Мемлекетгік орган мемлекетгік басқару субъектісі ретінде

Әдістемелік құжат

Курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті. «Мемлекеттік басқару теориясы» пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған нұсқаулық (басылым №1, 08.09.2015).

Мамандық

5В051000 — Мемлекеттік және жергілікті басқару

Құрастырушы

Самиева Гүлмира Төлеуғалиқызы, аға оқытушы

Менеджмент және маркетинг кафедрасы

Жылы

Семей, 2015

Алғы сөз және бекіту тәртібі

Талқыланған

«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының отырысында талқыланды (28.08.2015, №1 хаттама).

Кафедра меңгерушісі
А. Койчубаев

Бекітілген

Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің Оқу-әдістемелік бюросының отырысында бекітілді (08.09.2015, №1 хаттама).

ОӘБ төрағасы
С. Тойкин

1) Курстық жұмысты орындау бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар

Мақсаты

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты — студенттің теориялық білімін тереңдету және күнделікті (сондай-ақ болашақта да) болып отыратын экономикалық және әлеуметтік үдерістерді мемлекеттік, салалық және аймақтық деңгейде басқару тәжірибесін талдай білуін қалыптастыру. Талдау нәтижесінде басқару тәжірибесінің салыстырмалы артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, кемшіліктерді болдырмаудың жолдары мен әдістерін ғылыми-әдіснамалық және ұйымдастырушылық тұрғыдан негіздеу көзделеді.

Оқу жоспарына сәйкес осы мақсаттарға қол жеткізу үшін «Мемлекеттік басқару теориясы» пәні бойынша курстық жұмыс жазу қарастырылған.

Мәні, әдістемесі және негізгі сатылары

Курстық жұмыстың мәні — жинақталған ресми, әдеби-статистикалық және болжамдық материалдарды жүйелі сараптап, алынған тұжырымдар мен қорытындыларды тақырыпты терең ашатындай логикалық бірізділікке келтіру және жұмысты студенттің өз сөзімен сауатты баяндауға үйрету. Бұл дағды, әдетте, кейін дипломдық жұмыс жазуға ұласады.

1-қадам

Әдебиетті іріктеу және конспектілеу

Тақырыптың ғылыми-әдістемелік негізін толық меңгеру үшін қажетті дереккөздерді анықтап, оқып-үйрену және маңызды бөліктерін жазбаша жинақтау.

2-қадам

Ресми деректерді талдау

Ғылыми-теориялық тұжырымдарды тәжірибедегі жағдайлармен салыстыру үшін ресми материалдар мен динамикалық, құрылымдық, мөлшерлік және сапалық көрсеткіштерді терең талдау.

3-қадам

Нәтижені негіздеу

Жұмысты логикалық жүйеге келтіріп, зерттеу объектісінің басқару механизмдерін жетілдіру жолдарын және экономикалық-әлеуметтік тиімділікті арттыру тәсілдерін негіздеу.

Ұйымдастыру тәртібі

  1. 1 Кафедра мәжілісінде алдын ала бекітілген тақырыптар тізімі студенттерге беріледі.
  2. 2 Студент тақырыпты таңдап, әдебиеттер тізімін жасайды және жоспар жобасын дайындап, ғылыми жетекшімен бірлесе нақтылайды.
  3. 3 Әдістемелік талаптарға сай жазылған жұмыс ғылыми жетекшіге тапсырылады.
  4. 4 Ғылыми жетекшінің ұсынысына сәйкес жұмыс түзетіліп, жетілдіріледі. Жұмыс жарамсыз деп танылса, қорғауға жіберілмейді.
  5. 5 Жарамды деп танылған жұмыс кафедра шешімімен құрылған арнайы комиссия алдында белгіленген тәртіппен қорғалады.

Қорғау кезінде студент тақырыпты өз бетінше терең зерттегенін, әдеби-статистикалық материалдарды меңгергенін, негізгі қорытындыларын тұжырымдай алғанын және теориялық-практикалық сұрақтарға жауап бере алатынын дәлелдеуі тиіс. Олай болмаған жағдайда комиссия теріс баға беріп, қайта өңдеуге мерзім белгілейді.

Рәсімдеу талаптары (формат, көлем, құрылым)

Бет пішімі және өрістер

  • Негізгі формат: A4 (210×297). Кесте/сурет үшін қажет болса A3 (297×420) қолдануға болады.
  • Өрістер: сол, жоғарғы, төменгі — кемінде 20 мм; оң жақ — 10 мм-ден аспауы тиіс.
  • Абзац шегінісі: 1,25 см. Жоларалық интервал: 1,5.
  • Көлемі: 30–35 беттен кем болмауы керек.

