Жеке - зақымдағы улы заттарды атмосфералық ауаға тастамаған апат

КІРІСПЕ
Тіршілік қауіпсіздік негіздері пәні - студенттерді адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық обьектілерінін тұракты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарын ажырата білудің аса қажеттігін көрсетеді. Оқыту мақсаты: Болашақ мамандарды теориялык білім және тәжірибелік дағдыға үйрете отырып, өмір тіршілігіне қауіпсіз және зиянсыз жағдайларын жасауды, экологиялық қауіпсіздік бойынша қазіргі заманғы талаптарға сай жаңа техника және технологиялық процестерді жобалауды, табиғи апаттардың, зілзалалардың мүмкін болатын апат салдарынан халықты және шаруашылық нысандарының өндіріс қызметшілерін, ал сондай-ақ олардың салдарын жою барысындағы қорғаныс бойынша төтенше жағдайларды болжау және сауатты шешімдер қабылдауды, еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасауды, адам мен оның өмір сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөніндегі шараларды әзірлеудің жолдарын үйретуді мақсат етеді. Оқыту міндеттері: бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістерін және зардабын жою мен құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру негізін үйрету; өмір сүру ортасындағы адам қауіпсіздігінің теориялық негіздері білімдерін қалыптастыру; тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және нормативтік техникалық негіздерін үйрету; студенттерді жарақат алу, зақымдану, қатты ауру, өте қауіпті жұқпалы аурулар олардың айыру белгілері мен медициналық көмек көрсете білуге оқыту; зақымдану ошақтарын сипаттауды үйрету; қазіргі зақымдағыш құралдар мен төтенше жағдайлардың зардабын халықты қорғайтын әдістеріне сипаттама беру. I-тарау. Қауіпсіздік түсінігі Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығы, ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін. Міне, сондықтан адамның кез-келген іс-әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтиже де әкеліп жатыр, мысалы, экологияның бұзылуы, жарақат алу, ауыру, тіпті қазаға ұшырау. Сондықтан қауіпсіздікті, нақты іс-әрекеттен болатын, адамды және өмір сүру органы кешенді қорғау шаралары деп түсінуіміз қажет. Іс-әрекеттің түрі күрделенген сайын, кешенді қорғану шаралары қажет болады. Кешенді қорғану шаралары мынаны қамтиды құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалык, техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдік шаралар. Адам іс-әрекеттің қауіпсіздігі-адамның іс-тіршілігі мен қауіп-қатер бір-бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер - әрине, адамнын іс-әрекетінің процесінде қауіп-қатер әр уакытта болғанымен, ылғи да бола бермейді. Ондай қауіп болуы үшін үш жағдай болуы керек. Қауіп нақты бар, адам қауіп-қатер аймағында, адамның қолындағы қорғану құралдары жеткіліксіз (1-сурет) Сонымен, қауіпсіздік-бұл іс-әрекет кезінде қауіптердің болмайтындығы айқын болған жағдай. Ол үшін үш негізгі міндетті атқару керек: Бірінші міндет-нақты іс-әрекеттен болатын қауіп - қатерді талдау (идентификация). Идентификация келесі ретте жүзеге асуы керек. Өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау, қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу. Содан кейін барып қауіптердің идентификациясы жүргізіледі. Екінші міндет-адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп-қатерден қорғаудың тиімді әрі сенімді шараларын әзірлеу. Үшінші міндет-осы іс-әрекеттің тәуекелінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық қауіпсіздік орнату мүмкін емес. Бұл шаралар қауіп - қатер туындағанда, адамдарды және өмір сүру ортасын қорғау қажеттілігі болғанда қолданылады (зардап шеккендерге бірінші медициналык көмек көрсету, қоғамды қылмыс топтарынан қорғау, ғимараттарды, құрылыстарды бұзу, зардап шеккендерді көлік апатынан босату, ластанған аумақты тазалау тәрізді жұмыстар). Үшінші міндетті елімізде денсаулык сақтау, Мемлекеттік санитарлық, эпидемиялық бақылау, өрттен қорғау, полиция, прокурорлық бақылау органдары және т.б. жүзеге асырады. Қауіп-қатер-ортаның қуат жағдайымен, адамдардың іс-әрекетімен тығыз байланысты құбылыс. Ол белгілі бір жағдайда қоршаған ортаға үлкен залалын тигізуі және зардабын әкелуі мүмкін. Қауіп-қатер осы оқу курсының орталык өзекті түсінігі. Қауіп-қатердің көздері деп төмендегілерді атауға болады: адамның өзі; өмір сүру ортасының элементтері: заттар, еңбектің өнімдері мен құралдары, пайдаланатын қуат, еңбектің микроклиматтық жағдайы, жан-жануар және өсімдік әлемі, адамдар ұжымы және жеке тұлға; адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым-қатынас процестері. Қауіп-қатердің өзі өте күрделі, көпжақты құбылыс болғандықтан, олардың негізгі белгілері бір-бірімен ұштасып, араласып жатады. Сондықтан оларды дұрыс жіктеу, оның алдын алуға, себебін, сипаттамасын анықтап, шара қолдануға және салдарын жоюға үлкен маңызы бар. Осы сияқты құбылыстарды жіктеумен және жүйелеумен айналысатын ғылымды таксономия деп атайды. Қазіргі уакытта толыққанды және жетілген таксономия жоқ болғанымен, төменгі 2-суретте келтірілгсн нысан көп қажетке жарары анық, Қоршаған ортаға үлкен зардабын, тигізетін құбылыс, процесс, уақиға. Шыққан тегі бойынша: техногендік әсер ету; антропогендік; тұрмыстық; спорттық; жол-көліктік. Адам – мекендеген орта жүйесіндегі қауіп қатерді топтастыру Қауіп-қатер қоршаған ортаға үлкен зардабын, зиянын тигізетін құбылыс, процесс және уақиға. Қауіп-қатердің көздеріне өмір сүру ортасының элементтерін, атап айтқанда пайдаланып отырған заттар, еңбектің өнімдері мен құралдарын, пайдаланылып отырған қуатты, еңбектің микроклиматтық жағдайын, жан-жануарлар мен өсімдік әлемін, адамдар ұжымы мен жеке тұлғаларды жатқызуға болады. Сонымен қатар, адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым қатынас процестері де жатады. Сурет 2. Қауіп-қатерді белгілері бойынша топтау Өмір сүру ортасында қауіп-қатер табиғи және антропогендік жағдайларда, сондай-ақ кездейсоқ уақиғалар мен тұрмыста және басқада жағдайларда кездеседі. Өмір сүру ортасының антропогендік қауіп – қатері Антропогендік қауіп адамдардың шаруашылық іс - әрекетінің және өзі құрған объектілерінің, жұмысының нәтижесінде пайда болады әрі адамдардың денсаулығына және өмір сүру ортасына кері әсерін тигізеді.
1.3. Атмосфералық ауаның былғану көзі және дәрежесі Атмосфералық ауа – бұл ғаламшардың (планета)өмірі, жердің азоттан, көмір қышқыл газынан, озоннан, гелиден тұратын газ қабаты. Биологиялық процесс үшін оттегінің маңызы өте зор, ал көмірқышқыл газы фотосинтез процесіне өте қажет. Адам тамақ ішпеуге бар, бірақ тыныс алмай өмір сүре алмайды, себебі адам организмінде оттегі қоры шектеулі. Ол 2 – 3 минут қана тыныс алуына жетеді, ал бес минут өткен соң, ауа келмегендіктен адам организмінде орнына келмейтін процесс басталады, ми қабаты жұмысын тоқтатады, биологиялық өлім келеді. Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен былғануы, адамдар органының ауруына, оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады. Мысалы, түрлі түсті металлургияның кәсіпорындарының ауаға жіберетін зиянды заттары жүрек – тамыр ауруларының өсуіне, жүйкенің бұзылуына, қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әкеледі. Қара метал мен электр қуаты кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары өкпе ауруларына шалдықтырады. Химия өнеркәсібінің ауаға шығаратын зиянды заттары аллергияның, без және жыныс ауруларының пайда болуына әсер етеді. Атмосферада табиғи және антропогендік көздерден қосылатын әр түрлі қосындылыр әр кездерде де болады. Ондай табиғи қосындыларға шаңдар жатады, олар, негізінен, өсімдіктер түрлерінен, вулкандардан, эрозияға ұшыраған топырақтан, ғарыш шаңдарынан тұрады және өрт түтіндері, газдар да жатады. Атмосфераның ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына өнеркәсіп орындарының кейбір салалары, автокөлік, және жылу энергетикасы жатады. Қазақстанда тұрақты өнеркәсіп орындарының көздерінен атмосфераға жыл сайын (1995 ж – 3,1млн. г,1997 ж – 2,37; 1998 ж – 2,33) зиянды заттар шығады атмосфераға кететін зиянды қосындылардың жартысына жуығын энергетика, ал түсті металдар – 22,7%, қара металдар – 15,7% береді. Атмосфераға зиянды заттарды шығаруда автокөліктер үлкен орын алады. Қазақстанның үлкен қалаларында автокөліктердің зиянды заттарды шығарудағы үлесі 60 – 80 пайыз құрайды. Ал Алматы қаласында - 90 пайыз. Ең көп тарайтын улы заттар – углеродтың оксиді (СО), күкірттің диоксиді (SO2) азоттың оксиды (МОх) көмірсутегі (Cn Hm) және қатаң заттар (шаң). Атмосфераға одан да гөрі улы заттар шығады, мысалы, фтордың қосындысы, хлор, қорғасын, сынап және бензапирен. Осы күндері атмосфераға 500-ден астам улы заттар шығады екен, оның саны күннен күнге ұлғаюда. Қазақстан Республикасының қалаларындағы ауа бассейнін бақылау қалаларда ластану деңгейінің өте жоғары екенін көрсетіп отыр. Орташа алғанда қалалардағы шаңның, аммиактың, фенолдың, фторлық сутегінің, формальдегидтің, қорғасынның, азот диоксидінің және күкірттің жиынтығы шекті нормадан әлде қайда артық болып тұр. Мысалы, Шымкент және Лениногорск қалаларында күкірт жиынтығы шекті нормадан 100 есе артып кеткен. Атмосферадағы қоспалардың және олардың қозғалысы екінші дейгейдегі өте улы қосылыстардың пайда болуына әкеліп соғады (қара түтін(смог), қышқыл (кислота) және олар азон қабатын бірден – бір қосындылар. Смог – үлкен қалаларда, өнеркәсіп орталықтарында байқалатын ауаның өте қатты ластануы. Оның екі тұрпаты байқалады: түтіннен немесе өндірістік газдың қалдықтарынан құралған қалың тұман; фотохимиялық смог - өткір газ бен аэрозольдің қою тұмансыз жиынтығы, ол күннің ультрокүлгін сәулесінің әсерінен фотохимиялық реакцияға түсіп құралды әрі өте улы келеді. Фотохимиялық смог 1940-шы жылдарда Лос – Анджелес қаласында байқалған, қазірде ғаламшарымыздың барлық дерлік бұрыш – бұрыштарында көрінеді. Смог көз көрерлікті төмендетеді, металдың тотығуын күшейтеді, денсаулыққа кері әсер етеді әрі тұрғындардың өлімін көбейтіп, аурушаң етеді. Қышқыл жаңбыры – соңғы 100 жылдан бері белгілі, бірақ оған кейінгі жылдарда ғана көңіл аудара бастады. “Қышқыл жаңбыры” деген атты бірінші рет 1972 жылы ағылшын ғалымы Роберт Ангус Смит қолданды. Негізінде, қышқыл жаңбыр күкірттің және азоттың атмосферадағы химиялық және физикалық реакцияларының әсерінен туындайтын құбылыс. Нәтижесінде күкірт (H2SO4) және азот (HNO3) қышқылдары түзіледі. Соңынан соң бу немесе қышқылдың молекуласы бұлттың тамшыларына араласып, құрғақ немесе жаңбыр түрінде жерге түседі. Бірақ адамның өмір тіршілігі, іс - әрекеті атмосфераға күкірт пен азоттың қосындысының көптеп шығуына ықпалын тигізуде. Қышқыл жаңбырының табиғатта, адамның араласуынсыз-ақ, бұрын да болғандығы белгілі, ондайда күкірт пен азот өрттің, вулканның т.с. табиғи құбылыстардың әрекетінен атмосфераға көтеріліп отырған. Қышқыл жаңбыр табиғатта тек қана тік жоғары тарамайды, жерді көлбеп көкжиекке созылады. Бұндай бұлттар бір елдің аумағынан шығып, екінші бір мемлекет жеріне барып түсуі мүмкін. Сондықтан бұл бүгінде халықаралық мәселеге айналып отыр. Мысалы: Қазақстан үшін өз жерін ластану пайызы өз күкіртінің құрылымынан – 46 пайыз, азот құрылымы бойынша – 22 пайыз құрайды. Қалған пайызы өзге мемлекет аумағынан келеді.