Белгіленген обьект жағалайындағы манипуляторлар
Зертханалық жұмыс №1
1.Объекттерді жасау бойынша негізгі амалдар.
1.1. Контурлар мен фигуралар.
1 Bezier құралы.
CorelDRAW-ғы контурларды құрудың негізгі құралы Bezier (Кривая Безье). Ол қисық сызықтарды дәл салу, оларды сызу үшін арналған. Контурларды құрудың екінші құралы Freehand (Кривая) қағаз бетінде қарындашпен салатыныздай контурларды салуға мүмкіндік береді. Мұндай сурет салу кезінде жақсы нәтиже алынуы үшін графикалық планшет қажет болады.
1.Түзу сызықтарды салу.
Контурдың ең қарапайым түрі — түзу сызықты сегментті контур. құралыа Bezier құралы (Кривая Безье) көмегімен зигзаг тәріздес сызық салайық:
1. File (Файл) мәзірінде New (Создать) командасы көмегімен жаңа құжат ашыңыз.
2. Жылжымалы саймандар тақтасының бойында Bezier құралын (Кривая Безье) таңдаңыз. Ол Freehind (Кривая) құралының артында "жасырынған". Тышқан курсоры қисықтың түйінін бейнелейтін таңбашамен қиылысу нысаны ретінде бейнеленеді.
Курсорды жұмыс бетінің сол жақ шетіне орналастырыңыз.
3. Тышқанның сол жақ батырмасын шертіңіз. Жұмыс парағының бетінде контурдың басын көрсететінкішкентай қара шаршы пайда болады. Бұл контурдың бірінші түйіні. Курсорды диагональ бойымен оң жақ жоғарыға қарай орналастырыңыз.
4. Тышқанның батырмасын екінші рет шертіңіз. Курсор орнында бірінші түйінмен түзу сызықпен қосылған екінші түйін пайда болады. Кесіндіміз салынды, алайда біздің мақсатымыз – зигзаг тәріздес контур. Ол осы сияқты бірнеше кесінділерден құрылуы тиіс.
5. Курсорды диагональ бойымен оң жақ төменге қарай орналастырыңыз.
6. Тышқан батырмасын шертіңіз. Курсор орнында алдыңғы түйінмен қосылған үшінші түйін пайда болады.Бізде екі түзу сызықты сегменттен құрылған контур пайда болды.
7. Бұл контурға 2.1 суреттегідей нәтиже алынатыгндай, тағы екі сегмент қосыңыз.
2.1-сур. Төрт түзусызықты сегменттен құрылған 2.2-сур. Түйіннің орналасуын Bezier құралының
зигзаг тәріздес контур көмегімен редактрлеу
1.1. Bezier (Кривая Безье )құралының көмегімен контурдың кез келген түйінінің орналасуы дәл болмаған жағдайда оны редактрлеуге болады:
1. Курсорды екінші немесе үшінші түйінге апарып қойыңыз.Курсор екі кішкентай бағдаршасы бар үлкен қара бағдларшатүріне келеді.Бұл кез келген бағытта орын ауыстыруды кескіндейді.
2. Тышқанның сол жақ батырмасын шертіңіз.
3. Батырманы жібермей курсорды кез келген бағытта ауыстырыңыз. Тышқан батырмасын жіберіңіз. Түйіннің жаңа орналасуын байқайсыздар. ( 2.2-сур).
1.2. Сонымен қатар құрылған контурды жаңа сегменттермен толықтыру мүмкіндігі бар :
1. Bezier (Кривая Безье) құралын таңдаңыз.
2. Курсорды контурдың бастапқы немесе шеткі түйініне апарып қойыңыз. Бұл кезде курсор төменге қарай иілген бағдарша түріне келеді.
3. Тышқанның сол жақ батырмасын шертіңіз. Енді контурды толықтыруға болады.
4. Тышқан көмегімен курсорды кез келген жерге орналастырыңыз..
5. Тышқан батырмасын шертіңіз. Контурдың жаңа түйіні мен сегменті алынды.
2.Қисық сызықтарды салу.
Қисықсызықты контурларды салу да Bezier (Кривая Безье) құралы көмегімен жүзеге асырылады. Ирек сызық салып құру барысында контурлардың қисықсызықты сегментттері қалай құрылатынын қарастырайық.:
1. Бұған дейінгі салынған суреттен төмен қарай ауысып, жұмыс бетінің сол жағына Bezier (Кривая Безье) құралын бейнелейтін курсорды орналастырыңыз.
2. Тышқанның сол жақ батырмасын шертіңіз.
3. Батырманы жібермей, тышқанды көлденеңінен оң жаққа қарай орналастырыңыз. Курсордың соңынан басқарушы сызықшалар пайда болады. Олар сегменттердің қисықтығын анықтайтын болғандықтан, олардың ұзындығын таңдаңыз.
4. Тышқан батырмасын жіберіңіз. Курсорды диагональ бойымен төмен қарай орналастырыңыз. Тышқанның сол жақ батырмасын шертіңіз.