Тақырыпшалар және арақашықтық

  • Құрылымдық элементтердің және негізгі бөлім бөлімшелерінің атаулары жол ортасына, бас әріппен, нүктесіз жазылады.
  • Бөлімше атауларында сөз тасымалдауға болмайды; атаудан кейін нүкте қойылмайды және асты сызылмайды.
  • Егер бөлімше атауы бірнеше сөйлемнен тұрса, сөйлемдер нүктемен ажыратылады.
  • Бөлімше атауы мен мәтін арасында кемінде екі интервал болуы тиіс; бөлімше мен кіші бөлімше атаулары арасында кемінде бір интервал.

Бет нөмірлеу

Беттер араб цифрларымен белгіленеді: нөмірі төменгі оң жақта, нүктесіз және сызықшасыз жазылады.

Титул беті, мазмұны және қосымшалар жалпы есепке кіреді, бірақ олардың бет нөмірі көрсетілмейді.

A3 форматындағы бет бір бет ретінде есептеледі.

Дереккөздер, сілтемелер, кестелер және суреттер

Қолданылған әдебиеттер тізіміне қойылатын талаптар

Әдебиеттер тізімінде міндетті түрде заңдар, нормативтік құқықтық актілер, жарғылар, бағдарламалар (соңғы түзетулер мен өзгерістермен), газеттер мен журналдар, оқулықтар (соңғы 5 жыл), сондай-ақ интернет-ресурстар (нақты сілтемесі көрсетілуі тиіс) берілуі керек.

Ұсынылатын реттілік

  1. 1 Заңдар, нормативтік құқықтық актілер, жарғылар, бағдарламалар
  2. 2 Оқулықтар
  3. 3 Газеттер, журналдар
  4. 4 Интернет-ресурстар

Сілтеме беру ережесі

Мәтін ішінде әдебиеттерге, кестелерге және суреттерге міндетті түрде сілтеме жасалады. Сілтемелер квадрат жақшада беріледі.

Мәтін ... [2]

Суреттерді рәсімдеу

  • Суреттер (қосымшалардан басқа) араб цифрларымен тұтас нөмірленеді. Жалғыз сурет болса — «Сурет 1».
  • Сурет сөзі және атауы жол ортасына орналастырылады.
  • Қосымшадағы суреттер жеке нөмірленеді: мысалы, «Сурет А.3».
  • Бөлім ішінде нөмірлеуге болады: мысалы, «Сурет 1.1».
Сурет 1 — Банк жүйесінің құрылымы

Кестелерді рәсімдеу

Кестелер көрсеткіштерді ыңғайлы әрі көрнекі көрсету және салыстыру үшін қолданылады. Әр кестенің нақты, қысқа атауы болуы тиіс. «Кесте» сөзі және нөмірі атаудың алдында беріледі.

  • Кестелер (қосымшалардан басқа) араб цифрларымен тұтас нөмірленеді.
  • Қосымшада: «Кесте В.1» сияқты белгіленеді.
  • Бөлім ішінде нөмірлеуге болады: «Кесте 1.1».
  • Кестеге мәтінде міндетті түрде сілтеме жасалады.

Көпжолды кестені тасымалдау

Жолдары көп кестелер келесі бетке тасымалдануы мүмкін. Тасымалдау кезінде келесі бетте «Кесте» сөзі және нөмірі жоғарғы сол жақта, ал қалған бөліктерде «Кестенің жалғасы» деп көрсетіледі. Кесте атауы тек бірінші бөлігінде жазылады.

Қосымшалар

  • Барлық қосымшаларға мәтінде сілтеме жасалуы тиіс.
  • Қосымшалар сілтеме беру ретімен орналастырылады және әр қосымша жаңа беттен басталады.
  • «Қосымша» сөзі және белгісі беттің жоғарғы ортасына жазылады; атауы бас әріптен басталады.
  • Қосымшалар орыс алфавитінің бас әріптерімен белгіленеді (Е, З, Й, О, Ч, Ы, Ь, Ъ әріптерінен басқа).
  • Егер бір ғана қосымша болса, «Қосымша А» деп көрсетіледі.
  • Қосымшалар жалпы бет санына қосылады.

2) Курстық жұмыс тақырыптары

Төмендегі тізім — «Мемлекеттік басқару теориясы» пәні бойынша курстық жұмыстарға ұсынылатын тақырыптардың үлгісі.

