Қан тоқтату
ВМ мамандығы бойынша оқитын 4 курс студенттеріне Ветеринариялық хирургия-2 пәнінен
МБ-1 тапсырмалары
Эссе тақырыптары:
Жануарлардың жарақаттанулары және оның алдын алу
Бақылау сұрақтары
1 Ветеринариялық жалпы хирургияның мақсаты мен міндеттері
2 Хирургиялық ауруларға малдарды зерттеу әдістері
3 Хирургиялық ауруларды емдеуде ұлпа дәрмектерін қолдану
4 Хирургиялық ауруларды емдеуде новокайн блокадаларын қолдану
5 Хирургиялық ауруларды емдеуде қолданылатын заманауй антибактериалдық дәрілер
6 Жарақаттар, жіктелуі
7 Ашық механикалық жарақаттар, этиологиясы, түрлері
8 Ашық механикалық жарақаттарды анықтау, емдеу
9 Жарақаттанған жануарларға қан және қан алмастыратын ерітінділерді құю
10 Тесілген жарақаттардың ерекшелігі, емі
11 Жабық механикалық жарақаттар, этиологиясы, түрлері
12 Жабық механикалық жарақаттарды анықтау, емдеу
13 Жабық механикалық жарақаттарды емдеудің физикалық әдіс тәсілдері
14 Жарақаттық қабыну, емі
15 Соғылу, дәрежелері, сипаттамалары
16 Соғылу, анықтау, емдеу
17 Созылу, анықтау, емдеу
18 Басылу, этиологиясы, анықтау, емдеу
19 Жануарлардың бөгде заттармен жарақаттанулары, этиологиясы, анықтау, емдеу
20 Жануарлардың селеу ауруы, этиологиясы, анықтау, алдын алу
21 Жоғарғы температурадан болған күйік, дәрежелері, сипаттамалары
22 Жоғарғы температурадан болған күйік, анықтау, емдеу
23 Үсіну, анықтау, емдеу
24 Электрожарақаттар, анықтау, емдеу
25 Сәуле жарақаттары, анықтау, емдеу
26 Жарақаттық шок, емі
27 Жарақаттық қан ағу, түрлері
28 Жарақаттық қан ағу, анықтау, емдеу
29 Гематома, этиологиясы, емдеу
30 Лимфоэкстравазат, этиологиясы, анықтау, емдеу
31 Хирургиялық аэробты іріңді инфекция, этиологиясы, анықтау, емдеу
32 Абцесс, этиологиясы, анықтау, емдеу
33 Флегмона, этиологиясы, анықтау, емдеу
34 Анаэробты хирургиялық инфекция, этиологиясы, анықтау, емдеу
35 Газды гангрена, этиологиясы, анықтау, емдеу
36 Жарақаттық шіру (некроз), этиологиясы, анықтау, емдеу
37 Сепсис, этиологиясы, анықтау, емдеу
38 Гангрена, этиологиясы, анықтау, емдеу
ТЕСТЕР
1
Жарақаттанған жануардың естен тануы:
A) Қатты қорқу.
B) Жарақаттан болған шок.
C) Клиникалық өлім.
D) Қатты шошыну.
E) Талықсу.
2
Жарақаттан болған шокты емдеу:
A) Шоктың себебін жою.
B) Жалпы және жергілікті ауырсындырмау жасау.
C) Ашық және жабық механикалық жарақаттарын емдеу.
D) Жүрек, өкпе жұмысын жақсартатын дәрілер егу.
E) А, В, C және D тармақтарында көрсетілген емдер.
3
Жүрек қан тамыр жүйесі қызметінің әлсіреп, қан қысымының кенеттен төмендеуі, малдың талықсуы:
A) Жарақаттан болған шок.
B) Клиникалық өлім.
C) Коллапс.
D) Эректильді шок.
E) Торпидтік шок
4
Коллапстың себептері:
A) Жарақаттан көп қан кету.
B) Күю, улану.
C) Қатты шаршау.
D) Қатты шошу.
E) А, В, С және D тармақтарында көрсетілген емдер.
