Түркі тілінде

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы

Қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәні бойынша тест сұрақтары

1. Диуани лұғат-ит-түрк еңбегінің авторы:
А) Қорқыт;
В) әл-Фараби;
С) М. Қашқари;
Д) Ж. Баласағұн;
Е) С.Сарайи.
2. Мухамед Салихтың қыпшақ тілі жайлы жазылған еңбегі
А) Аш-Шүзүрү Зәхәбійя бел-китабия Ахмедия фил луғатит-түркия;
В) Китабу Хуллийат уль-инсанва хульват уль-Лисан;
С) Китаб-булғату ал-муштак фил луғати ат-турки ва-л қыфчақ;
Д) Кодекс Куманикус;
Е) Қисса-и-Жүсіп.
3. Материалы к изучению киргизского (казахского) наречия еңбегінің авторы:
А) Н.М. Ильминский;
В) П.М. Мелиоранский;
С) Г.Ю. Клапрот;
Д) М.А. Терентьев;
Е) И.Н. Березин.
4. Г.Ю. Клапроттың Қырғыз тілінен еңбегі қай тілде жарық көрді?
А) Түркі тілінде;
В) Азербайжан тілінде;
С) Француз тілінде;
Д) Орыс тілінде;
Е) Башқұрт тілінде.
5. Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская еңбегінің авторы:
А) Я.Я. Лютш;
В) М.А. Терентьев;
С) А.И Левшин;
Д) В.В. Григорьев;
Е) П.М. Мелиоранский.
6. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей еңбегінің авторы:
А) П.М. Мелиоранский;
В) Н.М. Ильминский;
С) А.И Левшин;
Д) В.В. Григорьев;
Е) И.Н. Березин.
7. Краткая грамматика казак-киргизского языка еңбегінің авторы:
А) Н.М. Ильминский;
В) П.М. Мелиоранский;
С) А.И Левшин;
Д) В.В. Григорьев;
Е) В.В. Катаринский.
8. Тарихи-салыстырма әдісті қолданудың мақсаты –
А) Қазіргі тілдегі дыбыстар мен морфемалар жүйесінің алғашқы сипатының жобасын жасау;
В) Материалдық элементтердің ұқсас, ұқсас еместігіне қарамай, жүйелік қатынастар арқылы көрінетін тілдік ярустарды салыстыру;
С) Тілдердің, диалектілердің өзара ықпалдасу процесінің сыпаты мен дәрежесін, ондай процестің орны мен таралу аймағын айқындау;
Д) Географиялық орналасуы жағынан өзара шектесетін туыс емес тілдердің де өзара ықпалдасуының нәтижелерін іздестіру.
9. Н.А. Баскаков түркі тілдерінің жалпы даму кезеңдерін нешеге бөлді?
А) 8;
В) 9;
С) 6;
Д) 5;
Е) 4.
10. Тарихи-салыстырма әдісі қандай тәсілмен іске асады?
А) Ретроспективті;
В) Типологиялық салыстыру;
С) Синхронды;
Д) Ареалдық;
Е) Типологиялық модификация.
11. Алтай дәуірі қай ғасырды қамтиды?
А) б.з. д. ІІІ ғ.
В) б.з. д. ІІІ ғ.– б.з. V ғ.
С) V-Х ғ.
Д) Х-Х V ғ.
Е) Х V-ХХ ғ.
12. Жаңа түркі дәуірі қай ғасырға жатады?
А) V-Х ғ.
В) Х-Х V ғ.
С) Х V-ХХ ғ.
Д) б.з. д. ІІІ ғ.
Е) б.з. д. ІІІ ғ.– б.з. V ғ.
13. Құдатқу білік еңбегінің авторы:
А) М. Қашқари;
В) Ж. Баласағұн;
С) А. Хайиан;
Д) М. Салих;
Е) Қ. Жалаири.
14. Жамиғат-ат тауарих еңбегінің авторы:
А) А. Науаи;
В) Ж. Баласағұн;
С) Қ. Жалаири;
Д) әл-Хорезми;
Е) Ибн-Сина.