Азот пен күкірт атмосфераға шыққан соң бірден реакцияға түсіп, қосынды құрамайды, арада 2,8 ... .10 тәулік өтуі мүмкін. Осы екі арада ауадағы ластаушы заттар мыңдаған шақырымдарға кетеді. Қышқыл жаңбыр, адам денсаулығына, қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді. Мысалы: Ауадағы ластар және қышқыл жаңбырлар металконструкциясының тот басуын жылдамдатады, ғимараттардың, ескерткіштердің бұзылуына әкеліп соғады, топырақ пен судың қышқылдығын (РН) өзгертіп, топырақтың құрылымын бұзады, оның өнім беру қасиетін төмендетеді, өсімдіктердің жойылуына ықпал етеді. Тұщы судың ашық қоймаларының сапасын төмендетеді, тірі организмдердің құруына әкеледі. Парниктік эффект. Атмосфераның құрамы мен жағдайы ғарышпен жер арасындағы сәуле, жылу алмасу процесіне әсер етеді. Күннен жерге немесе жерден ғарышқа қуат берілу процесі биосферадағы температураны белгілі бір деңгейде сақтайды, орташа алғанда +15°. Бұнда биосферадағы температура жағдайын сақтап тұруда Жерге жылу қуатын алып келетін күн радиакциясының рөлі жоғары. Осы процесс бірі-бірімен тығыз байланыста болады. Сондықтан Жердегі жылу балансының өзгеруі биосфераның орта температурасының ұлғаюына әкелуі мүмкін. Бұл жағдай антропогендік қосындылардың атмосферада соңғы жылдары көбеюіне байланысты болып отыр. Атмосферадағы газдар мен басқа қосындылардың көбеюінен, Жерден ғарышқа көтерілетін жылудың көлемі азаяды да, Жер бетінде қалып қояды. Ал бұл жағдай климаттың жылынуына әкеліп соғады. Бұл процесте көмірқышқыл газының рөлі өте зор. О бастан көмірқышқыл газының жердегі климат пен температураны қолдап тұратын концентрациясы 0,003 пайыздан аспаған ал кейінгі жылдары бұл газдың көлемі әр он жыл сайын 2 жылға ұлғайып отыр. Бұл жылдамдық соңғы жылдары тездетіп барады. Жер тұрғындары жылдан-жылға ормандардың көлемін азайтуда және отын жағуда. Климаттың әр түрлі моделін жасап, зерттеу 2050 жылы жерде орташа температура 4,5°С дейін көтерілуі мүмкін. Жер шарының мұндай жылынуы мәңгілік мұздардың еруіне әкелетін болса, Әлемдік мұхиттың деңгейі 0,5-1,5м көтеріледі. Климаттың одан ары жылынуы 2100ж Әлемдік мұхиттың деңгейін 2метрге дейін көтереді. Ал бұл 5млн шаршы километр құрлықты су басып кетуіне әкелуі мүмкін. Ал бұл – барлық құрлықтың 3 пайызындай көлемі, жер шарындағы қолданбалы жердің 30 пайызындай көлемі. Парниктік эффектің Жер тұрғындарына алып келер зардабы ұшан теңіз. Сондықтан осы күрделі мәселелер жөнінде адамзат алдын ала тиімді шаралар қабылдамаса, жердегі өмір – тіршілікке үлкен қатер туындауы мүмкін. Озон қабатының бұзылуы. Атмосфераның техногендік ластанудың кері әсері тек жер маңындағы аймақпен ғана шектеліп қоймайды. Лас қосындылардың белгілі бір бөлігі озондық қабатқа жетіп, оны бұзады. Озондық қабаттың бұзылуы жерге ұзындығы 0,29км ультра күлгін сәуленің енуіне мүмкіндік туғызады. Бұл қысқа толқынды ультракүлгін сәулелену биосфера үшін өте қауіпті: өсімдіктер әлемі құриды, анкологиялық және көз аурулары көбейеді. Озондық қабаттарды талқандайтын негізгі заттар- хлор мен азот қосындылары. Хлордың бір молекуласы 10 озонның молекулаларын, ал азот оксидінің 1 молекуласы оның 10 молекулаларын талқандайды. Хлор мен азот қосындыларының озондық қабатқа көтерілінуінің негізгі күрделі болып төмендегі факторлар саналады: ұшақтардың шығаратын газдары; змырандардың шығаратын газдары; вулкан газдары; фреонды пайдаланатын технологиялар; атом жарылыстары. Мысалы: “Шаттл” ракетасының бір ұшуы озонның 0,3 пайызының бұзылуына әкеліп соғады. Озон қабатының осы тесігінің қайта жабылуы ұзақ уақытты қажет ететіндігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Озон қабатының бұзылуына өмірінің ұзындығы 100 жылдарға созылаты фреон үлкен әсер етеді. Фреонның шығатын негізгі көздері: тығыздалуы бұзылған мұздатқыштар, фреон қолданылатын технологиялар, тұрмыста қолданылатын аэрозоль құтылары және т.с.с. Өмір сүру ортасындағы адам организміне кері әсер ететін факторлар Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы. Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде – 5500, дәрі –дәрмек – 4000, тұрмыс химиясында – 1500 пайдаланылады. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 100-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр. Улы химиялық заттар, өзінің пайдалануына байланысты төмендегідей болып жіктеледі: өнеркәсіп улы - өндірісте қолданылатын заттар; улы химикаттар – ауыл шаруашылығында қолданылатын заттар; дәрі-дәрмектер; тұрмыс химикаты; өсімдіктер және жануарларда, саңырауқұлақтарда, құрт-құмырсқаларда болатын заттар; әскери улаушы заттектер. Адам организміне әсер ету сипаты бойынша улы заттар төмендегідей болып бөлінеді: жалпылама улылар – организмді жалпы улайтын, жеке органдарды ауру етіп, істен шығаратын улы заттар; қоздырғыштар – тыныс жолдарының шырышты (слизистый) қабатын, көзді, өкпені, теріні ауру ететін заттар; аллергия тудыратын заттар; мутагендер – генетикалық кодты бұзатын заттар; канцерогендер – қауіпті ісіктер тудыратын заттар; бала жасау қызметін жоятындар – қорғасын, сынап, стирол, радиоактивті басқа да заттар. Зиянды заттардың әсер етуі және организмге енудің жолдары.Зиянды заттар адам органтзміне тыныс алу жолдары, тері және ас қорыту жолдары арқылы енеді. Көп жағдайда(80-90 пайыз)кәсіпке байланысты ауруларжәне уланулар организмге улы газдардың, булардың, тұмандардың енуіне байланысты болады. Бұл жолмен ауруға шалдығу өте ауыр болуы мүмкін, себебі улы зат бірден қанмен араласып бүкіл денеге тарап кетеді. Улы заттар ішкен тағаммен, сумен, темекімен, қолдың кірімен асқорту жолдары арқылы организмге енеді. Улы заттар ауыз қуысында – ақ сіңіп, қанға өтіп кетуі мүмкін. Ондай заттарға фенол, циянит сияқты улар жатады. Асқазанның қышқылды ортасы улы қосындымен бірігіп, заттың улылығын одан ары арттырып түсуі мүмкін. Улы заттар адам организіміне тері арқылы енеді. Улы булар, сұйық заттар теріге еніп, сол арқылы қанға кетеді. Бұндай заттарға суда, майда жеңіл еритін көмірсутегі, ароматты аминдер, бензол, анелиндер және т.б. жатады. Егер теріде жара немесе сызат болса, организмге енуі жеңілдейді. Бірінші кезеңде улы заттардың бөлінуі қан айналымының қарқындылығына байлынысты болады. Улы заттардың жиналатын үш басты орны бар: клетканың сыртындағы сұйық, клетканың ішіндегі сұйық және майлы (ткань). Улы заттың тарауы үш негізгі физикалық – химиялық қасиетке байланысты болады: суда ерігіштігі, майда ерігіштігі, реакцияға енгіштігі. Кейбір металдар (күміс, мырыш, хром, ванвдий, кадмий және басқалары) қаннан тез шығады, бірақ бауыр мен өкпеде жиналып қалады. Барий, бериллия, қорғасын қосындылары кальцимен, фосформен бірігіп өте мықты қосынды жасай алады және сүйекте жиналады. Улы заттардың әсерінің салдары. Улы, зиянды заттармен жақындасқанда адам организмі тіннің жергілікті зақымдануына және жалпы улануға әкеледі. Жалпы уланудың қанға енуінің нәтижесінде дами бастайды.Удың жергілікті әсері онымен жақындасқан жерінде зақымдану болуы мүмкін: терінің қызарып, қабынуы, күюі. Улану екі түрде жүреді: өткір және созылмалы. Уланудың өткір түрі – бұлай улану апат болғанда, қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғанда болады әрі у тез арада әсер етеді және көп мөлшерде организмге енеді, өткір уланудың екі фазасы болады: біріншісі - өзіне тән емес көрінуі (бас ауыруы, әлсіреу, жүрегі айну және т.с.с.) Уланудың созылмалы түрі – уланудың бұл түрі жайлап, аз мөлшерде білінбей жүріп жатуы мүмкін. Ондай улану удың органызмде жиналуының әсерінен болады. Мысалы, бензонмен өткір улану болғанда негізінен жүйке жүйесі зақымданады, ал осы затпен созылмалы түрде уланса,онда қан жасау жүйесі зақымданады. Адам организмінің улы заттарға қарсы күресінің жолдары Зиянды заттар организмге түскен соң, әр түрлі химиялық өзгеріске ұшырайды: биотрансформация немесе метоболизм. Улы зат клеткалы мембранамен, ақуыз құрылымымен және клетканың басқа да құрылымдарымен тінаралық ортамен қарым – қатынасқа түсіп өзгереді – бұл удың әр жолмен өз күшін жоғалтуы. Бірінші жол – удың химиялық құрылымының өзгеруі. Екінші жол – улы заты уақытша бір органдарға бөліп қоюы (депонирование). Бұл жол – уақытша қанда айналып жүрген удың көлемін азайтады. Мысалы, ауыр металлдар (қорғасын, кадмии) сүйекте, бауырда, бүйректе, кейбір улы заттар жүйке жүйесінде жиналады. Бұл процесс өте күрделі және уды жоюдың негізгі тиімді жолы болып саналмайды. Себебі у қан айналымына кез келген уақытта қайта түсуі мүмкін. Үшінші жол – организмнен шығуы – бұл әр түрлі жолмен болады: тыныс алу жолдары арқылы, асқорту, бүйрек, тері, темір. Мысалы, ауыр металдар ішек – қарын жолымен организмнен шығады. Терлегенде термен де шығуы мүмкін. II-тарау. Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйелері
2.1. Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен ролі Қарулы күштерді әлсірету үшін әр соғысушы жақ екінші жақтың ту сыртына соққы беру мақсат етеді. Мұндай соққы беру мүмкіндігі 1914-1918 жылдары ұшақтардың пайда болуына байланысты, әуеден бақылау мүмкіндігі туды. Сөйтіп қалаларға, қорғаныс шебінен тыс тылдарға әуеден соққы беріле бастады. Ал мұның өзі осы қалалардың ауадан шабуылына қарсы тұра алатындай дәрежеде болуын талап етті. Бұл жағдай әуе шабуылына қарсы қарсы тұратын әскери күштермен қатар, қираған өндіріс орындарын, тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіруге халықтың өзін көтеру қажеттілігі туындады. Сөйтіп әуе шабуылынан қорғау үшін 1920 жылы жергілікті әуе шабуылынан қорғану жүйесі құрылды. Кеңес одағында ХӘҚЖ 1961 жылы Азаматтық қорғаныс (АҚ) – деп аталына бастады. Кеңес өкіметі 1925-1932 жылдары осы Азаматтық қорғаныс жүйесін одан әрі нығайту мақсатында бірнеше қаулылар қабылдады. Осы ХӘҚЖ – не төмендегідей міндеттер жүктелді: әуе шабуылы туралы халыққа ескерту және қауіптің өткендігін хабарлау; әуе шабуылының зардаптарын жою; бомбадан не газдан, улағыш заттардан (УЗ) паналау орындарын дайындау; зардап шеккен жан-жануарларға көмек көрсету; қауіп төнген аудандарға қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын жүргізу; ХӘҚЖ үшін арнайы мамандар дайындау жұмысын жүргізу. Арнайы курстарда, қоғамдық қорғану ұйымдарында оқытуды ұйымдастыру. Ұлы Отан соғысы жылдарында бұл істерге жоғары маңыз беріліп, бұл күштер халықты қорғауда, шабуыл зардаптарын жоюда үлкен жұмыстар атқарды. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін де бұл қызмет одан ары қарай жалғастырып жетілдіре берілді. Бұл күндері оларға жаңа міндеттер жүктелінген, құрылымы өзгерген. Халықты әуе шабуылынан, атом бомбасының қолдануынан, химиялық, бактериологиялық қарулардан қорғануға дайындау жұмыстары жүктелді. Бұл жұмысты басқаруды ұйымдастыру министрліктерге, облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктерге жүктелген.

2.2. Азаматтық қорғаныс жүйесінің мақсаттары Азаматтық қорғаныстың мақсаттары: әр қоғамдағы ең басты және бағалысы – адам. Сондықтан барлық қорғану шараларында адамдардың кауіпсіздігін ескерту – негізгі мақсат. Адамды қорғай білу – мемлекет үшін маңызды. Сондықтан халықты қорғау адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы. халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген. Азаматтық қорғаныс міндеттері: халықты жаппай қыру құралдарының(ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу; төтенше жағдайда өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету; зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу; апат болған, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу; зардап шеккен адамдарды іздестіру, құтқару, оларға қажетті көмек көрсету; төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олардың өршуіне жол бермеу; өндірістік орындардағы апаттық көрші тұрғын объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына келтіпу; адамдарды және техникаларды басқа да объектілерді улы, бактериялық, химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткізу; территорияны, техниканы, киімді, тамақты, улы радиактивті заттардан, бактериялардан қорғау.
2.3. Азаматтық қорғаныс жүйесінің басқару ұйымдары мен құрылымы Азаматтық қорғаныстың басқару ұйымдары: республикадағы азаматтық қорғаныс штабы; облыстық, қалалық, аудандық штабтар; министрлік бойынша жергілікті жердегі мекемелерде; АҚ штабтары немесе қызметкерлері; азаматтық қорғаныс ұйымының кезекшілік қызметкерлері мен байланыс органдары. Азаматтық қорғаныстың күштеріне жататындар: азаматтық қорғаныс әскерлері; ауқымдық не министрліктерге бағынатын жасақшылар; арнайы жасақшылар. Басқару органдары: Қазақ Республикасының Прьемер-министрі; республикалық азаматтық қорғаныс штабы; төтенше жағдай жөніндегі комиссия; облыс әкімі; қала әкімі; аудан әкімі; әр мекемедегі бірінші басшы (3-сурет). Мекеменің басшысы осы мекеменің төтенше жағдай кезінде дайындығы үшін, құтқару жұмыстарының ұйымдастырылу жұмыстарына жауап береді. ТЖ-дың зардабын жоюға жауапты адам. Азаматтық қорғаныс жүйесі территориялық және өндірістік негіздері бойынша құрылады. Территориялық – дегеніміз әр облыс, қала , аудан территориясында құрылады. Өндірістік – дегеніміз жұмыс саласындағы әр министрлік бойынша жергілікті жерде солардың басшылығымен жұмыс жасайтын азаматтық қорғаныстың орындары болады.
