Бір өлшемді массив

Төмендегі есептердің Паскаль тілінде программасын құрыңдар:
Бір өлшемді массив.
1. Кез- келген бір өлшемді А(10) массивінің оң элементтерін екі есе кемітіңдер, ал теріс элементтері болса, онда оларды индекстерінің мәнімен ауыстырыңдар.
2. N кәсіпорынның бір жылғы электр энергиясын тұтынуы туралы дерек бар. Осы бойынша энергия тұтынудың арифметикалық ортасын және энергияны ең көп үнемдеген кәсіпорынды анықтаңдар.
3. А, В массивтері берілген. Алдын-ала А массивін өсуі, В массивін кемуі бойынша реттеп алып, 2 массивтің қосындысын табыңдар.
4. 10 түрлі бұйымның әрқайсысының бағасы берілген. Бағасы барлық бұйым түрлерінің орташа бағасынан аз болатын бұйым түрлерінің нөмірлерін басып шығару керек.
5. Массивтің берілген К санына еселік болатын элементтерінің көбейтіндісін табыңдар.
6. 7 сағ- тан 12 сағ-қа дейінгі уақыт аралығында ауа температурасы сағат сайын өлшенді. Осы аралықта температураның төмендегені мәлім. Температураның алғашқы теріс мәні қай сағатта болғанын анықтаңдар.
7. Массивтің көршілес жұп және тақ нөмірлі элементтерінің орнын алмастырыңдар.
8. Құпия құлып. Сейфтің құпия құлыбы ойын кубигін орналастыратын қатар орналасқан 10 ұяшықтан тұрады . Кубиктің әр жағында 1-ден 6-ға дейінгі нүкте бар. Кубиктің алдыңғы жағындағы барлық кез- келген үш көршілес ұяшықтағы нүктелер қосындысы 10-ға тең болғанда сейфтің есігі ашылады. Бастапқы 2 кубик ұяшыққа қойылған жағдайдағы құлып кодын шешетін программа жазыңдар .
9. 10 күннің температурасы берілген. Орташа температураны, ең жоғарғы және ең төменгі температураны анықтаңдар.
10. Массивтің тақ элементтері барлық элементтердің неше процентін құрайды.
11. Бүтін сандар массивінің 5- ке бөлінетін элементтерінің санын табыңдар.
12. Ағашта отырған ұлу әрбір ашық күні ағаштың бойымен 2 см жоғары көтеріліп, әр бұлтты күні 1см төмен түседі. Бақылаудың алғашқы күні ұлу жерден А см қашықтықта орналасты. Бір апта бойғы ауа райы туралы мәлімет (күннің ашық немесе бұлтты екендігі) массивте берілген Аптаның соңғы күнгі ұлудың орнын анықтаңдар.
13. Бір өлшемді кездейсоқ сандар массиінде 5-ке бөлінетін, бірақ 3- ке бөлінбейтін элементтерді табыңдар.
14. Бір өлшемді кездейсоқ сандар массивінің ең үлкен 3 элементін табыңдар.
15. Бір өлшемді А(8) массивінің 1- және соңғы, 2- және 7 т.б. элементтерінің орнын алмастырыңдар.
Екі өлшемді массив.
1. Сынып журналынан неғұрлым көп “5” бағасы бар оқушы нөмірін табыңдар.
2. Квадрат матрицаны 0 және 1 сандарымен шахматтық ретпен толтырыңдар.
3. А[5х5] матрицаны 1-ден 25-ке дейінгі сандармен өсу ретімен толтырыңдар.
4. Квадрат матрицаның негізгі диагоналының ең үлкен, қосалқы диагоналының ең кіші элементтерін тауып, олардың орнын алмастырыңдар.
5. Квадрат матрицаның негізгі диагоналындағы ең үлкен элемент орналасқан жолды берілген жолмен алмастырыңдар.
6. Екі өлшемді А(4,4) массивіндеа 3- және 1-жолдардың орындарын алмастырыңдар.
7. Матрицаның қосалқы диагоналының үстіндегі ең үлкен элементті табыңдар.
8. Матрицаның негізгі диагоналының үстінде орналасқан жұп элементтерді санаңдар.
9. А[n ,n] матрицасында 1-ші және соңғы , 2-ші және (n-1)-ші т.с.с жолдардың орнын ортаңғы жолға дейін алмастырыңдар. n –нің тақ , жұп болатын жағдайларын қарастырыңдар .
10. Квадрат матрицаның элементтерін 1 цикл қолданып периметр бойынша 0-ге айналдырыңдар .
11. Спорттың мұзда мәнерлеп сырғанау түрінен 5 спортшының 3 төреші бағалаған нәтиже көрсеткіші берілген .(ұпай саны 0-ден 6-ға дейін ) . Бастапқы 3 жүлделі орынды алған спортшылар көрсеткішін табыңдар .
12. Квадрат матрицаның элементтері бір өлшемді массивте берілген . Оларды матрица түрінде шығарыңдар .
13. А (n х m) матрицаның әр жұп жолындағы ең үлкен элементті табыңдар.
14. Компьютер экранында
1 0 0 0 0
1 1 0 0 0
1 1 1 0 0
1 1 1 1 0
1 1 1 1 1
квадрат матрицаны алу керек.
15. Компьютер экранында
1 1 1 1
2 2 2 2
3 3 3 3
4 4 4 4
квадрат матрицаны алу керек.