5
Коллапста ветеринариялық көмек көрсету:
A) Себебін жою, малды салқын, тыныш жерге қою.
B) Қан тоқтату.
C) Қан тамырына қан, физиологиялық ерітінді, 40 % -ды глюкоза құю.
D) Жүрек, өкпе жұмысын жақсартатын дәрілер егу .
E) А, В,С және D тармақтарында көрсетілген емдер.
6
Механикалық жарақаттардың түрлері:
A) Күю, үсу.
B) Жүйке - стрестік, сәуле жарақаты.
C) Механикалық, физикалық.
D) Химиялық, биологиялық.
E) Ашық, жабық.
7
Сыртқы ортаның механикалық әсерлерінен тері мен кілегей қабықтардың, сондай ақ олардың астындағы ұлпалар мен ағзалардың анатомиялық бүтіндігінің бұзылуымен сипатталатын жарақаттар:
A) Ашық.
B) Жабық.
C) Кесілген.
D) Тесілген.
E) Ашық сынық.
8
Ашық механикалық жарақаттардың клиникалық белгілері:
A) Ауырсыну.
B) Тері мен кілегей қабықтардың бүтіндігінің бұзылуы.
C) Қан ағу.
D) Жарақаттың қабынуы.
E) А, В, С және D тармақтарында көрсетілген клиникалық белгілер.
9
Үшкір заттың денеге енуінен болған жарақат:
A) Ашық механикалық жарақат.
B) Жабық механикалық жарақат
C) Кесілген.
D) Тесілген.
E) А және D тармақтарын
10
Ашық асептикалық жарақатқа жатады:
A) Кесілген.
B) Тесілген
C) Операциялық.
D) Кездейсоқ
E) А және D тармақтары
11
Ашық механикалық жарақаттың түрлері:
A) Кездейсоқ.
B) Операциялық.
C) Соғылған.
D) Гематома.
E) А және В тармақтарында көрсетілген түрлер.
12
Бір жануардың денесінде екі және одан да көп жарақаттар түрінің болуы;
A) Кездейсоқ және операциялық жарақаттар.
B) Ашық және жабық жарақаттар.
C) Соғылған және ұрылған жарақаттар.
D) Гематома және лимфоэкстравазат.
E) Құрама жарақат.
13
Жаңа жарақат:
A) Жарақат алу уақыты 12 сағаттан аспаса.
B) Жарақат алу уақыты 24 сағаттан аспаса.
C) Жарақат алу уақыты 36 сағаттан аспаса.
D) Жарақат алу уақыты 48 сағаттан аспаса.
E) Жарақат алу уақыты 72сағаттан аспаса.
14
Кесілген жарақаттың құрылымы:
A) Аузы және түбі.
B) Жарақаттың шеті, қабырғалары, түбі және қуысы.
C) Ашық және жабық.
D) Таяз және терең жарақат.
E) Жарақаттың түбі мен беті.
1
Тесілген жарақаттың құрылымы:
A) Жарақаттың аузы, өзегі.
B) Жарақаттың шеті, қабырғалары, түбі және қуысы.
C) Ашық және жабық.
D) Таяз және терең жарақат.
E) Жарақаттың түбі мен беті.
16
Тесік жарақат:
A) Жарақаттың аузы, өзегі.
B) Жарақаттың шеті, қабырғалары, түбі және қуысы.
C) Ашық және жабық.
D) Таяз және терең жарақат.
E) Жарақаттың үшкір зат кірген және шыққан ауыздары бар.
17
Енген жарақат:
A) Жарақаттың аузы, өзегі.
B) Жарақаттың шеті, қабырғалары, түбі және қуысы.
C) Үшкір зат немесе мылтық оғы денедегі табиғи қуыстарға енсе.
D) Таяз және терең жарақат.
Е Ашық және жабық жарақат.
18
Ашық механикалық жарақаттардың түрлері:
A) Асептикалық.
B) Инфекция түскен.
C) Үзілген.
D) Созылған.
E) А, В тармақтарында көрсетілген түрлер.
19
Ашық механикалық жарақаттардың жануар өміріне төндіретін қаупі:
A) Жарақаттық шок.
B) Қансырау.
