Комбинирленген оралды контрацепциялар
Комбинирленген оралды контрацептивтер (КОК): механизм, артықшылық, қауіптер және қолдану қағидалары
Мақсаты
Комбинирленген оралды контрацептивтердің әсер ету механизмін, кері әсерлерін, контрацепциялық емес әсерлерін, қауіпті белгілерін, қолдануға көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін меңгеру.
Оқыту міндеттері
- КОК-тың әсер ету механизмін білу.
- Артықшылықтары, кемшіліктері және контрацепциялық емес әсерлерін түсіндіру.
- Қолдану ережесін пациентке түсіндіре алу.
- Қауіпті белгілерін, кері әсерлерін және қарсы көрсеткіштерін білу.
Әсер ету механизмі
Комбинирленген оралды контрацептивтер — құрамында эстроген және гестаген бар таблеткалар. Гормондар репродуктивті жүйеге тікелей және жанама әсер етеді.
Негізгі контрацептивтік әсер
- ФСГ және ЛГ синтезін тежейді.
- Овуляцияны блоктайды.
Қосымша әсерлер
- Цервикалды шырышты қоюландырып, сперматозоидтың өтуін қиындатады.
- Жатыр түтікшелерінің перистальтикасын төмендетеді.
- Эндометрийде регрессивті өзгерістер (атрофияға дейін) туғызып, имплантацияға кедергі жасайды.
Артықшылықтары мен кемшіліктері
Артықшылықтары
- Жоғары тиімділік және жылдам контрацептивтік әсер.
- Қайтымды әдіс (фертилділік қалпына келеді).
- Пайдалануы ыңғайлы: жыныстық қатынасқа кедергі келтірмейді, серіктестің қатысуын талап етпейді.
- Жүктіліктен қорқу деңгейін төмендетеді, жоспарлауды жеңілдетеді.
- Уақыт үнемдейді және репродуктивті бақылауды күшейтеді.
Кемшіліктері
- Күн сайын қабылдауды талап етеді.
- Қабылдауды өткізіп алу/қателесу ықтималдығы бар.
- Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан қорғамайды.
- Сирек жағдайда асқынулар дамуы мүмкін.
- Кейбір дәрілермен бірге қабылдағанда тиімділігі төмендеуі мүмкін.
Контрацепциялық емес әсерлері
КОК тек жүктіліктен сақтандырумен шектелмейді: бірқатар клиникалық тұрғыдан маңызды қосымша әсерлері бар.
Онкологиялық қауіптің төмендеуі
- Аналық без обыры қаупі 45–50% төмендейді.
- Эндометрий обыры қаупі 50–60% төмендейді.
- Сүт бездерінің қатерсіз ісіктері қаупі 50–75% төмендейді.
Гинекологиялық және жалпы әсерлер
- Жатыр миомасының өсуін тежеуі мүмкін (соңғы 5 жылдық қабылдауда).
- Кіші жамбас қабыну ауруларының даму қаупі 50–70% төмендеуі мүмкін.
- Жатырдан тыс жүктілік жиілігін төмендетеді.
- Ретенциялық аналық без кисталарының жиілігін 90% дейін төмендетуі мүмкін.
- Пременструалдық синдром және дисменорея симптомдарын азайтады.
- Постменопаузалық остеопороз қаупін төмендетуі мүмкін.
- Қан жоғалтудың азаюы арқылы анемия қаупін төмендетеді.
Тері және гормонға тәуелді жағдайлар
- Акне, себорея, гирсутизм кезінде емдік әсер көрсетуі мүмкін (әсіресе III буын КОК).
- Эндометриозда симптомдық ем ретінде қолданылуы мүмкін.
- Жатыр мойны эктопиясында репарацияны ынталандыруы ықтимал.
Қосымша ықтимал пайдалар
- Бедеуліктің кейбір түрлерінде «ребаунд-эффект» арқылы фертилділік артуы мүмкін.
- Асқазан және он екі елі ішек ойық жарасы, ревматоидты артрит кезінде оң әсері болуы мүмкін (жекелей бағалау қажет).
