Ыңғайластық жалғаулық шылау арқылы байланысқан бірыңғай мүшені табыңдар

@@@ Қазақ тілі
$$$ 1
Сөйлемнің қай мүшесі бірыңғайласып тұрғанын көрсетіңіз.
Көрген, білген әңгімелерді кітап қылып тартамын.
А. Бірыңғай бастауыш
В. Бірыңғай анықтауыш
С. Бірыңғай пысықтауыш
D. Бірыңғай толықтауыш
Е. Бірыңғай баяндауыш

$$$ 2
Берілген сөйлем жай сөйлемнің қай түріне жататынын белгілеңіз.
Мен ойланып отырмын.
А. Жақсыз
В. Жақты
С. Жалаң
D. Атаулы
Е. Толымды

$$$ 3
Бастауыш, баяндауыш арасына қойылатын сызықша қатарын көрсетіңіз.
А. Оспан барған-ды
В. Плащ - палатка.
С. Отан - өз үйің.
D. Естілер - естілмес.
Е. – Жазған ба?

$$$ 4
Баяндауыш қызметіндегі заттанған сын есімді табыңыз.
А. Қайта жауған қар жаман, қайта шапқан жау жаман.
В. Майра - осы балалардың үлкені.
С. Білімдіге дүние жарық.
D. Соңғы түйенің жүгі ауыр.
Е. Жақсының өзі де жақсы, сөзі де жақсы.

$$$ 5
Баяндауышы тұлғалас, мағынасы сарындас болуы салаластың қайсына тән екенін табыңыз.
А. Кезектес
В. Ыңғайлас
С. Себеп-салдар
D. Талғаулы
Е. Қарсылықты

$$$ 6
Құрмалас сөйлемдердің арасына қойылатын тыныс белгілерінің дұрысын табыңыз.
А.Тұрайын деп еді, -тұра алмады.
В.Үйде шешен, дауда жоқ.
С. Ағайынды бұл үшеуінің жас мөлшерлері бір-біріне жақын, Балтабек жиырма алтыда, Темірбек жиырма төртте, Кенжекей жиырма екіде.
D. Қартайдық қайғы ойладық, ұлғайды арман.
Е. Балалар үйде жоқ: олар орман ішіне серуендеуге кеткен еді.

$$$ 7
Қайтті? Қайтеді? Сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесін белгілеңіз.
А. Баяндауыш
В. Пысықтауыш
С. Анықтауыш
D. Толықтауыш
Е. Бастауыш

$$$ 8
Сан есімнің мағыналық қарым-қатынасқа қарай бөліну санын табыңыз.
А. 7
В. 2
С. 4
D. 5
Е. 6

$$$ 9
Сан есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Жиырма оқушы жарысқа кетті.
А. Бастауыш
В. Анықтауыш
С. Пысықтауыш
D. Баяндауыш
Е. Толықтауыш

$$$ 10
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.
А. Өміріңде қауіп-қатер төніп тұрса да, ата тегіңе кір келтіретін нәрсеге аяқ баспа.
В. Сәл нәрсеге ренжімеймін деп, сезімін ақылға жеңдірді.
С. Балаларымыз білім алсын деп, елде барлық жағдай жасалған.
D. Басталып қойған әңгімеге тез оралу үшін, одан өзімнің қалай айырылғанымды айтып берейін.
Е. Сын түзелмей, мін түзелмес.

$$$ 11
Баяндауыш қызметіндегі заттанған сын есімді табыңыз.
А. Қайта жауған қар жаман, қайта шапқан жау жаман.
В. Жақсының өзі де жақсы, сөзі де жақсы
С. Майра - осы балалардың үлкені.
Д. Білімдіге дүние жарық.
Е. Соңғы түйенің жүгі ауыр.

$$$ 12
Сын есімнен болып тұрған толықтауышты табыңыз.
А. Ол көршімен әңгімелесті.
В. Жаманға сөз айтпа.
С. Елу-беске бөлінеді.
D. Мен сізбен ақылдассам.
Е. Өнерлі жетер мұратқа.

$$$ 13
Бірыңғай мүшелерге байланысты қате қойылған тыныс белгіні анықтаңыз.
А. Ырғақ-ой мен сезімнің, жан мен тәннің, қосылып салар әні.
В. Жамбыл айтыс жырларында өз заманындағы ақындардаң көбінен озық екенін танытады.
С. Абай қажымай, жалықпай тындайтын.
D. Бұлардың артында Ербол мен Баймағамбет бір бөлек келеді.
Е. Ол салмақты, ауыр мінезді, үндемейтін қыз еді.