15. А.Н. Самойловичтің топтастыруы бойынша қазақ тілі қай топқа жатады?
А) Р-тобы;
В) Д-тобы;
С) Тау тобы;
Д) Тағылық тобы;
Е) Тағлы тобы.
16. Көне түркі тілінде қанша дауысты дыбыс болған?
А) 8;
В) 12;
С) 10;
Д) 15;
Е) 7.
17. Көне түркі тілінде қанша дауыссыз дыбыс болған?
А) 16;
В) 20;
С) 14;
Д) 15;
Е) 26.
18. Геминация құбылысы дегеніміз не?
А) Дауыссыздардың қосарлануы;
В) Сөз соңындағы дыбыстардың түсіп қалуы;
С) Сөз құрамындағы дыбыстардың орны ауысуы;
Д) Дыбыстардың сөздің соңынан қосылуы;
Е) Дыбыстардың әлсіреп көмескіленуі.
19. Ж. Аралбаев қазақ тілі дауыстылар жүйесінің дамуын қандай кезеңдерге бөлді:
А) Көне түркі кезеңі, орта түркі кезеңі, жаңа түркі кезеңі;
В) Алтай дәуірі, хун дәуірі, орта түркі кезеңі;
С) Хун дәуірі, көне түркі кезеңі, ең жаңа дәуір;
Д) Жаңа түркі кезеңі, ең жаңа дәуір, Алтай дәуірі;
Е) Орта түркі кезеңі, хун дәуірі, көне түркі кезеңі.
20. Тілді өмір сүріп тұрған қалпы тұрғысынан қарастыратын тіл білімінің атауы:
А) Когнитивті;
В) Тарихи;
С) Салыстырмалы;
Д) Синхрониялық;
Е) Диахрониялық.
21. Морфологиялық классификацияның нысаны:
А) Генеологиялық жүйелеуді орнықтыру;
В) Өте жақын тілдерді топтау;
С) Өте алшақ тілдерді бір қалыпқа түсіру;
Д) Тілдерді туыстығына байланыссыз зерттеу;
Е) Бүкіл халыққа ортақ тіл жасау.
22. Генеологиялық классификацияның нысаны:
А) Өте алшақ тілдерді бір қалыпқа түсіру;
В) Тілдерді туыстығына байланыссыз зерттеу;
С) Туыстас тілдерді зерттеу;
Д) Бүкіл халыққа ортақ тіл жасау;
Е) Бір тілді диалектілік ерекшелігіне байланысты бөлшектеу.
23. Түркі тілдерінің генеалогиялық классификациясын орнықтырушы:
А) В.В Виноградов;
В) П.М. Мелиоранский;
С) В.В. Радлов;
Д) Н.А. Баскаков;
Е) Ә. Қайдаров.
24. Н.А. Баскаков түркі тілдерін қалай бөледі:
А) Түркі және славян тілдері;
В) Славян және монғол тілдері;
С) Батыс хун және шығыс хун;
Д) Бөлген жоқ;
Е) Батыс хун және монғол тілдері.
25. Тілдердің генеалогиялық ұқсастығы немен түсіндіріледі:
А) Бір тілден шығуымен;
В) Ұқсас емес тілдерден шығуымен;
С) Бірнеше тілден тарауымен;
Д) Түркі және славян тілдерімен;
Е) Агглютинативті типке жатуымен.
26. Интралингвистика терминінің беретін мағынасы:
А) Ішкі лингвистика;
В) Сыртқы лингвистика;
С) Жарты лингвистика;
Д) Ойлау лингвистикасы;
Е) Ақыл лингвистикасы.
27. Экстралингвистика терминінің беретін мағынасы:
А) Ішкі лингвистика;
В) Психолингвистика;
С) Сыртқы лингвистика;
Д) Микролингвистика;
Е) Этнолингвистика.