Кері әсерлері және сирек асқынулар
Эстрогенге байланысты әсерлер
Артық әсері
- Бас ауруы, бас айналу.
- Артериялық қысымның жоғарылауы.
- Жүрек айну, құсу.
- Мастодиния.
- Хлоазма.
- Варикоздың нашарлауы.
- Контакт линзаны көтере алмау.
- Дене салмағының артуы.
Жетіспеушілік әсері
- Бас ауруы.
- Депрессия, ашуланшақтық.
- Сүт бездерінің кішіреюі.
- Либидоның төмендеуі.
- Қынаптың құрғауы.
- Етеккір аралық қан бөлінісі.
- Етеккірдің азаюы.
Гестагенге байланысты әсерлер
Артық әсері
- Бас ауруы.
- Депрессия, шаршағыштық.
- Акне.
- Либидоның төмендеуі.
- Қынаптың құрғауы.
- Варикоз симптомдарының күшеюі.
- Дене салмағының артуы.
Жетіспеушілік әсері
- Етеккірдің көп келуі.
- Циклдің екінші жартысында қан бөлінісі.
- Аменорея (етеккірдің болмауы).
Сирек, бірақ маңызды асқынулар
КОК қабылдау кезінде асқынулар сирек кездеседі. Ең маңыздысы — тромбоз және тромбоэмболия (терең вена тромбозы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы).
Қолдануға көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері
Абсолютті қарсы көрсеткіштер
- Гормонға тәуелді қатерлі ісіктер (жыныс мүшелері, сүт безі).
- Бауыр және/немесе бүйрек қызметінің айқын бұзылысы.
- Бауыр ісігі.
- Жүктілік.
- Ауыр жүрек-қантамыр аурулары және ми қанайналымының тамырлық аурулары.
- Себепсіз жыныс жолдарынан қан кету.
- Ауыр артериялық гипертензия (≥ 180/110 мм сын.бағ.).
- Ошақтық неврологиялық симптомдары бар мигрень.
- Жедел терең вена тромбозы немесе тромбоэмболия.
- Ұзақ иммобилизация.
- Операцияға дейін 4 апта бұрын және операциядан кейін 2 апта ішінде қабылдау (тромбоз қаупі).
- 35 жастан кейін темекі шегу.
- Тамырлық асқынуы бар қант диабеті.
- Семіздік III–IV дәрежесі.
- Лактация (эстроген емшек сүтіне өтуі мүмкін).
Қауіпті белгілер: қашан КОК-ты шұғыл тоқтату керек
Шұғыл назар аудартатын симптомдар
- Кенеттен пайда болған қатты бас ауруы.
- Көрудің нашарлауы, координацияның немесе сөйлеудің бұзылысы.
- Аяқ-қолдағы сезімталдықтың төмендеуі.
- Кеудедегі жедел ауырсыну, ентігу, қан түкіру.
- Іштегі жедел ауырсыну.
- Аяқтағы ауырсыну (әсіресе бір жақты, ісінуімен).
- Қан қысымының айқын жоғарылауы.
- Қышыну, сарғаю.
- Тері бөртпесі.
Бұл белгілер пайда болса, гормоналды контрацепцияны дереу тоқтатып, медициналық көмекке жүгіну қажет.
Білім беру және оқыту әдістері
- Кіші топтарда жұмыс.
- Дискуссиялар.
- Оқулықтармен жұмыс.
- Жағдайлық есептерді шешу.
- Оқытушымен кеңесу (сұрақтар бойынша).
- Тестілеу.
- Рөлдік ойындар.
- Фантомдар мен муляждарда дағдыларды үйрену.
- TBL (командалық бағытпен оқыту).
Әдебиеттер
Орыс тілінде (негізгі)
- Руководство по акушерству и гинекологии: учебное пособие (пер. с англ.). Под ред. Э.К. Айламазяна. 4-е изд. М., 2009. 650 с.
