Мүлік салығы

Жергілікті қаржы дегеніміз экономика қарым-қатынастарының жиынтығы. Мемлекеттік қаржылар құрамында мемлекеттік бюджет қарастырылады. Осы жұмыста сонымен қатар бюджетке түсетін түсімдердің бөлінуі, олардың қай салаға жұмсалатыны көрсетіліп отыр.
  Жергілікті қаржылар - бұл экономиканың қарым-қатынастар орталықтандырылған фондтардың қаржылық ресурстарының қалыптасуы, бөлінуі, қолданылуы кезінде пайда болатын ақша айналымының қалыптасуы.
  Жергілікті басқарудың экономикалық негіздері дегеніміз – қоғамдық қатынастарды  реттейтін, бекітетін жергілікті меншікті қалыптастыру мен, пайдаланушы мен, жергілікті бюджетпен және жергілікті құрылымы халқының қарамағындағы қаржылар мен байланысты құқықтық нормалардың жиынтығы.
  Жергілікті  басқарудың экономикалық негіздері оның шаруашылық еркіндігін қамтамасыз етеді, халықтық қажеттілігін қамтамасыз етуге қызмет жасайды. Оның өміршендігіне жағдай туғызады.
  Дипломдық жұмыстың мақсаты жергілікті жердің қаржылық-экономикалық жағдайын талдап, оның даму болашағын анықтау. Яғни, жергілікті басқарудың қаржылық және экономикалық негіздерінің теориялық аспектілерін қарастыра отырып, жергілікті басқарудың  қаржылық және экономикалық негіздерін талдау, жергілікті басқарудың қаржылық-экономикалық  негіздерін жетілдіру.
 Салық -  бүгінгі күннің өте  өзекті мәселесі. Еліміздің
экономиксының өркендеп , халық тұрмысының жақсару негізінен салық  үлкен роль атқарады.
 Салық  жүйесі  мемлекеттің  сәйкес  келетін  заңдылық  актілеріне негізделеді. Оның арқасында  салықтың  құрылуының  және  жиналуының нақты   әдістері,  яғни  салықтар  элементтері белгіленеді.
 Салықтың субъктісі  немесе салық  төлеуші – заң арқылы  салық төлеу міндеті  артылған  адам.  Бірақ  салықтың  ауыртпалығы  бағалар  механизмі  арқылы  басқа  тұлғаға  жүктелуі   мүмкін.  Сондықтан  арнайы  салық  төлем  қызметін атқарушы -  салықты  ақиқат төлейтін тұлға, белгіленеді.
 Салықтың объектісі -  салық есептелетін табыс немесе мүлік 
(жалақы,  пайда,    құнды қағаздар,  жылжымайтын мүліктер т.б.).
 Табыс көзі  - есебін салық  төленетін табыс.
 Салық ставкасы – салық салыну  бірлігіне келетін  салықтың  көлемі (табыстардың  ақша  түріндегі бірлігі, тауардың өлшем бірлігі және т.б.).
Прогресивтік ставкалар -  табыстың өсіп  отыруына байланыты прогресивттік салықтың орташа  ставкас өсіп отырады. Салық салуда  прогресивттік ставкасы бойынша  салық төлеуші табысының үлкен  үлесін төлейді. Прогресивтік салықтардың  зардабының үлкен табысы  бар  адамдар  тартады.
 Регрессивтік -  табыстың өсіп  отыруына  сәйкес. Регрессивтік салықтардың үлкен  табыстары  барларға  пайданы, ал  табыстары  көп емес  физикалық   және  заңды  тұлғалар  үшін  өте  ауыр  келеді.
  Салық  салу -  бұл табысты және қайнар  көздері  мемлекеттік құралдарды  толтыру  үшін  реттеуші  құрал. Мемлекет  пайда  болысымен  тарихи  салық  та  пайда  болды. Салық неше  ғасыр  бойы өмір  сүреді,   соншама  экономикалық теория оптималды салық салу  қағидасын  іздеуді  алғаш  рет  Адам Смит  қалыптастырған.
 Қазіргі заманғы  салық жүйесі бірнеше  қағиданы  қолданады:
  Жалпылай, яғни  табыс  табатын  барлық  экономикалық тұлғаларды дамыту;
 Тұрақтылық, яғни  уақытында  салық мөлшері мен  салық түрінің тұрақтылығы;
 Тең күштеу, яғни  салықты  салу  барлық  салық  төлеуші үшін  бірдей болуы керек;
 Міндеттеме, яғни  салықтың  мәжбүрлігі  төлеммен құтқармау,  салықты  төлеуде және есептеуде тұлғаның  дербестілігі;
 Әлеуметтік-әділеттілік, яғни  салық мөлшері және салық  жеңілдігін  құру, бұл аз  табысты  кәсіпорынға,  халыққа  аяушылық ықпал жасау;
 Салық жүйесі мемлекеттің заң актілерінде негізделеді,  мұнда салық  элементтері  құралады.
 Бұған кіретіндер:
1. Салық тұлғасы немесе  салық төлеуші, яғни  салық төлеу  міндетін артырған тұлға, ол  заңды және жеке тұлға бола алады.
2. Салық нысан,  яғни  табыс және мүлік,  осылардың салық  есептеу ( жалақы, табыс, бағалы қағаз,  қозғалмайтын мүлік).
 