28. Орыс түркологтарын атаңыз:
А) Фортунатов, Шахматов, Пешковский;
В) Радлов, Ильминский, Катаринский, Мелиоранский;
С) Трубецкой, Якобсон, Бартоли;
Д) Ф. де Соссюр, Б. де Куртенэ;
Е) Ельмслев, Хомский.
29. Субстрат дегеніміз:
А) Жеңген тілдің жеңілген тілдегі ізі;
В) Жеңілген тілдің жеңген тілдегі ізі;
С) Бірнеше халықтың бір тілде сөйлеуі;
Д) Тілдің жойылып кетуі;
Е) Жаңадан тілдің пайда болуы.
30. Суперстрат дегеніміз:
А) Жеңілген тілдің жеңген тілдегі ізі;
В) Жаңадан тілдің пайда болуы;
С) Бүкіл халықтың ортақ тілде сөйлеуі;
Д) Бір тілдің жойылып кетуі;
Е) Жеңген тілдің жеңілген тілдегі ізі.
31. Тарихи даму негізінде тілдердің бір-біріне алғаш жақындасуы:
А) Интерференция;
В) Интеркаляция;
С) Интеграция;
Д) Адстрат;
Е) Перстрат.
32. Сөз басында дифтонг сапасында көрінетін дауыстылар:
А) Ә, е, о;
В) Е, ұ, ү;
С) Ә, ы, ө;
Д) І, ұ, ү;
Е) О, ө, е.
33. Қосарланған дауыссыздардың аталуы:
А) Дифтонг;
В) Аффрикат;
С) Сингармонизм;
Д) Диссимилляция;
Е) Ассимиляция.
34. Протеза дегеніміз:
А) Дыбыстар аралығында қосылып айтылатын дауысты дыбыс;
В) Сөз алдынан басы артық дыбыстың қосылып айтылуы;
С) Сөз соңында артық дыбыстың қосылуы;
Д) Сөз арасында қатар келген екі дауыстының түсірілуі;
Е) Сөз ішінде бір буынның түсіп қалуы.
35. Эпитеза қандай құбылыс:
А) Сөз соңындағы ұяң дыбыстардың айтылуда қатаңдануы;
В) Сөз алдынан басы артық дыбыстың қосылуы;
С) Сөз ішінде екпін түспеген буынның көмескі айтылуы;
Д) Бір сөз ішінде ұқсас екі фонеманың біреуі айтылуда басқа дыбысқа өзгеруі;
Е) Сөз соңында артық дыбыстың қосылып айтылуы.
36. Метатеза құбылысының сипаты:
А) Сөз ішінде дыбыстардың орын алмасуы;
В) Дыбыстардың алшақ үндесуі;
С) Дыбыс пен әріптің үйлесімі;
Д) Диссимиляция;
Е) Дауыс ырғағы.
37. Сөз ішіндегі дауыстылардың қысаңданып көмескілену құбылысы:
А) Элизия;
В) Фонетикалық вариант;
С) Фонетикалық вариация;
Д) Сингармонизм;
Е) Редукция.
38. Cөз мағынасын өзгертетін дыбыстар:
А) Эпентеза;
В) Фонемалық вариация;
С) Протеза;
Д) Эпитеза;
Е) Фонемалық вариант.
39. Тарихи лексикологияның зерттеу нысаны:
А) Тілдегі жалқы есімдерді қарастырады;
В) Тұрақты тіркестерді қарастырады;
С) Сөздердің мағыналық құрылымын;
Д) Сөздердің қалыптасуына, өзгеруі мен дамуына қатысты тарихи заңдылықтарды;
Е) Дыбыстардың тарихи қалыптасуын.
40. Сөздердің этимологиясын айқындауда бірден бір еңбек еткен түркі ғалымы:
А) Жүсіп Баласағұн;
В) Махмұт Қашқари;
С) Ахмет Йүгүнеки;
Д) Әлішер Науаи;
Е) әл-Фараби.
41. Сөздің морфологиялық құрылымының өзгеруі мына жолмен жүзеге асқан:
А) Конвергенция;
В) Сіңісу;
С) Дивергенция;
Д) Элизия;
Е) Ассимиляция.