C) Инфекция түсіп асқыну.
D) Емдеудің қиындығы.
E) А, В және С тармақтарында көрсетілгендер.
20
Жаңадан болған ашық асептикалық жарақатты емдеу:
A) Жарақаттың қанын тоқтату.
B) Дезинфекциялық дәрілермен жуу.
C) Жарақатқа тігіс салу.
D) Асептикалық таңғыш салу.
E) А, В,С және D тармақтарында көрсетілген емдер.
21
Инфекция түскен ашық механикалық жарақатты емдеу:
A) Жарақаттың қанын тоқтату, жарақатқа тігіс салу.
B) Дезинфекциялық дәрілермен жуу, антибактериалдық дәрілермен өңдеу, жарақатты толық немесе жартылай сылу.
C) Новокаин блокадасын жасау.
D) Асептикалық таңғыш салу.
E) А, В,С және D тармақтарында көрсетілген емдер.
22
Ашық механикалық жарақаттарды жууға қолданылатын дәрілер:
A) Калий перманганат.
B) Фурацилин.
C) Спирт.
D) Иод
E) А, В тармақтарында көрсетілген дәрілер.
23
Ашық механикалық жарақаттарды өңдеуге қолданылатын дәрі:
A) Септо - спрей
B) 20 % - ды иод.
C) 96 % - ды спирт.
D) Рампун.
E) А, В және D тармақтарында көрсетілген дәрілер.
24
Инфекция түскен ашық механикалық жарақаттарды өңдеуге қолданылатын дәрілер:
A) Чеми - спрей
B) Септо спрей
C) 96 % - ды спирт.
D) Рампун.
E) А, В тармақтарында көрсетілген дәрілер.
25
Сыртқы ортаның әртүрлі механикалық әсерлерінен терінің анатомиялық бүтіндігінің сақталып, тері асты ұлпалары мен ішкі ағзалардың әртүрлі патологиялық өзгерістерге ұшырауы:
A) Ашық механикалық жарақат.
B) Жабық механикалық жарақат.
C) Механикалық жарақат.
D) Асептикалық жарақат.
E) А, Б, В тармақтарында көрсетілгендер.
26
Жабық механикалық жарақаттың түрлері:
A) Соғылу.
B) Созылу.
C) Үзілу.
D) Кесілу
E) А, В, С тармақтарында көрсетілгендер.
27
Жабық механикалық жарақат салдарынан тері астында пайда болған қан толы қалта:
A) Соғу.
B) Созу.
C) Құлау.
D) Гематома
E) А, В, С тармақтарында көрсетілгендер.
28
Жабық механикалық жарақат салдарынан тері астында пайда болған лимфа толы қалта:
A) Ісіну.
B) Ауырсыну.
C) Лимфоэкстравазат.
D) Қабыну.
E) С, Д тармақтарында көрсетілгендер.
29
Соғылудың дәрежелері:
A) 1 – ші дәрежелі.
B) 2 – ші дәрежелі.
C) 3 – ші дәрежелі.
D) 4 – ші дәрежелі.
E) А, В, С, D тармақтарында көрсетілгендер.
30
Соғылған жер қанталап ісінген, гематома, лимфоэкстравазат пайда болған. Ішкі ағзалар шайқалған:
A) 1 – ші дәрежелі соғылу.
B) 2 – ші дәрежелі соғылу.
C) 3 – ші дәрежелі соғылу.
D) 4 – ші дәрежелі соғылу.
E) 5 – ші дәрежелі соғылу.
31
Соғылған жердің терісі, тері асты борпылдақ ұлпасы жаншылған. Қан тамырлары жарылып гематома пайда болған. Сүйек сынған, буын шыққан. Бұлшық еттер мен сіңірлер созылған:
A) 1 – ші дәрежелі соғылу.
B) 2 – ші дәрежелі соғылу.
C) 3 – ші дәрежелі соғылу.
D) 4 – ші дәрежелі соғылу.
E) 5 – ші дәрежелі соғылу.
32
Соғылған жер ауырады, аздап ісінген, 1 – 2 күннен кейін ол жер көгереді. 3 – ші күні қоңыр түске еніп, одан соң сарғайып барып жазылады:
A) 1 – ші дәрежелі соғылу.