$$$ 14
Қай сөйлемде тыныс белгілері дұрыс қолданылғанын көрсетіңіз.
А. Шынымды айтсам, өзің бір, қызық жан екенсің.
В. Шынымды айтсам өзің бір, қызық жан екенсің.
С. Шынымды айтсам, өзің бір қызық жан екенсің.
D. Шынымды айтсам өзің бір, қызық жан екенсің.
Е. Шынымды айтсам- өзің бір қызық жан екенсің.

$$$ 15
Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесіне жатпайтын тіркесті көрсетіңіз.
А. Тез жүру.
В. Атақты ғалым.
С. Гүлдей құлпыру.
D. Балаша қуану.
Е. Қалтқысыз сену.

$$$ 16
Ыңғайлас салалас сөйлемді табыңыз.
А. Қоңырау да соғылды, балалар да сыныптарына кіріп кетті.
В. Мен сасып қалдым, бірақ білдірмеуге тырыстым.
С. Кейде жел соғады, кейде жаңбыр жауады.
D. Салтанат бүгін бес алды, өйткені кеше жақсы дайындалды.
Е. Алматы төңірегінде бақтар көп.

$$$ 17
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны көрсетіңіз.
А. Амангелді сынды батырын- ел ұмытпас.
В. Ағалы-інілі екеуіне сүйсіндік.
С. Көрмес - түйені де көрмес.
D. Он-он бесі келді.
Е. Үгіт-насихат жұмысын жүргіз.

$$$ 18
Анықтауыш қызметіндегі есімшені табыңыз.
А. Батырға таяқ та жарақ.
В. Баймақан Жомарттың бөлмесіне кірді.
С. Ердің атын еңбек шығарады.
D. Шығармаңыз осы үйден табылады.
Е. Ыстаған сабаның исі мұрынды жарып тұрар.

$$$ 19
Ыңғайластық жалғаулық шылау арқылы байланысқан бірыңғай мүшені табыңдар.
А. Не аттың, не адамның.
В. Разы болғаны сонша - қол соғып жіберді.
С. Біресе төмен, біресе жоғары.
D. Сөзге сараң, бірақ ісін орындайды.
Е. Айбала мен Меңсұлу.

$$$ 20
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар.
Салаластың қай түрі, белгілеңіз.
А. Түсіндірмелі
В. Талғаулы
С. Себеп-салдар
D. Қарсылықты
Е. Ыңғайлас.

$$$ 21
Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.
А. Қыс келді.
В. Арман - әнші.
С.Жанпейіс үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Ержан тысты қалды.
D. Бас болмақ оңай, - бастамақ қиын.
Е. Теңіз тынышталды, бірақ еш нәрсе көрінбейді.

$$$ 22
Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді табыңыз.
А. Жақсыға көңілің тояды.
В. Анасының көңіл-күйі жақсы.
С. Асан жақсы оқиды.
D. Жақсы - ісімен жақсы.
Е. Жақсы бала жеткізеді мұратқа.

$$$ 23
Мақсат пысықтауышты табыңыз.
А. Қасақана.
В. Ұялғаннан.
С. Ертеде.
D. Бұл жолы.
Е. Өршелене.

$$$ 24
Қай сөйлемде сызықша дұрыс қойылғанын көрсетіңіз.
А. Құр барып қайтпа - алып қайт!
В. Берсе - алам ғой.
С. Қойшы енді - бөлежан!
D. Болат- өз ауылының баласы.
Е. Нем кетіпті – барып қайтам.

$$$ 25
Төл сөзді сөйлемді табыңыз.
А. Бала өзінің бармайтындығын айтты.
В. Ақ Жайық пен Көп жылдар өткен соң шығармалары кімдікі?
С. Волгамның бары бар, бірақ ескі.
D. Ақсақал: Сен өзің сезімтал екенсің,- деді.
Е. Тәж- Махал- үнді жерінің мақтанышы.

$$$ 26
Тіліміздегі сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылымы-құрылысын қарастыратын саланы белгілеңіз.
А. Пунктуация.
В. Морфология.
С. Орфоэпия.
D. Лексика.
Е. Синтаксис.