2.4. Ядролық қарудың жарылыс ошағы Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылысының қуаты тротилдік эквивалентпен өлшенеді. Ядролық жарылыс ауада, жер (су) беттерінде және жер (су) астарында болуы мүмкін. Оның талқандау факторына соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластау және электрлік магниттік импульс жатады. Сурет-3 Азаматтық қорғаныс штабының құрылымы Соққы толқын ауаның бірден қысылысынан пайда болады. Және дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынның пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайда болуы. Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқыннан тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға т.с.с. таса жерлерге жасырынып сақтанады. Жарықтық сәуле бөлу ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның құрамында ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер бар. Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа ғана созылады. Бұл сәулелердің ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулесі. Жарықты сәулелену – бұл жарылыс кезінде болатын сәулелердің қуаты. Бұның қызуы миллион градусқа (жарылыс барысында бірнеше мыңға) дейін болады (жарылыстың аяғында). Жарықты сәулелену өте қысқа мерзімде әсер етеді және тарауы да лезде болады. Ол күннен алдеқайда анық, өткір, ашық сондықтан алыстан көрінеді. Сәуленің мөлшері - калориямен өлшенеді. Жарықты сәулелену – адам денесін, жан-жануарды күйдіреді, соқыр қылады. Күйдіру сатысы бірнеше дәрежеде болады: 1 – ші дәрежелі – 4 калсм; 2 – ші дәрежелі – 4-7,5 калсм; 3 – ші дәрежелі – 7,5 - 12 калсм (тері сыдырылады); 4 – ші дәрежелі – 12 –ден жоғары калсм (терінің күйігі тереңдеп, жапырықтанып, бөлшектеніп түседі); Жарықты сәуле бөлу үлкен өрттердің пайда болуына әсер етеді, адамдар күйеді, көзді жандырып жібереді. Өткір радиация – гамма сәулесінің және нейтрондардың ағымы. Ядролық жарылыстың нәтижесінде, оның айналасына жоғары көтеріліп бұлт құраған радиоактивті заттар жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті заттармен ласатайды. Радиоактивті заттар адамдарға екі жолмен әсер етеді: гамма сәуленің бетта-бөлшектермен бөлініп адамның ашық жеріне, терісіне қонады., екіншіден, олар адамның ішіне кетеді. Осыдан адамдар сәуле ауруына шалдығады. Егер теріге радиоактивті заттар көп қонса, адамдар радиоактивті күйік алуы мүмкін. Ішке түскен радиоактивті заттар қан арқылы адам бойына толық тарайды. Радиоактивті заттардан панаханалар ғана сақтайды. Электрлік магниттік импульс жарылыстан кенін электрлік және магниттік алаңның пайда болуына әсер етеді. Бұндай алаңның көлемі бірнеше мыңдаған шаршы километр аумақ болуы мүмкін, ол жарылыстың қуатына тікелей байланысты. Электрлік магниттік импульс үлкен антеналы өте сезімтал электрондық элементтерді күйдіріп жібереді, приборларды, конденсаторларды, ваакумды қондырғыларды және т.с.с. электрондық қондырғыларды істен шығарады. Радиацияға қарсы қорғаныс. Медициналық көмек көрсету. Алдымен халықты радиациялық қауіп жөнінде құлақтандыру керек; ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану туралы хабардар ету керек, радиактивті заттармен ластанған аймақтың тұрғындарын өздерін қалай ұстау керектігін мүмкіншілігінше түсіндіру қажет, радиацияның деңгейін анықтаудың маңызы зор, дозиметрлік бақылауды тұрақты жүргізу керек, су мен тамақты радиоактивті ластануға зерттеу жасау керек.
2.5. Химиялық қарудың жарылу ошағы Химиялық қару дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улану заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т.с.с. құралдар пайдаланады. Улану заттары адамдарды, мал-жануарларды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды. Улану заттарының жіктелуі келесі белгілермен анықталады: зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6 топқа бөлуге болады: нервті-салдық әсері (зарин, зоман, V типті заттар); тері жарасы әсері (иприт, люизит), жалпы улану әсері (синильдік қышқыл, хлорциан), тұншықтыру әсері (фосген, фифосген), псикаға әсері (ВZ), тітіркендіру әсері (СS – адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен және т.б.); улану заттарының сақталу қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа бөледі: сақталмайтындар (синильдік қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген), ұзақ сақталатындар (иприт, зоман, V типті заттар), бұлар ұзақ уақытқа (тіпті айлар бойы) дейін улау қасиетін жоғалтпайды; соңғы зақымдау нәтижесі бойынша: өлімге алып келеді (иприт, зоман, U типті заттар, синильдік қышқыл және басқалары) және адамдарды уақытша есінен айырады; әсер ету уақыты бойынша: тез әсер ететіндер (удың әсері тез арада білінеді (V), жәй әсер ететіндер (әсері бірнеше сағат өткен соң біліне бастауы мүмкін), мысалы, азотты және күкіртті иприттер, фосген, дифосген; қолданылуы ықтимал заттары (V) және фосфорорганикалық заттар.
2.6. Бактериологиялық қарудың жарылыс ошағы Бактериологиялық (биологиялық) қару деп терлеткі (потогенные) микроорганизмдерді, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдарының жиынтығын айтады. Бұл қарудің қауіптілігі – приборлардың жиынтығынан іздеп табудың қиындығы. Ал олардың әсерін анықтау үшін, сол қару қолданылған жерден, судан, ауадан заттар алынып, арнайы жабдықталған зертханада талдау жасап қана анықтауға болады. Оған көп уақыт кетеді, ол жаппай улану басталғанда әрбір минут, секунд қымбат.
2.7. Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар Олар аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі. Оның исі болмайды. Суықта қатпайды. Суда баяу ериді, ал органикалық еріткіштер мен майларда жақсы ериді. Ашық жатқан су көздерін, өте ұзақ уақыт бойы – 6 айға дейін зақымдаушы күшін жоймайды. Адамның терісіне, тыныс жолдары, киіміне сіңу арқылы уландырады. Жазды күндері бір жерде -12 тәулік бойы, ал қысты күні 2-3 айға дейін сақталып улайды. Зарин – бұл түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат. Оны кез келген мөлшерде суға немесе органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Судың әсеріне тұрақты қарсылық көрсететіндіктен тұйық су көздерін ұзақ уақыт бойы уландырады. Адамның терісіне, киіміне тез сіңеді. Оның буы 20 км-ге дейін тарайды. Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 тәулікке дейін сақталады. Бұл да теріге өтіп және тыныс алу орындарын улайды. Организмге сіңгеннен кейін орталық нерв жүйесіне зардабын тигізеді. Иприт – теріні күйдіріп,іріңдетіп улағыш заттарға жатады. Ол сарымсақтың исі бар сарғыш немес қара қошқыл түсті сұйық. Органикалық ерігіштерде жақсы ериді. Ол адам терісіне сіңу арқылы улайды. Бұл жағдайда адам терісі 2-3 сағатта қызарады да, жараға айналып 20-30 тәулік бойы жазылмайтын жара пайда болады. Адам тыныс жүйесі арқылы уланғанда бірнеше сағаттың ішінде-ақ ауыра бастайды да, тез арада өкпесі қабынып, ісініп, тынысы тарылып, тұншығып өледі. Синильдік қышқыл. Бұл тез буланып кететін түссіз зат. Ашық жерде тез арада бұға айналып ұшып кетеді. Қату температурасы – 140С, адам синиль қышқылы тараған ауаны жұтқаннан уланады. Фозген – бұл тұншықтырғыш улы заттарға жатады. Ол түссіз газ түрінде болады және ауадан 3,5 есе ауыр. Шіріген көптің исі бар. Адамды буланған күйінде тыныс алу органдары арқылы уландырады. Тегіс жерде 30-50 мин, ал ойлы жерлерде 3 сағатқа дейін өзінің уландыру күшін сақтайды. Әсері күшті улы заттар (ӘКУЗ) ӘКУЗ – шаруашылық мақсатта қолданатын зат, олардың қалай болса солай сақтаулы немесе төгілуі адамдарды жаппай улануына алып келеді. ӘКУЗ – жабық ыдыста қысыммен сақталады. ӘКУЗ қайнауға бейім, олардың қайнау температурасы +200С, ал атмосфераға газ немесе бу ретінде бөлінеді, олар үлкен қашықтыққа тарайды. Химиялық зақымдау ошағының көлемі, оның адам терісіне тамшы сұйық түсуі және бумен дем алу нәтижесінде болуы мүмкін. ӘКУЗ төгілген кезде көрсетілген немесе істелінетін іс-әрекеттер: хлор – төгілген кезде (ол ауадан ауыр) ең биік орындарға көтерілу керек; аммиак төгілген кезде (ол ауадан жеңіл) тез буланып жоғары көтеріледі, яғни төмен жерлерді таңдау қажет. Аммиактан, метилхлоридтен, винилхлоридтен және басқа улы заттардан тыныс органдарын қорғау үшін 30-100 минут бойы қорғайтын противогаз кию керек. Аммиак суға жақсы жайылады. Осыған орай суланған мақта-дәке таңғышы көмектеседі. Тыныс органдарын хлордан қорғау үшін өзінің немес балаңыздың дәретімен шайылған мата таңғышпен пайдаланамыз. Бұл уланғыш заттардың бәрінен тиімді жеке және ұжымдық қорғау құралдары қорғайды.
2.9. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ кәзіргі замандағы қырып-жою құралдарының зақымданғыш факторларының қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі- адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады. Панаханалар толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткір радиациядан және радиоактивті зақымданудан, ядролық жарылыстың зақымданғыш факторларынан, сондай-ақ уланғыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі апаттардан қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуы тиіс.
2.10. Халықты қорғаудың негізгі әдістері мен жолдары Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептеп салынған баспана немесе панахана (убежище) ғана сақтай алады. Жарықтық сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай алады: ағаштың көлеңкесі, үйдің тасасы.Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз кезінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал. Өткір радиация - әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғырлым ол әлсірей береді. Мысалы, ашық траншея – 3 есе азайтады; жабық траншея – 7-10 есе азайтады; бір қабатты ағаш үй – 10-15 есе; Жер астындағы үй – 7-15 есе (земляка), арнай дайындалған жер асты үйі – 400 есе; Көп қабатты үй подвалы – 100-400 есе; арнай салынхан баспахана – 1000 есе; темір бетоннан салынған баспана, шахта, тау қуысы – түгел қорғайды еш зиянсыз. Радиоактивті ластану – жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп жетмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ластайды. Ол 3 зонадан тұрады: қауіпті зона; күшті ластанған зонасы; аздау ластанған зонасы. Ластау мөлшеріне байланысты: жарылыс түрінен (бомбаның); оның күшінен (неше мегатонна); жарылыс болғаннан кейінгі өткен уақыттан; эпицентрден қашықтығынан; жер бетінің рельефінен (таулы, жазық дала т.с.) убежище), радиацияға қарсы панаханалар (РҚП) және қарапайым панаханалар жатады. Арнайы қорғану құрылымы бұл соғыс және бейбіт уақыттағы ядролық және химиялық қауіп қатерде пайдаланатын герметикалық қорғау құрылымы. Арнайы қорғану құрылымында паналайтын адамдар тері мен тыныс жолдарын қорғайтын құралдарды пайдаланбайды. Радиацияға қарсы панахана бұл адамдарды жедел сәуле мен радиоактивті заттар және биологиялық аэрозольдерден қорғайтын құрылым. Қарапайым панахана бұл жер қабатындағы саңлау, арық, траншея, арнайы қазылған үңгір (землянка). Бұларды жасауға көп уақыт кетпейді және оларда адамдар тиімді қорғана алады. Қорғаныс құрылымдары қызметіне, орналасу уақытына, қорғану қасиетіне және сиымдылығына байланысты топталады (Сурет 4 ). Қызметіне байланысты қорғаныс құрылымы жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы қызметтегі қорғаныс құрылымы қаладағы халықты қорғау үшін, ал арнайы қызметтегі құрылымы басқару органдары қызметіндегі қызметкерлер, байланыс және хабарлау жүйелері және емдеу мекемелерінің қызметкерлерін олардың құралдарымен қоса қорғау үшін пайдаланады. Себебі бұл органдар тоқтаусыз жұмыс жасау керек. 4-Сурет. Көпшілікті қорғау құралдарының топталуы Көпшілікті қорғау құралдарына арнайы қорғану құрылымы орналасуы бойынша қосылып салынған және жеке тұрғызылған қорғану құрылымы болып бөлінеді. Қосылып салынған құрылымға ғимараттың подвалын жатқызуға болады. Бұл қорғаныс құрылымдардың ішінде кең тарағаны. Қорғану құрылымының жеке тұрғызылған түрі ғимараттан бөлек орналасады. Тұрғызылу уақтысы бойынша алдын ала тұрғызылған және тез арада тұрғызылған болып келеді. Алдын ала тұрғызылған қорғаныс құрылымы жанбайтын құрылыс материалдарын пайдаланып салынған салынған тұрғылықты құрылым. Ал тез арда тұрғызылатын қорғаныс құрылымы қолдағы бар материалдармен төтенше жағдай туындағанда ғана тұрғызылатын құрылым. Қорғаныс қасиеті бойынша қорғану құрылымы (убежище) бірнеше топқа бөлінеді. Атап айтқанда қорғану мүмкіншіліктеріне, оның қабырғаларының конструкциясына және оның соққылы толқынының қысымының белгілі бір шамасына шыдамдылығына байланысты болуы. Сиымдылығына байланысты олар кіші сиымды (600 адамға дейін), орта сиымды (600-2000 адамға дейін) және үлкен сиымды (2000 адамнан артық) болып бөлінеді. Жеке қорғаныс құралдары теріні және тыныс алу органдарын радиоактивті, улы заттар және биологиялық құралдардан қорғау үшін пайдаланады. Осыған орай жеке қорғаныс құралдары қызметіне байланысты тыныс органдарын және теріні қорғау, сонымен қатар медициналық қорғау құралдарына бөлінеді. Тыныс органдарын қорғау құралдарына противогаздар, респираторлар және қарапайым қорғау құралдары жатады. Противогаздар изоляциялық және фильтрлік болып бөлініп, азаматтық, жалпы әскерлік және балаларға арналған түрлерден тұрады. Изоляциялық противогаздар адамдарды ауа құрамындағы зиянды заттардан қорғаса, ал филтрлік противогаздар ауадағы әр түрлі зиянды қоспалардан фильтр арқылы тазалап қорғайды. Фильтрлік противогаздардың ГП-5, ГП-7(азаматтық), РШ-4, ПМГ-2 (жалпвәскерлік), ДП-6, ДП-6М, ПДФ-Ш (балаларға арналған) және т.б. маркалары пайдалануда. Изоляциялық противогаздардың ИП-4, ИП-5, КИП-5, КИП-7 және т.б. маркалары бар. Респераторлар тыныс алу логагын радиоактивті шаңдардан қорғайды. Мата және маталы-дәке таңбалар да тыныс алу жүйесін радиоактивті шаңдардан, бактериялық заттардан қорғайды (5-сурет). 5-сурет. Жеке қорғаныс құралдарының топталуы Теріні қорғайтын құралдар Теріні қорғайтын құралдар қорғау және қорғауға икемднлген күнделікті пайдаланатын киімдерден тұрады. Қорғау киімдері изоляциялық (жалпы әскелік қорғаныс комплекті, жеңіл бөлуші костюм Л-1 және т.б.) және фильтрлік (қорғаныс фильтрлі киім ЗФО-52 және т.б.) болып бөлінеді. Егер қарапайым киімдерге сабындымайлы эмульсияны сіңірсе, оны қорғаныс құралдары ретінде пайдалануға болады.
2.12. Медициналық қорғаныс құралдары Медициналық қорғаныс құрардары радиоқорғаныс құралдарынан, антидоттардан, бактерияға қарсы құралдардан және жартылай санитарлық тазалау құралдарынан тұрады. Радиоқорғаныс құралдары бұл адам организмін радиоактивті заттарға қарсы төтеп беру мүмкіншіліктерін арттыратын препараттар. Антидоттар деп улы заттарды адам организмінен жоюға арналған препараттарлы айтады. Антибактериялдық құралдарды биологиялық қауіпте пайдаланады. Жартылай санитарлық тазалау құралдарына ИПП-8 пакеті, АИ-2 жеке аптечкалары жатады.
