Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін сақтауда
Сабақ №13
Тақырып
Пойыз қозғалысының графигі. Темір жолды пайдаланудың негізгі көрсеткіштері.
Темір жолды техникалық пайдалану ережесінде: «пойыз қозғалысын ұйымдастырудың негізі — қозғалыс графигі, және ол темір жолдың барлық жұмысын біріктіреді» деп көрсетілген.
Яғни қозғалыс графигі темір жол жүйесіндегі негізгі үдерістерді өзара үйлестіріп, тасымалдың жоспарлы әрі қауіпсіз орындалуына жағдай жасайды.
Пойыздар қозғалысы графигі нені қамтамасыз етуі тиіс?
- Жолаушылар және жүк тасымалы жоспарының орындалуын.
- Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтауды.
- Учаскелерден пойыздарды жіберу және өткізу кезінде тасымалдау қуатын толық пайдалануды.
- Локомотив бригадалары жұмысының уақтылы және үздіксіз орындалуын бақылауды.
- Жолдың ағымдағы жөндеуін, СЦБ құрылғыларының, электрмен жабдықтау жүйесінің және басқа да қызметтердің ағымдағы жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды.
Графиктің орындалуына не әсер етеді?
Пойыздардың график бойынша жүруіне станса жұмысы, депо, электр станциялары, ПТО және теміржол қозғалысына қатысты басқа да мекемелердің жұмысты уақытында және үйлесімді атқаруы тікелей әсер етеді.
График қалай жасалады?
Пойыздар қозғалысының графигі темір жолда құрастырылады және министр деңгейінде бекітіледі. Графикті әзірлеу кезінде тәулік бойындағы қозғалыс көлемі, жоспарланған жұмыстар және тасымал ағындары ескеріледі.
Жолаушылар пойыздары — қозғалыс мөлшері жолаушылар ағымына байланысты.
Жүк пойыздары — қозғалыс мөлшері тасымалданатын жүктің көлеміне байланысты.
Теміржол жұмысының негізгі көрсеткіштері
- 1 Вагон және локомотив қайтарымы.
- 2 Вагон және локомотивтің бір тәуліктегі орташа жүрісі.
- 3 Бір вагонға түсетін статикалық және динамикалық салмақ.
- 4 Вагон және локомотив өнімділігі.
- 5 Пойыз қозғалысының техникалық және учаскелік жылдамдығы.
Қорытынды: қозғалыс графигі — теміржол жұмысының өзегі. Ол жоспардың орындалуын, қауіпсіздікті, ресурстарды тиімді пайдалануды және қызметтердің үйлесімді жұмысын қамтамасыз етеді.