42. Тілдің тарихи даму барысында әр түрлі екі фонеманың бір фонеманың бойына сіңісіп, ұласып кетуіне тән құбылыс:
А) Конвергенция;
В) Сингармонизм;
С) Диссимиляция;
Д) Дивергенция;
Е) Ассимиляция.
43. Тілдің құрылымы мен жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырып баяндайтын грамматика:
А) Жалпы;
В) Тарихи;
С) Салыстырмалы;
Д) Жеке;
Е) Сипаттама.
44. Түркі тілдері типологиялық тұрғыдан мына түрге жатады:
А) Полисинтетикалы;
В) Түбір;
С) Флективті;
Д) Аморфты;
Е) Агглютинативті.
45. Қазақ тіліне жақын туыстықтағы тіл:
А) Қазақ – монғол;
В) Қазақ – өзбек;
С) Қазақ – ноғай;
Д) Қазақ – түркімен;
Е) Қазақ – башқұрт.
46. Қазақ тілі орфографиясының негізгі принципі:
А) Фонетикалық;
В) Дәстүрлік;
С) Морфологиялық;
Д) Дифференциялаушы;
Е) Этимологиялық.
47. Көне түркі тілдеріндегі сөздің абсолют басындағы қатаңдардың ұяңдануы, ұяң дыбыстардың пайда болуы қатар айтылған екі сөздің алдыңғысының соңғысына әсері қандай заңдылық деп аталады?
А) Сандхи заңдылығы;
В) Элизия;
С) Геминация;
Д) Контракция;
Е) Метатеза.
48. Көне түркі жазуын оқудың кілтін (1893 ж.) тапқан ғалым:
А) В. Томсен;
В) А.М. Самойлович;
С) В. Радлов;
Д) С. Малов;
Е) Н.А. Баскаков.
49. Көшпелі және отырықшы сақтардың жазуы
А) Соғды;
В) Шор;
С) Турфан;
Д) Көне түркі;
Е) Хакас.
50. Көне түркі тілінде оғуз сөзі –
А) Уыздас, сүттес;
В) Жауынгер;
С) Балықшы;
Д) Батыр;
Е) Нағашы.

Әзірлеген: ф.ғ.к., доцент: Қалиева С.Е.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы

Қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәні бойынша тест сұрақтары

1. В. Радлов ілік септігінің алғашқы тұлғасы деген жалғау
А) –нәң;
В) – наң;
С) – нуң;
Д) – үң;
Е) – ың.
2. Көне түркі ескерткіштері тілінде табыс септік жалғауына жатпайтыны
А) – ғ, - г;
В) – ұғ, - үг;
С) – н, - ні, - ны;
Д) – іг, - ұғ;
Е) – ра, - ре, - че.
3. Ол меңе сөз тануды аудармасы
А) Ол маған сөз айтты;
В) Ол менде деп ойлаған жоқ;
С) Мен үшін күресті;
Д) Мақал сөздің мәйегі;
Е) Дұрыс жауап жоқ.
4. Көне түркі тілдерінде қос сөздер құрамында кездесетін – лы- лі аффиксін септік жалғауы деп қараған ғалым
А) С.Е. Малов;
В) А.М. Щербак;
С) Г. Рамстед;
Д) З. Наджип;
Е) Ф.Г. Исхаков.
5. Көне түркі жазбаларының тілінде барыс септігі жалғауы
А) –үң, - ұң;
В) – ра, - ре;
С) – че;
Д) – ын, - ін;
Е) – тын, - тін.
6. Көне түркі тіліндегі І жақ, тәуелдіктің жекеше түрін көрсетіңіз
А) – ым, -им, -ум, - үм;
В) – ың, - уң, - аң, -әң;
С) – ы, - сы, - си;
Д) – уңыз, - үнүз;
Е) – сылар, - силар.
7. Көне түркі тіліндегі ІІІ жақ тәуелдіктің көпше түрін көрсетіңіз
А) – мыз, - мүз, - имиз;
В) – зы, - зи;
С) – ңыз, - ңиз, - ыңыз, - иңиз;
Д) – ы, - си, - сы, - зы, - зи, - сылар, - силар;
Е) – тын, - тін.
