Ауаның ылғалдығын анықтайтын құралды тап

Қоршаған ортаны бақылау әдістері мен құралдары пәнінен 1-ші межелік бақылау тест сұрақтары.

Құрастырған Экология және ҚОҚ кафедрасының аға оқытушысы Бейсебаев Ш.Т

1 Межелік бақылау Тесты

1
Атмосфералық ауаның қозғалысын, желдің жылдамдығын қандай құралмен анықтайды?
A. психрометрмен
B. анемометрмен
C. гигрометрмен
D. барометрмен
E. секундомермен

2
Ауаның ылғалдығын анықтайтын құралды тап :
A. кататермометр
B. психрометр
C. вольтметр
D. термограф
E. амперметр

3
Анемометр аспабымен нені өлшейміз?
А. Температураны.
В. Ауа көлемін
С. Қысымды
D. Ауа тығыздығын
Е. Ауа қозғалысы жылдамдығын

4
Өндірістік шу деңгейінің санитарлық нормасы неге тең?
А. 185 дБ
В. 85 дБ
С. 100 дБ
D. 120 дБ
Е. 10 дБ

5
Өндіріс бөлмелеріндегі жарық шамасын қандай аспаппен өлшейді?
А. Люксметр
В. Анемометр
С. Актинометр
D. Вольтметр
Е. Ватметр

6
Атмосфералық қысымның қалыпты нормасы неге тең?
A. 550 мм сн.бағанасына
B. 760 мм сн. бағанасына
C. 800 мм сн. бағанасына
D. 900 мм сн. бағанасына
E. 300 мм сн. бағанасына

7
Ауадағы улы газдарды анықтаудың индикациялық әдісінің қысқаша принципін жазыңыз?
A. Ауадағы улы затпен қолданылған реактивтің арасында химиялық реакция жүрудің нәтижесінде реактивтің түсі өзгереді.
B. Ауаға улы зат көп түскенде оның түсі кез келген қағаздың түсін өзгертеді.
C. Ауаға улы газ түскенде ол жарылыс береді.
D. Ауаға улы зат араласқан кезде ауаның түсі өзгереді.
E. Бұлардын бәрі жатпайды

8
Ауадағы шаң-тозаңдардың концентрациясын анықтаудың қандай әдісін білесіз?
A. Салмақтың әдісі, мг м3
B. Сантиметрлік әдіс
C. Сезім мүшелері арқылы органолептикалық әдіс
D. Тыныс мүшелерімен анықтау.
E. Бұлардын бәрі жатпайды

9
Атмосфералық ауаның қозғалысы жылдамдығын қандай құралмен анықтайды?
A. Психрометрмен
B. Анемометрмен
C. Гигрометрмен
D. Барометрмен
E. Секундомермен

10
Ауа температурасын өлшейтін аспаптарды атап көрсет?
А. Анемометр
Б. Психрометр
С. Катотермометр
D. Термометр,термограф
Е. Монометр

11
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшейтін аспаптарды атап көрсет?
А. Анемометр
B. Психрометр,гигрометр
С. Катотермометр
D. Термометр,термограф
Е. Актинометр

12
Өндіріс бөлмелеріндегі жарық шамасын қандай аспаппен өлшейді?
А. Люксметр
В. Анемометр
С. Актинометр
D. Вольтметр
Е. Ватметр

$$$ 13
Дірілді өлшейтін аспап қалай аталады (орысша)?
А. Анемометр
В. Термограф
С. Виброграф
D. Гигрограф
E. Аспиратор

14
Ауа құрамындағы зиянды заттарды улы кластарға бөлу қандай көрсеткішке байланысты жүргізледі?
А. Олардың ағзаға әсеріне байланысты.
В. Физикалық күйіне байланысты (газ,бу,шаң)
С. 1 м3 ауадағы граммен берілген шекті зиянсыз мөлшеріне байланысты (ШРК-мгм3)
D. Қысымы мен температурасына қарай.
E. Дұрыс жауабы жоқ.