1

Мемлекеттік басқарудағы өзін-өзі басқарушылық өзгерістер тенденциясы

2

Қазіргі жағдайда мемлекеттік басқару стилін дамыту мәселелері

3

Мемлекеттік басқару субъектісін тиімді ұйымдастыру және қызмет ету мәселелері

4

Басқару қызметінің өнімділігін арттыру мәселелері

5

Басқарушылық шешімдерде заңдылықты қамтамасыз етудегі тәртіптің рөлі

6

Қоғамдық пікір — мемлекеттік басқаруды бағалау құралы

Тақырыптар тізімі (толық)

  1. 7. Мемлекеттік орган мемлекеттік басқару субъектісі ретінде
  2. 8. Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу құрылымы және оны жетілдіру бағыттары
  3. 9. Мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері
  4. 10. Мемлекеттің пайда болуы және оны ұйымдастыру қажеттілігі
  5. 11. Мемлекет нысандары
  6. 12. Ел экономикасы мемлекеттік басқарудың объектісі ретінде
  7. 13. Қазақстандағы мемлекеттік құрылыс процесі және мемлекеттік басқарудың конституциялық негіздері
  8. 14. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі ретінде
  9. 15. Мемлекеттік билік экономикалық және саяси жүйенің қалыптасуына ықпал етуші негізгі фактор ретінде
  10. 16. Мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен қызмет ету қағидалары
  11. 17. Мемлекеттік орган мемлекеттік механизмнің негізгі элементі ретінде
  12. 18. Мемлекеттік басқарудың ақпараттық жүйесі және оны жетілдіру қажеттілігі
  13. 19. Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру
  14. 20. Қазақстандағы экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру
  15. 21. Мемлекеттік басқару жүйесінде ақпарат ағындарын ұйымдастыру және олардың шынайылығы
  16. 22. Мемлекеттің әртүрлі жүйелері мен нысандарының сипаттамасы
  17. 23. Басқару стилін жетілдіру және мемлекеттік басқарудағы жауапкершілік
  18. 24. Мемлекет қоғамдық үдерістерді басқару субъектісі ретінде
  19. 25. Экономика дамуындағы мемлекеттің рөлі және негізгі қызметтері
  20. 26. Азаматтық қоғамдағы мемлекеттік саясат
  21. 27. Президенттік басқару нысанындағы мемлекеттік басқару ерекшеліктері (елдер үлгісінде)
  22. 28. Парламенттік басқару нысанындағы мемлекеттік басқару ерекшеліктері (елдер үлгісінде)
  23. 29. Унитарлық құрылым нысанындағы мемлекеттік басқару ерекшеліктері
  24. 30. Федеративті құрылым нысанындағы мемлекеттік басқару ерекшеліктері
  25. 31. Мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақтылығы мен серпінділігі
  26. 32. Мемлекеттік басқару мақсаттарын құқықтық және басқа ресурстармен қамтамасыз ету мәселелері
  27. 33. ҚР мемлекеттік басқару органдарының жүйесі және олардың функционалдық міндеттері
  28. 34. Қазақстандағы басқарушылық қызметтің құрылымы
  29. 35. Елдегі мемлекеттік құрылым мен ұлттық үдерістердің өзара байланысы
  30. 36. Мемлекеттік басқару әдістері мен қағидаларының ерекшеліктері
  31. 37. Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің негізгі нысандары
  32. 38. Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің құрылымы және оны жетілдіру бағыттары
  33. 39. Мемлекеттік басқарудың мәні және объективті-субъективті негіздері
  34. 40. ҚР-дағы мемлекеттік қызметтің құқықтық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуі
  35. 41. Мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі (елдер үлгісінде)
  36. 42. Экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылым үлгілері
  37. 43. Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік биліктің «төртінші тармағы» ретінде
  38. 44. Мемлекеттік басқарудағы ақпараттық жүйе ұғымы және оның техникалық базасын дамыту қажеттілігі
  39. 45. Мемлекеттік басқарудың функционалдық аспектісі
  40. 46. Бағалау — мемлекеттік басқаруды жетілдіру көзі және таным нәтижесі
  41. 47. Азаматтардың жүгінуі — мемлекеттік басқаруды бағалау нысаны
  42. 48. Мемлекеттік басқару жүйесі және негізгі элементтері
  43. 49. Мемлекеттік басқарудың әдістемелік негіздері
  44. 50. Мемлекеттік басқарудағы саяси режим ұғымы және оның түрлері
  45. 51. Мемлекеттік басқарудың объективті қажеттілігі, мүмкіндігі және шегі
  46. 52. Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік және экономикалық тиімділігі
  47. 53. Мемлекеттік басқару және басқару шешімдерінің әлеуметтік тиімділігі
  48. 54. Мемлекеттік басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету және тәртіп мәселелері
  49. 55. Мемлекеттік басқарудың әртүрлі жүйелерінің сипаттамасы
  50. 56. Басқару стилін жетілдіру және мемлекеттік басқарудағы жауапкершілік
  51. 57. Мемлекеттік басқарудың негізгі әдістері және олардың басымдығы
  52. 58. Қазіргі жағдайда мемлекеттік басқару қағидаларын қолдану мәселелері
  53. 59. Әлеуметтік-экономикалық ағымдарды басқаруда мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың арақатынасы
  54. 60. Мемлекеттік басқару қоғамдық даму институты ретінде және оның ерекшеліктері
  55. 61. Басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері
  56. 62. Мемлекеттік басқарудың ұйымдық негіздері
  57. 63. Мемлекеттік басқару қоғамдық даму институты ретінде және оның ерекшеліктері
  58. 64. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырылуы және оның негізгі нысандары
  59. 65. Басқару деңгейлері бойынша мемлекеттің экономикалық функцияларын бөлу
  60. 66. Мемлекеттік басқарудың объективті қажеттілігі
  61. 67. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды айқындайтын факторлар
  62. 68. ҚР билік органдарының ұйымдастырушылық құрылымы
  63. 69. Басқарудың қоғамдағы рөлі
  64. 70. Мемлекеттік басқарудың мәні және негіздері
  65. 71. Мемлекеттік басқаруда құқықтық қамтылуды жетілдіру
  66. 72. Мемлекеттік басқару нәтижелерін кешенді бағалау және басқару тиімділігінің түрлері
  67. 73. Қазақстандағы мемлекеттік құрылыстың және мемлекеттіліктің тарихи аспектісі
  68. 74. Мемлекеттік басқару қағидаларын негіздеу, олардың нысандары және қолдану тиімділігі
  69. 75. ҚР және жақын/алыс шет елдердің мемлекеттік билік органдары жүйесін салыстыру
  70. 76. ҚР Конституциясының қоғам дамуына ықпалы
  71. 77. Мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеудің қазіргі жүйесі

3) Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер

  1. 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Юрист, 2003.
  2. 2. Ихданов М.С. Мемлекеттік басқару теориясы. Алматы, 2007.
  3. 3. Жоламан К.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2007.
  4. 4. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2011.
  5. 5. Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Курс лекций. М., 2007.
  6. 6. Богачек И.А. Философия управления. Очерки профессионального управленца. СПб., 2005.
  7. 7. Дауранов И.Н. Организация государственного управления: монография. Алматы: НВШГУ, 2007.
  8. 8. Мамыров Н.К., Саханова А.Н. және т.б. Государство и бизнес. Алматы: Экономика, 2005.
  9. 9. Чиркин В.Е. Государственное управление. М.: Юрист, 2003.

Қосымша әдебиеттер

  1. 1. Атаманчук В.Г. Современная концепция государственного управления преподавания. Ростов-на-Дону, 2003.
  2. 2. Ағдарбеов Т. Мемлекет және құқық. Алматы, 2003.
  3. 3. Баянов Е. Әкімшілік құқық. Алматы, 2007.
  4. 4. Оболонский А.В. Человек и государственное управление. Москва, 2004.
  5. 5. Сафаров Р.А. Общественные мнение и государственное мнение. Москва, 2003.
  6. 6. Мұқтар Е.С. Жергілікті басқару және өзін-өзі басқару. ҚазҰУ хабаршысы, Экономика сериясы, 2007, №3 (55).
  7. 7. Избанов М. «Мемлекеттік қызметші беделі — мемлекеттің беделі». Егемен Қазақстан, 2007, 6 ақпан.
  8. 8. Алдашева А. Ресми ісқағаздары. Астана, 2000.
  9. 9. Торегожина М.Б. Экономиканы мемлекеттік реттеу. Алматы, 2008.
  10. 10. Қайкен Ж.Б. Экономиканы мемлекеттік реттеу. Семей, 2009.

Курстық жұмыс титул парағы (үлгі)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Факультет

Мамандық

Кафедра

Курстық жұмыс

Тақырыбы

Орындады

Курс

Оқу формасы

Аты-жөні

Қолы

Жұмыс жетекшісі

Лауазымы, атағы

Аты-жөні

Бағасы

Қолы

Күні

Семей, 2015 жыл

Бұл үлгі нысан ретінде берілген, деректер оқу талаптарына сәйкес толтырылады.