2.13. Жеке аптечка Жарақат және күйік кезінде, улы заттарды, бактериялық заттарды жеке ионды сәулені әлсірету және алдын алу үшін, өзара және өзіне көмек көрсету, антидот препараттары және радиопротекторлар бар. Жеке аптечка бірнеше ұялардан тұрады: 1–ші ұяда – ауруды басатын заты бар шприц-тюбик орналасқан. Ол қатты жарақат алғанда, сүйек сынғанда және күйгенде колданады. Оны пайдаланғанда сол колымен бұдыр дөңгелегінен ұстайды да тюбиктің денесінен оң қолысен ұстап сағат тіліне қарай айналдырады. Сосын инені жауып тұрған қалпағын алып, шприц-тюбикті жоғары қаратып, ине ұшына тамшы пайда болғанша ауаны шығарады. Сосын инеге қол тигізбей, санның жоғары жағынан егеді. Жедел жағдайда киімнің сыртынан да егуге болады. 2-ші ұяда - фосфорорганикалық улы заттармен улануды әлсірететін және алдын алатын зат – торен (6 дана) таблеткасы дөңгелек қызыл түсті пеналда орналасқан. Оны Химиялық кауіп белгісі берілгенде 1 таблеткадан қабылдайды. Улану белгісі күштірек болса, таблетканың тағы 1 данасын қабылдайды. Келесі қайталап қабылдау 5-6 сағаттан кейін болады. 3-ші ұяды – түссіз үлкен пеналда N2 бактерияға қарсы қолданылатын зат – сульфадимотксин (15 таблеткасы) орналасқан. Оны сәуле алғаннан кейін азқан-ішек қызметі бұзылуы пайда болғанда 7 таблеткасын ішеді, кейінен 2 тәулікте 4 таблеткадан қабылдайды. 4-ші ұяда – алқызыл түсті, сегізқырлы 2 пеналда, әр қайсысында 6 таблеткадан N7 радиоактивтіуланудан қорғайтын зат – цистамин орналасқан. Оны сәле алу қаупінде 6 таблеткадан бір қабылдайды және тағы сәуле қауіпі төнгенде6 таблеткасын 4-5 сағаттан кейін қабылдайды. 5-ші ұяда – түссіз төрт қырлы 2 пеналда, әр қайсысы 5 таблеткадан тұратын N4 бактерияға қарсы қолданатын зат тетракциклин гидрохлориді орналасқан. Оны бактериялық улану және қауіп төнгенде, жарақат және күйік алғанда пайдаланады. Алдымен 5 таблетканы су ішумен бірге қабылдайды. Сосын 6 сағаттан кеиін 5 таблетка қабылдайды. 6-ші ұяда – ақ түсті төрт қырлы пеналда N2 радтоактивті уланудан қорғайтын зат калий иодиді 10 таблетка) орналасқан. Оны радиоактивті заттар түскенде күніне 1 таблеткадан 10 күн қабылдайды. Ең алдымен балаларға 1 таблеткадан береді. 7-ші ұяда – көгілдір түсті дөңгелек пеналда құсуға қарсы қолданатын зат этаперазин 5 таблетка) орналасқан. Оны сіуле алғаннан кеиін тез арада және бас жарақатынан кейін лоқсу пайда болғанда 1 таблеткадан қабылдайды. Ескерту! 8 жасқа дейінгі балаларға таблетканың 41 бөлігін, 8 жастан 15 жасқа деиінгі бплаларға 21 бөлігін береді.
2.14. Жеке химиялық пакет Жеке химиялық пакет дененің ашық бөліктеріне және киімге түскен тамшы – сұйық улы заттарды залалсыздандыру үшін қолданады. Комплектегі бұранды қақпаға жеке дегазды ертіндісі бар флакон және 4 мақталы-дәкелі тампондар кіреді. Тамшы сұйық улы заттар дененің ашық бөліктеріне және киімге түскенде тампондарды флакондағы сұйыққа малып, ластанған дене бөліктерін және киімді сүртеді. Егер жеке химиялық пакет болмаса, тампон ретінде кәдімгі мақта мендәкені қолдануға, ал дегазды ертіндіні қолдан дайындауға болады. Бірдей мөлшердегі 3% тотыққан сутегі ертіндісі мен 3% сілтіті натрий ертіндісінің қоспасын немесе 3% тотыққан сутегі ертіндісі мен 150 г. конторлық силикатты желімнің қоспасын қолдануға болады.

2.15. Жеке таңба пакеті Жеке таңба пакетінің ұзындығы 7 м., ені 10 см. дәке-бинттен және ұзындығы 17,5 см, ені 32 см мақта-дәкелі жастықшалардан тұрады. Жастықшаның біреуі дәке-бинттің басына қозғалмайтындай етіп бекітілген, екіншісі қозғалмалы, оны бинттің бойымен қозғалтуға болады.
2.16. Зақымденған ошақтағы құтқару және апатты қайта қалпына келтіру жұмыстары Зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәні оның тезділігінде және жасалған іс-әрекеттердің тиімділігінде. Құтқару жұмыстарға төмендегілер жатады: көмекке келер күштердің жүрер жолдарын барлау; жолдағы немес апат орындағы өрттің жайылынуына жол бермеу; апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу; құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру; оларды шығару; зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру; халықты химиялық және радиацияланған аудандардан, су басқан аудандардан көшіру; адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазартудан өткізу; территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту. Құтқару жұмыстарымен қатар, қалпына келтіру жұмыстары да қатар жүргізіледі. Қалпына келтіру жұмыстарына төмендегі іс-әрекеттер жатады: ластанған аумақтарға баратын жолдарды тазалау; апаттың одан әрі тарауына жол бермеу; бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында іске қосу; қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары; көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету; құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу. Белгіленген жұмыстарға сәйкес зақымданған ошақтарға барлаушы күштер жіберіледі. Олар радиациялық жағдайды, қорғану құрылыстары мен орындарының мән-жәйін, апат орнына барар жолдарды, зардап шеккен адамдарды, оларды құтқару шараларын анықтайды. Зақымданған орынға АҚ күштерін жіберіп, іс-шаралар жүргізіледі. Адамдарды құтқару жұмыстарына АҚ жүйесінің қызметкерлерімен бірге кәсіпорындарда біріктірілген топтарды жұмылдырады. Сонымен қатар құтқару және қалпына келтіру жұмысына арнайы техникаларды да пайдаланады. Жұмыс жүріп жатқан жерде арнайы аптечкалар, химиялық пакеттер, байлап орау жабдықтары болуы тиіс. Апаттың зардабын жою бағытында жүргізілетін негізгі жұмыс – ол адамдарды құтқару, оларды ауруханаға жөнелту, қажет болған жағдайда ол жерден көшіру болып табылады. Көшірілетін адамдар қайда апаратылатындығы алдын ала белгілі болуы тиіс.
2.17. Радиациялық және химиялық барлау құралдары Радиациялық барлау құралдарына ДП-5В, ИМД-21 және т.б. жатады. Химиялық барлау құралдарына ВПХР, ПХР, ХУЗ, мөлшерін анықтау мүмкіншілігі бар индикаторлық түтікшелер, аспалы газталдағыштар (АГП-1), дозиметрлік бақылау құралдар ИД-1, ИД-11, ДП-22В, ДП-24 және т.б. жатады. Сонымен қатар, жердегі, ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ, азық-түлікті улы затпен ластануын анықтау үшін Мастер-1, Сосна, Белла тұрмыстық дозиметрлері пайдаланады.
2.18. Эвакуация Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады. Оған, адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолдануы мүмкін аудандардан халықты көшіру, соғыс уақытында қауіп төнген аймақтардағы жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады. Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік қатері мен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы мүмкін аймақтар үшін көшіру шараларын жүргізу тәртібі анықталады. Сонымен қатар, соғыс уақытына шекаралас аудандар мен қауіп төнген жерлердегі халықты көшіру тәртібі белгіленді. Уақытша көшіру шаралары: ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін - өндірістік принцип бойынша; халықты көшіру – аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады; көшіруді ұйымдастыру және меншік көлік иелерінің көліктерін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі. Көшіру шараларын жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдарында, ұйымдарда көшіру комиссиясы құрылады. Көшіру шараларын ұйымдастыру және оны жүргізу тиісті басқару органдарының және ұйымдарының бірінші басшыларына жүктелген. Ұйымның эвакомиссиясының міндеттері: ұйымның АҚ штабымен бірлесіп, объектінің жұмысшылары мен қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін орналастыру үшін олардың тізімдерін жасайды; азаматтық қорғанысының басшысына эвакуациялық жинау пунктінің әкімшілік құрамы, эшолондар бастықтарын, автомобил колонналары мен жаяу саптар бастықтарын тағайындау туралы ұсыныс әзірленеді.
2.19. Зақымданған ошақтағы құтқару және қайта келтіру жұмыстары Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету және қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі. Төтенше жағдайдың зардабын жою стратегиясы бір сыпыра қауіп-қатерге және соған байланысты төуекелділікке негізделеді. Сондықтан ең алғашқы міндет- адамдар қауіпсіздігін қамсыздандыру. Стратегия мен тактика қандай шараларды қалай қолдануын ескереді. Адамдарды құтқару төтенше жағдайды әсерін жоюдың бір бөлігін құрайды, сонымен қатар, төтенше жағдайды зардабын жою жұмыстары арнаулы үш топқа жіктеледі: құтқару; арнаулы (жедел); қосалқы. Құтқару жумыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді: басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу; зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау); зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету; зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру мыналарды қамтиды; өрт сөндіру ; коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою; тосқауылдарға кіру жолдарын жасау; осал құрылыстарды күшейту. Арнаулы жұмыстардың атқарылу нәтижесінде құтқару жұмыстарының орындалуына және адамдардың қосымша зардап алмауына жағдай туындайды. Қосалқы жұмыстар құтқару жұмыстарын алаңына және жұмыс орындарын инженерлік пен ұйымдастырушылық дайындығына байланысты. Оларға мыналар жатады: аландарды тазалау; техника орнату; қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату; жұмыс орындарын жарықтандыру т.с. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі шараларында зандылыққа сәйкес азаматтық қорғаныс күштері қатысады. Төтенше жағдай зардаптарын жою мынаны қамтиды: халық пен ұйымдарды төтенше жағдай қауіпі туралы құлақтандыру; барлау жүргізуді, қирау дәрежесін, зақымдану аймағын, су басудың немесе тасқынның таралу жылдамдығы мен ықтимал шекарасын, өртенген жердің көлемін, аудандары мен таралу бағытын және өзге де меліметтерді анықтау; тікелей қауіп төніп тұрған нысандар мен елді мекендерді анықтау; құтқару және басқа жұмыстар үшін іске қосылған күш топтамасы мен құралдар санын анықтау; төтенше жағдай аумағындағы күш-құралдарды басқаруды ұйымдастыру; зардап шеккендерге дәрігерлік көмек пен оларды емханаларға жеткізуді ұйымдастыру, сонымен қатар тұрғындарды қауіпсіз орындарға шығарып қоныстандыру; құтқару жұмыстарды жүргізу барысында оған сәйкес қауіпсіздік шараларын даярлап іске асыру; төтенше жағдай аумағында және оған шекаралас аудандарында коменданттык қызметті ұйымдастыру. Сондай-ақ, төтенше жағдай зардабын жоюға және құтқару жұмыстарды қамсыздандыру мен даярлауға бағытталган материалдық және басқа шараларды ұйымдастыру кіреді. Күрделі зақымдану ошағындағы құтқару жұмыстарды тек өрттер мен кирауларды ғана емес, сондай-ақ радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық зақымдауды ескере отырып ұйымдастырылады. Бұл жағдайда бактериологиялық зақымдану түрлері аңықталғанға дейін барлық шаралар аса қауіпті жұқпалы аурулардан қорғану режимінде ұйымдастырылады. Ауру қоздырғыштар түрі аңықталысымен зақымдану ошағында және оған жапсарлас аудандарда тиісті оқшаулау-шектеу және жұқпалы ауруларға қарсы шаралар жүргізіледі. Күрделі зақымдану ошағында құтқару жұмыстарын табыста жүргізу үшін мыналарды істеу қажет: барлаудың барлық түрлерін үздіксіз және бір уақытта жүргізу және оның мәліметтерін жылдам пайдалану; мақсаттары әртүрлі күш пен құралды бір уақытта және дұрыс пайдалану; зақымдау, қирау, өрт аймағын тез жою немесе айналып өту; күш-жігерді маңызды нысандарға жұмылдыру, күш пен құралды бағыттау; тұрақты және нақты өзара іс-қимыл қарқының қолдау; күш пен құралды үздіксіз, мығым және ұтымды басқару. Зақымдану ошағында медициналық күш пен құралды жылдам еңгізудің, соңдай-ақ улағыш және қатты әсер ететін улы заттармен зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуді бастау мерзімін барынша жақындатудың ерекше маңызды бар. Хайуанаттар мен өсімдіктердың, ауылшаруашылығы өнімдері мен жануарларды, су көздерін қорғау бойынша Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау мақсатында хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызметтері мен қызмет бөлімшелері құрылады. Қызметтердің негізгі міндеттері: мал мен өсімдіктерді, ауылшаруашынық өнімдерін және өсімдік шаруашылығын, су көздері мен сумен жабдықтау жүйесін радиоактивтік, химиялық, бактериологиялык (биологиялық) зақымданудан қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру және орындау; ветеринарлық және фитологиялық барлауды, зақымданған хайуанаттарды емдеуді ұйымдастыру; зақымдалған хайуанаттарды амалсыз союды және оларды көмуді ұйымдастыру; егістікті, жайылымды және мал мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін залалсыздандыру; ауылшаруашылығы өнімдері мен малды қауіпсіз аймаққа апаруды ұйымдастыру; жем-шөп пен астықтың артық қорын жасау; қызмет бөлімшелерін мақсат бойынша іс-әрекеттерге даярлата ұстау және оларды жеке құралмен, техникамен және мүлікпен қамсыздандыру; дәрі-дәрмектердің, залалсыздандырғыш заттардың қорын жасау және де дер кезінде жаңарту; төтенше жағдайдағы, зақымдану ошақтарындағы іс-әрекеттерге ауыл халқын оқытып-үйретуді ұйымдастыру және өткізу. Шаруашылықтағы мал мен өсімдіктің зақымдалуын оқшауландыру және жою жұмыстары төтенше жағдай аймағында тікелей іс-әрекет ететін мал мен өсімдікті қорғау командасына (МӨҚК) жіктеледі, олар: хайуанаттарға ветеринарлық көмек көрсетеді; оларды көшіріп, қоныстандырады; зақымданған хайуанаттарды, өсімдіктерді сынақтама тексерінен өткізеді, ескереді және зерттеу үшін зертханаға жеткізеді; хайуанаттар нысандарына залалсыздандыру жүргізеді және зақымдалған хайуанаттарға ветеринарлық ем-дом жасайды; улы химикаттар көмегімен зақымдалған егістіктерді залалсыздандырады. АҚ шараларын және күштерінің іс-әрекеттерін қамсыздандырудың негізгі түрлері: барлау; инженерлік қамсыздандыру; химиялық қамсыздандыру; медициналық қамсыздандыру; көлікпен қамсыздандыру; материалдық-техникалық қамсыздандыру; гидрометеорологиялық және метеорологиялық қамсыздандыру. Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында негізгі күш пен құралдарды зардап шеккендерге алғашқы дәрі-дөрмек көмегін беру үшін, бұзылыста қалғандарды шығару үшін, жедел жетуде мақсатталады.