15
Шуды өлшейтін аспап қалай аталады (орысша)?
А. Психрометр
В. Шумомер
С. Вольтметр
D. Амперметр
Е. Виброграф

16
Халық үшін радиоактивті сәулеленудің шекті қауіпсіз дозасы қандай?
А. 100 РАД
В. 10 РАД.
С.0,5 РАД.
D. 1 РАД.
Е. 5 РАД.
Ескерту 1 РАД*К = 1 РББ (рентгеннің биологиялық баламасы)
Мұндағы К – коэффицент.

17
ҚӘУЗ (Қатты әсерлі улы заттар )ішінде өмірде жиі кездесетіндері қандай заттар?
A. фосфорорганикалық заттар тобы- зарин, заман
B. Аммиак, хлор
C. Иприт, люзит
D. Психикалық әсерлі- ДЛК, BZ газдары
E. Синилді қышқыл, фосген

18
Ауа құрамындағы бөгде заттар мен газдардың зияндылығын қандай көрсеткішке байланысты анықтайды?
A. ШРК (шекті рұқсат етілген концентрациясы), мгм3 .
B. Түсіне байланысты.
C. Агрегаттық күйіне байланысты.
D. Ауа райының жағдайына байланысты.
E. Улылық класына байланысты.

19
Адсорбция дегеніміз не?
A. Буларды, газдарды ерітетін заттар әрекеті;
B. Улы заттарды сіңіретін сұйық әрекеті;
C. Газдар мен буларды қатты дене бетінің сіңіруі;
D. Буларды химиялық реакция арқылы залалсыздандыру;
E. Химиялық реакцияның жылдамдауы;

20
Хемосорбция дегеніміз не?
A. Улы заттарды қатты денелердің сіңіруі;
B. Улы заттардың активтенген көмірге жағылатын химиялық активті заттармен өзара әрекеті есебінен сіңірілуі ;
C. Адсорбцияға кері процес;
D. Улы заттардың сұйықта еруі;
E. Химиялық реакцияның жылдамдауы;
21
Катализ ұғымына түсінік беріңіз?
A. Адсорбцияға кері процес;
B. Улы заттарды қатты денелерге сіңірілуі;
C. Улы заттардың суда еруі;
D. Катализатордың ықпалымен химиялық реакциялар жылдамдығының артуы;
E. Заттардың булануының бір түрі;

22
Радиоактивті ластанудың мөлшерін қандай аспаппен анықтаймыз?
А. катотермометр
В. амперметр
С. актинометр
D. дозиметр
Е. Вольтметр

23
Радиоактивті сәулеленуді анықтаудың қандай әдістерін білесіз?
А. Иондаушы
В. Фотографиялық
С. Сцинтиляцонды
D. Химиялық
Е. Жоғары аталғандардың барлығы

24
Қазіргі дозиметрлік құралдар радиоакивтілік мөлшерін қандай әдіске негізделіп анықтайды?
А. Химиялық әдіске
В. Иондаушы әдіске
С. Сцинтиляционды
D. Фотографиялық
Е. Механикалық

25
Иондаушы әдіске негізделген дозиметрлердің негізгі бөлігі не болып табылады?
А. Қоректену көзі
В. Ток күшейткіші
С. Иондаушы камера немесе газразрядты санауыш
D. Жүктегіш кедергі
Е. Электрлік тіркеуіш қондырғы

26
Дозиметрлік құралдар қандай мақсатқа пайдаланылады?
А. Сәулелену мөлшерін бақылау, анықтау үшін
В. Әр түрлі нысындар мен тірі биологиялық ағзалардың радиоактивтік заттармен ластануын бақылауға
С. Радиациялық барлау жүргізу үшін
D. Дұрыс жауабы А,В,С нұсқалары
Е. Химиялық ластауды анықтау үшін

27
Мына құралдардың қайсысы радиоактивті ластануды анықтауға арналған?
А. Химиялық барлаудың әскери құрамы (ХБӘҚ)
В. Универсалды газаанализатор УГ – 2
С. Гигрометр МВ - 1
D. Августың психрометрі
Е. ДКП – 50 А

28
Метрология дегеніміз- бұл?
А) өлшем туралы ғылым.
Б) физикалық дененің,құбылыстың, процестің сапалық көрсеткіші.
С) физикалық шаманың мәні.
Д) өлшем құралының градуировкалық көрсеткішінің анықтамасы
Е) өлшейтін шаманың сандық мәнін белгіленген өлшем бірлігімен анықтау.