- Гинекология: учебник. Под ред. Г.М. Савельевой, В.Г. Бреусенко. 3-е изд. М., 2008. 432 с.
- Свод практических рекомендаций по применению средств контрацепции. ВОЗ, 2005.
- Карол В. Гормональная контрацепция. Под ред. Шамбаха Х. М., 1988.
- Гинекология. Национальное руководство. Под ред. В.И. Кулакова, Г.М. Савельевой, И.Б. Манухина. М., 2009.
Орыс тілінде (қосымша)
- Сметник В.П., Тумилович Л.Г. Неоперативная гинекология. 3-е изд., стереотип. М.: Медицинское информационное агентство, 2002.
- Дуда В.И. Гинекология. 2002.
Қазақ тілінде (негізгі)
- Раисова А.Т. Акушерия және гинекология. АсемСистем, 2006.
Бақылау: жағдайлық есеп
Клиникалық жағдай
Татьяна, 26 жаста. Етеккір алдында ауырсыну, етеккірдің көп келуі, әлсіздік, тез шаршағыштық, қозғыштық және теріде бөртпенің пайда болуына шағымданады.
Етеккірі 13 жастан басталған, тез реттелген. Циклі: әр 30 күн сайын, 5 күн, ауырсынумен, қан кетуі көп. Акушерлік анамнезі: 2 жүктілік, 1 босану, 1 медициналық аборт.
Сұрақ: тексеру жоспары қандай және қандай ем ұсынасыз?
Тест сұрақтары
1. Гормоналды контрацепцияның әсер ету механизмі қандай?
- A. Овуляцияны төмендету, шырышты қоюлату, эндометрийдегі өзгерістер, имплантацияға кедергі жасау.
- B. Сперматозоидтың белсенділігі мен өмір сүру ұзақтығын төмендету.
- C. Спермицидтік әсер, аналық жасушаның өмір сүру мерзімін қысқарту.
- D. Аналық жасушаның жатыр түтікшесі арқылы өтуін тежеу.
- E. Гонадотропин-рилизинг-гормон секрециясын арттыру, ФСГ және ЛГ белсендіру.
2. КОК қай уақытта тағайындалады?
- A. Етеккір ортасында.
- B. Етеккір тоқтаған соң.
- C. Етеккірдің 1 күні.
- D. Етеккір соңында.
- E. Циклдің кез келген күнінде.
3. КОК артықшылықтарына жатады:
- A. Қайтымсыз үрдіс.
- B. Жыныс серіктесінің қатысуынсыз, жыныстық қатынасқа әсер етпейді.
- C. Басқа препарат қолданғанда әсері төмендейді.
- D. Дене салмағы артады.
- E. Жатырдан тыс жүктіліктің жиілігін арттырады.
4. Келесі жағдайлар дамыса не істеу керек?
Қатты бас ауруы, көрудің төмендеуі, кеудедегі ауырсыну, ентігу, іштің жедел ауыруы, қан қысымының жоғарылауы.
- A. Төмен дозалы КОК-қа ауыстыру.
- B. Жоғары дозалы КОК-қа ауыстыру.
- C. Таза гестагенді контрацепцияға көшу.
- D. Оралды контрацепцияны жатырішілік гормоналды контрацепцияға ауыстыру.
- E. Гормоналды контрацепцияны шұғыл тоқтату.
5. КОК қарсы көрсеткіші, мынадан басқа:
- A. Бауыр және бүйрек қызметінің айқын төмендеуі.
- B. Жедел терең венаның тромбозы және тромбоэмболия.
- C. 35 жас және темекі шегу.
- D. Жедел инфекциялық үрдіс.
- E. Лактация.
6. Комбинирленген эстроген-гестагенді препарат қайсы?
- A. Депо-Провера.
- B. Норплант.
- C. Норколут.
- D. Кломифен.
- E. Марвелон.
7. Комбинирленген эстроген-гестагенді препараттардың контрацептивтік эффекті не арқылы болады?
- A. Аборттық әсер.
- B. Сары дененің бұзылуы.
- C. Барлығы дұрыс.