8. Руна жазуын тұңғыш оқыған түркітанушы ғалым
А) В. Томсен;
В) Д. Мессершмидт;
С) Ф. Строленберг;
Д) Н. Ядринцев;
Е) Н. Диц.
9. Көне түркі жазуы тұңғыш рет қашан табылды?
А) XVI ғ. 30 ж.
В) XVII ғ. 50 ж.
С) XVIII ғ. 20 ж.
Д) XIX ғ. 40 ж.
Е) XV ғ. 20 ж.
10. Д. Мессершмидт пен Ф. Старленберг ашқан жаңалық
А) Ачинск маңынан археологиялық жазба тапты;
В) Талас аңғарынан руналық ескерткіш тапты;
С) Енесей аңғарынан руналық ескерткіш тапты;
Д) Жетісудан сақ дәуірінің ескерткішін тапты;
Е) Орхон бойынан руналық жазуы бар тас тапты.
11. Шағатай тілі тобына қандай тіл жатады?
А) Қарлұқ-ұйғыр;
В) Ұйғыр-оғыз;
С) Оғыз-қыпшақ;
Д) Қарлұқ-ноғай;
Е) Қыпшақ-қарлұқ.
12. ХІІ-XV ғ. түркі тілдерінде жазылған деректерде қазақ сөзінің мағынасы
А) Еркіндік аңсаушы, батыл;
В) Ержүрек, кезбе;
С) Әскері, көшпелі;
Д) Батыр, ержүрек;
Е) Ақылды, дархан.
13. Үш жүзге ортақ болған тіл
А) Қыпшақ тілі;
В) Қазақ тілі;
С) Ноғай тілі;
Д) Ұйғыр тілі;
Е) Монғол тіл.
14. Диуани лұғат ит-түрік еңбегіне қандай баға берілді?
А) Ортағасырлық оқулық;
В) Этнографиялық дерек;
С) Философия ғылымындағы маңызды еңбек;
Д) Түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы;
Е) Астрономия саласындағы еңбек.
15. Көне түркі ескерткіштерінде есімнен сын есім жасайтын жұрнақ
А) – сар, - сер;
В) – қы;
С) – қын, - қан;
Д) – ғы, - гі;
Е) – чыл, - чіл.
16. Бірыңғай дауыссыз дыбыстардын тұратын финики жазуы негізінде пайда болған жазу
А) Арамей;
В) Соғды;
С) Турфан;
Д) Көне түркі;
Е) Орыс.
17. Б.з.б. І-ІХ ғ. жоғарыдан төмен жазатын тік әріпті түркі жазуы
А) Арамей;
В) Соғды;
С) Турфан;
Д) Көне түркі;
Е) Дұрыс жауап жоқ.
18. Түркі тілдеріне жатпайтын қатарды көрсетіңіз
А) Гагауыз;
В) Құмық;
С) Ноғай;
Д) Татар;
Е) Сюңгу.
19. Орхон-Енесей-Талас кезеңін белгілеңіз
А) ХІІІ- XV ғ.
В) XV- XVІІІ ғ.
С) VІ- VІІІ ғ.
Д) Х- XІІ ғ.
Е) ХІХ ғ.
20. Рецензия сөзі қай тілден алынған?
А) Латын;
В) Қазақ;
С) Араб;
Д) Парсы;
Е) Иран.
21. Қорқыт ата кітабын зерттеуші ғалым
А) А. Левшин;
В) Н. Ядринцев;
С) А. Йүгүнеки;
Д) Н. Диц;
Е) В. Рубрук.
22. Дыбыстың комбинаторлық өзгеруінің бір түрі
А) Эпентеза;
В) Аналитизм;
С) Элизия;
Д) Диссимиляция;
Е) Метатеза.