2.20. Жұмыс жүргізудің әдісі мен тәсілі Құтқару жұмыстарын жүргізу тәсілдер мен әдістері жалғасымдығы ғимараттың бұзылуынан, коммуналды, энергетикалық, технологиялық жүйелерінің аварияларынан және нысанның радиация алу мен химикалық зарардану дәрежесінен, құрама іс-әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайларына тәуелді. Әуелі, адам болып қалуы мүмкін жерлерде қираған құрылыстарға, бұзылған ғимараттарға және құтқару жұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын авария орындарына жол ашылу керек. Бір бағытты кіретін жолдарың ені 3-3,5 м, ал екі бағыттағылардың ені 7 м болуы тиіс. Қираған құрылыстар астынан адам құтқару шараларымен әдетте әскери бөлімшелері мен АҚ құрамалары айналасады. Бірақ бұл жұмысқа басқа да барлық тұрғыңдарды қатыстыру керек. Жеке құрама панаханаларды іздестіріп, қорғаныс құрылыстарында қамалып қалған адамдарымен байланыс құралдарымен тұрақты байланыс жасауға тырысады, ол үшін желдеткіш саңылауларын, есік, ірге, су-жылу құбырларын тықылдатып пайдаланады. Ең алдымен желдеткіш арналары немесе қабырғаларда тесік жасап таза ауа жібереді. Панахананы ашу барысында қирау сипатына қарай әртүрлі тәсілдер мен саймандар пайдаланады: негізгі кіре-берісте бұзылғанды тазалау, одан кейін есікті ашу немесе бұзып ашу, үңгір немесе авариялық шығу люгін қазып алу, көршілес жатқан белмеден панаға қарайтын қабырғаны бұзу, бұзылыс үстіндегі бегетті ашу одан кейін адам шығару үшін жол жасау. Армениядағы Ленинакан, Спитак қалаларындағы жер сілкініс зардабын жою кезінде адамдарды қирау астынан шығару бойынша алынған тәжрибесінен бұзылыстарды аршуға 16 тоннадан кем көтермейтін қуатты көтергіш крандар, үлкен экскаваторлар, жылжымалы электрстанциялары мен прожекторлар түнгі жұмыстарында талап етіледі. Коммуналды-энергетикалық пен технологиялық жүйелерінде авария мен бұзылу зардабын жоюдағы негізгі амалы — қираған бөлімшелерді және ғимараттардағы электр мен газ және су жүйелерін ажырату болып табылады. III-тарау. Жарақаттар түрі Жарақаттар-бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептердің аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы. Әсер механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тоғы), психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін. Балалар жарақатының көпшілігі механикалық әсерлерден болады, сіңірдің созылуы, буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы). Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін. Жабық зақымдану –бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрлері. Бұған терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы). Ашық зақымдану бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы). Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ, қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған жарақат созылмалы жарақат деп аталады. Кез-келген жарақат бір орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар организмде басқа да белгілі бір жалпы өзгерістерді тудырады (жүрек-тамыр қызметінің, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы). Бұл құбылыстар орталық нерв жүйесінің тітіркенуінен, қанның кетуінен, өмірлік маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезінде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды. Талықсу- адам миының қансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айрылу. Талықсу көбінесе психикалық жарақат деп аталады (қорқу, қанның түрі, дененің аяқ асты сырқырауы). Талықсуға қажу, ашығу, қанның аздығы, жуынатын бөлмеде ұзақ отыру әсер етеді. Талықсу көбінесе аяқ асты пайда болады, алайда кейде сырқаттың құсқысы келеді, ауаның жетіспеуін сезінеді. Бұл жағдайда сырқат бозарады, тамыр соғысы әлсірейді, дем алысы күшейеді. Есінен айрылған бойда сырқат құлайды. Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатқа жәрдем көрсету Талықсу кезінде сырқатты оның басын денесінен төменірек етіп жатқызған жөн. Бұл бас миын қан ағынының көбірек келуіне көмектеседі. Сырқаттың тар киімдерін шешу қажет (жағаның түймесін ағыту, галстукты, белбеуді босату, таза ауаның келуін қамсыздандыру). Тыныс алуды қоздыру үшін сырқатқа иіскеу үшін мүсәтір спиртін береді, оның бетіне суық су себелейді. Әдетте осы құралдар сырқатты талықсу күйінен шығару үшін жеткілікті. Өте ауыр жағдайларда жүрек қызметін жақсарту және тамырлардың соғысын арттыру үшін сырқаттың терісіне кофеин кордиамин енгізеді. Коллапс-өмір үшін қауіпті жағдай, қан қысымының өмірлік маңызды органдардағы қан айналымының нашарлаған кезінде түсуімен сипатталады. Бұл кезде адам әлсіреп, бет әлпеті ағарады, аяқ-қолы суынады. Алайда коллапс уланған және ауырған (сүзек, өкпе ауруы, қауіпті панкриотит және тағамнан шыққан аурулар) Дене қызуы 34-35 градус шамасында болғанда артериалдық қысымы санап бағанасымен 50-80 мм байқалады. Егер де тез арада шара қолданбаса адам қаза болады. Коллапс кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету Талықсыған кезде қан айналымын жақсартатын, әсіресе қанның басқа келуі үшін шаралар қолданылады. Сондықтан сырқатты басын сәл түсіріп, етпетінен жатқызады. Белбеуді босатып, көйлектің жағасының түймесін ағытады; таза ауа ағынымен қамтамасыз етеді, мүсәтір спиртін қолданады. Ауру сабасына түскен кезде ыстық сусын, бірнеше тамшы арақ ішкізген дұрыс. Тамырлардың соғысын арттыру үшін теріге 1% -1мл мезатон, 25%-2мл кордиамин, 5% -1 мл эфедрин, 0,1%-1мл адреналин, 10%-1мл кофеин енгізеді. Осы шаралардың бәрін кез-келген жағдайда жүргізуге болады. Тамырлары қатты таралған сырқаттарды шұғыл көмек көрсеткеннен кейін кешіктірмей ауруханаға апарады. Коллапс салдарынан туындаған ауыр жағдайда жүректің сыртынан ысқылайды (жүрек тұсындағы кеуде клеткаларын ырғақпен қысады) және ауызға-ауыз тәсілімен жасанды тыныс алдырады. Жарақаттан естен тану туралы түсінік Жарақаттың, күйіктің, үсіктің ауыр салдары естен тану болып табылады. Естен тану-орталық нерв жүйесі қызметінің күрт нашарлауы нәтижесінде дамып, организмнің барлық жүйесі қызметінің тоқтауына алып келетін ауыр жағдай. Естен тану қатты ауру кезіндегі тітіркеністен пайда болады. Сүйектің зақымдануынан болған жұмсақ ұлпалардың үлкен көлемде мылжалануынан, жаншылуынан, күюден болған қатты жарақат. Әсіресе, қан көп кеткен кезде, дене суынғанда, қорыққанда, шектен тыс ойға шомғанда, сәулеге ұшырағанда, жұқпалы ауруларда жиі кездеседі. Екі кезеңнен тұрады: Бастапқы кезең. Өте қысқа мерзімде өтеді, мазасыздық жағдайы тән, сырқат бір орында тұрмайды, айғайлайды, бұл жағдайда сырқаттың бет әлпеті өзгереді, ерін көгереді тамыр соғысы жиілейді. Бұл кезең жедел екінші сатыға көшеді. Екінші кезең. Орталық нерв жүйесі қызметінің әлсіреу басталады, көмек сұрамайды, есі толық болса да ол төңірегіндегілерге селқос, оның денесі суық, беті ағарған, тамыр соғысы әлсіз, дем алысы зорға білінеді, сұрақтарға жауап бермейді. I дәреже - жәй естан тану. Ес сақталады, сырқат сұрақтарға дұрыс жауап береді,алайда әңгімеге құлқы жоқ. Тері мен көрінетін кілегейлі қабықтар бозарады.Дене температурасы қалыпты немесе сәл төмендейді. Көздің қарашығы үлкеймейді, жарықтан тітіркемейді. Тамырдың соғысы бірқалыпты, жиілігі минутына 100-110 соққы. Күре тамырлық қысым сынап бағанасы бойынша 11065 мм. Тыныс алу бір қалыпты, терең, кейде жиілейді. II дәреже - қатты естан тану. Жағдай ауыр. Ес сақталады, алайда зардап шегушінің қоршаған ортаға құлқы жоқ.Сыртқы әлем әсерін әлсіз сезінеді көздің қарашығы тарылған, жарықтан әлсіз тітіркенеді. Рефлекстердің барлық түрлері төмендетілген. Тері сұрғылт түске еніп бозарып ақшылданады, ұстаған кезде салқын, дене температурасы төмендеген. Тамыр соғысы жиі, жүректің ырғағы баяу естіледі. Күре тамырлық қысым сынап бағанасы бойынша 7040 мм. Тыныс алу күшейіп, жиілей түседі. III дәреже - өте ауыр жағдай. Зардап шегушінің мүлдем есі жоқ.Тері бозарады,суық, салқан тері шып-шып шығады. Көздің қарашығы үлкейеді, жарықтан мүлдем тітіркенбейді, Күре тамырлық қан қысымы анықталмайды, тамырдың соғысы байқалмайды, тыныс алу бірқалыпты емес. Дененің құрысуы мүмкін. 3.4. Естен тануға қарсы шаралар Есінен айырылған адамдар алғашқы медициналық көмекті қажетсінеді. Зардап шегушіні ауыратын жерлері бөгде затқа тимейтіндей етіп жатқызады. Оларға мүмкіндік болса, ауыртпайтын дәрі – дәрмек: промедол.морфин, аналгин 5%-2мм ертінді, олар болмаса 0,5 г аналгин, 0,1г кофеин, кордиамин егеді, есінен тануға әсер еткен себепті жояды, үстінен жылы киім жабады. Егер зардап шегушінің ішінен жарақат жоқ болса, оған ыстық шәй ішкізеді, арақ немесе басқа да спирт ішімдігін береді. Зардап шегушіні өте мұқият және кешіктірмей медицина мекемесіне жеткізеді. Оны апаратын жерге аса сақтықпен, басқа жерлерден ауыртып алмай, ыңғайлы көлікпен жеткізеді. Дененің сыдырылуы, тілінуі, буынның таюы, сіңірдің созылуы. Терінің айтарлықтай беріктік қасиеті бар және жарақат кезінде оның тұтастығы бұзылмайды, ал осы уақытта жұмсақ ұлпалар мен сүйектер зақымдалуы мүмкін. Егер дене тілінген немесе сыдырылған жерлер ластанбаса, оны адамның өзінің емдеуіне болады. Егер жара үлкен болса, ең жақсысы дәрігерге барып, ауруға қарсы ектіру керек. Жұмсақ ұлпалар зақымдануының аса көп тараған түрі дененің сыдырылуы болып табылады, ол қатты заттың соққы салдарынан пайда болады,соққы тиген жер бірден үлбірейді, көбінесе көгереді олардың пайда болуы зақымдалған тамырлардан қанның ағуымен түсіндіріледі. Тарамыстың созылуы секірген, құлаған,ауыр затты көтерген кездегі ебдейсіз әрекеттерден туындайды. Созылу белгілері-буынның сырқырауы, терінің үлбіреуі,қозғалауы қиындығы. Алғашқы медициналық көмек. Жараға тиіспей, оның айналасын суланған мақтамен сүртіңіз, жараға йод жағып, оны таза дәкімен таңыңыз, үлкен жараны ең жақсысы алғашқы көмектің жеке пакетіндегі дәкілі-мақталы жастықшасы бар таңғышпен байлаған жақсы (мұндай пакеттер дәріханада сатылады), таңғыш материалды алған кезде ешбір жағдайда жараның үстіне жабылатын жастықшаға тиіспеңіз,егер қолыңызда дәкі жоқ болса, таза бет орамалды пайдаланыңыз, жараны толық жабу керек, таңғыш денені қатты ауыртпау үшін оны аса қатты тартпау қажет, егер бір-екі күннен кейін тілінген немесе сыдырлыған жер іріңдеп, ал оның төңірегі ісіп кетсе дәрігерге барыңыз.Сырқатты басу үшін зардап шегушіге 0,25-0,5г анальгин беруге, ал жарақаттанған жерге мұзды қағанақ қоюға болады. Буының шығуы – бұл буындағы сүйектерді ажырататын буының үстіңгі жағының анатономиялық өзара қарым-қатынасының өзгерісі.Буын шыққан кезде оның қызметі бұзылады.Буынның шығуы толық және жартылай шығу болып бөлінеді. Буынның таюы әдетте сіңірдің созылуына немесе буынды бекітетін байламды үзуге,кейде буын қоржынын зақымдауға, яғни буынның үстіңгі жағын жабатын қабатты зақымдауға алып келеді. Буынның шығу белгілері. Домбығу, буының табиғи емес пішіні, өзгеруі, буын төңірегінің қатты сырқырауы, әсіресе сәл қозғалғанда, буын төңірегіндегі тері түсінің өзгерісі, жарақаттанған буындағы қозғалыстың шектелуі, бір затқа тисе қатты сырқырайды. Буынның шығуы да сүйектің сынғаны сияқты елеулі жарақат, арнайы медициналық көмекті көмекті қажет етеді. Дененің жарақаттанған бөлігін түзетуге тырыспаңыз. Тақтаның немесе шинаның көмегімен зақымданған буынды қозғалтпаңыз, мүмкіндігінше сол жерге тиіспеуге тырысыңыз. Буын шыққан жерге суық компрес қойыңыз. Сирақ немесе жіліншік жарақаттанған жағдайда аяқты көтеріп ұстауға тырысыңыз, бұл буынның домбығу деңгейін азайтады. Зардап шегушіге жағдай жасап, жатқызуға тырысыңыз. IV-тарау. Бас жарақаттары Бас сүйегі мен бас миының зақымдануы механикалық жарақаттардың аса ауыр түріне жатады. Бас сүйегі мен бас миының жарақаттары ашық және жабық болып бөлінеді. Бас сүйегі мен бас миының жарақаттануы шартты түрде үш топқа бөлінеді: жұмсақ ұлпалардың жаралануы, өте алмайтын (қатты ми қабы жарақаттанбайды) және (қатты ми қабы зақымданады). Бас миын зақымдаған заттардың сипаты бойынша ол мидың шайқалуы, сыдырылуы және қысылуы болып бөлінеді. Басқа қатты соққы тиген кезде мидың зақымдануы мүмкін (мидың шайқалуы және сыдырылуы). Мидың шайқалуынан адам есінен айрылады. Соққы қатты болса, бұл белгілер анық білінеді. 