- D. Барлығы дұрыс емес.
8. Комбинирленген оралды контрацептивтерді қарсы көрсету:
- A. Бауыр қызметінің бұзылысы.
- B. Эпилепсия.
- C. Тромбофлебитикалық синдром.
- D. Семіздік III–IV дәрежесі.
- E. Барлығы дұрыс.
9. Комбинирленген эстроген-гестагенді препарат қайсы?
- A. Депо-Провера.
- B. Норплант.
- C. Норколут.
- D. Кломифен.
- E. Тризистон.
10. Комбинирленген оралды контрацептивтерді қарсы көрсету (бәрі дұрыс), біреуінен басқа:
- A. Бауыр қызметінің бұзылысы.
- B. Эпилепсия.
- C. Семіздік I дәрежесі.
- D. Тромбофлебитикалық синдром.
- E. Семіздік III–IV дәрежесі.
11. Овуляцияны болдырмайтын әдіс:
- A. ЖІС.
- B. Әйелдер стерилизациясы.
- C. Абстиненция.
- D. Гормоналды контрацептивтер.
- E. Спермицидтер.
12. Комбинирленген эстроген-гестагенді препарат қайсы?
- A. Депо-Провера.
- B. Норплант.
- C. Норколут.
- D. Кломифен.
- E. Тризистон.
13. Комбинирленген оралды контрацептивтерді қарсы көрсету:
- A. Бауыр қызметінің бұзылысы.
- B. Эпилепсия.
- C. Тромбофлебитикалық синдром.
- D. Семіздік III–IV дәрежесі.
- E. Барлығы дұрыс.
14. Гормоналды контрацептивті таңдаудың параметрлері (біреуінен басқа):
- A. Әйелдің жасы.
- B. Серіктестің жасы.
- C. Экстрагениталды аурулардың болуы.
- D. Жыныс жүйесінің жағдайы.
- E. Гормоналды фон.
15. Комбинирленген эстроген-гестагенді препараттардың контрацептивтік эффекті келесі механизмдердің бәрі арқылы болады, басқадан:
- A. Овуляцияны тоқтату.
- B. Эндометрийге бластоцистаның имплантациясының бұзылуы.
- C. Сары дененің қызметінің бұзылуы.
- D. Жатыр түтікшелерінің перистальтикасы және жатыр жиырылуы белсенділігінің өзгеруі.
- E. Қандағы эстроген деңгейінің жоғарылауы.
16. Овуляцияны болдырмайтын әдіс:
- A. ЖІС.
- B. Әйелдер стерилизациясы.
- C. Абстиненция.
- D. Гормоналды контрацептивтер.
- E. Спермицидтер.
17. КОК қолдану кезіндегі «жаңа әсерлер»:
- A. Бастың қатты ауыруы.
- B. Диарея.
- C. Арықтау.
- D. Жыныстық қатынас кезіндегі ауырсыну.
- E. Артериялық қысымның төмендеуі.
18. Гормоналды контрацептивтерге бәрі жатады, тек мынадан басқа:
- A. Комбинирленген оралды контрацептивтер.
- B. Гестагенді контрацептивтер.
- C. Мысы бар жатырішілік жүйе.
- D. Гормонқұрамды жатырішілік жүйе.
- E. Мини-пили.
19. Комбинирленген эстроген-гестагенді препарат қайсы?
- A. Депо-Провера.
- B. Норплант.
- C. Линдинет.
- D. Норколут.
- E. Кломифен.
20. Комбинирленген оралды контрацептивтерді қарсы көрсету (бәрі дұрыс), біреуінен басқа:
- A. Бауыр қызметінің бұзылысы.
- B. Эпилепсия.
- C. Тромбофлебитикалық синдром.
- D. Созылмалы бронхит.
- E. Семіздік III–IV дәрежесі.
Дұрыс жауаптар
Ескерту
Бұл материал оқу мақсатында берілген. КОК тағайындау және бақылау клиникалық жағдайға сәйкес дәрігердің бағалауымен жүргізіледі.