5. Батырманы жібермей, тышқанды көлденеңінен оң жаққа қарай орналастырыңыз. Басқарушы сызықтардың ұзындығын алдыңғы түйін үшін таңдалғандай етіп алыңыз. Бұл жағдайда сегментіңіз симметриялы болады.
6. Тышқан батырмасын жіберіңіз. Бірінші қисық сызықты сегмент құрылды.
7. Курсорды диагональ бойымен жоғарыға қарай контурдың бірінші түйіні орналасқан бойымен қатар орналастырыңыз. Курсордың екінші түйінге дейінгі көлденеңінен қашықтық алғашқы екі түйін арасындағы қашықтыққа тең болсын. Мұны қаншалықты дәл орындай алсаңыз контурыңыз соншалықты түзу болады.
8. Тышқанның сол жақ батырмасын шертіңіз. Тышқанды көлденеңінен оң жаққа қарай, жаңа түйін үшін бағыттауыш сызықтарының ұзындығы басқа түйін ұзындықтарымен бірдей болатындай, орналастырыңыз.
9. Тышқан батырмасын жіберіңіз. Енді контур екі сегменттен құрылған.
10. 4-9қадамдарды қайталап, сіз көптеген сегменттерден құрылған контур кескіндей аласыз. Өзіңіз контурға тағы бір сегмент қосыңыз.
2.3-сур. Қисықты салу
3.Жоғарыда құрылған контур тегіс болып келеді. Ал енді көршілес сегменттер сүйір болатын контур құрастырыңыз.
1. Бұған дейінгі салынған суреттен төмен қарай ауысып, жұмыс бетінің сол жағына Bezier (Кривая Безье) құралын бейнелейтін курсорды орналастырыңыз.
2. Тышқанның сол жақ батырмасын шертіңіз . Батырманы жібермей, тышқанды көлденеңінен оң жаққа қарай орналастырыңыз. Тышқан батырмасын жіберіңіз.
3. Курсорды диагональ бойымен төмен қарай орналастырыңыз.
4. Тышқанның сол жақ батырмасын шертіңіз. Бірінші сегмент салынды. Оның нысаны аолдыңғы жаттығудағы S- тәріздес сегменттер нысанынан өзгеше.
5. Курсорды диагональ бойымен жоғарыға қарай контурдың бірінші түйіні орналасқан бойымен қатар орналастырыңыз. Тышқан сол жақ батырмасын жіберіңіз.
6. Тышқанды көлденеңінен оң жаққа қарай, жаңа түйін үшін бағыттауыш сызықтарының ұзындығы бірінші түйін ұзындығымен бірдей болатындай, орналастырыңыз.
7. Тышқан батырмасын жіберіңіз. Енді контурымыз екі сегменттен құрылған. Олар контурдың төменгі түйініде сүйір бұрышпен қосылған.
8. 3-7қадамдарын қайталап, өзіңіз тағы екі сегмент қосыңыз.Сізде 2.4-суретте кескінделген контур салынады.
2.4-сур. қисықты салу
4.Тапсырма.Әртүрлі типті сегментті контур салыңыз.
2.5-сур. Әртүрлі типті сегментті контур
5.Тұйық контур салыңыз.
Бұған дейін біз тұйық емес контурлармен жұмыс атқарған болатынбыз.Олардың бастапқы және шеткі түйіндері бар болатын.Енді бастапқы мен шеткі түйіні сәйкес келетін тұйық контур , мысалы эллипсті салып көрелік:
1. Жұмыс бетінде бос орын таңдап, Bezier (Кривая Безье) құралын қосыңыз .
2. 2.6, а-сур. –дей контур салыңыз.
3. Курсорды контурдың бастапқы түйініне апарып қойыңыз. Курсорымыз контурды толықтыру кезіндегідей төменге иілген бағдарша нысанына келеді..
4. Тышқанның сол жақ батырмасын шертіңіз де курсорды оң жаққа қарай орналастыру арқылы басқарушы сызықтар ұзыңдығын тағайындаңыз.( 2.6, б-сур).
5. Тышқан батырмасын жіберіңіз.
2.6-сур. Тұйық контурды салу
Эллипс салынды. Ол бастапқы мен шеткі түйіні сәйкес келетін тұйық контурды кескіндейді..
2. Pick құралы.
Pick (Указатель) құралы CorelDRAW көптеген әрекеттті орындайды. Ол обьекттерді белгілеу, олардың бұру, бенеленуін, иілу өлшемін өзгертуді орындай үшін қолданылады. Оның көмегімен жеке контурларда түйіннің орналасуын өзгертуге де болады.
Объект дегеніміз контурмен салыстырғанда жалпы түсінік болып келеді.Дегенмен, Pick (Указатель) құралы контурлармен, одан да күрделі обьекттермен де бірдей жұмыс орындай алатынын білгеніңіз жөн.
Pick (Указатель) құралы басқа құралдар сияқты өзінің қасиеттер тақтасына ие. Мұнда құжатта белгіленген обьекттерге сай әртүрлі басқару элементтерінен тұрады.
2.7-сур.Pick құралының белгіленген обьекттер жоқ (а) және бірнеше обьект белгіленген жағдайдағы қасиеттер тақтасы
6. Обьекттерді белгілеу
CorelDRAW жұмыс бетінде орналасқан кез келген контурды жаңа сегменттермен толықтыруға болады. Программаға сіздің қандай контурмен жұмыс жасайтыңыз туралы хабар беру үшін бұл контурды Pick (Указатель)құралымен белгілеп алу керек:
1. Саймандар тақтасында Pick (Указатель) құралын таңдаңыз.
2. Құрал курсорын алғашқы зигзаг тәріздес қисықтың кез келген нүктесіне апарып қойыңыз.
3. Тышқанның сол жақ батырмасын шертіңіз. Контур белгіленеді, оның жағалайында , контурдың габариттік өлшемдерін көрсететін(габариттік тік төртбұрыш) шаршы манипуляторлары (2.8-сур), пайда болады. Манипуляторлар контурларды трансформдау (масштаб беру, бұру, искажения) үшін қолданылады.
4. Саймандар тақтасында Bezier (Кривая Безье) құралын таңдаңыз.
5. Курсорды белгіленген контурдың шеткі түйініне апарып қойыңыз.Курсор төменге қарай иілген бағдарша нысанына келуі керек.
6. Тышқанның сол жақ батырмасын шертіңіз. Курсор Bezier (Кривая Безье)құралына сай нысанға келеді..
7. Курсорды диагональ бойымен төмен қарай жылжытыңыз..
8. Тышқанның сол жақ батырмасын шертіңіз.Сіз белгіленген контурды жаңа сегментпен толықтырдыңыз.
2.8-сур.Белгіленген обьект жағалайындағы манипуляторлар. 2.9-сур. Белгіленген қоршауды пайдалану
Пунктирмен көрінбейтін габаритті тіктөртбұрыш кескінделген .
7. Контурды басқа тәсілмен – белгіленген қоршаудың көмегімен ерекшелеу:
1. Саймандар тақтасында Pick (Указатель) құралын таңдаңыз.
2. Тышқан курсорын екінші контудан сол жақ жоғарыға қарай орналастырыңыз.
3. Тышқанның сол жақ батырмасын шертіңіз.
4. Батырманы жібермей, курсорды диагональ бойымен оң жақ төменге қарай орналастырыңыз.
5. Курсор соңынан ерекшелеу шекарасын көрсететін көк түсті пунктирлі қоршау жүргізіледі.Тышқанды екінші контур толығымен белгілеу қоршауының ішінде орналасқанша орын ауыстырыңыз. ( 2.9-сур).
6. Тышқан батырмасын жіберіңіз.Контур белгіленді .
Бұл тәсіл бірнеше контурды бір мезетте белгілеп алу үшін ыңғайлы.
Контурдың белгіленуін алып тастау үшін Pick (Указатель)құралы қосылған жағдайда тышқан батырмасын жұмыс бетінің бос жерінде шерту жеткілікті.
Бірнеше контурды белгілеу қоршауын пайдаланбай тізбектеп белгілеуге болады:
1. Алдымен бірінші контурды оның бетінде Pick (Указатель)құралының курсорымен шерту арқылы белгілеңіз.
2. Shift батырмасын басып тұрып, оны жібермей, екінші контур бетінде шертіңіз. Енді екі контур бір мезетте белгіленген.
3. Тышқанды үшінші контур бетінде шертіңіз. Бұл арқылы сіз оны белгіленген контурлар тобына қосасыз. .
Белгіленген контурлардың қайсыбірін белгілеуден босату үшін оның бетінің бойында екінші рет шерту жеткілікті.
Pick құралының көмегімен объекттердің иілуі
Робот манипулятор
ОБЪЕКТІЛЕРДІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ
Өнеркәсіптік роботтарды қолдануы
Қарым – қатынас әлеуметтік – психологиялық құбылыс ретінде
С++ тілінің базалық жабдықтары. Препроцессор директивалары
Манипуляторларды және РТК-ны жобалау
Робот манипуляторын жинақтау
3D Max бағдарламасының қолдануы
Саяси манипуляция
Социум және әлеуметтік қатынастарды әлеуметтік жұмыс өрісінің объектісі ретінде қарастыру
Объектіден ақпараттың техникалық арналар арқылы сыртқа кетуі және оған қарсы іс-шаралар
Қылмыстың объективтік жағының түсінігі мен маңызы
Автоматтандыруды объекттік сипаттау
Өнертабыс объектілері
Бөбектің атын кім қойдыңдар
Бөбектерге ұнайды, Қолдан - қолға көшіп жүред ұдайы
Техникалық жүйелердегі басқару объекттері
Саяси әлеуметтанудың зерттеу объектісі
Free Transform құралының көмегімен обьектті бұру