Сиқырлы қобдиша жаттығуы
№ 8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім мен тәрбие беру мектеп-кешені
2012–2013 оқу жылы
Ұйымдастырушы: мектеп психологы Нұрмұхаметова Ж.Д.
Форматы: 10-сынып оқушыларына арналған топтық-психологиялық тренинг
Тренинг тақырыбы: «Мен және менің ортам»
Мақсаты
Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екенін түсіндіру. Оқушыларды бақытты өмір сүру үшін өзін психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін тануға, дұрыс қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға және жағымды «Мен» тұжырымдамасын дамытуға тәрбиелеу.
Негізгі идея
Тренинг — бұл сабақ емес, тәжірибелік әдіс. Ол ойын мен жаттығулар арқылы адамның өзін тануына және қарым-қатынас дағдыларын түзетуге көмектеседі.
Міндеттері
- Адамдар арасындағы қарым-қатынастың мәнін түсіну.
- Өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді танып, түзетуге бағыт беру.
- Сыныптағы өз орнын және өз ортасын танып-білуге көмектесу.
- Сыныпта белсенді жұмыс жасауға түрткі болатын ниет қалыптастыру.
Көрнекіліктер мен құралдар
Тренинг құрылымы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, қатысушыларға тренингке келгендері үшін алғыс айту.
II. Мақсат-міндеттерді хабарлау
Тренингтің мәнін түсіндіру: бұл — тәжірибелік жұмыс, ойын мен жаттығулар арқылы қарым-қатынас мәдениетін дамытуға және жағымды «Мен» бейнесін қалыптастыруға бағытталған үдеріс. Қатысушылардан белсенділік пен шынайы ниет сұралады.
III. Тренинг ережелері
Тренинг — ойын. Ал әрбір ойын нақты ережелерді қажет етеді. Психолог ережелердің мағынасын қысқаша түсіндіреді.
- Бір-бірін «визиткада» көрсетілген есімімен атау.
- Бір адам сөйлейді, қалғандары тыңдайды.
- Болып жатқан іске белсенді қатысу.
- Әркім өз пікірін айтуға құқылы.
- Ой мен сезімді «осында және қазір» айту.
- Жұмысты басынан аяғына дейін толық орындау.
IV. Негізгі бөлім
Қатысушыларды таныстыру, өзін-өзі тану, өзгенің көзімен өзін бағалау, қолдау мәдениетін қалыптастыру және конструктивті кері байланыс беру дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығулар орындалады.
V. Қорытынды бөлім
Ішкі қорытынды жасау, өз сезімін байқау, кері байланыс беру және тренингті аяқтау.
Тренингтің жүру барысы
1) Амандасу – таныстыру жаттығуы
Әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне сәйкес жеке қасиетін қосып айтады.
Мысал
«Мен Бақытнұр — бақытты қызбын».
2) «Автопортрет» жаттығуы
Әр қатысушыға екі бет беріледі. Өзін сипаттауды тек бір бетке жазу қажет. 2 минуттан кейін тренер есімдері жазылған беттерді жинап алады.
Тапсырма
Сіз бейтаныс адаммен кездескелі тұрсыз делік. Ол сізді бірден тануы үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен ерекшелендіретін белгілерді көрсетіңіз: бет-әлпет, жүріс-тұрыс, сөйлеу мәнері, киім киіс, назар аударарлық ым-ишаралар және т.б.
Ескерту: рефлексия келесі жаттығудан кейін жасалады.
3) «Мен — басқаның көзімен» жаттығуы
Тренер алдыңғы жаттығуда жиналған автопортреттерді кезекпен оқиды. Қатысушылар сипаттама кімге тиесілі екенін табады. Портрет иесі ортадағы орындыққа отырады.
Қатысушының әрекеті
Портрет қайтарылып беріледі. Қалғандары ол туралы пікірін айтады. Өз бағалауыңызбен сәйкес келген қасиеттердің жанына «+» белгісін қойыңыз.
Толықтыру
Өзіңіз байқамаған қырларды екінші бетке жазып, автопортретті толықтырыңыз.
Рефлексия
Шеңбер бойынша: қанша сәйкестік болғанын және «басқаның көзімен» қанша жаңа қасиет қосылғанын айту.
4) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы
Қатысушылар шеңберге тұрады. Ортада «сиқырлы қобдиша» болады. Ішінде қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер — «сыйлықтар».
Әр қатысушы кезекпен бір «сыйлықты» алып, ондағы қасиетті өзіне лайық деп санаған адамға тарту етеді. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, әркім өзіне берілген қасиетті дауыстап айтады.
Рефлексия
Егер қоршаған орта сізді осы қасиетке лайық деп таныса, бір-бірімізді қошеметпен қолдайық. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!
5) «Өрмекші торы» жаттығуы
Қатысушылар шеңберге тұрады. Барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен басталса, сол адамға қайта келіп, «өрмек» толық жиналуы керек.
1-кезең: қолдау
Әркім достарына тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын айтып, жіпті саусағына іледі. Осылайша өрмек тоқылады.
2-кезең: сын және түзету
Өрмекті кері бағытта, сол ізбен жинай отырып, достарының бойындағы қажет емес қасиеттері мен қылықтарын конструктивті түрде айту.
Рефлексия
Айтылған тілек пен сынды қабылдай аламыз ба?
Сын орынды айтылды ма?
Мақсат — «сын түзелмей, мін түзелмейді» қағидасын ескеріп, айтылған ескертулерден қорытынды шығару және қайталамауға ұмтылу.
Осыдан кейін қысқа «тыныштық сәті» ұйымдастырылады.
Қорытынды бөлім
1) «Жүйрік ой» жаттығуы
Ақырын әуен қосылады. Төмендегі сұрақтарға іштей, өзіңізге ғана жауап беріңіз:
- Маған қажет қасиеттер: …
- Олардың кейбірі менің бойымнан табылады. Олар: …
- Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажет ететін қасиеттерім: …
- Менің жанымнан мына адамдардың болғанын қалар едім, себебі: …
Рефлексия
Жаттығуды орындағаннан кейін өзіңізді қандай сезімде болғаныңызды бөлісіңіз.
2) «Қайта байланыс» жаттығуы
Оқушылар шеңберге тұрады. Допты кезекпен алып, тренинг туралы ойын айтады:
Сұрақ 1
Тренингте ең алдымен не ұнады?
Сұрақ 2
Не ұнамады?
Сұрақ 3
Өзің үшін қандай жаңа нәрсе білдің?
«Алған әсеріңіз қандай?»
Қатысушылар өз әсерін үлестірмелі смайлик-карточкалар арқылы білдіреді.
Қорытынды
Қатысушыларға алғыс айтылып, тренинг аяқталады.