B) 2 – ші дәрежелі соғылу.
C) 3 – ші дәрежелі соғылу.
D) 4 – ші дәрежелі соғылу.
E) 5 – ші дәрежелі соғылу.
33
Соғылған жердің терісі, тері асты борпылдақ ұлпасы жаншылған. Сүйектер ұматылып сынған. Бұлшық еттер мен сіңірлер үзілген. Малдың жарақаттық шоктан өлуі мүмкін:
A) 1 – ші дәрежелі соғылу.
B) 2 – ші дәрежелі соғылу.
C) 3 – ші дәрежелі соғылу.
D) 4 – ші дәрежелі соғылу.
E) 5 – ші дәрежелі соғылу.
34
1 – 2 – ші дәрежелі соғылуда ветеринариялық көмек көрсету:
A) 1 – ші күні суық басу, 2 - ші күннен бастап жылулық емдер жасау, қыздыратын дәрілер жағу.
B) 1 - ші күннен бастап жылулық емдер жасау, қыздыратын дәрілер жағу.
C) Тек суық басу.
Д ) Гипс салу.
E) Операциялық ем жасау.
35
Соғылу салдарынан қан тамырлары жарақаттанып тері астында қан толған қалта пайда болуымен сипатталатын жарақат :
A) Абсцесс.
B) Созылу.
C) Лимфоэкстравазат.
D) Гематома.
E) Флегмона.
36
Гематоманы емдеу:
A) Қысып таңғыш салу.
B) Қан толған қуысын ашып, ішіндегі қанын тазалап, ашық жарақат ретінде емдеу.
C) Жылулық емдер жасау, қыздыратын дәрілер жағу.
D) Суық басу.
E) Дезинфекциялық дәрілермен өңдеу.
37
Соғылу салдарынан тері астында пайда болған лимфа толы қалта:
A) Абсцесс.
B) Созылу.
C) Гематома.
D) Лимфоэкстравазат.
E) Флегмона.
38
Лимфоэкстравазатты емдеу :
A) Дезинфекциялық дәрілермен өңдеу.
B) Жылулық емдер жасау, қыздыратын дәрілер жағу.
C) Лимфа толған қуыстан лимфаны сорып алып, ішін тазалап, дезинфекциялық дәрілермен жуып, антибиотиктермен өңдеу. Қысып таңғыш салу.
D) Суық басу.
E) Ірің толған қуыстан іріңін сорып алып, ішін тазалап, дезинфекциялық дәрілермен жуып, антибиотиктермен өңдеу.
39
Тері мен оның астындағы ұлпалардың шектен тыс созу күші әсерінен гистологиялық өзгеріске ұшырауымен сипатталатын жарақат :
A) Абсцесс.
B) Лимфоэкстравазат.
C) Созылу.
D) Гематома.
E) Флегмона.
40
Қатты және тез соққы әсерінен үлпершек (паренхималы) ағзалардың ұлпаларының молекулалық деңгейде өзгерістерге ұшырауы:
A) Гематома.
B) Созылу.
C) Лимфоэкстравазат.
D) Соғылу.
E) Шайқалу.
41
Үзілуді емдеу:
A) Оперативтік, үзілген ұлпаларды тігу.
B) Новокайн блокадасын жасау.
C) Тыныштық беру.
D) Таңғыш салу.
E) А, В, С және D тармақтарында көрсетілген емдер.
42
Қатты соққыдан ми шайқалуының қауіптілігі:
A) Ішкі қан құйылу
B) Малдың жүріп – тұруының бұзылуы.
C) Жүйке қызметінің бұзылуы.
D) Жарақаттан болатын шок.
E) Шайқалу қауіпті жарақат емес.
43
Ұлпалар мен ағзалардың механикалық қысылуы салдарынан қан айналысы мен зат алмасуы бұзылып, өлі еттенуімен сипатталатын жабық механикалық жарақат:
A) Некроз.
B) Шайқалу.
C) Басылу.
D) Соғылу.
E) Гематома.
