Аралық заттар

Жоспар

1. Аралық заттар
2. Пигментті клеткалар
3. Майлы клеткалар
4. Эластикалық талшықтар
5. Реткулярлы талшықтар
6. Болбыр дәнекер ұлпа
7. Фиброласт
8. Қан және болбыр дәнекер ұлпасының тұтастығы

Қорытынды

Элементтерінің барлығы ретикулярлы – эндотелиалды жүйе деп аталатын тұтас аппаратқа бірігеді. Бұл жүйе организмде қорғаныштық қызмет атқарады.
Қан және болбыр дәнекер ұлпасының тұтастығы. Қан мен дәнекер ұлпасының тұтастығы талаурау процестерінде айқын көрінеді. Дәнекер ұлпаға бөгде заттың түсуі немесе оның бұзылуы өлі участок негроз ордасын түзеді. Талаурау процессі талаураған аймақты өлі клеткалар мен бактериялардан тазартып, дәнекер ұлпаны бөгде заттан қоршайды. Талаурау процессі клеткалардың дәнекер ұлпасына және қаннан көшуінен басталады. Нейтрофильдерқан тамырларынан сыртқа шығып, амеба тәрізді қозғалады. Талаурау аймағына қарай жылжып, оны бөгде заттан тазартады.
Нейтрофильдерден кейін қаннан лимфоциттер мен моноциттер көшеді. Кейіннен моноциттер және лимфоциттер макрофактарға айналады. Сөйтіп, талаурау аймағын бактериялардан нейтрофильдер, ал өлі ұлпалардан макрофактар тазартады. Жарақаттанған ұлпа бактериялардан тазартылмағанша, регенерациялық процестер мүлде басталмайды.
Егер талаурау бөгде заттың себебінен болса, онда регенерациялық процестер бөгде затты организм ұлпасынан бөліп, фиброзды капсула мен қоршайды.
Қорыта келгенде дәнекер ұлпа арқылы барлық органдар мен ұлпалардың клеткалары қоректенеді. Дәнекер ұлпасы ішкі зат алмасуды жүзеге асыратын орта. Ол органдардың қабығында механикалық қызмет атқарады.
Дәнекер ұлпаның гистологиялық құрылымы оның атқаратын қызметіне байланысты. Жоғары сатыдағы жануарлардың организмінде дәнекер ұлпалы түзілістер көп кездеседі. Олар эпителийдің астын төсейді.

Дәнекер ұлпасы

Жоғары сатыдағы жануарлардың организмінде дәнекер ұлпалы түзілістер көп кездеседі. Олар эпителийдің астын төсейді. Сонымен қатар органдардың қабығын түзіп, органдағы ұлпалардың аралық қабаттарын толтырып отырады. Организмдегі барлық органдар мен ұлпалардың клеткалары дәнекер ұлпа арқылы қоректенеді. Шек эпителийі асимиляциалайтын және қан мен организмде тарайтын қоректік заттар осы дәнекер ұлпа арқылы өтеді. Дәнекер ұлпасы ішкі зат алмасуды жүзеге асыратын орта болып саналады. Сондықтан ол қанмен бірге трофикалық және қорғаныштық маңызы бар бір тұтас жүйе құрайды. Органдардың қабығында бұл ұлпа механикалық қызметті де атқарады.
Дәнекер ұлпаның гистологиялық құрылымы оның атқаратын қызметіне байланысты. Трофикалық маңызы бар участіктерде аралық заттың механикалық элементтері аз болып, клеткалық элементтері көп болады. Бұған керісінше трекетік маңызы бар дәнекер ұлпаларда клеткалық элементтерге қарағанда механикалық түзіліс клетка аралық заттары артық болып келеді.
Осыған сәйкес дәнекер ұлпалардың бірнеше түрлері болады.
1) клеткасы көп ретикулярлы ұлпа
2) клеткалық элементтері мен механикалық түзілістері бірдей дамыған болбыр дәнекер ұлпа (немесе қалыптаспаған).
3) Негізінен механикалық түзілістерден тұратын қалыптасқан немесе тығыз дәнекер ұлпалары.
Дәнекер ұлпалардың беріктігін жүзеге асыратын көп түрлі механикалық элементтер тек аралық затта ғана дамиды. Сондықтан бұл ұлпалардың құрылысының структурасы аралық заттың құрылымына және әртүрлі талшықтар мен олардың орналасуы тәртібіне байланысты болады.
Аралық заттар. Омыртқалардың дәнекер ұлпаларының аралық заттары көптеген әртүрлі талшықтар мен аморфты заттардан тұрады. Тканьдердің белгілі мықтылығын және серпімділігін қамтамасыз ететін талшықтардың механикалық бейімділігінің маңызы бар. Сыртқы түріне, физикалық – химиялық қасиетіне және физиологиялық маңызына қарай талшықтар үш түрге: қоллагенді, эластикалық және ретикулярлы болып бөлінеді.
Қоллагенді талшықтар созылғанда ажырап кетпеу үшін ұлкен беріктілігі бар дәнекер ұлпалардың механикалық негізін құрайды. Ол талшықтар лента тәрізді болып, көбіне жуандығы әр түрлі шоғырларға жиналады. Тірі препараттарда талшықтар сәулені нашар сындыратындықтан, олар әдетте, көрінбейді. Әрбір талшықтар өзара тығыз желімдескен фибрилдерден тұрады. Дәнекер ұлпасын барит немесе әк суымен өңдегенде оларды желімдеген заттар еріп, коллаген талшықтарының фибрилляры құрылысы оңай көрінеді. Ұлпаларды қайнатқанда талшықтар алғашында ісініп, кейіннен еріп, желімге айналады. Коллаген талшықтарына бай жануарлардың терісінен және



Ұқсас жұмыстар

Түзілген АТФ молекуласында химиялық энергия қор ретінде жинақталуы
Гетерогенді катализ
Шеміршек регенерациясы
Заттың күйі
Дәлелдемелердің қайнар көздерінің ұғымы
Шеміршек. Жасқа байланысты гистологиясы
Катализ- катализаторлар туралы ілім
Клеткалар мен талшықтар
Өндіріс шоттары
Химиялық реакцияның жылдамдығына катализаторлардың әсері
Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастардағы орны
Халықаралық кедендiк ынтымақтастық және мемлекеттiк экономикалық қауiпсiздiк
Қазақстан республикасының Нидерландымен халықаралық қарым – қатынысы
алықаралық қаржылық есеп стандарты бойынша дебиторлық қарыздың өзгерістері
Бюджетаралық қатынас
Халықаралық экономикалық қатынастар. туралы
Тұлғааралық коммуникация
Азықтың биологиялық әсерлі заттары
Планетадағы заттардың айналымы. Өзектілік қағидасы
Ауыл шаруашылық шикізаттары мен сауда – саттық жағдайы.