1-2 ден 20-30-ға дейінгі минутта естен айрылу байқалып, артынша есі кіріп жарақатқа ұшыратқан оқиға мен жағдайды жадына тез түсіре алмайды. Сырқаттар бастарының ауырғандығына, айналғандығына шағымданады, құсқылары келеді, әлсірейді. Мидың клиникалық шайқалуы тері жамылғылардың бозаруынан, болмашы ентікпеден, құсуға әрекеттенуден, жүректің лүпілдеуінен білінеді. Зақымданушыны әдеттегідей сүлейсоқ, ал кейде керісінше қозушылық байқалады. Бас сыдырылған кезде ес сақталады, алайда оның төңірегінде ісік болуы мүмкін. Бас қатты ауырады, жүрек айныйды, кейде құстырады. Қатты соққы толқыны әсерінен (жарылыс) адам организмі жалпы контузияға ұшырауы мүмкін. Ауыр жағдайда адам ұзақ уақыт бойы есінен айрылады, бас ауырады, көру және есту қабілеті бұзылады. Есте сақтауы әлсірейді немесе жоғалтады. Ауыр дәрежедегі мидың сыдырылуы сананың өте өрескел бұзылуымен сипатталады (ұйқы басу, естен тану). Ұйқы басқан кезде сырқаттар қоршаған ортаны елемейді, тапсырманы орындамайды, сұрақтарға жауап бермейді. Сырқатты осы күйден дөрекі денені ауыртатын тітіргендіргіштерді қолдану арқылы ғана шығаруға болады. Талықсыған кезде сырқатқа сыртқы дүниенің әсері сезілмейді, ол орталық жүйке жүйесінің зақымдалу салдарынан болады мұның себептері әртүрлі. Олар бастапқы және қайталама болып жіктеледі. Бастапқы себептер орталық нерв жүйесінің зақымдалуына байланысты. Ал қайталама себеп орталық нерв жүйесінің зақымдалуы ішкі органдар мен жүйелер тарапынан болған қандай да бір аурудың салдары болып табылады. Мидың қысылуы көбінесе ішкі бас сүйегіндегі гематомадан (қа жиналған тер астында домбығу) немесе сынған бас сүйегінің сынығынан туындайды. Әдетте жарақаттанғаннан кейін ес жоғалады, ол біраз уақыттан кейін қалпына келеді, содан соң сананың бұзылуы басталады. Алғашқы медициналық жәрдем. Ең алдымен бас сүйегі мен ми жарақатының сипатын (ашық немесе жабық) және зардап шегушінің жәй-күйін анықтау қажет. Бұдан кейін сананың бұзылу, қан ағу және сыртқы тыныс алудың дәрежесін анықтаған жөн. а) б) Сурет-6 Басқа тақия тәріздес таңғыш орау. Қан аққан кезде жараға таза қатты таңғыш байлайды. Тыныс алу бұзылған кезде ауыз қуысы мен жоғары тыныс жолдары босаған соң жасанды тыныс алу шарасын жасайды. Ессіз күйдегі адамдардың тілін байқаған жөн, өйткені ол қозғалыс кезінде тыныс жолдарын жауып тастау мүмкін. Тыныс жолдарына қанның, құсықтың түсуін ескерту мақсатында жаралыны бүйірлеп жатқызып тыныштықта қалдырады. Мұндай кезде оған 50%-2 мл аналгин және 1%-2 мл димедрол ерітіндісін немесе 2% супрастин енгізеді. Ашық жарақат кезінде пенициллин тағайындайды. Басқа мұз салынған қуық қояды. 4.1. Бас жарақаты кезінде таза таңғыш қою тәртібі Басқа таңғышты-тақияны мынадай әдіспен қояды. 1м-ға жуық бинт кесіндісін төбеге қояды, оның ұшын (байламын) тік құлақ қалқанының алдынан төмен түсіреді. Басты айналдыра (6а-сурет) отыра байлайды, содан соң түйінге жеткен соң бинтті оның төңірегінен екі жағынан да орап қиғаштай желкеге жеткізеді, желке мен маңдай арқылы кезекпен орап, бастың бүкіл шашты бөлігін жабады (6б сурет). Бас ауқымды жараланған кезде беттің үстіндегі олардың орналасуына орай ауыздық тәріздес таңғыш қойған жақсы. Маңдай арқылы 2-3 рет айналдыра мығым орағаннан кейін (6а сурет) бинтті желке арқылы (7-сурет) мойын мен иекке апарады, иекпен төбе арқылы бірнеше рет тіктей орайды, содан соң иектен бинт желкеге апарылады. Мойынды, көмей мен иекті жабу үшін таңғыш (7б суретте) көрсетілгендей қойылады. а) б) Сурет-7 Басқа ауыздық тәріздес таңғыш орау. Мұрынға, маңдайға, иекке сақпан тәріздес таңғыш қояды (8а,б,в сурет), бұл таңғыш енді бинттен немесе ұзындығы 75-80 см мата кесіндісінен жасалады. Сол үшін таңғыштың ұшын екі жағынан оның ұзындығы 15-20см орта бөлігі тұтас қалатындай есеппен айналдыра кеседі. Қиындының кесілмеген бөлігін қажетті жерге көлденең бағытта орайды. Бұдан кейін 2-3 айналдыра орап таңғышты бекітеді таңғыштың ұшын иектің астынан бинтпен бекітеді. а) мұрынға б) маңдайға в) иекке Сурет-8 Сақпан тәріздес таңғыш V-тарау. Жаралар 5.1. Жаралар инфекциясы Жаралар тері жамылғысының терідегі кілегейлі қабықтың тұтастығы бұзылып, ұлпалардың механикалық зақымдануынан пайда болады. Жаралар жеңіл және қатты болып бөлінеді. Сурет -9 Түйрелген жаралар Қатты жарақаттану кезінде терінің астындағы клеткалар ғана емес сондай-ақ бұлшық ет, сүйек, нерв, сіңір, байлам, ірі қан тамырлары зақымданады. Жарақаттағыш зат дененің ішіне –кілегейлі қабыққа, бас сүйектің қуысына және т.б. енуі мүмкін осындай бойлай салынған жарақат ішкі органдарды зақымдайды (9-сурет). Сурет-10 Кесілген жаралар 5.2. Жаралардың жіктелуі Жаралар заттың немесе қарудың түріне байланысты жаралар: кесілген, тілінген, түйрелген, сыдырылған, тістелген, жарымдалған және оқ тиген болып бөлінеді. Сурет-11 Жарымдалған жара Түйрелген жаралар түйрегіш қарулы найза, пышақ, біз, ине, шеге әсерінен болады. (9-Сурет) Жараның осы түрі үлкен тереңдіктегі шағын сыртқы саңылаумен сипатталады. Өйткені жараның аузы тар, ал кейде ұлпалардың ауысу салдарынан (бұлшық еттің қысқаруы) ол үзілгіш және ирек тәріздес болады. Бұл түйрелген жараларды қауіпті етеді, өйткені зақымдалу тереңдігі мен ішкі органдардың ықтимал жаралануын анықтау қиын. а) б) Сурет-12 Атыс қаруынан болған жарақат. Кесілген жаралар жүзі өткір заттар арқылы болады ( пышақ, ұстара, шыны және т.б.). кесілген жаралардың шеті тегіс және зақымданбаған болып келеді. Қан жиі ағады (10-сурет). Жарымдалған жаралардың шеті тегіс және ластану деңгейі үлкен, қанның ағуы жиі. Тілінген жаралар ауыр өткір заттың тиюінен болады( балта, қылыш). Сырттай қарағанда кесілген жараны еске түсіреді, алайда зақымдану аумағы үлкенірек, кейде тіпті сүйектің зақымдануына апарып соғады. Жараның шеті біршама ісінеді. Сыдырылған жаралар ауыр жалпақ заттың соққысынан (балға, тас және т.б.). сыдырылған жаралардың шеті ісінеді, тегіс емес, қан қатады, тамырлардың және олардың тығындалуының нәтижесінде жара шетінің нәрленуі бұзылады. Ісінген ұлпалар микробтардың көбеюіне септігін тигізеді (11-сурет). Атыс қаруынан болған жаралар атыс қаруының зақымдау салдары болып табылады. Қару түріне байланысты оқтан жаралану, бытырадан жаралану, жарықшақтан жаралану (мина, граната, снаряд). Атыс қаруынан болған жарақат тесік болуы мүмкін. Жаралаушы зат тесіп өтеді және оның кіріп-шығу саңылауы болады. Кейде зат денеде тұрып қалады, ал кейде тиіп өте шығады (12а –сурет). Кіретін саңылау тесік жарақат кезінде шығатын саңылаудан анағұрлым кіші болады. Жарақаттаушы зат ұлпа ішінде қалып қойған кезде басқа затқа айналады. Жараланған жерге киімнің қалдығы тұрып қалуы мүмкін, ол жара ішінде қалып оны іріңдетеді (12б –сурет). Атыс қаруынан болған жаралар сан-алуан және күрделі болып келеді. Күрделі жаралар кезінде оқ бірқатар органдар мен қуыстарды тесіп өтеді, мысалы, құрсақ қуысы, көк ет, плевра қуысы. Сонымен қатар бірнеше органдарды зақымдайды. Барлық ауралар сырқырау мен қанның ағуымен және үңіреуімен сипатталады. Саусақ , тіс, тіл, жыныс органдары, құйрық сезімтал. Жараның үңіреюі-оның шетінің алшақтауы серіппелігіне байланысты және жұмсақ ұлпалардың қабілеттілігі төмендейді. 5.3. Жарақаттар кезінде асқынушылық Жарақаттанған кезде міндетті түрде қан кетеді, дене сырқырайды, үңірейген орын пайда болады, шектен тыс сырқаттану естен тандырады. Қалған жағдайлардағы жаралар микроорганизмдер үшін ашық есік ретінде-жұқпалы ауруларды асқынжарушы ретінде қызмет етеді. Микробпен зақымданаған жараны жұқтырмалы, ал оқыс арқылы пайда болған аурады жара инфекциясы деп атайды. Микробтар жараға жарақаттаушы заттар мен ағаштың қабығымен, жердегі түйіршіктерден, ауадағы тозаңнан, жараның төңірегін қолмен арқылы өнеді. Газдан шіру аяқ жарақаттан жиірірек байқалады. Аурудың анық белгілерінің бірі жеңіл шаншудың пайда болуы, артынша қатты сырқыратуға ауысады. Жараның төңірегі домбығады, аяқтың тері жамылғылары су үстін қара дақ басады. Тамырдың соғуы тоқтайды. Сипаған кезде шықырлайды. Сіреспенің алғашқы белгілері жоғары температура (39-41 градус), жара төңірегінде бұлшық еттің еріксіз дірілдеуі асқазан төңірегінің, іш бұлшық еттің шаншуы жұту кезіндегі қиыншылық, беттің ымдау бұлшық етінің қысқаруы ауызды аштырмайтын шайнау бұлшық етінің қысқаруы және ауыз аштырмайтын шайнау бұлшық етінің түйілуі болып табылады. Біраздан кейін бұған жай тітіркеніс кезінде пайда болатын азапты құрысу қосылады. Асептика және антисептика туралы түсінік. Асептика-жараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісі. Бұл үшін жарамен түйісетін затта микроб болмауы тиіс. Мүлдем микроб жоқ материалдар мен заттар тазартушы деп аталады. Материалдар мен аспаптардағы, басқа заттардағы таңғыштың микробтарын толық жою тазартқыш деп аталады. Жараны көп жағдайда іріңдетуші микробтар зақымдайды, одан кейін жара іріңдеп, ісінеді. Микробтар сәл тамырларына, сөл арқылы сөл жолдарына түсуі мүмкін. Бұл жағдайда тері ісініп қызарады және қатты ауырады. Егер іріңді инфекция қанға өтсе, қан бұзылып сепцис дамиды. Антисептика- жараға түскен бактерияларды, микроорганизмдерді өлтірентін немесе олардың тіршілігін әлсірететін антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою. Антисептиктер ретінде хлорамин ерітіндісі, йод тұнбасы, спирт сутегі қолданылады. Тек ауа жоқ кезде дамитын микробтардың жарада көбеюі (анаэробтар) анаэробтық немесе газдық инфекция аса қауіпті. Жараға топырақпен бірге сіріспені тудыратын анаэробтық микробтардың түрлері енуі мүмкін. Механикалық антисептика жараны алғашқы хиррургиялық емдеу кезінде жүргізіледі. Физикалық антисептика жарадағы микробтар үшін қолайсыз жағдай жасайды, атап айтқанда бұл жараны құрғатады, жарадан сұйық суды сыртқа шығарады. Микробтарды күн сәулесі мен жасанды ультракүлгін сәуле де өлтіреді. Химиялық антисептика микробқа қарсы қабілетке ие әртүрлі дәрі-дәрмекті қолдануға енгізілген. Бұлар антисептикалық заттар деп аталады. Йод тұнбасы, этил спирті, хлорамин, риванол, калий перманганаты сияқты антисептиктер жиі қолданылады. Антисептиктер вишневский майы сияқты бірнеше заттардан құралуы мүмкін. Биологиялық антисептиктер жара инфекциясынан сақтандырумен емдеу үшін пайдаланылатын антибиотиктер жатады. Антисептика мен асептика әдістері жараның инфекциялық зақымдануымен күресте бірін-бірі толықтырады. VI-тарау. Суға бату 6.1. Суға батқан кездегі алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек Суға батушыны судан ессіз күйде алып шыққан кезде, алайда тыныс алуы мен тамырлардың соғысы қанағаттанарлық болса оны аяқтарын 40-50о–қа етбетінен көтеріп, мүсәтір спиртін иіскетуге береді, аяқ-қол мен кеуде клеткаларын ысқылайды. Суға батқан кезде немесе құтқарғаннан кейін бірден естің қысқа уақытқа жоғалуы күрделі асқынулардың ықтималдығы туралы елеулі ескертулер екендігін есте ұстаған жөн. Зардап шегушіні бүйірлей жатқызған күйде алып кетеді. Зардап шегушіні жанталас немесе клиникалық өлім жағдайында алып шыққан кезде еанимация шараларының кезектілігі төмендегіше болуы тиіс. ауыздың, мұрынның, қуыстарының құмнан немесе балшықтан тазарту; тыныс жолдары мен асқазаннан суды шығару; жасанды тыныс алдыру; қан айналымын қолдау. Жоғары тыныс жолдарын босату мынадай ретпен жүргізіледі. Ауыз қуысын тез қарап шығып дәкі салфеткасы оралған сұқ саусақпен алынбалы протезді алады, ауызды сілекейден, балшықтан тазартады. Бұдан кейін таңдай қуысының бөгде заттармен кептелгендігін анықтау үшін саусақты сақтықпен қозғалтады. Тыныс жолдары мен асқазаннан су мен көбікті шығару, суға батушыны етбетінен жатқызып оны құтқарушы аяғын бүгілген тізесіне тірейді және кеуде клеткаларын қысады, алайда бұл кезеңге бар-жоғы бірнеше секунд қана жұмсалуға тиіс (13-сурет). Алғашқы көмек кезіндегі жасанды тыныс алдыру ауызға-ауыз, мұрынға-ауыз әдістерімен жүргізіледі. Ауызға-ауыз әдісімен жасанды тыныс алдыруды зардап шегушіні қатты жерге шалқалай жатқызудан бастайды. Бір қолды мойынның астына, екінші қолды зардап шегушінің маңдайына қойып оның басын қысады сөйтіп тыныс жолдарына ауаның еркін өтуі үшін жағдай жасалады. Маңдайдағы алақанның саусақтарымен ауаның шықпауы үшін мұрынды жабады. Көмек көрсетуші өзінің ауызымен зардап шегушінің ауызын толығымен жауып оның тыныс жолдарына ауаны қаттырақ үрлейді, содан кейін зардап шегушінің шамалы ауа шығаруына мүмкіндік береді. 