Химиялық реакциялардың жылу эффектісі

Модуль1 бойынша тест сұрақтары

1.Келтірілген қосылыстардың қайсысы полярлы молекулалар:
а) Н2О, N2 в)H2O, HCI
б) HCI, CI2 г) О2 , СО2

2. Келтірілген молекулалардың CI2, J2, HCI, NH3 қайсысының диполь моменті =0:
а) CI2, HCI в) J2, NH3
б) J2, CI2 г) CI2, NH3

3. Қандай молекулаларды полярлы дейміз?
а) электрондық тығыздықтары симметриясыз таралумен сипатталған;
б) электрондық тығыздықтарының орталықтары сәйкес келетін;
в) диполь моменті μ=0 болатын;
г) поляризациялануға қабілетті молекулаларды айтамыз.

4. Полярланғыштық дегеніміз не? Полярланғыштық деп:
а) атомдар мен молекулалардың электр өрісінде диполь моментіне ие болу қабілетін;
б) атомдардың ядроға қатысты ығысуын;
в) электрон бұлттарының бастапқы орынына қатысты ығысуын;
г) молекулалардың диполь моментін бағыттауға ұмтылуын.

5. Қандай молекулалар үшін полярланғыштық температурадан тәуелсіз?
а) С6Н5Сl в) С6Н5ОН
б) С6Н6 г) С6Н5СН3

6. Ауыспалы электр өрісінде жоғары жиіліктегі молекулалардың поляризациясы қандай теңдеумен сипатталады?
а) Дебай в) Лоренц - Лоренц
б) Клаузиус - Массотти г) Менделеев - Клайперон

7. Мольдік рефракция аддитивтілігінің мәні неде?
Молекулалардың рефракциясы:
а) атомдар мен байланыстар рефракция қосындысына тең;
б) атомдар мен байланыстар рефракция айырымына тең;
в) 1 моль заттың рефракциясы;
г) 1 грамм заттың рефракциясы.

8.Полярлы молекулаларда қандай молекулааралық әрекеттесу күші болады ?
а) сутектік;
б) дисперстік;
в) индукциялық;
г) диполь-дипольдік.

9. NaCl суда ерігенде қандай молекулааралық байланыс пайда болады?
а) диполь-дипольдік;
б) ион-дипольдік;
в) дисперстік;
г) индукциялық.

10. Келтірілген қосылыстардың H2O, C6H6, C6H5CH3, HF, NH3 қайсысында суттектік байланыс басым?
а) H2O, C6H6
б) C6H5CH3, HF
в) H2O, NH3, HF
г)NH3,C6H6,C6H5CH3

1. Келесі анықтамалардың қайсысы жабық жүйеге сәйкес келеді? Жабық жүйе дегеніміз:
а) қоршаған ортамен зат алмасуы жоқ, бірақ энергия және жұмыспен алмасуы мүмкін жүйе;
б) сыртқы ортамен зат алмасуы мүмкін;
в) сыртқы ортамен энергия алмасуы жоқ жүйе;
г) сыртқы ортамен зат алмасуы мүмкін, бірақ энергиямен алмасуы жоқ жүйе.

2. Күй параметрлері қандай өлшемдермен сипатталады?
а) Т, Р, ρ, концентрация; б) ΔS, ΔН, Т, р;
в) ΔΗ, Т, р, концентрация; г) ΔΗ, Т, V, ρ.
3. Келтірілген теңдеулердің қайсысы термодинамиканың 1-ші заңын сипаттайды?
а) Q=ΔU +A в) dQ=H2–H1
б) Н=рV–U г) Q=U2–U1

4. Изохоралық процесс үшін термодинамиканың 1-ші заңының теңдеуін көрсетіңіз?
a) Q=ΔH+A в) QV=pdV б) QV=ΔU г) Q = ТΔSΔV
5. Төмендегі анықтамалардың қайсысы Гесс заңын сипаттайды? Химиялық реакциялардың жылу эффектісі:
а) жүру жолынан тәуелсіз, тек бастапқы және соңғы заттардың күйімен анықталады;
б) аралық реакциялардан тәуелді;
в) реакция кезінде бөлінген жылу мөлшерінен тәуелді;
г) әрекеттесуші заттардың концентрациясынан тәуелді.
6. Стандартты түзілу жылу деп, төменде келтірілген жағдайда 1 моль заттың жай заттардан түзілу реакциясының жылу эффектісін айтамыз:
а) р=1,013 105 Па, Т=298K.
б) Т = const
в) р=const, V=const
г) Т, р = const

7. Стандартты жану жылуы деп, заттың оттек атмосферасында оксидтерге дейін жанғанда бөлінген жылу мөлшерін айтамыз:
а) 1 моль заттың 1,013 105 Па қысымда;
б) 10 моль заттың;
в) 1 моль заттың қалыпты жағдайда;
г) 10 моль заттың 298 К температурда.