 Салық көзі – бұл қоғамның таза  табысты нысандарының тәуелдігін байланысыз салық салу.
  Салық мөлшері -  салықтың  маңызды элементті, бұл элемент салым бірлігіне байланысты салық шамасын анықтайды.

Салық түрлері

 Акциздар

Акциздарды төлеушілер болып акцизделетін тауарларды өндіретін немесе акцизделетін қызмет түрлерін жүзеге асыратын, акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының территориясына импорттайтын жеке және заңды тұлғалар табылады.

 Жер салығы

Төлеушілер – меншік құқында, тұрақты жер пайдаланушы құқында және алғашқы қайтарымсыз уақытша жер пайдалану құқында салық салу нысандары бар жеке және заңды тұлғалар.

 Жеке табыс салығы

Жеке табыс салығын төлейтіндер – салық салу нысандары бар резидент және резидент емес жеке тұлғалар.

 Корпорациялық табыс салығы

Корпоративті табыс салығын төлейтіндер – жалпыға ортақ тәртіпті қолданатын ҚР-ның резидент-заңды тұлғалары, ҚР-да тұрақты мекеме арқылы өз қызметтерін жүргізіп жатқан резидент емес заңды тұлғалар

 қосымша құн салығы

ҚҰС дегеніміз – тауар (жұмыс, қызмет) өндірісі және айналымы процесінде қосылып, сатылған кезде салық салынатын айналымның бір бөлігін бюджетке төлеу, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының территориясына тауарды импорттаған кезде төленетін төлем.

 Көлік құралдарына салынатын салық

Төлеушілер – меншік құқында салық салу нысандары бар жеке тұлғалар, меншік құқында салық салу нысандары бар заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері.

 Cалыктар

Салық – мемлекет бекіткен, міндетті ақшалай немесе натурамен жасалатын төлем болып, белгілі бір мөлшерде, қайтарымсыз, эквивалентсіз және тұрақты түрде төленеді.

 Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері

Жер қойнауын пайдалану амалдарын орындау бойынша салық салу іс-әрекеттері табыстан тыс пайдаға, арнайы төлемдерге, бонустарға, роялтиға және т.с.с. салық салу тәртібін орнатады.

 Экспортталып жатқан мұнай, газды конденсат үшін ренталық салық

Мұны төлеушілер болып мұнай шикізатын, газды конденсатты экспортқа шығаратын жеке және заңды тұлғалар табылады, алайда бұлардың ішіне өнімді бөлісу туралы контракт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар кірмейді.

 әлеуметтiк салық

әлеуметтік салықты төлеушілер – заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар.

Салық түрлері
Жаңа Салық кодексіндегі салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды құрайды:
Салықтар:
1. Корпорациялық табыс салығы
2. Жеке табыс салығы
3. Қосылған құнға салынатын салық
4. Акциздер
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері
6. Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы
7. Әлеуметтік салық
8. Жер салығы
9. Көлік құралдарына салынатын салық
10. Мүлік салығы
11. ҚР жасалған келісім-шарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі
Бүгінгі күні республикада салық заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, әрі жетілдірілген жаңа Салық кодексі дайындалып, 2001 жылдың 12 маусымында қабылданды.
Уақыт ағымының әсеріне, заман талабына сай қабылданған Салық кодексінде келесідей мәселелерді шешуге басты назар аударылған.
Біріншіден , барлық шаруашылық субъектілеріне салықтандырудың тең жағдайын жасау.
Екіншіден , кейбір жекелеген категориядағы салық төлеушілерге берілген жеңілдіктерді жою арқылы салық жүктемесін жеңілдету.
Үшіншіден , салық заңдылығы жөніндегі барлық ережелер мен нормаларды тікелей қызмет ететін заң мөлшерінде біріктіру.
Төртіншіден, салық заңдылығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.



Ұқсас жұмыстар

Мүлік салығы
Мүлік салығының қызметі
Қазақстан Республикасындағы мүлік салығы және оның жетілдірудің ерекшеліктері
Мүлік салығын классификациялау
Шетел мемлекеттеріндегі мүлік салығының ерекшеліктері
Заңды тұлғалардың мүлік салығы
Жеке тұлғалардың мүлік салығы
Заңды тұлғаларға салынатын мүлік салығының экономикалық мазмұны
Мүлік салығын төлеушілермен салық салу объектілері
Мүлік салығының есептеу механизмі және төлеу тәртібі
Жеке тұлғалардың мүлік салығы
Жылжымайтын мүлікке салық салудың жалпы теориялық негіздері
Мүліктік салымдар негізінде өндірістік және шаруашылық қызметтің бірігуінде топпен құрылған кәсіпорын
Жер салығын анықтау үшін жер учаскесінің алаңы
Табыс салығы
Жеке тұлғалар өздерінің меншігіне негізделе отырып, тәуекелге бару және мүліктік жауапкершілік арқылы табыс табуға бағытталған бастамашылық қызмет - бұл
Мемлекеттік мүлікті басқару
Жеке табыс салығы
Қозғалмайтын мүлікке инвестициялар
Мүліктік және онымен байланысты мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқық саласы