13-Сурет. Зардап шегушінің тыныс жолдары мен асқазанынан суды шығару үшін келтірілетін қажетті жағдай Жасанды тыныс алдыруды жүргізу кезінде кеуде клеткаларын ұдайы бақылауда ұстау қажет (14-сурет). Егер де реанимацияны бір құтқарушы жүргізсе, онда кеуденің әрбір онбес қысылуына екі-үш рет ауа үрлейді. 14-Сурет. Ауызға –ауыз әдісімен жасанды демалдыру: Мұрынға ауыз әдісін ем-дом жасау тәжірибесі болмаған жағдайларда, зардап шегушінің жағы қатты қысылған немесе жарақаттанған кезде қолданған дұрыс. Бұл жағдайда мұрын жолдары бос болуға тиіс. Мұрынға ауыз әдісімен жасанды демалдыруды жүргізу үшін мына әрекеттерді жасайды. Маңдайдағы қолмен басты артқа қарай бұрайды, екі –үш қолмен төменгі жақты жоғары көтеріп ауызды жабады. Ауызды сонымен қатар үлкен саусақпен де жабуға болады. Ауызды зардап шегушінің мұрнына қойып оған ауа үрлейді. Балаға жасанды тыныс алдыру кезінде ерінмен ауыз бен мұрынды қатар қамтиды. Ауаны ересектермен салыстырғанда азырақ үрлейді. Балалардағы тыныс алу жиілігі минутына 18-20-дан аспауы тиіс. Құрсақ төңірегінің қампайуы асқазанға ауаның барғанын көрсетеді. Алақанмен сырқаттың басы мен мойын жағына қарай іштің төңірегін аударып алақанмен сақтықпен қысады. Сильвестр әдісі жиі қолданылады. Зардап шегушіні шалқалай жатқызып, кеуде клеткаларының төменгі бөлігіне бүктелген төсеніштен төсем қояды. Егер жасанды тыныс алдыруды екі адам жүргізсе, онда олар зардап шегушінің кеуде клеткасының екі жағына тізерлей отырады (15а-сурет). Олардың әрқайсысы бір қолымен зардап шегушінің қолын иығының ортасына дейін апарады, ал екінші қолдарын саусақтың ұшынан жоғарырақ ұстайды (15б-сурет). Олар бір уақытта зардап шегушінің қолын көтереді және оның басының артына қарай созады. Осы арқылы кеуде клеткасы кеңейіп, ауаның кіруіне жол ашады. Бұдан кейін екі-үш секундтан соң зардап шегушінің қолын кеуде клеткасына қойып оны қысады, сөйтіп ауаны шығарады. а) б) 15-Сурет. Сильвестр әдісімен жасанды тыныс алдыру: а) ауа жұту; б) ауа шығару Осындай қозғалыстар минутына шамамен 16 рет жасалады. Егер жасанды тыныс алдыруды бір адам жасаса, ол зардап шегушіге тізерлей қарама қарсы тұрады, оның қолын көтеріп осындай қозғалыстар жасайды. Шефер әдісі Жасанды тыныс алдырумен қатар жүрек қызметінің қалыпқа түсуі қоса жүргізіледі. Жүрек қызметінің тоқтауының басты белгісі –ұйқы күре тамыры соғысының байқалмауы. Тамырдың соғысын зерттеуге алғашқы үш жасанды ауа жұтқызылғаннан кейін жүргізіледі. Оның жоқтығы –жүректің жабық сылауының басталуына дабыл. Жүректің сыртқы сылауы кеуде клеткасының алдыңғы қалқасы мен омыртқа арасындағы жүректі ырғақты қысу арқылы жүргізіледі. Жүректің жабық сылауын жүргізу үшін зардап шегушіні қатты тегіс жерге жатқызады (16а-сурет), оның басы қозғалмау үшін иығының астына қатты зат қояды. Көмек көрсетуші зардап шегушінің сол жағынан тұрады, қолын семсер тәріздес талшықтан екісін биік етіп кеудеге қояды. Бір саусақты кеудеге тікелей, екіншісін кеуденің үстіне жапсарлас қояды (16б-сурет). Сылау кезінде иық белдеуінің бүкіл ауырлығымен қысым жасау үшін қолдар созылуға тиіс. Құтқарушы омыртқаға қарай бағыты бойынша кеудені жанши қысады, ол жағдайда кеудені 3-4 см қысады. Әрбір жанши қысудан кейін қолды кеудеден алмай босаңсытады. Мұндай қозғалыстар минутына 60-тан кем болмауы тиіс. а) б) 16-Сурет. Шефер әдісімен жанды тыныс алдыру: а) ауа жұту; б) ауа шығару Шефер әдісі (16-сурет) а) ауа жұту; б) ауа шығару 17-Сурет. Жүректің сыртқы сылауы Жүректің жанама сылауы жасанды тыныс алдырумен үйлесімді жүргізіледі (17-сурет). Бұл жағдайда зардап шегушіге көмекті екі адам көрсетеді. Біріншісі жүрекке жанама сылау жасайды (18б-сурет), ал екіншісі мұрынға ауыз әдісімен жасанды тыныс алдыру жүргізеді (18а-сурет). Ауа шығарған кезде кеуде клеткасын қысуға болмайды. Бұл шаралар кезекпен жүргізіледі. Ауа шығарған кезде кеуде клеткасын төрт-бес рет қысу, одан кейін ауаны кеудеге үрлеу (ауа жұту) жүректің жанама сылауымен үйлесімді жасанды тыныс алдыру клиникалық өлім жағдайындағы адамды реанимациялаудың (тірілтудің) қарапайым әдісі болып табылады (18б-сурет). 18-Сурет. Жасанды тыныс алдыру және жүректі жанама сылау. а) ауа жұту; б) ауа шығау 6.2. Электр жарақаты Электр тоғының немесе найзағайдың- атмосфералық электр түйісінің әсерінен болатын зақым электр жарақаты деп аталады. Электр тоғының немесе найзағайдың электр ұшқынының организм арқылы өтуі жергілікті және ортақ бұзушылықты туғызады. Жергілікті зақымдау электр тоғы кіріп шыққан жерлердегі ұлпалардың күйуінен көрінеді. Тоқтың соғуы- организмге термиалық, электрлік және механикалық әсерден туындайтын күрделі химиялық-физикалық құбылыс. Электр тоғы өткен кезде зардап шегушінің жеке түйсінулері әртүрлі: жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрысуы, дірілдеу. Белгілері: тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірігінің сырқырауы. Тоқтың әсерінін жойғаннан кейін зардап шегуші шаршауды, бүкіл денесіндегі ауырлықты, еңсесін басуды немесе қозуды сезінеді. Электр жарақаты кезіндегі жүйкі жүйесіне электр тоғының әсері нәтижесінде пайда болған ортақ құбылыстар аса қауіпті. Тоқ соққан адам бірден есінен айырылады, бұлшық еттің қысқаруынан кейде зардап шегушіні электр тоғы бар өткізгіштен ажырату өте қиынға түседі. Жүйке клеткаларының зақымдалуының нәтижесінде сырқаттар ауыр күйде бастан өткереді. Естен айырылу, дене температурасын төмендеуі, тыныс алуының тоқтауы, жүрек қызметінің әлсіреуі, дененнің құрысуы. Тоқтың денеге кіретін нүктесінен шығатын жеріне дейінгі жолы ” тоқ ілгегі” деп аталады.Ол төменгі, жоғары толық ілгек болып бөлінеді: Төменгі ілгек-аяқтан-аяққа (онша қауіпті емес). Жоғарғы ілгек – қолдан-қолға (қауіптірек). Толық ілгек- өте қауіпті.Бұл жағдайда тоқ міндетті түрде аяқ-қол мен жүрек арқылы өтеді, нәтижесінде жүрек қызметі бұзылуы мүмкін. Электр жарақаты төрт дәрежеге бөлінеді: I-дәрежеде зардап шегуші есінен айырылмай бұлшық етінің дірілін сезінеді; II-дәрежеде зардап шегушінің бұлшық еті дірілдеп, артынша есінен айырылады; III-дәрежеде зардап шегушіде есінен айырылумен қатар жүрек қызметі мен тыныс алуы бұзылады; IV-дәрежеде зардап шегуші клиникалық өлім жағдайында болады. 6.3. Электр жарақатындағы алғашқы медициналық көмек Алғашқы көмек көрсеткен кездегі басты сәттердің бірі- зардап шегушіні электр тоғынан тез босату. Бұны қауіпсіздік тәртіптерін сақтай отырып, өте мұқият жасаған жөн. Бұған бүкіл тізбектен тоқты ажырату, рубильникті, қосқышты, тығынды ажырату, өткізгіштерді кесу, зардап шегушінің денесінен электр өткізгіштерді құрғақ таяқ пен алып тастау арқылы қол жеткізіледі. Ажыратылмаған өткізгіштері жатқан кезде зардап шегушіні жалаң қолмен ұстау қауіпті. Зардап шегушіні өткізгіштен босатып, қауіпсіз жерге апарғаннан кейін оны мұқият тексеру қажет. Жергілікті зақымдануды термиалық күйік кезіндегі сияқты емдеп, таңғышпен жабады. Жеңіл ортақ құбылыстар қоса болатын (талықсу, естен уақытша айырылу, бастың айналуы мен ауыруы және жүректің шаншуы), зақымдалу кезінде алғашқы медициналық көмек оқуға болған жерде жедел және үздіксі көрсетілуге тиіс, ал клиникалық өлім жағдайында адамға “ауызға-ауыз” және “мұрынға-ауыз” әдісімен жасанды демалдыру мен жүректің жанама сылауын жүргізу қажет. Электр жарқатын алған барлық адам ауруханада жатуы тиіс. Осындай сырқаттарды стационарға тасымалдаған кезде жасанды тыныс алдыруды тоқтатпау керек, ол жүйелі, табанды және үздіксіз жүргізілуге тиіс. Жүрек тоқтаған кездегі алғашқы көмек жасанды тыныс алдыруы мен жүректің сыртқы сылауын біруақытта жүргізу арқылы ертерек басталуға тиіс. Егер жасанды тыныс алдыру мен жүректі сылау мүмкіндігі болса оны жүрек дәрі-дәрмектер (ішкі бұлшық ет кордиаминның 2-4 мл 25пайыз ерітіндісі, кофеиннің 1 мл 5 пайыз ерітіндісі ) және тыныс алуды қоздыратын дәрмектерді (1 мл цититон, терінің астына лобелиннің 1 мл 1 пайыз ерітіндісі ) берумен орайластыру қажет. Тұрмыста кеңірек таралған найзағай соққан адамды жерге көміп тастауы керектігі туралы пікір өрескел қате болып табылады. Тұрмыста кеңірек таралған найзағай соққан адамды жерге көміп тастауы керектігі туралы пікір өрескел қате болып табылады.Найзағай соққан адамды жерге көмуге мүлдем тиым салынады! Зардап шегушіні жерге көміп тастау қосымша қолайсыз жағдайды туғызады: тыныс алуды нашарлатады,зардап шегушінің денесін суындырады, қан айналымын қиындатады,ең бастысы пәрменді көмек көрсету уақытын созады.Жылыту,жасанды демалдыру, жүректің жабық сылауы, өз уақытында тасымалдау-зардап шегушіні құтқарудың бірден-бір ықтимал нұсқасы болып табылады. 4. Күннің өтуі Ыстық күндері адамның басына ұзақ күн сәулесінің тікелей әсері ми қан тамырларының кеңеюіне әкеп соқтырады, соның нәтижесінде басқа қанның құюлуы байқалады (гиперемия). Беттің қызаруы мен бастың қатты ауыру күннің өтуінің алғашқы белгілері болып табылады.Сонан соң жүрек айниды,бас айналады,көз қараутады және құсқысы келеді. Ауру естен танады,тыныс алуы жиілей түседі,жүрек қызметі әлсірейді. Басты орамалмен жабу,сондай-ақ басқа суық су құю алдын алу шаралары болып табылады. Ыстық тию. Бүкіл организмге қоршаған ауаның ыстық температурасы (30-40) ұзақ әсер еткен кездегі орталық жүйке жүйелеріне ауыр зақым келтіретін ысыну ыстық тию деп аталады. Ол жоғары немесе әдеттегідей жылу реттегіштің қызметі кеміген немесе тоқтатылған кезде пайда болады. Денеге ыстық тиюдің үш себебі: жоғарғы сыртқы температура; дененің ылғалын жібермейтін қымталған киім; ауыр жұмыс істеу. Ыстық тию тек ыстық күндерде емес ол жылы және қапырық бөлмелерде, ыстық цехтарда, ұзақ жорық пен марштар кезінде болады. Ыстық тию әсіресе көрсетілген үш себептер қосылған кезде пайда болады. Қатты ысынған және терлеген кезде организм ылғалды жоғалтады, қан қоюланады, организмдегі тұздың мөлшері азаяды, осының нәтижесінде ыстық тию пайда болады. Бұл организмдегі әсіресе мидағы оттегі тапшылығына акеп соқтырады. Ыстық тиюдің алғашқы белгілері- аурудың әлсіздгі, қалжырағандығы, жүрегінің айнуы, басының ауыруы, айналуы. Дененің ысынып, температурасы 38-40 градус дейін көтерілген кезде ауру құсады, талықсиды, кейде құрысу пайда болуы мүмкін. Алғашқы медициналық көмек. Зардап шегушіні суық жерге, көлеңкеге немесе жақсы желдетілетін орынға апарып, киімін шешіп, басын сәл көтеріп жатқызады. Зардап шегушіні тыныштықта қалдырып, басы мен жүрек төңірегін салқындатады (суық су құяды), тез және аяқ асты салқындатуға болмайды. Сырқатты ылғал матамен ораған дұрыс, олай ету суды буландырып, температураны төмендетеді. Сусын мен жеңіл тағам береді. Жүрек-тамыр қызметі әлсіресе, тыныс алу бұзылса, 1мл 10 пайыз кофейн ерітіндісін, 1мл кордиамин, 1мл 10 пайыз лобелин ерітіндісін береді. Күн тиген кездегі алғашқы көмек ыстық тиген кездегідей. Жүрек-тамыр аурулары Сіз, әрине, кеудеңізде жүректің соғып тұрғандығын білесіз. Алайда қан айдайтындығы туралы бір сәтке ойланып көрдіңіз бе? Адам шаршаса жатып демалады, ұйықтайды. Жүрек үздіксіз жұмыс істейді, адамның ми клеткалары басқа органдарына өмірлік қажетті оттегіні, қант пен өзге затты жеткізеді. Жүректің әрбір қысқарған уақытында ол ірі тамырларға елу, жүз текше сантиметр қан жөнелтеді. Ширек стақан, бір қарағанда аз сияқты, алайда осы санды бір минуттағы 60-80 қысқартуға көбейтіңіз, сонда 4-8 литр, ал тәулігіне 10 мың литрға жуық қан айдайды! Жүректің осы бір алып жұмысы ол өзінің жұмысын ақаулы атқарғанша күн сайын қайталанады. Алайда жүректің құрылымы қандай болса да, табиғат оған қандайда бір күшпен төзімділікті сыйласа да ауруға шалдығуы мүмкін. Жүрек тамыры ауруларының халықтың арасында қазіргі уақытта таралғандығы соншалық оны ХХ ғасырдың ауруы деп атай бастады. 