Қонаев Дінмұхамед Ахмет ұлы

Қонаев Дінмұхамед Ахмет ұлы (1912ж.т.) – Коммунистік партия мен Совет мемлекетінің көрнекті қайраткері, 1971 жылдан КПСС ОК Саяси Бюросының мүшесі (1966-71ж. КПСС ОК Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат), 1960-62 ж. және 1964 жылдан Қазқстан КП ОК-нің 1-секретары, 1955 жылдан Қазақстан КП Бюро мүшесі 1962 жылдан Қаз СССР Жоғ.Советі Президиумының мүшесі 1960 жылдан ОК
Қаз СССР Жоғ.Советі Президиумының мүшесі 1962 жылдан СССР Жоғ.Советі Президиумының мүшесі, 1960 жылдан ҚазССР Жоғ. Советі Президиумының мүшесі, ҚазССр ҒА-ның академигі (1952) үш мәрте Соң.Еңбек Ері (1972,1976,1982) тех ғылымының докторы (1963) 1939 жылдан КПСС мүшесі. 1936 ж. Москваның түсті металдар және алтын ин-тын бітірді. Сол жылы Балқаш мыс қорыту комб-тының Қоңырат руднитіне жіберіледі, онда бұрғылау станогының машинисі, йех бастығы, бас инженер, тех. бөлімінің бастығы, рудник директоры қызметін атқарады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жұмысты ұйымдастырушы талантты басшылар дың бірі: Алтай поиметалл комб-ты басинженерінің орынбасары, риддер руднигінің директоры, қорғасын-мырыш өнеркәсібінің СССР-дегі аса ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор руда басқармасының директоры болады. 1942-52 ж. ҚазССР Мин.Совет председателінің орынбасары. 1952-55 ж. ҚазССР ҒА-ның президенті. 1955-60, 1962-64 ж. ҚазССр Мин. Советінің председателі. Партиялық және мемлекеттік, қызметі ғылыми жұмыспен ұштастырады. Кеш ісі саласындағы ірі ғалым ғылыми жұмыстардың аса көрнекті ұйымдастырушысы ретінде Қ.ҚазССР ҒА-н, республика ғылымын дамытуға көп еңбек сіңірді. Оның басшылығымен ғылыми мекемелердің жұмысын өрістету оларды кадрлармен нығайту, ғылымының өндіріспен байланысты күшейту, республиканың өндіргіш күштерін дамытудың түйдекті проблемаларын шешуге ғылыми күштер мен материалдық ресурстарды жұмылдыру, қазақ халқының мәдениетін артыру жөнінде маңызды шаралар жүзеге асырылады. 100 ден аса ірі – ірі ғылыми еңбектің авторы. Негізгілері кен орындарын ашық әдіспен қазу теориясы мен практикасының аса маңызды мәселелеріне соц. және комунистік құрылыстың актуалды проблемаларына арналған. Карьелерде кен қопарудың тиімді әдістерін зерттеп өндіріске енгізді. Бұл мәселе «Қоңырат руднигіндегі бұрғылау-қопару жұмыстары» атты монографиясында талданады. «Қазақстанда кен қазу жұмыстарының ашық әдістерін дамыту» деген еңбегінде рудниктерді жобалау мен пайдаланудың көп жылдық тәжірибесі қрытылды. «Қоңырат мыс кенін қазу» «Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты карьерлерінде кен қазу жұмыстарының технологиясын жетілдіру» сияқты ғылыми зерттеулері кен өнеркәсібінде өндіріс тиімділігін елеулі түрде арттыруға жол ашты. «Қазақ ССР (қысқаша тарихи-экономикалық очерк)», «В.И.