44
Жарақаттанған қан тамырының өзегінен қанның сыртқа шығуы:
A) Қансырау.
B) Қанталау.
C) Гематома.
D) Қан ағу.
E) Қан құйылу.
45
Қан ағу нәтижесінде денедегі қан мөлшерінің күрт азаюы:
A) Қансырау.
B) Қанталау.
C) Гематома.
D) Қан кету.
E) Қан құйылу.
46
Қанның табиғи ұю процессінің баяулауы:
A) Гематома.
B) Гемоглобинурия.
C) Гемофилия.
D) Гемодинамика.
E) Гемодиализ
47
Ең қатерлі қан ағу:
A) Веналық.
B) Капиллярлық,
C) Артериялық.
D) Ішке.
E) Сыртқа.
48
Жарақаттанған қан тамырынан шымқай қызыл түсті қан атқылап жылдам ағады:
A) Артериялық қан ағу.
B) Капиллярлық қан ағу.
C) Веналық қан ағу.
D) Ішке қан ағу.
E) Сыртқа қан ағу.
49
Жарақаттанған қан тамырынан қара қошқыл қызыл түсті қан жайлап біркелкі ағады:
A) Артериялық қан ағу.
B) Веналық қан ағу.
C) Капиллярлық қан ағу.
D) Ішке қан ағу.
E) Сыртқа қан ағу.
50
Жарақаттанған қан тамырынан қан жайлап ағады. Қан ұйып өздігінен тоқтайды:
A) Артериялық қан ағу.
B) Веналық қан ағу.
C) Капиллярлық қан ағу.
D) Ішке қан ағу.
E) Сыртқа қан ағу.
51
Қансыраудың жалпы клиникалық белгілері:
A) Мал әлсірейді.
B) Коллапс (талықсу).
C) Кілегей қабықтар бозарады.
D) Тамыр соғысы жиі, қан қысымы өте төмен.
E) А, В, С және D тармақтарында көрсетілгендер.
52
Жарақаттану салдарынан мал денесіндегі қанның қанша мөлшерін жоғалтса өміріне қауіп төнеді?
A) Үштен бір бөлігін.
B) Төрттен бір бөлігін.
C) Бестен бір бөлігін.
D) Алтыдан бір бөлігін.
E) Жетіден бір бөлігін.
53
Қан тоқтату әдістері:
A) Уақытша.
B) Біржолата (түпкілікті).
C) Табиғи.
D) Операциялық.
E) А және В тармақтарында көрсетілген.
54
Қан тамырлары жарақаттанғанда қанды уақытша тоқтатудың механикалық әдісі:
A) Қан тамырын бармақпен басу.
B) Қан тамырын байлау.
C) Қан тамырын тігу.
D) Қан тамырын сылып тастау.
E) Қан тамырына қан ұйытатын дәрі егу.
55
Ірі қан тамырлары жарақаттанғанда қанды уақытша тоқтатудың механикалық әдісі:
A) Қан тамырын байлау.
B) Жарақаттың қан ағып тұрған тұсына тығын (тампон) қойып қысып таңғыш салу.
C) Қан тамырын тігу.
D) Қан тамырын сылып тастау.
E) Қан тамырына қан ұйытатын дәрі егу.
56
Қан тамырлары жарақаттанғанда қанды уақытша тоқтатудың механикалық әдісі:
A) Қан тамырын байлау.
B) Қан тамырын тігу.
C) Қан тамырын қан тоқтатқыш хирургиялық қысқышпен қысу.
D) Қан тамырын сылып тастау.
E) Қан тамырына қан ұйытатын дәрі егу.
57
Қан тамырлары жарақаттанғанда қанды уақытша тоқтатудың механикалық әдісі:
A) Қан тамырын байлау.
B) Қан тамырын тігу.
C) Қан тамырын сылып тастау.
D) Аяқтың қан тамырлары жарақаттанса жарақаттанған жердің жоғары тұсынан резеңке байлам салу (Эсмарх таңғышы).
E) Қан тамырына қан ұйытатын дәрі егу.
58
Капиллярлық қан тамырлары жарақаттанғанда қанды біржолата (түпкілікті) тоқтатудың әдісі:
A) Жарақатқа 5% - ды иод тұнбасы сіңірілген мәрлі – мақта тампонын басып, қысып танғыш салу.
B) Аяқтың қан тамырлары жарақаттанса жарақаттанған жердің жоғары тұсынан резеңке байлам салу Эсмарх таңғышы).
C) Қан тамырын хирургиялық қан тоқтатқыш қысқышпен қысу.
D) Қан тамырын сылып тастау.
E) Қан тамырына қан ұйытатын дәрі егу.
59
Ірі қан тамырлары жарақаттанғанда қанды біржолата (түпкілікті) тоқтатудың механикалық әдісі:
A) Қан тамырын қан тоқтатқыш хирургиялық қысқышпен қысып қою.
B) Қан тамырын байлау, тігу.
C) Қан тамырын сылып тастау.
D) Аяқтың қан тамырлары жарақаттанса жарақаттанған жердің жоғары тұсынан резеңке байлам салу Эсмарх таңғышы).
E) Қан тамырына қан ұйытатын дәрі егу.
60
Қан тамырлары жарақаттанғанда қан тоқтатудың физикалық әдістері:
A) Суық басу.
B) Күйдіру.
C) Диатермия.
D) Лазер сәулесімен.
E) А, В,С және D тармақтары.
61
Қан тамырлары жарақаттанғанда қан тоқтату әдістері:
A) Механикалық.
B) Физикалық.
C) Биологиялық.
D) Химиялық.
E) А, В,С және D тармақтары.
62
Қан тамырлары жарақаттанғанда қан тоқтатудың биологиялық әдістері:
A) С және К витаминдерін егу.
B) Қан құю.
C) Тромбин егу.
D) Биологиялық антисептикалық тығын (тампон) қолдану.
E) А, В, С және D тармақтары.
63
Жарақатты өңдеуге қолданылатын дәрілер:
A) Септо – спрей.
B) Чеми – спрей.
C) Перкутан
D) Монклавит – 1.
E) А, В,С және D тармақтары.
64
Малдарды емдеуге жиі қолданылатын антибиотиктер:
A) Нитокс – 200, бициллин – 3.
B) Новокайн, дикайн.
C) Натрий хлорид, калций хлорид.
D) Монклавит – 1, глюкоза.
E) А, В, С және D тармақтары.
Қансырауды тоқтату
Қансырау. Дисмургия
Ұлпаларды ығыстыру
Косметикалық операция кезінде болатын қан ағудың түрлері, тоқтату жолдары Косметикалық операция жарақаттарына тігіс салу ерекшеліктері
ҚАН КЕТУ ТУРАЛЫ. ҚАНСЫРАУДЫ ТОПТАСТЫРУ
Жануарлардың қан топтары және көп қан жоғалтқан жануарларға қан құю.Хирургиялық инфекциялар, дамуы, емдеу және алдын алу шаралары
Қан кету. Қан ағуын тоқтату
Қолдан және аяқтан кеткен қанды қысқа уақытқа, уақытша және тұрақты тоқтату әдістері
Жаралану, қан кету кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Қан кетуді тоқтату, таңғыш салу құралдары мен түрлері
Есінен танған адамға, жарақаттанған кездегі алғашқы жәрдем және диагностикасы
Қаржы-несие мекемелері рыноктық экономиканың негізгі элементі ретінде
Бас тоғанның негізделуі, Арыс-Түркістан каналын суғару мақсатында пайдалану және су әкету
Теңгенiң долларға шаққандағы валюталық бағамы.
Салықтардың экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу жүйесіндегі рөлі мен орны
Бәсекеге қабілетті экономиканың системасын қазіргі заманға концепция бойынша құру және іске асыру
XIXғ. аяғ – XXғ. бас. Францияда ІІІ республиканың саяси-әлеуметтік және экономикалық дамуы
УӘЛИХАНОВ ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ туралы
ҚОРАМСАҰЛЫ АҚАН СЕРІ
Монполияға қарсы реттеу және оның экономиканың тұрақты дамуындағы орны
ҚАНЫШ СӘТБАЕВ