Дәрілік өсімдіктің фармако - биологиялық маңыздылығы мен ветеринариялық мақсаттағы ерекшелігі
Ветеринариялық фитотерапия модулі аясындағы қосымша тақырыптар
«Ветеринариялық фитотерапия» пәнінің №1 модулі (ОӘК 042.18-24.1. 6402-2014) бойынша «Ветеринариялық фитотерапияға таным» тарауында қамтылған материалдарды іс жүзінде теориялық-практикалық тұрғыда меңгеру деңгейін анықтау үшін төмендегі тақырыптар қосымша қарастырылады.
Қарастырылатын бағыттар
- Өсімдіктің және дәрілік шикізаттың ботаникалық сипаттамасы: өсімдіктің морфологиялық белгілері, таралу аймағы, анықтау ерекшеліктері және дәрілік шикізатқа қойылатын негізгі талаптар.
- Фармако-биологиялық маңыздылығы және ветеринариядағы қолданылу ерекшелігі: биологиялық әсері, ықтимал көрсетілімдері, қолдану шектеулері және жануар түрлеріне байланысты айырмашылықтары.
- Дәрілік шикізаттан препараттық формаларды дайындау: дәрілік формаларды әзірлеу ережелері, технологиялық кезеңдері және негізгі әдіс-тәсілдері.