбексүйгіштік принципі D) Саналылық пен белсенділік принципі E) Көрнекілік пен саналылық принципі
-
15. Адамгершілік құндылықтарға не жатады?
A) Моральдық-этикалық нормаларды сақтау, жағымды қарым-қатынас орнату B) Кәсіби меңгерудегі қарым-қатынас C) Технологтың іс-әрекет дағдылары D) Кәсіптік іскерлікті қалыптастыруға қатынас E) Материалдық құндылықтар желісі
-
16. Әлеуметтік-тәрбие технологиясына жатады:
A) Отбасылық тәрбие B) Қосымша білім беру мекемелері, қоғамдық бірлестіктер, діни ағымдар C) Отбасы, діни ағымдар D) Үйірме, мектеп E) Қоғам, қосымша білім беру мекемелері
-
17. Пән бойынша білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыратын технология қалай аталады?
A) Интерактивті B) Жаңа технология C) Өзін-өзі басқару D) Операциялық E) Ақпараттық
-
18. Операциялық ойлау қабілетін қалыптастыратын технология қалай аталады?
A) Операциялық B) Ақпараттық C) Интерактивті D) Өзін-өзі басқару E) Эвристикалық
-
19. Эстетикалық және адамдық қасиеттерді қалыптастыратын технология:
A) Ақпараттық B) Эмоционалды-адамгершілік технология C) Өзін-өзі басқару D) Операциялық E) Инновациялық
-
20. Тұлғаның өзін басқаратын механизмін қалыптастыру технологиясы:
A) Эмоционалды B) Ақпараттық C) Өзін-өзі басқару D) Эвристикалық E) Интерактивті
-
21. Әрекеттік-практикалық сфераны қалыптастыратын технология:
A) Операциялық B) Ақпараттық C) Өзін-өзі басқару D) Қолданбалы E) Эвристикалық
-
22. Эвристикалық технологияны басқаша қалай атайды?
A) Шығармашылық қабілетті қалыптастыратын B) Эстетикалық қасиетті қалыптастыратын C) Өзін басқаруды қалыптастыратын D) Әрекеттік-практикалық сфераны қалыптастыратын E) Дұрыс жауап жоқ
-
23. Вальдорф мектебіндегі педагогика жүйесін зерттеген ғалым:
A) К. Маслоу B) В. Лихачев C) Р. Штейнер D) В. В. Давыдев E) А. С. Макаренко
-
24. Мұғалім қызметінің негізгі түрі:
A) Қатынас B) Оқыту, тәрбиелеу C) Әңгіме D) Сөйлеу E) Дұрыс жауап жоқ
-
25. Тұлғаның өзін басқаратын механизмдерін қалыптастыру қай технологияға жатады?
A) Ұжымдық технология B) Операциялық технология C) Өзін-өзі басқару технологиясы D) Коррекциялық технология E) Дұрыс жауап жоқ