29 А
Өлшеудің қандай түрлері болады:
А) контакттілі, контактісіз.
Б) оптикалық және радиоактивті
С) физикалық, физико-химиялық, химиялық
Д) контакттілі және оптикалық
Е) физикалық, химиялық

30
Қателесу (промахи) – бұл
А) сараптаушының сапасыз жұмысының нәтижесінде туындаған өрескел қателік.
Б) ұқсас жағдайда, бір адамның,бір күндегі,бір текті материал мен жабдықты пайдаланып ,параллелді жүргізген бірегей өлшемнің нәтижесінің бір біріне жақындық дәрежесі
С) әртүрлі жағдайда ,параллелді жүргізген бірегей өлшемнің нәтижесінің бір біріне жақындық дәрежесі
Д) үлгінің нақты компоненті құрамына жақын сараптама нәтижесі
Е) біріне бірі жақын концентрациялардың айырмасын анықтай алатын өлшеу әдісінің мүмкіндігі

Қоршаған ортаны бақылау әдістері мен құралдары пәнінен
2 Межелік бақылау Тесты

1
Өлшеу сәйкестігі дегеніміз-бұл:
А) әр түрлі жағдайда бірлік өлшеулердің нәтижелерінің бір- біріне ұқсастығы.
Б) сараптау нәтижесінің үлгідегі компоненттік құрамға жақындығы.
С) -параллель бірлік өлшеулер бірдей жағдайда бір адаммен, бір күнде , бірдей материалмен аппаратты қолданғанда алынған нәтижелердің бір- біріне жуықтау деңгейі.
Д) -барлық қателіктердің нольге жуықтығын білдіреді.
Е) әдістің анықталып отырған заттың жақын концентрациялар айырмасын анықтау мүмкіндігі.

2
Өлшеу ұқсастығы дегеніміз-бұл:
А) - әр түрлі жағдайда бірлік өлшеулердің нәтижелерінің бір- біріне ұқсастығы. Ұқсастық сәйкестіктен 1,5-2 есе төмен
Б) -параллель бірлік өлшеулер бірдей жағдайда бір адаммен, бір күнде , бірдей материалмен аппаратты қолданғанда алынған нәтижелердің бір- біріне жуықтау деңгейі.
С) -барлық қателіктердің нольге жуықтығын білдіреді.
Д)- барлық параллель өлшеулер кезінде қателіктің мәні ешбір өзгеріссіз қалатын қателік
Е) әдістің анықталып отырған заттың жақын концентрациялар айырмасын анықтау мүмкіндігі.

3
Жүйелік қателік дегеніміз-бұл:
А)- кездейсоқ, бақыланбаған себептің әсерінен пайда болған, яғни паралель өлшеулер кезінде әртүрлі қателіктер
Б) – бұл барлық параллель өлшеулер кезінде қателіктің мәні ешбір өзгеріссіз қалатын қателік.
С) -барлық қателіктердің нольге жуықтығын білдіреді.
Д) кездейсоқ, бақыланбаған себептің әсерінен пайда болған, яғни паралель өлшеулер кезінде әртүрлі қателіктер
Е) -бұл сараптаушының сапасыз жұмысының кесірінен болатын өрескел қателік.