23. Ежелгі түркі бірлестігін тарихи зерттеулерге сүйене отырып екі кезеңге бөлген ғалым
А) М. Қашқари;
В) В. Радлов;
С) Н. Э. Наджип;
Д) А.М. Щербак;
Е) Э.Р. Тенишев.
24. Кодекс Куманикус сөздігінің зерттелуі жайлы алғаш пікір қалдырған ғалым
А) Н.А. Баскаков;
В) С.Е. Малов;
С) П.М. Мелиоранский;
Д) В.В. Бартольд;
Е) Лейбниц.
25. Тарихи грамматика қандай пәндермен байланысты?
А) Диалектология;
В) Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы;
С) Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі;
Д) Түркітануға кіріспе;
Е) Барлығы дұрыс.
26. Қазақ тілі этникалық негізі бойынша қай топқа жатады?
А) Шағатай;
В) Қыпшақ-түркімен;
С) Түркімен;
Д) Чуваш;
Е) Қыпшақ.
27. Дауыссыз дыбыстар жүйесі
А) Полотализация;
В) Дивергенция;
С) Конвергенция;
Д) Диссимиляция;
Е) Консонантизм.
28. Конвергенция дегеніміз –
А) Дыбыстардың бірігуі;
В) Дауыссыз дыбыстар жүйесі;
С) Бір дыбыстың әр түрлі варианты;
Д) Ұяңдану;
Е) Еріндік үндесу;
29. Жаз – жай, бақ – бау, семір – семіз қандай құбылыс?
А) Консонантизм;
В) Диссимиляция;
С) Ықпал;
Д) Дивергенция;
Е) Палатальдық гармония;
30. Көне түркі тілінде қандай дыбыстардан сөз басталмаған?
А) Қ, к, с, ш, з;
В) Д, з, л, п, р;
С) З, қ, ғ, н, т;
Д) Т, п, б, с;
Е) Т, қ, к, т, ш.
31. Қазіргі түркі тілдерінде ерін үндестігі қай тілде жүйелі сақталған?
А) Қарақалпақ;
В) Ноғай;
С) Қырғыз;
Д) Қазақ;
Е) Қарашай.
32. Көне түркі тіліндегі барыс септігінің бастапқы формасы
А) – ру;
В) – ғару;
С) – н;
Д) – ғ;
Е) – ің.
33. Басқа сөз таптарының сын есімге айналу процесі
А) Субстантивтену;
В) Вербалдану;
С) Адъективация;
Д) Конверсия;
Е) Аффиксация.
34. Қазақтың халықтық тілі қай дәуірде қалыптасты?
А) Орта түркі дәуірінде;
В) Көне түркі дәуірінде;
С) Хун дәуірінде;
Д) Жаңа түркі дәуірінде;
Е) Алтай дәуірінде.
35. Көне түркі тілінде қандай дауыссыз дыбыстар алмасып айтыла берген?
А) д, г;
В) с, ш;
С) р, з;
Д) ң, қ;
Е) л, б.
36. Шығыс тілінің әсерімен қалыптасқан дауысты дыбыс
А) ұ;
В) у;
С) ә;
Д) ы;
Е) е.
37. Полотализация –
А) Үндесу;
В) Бірігу;
С) Заттану;
Д) Ұяңдану;
Е) Ауысу.
38. Дауысты дыбыстардың жуан не жіңішке жағынан үндесуі
А) Конвергенция;
В) Конверсия;
С) Екпін;
Д) Ассимиляция;
Е) Палатальдық гармония.
39. Көне түркі түбірі 2 дыбысты ашық буыннан тұрған деген пікір айтушы ғалым
А) В. Котович;
В) Н.А. Баскаков;
С) Г. Кун;
Д) С.Е. Малов;
Е) В. Радлов.
40. Түбір мен қосымшаның жымдасуы
А) Дифференцация;
В) Аналогия;
С) Дивергенция;
Д) Фузия;
Е) Конверсия.
41. Басқа түркі тілдерінің көпшілігінде жоқ септік жалғауы
А) Ілік септік;
В) Көмектес септік;
С) Табыс септік;
Д) Барыс септік;
Е) Шығыс септік.