Символдық айнымалылар
1. Сөздегі i- әріпті жоятын программа жазыңдар.
2. Берілген сөзде бірінші және соңғы әріптердің қайсысы көп кездесетінін анықтайтын программа құрыңдар.
3. Берілген мәтіндегі “а” әрпін “о” әрпімен алмастырыңдар.
4. Сөйлемде неше сөз бар екенін анықтаңдар.
5. Берілген әріп дауысты ма екенін анықтаңдар.
6. Сөздегі дауысты дыбыстар нешеу, және ол сөздегі барлық әріптің неше процентін құрайды?
7. 1 ашылған және 1 жабылған жақшасы бар мәтін берілген. Жақша ішіндегі барлық символдарды шығарыңдар.
8. Жолдағы ашылған және жабылған жақшалар саны тең бе?
9. Сөйлемдегі неше сөз берілген әріптен басталады?
10. Сөйлемдегі бірінші және соңғы сөздердің орнын ауыстырыңдар.
11. Латын әрпімен жазылған сөздегі барлық кіші әріптерді бас әріппен алмастырыңдар.
12. Сөздегі орыс алфавитінің бас әріптерін экранға шығарыңдар.
13. Хабарламада әрбір сөз кері қарай жазылып шифрланған. Хабарламаны дұрыстап экранға шығарыңдар.
14. Сөйлемдегі жұп нөмірлі сөзді кері жазып, тақ нөмірлі сөзді жойыңдар
15. 6 цифрдан тұратын трамвай билетінің “бақытты билет” екенін анықтаңдар.



Ұқсас жұмыстар

Символдық және көпөлшемді массивтертер
Турбо паскальда екі өлшемді массивтерді ұйымдастыру технологиясы
Delphi бағдарламасындағы массивтер
Бір өлшемді массивтер
Массив элементтерін сорттау
Си және Си тілініңи көрсеткіштері мен массив элементтері
Turbo Pascal программалау тіліне шолу
С++ тіліндегі массивтер
Массив элементтерінің түрлеріне шектеулер
Бір өлшемді массивтерді сұрыптау алгоритмдері
ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗШК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА
Біріктірілген тақша
Ұйқы- демалыстың бір түрі
Салық қызметі органдарының қызметін ұйымдастыру мен басқарудағы кейбір мәселелер және оны жетілдіру жолдары
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
Біріккен Ұлттар Ұйымы
Бір клеткалылар патшалық тармағы
БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУ
Батыс Сібір жазығы