4
Табиғатқа антропогендік әсер дегеніміз не:
А. Адамның іс әрекетімен байланысты әсер
В. Биосферадағы құбылыстардың әсері
С. Табиғи құбылыстардың әсері
D. Геологиялық құбылыстардың әсері
E. Абиотикалық процестердің ықпалы

5
Қоршаған ортаның физикалық ластануына қандай ластану жатады:
А. Шумен ластану
В. Бактериямен ластану
С. Көмір қышқыл газымен ластану
D. Ауыр металдармен ластану
E. Улы заттармен ластану

6
"Озон тесіктерінің " ұлғайуы атмосфераға лақтырылатын қандай негізгі затпен байланысты:
А. Көмір қышқыл газы
В.Күкірт Оксиды
С. Метан
D. Фреон
E. Диоксиндер

7
Биосфераның тіршілігіне қажетті Озон қабаты қандай міндет атқарады:
A. Космостық сәулелерді өткізбейді
B. Күннің ультракүлгін сәулелерінің өтуіне кедергі жасайды
C. Атмосфераның ластануына кедергі болады
D. Биосфераның ластануына кедергі болады
E. Барлық жауабы дұрыс

8
Атмосферада қышқылдық жаңбырдың пайда болуына әкелетін қандай газ:
А. Көмір қышқыл газы
В.Күкірт Оксиды
С. Метан
D. Фреон
E. Диоксиндер

9
Жер бетінен шағылысқан күн сәулесінің бөлігі қалай аталады:
А. Магнето
В. Диатриба
С. Альбедо
D. Марина
E. Секка

10
Дамыған елдердегі атмосфераға лақтырылатын зиянды заттардың негізгі көздері болып табылатын сала:
А. Жылу электростанциялары
В. Химия өндірісі
С. Түсті металлургия
D. Атом электростанциялары
E. Автотранспорт

11
Түтін, тұман және шаңның улы қосындысын қалай атайды:
А. Қышқылды жаңбыр
В. Фреон
С. Улы газ
D. Смог
E. Фотооксидант

12
Гидросферадағы жалпы су көлемінің қаншасы ішуге жарамды тұщы суды құрайды:
А. 1%
В. 0,5%
С. 0,3%
D. 2%
E. 1,5%

13
Су көздерінің негізгі ластаушылары болып табылатын қалдық сулар:
А. Өндірістік кәсіпорындардың ақаба сулары
В. Коммуналды кәсіпорындардың ақаба сулары
С. Пайдалы қазбаларды өндіру мен байыту кезіндегі қалдық сулар
D. Жаңбыр суының шайындылары
E. Мал шаруашылығы кешендерінің ақаба сулары

14
Топырақтың ауқымды деградациясы қалай аталады:
А. Эрозия
В. Ластану
С. Сортаңдану
D. Тақырлану
E. Батпақтану

15
Атмосфераның химиялық құрамына не кіреді?
А. 78,08% азот, 20,94% оттегі, 0,93% аргон, көміртегі, 0,03%
В. 50% азот, 27,25% оттегі,1,2% аргон
C. 21,8% азот, 22,9% оттегі, 2,7% аргон.
D. 24% азот, 52% оттегі 0,93% аргон.
Е. 78,08% азот, 20,94% көміртегі, 2,6% аргон.

16
Төмендегі аспаптардың қайсысы люминесцирленуші затттардың сандық сараптамасын анықтауға арналған?
А) Флуориметр ЭФ-ЗМА
Б) Рефрактометр ИРФ-22
С) Фотоэлектроколориметр ФЭК-56М
Д) Нефелометр НФМ
Е) Колориметр фотоэлектрический концентрационный КФК-2

17
Төмендегі аспаптардың қайсысы коллоидтық ерітінділердің, суспензия және эмульсиялардың концентрацияларын анықтауға арналған?
А) Нефелометр НФМ
Б) Колориметр Фотоэлектрический концентрационный КФК-2
С) Фотоэлектроколориметр ФЭК-56М
Д) Флуориметр ЭФ-ЗМА
Е) Рефрактометр ИРФ-22

18
Қоршаған ортаның жағдайын бақылауға арналған аспаптар қалай жіктеледі:
A) Зерттелетін ортаның түріне байланысты
B) Ақпарат алу әдісіне байланысты
C) Қолдану шартына байланысты
D) Оқу өндірістік принціпі бойынша
E) Барлық жауаптары бірге

19
Қолдану сипатына байланысты Өлшеуіш жабдықтар қандай түрлерге бөлінеді.?
А) Үлгілік және жұмысшы
B) Тұрғылықты және қозғалмалы
C) Көрсеткіш,тіркеуші,белгі беретін және реттегіш
D) Қолмен басқарылатын және автоматты
E) Тікелей және жанама өлшегіш

20
Атмосферадағы оттегінің мөлшері:
A. 20,95%.
B. 0,93%.
C. 0,1%.
D. 78,08%.
E. 0,03%.