42. Ме + се қосындысы (С.Е. Малов пікірінше)
А) Мен+сен;
В) Ол;
С) Бәрі;
Д) Сендер;
Е) Біз.
43. Етістіктерден зат есім жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіз
А) – ғу, - гу;
В) –н, - ын, - ін;
С) – т, - ты;
Д) – қу, - кү;
Е) – уқ, - үк, - ағ.
44. Алтай тілдерінде буынның неше түрі кездеседі?
А) 4;
В) 2;
С) 5;
Д) 3;
Е) 6.
45. Вопросы диалектологии и истории казахского языка еңбегінің авторы
А) А.С. Аманжолов;
В) А.Қ. Құрышжанов;
С) С.Е. Малов;
Д) Н.А. Баскаков;
Е) Н.К. Дмитриев.
46. Есім түбірден сын есім жасайтын аффикстер
А) – лығ, - ліг, - лық, - лік;
В) – ғы, -ынч, - ынш;
С) – мақ, - ма, - ыш, - ыс;
Д) – ғын, - ған;
Е) – ыр, - ар, - ғыр.
47. Сипаттама тіл білімінің қарастыратын мәселесі:
А) Туыстас тілдердің дыбыс жүйесі;
В) Тіл дыбыстарының артикуляциялық ерекшеліктері;
С) Тілдің дыбыс жүйесін тарихи тұрғыдан қарастыру;
Д) Дыбыстардың өзгеру, даму жүйесін айқындау;
Е) Тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі қалпы.
48. Тілдің басты қызметі:
А) Дейктивті;
В) Сигнификативті;
С) Эмотивті;
Д) Коммуникативті;
Е) Номинативті.
49. Әдеби тіл болудың шарты:
А) Норманың болуы;
В) Бірнеше ұлтқа ортақ болу;
С) Зерттелгендігі;
Д) Түсінікті болуы;
Е) Аударылуы.
50. Реляциялық мағынаға тән сипат:
А) Грамматикалық;
В) Лексикалық;
С) Семантикалық;
Д) Синтаксистік;
Е) Таңбалық.
51. Ішкі флексия, аффиксация, екпін ұғымдары тілдің грамматикалық құрылымының қайсысына жатады:
А) Грамматикалық форма;
В) Грамматикалық мағына;
С) Грамматикалық категория;
Д) Тіркес;
Е) Дыбыс.
Әзірлеген: ф.ғ.к., доцент Қалиева С.Е.



Ұқсас жұмыстар

Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері
ТҮПКІТЕК ДАУЫСТЫЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ КӨРІНІСТЕРІ
Түркі тілдерінің жіктелу түрлері
Дауыстылар жүйесі
Түркі тілінің әліпбиі
Тілдің даму барысында есім мен етістіктің ара жігін ажырату кезеңінде қалыптасқан есімше категориясы - етістіктің функционалды формасы
Көне түркі тілі – түркі халықтарының алғашқы жазба - әдеби тілі
Қазақ тілі мен түркі тіліндегі жалғауларды мысалдар арқылы салыстыру
Түркі тілдерінің салыстырмалы гарамматикасы
Түркі тілдеріндегі сан есімдердің мағыналық топтары
Бас тоғанның негізделуі, Арыс-Түркістан каналын суғару мақсатында пайдалану және су әкету
Түркiстан
Түркілер б.з V-XIII ғасырлары аралығында өмір сүрген.
Барокко - стиліндегі щюлы айна.
ТҮРКІСТАН АЙМАҒЫНДАҒЫ СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ
ЖАМБЫЛ ӨҢІРІНДЕГІ КӨНЕ ТҮРКІ ТАС МҮСІНДЕРІ
ҚОЖА АХМЕТ ИАСАУИ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН.
Паскаль тіліндегі программа құрылымы
Қазақ тіліндегі мезгіл пысықтауыштар
ҚАЗАҚ ТАРИХЫ – ТҮРКІЛЕРДІҢ ДАЛАЛЫҚ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