Билет
Билет №1
1. Альбомда 10 таза және 12 қорытылған маркалар бар. Альбомнан кездейсоқ үш марка алынады да қорытылып қайта альбомға салынады. Содан кейін тағыда кездейсоқ екі марка алынады. а) Осы екі марка таза болуының ықтималдығын табу керек, б) Осы екі марка таза екендігі, белгілі; алғашқы алыңған үш марка таза болуының ықтималдығын табу керек.
2. Екі ойын сүйегі лақтырылады. Очколар санының қосындысы 7 ге тең болуының ықтималдығын табу керек.
3. Лотареяда үлкен және кіші ұтыстар ойнатылады. Лотарея билетіне үлкен ұтыс тұсуінің ықтималдығы 0,001-ге тең, ал кіші-0,01. 1000 билет сатып алынды. а) үлкен ұтыстан 2 болуының; б) кіші ұтыстар 5-тен 15-ке дейн болуының ықтималдығын табу керек.
4. Нысанаға алғашкы тигізілім болғанша атыс орындалады. Әр бір атыста нысанаға тигізу ықтималдығы 0,2 –ге тең. Кездейсоқ шама Х-орындалған атыстар саны. Х-тың математикалық күтімін және дисперсиясың табыңыз егер : а) атысты шексіз рет орындаса; б) барлығы 5 патрон бар болса.