Абай Құнанбаев

Абай Құнанбаевтың өмірі мен қалыптасуы

Абай Құнанбаев 1845 жылғы 29 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ жайлауында дүниеге келген.

Отбасы тәрбиесі және рухани орта

Болашақ ақын сабырлы мінезіне, кең пейіліне сай ел анасы атанған әжесі Зеренің мол қазынадай аңыз-ертегілерін тыңдап өсті. Әзіл-қалжыңға шебер, сөзге жүйрік анасы Ұлжан да оның тәрбиесіне ерекше ықпал етті. Ұлжан — сөз қадірін білетін, шешендігімен танылған жан еді.

Абай бала кезінде аса ширақ, пысық болмаса да, ел ішіндегі шешендер мен ақындарды, ертегі айтушыларды ықыласпен тыңдап, зеректігімен және білімге құштарлығымен ерекшеленді. Ол Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Шөже сияқты сөз шеберлерінің мұрасын естіп өсті.

Білім жолы

8 жас

«Еспітай» медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабитханнан оқыды.

10 жас

Әкесі Құнанбай зеректігін байқап, Семейдегі Ахмет Риза медресесіне берді.

Абай Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқыды. Үшінші оқу жылында ол осы қаладағы приход мектебіне де қосымша түсіп, онда үш ай орыс тілінен білім алды.

Ел ісіне араласуы

Құнанбай Абайдың өзге балалардан ерекше зеректігін ерте аңғарып, оны әрі қарай оқытпай, ел ісіне араласуға баулыды. Сөйтіп 13 жасар Абай әкесінің ықпалымен әкімшілік-билік жұмыстарына қатыса бастайды.

1875–1878 жылдары Қоңыркөкше еліне болыс болды.

Өмірінің соңы

Абай Құнанбаев 1904 жылы Балашақпақ жайлауында қайтыс болды.