Сіз бақыттысыз ба
Сіз бақыттысыз ба?
1.Өткен өміріңізді еске түсіргенде қандай ойға келесіз?
А) бәрі болды,жақсысынан жаманы көбірек;
Ә) бәрі де болды,жаманынан жақсысы көбірек;
Б) өткен өміріме ризамын.
2. Өткен күніңізді кешке қалай қорытындылайсыз?
А) өзіңізге қанағаттанбайсыз;
Ә) бүгінгі күнді бұдан да жақсы өткізуге болар еді деп ойлайсыз;
Б) өз-өзіңізге риза сезіммен ұйықтайсыз.
3. Айнаға қарағанда не ойлайсыз?
А) құдай-ау,уақыт неткен қатыгез!;
Ә) әлі де жаман емес!;
Б) өте тамаша!.
4. Егер таныстарыңыздың бірі ірі сыйлық ұтып алса, қандай ойға келесіз?
А) маған ондай күн тумас;
Ә) неге мен ұтып алмаймын?;
Б) менің де күнім туады.
5. Ақпараттан қайғылы хабар естігенде қандай ой келеді?
А) бұл жағдай менің басыма да келуі мүмкін;
Ә) бақытыма орай, мені Құдай сақтады;
Б) осы репортерлер өмірді қиындатып жібереді.
6. Таңертең ұйқыдан тұрғанда:
А) ешнәрсе туралы ойлағыңыз келмейді;
Ә) бүгінгі күні сізді не күтіп тұрғаны жайлы ойланасыз;
Б) жаңа күнді ризашылықпен қарсы алып, жағымды жаңалықтар күтесіз.
7. Таныстарыңыз туралы төмендегідей ой келеді:
А) олар мен ойлағандай сезімтал және қайырымды адамдар емес;
Ә) әрине олардың кемшіліктері бар, бірақ түзетуге боларлық;
Б) өте жақсы адамдар.
8. Өзіңізді басқалармен салыстырғанда сізге мынадай ойлар келеді:
А) мені жете бағаламайды;
Ә) мен басқалардан кем емеспін;
Б) мен лидер бола аламын және оны басқалар да мойындайды.
9. Сіз 5-6 кг салмақ қоссаңыз:
А) есіңіз шығып, қапаланасыз;
Ә) онда тұрған ешнәрсе жоқ деп санайсыз;
Б) дереу дене шынықтырумен және тамақ ішуді шектеумен айналысасыз.
10. Егер сіз өмірден қажысаңыз:
А) тағдырыңызға налисыз;
Ә) жамандық кетеді, орнына жақсылық келеді деп ойлайсыз;
Б) көңіл көтеруге тырысасыз.
а - 0 ұпай, ә - 1 ұпай, б - 2 ұпай
Нәтиже
17-20 ұпай. Сіз адам сенбестей бақыттысыз. Өміріңізге ризасыз, күнделікті өмірдің ұсақ-түйектеріне мән бермейсіз. Өзіңіздің ақкөңілділігңізбен басқаларға ұнайсыз, дегенмен көп нәрсеге үстірт қарап жүрген жоқсыз ба? Мүмкін аздаған салмақтылық қажет болар?
13-16 ұпай. Сіз бақыттысыз, өміріңізде жаманшылықтан гөрі жақсылық көп. Сіз ақкөңілсіз, бірақ салқынқандысыз. Ақылыңыз да жеткілікті, дегенмен мінезіңізде жеңілтектік бар. Қиындықтармен бетпе бет кездескенде абыржымаңыз. Оларды байыппен бағалауға тырысыңыз. Ортаңыз сізді ұнатады.
8-12 ұпай. Бақытты, бақытсыз күндеріңіз бірдей. Егер бақытты күндеріңізді толықтырғыңыз келсе қиыншылықта достарыңызға сүйеніңіз, оларға сеніңіз және оларға да көмектесіңіз.
0-7 ұпай. Сіз өз өміріңізге риза емессіз және оны тағдырдың жіберген тәлкегі деп түсінесіз, тіпті өзіңізге аяныш сезімін туғызғыңыз келеді. Жақсылап ойланыңыз, сіздікі дұрыс па? Көңілді адамдар арасында көп
болыңыз. Өзіңізді қызықтыратын іспен айналысқаныңыз дұрыс.
Махаббатқа деген көзқарасыңыз қандай?
1. Бір жігітпен достасып қалдыңыз ( дұрысын айтқанда онымен кездесіп жүрсіз), бірақ оның досын көбірек жақсы көресіз. Осындай жағдайда қандай шара қолданасыз?
А) бірер желеу тауып досымен таныспағанша, өз досыммен кездесіп жүре беремін;
Б) ештеңені өзгертпеймін, өйткені досымды ренжітуді қаламаймын;
В) досыммен ашық сөйлесемін, өйткені өзімді де, оны да алдаудан не пайда?
2. Сізді бір жігіт сүйіп қалды дейік. Сіздің пікіріңізше бұл туралы қалай білуге болады?
А) одан сыйлықтар аламын;
Б) оның өзі жиі-жиі телефон соғып тұрады;
В) нені тілесем де, бәрін орындайды.
3. Айталық, сауық кешінде сізді бір жігіт қызықтырып қалды. Оның назарын өзіңізге аудару үшін не істеген болар едіңіз?
А) төңіректегі жігіттермен сөйлесемін, қатты күлуге тырысамын яки жігіттермен билеймін;
Б) оның қасына барып, өзім бірінші болып әңгіме бастаймын;
В) келеке етуге тырысамын.
4. Ұнатқан жігітіңіз жақындарымен бірге демалысқа жөнеп кетуін мәлімдеді. Сіздің осы хабарға қатысыңыз қалай болуы мүмкін?