$$$ 27
Жалғаулық шылау арқылы байланысқан салаласты табыңыз:
А. Алыс пен жақынды жорытқан білер, ащы мен тұщыны татқан білер.
В. Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады.
С. Күн бұлттанып еді,- жаңбыр жаумады.
D. Қына тасқа бітсе, білім басқа бітер.
Е. Ол қасқа айғырға қарап ұмтыла түсіп еді, Бақыт тізгінге жармаса кетті.

$$$ 28
Жанама толықтауыштың сұрақтарын белгілеңіз.
А. Кімді? Нені?
В. Кімін? Несін?
С. Қаншасын? Нешесін?
D. Кіміңді? Неңді?
Е. Кімге? Неге?

$$$ 29
Анықтауыштық қатынастағы басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге қойылатын сұрақтарды белгілеңіз.
А. Кімге? Кімді? Кіммен?
В. Кімнің? Қашан? Қалай?
С. Кімге? Қайда? Кіммен?
D. Қайда? Қалай? Қашан?
Е. Кімнің? Қандай? Қанша?

$$$ 30
Әлде жалғаулық шылауына тән құрмаластың түрін анықтаңыз.
А. Талғаулы салалас
В. Кезектес салалас
С. Себеп-салдар салалас
D. Қарсылықты салалас
Е. Ыңғайлас салалас

$$$ 31
Қарсылықты бағыңқылы сабақтастың сұрақтарын табыңыз.
А. Неліктен? Не үшін? Не себепті?
В. Қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен?
С. Қашан? Қайтсе? Не етсе?
D. Қалай? Қайтіп? Не мақсатпен?
Е. Қайтпей? Қайтпейінше?

$$$ 32
Толымды сөйлем болу үшін қойылатын шартты белгілеңіз.
А. Үш сөйлем мүшесі болуы.
В. Екі сөйлем мүшесі болуы
С. Сөйлем құрамына қажетті сөйлем мүшелерінің болуы.
D. Төрт сөйлем мүшесі болуы.
Е. Барлық сөйлем мүшесі болуы.

$$$ 33
Сызықшаның қойылу себебін белгілеңіз.
Жастар - біздің болашағымыз.
А. Бастауыш, баяндауыш- сын есім.
В. Бастауыш та, баяндауыш та- зат есім.
С. Бастауыш та, баяндауыш та- сан есім.
D. Бастауыш – есім, баяндауыш- есімдік.
Е. Бастауыш- есімдік, баяндауыш - сын есім

$$$ 34
Матаса байланысқан анықтауыштық қатынасты табыңыз.
А. Үйдің терезесі
В. Талдырмаш қыз.
С. Таулы жер.
D. Ақырын жүру.
Е. Үйден шығу.

$$$ 35
Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есімнен болған сөйлемді табыңыз.
А. Ерлік күші.
В. Жидебай - Шыңғыс елі мен жерінің кіндігі.
С. Көзімнің оты шықты
D. Көп түкірсе- көл.
Е. Ертеңгі арман.

$$$ 36
Жанама толықтауышты табыңыз.
А. Кітап оқу.
В. Допты алу.
С.Менің үйім.
D. Балаға қарау.
Е. Омардың дәптері.

$$$ 37
Сабақтас құрамаластың түріне жатпайтын атауды табыңыз.
А. Мезгіл.
В. Қарсылықты.
С. Себеп.
D. Шартты
Е. Талғаулы.

$ 38
Мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.
А. Бұл бала- менің інім,- деді Ержан.
В. Данияр Мәскеуден келді.
С. Бүгін бірінші сабақ болмайды.
D. Кеше үйірмеге жазылмақ болып, оқушылар сарайына бардым.
Е. Гүлдерге су құйылмағандықтан, құрғап кетіпті.

$$$ 39
Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А. Абайдың денесі іріленген, жауырынды.
В. Жаман айтпай, жақсы жоқ.
С. Бала жүрексініп, тіксініп қалды.
D. Өнерге, білімге құштарлан.
Е. Балам, ақылды болғанын жөн.

$$$ 40
Сын есім – қандай сөйлем мүшесі, белгілеңіз.
Әдемі, қысықтау көздері өзіне жарасып-ақ тұр.
А. Пысықтауыш
В. Анықтауыш
С. Бастауыш
D. Баяндауыш
Е. Толықтауыш.