21
Атмосферадағы көміртегінің мөлшері:
A. 0,93%.
B. 21%.
C. 0,1%
D. 0,03%.
E. 78%.

22
Оттегінің табиғаттағы айналым жылдамдығы:
А. 2 млн. жыл.
В. 2000 жыл.
С.300-400 жыл.
D. 1 млрд. жыл.
E. 100 жыл.

23
Көміртегі газының табиғаттағы айналым жылдамдығы:
А. 2 млн. жыл.
В. 2000 жыл.
С.300-400 жыл.
D. 1 млрд. жыл.
E. 100 жыл.

24
Озонның негізгі массасы жер бетінен қандай қашықтықта орналасқан?
A. 20-25 км.
B. 9-32 км.
C. 5-10 км.
D. 90-100 км.
E. 40-50 км.

25
Планетаның су қоры төмендегі құрам бөліктерден тұрады :
А. Мұздықтардан, атмосфералық,топырық суынан,жер беті және жер асты суларынан .
В. Атмосфералық,топырық суынан,жер беті суларынан .
C. Мұздықтардан, жер асты суларынан .
D. Жер беті-өзен ,көл, теңіз,мұхит суларынан .
E. Жер асты және жер беті суларынан

26
Атмосфераны ластаушы заттар агрегатты күйіне байланысты қалай бөлінеді:
A. Ыстық және суық.
B. Химиялық және физикалық.
C. Қатты, сұйық және газ тәріздес заттар.
D. Сұйық ,газ тәріздес және аэрозольді заттар .
E.Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған

27
Максималды ШРК (максималды бір реттік) дегеніміз:
A. Зиянды заттардың мүмкін болар шекті мәні
B. Зиянды заттардың жинақталған мәні
C. Атмосферадағы қоспалардың тәуліктік мөлшері
D. Зиянды заттардың ең қауіпті шекті мәні
E. Атмосферадағы қоспалардың ең аз мөлшері

28
ШРКм.б..р. NO2, мгм3:
A. 0,5.
B. 0,085.
C. 0,005.
D. 0,6.
Е. 0,4.

29
ШРКм.б.р. SO2, мгм3:
А. 0,0015.
В. 0,4.
С. 0,6.
D. 0,005.
E. 0,5.

30
Атмосфераны ластаушыларды пайда болу көзіне байланысты қалай жіктей-міз:
A. Өнеркәсіптік, механикалық.
B. Тұрмыстық және ауылшаруашылық
C. Табиғи және антропогендік .
D. Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған
E. Қатты және Газтүріндегі.



Ұқсас жұмыстар

Метеорологилық элементтерге анықтама, метеоөлшеуіш құралдар
Атмосфера су буы және оның қасиеттері
Макарон өнімдерін кептіру
Ауа температурасын анықтау кезінде қолданылатын құралдар. Атмосфералық қысымды анықтау
Жүктердің физика - химиялық қасиеттері
Макарон
Сынаққа цемент алу
Жартылай фабрикатқа қажеттілікті есептеу
Макарон өнімдерінің сапасын бақылау
Булану процесі
Бюджет балансы және бюджет тапшылығы
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары. туралы
GRAPH кітапханасын қолдану
Бюджет тапшылығының проблемалары және бюджет тапшылығының болу себептері , оны төмендетудің әдістері .
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары.
МTV парақтарының бастапқы беті
Ислам философияның бастапқы негізін қалаушылар
Қазіргі кездегі инфляция жағдайын сипаттап, оның төмендету жолдарын көрсетіңіз
КІТАП БІЛІМ БҰЛАҒЫ
Қызыл кітап туралы