Ленин және ұлт-азаттық қозғалысы», «Советтік Қазақстан», «Таңдамалы сөздер мен мақалалар», «КПСС лениндік ұлт саясатының салтанаты», деген кітаптары бұрын артта қалған елдердің капитализмге соқпай, феодализмнен социализмге тікелей өту жолдарын баяндауға, лениндік ұлт саясатының табыстарына, Коммунистік партияның жасампаздық қызметіне, коммунизмнің материалдық-тех базасын жасау жолындағы шұғыл міндеттерге арналған. Қ-Комунистік партия мен совет халқының адал ұлы, партия қандай жұмысқа жіберсе де ол өзінің барлық білімін бай тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілетін еліміздегі коммунистік құрылыстың ұлы ісіне қалтқысыз жұмсап келеді, көп ұлтты советтік елімізде лениндік ұлт саясатын дәйекті жүзеге асыру, халықтар достығын нығайту, олардың интернационалдық бірлігін онан әрі дамыту жолында қажырлықпен еңбек етіп келеді. Партиялық және мемлекеттік қызметте Қ. кең танысты, ауқымды, перспективалы мәселелер туралы батыл ой өрбітіп, істі мемл. биік тұрғыдан шешетін қайраткерлігін танытты. Қ-тың сан алуан қызметі Қазақ ССр-нің табиғи ресурстарын өндіргіш күштерді дамытудың лениндік принциптеріне сай пайдалануға, сөйтіп еліміздің біртұтас халық ш. комплексіне республиканың қосатын үлесін одан әрі молайтуға бағытталған. «Мұның өзі – деп көрсетеді Қ. – социалистік ұлттардың бұдан былай да жақындасуына олардың арасындағы туысқандық достықты нығайту, әрбір одақтас республиканың және бүкіл еліміздің өндіргіш күштерін дамытуға жағдай жасайды» (Қонаев Д.А. Таңдамалы сөздер мен мақалалар А. 1978, 230-б.)
КПСС 19-26 съездерінің делегаты. Қазақстан Компартиясы 4-15 съезінің делегаты. 1956 жылдан КПСС ОК-нің мүшесі 1951 жылдан Қазақстан КП ОК-нің мүшесі. 3-10 сайл. СССР Жоғ.Советінің 2-10 сайл. ҚазССР Жоғ.Советінің депутаты. СССР-дің шетелдерге барған партия және мемлекет делегацияларын талай рет басқарады. Коммунистік партия мен Совет үкіметі Қ-тың халық алдында сіңірген зор еңбегңн жоғары бағалап оған үш мәрте Соц. Еңбек Ері атағын береді, 8 рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен және СССР медальдарымен наградтады; бірқатар шетелдердің жоғары наградаларына ие болды. «Республиканың коммунистері мен барлық еңбекшілерін халық шаруашылығы мен мәдениетті дамыту жөніндегі партия шешімдерін ойдағыдай орындауға, астық және басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің тұрақты түрде өсуін қамтамасыз етуге жұмылдыру жөнінде Коммунистік партия мен Совет мемлекеті алдында сіңірген зор еңбегі үшін және жетпіс жасқа толуына байланысты КПСС Орталық Комитетті Саяси Бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев жолдас Ленин орденімен және үшінші «Орақ пен Балаға» «Алтын медалімен наградталсын»,-делінген СССР Жоғ. Советі Президиумының 1982ж. 11 январьдағы Указында



Ұқсас жұмыстар

Д.А.Қонаевтың Кеңестік Қазақстанның дамуына қосқан үлесі
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлының өмірбаяны (1912 - 1993 жж)
Д. А. Қонаевтың өмiр жолы
Қонаев дінмұхамед
Алаш зиялылары
Д. Қонаевтың өмір жолына сипаттама
Д.А. Қонаевтың өмірі мен қызметі
Қайын атасы
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВТЫҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ
Әлемге елін танытқан ердің өмір жолы
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
МЫҢЗЫҚҰЛЫ ЕДІЛ ҚАҒАН
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК
ҚҰТЫЛЫҒҰЛЫ КҮЛТЕГІН
Қожа Ахмет Яссауи туралы
ШЫҢҒЫСҰЛЫ ЖОШЫ ХАН
ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
ЖАМАҚҰЛЫ БЕЙБАРЫС
СӘБИТҰЛЫ АСАНҚАЙҒЫ
СҮЙІНІШҰЛЫ ҚАЗТУҒАН