А) сіз де құрбыларыңызбен тынығуды жоспарлайсыз;
Б) оған бұдан былай керек емеспін деп ойлайсыз;
В) оның айналасында қыздар көп шығар деп бүкіл демалыс күндері бойына оны қызғанасыз.
5. Досыңыз сізді кинотеатрға шақырса қандай фильмді көруді ұсынған болар едіңіз?
А) қызық оқиғалы фильмді;
Б) әуелі досымнан сұрап, оның пікірін біліп, фильмді таңдайтын едім;
В) махаббат туралы сезімтал фильмді.
6. Жақсы таныс-білістеріңіздің көзінше ұнатқан жігітіңізбен өзіңізді ұстай білесіз бе?
А) ештеңеге назар аудармай, онымен қатар отырып сөйлесе беремін;
Б) бәрімен бірге бірдей ойнап-күліп, әзілдесемін;
В) бізді бір-бірімізден ештеңе айырып жібере алмайды, алайда бұған қарамастан сұхбатқа қосылып, не ол не бұл тақырып бойынша өзіндік пікірімді айтуға болады.
7. Ол мені жақсы көреді, деп ойлаған жігітіңіз күтпеген жерден сіз бен оның арасындағы өзара қатынасты үзуді ұсынады. Осындай мезетте өзіңізді қалай ұстайсыз?
А) бөлмеге кіріп, жастықпен басымды бүркеп жылаймын;
Б) осынау жағымсыз хабарды тыныш қана қабылдаймын, ал оның жүйкесіне тию үшін бірдеңе ойлап табамын;
В) басқа жігітпен достасамын.
8. Сүйікті жігіт пен өзіңізді кімге ұқсатасыз?
А) Фархад пен Шырынға;
Б) өзіме таныс ғашықтарға;
В) Алпамыс пен Баршынға.
9. Ұнатқан жігітіңізге бір қыз телефон соғып, кездесуге шақырды. Оған не деген болар едіңіз?
А) менен айырылып қалуды ойламасаң онымен кездесуге барма;
Б) егер қаласаң кездесуге болады, бірақ мен де сенімен бірге барамын;
В) әрине бара бер.
10. Сіздің кесіріңізден сүйікті жігітіңіз ренжіп қалды. Бірнеше күн өтсе де, сіз де, ол да бірінші боп сөйлескілеріңіз келмейді. Мұндай жағдайда қандай шара қолданған болар едіңіз?
А) кешірім сұраймын да, бұдан былай ешқашан осылай істемеуге сөз беремін;
Б) өтінішімді құрбыларым арқылы айтып жіберемін;
В) ол бірінші боп сөйлейді деп үміттенемін.
Ұпайларды есептеу
Сұрақ
Жауап
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
А
0
0
0
10
0
10
0
10
10
0
Б
5
5
10
5
10
10
5
5
5
5
В
10
10
5
0
5
0
10
0
0
10
Нәтижe
0-30 ұпай. Сіздің махаббат жөнінде мағлұматыңыз әлі де жоқ. Шын махаббат ұғымы кинофильмде яки таусылмайтын сериалдарда көрген ғашықтардың сүю оқиғасынан мүлдем ерекшеленеді. Сүйікті жігітіңізді тоқтаусыз тергей бермеңіз, жігіттер бұны жаман көреді. Егер осылай бола берсе, ол сізден оңашалануға әрекет жасайды. Махаббат тек кездесуден, телефон я интернет арқылы сағаттап сөйлесуден ғана тұрмайды, бұл - өзара құрмет пен бір-біріне деген сенімде. Одан гөрі бос уақытыңызды тиімді өткізуге әрекеттеніңіз. Сонда көресіз, сіздердің қарым-қатынасыңыз тағы да нығая түседі.
35-70 ұпай. Жаман нәтиже емес. Ғашық болып қалған кезде өзіңізді көпшіліктің арасында қалай ұстауды білесіз. Жүрегіңіз сезімдерге толып-тасып тұрса да, құмарлықты тоқтатуға қол жеткізе аласыз. Сүйген адамыңызды қызғанасыз, кейде ол шын жүрекпен сүйеді әлде мүлде сүймейді деп ойлап, күдіктенесіз. Бұның еш жаман жері жоқ.
75-100 ұпай. Сіз бен жігітіңіз бір-бірлеріңізге өте лайықсыз. Екеуіңіз де ұзақты алдын ала көре біліп, ойлап істейсіз. Бір-біріңізді құрметтейсіз де қадірлейсіз. Болар-болмас әңгімелерге уақытыңызды жұмсамай, керекті жұмыстарды дер кезінде орындауға да үлгересіз. Сізге бақыт пен ақ жол болсын!
Аутогендік жаттығулардың маңызы
Қазақ тілі біліміндегі мотивация
Бақыт - игіліктердің ішіндегі ең қадірлісі, ең үлкені және ең жетілгені. .
Әлеуметтік-психологиялық идеялардың қалыптасуы
АТА-АНА мен БАЛАНЫҢ өзара қатынасы - сұрақнама
Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынастың теориялық негіздері
Аударма жасалатын тілдің дұрыстығы
Суицид
Қонақжайлылық индустриясындағы инновацияның түрлері
Көне түркі (ХIII-ХIV ғасыр) жазба ескерткіштер тіліндегі есім сөздердің жасалу жолдары
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК
ҚР «Халық Банкі» АҚ құрылымы
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Батыс Еуропа елдері экономикалық интеграциясының ерекшеліктері
Агробизнес және агроөнеркәсіп интеграциясының арасындағы байланыс
Балқаштың экологиялық ахуалы
Екінші деңгейлі банктеріндегі валюталық операциялар
Басқару процесiнiң мазмұны