Полифониялық шығарма
Репертуарды іріктеу қағидаттары
Бағдарлама бойынша талап етілетін музыкалық репертуар әрбір студенттің техникалық орындау деңгейіне қарай іріктеледі.
Бағдарламаға міндетті түрде полифониялық және күрделі формалы шығармалар (соната, вариациялар) енгізіледі. Репертуар стильдік, формалық және жанрлық тұрғыдан әртүрлі болуы тиіс.
Межелік бақылауға тапсырмалар
- Полифониялық шығарма
- Күрделі формалы шығарма немесе вариациялар
Бағалау критерийлері
61–70 балл — өте жақсы
- Орындаушылық шеберлік пен сахналық мәдениет жоғары деңгейде.
- Орындау сапасы кәсіби талаптарға сай; ойнау техникасы орнықты және сенімді.
- Шығармашылық тұжырым автордың көркем ойына, мәтін мен музыкалық материалға, композиторлық және орындаушылық мәнерлеу құралдарына толық сәйкес.
41–60 балл — жақсы
- Орындаушылық шеберлік пен сахналық мәдениетті көрсете алады.
- Орындау сапасы кәсіби талаптарға негізінен сай.
- Шығармашылық тұжырым авторлық ойға және мәнерлеу құралдарына барынша жақын.
21–40 балл — қанағаттанарлық
- Орындаушылық шеберлік пен сахналық мәдениет жеткілікті деңгейде ғана көрінеді.
- Орындау сапасы орташа: мәтінде қателер кездеседі, орындау барысында бірнеше рет тоқтап қалуы мүмкін.
- Шығармашылық тұжырым автордың көркем ойына және мәнерлеу құралдарына толық сай емес.
0–20 балл — қанағаттанарлықсыз
- Аспапта орындау деңгейі төмен; шығарманы жатқа орындамайды.
- Орындаушылық шеберлік пен сахналық мәдениет төмен деңгейде.
- Шығармашылық тұжырым авторлық ойға, мәтінге және мәнерлеу құралдарына сәйкес келмейді.
Негізгі музыкалық аспап бойынша үлгі репертуар
Этюдтар
Черни К.
- Этюдтар, соч. 821
- Соч. 139: №19, №36, №71, №100
- Соч. 599: №69
- Соч. 849: №16
- Соч. 299: №5, №31
Беренс Г.
- Этюдтар, соч. 70: №33, №43, №44, №48, №50, №71
Басқа жинақтар
- Беркович И. — этюдтар
- Шитте А. — этюдтар
Қазақстан және шетел композиторларының шығармалары
- Брусиловский Е. — «Жайдарман»
- Брусиловский Е. — «Бесік жыры»
- Гедике А. — «Танец»
- Дастенов Ж. — «Осенняя мелодия»
- Жұбанов А. — «Тәжік биі»
- Жұбанова Г. — «Күй»
- Мелартин Э. — «Утро»
- Майкапар С. — «В садике»
- Моцарт Л. — «Юмореска»
- Прокофьев С. — «Марш»
- Хачатурян А. — «Андантино» (c-moll)
Полифониялық шығармалар
И. С. Бах — «Жақсы темперленген клавир» жинағы.