8. Химиялық реакциялардың жылу эффектісі қандай факторлардан тәуелсіз?
а) әрекеттесуші заттардың табиғатынан;
б) температурадан;
в) заттардың агрегаттық күйінен;
г) бастапқы заттардың концентрациясынан.

9. Энтальпия мен ішкі энергияның өзара байланысын көрсететін теңдеу қайсысы?
а) H=U–pV б) H=U+pV в) H=U2–U1 г) H=QT

10. Суттектің жану реакциясы сұйық су түзілумен оқшауланған жүйеде өтсе, жүйенің ішкі энергиясымен энтальпиясы өзгере ме?
а) ішкі энергия өзгереді;
б) энтальпия өзгереді;
в) ішкі энергия да, энтальпия да өзгермейді;
г) ішкі энергия өзгермейді.

11. Идеалды газдар үшін СР және СV қатынастары қандай?
а) CP=CV б) СP=CV +R в) СPCV г) CPCV

12. Келтірілген термодинамикалық функциялардың қайсысы ішкі энергияны сипаттады?
а) ΔН б) ΔU в) ΔG г)ΔF

13. Термодинамиканың 2-ші заңының аналитикалық сипаттамасын көрсетіңіз:
а) dS = dQ – dA; б) dS = S2 – S1; в) dS ≥ dQT; г) dS = Q.

14. Қандай термодинамикалық параметр тұрақты жағдайда ΔU процесс бағытын анықтайды?
а) р, Т; б) V, Т; в) р, S; г) V, S.

15. Т = сonst; р = сonst жағдайда қандай термодинамикалық потенциал өздігінен өтетін процесс бағытын анықтайды:
а) изобара-изотермиялық потенциал;
б) изохора-изотермиялық потенциал;
в) энтропия;
г) ішкі энергия.

16. Оқшауланған жүйеде қайтымсыз кристалданған зат үшін энтропия қалай өзгереді?
а) артады;
б) кемиді;
в) өзгермейді;
г) қортынды айтуға болмайды.

17. Өздігінен өтетін процестер үшін р = сonst; Т = сonst жағдайда Гиббс энергия (изобаралы-изотермиялық потенциал) мәні қалай өзгереді:
а) ΔG0; б) ΔG 0; в) Δ G = 0; г) өзгермейді.

18. Оқшауланған жүйеде химиялық реакция өздігінен өнім түзілу бағытына жүреді. Бұндай жүйенің энтропиясы қалай өзгереді?
а) ΔS 0; б) ΔS 0; в) ΔS = 0; г) өзгермейді.

19. Суда еру процессі кезінде Гельмгольц энергия мәні қалай өзгереді?
а) артады; б) кемиді; в) өзгермейді; г) ΔF = 0.

20. Ашық жүйелер үшін қандай күй функциясы процесс бағытын анықтайды?
а) энтропия; б) энтальпия; в) Гиббс энергия; г) химиялық потенциал.



Ұқсас жұмыстар

Химиялық реакциялардың жылу эффектісі
Газ көлемінің ұлғаюы кезіндегі жұмыстар
Термодинамика және жылу техникасы негіздері
Термодинамика туралы түсінік
Термодинамика
Физикалық химия
Термохимиялық теңдеулер
Химиялық үдерістер туралы ілім. Термохимия негіздері
Термохимия жайлы жалпы түсінік
Термодинамика заңдары сұрақ-жауап түрінде (20 сұрақ)
Жасушаның химиялық құрыдысы туралы
Жарықтың химиялық әсері. Фотосурет.
Жасушаның химиялық құрыдысы
МҰНАЙХИМИЯЛЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Мұнайхимиялық синтезден көмірсутекті шикізаттарды алу
Отынды ұсатып жануға дайындау жүйесінің жылу есебі
Бұрғы қондырғыларының қозғалтқыштарының қазымдалған газдарының жылуын кәдеге асыру
Жылумен өңдеген кезде Жылқы еті қалай өзгереді?
Фосфор қышқылымен электрохимиялық тазалау
Хроматографияның физика – химиялық негіздері