Қазақ тіл білімінде көркем мәтіннің зерттелуі

Оқу-әдістемелік құжат

«Мәтінді лингвоталдау» пәні: студентке арналған жұмыс бағдарламасы

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті. Мамандығы: 5В011700 — Қазақ тілі мен әдебиеті. Кредит саны: 3. Басылым: №1 (2013).

Кафедра

Қазақ филологиясы

Мекенжай: 8-ғимарат

Сабақ туралы

Өтетін орын: 801-аудитория

Байланыс телефоны: 533763

Кіріспе және құжаттың рәсімделуі

Бұл құжат «Мәтінді лингвоталдау» пәні бойынша оқу үдерісін ұйымдастыруға арналған. Құжатта пәннің мақсаты мен міндеттері, оқыту нәтижелері, курс форматы, саясат, бағалау өлшемдері және негізгі әдебиеттер жүйеленген.

Әзірлеген

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Тәттімбетова Сымбат Жеңісқызы.

Келісу және бекіту

  • Кафедра отырысында қаралып, талқыланды (хаттама №___).
  • Факультеттің оқу-әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді (хаттама №___).
  • Оқу-әдістемелік кеңесте қолдау тауып, баспаға ұсынылды (18.09.2013).

1. Жалпы ережелер

1.1 Пән туралы қысқаша сипаттама

«Мәтінді лингвоталдау» пәні мәтін ішіндегі тілдік құрылым элементтерінің қолданылу ерекшеліктерін, олардың мағыналық және эмоциялық реңктерін айқындайды. Пән фонетика (дыбыс), лексикология (сөз), морфология (морфема), синтаксис (сөз тіркесі мен сөйлем) сияқты салалардың нысандарын тұтастай қамти отырып, олардың қатысымдық мақсатқа сай қызмет ету жағдайларын зерттейді.

Назарда

Мағына

Мәтіндегі мағыналық қабаттар мен астар.

Назарда

Реңк

Эмоциялық-экспрессивтік бояу.

Назарда

Қызмет

Тілдік бірліктердің мәтіндегі қызметі.

1.2 Оқытудың мақсаты

Пәннің мақсаты — көркем туындыны толық, терең және жан-жақты түсінуге қажетті талдау түрлерін меңгерту, әдеби шығарманың шынайы әрі көркем табиғатын таныту. Студенттер теориялық білімді тәжірибелік талдаумен ұштастырып, тілдік элементтердің құрылымдық ерекшеліктерін еркін пайымдай алатын деңгейге жетеді.

1.3 Оқытудың міндеттері

  • Көркем ойды бейнелейтін тіл құралдарының эстетикалық қасиетін ашу.
  • Көркем туындыны толық, терең әрі жан-жақты талдау дағдысын қалыптастыру.
  • Шығармадағы жекелеген сөздердің шығу тегі, қолданылу аясы мен жиілігін айқындау.
  • Мәтіндегі сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарының айырмашылықтарын көрсету.

1.4 Оқыту нәтижелері

  • Мәтінді лингвоталдау саласының өзекті мәселелерін меңгереді.
  • Білімін практикада қолдана алады.
  • Тілді талдаудың негізгі әдістерін игереді және теориялық талдау жасайды.
  • Көркем туындыны жан-жақты талдап, негізделген жеке пікір ұсына алады.
  • Жинақталған теориялық білімін жүйелейді.

1.5 Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизиттер

  • Тіл біліміне кіріспе
  • Қазақ тілінің стилистикасы
  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
  • Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы
  • Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы

Постреквизиттер

  • Қазақ тілінің лексикологиясы
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы
  • Жалпы тіл білімі
  • Қазақ тілінің фонетикасы

2. Пәннің мазмұны: модульдер мен тақырыптар

Төменде курстың мазмұны модульдер бойынша берілген. Тақырыптар лекция және тәжірибелік сабақтар арқылы меңгеріліп, ОСӨЖ және СӨЖ тапсырмаларымен бекітіледі.

1-модуль. Пәннің теориялық-әдістанымдық негізі

  • Көркем мәтінді лингвистикалық талдаудың міндеттері мен принциптері; әдіс-тәсілдері; синтетикалық, құрылымдық, статистикалық әдістер.
  • Қазақ тіл білімінде көркем мәтіннің зерттелуі; мәтінді лингвоталдауға қатысты зерттеулер.
  • Көркем мәтін түзілісінің стилистикалық-эстетикалық өрісі; поэзияда мәтін түзу; мазмұн мен форма бірлігі.

2-модуль. Көркем туындыларды тану және зерттеу

  • Көркем шығармадағы тілдік құбылыстардың өзара байланысы; автордың бейнеленетін мазмұнға қатынасы; дәстүр жалғастығы; жаңа ғылыми бағыттарға сүйену.
  • Автор баяндауы, суреттеу тілі және кейіпкер сөзі.
  • Көркем мәтіндегі дыбыстық қайталамалар.

3-модуль. Лексикалық-стилистикалық талдау және сөздің көркемдік сипаты

  • Қарсы мәндес сөздердің (антонимдердің) стильдік қолданысы: поэзия мен прозадағы қызметі.
  • Синонимдердің стильдік қолданысы; өлең мәтінін лингвистикалық талдаудың ерекшеліктері.
  • Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің қолданылу ерекшеліктері.
  • Фразеологизмдердің мәтіндегі жұмсалым аясы; поэзия мен прозадағы қызметі; перифраздар.
  • Мақал-мәтел, афоризмдер, этнографизмдер; лингвомәдени бірліктер; шешендік сөздер; дискурс.
  • Көріктеуіш құралдардың стильдік қызметі: теңеу, метафора, метонимия (табиғаты және мәтіндегі қолданылуы).