$$$ 41
Бастауыштың қимыл әрекетін білдіріп, онымен қиыса байланысатын сөйлем мүшесін табыңыз.
А. Баяндауыш.
В. Айқындауыш.
С. Толықтауыш.
D. Пысықтауыш.
Е. Анықтауыш.

$$$ 42
Еліктеу сөзден жасалған зат есім қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз.
Оның құлағына гүріл естілді.
А. Пысықтауыш.
В. Баяндауыш.
С. Анықтауыш.
D. Бастауыш.
Е. Толықтауыш.

$$$ 43
Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А. Жел үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақтар жер бетін түгел жапты.
В. Жалғасы қызық болды, олар таңға көз ілмеді.
С.Үсен пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, мақта тұтанды.
D. Дәркембай, Абылғазы, Қаңақ, Тоқсан, Жұмыр да осында.
Е. Кейде ұзақ жырлар жырланып, кейде ел ішінің әңгімелері айтылады, ауыл адамдары бұларды қызыға тыңдайды.

$$$ 44
Баяндауыш қандай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.
Нағыз теңіз романтикасы деген осы.
А. Зат есім.
В. Одағай.
С. Есімдік.
D. Үстеу.
Е. Етістік.

$$$ 45
Сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны табыңыз.
А. Қарқаралы деген округтің әміршісі – Құнанбай мен осы Майыр.
В. Алыс-берісіміз көп, ағайын адамбыз.
С. Ағаш арасын қаратса – жоқ.
D. Жұрт айтты – көне берді.
Е. Аяғы жоқ, - жүреді, аузы жоқ, - сөйлейді.

$$$ 46
Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.
А. Ол – көпті көрген дана қарт.
В. Бір қарағанда-ақ біліп қойдым: бұл – Алматының және қала маңының картасы екен.
С. Бес-алты айда келді.
D. Қыздар тойғайға шие теруге кетті.
Е. Анықтама ұқыпты жазылғанмен, қария оқи алмады.

$$$ 47
Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.
А. Шешім – шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі, күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
В. Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі – күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
С. Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі; күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
D. Шешім – шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі, күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
Е. Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.

$$$ 48
Тұрлаулы мүшелердің екеуі де сан есімнен болғанда қойылатын тыныс белгісін табыңыз.
А. Қос нүкте.
В. Көп нүкте.
С. Үтір.
D. Сызықша.
Е. Дефис.

$$$ 49
Себеп-салдар салаластың шылауларын табыңыз.
А. Өйткені, сондықтан, сол себепті.
В. Сондықтан, және, әрі.
С. Өйткені, сол себепті, бірақ.
D. Дегенмен, әйтсе де, ал.
Е. Немесе, бірде, кейде.

$$$ 50
Толықтауышқа тән байланысу түрін көрсетіңіз.
А. Қабысу, матасу.
В. Жанасу, матасу.
С. Қиысу, қабысу.
D. Меңгеру, қиысу.
Е. Меңгеру, жанасу.

$$$ 51
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмаластың сұрағын анықтаңыз.
А. Не еткен соң?
В. Қайткендіктен?
С. Қалай?
D. Қашаннан бері?
Е. Не еткенше?



Ұқсас жұмыстар

БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ
Бірыңғай мүшелердің байланысуы
СӨЙЛЕМНІҢ БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРІ
Қазақ тілінің практикалық курсы — фонетика, лексика, грамматика, орфография, стилистика
Бірыңғай мүшелердің дамуы
Шылау
Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыруы
Шылау сөз
Түрік және қазақ тілдеріндегі шылаулар
Қомсыну демеулік шылауы
Объектіден ақпараттың техникалық арналар арқылы сыртқа кетуі және оған қарсы іс-шаралар
Шылау көмекшілердің жалпы сипаты
Дыбыс үндестігі арқылы орыс бөлімі студенттерін қазақша сөйлеуге үйрету әдістемесі
Республикасының Кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелері
БЕЙІНДІК МЕКТЕПТЕ МУЗЫКА ПӘНІН ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АСПАПТАР АРҚЫЛЫ ҮЙРЕТУ
Некенің сот арқылы сотсыз бұзылуы туралы
Қан арқылы аурдың жұғуы
Бейнелеу өнері арқылы жастардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру
Некенің сот арқылы сотсыз бұзылуы
Ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту