Қоршаған ортаға әсерді бағалау құжаттамасы

4 ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҒЫ МЕН АДАМНЫҢ ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІНЕ ҚАУІПСІЗДІГІ

Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі[4].
Еңбек қорғау мәселелерінің мақсаты - өндірістік жағдайларда жұмыскерлердің организміне жағымсыз әсерін тигізетін зиянды факторларды толығымен жою немесе барынша азайту[4].
Дипломдық жобада Сүт қышқылды өнім өндіру технологиялық желісінің автоматты басқару жүйесін жобалау бойынша атқарылатын жұмыстардың қоршаған орта мен адам денсаулығына тигізетін әсеріне талдау өндірісте еңбек жағдайларын қауіпсіздендіру, зиянзысдандыру және жеңілдету мәселелерін теориялық және практикалық жолдармен зерттейтін пән. Бұл пән келесі бөлімдерден түрады: - еңбек қорғау жөнінде құқықтық мәселелер - онда қауіпсіздік қызметін ұйымдастыру, еңбек қорғау жөнінде жауапкершілік, сәтсіз оқиғаларды тексеру, жарақаттарды талдау т.б. мәселелер қарастырылады; -өндірістік санитария және еңбек гигиенасы - онда өндірістік зияндылықтар және олардан қорғану шаралары қарастырылады; - қауіпсіздік техникасы – технологиялық процестерді жүргізу барысында және машиналар мен механизмдерді пайдаланғанда қолданылатын қауіпсіздік шаралар қарастырылады; - өрт қауіпсіздігі - өндірісте өрт шығуына мүмкіндік бермеу және өрт сөндіру құралдары туралы мәліметтер келтіріледі.
Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау саласындағы нормативті акт “Еңбек кодексі” деп аталады 2017 жылғы 15 мамырда қабылданған, ол Қазақстан Республикасының Конституци0ясына негізделеді және осы заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативті құқықтық актілерінен тұрады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының әр азаматтың қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайларына құқығын белгілейтін 24- бабын іске асыруға бағытталған. Осы заңның күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, еңбек қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады[4].
Қызметкердің еңбек қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері. Қызметкердің құқықтары: өндірістік жарақаттануға, кәсіби ауруға немесе жұмыс қабілетін төмендетуге әкеп соқтыруы мүмкін зиянды және қауіпті өндірістік фактордың әсерінен қорғалған жұмыс орнына, шарттық міндеттемелерді, еңбек міндеттемелерін атқару кезінде өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды ҚР-ның Заң актілеріне сәйкес өтетуге, ұйымның жұмысы еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмегендіктен тоқтатылған уақытта орташа жалақысының сақталуына, жұмыс берушінің тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңсыз әрекеттеріне шағым жасауға т.б. Қызметкердің міндеттері: арнаулы киімді, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өз мақсатында пайдалануға, медициналық тексеруден өтуге, өндірісте болған сәтсіз оқиға туралы тікелей басшысына дереу хабарлау т.б. Жұмыс берушінің еңбек қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері. Жұмыс берушінің құқықтары: қызметкерлерден қауіпсіздік нормаларын, еңбек қауіпсіздігі жөнінде ережелер мен нұсқаулықтарды сақтауды талап етуге, оларды белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік жауапкершілікке тарту т.б. Жұмыс берушінің міндеттері: қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, өз қаражаты есебінен қызметкерді арнайы киіммен, арнаулы аяқ киіммен және зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғайтын жеке қорғану құралдарымен белгіленген кию мерзімінде қамтамасыз етуге, өндірістегі сәтсіз оқиғаларды және кәсіби ауруларды тіркеуді, есепке және талдауды жүзеге асыруды т.б[14].
Өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулар. Сәтсіз оқиғалардың тергеп-тексеру тәртібі (қызмет тексеру). Өзгешіліктеріне қарай зақымдарды мынандай топтарға бөлуге болады:
- механикалық зақымдар (сынық, кесілу т.б.);
- жылулық зақымдар (күйік, үсіну т.б.);
- химиялық зақымдар (улану, күйік т.б.);
- электр зақымдары (электр соққысы, электр жарақаттар т.б.);
- сәулелік зақымдар(радиоактивтік, электромагниттік т.б.);
- бірнеше зақымдар бір мезгілде болса.
Жарақаттардың нәтижесіне қарай сәтсіз оқиғаларды былай бөлуге болады:
- еңбекке уақытша жарамсыздық туғызатын;
- еңбекке тұрақты жарамсыздық туғызатын;
- тобымен жарақаттандыратын;
- өлімді жарақаттар.
Зиянды заттардың адам организміне тигізетін әсері. Зияндызаттардынормалау, қорғанушаралары, өлшеуаспаптары. ҚазақстанРеспубликасыныңкодексінесәйкесзияндыөндірістік фактор – әсеріқызметкердіңсырқаттануынанемесееңбеккеқабілеттігініңтөмендеуінежәнеоныңұрпақтарыныңденсаулығынатерісықпалыболуынаәкепсоқтыруымүмкінөндірістік фактор. Зияндызаттарорганизмгемынандайжолдарменкіруімүмкін: тынысоргандары, ас қорытуоргандары, тері. Осы жолдардыңеңқауіптісітынысоргандарыболыптабылады. Өйткенідемалғандажұтқанауадағызияндызаттарөкпедеқанға тез түсіп, организмділездеуландырады. Зиянды заттармен улану ауырлығы бірнеше факторлармен байланысты болады. Ол факторлар: удың организмге кіру жолдары, концентрациясы, химиялық структурасы, ерігіштігі, әсер ету ұзақтығы, ауаның температурасы, организмнің сезімталдығы мен физикалық күйі т.б. Олар күйіне қарай қатқыл (қорғаныс, хром, цинк, мыс т.б.), сұйық (сынап, бензин, қышқыл т.б.), және газ немесе бу (көміртек тотығы, күкіртті газ, хлор, азот тотықтары, ацетилен т.б.) түрлерінде болады. Жұмыс зонасының ауасында әр зиянды заттың ақырғы шекті концентрациясы (АШК) белгіленген (мгм³). АШК деп күнделікті жұмыс кезінде және көп жыл бойы адам организмінде ешқандай зиянды өзгерістер туғызбайтын заттардың концентрациясын айтады. Адам организміне қауіптілігіне қарай зиянды заттар 4 класска бөлінеді. Зиянды заттармен уланудың екі түрі бар: ауыр түрі және созылма түрі.егер адам организміне кенеттен зиянды заттар көп мөлшерде кірсе, улану ауыр түрде өтеді. Ал егер организмге біртіндеп үнемі ұзақ уақыт бойы аз мөлшерде зиянды заттар кіретін болса, уланудың созылма түрі пайда болады.
Өндірістік шаңның адам организміне тигізетін әсері. Өндіріс шаңы ең көп таралған зиянды өндірістік фактор болып табылады. Ол адамның тыныс жолдарына, өкпеге, денеге, көзге, ас қорыту органдарына зиянды әсерін тигізеді. Өндіріс шаңы деп - әр түрлі технологиялық процесстерден пайда болатын ұсақ бөлшектерді айтады. Шаң адам организміне фиброгенді, тітіктендіргіш және токсикалық әсер етуі мүмкін. Фиброгенді шаң әсері деп - өкпенің нәзік етіп бүлдіретін, оны қатқыл тканьге айналдыр тын процессті айтады. Жұтқан шаңның әсерінен пайда болады, ол ауру пневмаканиоз деп аталады. Кварц шаңынан силикоз, тас комір антракоз, темір рудасынан сидероз ауруы п.б. Жұмыс зонасының ауасында әр зиянды заттың ақырғы шекті концентрациясы (АШК) белгіленген (мгм³). Адам организміне қауіптілігіне қарай зиянды заттар 4 класска бөлінеді. 1. төтенше қауіпті заттар, ашк ≤0,1мгм3;2)өте қауіпті заттар, ашк≤0,1-1,0мгм3;3)орташа қауіпті – ашк ≤ 1,0-10,0 мгм3;4)аз қауіпті, ашк ≥10мгм3. Зиянды заттардан қорғану шаралары және олардың концентрациясын анықтау аспаптары: зиянды технологиялық процесстерді комплекстң механикаландыру, автоматтандыру; жаңа технологияларды жетілдіру кезінде зиянды заттарды біршама пайдаланбау, ауыстыру; қондырғылардың жақсы герметикасын, қамтамасыз ету шаң шыгаратын материалды өңдеген кезде сұйық затты пайдалану өндіріс бөлмелерінде табиги және жасанды желдету ұйымдастыру зиынды заттар концентрациясын бақылап отыру зиянды заттар мөлшерін газ немесе универсалды анализатормен жедел әдіс арқылы өлшейді. Зиянды газ қосылганда түтік әр-түрлі түске боялады. Ауаның тозаңдығын анықтау үшін аспираторлар қолданылады [34].
Тынығу уақыты -92 бап. Тынығуға және тамақтануға арналған ұзіліс -93 бап. Ауысымшілік және арнаулы үзілістер -94 бап. Демалыс күндері -96 бап. 92 бап Жұмыс күндері ішіндегі үзіліс,- тынығуға және тамақтануға арналған, - ауысым ішілік және арнаулы үзілістер; Ауысым ішілік және арнаулы үзілістер: демалыс күндері: мереке күндері; демалыстар – 93 бап – қызметкерлерге күнделікті жұмыс ішінде тынығуға арналған бір үзіліс берілуге тиіс. Ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын тынығуға жіне тамактануға арналған үзіліс күндері жұмыс басталғаннан кемінде 3 сағат өткеннен кейін 4 сағ кешіктірмей белгіленуі керек. Жұмыс уақытына қосылмайды. 94 бап – жұмыстардың жекелеген түрлерінде қызметкерлерге технологиясы және өндіріспен еңбекті ұйымдастыруға байланысты жұмыс уақытына қосылатын ауысым ішілік үзілістер беріледі. Жылдың суық мезгілінде жылымайтын ауада және жылымайтын жабық ұй жайларда жұмыс істейтін, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарында жұмыс істейтін қызметкерлер тынығу үшін арнаулы үзілістер беріледі. 95 бап – қызметкерлердің ауысым аралық күнделікті тынығу ұзақтығы 12 сағ кем болмауы тиіс. Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін құрбан айттың бірінші күні және 7-қаңтар провословиялық рождество демалыс күндері.
Өндірістік шудың адам организміне тигізетін әсері және оны нормалау. Шудан қорғайтын шаралар мен құралдар. Өндірісте қолданылатын көптеген машиналар, механизмдер, құралдар кей жағдайларда біркелкі теңестіріліп құрылған агрегаттар болып келе бермейді. Сондықтан олардың жұмыс істеу барысында әдетте шудың пайда болады. Шу зиян болып есептеледі, организмге ұзақ уақыт бойы әсерін тигізетін болса, денеде әртүрлі аурулар туғызуы мүмкін. Шу адамның еңбекке қабілеттілігін азайтады, тез шаршаушылық пайда болады. Қатты шу бас ауруы, қорқыныш сезім, ұйқы қашу, ашушаңдық, тұрақсыз эмоциялық күй т.б. жағымсыз жағдайлар туғызады. Шу адамның сергектігін, психикалық реакциясын, зерделігін азайтады, жұмыс кезінде қателіктерді көбейтеді, бұның бәрі сәтсіз оқиғалар туғызуы мүмкін. Қатты шу әсерінен құлақтың есту қабілеті кемиді, біртіндеп саңыраулық пайда болады, кейде адам тіпті керең болуы мүмкін. Шудың әсерінен адам организмде бірнеше фукционалдық өзгерістер болады: нерв жүйесінде, жүрек – тамыр жүйесінде, тыныс алу және ас қорыту органдарында, заттар алмасу процессінде т.б. Шулы жұмыстарды істейтін адамдар арасында гастрит пен язва аурулары көп кездеседі. Сонымен шу адам организміне паталогиялық өзгерістер туғызып, кәсіби аурулар пайда болады, бұл ауруларды шуыл аурулары деп атайды. Дыбыс деп серпінді ортада таралып, адамның естіу мүшесі арқылы қабылданатын толқынды тербелгіш қозғалысты айтады. Дыбысты сипаттайтын факторлар: тербеліс жиілігі - f(Гц), дыбыс қарқыны – J (Втм), дыбыс қысымы – Р (Па). Діріл зиян болып есептеледі, организмге ұзақ уақыт бойы әсерін тигізетін болас, денеде әртүрлі аурулар туғызуы мүмкін. Діріл деп қатты заттың айналасындағы механикалық тербелгіш қозғалысын айтады. Дірілдің сипаттау парамертлері: жиілігі – f (Гц), жылжу амплитудасы А (м), дірілдеу жылдамдылығы v (мс), дірілдің үдеуі w (мс). Дірілдердің салдарынан қажығандық, бас айналып ауыруы, нерв қозуы, жүрек – тамыр жүйесінде өзгерістер, қан тамырларының қысылуы, буындардың ауруы, қол мен аяқтың жаны кетуі, ұйқы қашуы, бұлшық еттердің зақымдануы, сүйектердің сырқырауы, ішкі мүшелердің орны қозғалуы т.б. паталогиялық өзгерістер туады. Бұл аурулар тербеліс аурулары деп атайды. Олар тез жазылмайтын, созылмалы аурулардың қатарына жатады, ауыр түрінде адамның мүгідектігін туғызуы мүмкін. Сонымен өндіріс дірілдерге қарсы күрес кәсіпорындарында санитарлық – гигиеналық жағдайларды жақсару проблемасының маңызды мәселелерінің бірі болып есептелед: - шулы құралдарды шусыз құралдармен, металл бөлшектерді басқа түрлі бөлшектермен, тозған деталдарды жаңа деталдармен, тісті және шынжыр берілісті басқа түрімен айырбастау; - машиналардың айналатын бөлшектерін дұрыс теңгеру; - қажалатын бөлшектерді уақытында майлап отыру; - механизм бөлшектерін жасауда дәлдік класын жоғарлату; - бөлшектердің қосылыс жерлерінде серпімді төсем заттарды қолдану; - дыбыс сіңіру, дыбысту экрандау, дыбысты оңашалау; - жеке қорғану құралдарын пайдалану; - діріл сіңіру, діріл өшіру, дірілді оңашалау; -діріл туғызатын машиналар мен механизмдурді алыстан басқару; - жұмыскерлердің еңбек ету, демалу, тамақтану, емделу режимін дұрыс ұйымдастыру; - жұмыскерлерге медициналық байқау жүргізу; - жұмыскерлерге физиологиялық сақтандыру процедураларжүргізу.
Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін қызметкерлердің жауапкершілігі. Жұмыс беруші ќызметкердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін:
1 ескерту;
2 сөгіс;
3 қатаң сөгіс;
4 жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу.
Жұмыс беруші өзінің актісін шығару арқылы тәртіптік жаза қолданады. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті. Қызметкердің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы тәртіптік жаза қолдануға кедергі жасай алмайды. Қызметкер аталған түсініктемені беруден бас тартқан жағдайда тиісті акт жасалады. Жұмыс беруші тәртіптік жазаның түрін айқындау кезінде жасалған тәртіптік теріс қылықтың мазмұнын, сипатын және ауырлығын, оны жасаудың мән-жайларын, қызметкердің оның алдындағы және одан кейінгі тәртібін, еңбекке деген көзқарасын ескеруге тиіс. Әрбір тәртіптік теріс қылығы ұшін қызметкерге бір тәртіптік жаза ғана қолданыла алады. Жұмыс берушінің қызметкерге тәртіптік жаза қолдану туралы актісі:
- қызметкердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі;
- қызметкер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттер атқару уақытына жұмыстан босатылған;
- қызметкер демалыста болған;
- қызметкер іссапарда болған кезеңде шығарылмайды.
Тәртіптік жаза қолдану туралы акт ол шығарылған күнінен бастап ұш жұмыс күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған қызметкерге қолын қойғызып хабарланады. Қызметкер жұмыс берушінің актісімен танысқанын қол қойып растаудан бас тартқан жағдайда, тәртіптік жаза қолдану туралы актіде ол туралы тиісті жазба жасалады. Қызметкерді жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен жеке таныстыруға мұмкіндік болмаған жағдайда жұмыс беруші актіні қызметкерге хабарламалы хатпен жіберуге міндетті. Қызметкер тәртіптік жаза жөнінде шағым жасай алады.
Тәртіптік жазаны - тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан асқаннан кейін, ал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген немесе ревизия немесе жұмыс берушінің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша тәртіптік теріс қылығы анықталған жағдайларда қызметкер тәртіптік теріс қылық жасаған күннен бастап бір жылдан асқаннан кейін қолдануға болмайды. Көрсетілген мерзімдерге қылмыстық іс бойынша іс жүргізу уақыты кірмейді.Қызметкердің еңбекке уақытша қабілетсіздігіне, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттер орындау ұшін жұмыстан босатылуына, демалыста, іссапарда болуына байланысты жұмыста болмаған уақытында тәртіптік жаза қолдану мерзімінің барысы тоқтатыла тұрады. Тәртіптік жазаның қолданылу мерзімі ол қолданылған күннен бастап алты айдан аспауға тиіс. Егер осы мерзім ішінде қызметкер жаңа тәртіптік жазаға тартылмаса, оның тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі. Қызметкерге тәртіптік жаза қолданған жұмыс беруші өзінің бастамасымен, қызметкердің немесе оның тікелей басшысының өтінуімен, қызметкерлер өкілінің өтініші бойынша тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастауға құқылы. Әкімшілік жауапкершілік деп еңбек қорғау заңдарын бұзғаны жөнінде кінәлі қызмет адамдарына ақшалай айып салуды айтады. Айыпты кінәлі адамдарға мемлекеттік қадағалау органдарының инспекторлары салады. Айыптың мөлшері кінәлі адамның еңбек қорғау ережелерін бұзу шамасына қарай белгіленеді. Айып 15 күннің ішінде ерікті түрде төленуге тиіс, егер бұл мерзімде айып төленбесе, ол айлық жалақыдан үсталуы керек. Егер ережені бұзған күннен бір ай өтіп кетсе, кінәлі адамға айып салуға болмайды. Айып салынған адам бұл жазамен келіспесе, ол он күннің ішінде халық сотына шағым бере алады.
Материалдық жауапкершілік деп қызмет адамның кінәсінен жұмыскерлердің денсаулығына келген зақым ұшін оларға ақшалай берілетін төлем ақыны айтады. Сол ақшаның мөлшері жараланған адамның еңбекке жарамсыздық шамасына, айлық жалақысына және оның кінәсінің ауырлығына қарай белгіленеді.
Қылмыстық жауапкершілік қызмет адамдарына еңбек қорғау заңдарын бұзғаны үшін прокуратура органдарының жаза қолдануынан тұрады. Қызмет адамдар еңбек қорғау ережелерін бүзғаны үшін жазаға тартылады, егер олардың теріс әрекеті адамдармен сәтсіз оқиға не басқа ауыр қауіпті жағдайлар туғызатын болса:
- екі жылға дейін түзету жұмыстарына жіберілу;
- немесе қызметінен түсірулу.
Егер сол теріс әрекеттер адамдармен сәтсіз оқиға туғызса, кінәлі адамдар 2 жылдан 5 жылға дейін бас еркінен айырылады.
Жұмысшыларды қауіпсіз жұмыс әдістерін оқыту және өндірістегі нұсқау. Кәсіпорындарында өндірістік травматизмді азайту үшін жұмысшыларға еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдері жөнінде дер кезінде және сапалы нұсқау беріліп отыру керек. Барлық кәсіпорындарында олардың қауіп-қатерлік өзгешелігі мен дәрежесіне және жұмысшылардың мамандық дәрежесімен еңбек стажына қарамай еңбек қорғау жөнінде нұсқау міндетті түрде жүргізілу керек. Нұсқаудың бірнеше түрлері болады: кіріспе нұсқау, жұмыс орнында бірінші нұсқау, қайталанған нұсқау, жоспардан тыс нұсқау күнделікті нұсқау.
Су ресурстары.
Табиғи ресурстар таусылмайды дейтін көрінер көзге аңғал ұғымның мәні қалмай барады. Су планетамызда айырықша орын алатын ресурс болып табылады. Жер шарында у мол болғанымен, ол жердің аудандары мен елді мекендері бойынша біркелкі емес. Су тек шөл бау үшін ғана керек емес. Ол өндіріс үшін де қажет. Қазіргі технологияның су сыйымдылығы өте жоғары: 1тн құрышты қорыту үшін 250 м куб у қажет, 1 тн қағаз өндірісіне 900 м куб су, 1 тн капронға 56000 м куб у кетеді екен. Егер жердің бір тұрғынына кететін барлық су шығынын есептесек, ол жылына 1 – 2 тн – дан да көп у тұтынады екен. Су – біртұтас кешен ретінде болатын табиғи ресурс. Табиғи реуртың бұл түрі мыналарға арналған:

адамзаттың, хайуанаттар мен өсімдіктер әлемінің өмірлік қажеттіліктерін өтеуге; 
өндірістік – шаруашылық қажеттіліктеріне; 
гидротасымалдау және кемелермен жүкті тасуға; 
өзіндік ерекшелігі бар технологиялық процетерді қамтамасыз етуге. 

Су биосфераның барлық қабаттарында болады, дәлірек айтқанда, ол тек су қоймаларында ғана кездеспейді, сонымен қатар, оны ауадан да, топырақтан және бүкіл тірі жан иелерінің бойынан да ұшырастырамыз. Шнитниковке жүгінсек біз бүгінгі таңда өте ылғалды континенталдық фазадан аса құрғақ континенталдық фазаға өту үстінде екенбіз. Бұл құрлықтағы судың 1 бөлігі теңізге ауыатынын білдіреді. Соңғы 80 жылдағы байқау көрсеткендей, теңіз деңгейі жыл айын 1 – 2 мм-ге көтеріледі, бұл құрғақтағы судың қорын жылына 430 км кубке кемітеді. Бұл көреткіш Каспий теңізіне құятын барлық өзендерге де қатысты. Су ұдайы қозғалыс үстінде болады, оның мөлшері мен сапасы уақыт және кеңістік ішінде өзгереді.
Су ресуртары ғасырлар бойы жинақталған қормен және жаңғыртылған ресурстармен сипатталады. Орташа жылдық ағыны бойынша, су ресурстарын бағалау судың пайдаланылуын жоспарлауда және сумен қамтамасыз етілудің деңгейне баға беруде кеңінен қолданылады. Елімізде су ресурстарын үнемдеу үшін, суарудың жаңа әдістерін қолданысқа енгізудің маңызы зор. Орташа есеппен алғанда планетаның 1 тұрғынына күніне 3 мың литр су кетеді екен, алайда жердегі 5 миллиардтың 1 миллиард тұрғыны күніне кем дегенде 2 – 3 литр тұщы суға қолы жетпей отыр екен. Елімізде у ресурстарының қорғалуы әрі ұтымды пайдаланылуы үшін өзен бассейндерін пайдалану процесінің жүйелі басқару тәсілі қолданылады. Аса ірі территорияларды жергілікті су ресурстарымен қамтамаыз ету міндетінде суды ластап, әрі таусып алмауды көздейтін, жер үсті және жер асты суларын бірлесіп реттеуді жүзеге асыратын шаралар кешенді түрде қарастырылады.
Қазақстан Республикасының жер беті минералдық көздер сулар ретінде таралған климаттың ерекшк жағдайы өзен жүйесінің қалыптасуына өз әсерін тигізеді. Онда өте сирек гидрогеоографиялық желі байқалады, шаруашылық үшін артезиан бассейндерінің сулары үлкен рөл атқарады. Ірі қалаларды сумен қамтамасыз ету жер асты сулары арқасында жүзеге асады. Қазақстанда минералдық судың қоры да аз емес, минералдық сулар құрамында көптеген химиялық элементтер бар, олар адамның десаулығы үшін қажеттіліктердің бірі. Санаторий мен курорттар танымал. Мысалы, Алма Арасан, Барлық Арасан, Қапал Арасан, Жаркий Арасан, Сарыағаш және т.б.
Барлығымызға белгілі біздің территорияны кесіп өтетін ірі өзендер, өздерінің бастарын көрші территориялардан алады. 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымында (БҰҰ) Хельсинск конференциясында транс-шекаралық өзендер мен мемлекет аралық көлдердің реурстарын рационалды пайдалану және қорғау туралы Конвенция қабылданды. Соның ішінде Каспий мен Арал бар. Су пайдаланудың жыл сайын өсуі тұщы судың азайып, ластануына соқтырып отыр. Сондықтан гидротехникалық қондырғыларды салу немесе жоспарлау кезінде табиғи комплекстің территориялық ерекшелігін ескеру керек.
Жанармай-энергетикалық ресурстары
Қазақстанның бұл ресурстары: қара, қоңыр көмір, мұнай және табиғи газдар, жанармай материалдары жатады. Көмір қорларының шоғырлануы Екібатұз, Қарағанды, Майкүбен, Кендірлік, Алакөл аймақтарында. Републикалық дәрежеде Қарағанды және Екібастұз бассейндері жатады. Көмірсутек концентрациясының негізгі ауданына Батыс Қазақтан, соның ішінде Маңғыстау мен Эмба мұнайлы газ бассейндері жатады. Соңғы жылдары жаңа мұнай көздері ашылды: Қарашығанақ, Теңіз, Қашаған және т.б. Энергетикалық қорлардың жаңгырмайтын қатарына - көмір, мұнай-газ, торф, сутегі, гелий, литийлер, ал жаңғыратын түрлеріне -фотосинтез өнімдерінің энергиясы, гидроэнсргия, булану және жауын-шашын энергиясы, жел энергиясы, жылу энергиясының түрлері жатады. Энергияның сан алуан түрлілігіне қарамастан, адамзат баласы, оның санаулы бөлігін ғана пайдаланады. Ғылым мен техника дамығанға дейін, негізгі энергия көзі ретінде, адамзат бүлшық етінің қимылы мен жануарлар қозғалысының энергиялары, жел энергиясы, ағашотынның энергиясы пайдаланылып келді. Мұнай-газ, көмір, гидроэнергияның пайдалана бастағаиына да біршама уақыт болып қалды. Соңғы жылдары, атом энергиясын жүйелі түрде пайдалану жолға қойыльш отыр. Сондай-ақ, жер қойнауындагы ыстық су кездерін пайдалану да маңызды болып отыр. Күн көзінің энергиясын тиімді пайдалану, оны сақтау - адамзат баласының аддында шешімін табар мөселелерге жатады.
Минералды ресурстар
Минералдык қорлар. Бұл қордың қатарына металл жөне металл емес затгардың кен көздері - мұнай, газ, тас көмір жөне жер асты сулары жатады. Аталған дүниеліктердің пайда болуы немесе қайта қалпына келуіне қарағанда, оларды пайдалану қарқыны өте жоғары болғандықтан, олар сарқылатын қор түріне жатады. Бүл орайда, аталған дүниеліктерді, олардан алынатын шикізаттарды қалдыксыз өндеудің орасан зор маңызы бар екендігін атап өту қажст.
Кейбір минералдық заттар адам тіршілігіне ауа мен судай қажет. Мысалы. ас түзы, ізбес, қүм, фосфорит, калий түздары, т.б. Бүларға қарағанда, металл жөне мұнай-газ кен көздерінің қоры шектеулі жөне шағындау. Минералды ресурстырдың әр түрлері мен қоры бойынша біздің республика әлемде алдыңғы орынға ие. Оның қорында Менделеевтің барлық элементтері кездеседі. Негізгі темір рудалары ауданы болып Солтүстік Қазақстан саналады, онда Соколов-Сарыбай, Қашар, Қорытын көл және т.б. кен орындары бар. Қара металлдарды Шығыс Қазақстан облысында өндіреді. Қазақстан поллиметалл рудаларына да бай, түрлі-түсті металлдар, көздерін де кездестіруге болады. Батыс және Оңтүстік Қазақстанда фосфорит, шаруашылық материалдар шоғырланған.
Климаттық ресурстар
Қазақстан Республикасының территориясы кең болғандықтан әр түрлі климатты адапторлар қалыптасқан. Күн энергияының қоры үлкен және Оңтүстік Қазақстанда вегетациялық периодтық ұзақ жылу сүйгіш өсімдіктерді өсіруге мүмкіндік береді. Күн энергиясы үйлерді жылытуға мүмкіндік береді. Қазақстан жел ресурстарына да бай. Жел жиі болып тұратын аудандарда энергия желін пайдаланады. 
Жер ресурстары
Жерді пайдаланудың функциясының ерекшелігі оның табиғи ресурстарының арасындағы орнын анықтап береді. Ол қоғам мүшелерінің әл-ауқатының бастапқы материалдық негізі, адамдарды қоныстандырудың және өндірістік күштерді орналастырудың кеңестік базисі әрі барлық экономикалық өсім факторларының – еңбек, материалдық-техникалық және табиғатты ұдайы өндірістік процесстердің қалыпты жүзеге асуының негізі болып табылады. Біздің планетамыздың беті – 510 млн. шаршы киллометр. Оның көп бөлігі – 361 млн. шаршы киллометр, яғни 71%-ін су алып жатыр. Құрлыққа тиесілісі – 149 млн. шаршы киллометр. Бұл территорияны 4060 млн.га орман алып жатыр. Шалғын мен жайылым 2600млн.га. Өңделетін жер – 1450 га. Қалған территория 45% Қазақстан Республикасының территориясы 2,72 млн. шаршы киллометр. Ауылшаруашылығына пайдалы жерлердің динамикасына толып жатқан процесстер өз әсерін тигізеді: Ғылыми техникалық прогресстің шапшаң қарқыны, урбанизацияның өсуі, қолайсыз табиғи факторлар, жаңа территорияларды игеру, аграрлық жер құрылымының өзгеруі және т.б. Жер жағдайының нашарлауы ауылшаруашылық жұмыстардың қарқынын ұдайы арттыруға, жерге салынатын салмақты күрт өсіруге ықпал етіп отыр. Көптеген дамыған елдерде ауылшаруашылығына жарамды жерлердің көлемі тарылып барады. Әлемде қосымша пайдалануға болатын алаңдар бар, бірақ олардың сапасы төмен, өйткені ауылшаруашылығына қажетті шұрайлы алаңдар бос емес, әрі бұл алаңдардың көлемін кеңейтудің мүмкіндіктері шектеулі. Еліміздің кейбір аймақтарында мал шаруашылығында кемшіліктер орын алған. Соның ішінде ең үлкен кемшілік, жайылымның мал тұяғының астында тапталуына жол бере отырып, шектен тыс жаю. Соңғы 100 жыл ішінде әлемдегі ауылшаруашылығында пайдалы жердің шамамен 27% -і жарамыз болып қалған, оның ішінде пайдалы жердің көбісі таусылудан жарамыз болды. Жер реурстарының өнімділігі мен ауданын климаттық жағдайлар да көп шектеп, тарылтып отыр. Жер ресуртарын қолдануда қалыптақан жағдай келешекте ауылшаруашылығына пайдалы жердің көлемін арттыруға мүмкіндік бермейді
Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде есепке алынуға тиіс әсерлердің түрлерi
1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде:
1) тікелей әсер - объектіні орналастыру ауданында жоспарланып отырған негізгі және ілеспе қызмет түрлерінің тікелей тигізетін  әсері;
2) жанама әсер - жобаны іске асыру салдарынан пайда болатын жанама (кейінгі) факторлардан туындайтын қоршаған ортаға әсер;
3) кумулятивтік әсер - жобаны іске асыруға ілесе жасалатын, өткен, қазіргі немесе негізделіп алдын ала болжанатын іс-әрекеттерден туындайтын, үнемі ұлғаю үстіндегі өзгерістер салдарынан пайда болатын әсер есепке алынуға тиіс.
2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде:
1) атмосфералық ауаға;
2) жер үсті және жер асты суларына;
3) сутоғандары түбінің беткі жағына;
4) ландшафттарға;
5) жер ресурстарына және топырақ жамылғысына;
6) өсімдіктер дүниесіне;
7) жануарлар дүниесіне;
8) экологиялық жүйелердің жай-күйіне;
9) халық денсаулығының жай-күйіне;
10) әлеуметтік салаға (халықты жұмыспен қамту, білім беру, көлік инфрақұрылымы) әсерді бағалау жүргізіледі.
3. Қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргізу процесінде табиғи орта мен адам денсаулығына теріс және оң әсерлер есепке алынуға тиіс.
  Қоршаған ортаға әсерді бағалау объектілерін бағалану маңыздылығы
1. Қоршаған ортаға әсерін бағалау жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет маңыздылығы мен толымдылығы бойынша І, II, III, IV болып 4 санатқа бөлінеді.
І санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 1 және 2-сыныбына жататын қызмет түрлері, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалардан басқа пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жатады.
II санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 3-сыныбына жататын қызмет түрлері, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру, орман пайдалану мен суды арнайы пайдаланудың барлық түрлері жатады.
III санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 4-сыныбына жататын қызмет түрлері жатады.
IV санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 5-сыныбына жататын қызмет түрлері, сондай-ақ әуесқойлық (спорттық) балық аулау мен аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланудың барлық түрлері жатады.
2. Әртүрлі санаттағы объектілерге қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізуге қойылатын сараланған талаптар қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықта белгіленеді.
  Қоршаған ортаға әсерді бағалау құжаттамасы
1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі құжаттама:
1) шаруашылық және өзге де қызметке тапсырыс берушінің деректемелерін;
2) жоспарланып отырған қызметті іске асыру қажеттігі негізделген өтінішті (арызды, ниеті туралы декларацияны), инвестициялар негіздемесін, техникалық-экономикалық негіздемені (жобаны), жұмыс жобасының бекітілген бөлігін, түсіндірме жазбаны;
3) қоршаған орта компоненттерінің қызметті іске асырғанға дейінгі не қазіргі кездегі жай-күйінің сипаттамасын;
4) жобаның жазбасын, оған қоса:
бүкіл жобаның мақсаты мен сандық сипаттамаларының және орналастыру ауданына құрылыс және пайдалану сатысы кезеңінде қойылатын талаптардың сипаттамасын;
жоспарланып отырған қызметтің қоршаған орта элементтеріне ықтимал әсерлерінің түрлері қоршаған ортаға эмиссиялардың, тұтынылатын шикізаттың және алынатын ресурстардың көлемі мен оның қосындыларының құрамымен бірге көрсетіле отырып, пайдаланылатын материалдар мен жабдықтардың типтері мен санын қоса алғанда, өндірістік процестердің негізгі сипаттамаларын;
5) қолданылатын технологияның ең озық қолжетімді технологияларға және техникалық үлестік нормативтерге сәйкестігі тұрғысынан талдауды;
6) баламалы нұсқалар туралы ақпаратты және жобалық нұсқаны таңдаудың негізгі себептеріне нұсқауды;
7) қызметтің қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға ықтимал әсерлерінің сипаттамасын;
8) жобаланатын шаруашылық немесе өзге де қызметтің қоршаған ортаға беймәлім әсерлерін;
9) экологиялық тәуекелді және халықтың денсаулығына төнетін тәуекелді бағалауды;
10) экологиялық мониторинг жөніндегі ұсыныстарды қоса алғанда, қоршаған ортаға әсерді болдырмау, азайту үшін көзделетін шаралардың сипаттамасын;
11) қоршаған ортаға эмиссиялардың жобалық нормативтерін және табиғи ресурстарды алып қою нормативтерін;
12) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының негіздемесін;
13) ықтимал тәуекелдерді және келтірілген залалдарды өтеуді ескере отырып, жобаны экологиялық-экономикалық бағалауды;
14) хаттамалармен ресімделген және жоспарланып отырған қызметтің экологиялық аспектілерін қоғамдық талқылау нәтижелері жөніндегі қорытындыларды қамтитын қоғамдық пікірді есепке алу жөніндегі материалдарды;
15) қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргізу кезіндегі кез келген қиыншылықтарды және ақпараттың жетіспеушілігін көрсетуді;
16) қоршаған ортаға әсерге жүргізілген бағалау нәтижелері жөніндегі негізгі қорытындыларды қамтиды.
2. Жоспарланып отырған қызметтің тапсырыс берушісі (бастамашысы) қоршаған ортаға әсерге жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша жоспарланып отырған немесе жүзеге асырылатын қызметтің экологиялық зардаптары туралы мәлімдеме әзірлеп, табыс етеді, ол осы қызметті іске асыруға болатыны туралы шешім әзірлеуге негіз болады.
3. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың әрбір кезеңіндегі құжаттама мазмұнының толымдылығы қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықпен айқындалады[3].
 Қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргізудi әдістемелік қамтамасыз ету
1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде тиісті жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға әсерді бағалауды әзірлеу процесінде қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
  Трансшекаралық әсері бар объектілердің қоршаған ортаға әсерін бағалау ерекшеліктерi
Трансшекаралық әсері бар объектілердің қоршаған ортаға әсерін бағалау ерекшеліктері Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.
  Қолданыстағы объектілер үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау ерекшеліктерi
1. Егер объектіні жобалау процесінде қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізілмеген не табиғат пайдалану жағдайлары жобада көзделген жағдайлардан айтарлықтай өзгеше болған жағдайда, қолданыстағы объектілер үшін мұндай бағалау жүргізілуге тиіс.
2. Қолданыстағы объектіге бастапқы жобада көзделмеген реконструкция жүргізілген кезде оның қоршаған ортаға әсерін бағалау жекелеген материалдар түрінде немесе объект бойынша тұтас алғанда қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарына өзгерістер енгізу түрінде жүзеге асырады.
3. Қолданыстағы объектінің қоршаған ортаға әсерін осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес бағалау қажет болғанда, мұндай бағалау экологиялық рұқсат алуға өтінім берілгенге дейін орындалуға тиіс[11].
Қазіргі кезде ауадағы шаң мен тозаңды ұстайтын және тазалайтын 5 түрлі әдіс белгілі.
Олар: 

1. Құрғақ тазалау әдістері.
2. Ылғалды тазалау әдістері.
3. Электр сүзгімен тазалау.
4. Химиялық тазалау әдісі.
5. Термиялық өңдеу арқылы тазалау
1.Құрғақ тазалау әдісінің тозаң ұстағыштары:
- циклонды (дауылды, боранды); 
- ротациялық (шиыршық тәрізді); 
- вихрлі (жел арқылы құйын тәрізді); 
- радиалды (тарамдалған); 
- жалюзиялы (кедергілі) болып бөлінеді 
2.Ылғалды тозаң ұстағыштар:
- Вентурри скруберлері; 
- Тозаңдату скруберлері; 
- Орталықтан тепкен күшпен жүретін скруберлер; 
- Инерциялы соқтығу және барботажды- көбікті қондырғылар; 
3. Электр сүзгімен тазарту :
Электр сүзгімен тазарту қондырғыларының жұмыс принціпі -коронды электродтар шаң-тозаң электр иондарын таратып, оларды тұндырма және коронды электродтар камераларында ұстау.
4. Химиялық тазарту әдісі:
Химиялық тазалау әдісі – бұл газдардың басқа сұйық заттармен араласқанда еритін қасиетіне негізделген әдіс түрі.
5. Термиялық (күйдіру ) әдісі:
Термиялық (күйдіру ) әдісі - уытты заттарды өте жоғары температурада өртеу, күйдіру арқылы бейтарап қалыпқа келтіру болып табылады.
Зиянды қалдықтарды ауаға таратпай , пайда болған кездерінде тазалау қолдан келетін және кезек күттірмейтін шаруа. Қалдықтары бар кәсіпорындар оларды ұстайтын әрі, тазалайтын қондырғылар орнатып, дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етулері қажет.
Бұл аппараттар құрылымы бойынша былай топтастырылады:
шаң камералары: камералар;сепараторлар: газдың көлбеу ағыны арқылы жүмыс істейтін; газдьщ тік ағыны аркылы жұмыс істейтін; кисындастырылған; циклондар: жай циклондар; топтастырылған циклондар; батареялык циклондар; женді (мата) сүзгілер: технологаялық және аспирациялық газдарды тазалауға арналған сүзгілі элементтерінің беттерінің түрі бойынша (дөңгелеқ тегіс бетті, тік бүрышты); тазаланылатын ағынның бағыты бойынша; сүзгілеу элементтеріне ағындарды кіргізу тәсілдері бойынша (жоғарыдан кіргізу, төметнен кіргізу, қисындастырылған); секциялар саны бойынша (бір, екі жәнг көп секциялы); сыртқы қабатының түрі бойынша (цилиндр тәрізді, тікбұрышты); электр сүзгілер: ұсталған шаңды сүзгіден шығару тәсілдері бойышпа (құрғақ және ылғалды); электродтар түрлері бойынша (түтікті, алтықырлы, 8-тәрізді, шыбықтан жасалған жәге т.б., тұндырғыш электроды және дөңгелек, спираль тәрізді, кесіндісі найза тәрізді, ара тәрізді, инелі сымдар тәрізді және т.б., коррондаушы (зарядтаушы) электроды);
ылғалды аппараттар және скрубберлер: кұрылымы бойынша іші бос (қуыс) скрубберлер, саптамалы скрубберлер, Вентури скруббері, ыпғалды циклондар, көбікті аппараттар, сұйық соққы аркылы жұмыс істейтін скрубберлср, козғалмалы саптамалы скрубберлер;
абсорберлер және адсорберлер: күрылымы бойынша тұрақты саптамалы, қозғалмалы саптамалы, тор тәрізді және сұйық құйылып ағатын табақшалы және т.б.
Химиялық технологияда газдарды шаң-тозандардан жөне улы заттардан тазалайтын мынандай әдістер кеңінен колданылады: механикалык, химиялык (реагенттік), физико-химиялық, физикалық, биологиялык және жоғарғы температуралық (термиялық).
Өндірісте шаң-тозандарды үстау жөне түрлі зиянды затгардан түратын газдарды ұстау, әр түрлі жоддармен, шаң ұстайтын аппараттарда іске асырылады. Олар: күрғақ, ылғалды және электростатикалық әдістер. 

Қолданылған ерітінділер мен шайынды суларды тазалау мәселелері
Өндіріс нәтижесінде пайдаланылған сулар және олардың бойына әр түрлі заттардың қосылуы су сапасын төмендетіп, оны сарқынды(сточные) суларға айналдырады.
Көлдерге, өзендерге қолданылған суды жібергенге дейін, олар зиянды заттардан тазалануы тиіс. Бұл жағдайда, "Жер бетіндегі суларды зиянды заттармен ластанудың сақтау ережелері" сақталуы тиіс.
Қолданылған сулар белгілі нормативтерге байланысты тазаланады. Кейбір жағдайларда, ластанған суға таза су қосу арқылы зиянды заттардың концентрациясы төмендетіледі.
Қолданылған суды тазалағаннан кейін, ол мынандай негізгі талаптарға сәйкес болуы қажет: 
1. Судың құрамында ұнтақталған қатты заттардың мөлшері 0,25-0,75 мгл-ден аспауы қажет; 
2. Судың бетінде қалқып жүрген қабықшалар (пленкалар), майдың 
дақтары және де басқа заттар болмауы қажет; 
3. Судың және суда жүрген балықтардың басқаша иісі немесе түсі түрлі-түсті болмауы қажет; 
4. Судағы еріген оттегі мөлшері 4 мгл-ден кем болмауы тиіс; 
5. Қолданылған суда улы заттар болмауы тиіс, олардың концентрациясы өте аз болуы қажет; 

6) Судың рН-ы 6,5 төмен және 8,5 жоғары болмауы тиіс. 
Қолданылған суды алдынала газаламай сол күйінде тастауға өте қатаң талап қойылады.
Суды тазалаудың бірнеше әдістері бар: механикалық, биологиялық жөне химиялық.
Судағы сұйық емес, суда ерімейтін заттарды механикалық әдіспен бөледі: ол тұндыру және фильтрация (сүзу) әдістері. Тым ұнтақ емес қатты заттар өз салмағымен біртіндеп су түбіне шөгеді. Фильтрлеу (сүзу) қысым күшімен немесе центрден тепкіш күш арқылы іске асырылады.
Қолданылған судың биологиялық тазалануы, әдетте табиғатта су қоймаларында немесе топырақда жүріп жатады. Су топырақ қабаттарынан өткенде олар топырақтағы микроорганизмдер арқылы тотьтғу реакцияларына түседі.
Қазіргі көп тонналық өндірістерде өте көп мөлшерде қолданылған су қоршаған ортаға шығарылып тасталады. Мұндай көп мөлшердегі суды тазалауға табиғаттың шамасы келмейді. Бұл - судағы оттегінің мөлшерінің азаюына әкеліп соғады, ал ол судағы барлық тіршіліктің жойылуына мүмкіндік жасайды. Құрамында оңай тотығатын органикалық заттары бар қолданылған суларды тазалауда жасанды биологиялық өдістер кейінен қолданылып жүр. Қолданылған суды биологиялық жолмен тазалау батпақ құрамындағы активті бактериялар комплексінің органикалық заттарды ыдыратуына негізделген.
Тотығу негізінде – СО2, N03, SO42-, РО43- пайда болады. Тазаланған суды өндірісте қолдануға немесе оны су көздеріне қосылатын канализацияға жіберуге болады.
Қолданылған суды тазалауға биологиялық әдістің шамасы келмеген жағдайда, химиялық және физика-химиялық тазалау әдістері қолданылады. Олар әдетте мынадай: нейтралдау, коагуляция, тотықтыру, хлоржу, озондау, флотациялау, экстракциялау, адсорбциялау, ионды алмасу және т.б. әдістер.
Егер қолданылған суда минералды қышқылдар және сілтілер көп мөлшерде болса, онда нейтрализациялау әдісі қолданылады. Нейтрализациялауды, мүмкіндігіне байламысты, қолданылған кышқыл және сілтілі суларды араластыру арқылы іске асырады.
Қолданылған сілтілі суларды иейтрализациялау үшін өндірістің түтінді газдары қолданылады. Олар: көміртек диоксиді (С02), күкірт, азот диоксидтері жәнме т.б. қышқылды газдар. Бұл жағдайда судың нейтрализациялануы жүре отырып, өндірістен шыққан газдардың да тазалануы іске асырылады.
Қолданылған суларды тазалау кезінде, коагулянт ретінде алюминий, темір тұздары қолданылады. Бұлар судағы коллоидты-дисперсті өте майда бөлшектердің тұнбаға түсуін тездетеді.
Коагулянт қосылған кезде, судағы майда бөлшектердің, беттерінің зарядтары нейтралданып, олардың бір-біріне жабысу мүмкіндігінің артуына байланысты олар тұнбаға түседі. Әдетте, коагуляция нейтралды ортада жақсы жүреді (рН7).
Тотықтыру әдісі. Бұл әдіс құрамында улы заттары бар ластанған суды зиянсыздандыру және олардан қажетгі заттарды бөлім алу үшін қолданылады.
Тотықтырғыш ретінде: хлор, натрий гипохлориті, озон, ауадағы оттегі, сутектің асқын тотығы (сутегі пероксиді, Н2О2) т.б заттар қолдаиылады. Мысалы, хлорлау - судағы фенол сияқты органикалық заттарды, цианидтерді, күкіртсутектерді залалсыздандыру үшін қолданылады. Тотықтырғыш ретінде озонды қолданудың тиімділігі жоғары, өйткені ол хлордан да күшті тотықтырғыш ретінде белгілі.
Флотация - судағы әр түрлі майларды, смолаларды, полимерлерді және т.б. заттарды бөліп алу үшін қолданылады. Флотация - судағы қоспалардың өте майда ауа көбіктеріне жабысып, судың бетіне көтерілу қасиетіне негізделген.



Ұқсас жұмыстар

Қоршаған ортаға әсерді бағалау кезеңдері
Қоршаған ортаға әсерді бағалау
ҚОӘБ кезеңі
Сараптама әдістері,түрлері
Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу ережелері
Экологиялық сараптаманың түсінігі
Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру ережесi
Жамбыл облысының экологиялық жағдайлары
Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының құқықтық мәселелері
Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін арттыру жолдарымен оның бағалау ЖШС (КӨК-СУ).
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары
Көйлектік маталар тобына арналған реляциондық мәліметтер қорын құру және өнімдер сапасын эксперттік бағалау
Ұсыныстар портфеліне кіретін бұйымдардың бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін бағалау және жіктеу
Сақтандыру бағалауы
қоршаған ортаны қорғау туралы
Автокөлік құралдарын бағалау
Қоршаған ортаны қорғау
Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер. туралы
Су қорын экономикалық бағалау