4-модуль. Грамматикалық тұлғалардың мәтіндегі қызметі

  • Мәтінді филологиялық талдау; лексика-семантикалық негіз; кәсіби, ауызекі, қарапайым, диалектілік қабаттардың тақырып пен идеяны ашудағы орны.
  • Сөз таптары, шылаулар, қос сөздер және олардың стильдік қызметі.
  • Сұраулы сөйлем, бірыңғай мүшелер, оқшау сөздер, атаулы сөйлемдер, тыныс белгілері, инверсия, парцелляция, күрделі синтаксистік тұтастық және айқындауыш мүшелерді мазмұнмен байланыстыра талдау.
  • Композициялық баяндау формалары: суреттеу, баяндау, ойталқы.

5-модуль. Лингвокогнитивтік талдау

  • Поэтикалық мәтінді когнитивтік тұрғыдан зерттеу; логика-психологиялық және философиялық аспектілер.
  • Мәтін типологиясы және функционалдық-стильдік жіктелім.
  • Пәнге қатысты глоссарий бойынша жұмыс.

3. Оқытудың әдістемелік нұсқаулары

Студент тәжірибе жүзінде кең қолданылатын және жан-жақты игерілген тілдік талдаудың негізгі әдістерін білуі тиіс. Ғылыми ой-өрісті қалыптастыруда мәтінтанудың ғылым ретінде қалыптасу тарихын түсіну маңызды: ол қоғамның әлеуметтік-мәдени шарттарымен, шектес ғылымдармен және практикалық шешімдермен тікелей байланысты.

4. Курс форматы

Аудиториялық жұмыс

Дәрістер, семинарлар, талқылаулар және әртүрлі тапсырмалар. Әр сабаққа негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалу талап етіледі.

Қатысу тәртібі

Дәрістегі негізгі ұғымдарды жазып алу — студенттің міндеті. Дәріске қатыспаған жағдайда материалды топтастарынан толықтырады. Оқытушы дәріс материалын жеке түрде қайта ұсынбайды.

ОСӨЖ және СӨЖ логикасы

  • ОСӨЖ мақсаты — мәтінтануға қатысты зерттеу еңбектерін талдау.
  • Өзіндік жұмыс білімді бекітумен қатар, жеке тілдік пайым мен зерттеушілік қабілетті дамытады.
  • Белсенділік қағидасы сақталады: студент алған білімін ғылыми-зерттеу және кәсіби қызметте қолдануға үйренеді.

Аралық бақылау ережесі

Аралық бақылауға қатыспаған студентке автоматты түрде 0 балл қойылады және бақылау жұмысын қайта тапсыруға жіберілмейді.

5. Курс саясаты

Курсты оқу барысында жиналған ұпайлар жинақталып, жиынтық баға шығарылады. Баға қоюда сабаққа қатысу, тапсырмалар, ОСӨЖ/СӨЖ, практикалық жұмыстар, кезеңдік және қорытынды бақылау нәтижелері толық ескеріледі.

  • Тапсырмалар уақытында орындалуы тиіс; барлық материалдар сессияның соңғы аптасына дейін тапсырылады.
  • Орташа ұпайды жинай алмаған студент емтиханға жіберілмейді.
  • Әр тақырып бойынша меңгеру деңгейі тест, бақылау, жатқа жазу түрлерімен тексеріледі.
  • Себепсіз сабақ босатсаңыз, қосымша шығармашылық жұмыс беріледі.
  • Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақ босатқанмен теңестіріледі.

6. Бағалау саясаты

Пән бойынша қорытынды ұпай 1000 баллдық жүйемен есептеледі: екі аралық кезеңнің әрқайсысы 300 ұпайдан және емтихан 400 ұпайдан тұрады.

1–8 апта

  • Дәріске қатысу30
  • Апталық жұмыстар (семинар, ОСӨЖ/ОЖСӨЖ, СӨЖ)270
  • Қорытынды ұпай300

9–15 апта

  • Дәріске қатысу30
  • Апталық жұмыстар (семинар, ОЖСӨЖ, СӨЖ)270
  • Қорытынды ұпай300

Емтихан

Қорытынды ұпай: 400

Академиялық кезең бойынша жалпы нәтиже

Жалпы ұпай: 1000

7. Әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер

  1. Сыздық Р., Шалабай Б., Әділова А. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау. Алматы, 2002.
  2. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. Алматы, 1999. — 197 б.
  3. Әлкебаева Д.А. М. Жұмабаев поэзиясының тілдік ерекшеліктері: диссертация. Алматы, 1993. — 152 б.
  4. Қожахметова Қ. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. Алматы: Мектеп, 1972. — 112 б.
  5. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. Алматы: Мектеп, 1978. — 192 б.
  6. Мұхаметқалиева Г. Тұрақты эпитеттің тілдік табиғаты. Филология.
  7. Нұржекеева Л. Метонимияның лингвистикалық табиғаты. Алматы: Қазақ университеті, 1992. — 80 б.
  8. Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі. Алматы, 1995. — 172 б.
  9. Сыбанбаева А.С. Метафораның тілдік болмысы және концептуалды метафоралар. Алматы: Қазақ университеті, 2002. — 161 б.
  10. Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. Алматы: Ғылым, 1968. — 334 б.
  11. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. Алматы: Санат, 1995. — 208 б.
  12. Шалабаев Б. Көркем проза тілі. Алматы: Білім, 1994. — 128 б.