19 ғасырда тырысқақ жайлады, ХХ ғасырдың басында халық туберкулезден, сүзектен басқа да жұқпалы аурулардан шетінеді. Біздің жүзжылдықтың алдыңғы жартысында жүрек пен тамыр аурулары алдыңғы қатарға шығып, қазіргі адам үшін №1 тажалға айналды. Жастардың арасында өз денсаулығына немқұрайды қарау орын алып отыр. Олар кейде ауырған кезде бірақ емделеміз деп даңдайсиды. Ең бастысы ауруға шалдыққанша оның алдын алған жөн. 19 ғасырдың белгілі терапевті М.Я. Мудров былай деген еді: Дені сау адамдарды өз қолына алу, оларды аурудан сақтау, оларға лайықты өмір салтын көрсету-дәрігер үшін емдеуден гөрі оңай міндет. Газбен улану Тұрмысымызды анағұрлым жеңілдетіп жүрген осы затқа арнайы күтім мен ұқыптылық қажет. Сондықтан, газды дұрыс пайдалану жөніндегі төменгі кеңестерге назар аударыңыз! Газдың сыртқа шығуының негізгі себептері: жалғастырушы түтіктердің ақаулары; түтіктің редуктормен және газ құрал – жабдығымен нығыздап жалғанбауы; бұрандалы жалғастырушылардың нығыз еместігі; майлайтын жабдықтардың нығыздап қатайтуындағы шүмектердің жалғастырушы сабақтарының тығыз еместігі; оттыққа сұйықтың құйылуы немесе жел өшіргенде газдың шығуы; оттықты дұрыс тұтандырмау болуы мүмкін. Газ баллондарын өз беттеріңізше орнатып, газ құрал – жабдықтарын өз бетіңізше жөндемеңіз. Бұл әрекетіңіз – қайғылы оқиғаға апарып соғуы мүмкін. Газ ошағы. Газ ошағын тек жақсы желдетілген үй-жайда пайдалануға болады. Газ ошағының ішкі қуысының оттығын тұтатарда оның есігін бірнеше рет ашып – жабу арқылы желдету қажет. Газды жағарда алдымен жанып тұрған шырпыны оттыққа жақындатыңыз, сосын шүмекті ашыңыз. Түбі үлкен ыдысты қақпаққа қоярда кең қабырғалы тіреуді пайдалану қажет. Газ ошағын үйді жылыту мақсатында пайдалануға мүлде болмайды. Себебі, желдетілмеген үй-жайдағы көмір қышқылды газдың жиналуы және иісті газдың бөлінуі адам ағзасының улануына апарып соғады. Газ баллоны толтырылған әрі ақаусыз газ баллондарын тек арнайы мамандандырылған газ қызметтерінен ғана сатып алыңыздар! Бұрандалы қосылған жер мен баллонның редуктормен қосылған жерін сабын көбігімен тұрақты тексеріп тұрыңыздар. Жалғастырушы түтіктің дұрыс қосылғанын қадағалаңыз! Баллон мен газ ошағының арасы 0,5 метрден жақын болмауы керек. Сондай – ақ жылу радиаторына немесе пешке 1 метрден жақын орнатылмауы тиіс. Мөлшерден тыс газбен толтырылған баллон жылы жер де (жылы үйге кіргізіп жылы- тқанда) жарылуы мүмкін.Газ баллонының қақпағы көп қабатты үйлерде газ баллондарын пайдалануға үзілді – кесілді тыйым салынады! 27 литрлік баллонды ауыстырғанда немесе оған газ толтырғанда қақпақтың саңылаусыз жабылғанын тексеруді талап етіңіз. Нығыздаушы шығыршықтың жай – күйін үнемі тексеріп отырыңыз. Дұрыс шығыршықта кесілген жарық, кедір – бұдыр сияқты ақаулар болмауы тиіс. Газ құрал – жабдықтарын орнату мен жөндеу кезінде тек тиісті құжаты бар мамандарға ғана рұқсат беріңіз. Газды пайдаланып болғанда газ құрал жабдық-тарындағы және олардың алдындағы шүмектерді жабу керек. Ал ас үйдің ішіне баллондарды орнату кезінде баллондағы қақпақты немесе редуктор жалғаушысын жабу қажет. Дұрыс жанғанда жалын бір қалыпты, көгілдір – жасыл түсте болады. Түтіндіктің жыл сайын тексерілуін қадағалаңыз. Тарту күшінің болмауы газдың толық жанбай, иісті газдың бөлінуіне себеп болады. Маңызды төрт қағиданы есте сақтаңыз! Газ құрал – жабдықтарын өз бетіңізше жөндемеңіз. Газ түтіктеріне кір жаятын жіпті байламаңыз. Газ желісі түтіктерінің ақауларын жөндемеңіз! Аспаптан қатерлі ұшқын шығуы мүмкін. Газ құрал – жабдықтарын жұмыс істеп тұрғанда, әсіресе, оларға балалардың қолдары жететін жағдайда қараусыз қалдырмаңыз. Егер сіз газдың өткір иісін сезсеңіз, шүмекті дереу жабыңыз.Үйді желдетіңіз (терезе, есіктерді ашыңыз). Газ шыққан жерді тек сабын көбігінің көпіршіктері арқылы ғана анықтауға болады. 4.104 телефоны арқылы газ апаттық қызметін шақырыңыз (телефонды газдың иісі жайылмаған бөлмеден немесе көрші пәтерлерден пайдаланған жөн). VII-тарау. Төтенше жағдай Адамның жұмыстық қызметі экологиялық тепе-теңдікті бұзуға, аномальдік табиғи және техногендік жағдайларға, стихиялық және көптеген адам мен материялдық шығынға әкелуде. Адамзат күнделікті көптеген табиғи қауіп–қатермен кездесуде.Жер шарында жыл сайын жобамен 10 мың су тасқыны, 100 мыңнан аса жер сілкінісі, көптеген өрттер мен опырмалар, вулкан атқылауы және тропикалық циклондар болып тұрады. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметі бойынша соңғы 20 жылда стихиялық апат пен катастрофаның арқасында 3 млн артық адамдар қаза болған. Сол себепті төтенше жағдайдың алдын алу, оның әсерін жою қазіргі уақыттың актуальді проблемалары болып табылады.Төтенше жағдай бола қалған жағдайда адамдарды құтқарудағы білікті қимыл жасау, оларға керек көмек көрсету және апат ошағында құтқару жұмыстарын тиімді ұйымдастыру адам мен материалдық шығынды азайтуға мүмкіншілік жасайды. Төтенше жағдайдың болуына негізінен ішкі және сыртқы әсерлер ықпал етеді. Ішкі әсерге технологияның күрделілігі арнайы мамандардың аздығы, жобалау кезіндегі кемшіліктер еңбек және технологиялық тәртіптің төмендігі жатса, сыртқы әсерге кенеттен элекрэнергиясының газдың, технологиялық өнімнің немесе шикізаттың токтауы, сондай-ақ соғыс пен терроризим жатады. Төтенше жағдай келесі жағдайларда болуы мүмкін: қаупі бар көздің барлығы (жарылысқа арналған және радиоактивті заттар); апат ошағында адам мен жануардың қалып қоюы. Төтенше жағдай деп табиғи стихиялық пен техногенді апаттарда пайда болатын әскери, әлеуметтік және саяси сипаттағы, адам өмірінің, экономиканың, әлеуметтік және табиғи нормаларының кенеттен өзгеруіне алып келіп соғатын жағдайды айтады. Төтенше жағдай бұл аймағы жағынан үлкен маштабты және көптеген адамдарға төндіретін қауіпі бар оқиға. Көптеген жағдайда бұл оқиғаны авария және катастрофа деп те атайды. Бір қарағанда бұл екеуінің айырмашылығы жоқ. Ал олардың әкелген зияндығын, адам өлімін ескерген жағдайда ғана айырмашылығын білуге болады. Авария - бұл машиналар, технологиялық процестердің және т.б. өндірістік орындарда болатын апат. Олар жарылыстарға, өртке, улы заттарды ауаға немесе суға тастауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Бірақ бұл оқиғалардың әсері өте үлкен және адам шығыны көп емес. Катастрофа - бұл адам шығыны ауқымды болған жағдайдағы қайғылы оқиға. Ол бірнеше түрге бөлінеді: экологиялық катастрофа; өндірістік немесе көліктік катастрофа; техногендік катастрофа. Экологиялық катастрофа дегеніміз өмір сүру ортасына төтенше жағымсыз өзгеріс тудыратын үлкен өндірістік, транспорттық және стихиялық апаттар. Ол флора мен фаунаға, жерге,атмосфераға сонымен жалпы табиғатқа зиянын тигізетін құбылыс. Техногендік катастрофа - кенеттен механикалық, химиялық, радиациялық тағы с.с. энергиялардың тасталуы, адам және материялдық шығындарға алып келіп соғатын үлкен апаттардың әсерінен болатын апат түрі. Стихиялық апат- бұл қауіпті катастрофаға алып келетін геофизикалық, геологиялық, гидрогеологиялық, атмосфералық тағы сол сияқты процестер мен құбылыстардан тұратын апат. Бұл жағдай адамның өмір тіршілігін кенеттен өзгертіп материалдық ресурстарды бұзуға және құртуға әсер жасайды (19-сурет). 7.1.Төтенше жағдайды топтау Төтенше жағдай, пайда болу әсерінің таралуы немесе ауқымы, өркендеу жылдамдығы және төтенше жағдайды жою мүмкіншілігі жағынан топталады. Төтенше жағдай пайда болу жағынан –табиғи, техногенді, экологиялық, биологиялық, антропогендік, әлеуметтік және біріккен немесе қосылған болып бөлінеді. Техногендік төтенше жағдайға - техникалық обьектілерден туындайтын төтенше жағдайлар жатады. Мысалы, өрттер, жарылыс, химиялық қауіпті обьектілердегі апаттар, радиоактивті және химиялық заттардың тасталуы, ғимараттың қирауы және адам тіршілігіне қажетті жүйелердің апаттары. Табиғи төтенше жағдайға жер сілкісі, су алу, вулкан атқылауы, опырмалар, сел, дауыл, табиғи өрт және т.б. жатады. Экологиялық төтенше жағдайға атмосфераның ластануы, азот қабатының бұзылуы, жердің шөлге айналуы, жердің тұздануы, қышқылдың жаңбырлар және т.б. жатады. Биологиялық төтенше жағдайға эпидемия, эпизоотия және эпифитотия жатады. Әлеуметтік төтенше жағдайға - қоғамда болып жатқан оқиғалар: ұлтаралық конфликттер,терроризм,геноцид,соғыс және басқалар кіреді. Антропогендік төтенше жағдайлар адамның қате іс-әрекетінен туындайды. Жергілікті, бір жердің шеңберінен шықпайтын төтенше жағдайлар - бұл өндіріс орынының бір ғана жүйесінде,технологиялық тізбегінде,қондырғысында орын алған оқиға. Мұндай төтенше жағдайды жоюға сол мекеменің өз күштері жеткілікті. Төтенше жағдай обьектілері дегеніміз төтенше жағдайдың зардабы белгілі бір зауыттың, мекеменің, оқу орнының аумағынан асып кетпейтін кездегі жағдайды айтады. Бұл жағдайда да жергілікті төтенше жағдай секілді зардабын жоюға мекеменің өз күші жеткілікті. Жергілікті төтенше жағдай - бұл поселке, қала, аудан, облыс масштабындағы төтенше жағдай. Бұл төтенше жағдайдың зардабын жою үшін жоғарыда аталған әкімшілік –орталықтарының аумағындағы құзіретті органдар мен мекемелердің күштері мен құрамын жұмылдырады. Ұлттық төтенше жағдай - бұл үлкен региодағы және бірнеше облыстарды қамтыған төтенше жағдай. Ұлттық төтенше жағдайдың зардабын жою үшін регионалдағы масштабтағы құзіретті органдар мен өкіметтің арнайы құрған топтары айналысады. Сонымен қатар, құтқару жұмыстарына әскери орындардан да адамдар жұмылдыру ықтимал. Глобальді төтенше жағдай - бұл төтенше жағдайдың зардабының ауқымдылығы бірнеше облыстарды, республика масштабын және шекаралас елдерді қамтиды. Оның зардабын жою үшін әскерді жұмылдырады. Атап айтқанда төтенше жағдай, қорғаныс, ішкі әскер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитетін. Құтқару жұмыстарымен арнайы құрылған үкімет комиссиясы айналысады. 19-сурет Төтенше жағдайды топтау 7.2. Бейбіт уақыттағы төтенше жағдай Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайды 5 топқа бөлуге болады: қоршаған ортаға зиянды заттарды тастауға алып келіп соғатын; жарылыс,өртке алып келіп соғатын; көлік комуникациясындағы орын алатын қатынас жолы; әскери саясаттық сипатта болатын; стихияға (бедетвия) әкеліп соғатын. Төтенше жағдай кезінде қоршаған ортаға зиянды заттарды тастауға алып келіп соғатын жағдайларға: атом электрстанцияларындағы апаттар; атомдық кемедегі апаттар; ғылыми-зерттеу орталықтарындағы ядролық қондырғыларындағы апаттар; зиянды химиялық және биологиялық обьектлердегі апаттар. Жарылыс,өртке алып келіп соғатын төтенше жағдайларға жататындар: елді мекемелердегі өрттер; көлік қатынастары мен обьектілердегі жарылыстар; тұрғын үйлердегі жарылыстар. Көлік жол қатынастарында орын алатын төтенше жағдайларға төмендегілер жатады: авиациялық катастрофа; темір жол көліктерінің соқтығысуы мен жолдан шығып кетулері; су жол қатынастарындағы апаттар. Оған су жүйесінің мұнай өнімдері мен улы зиянды заттармен ластануы жатады; құбырлардағы апаттың әсерінен тасымалданушы заттың ауаға тасталуының арқасындағы қорған ортаның зиянға ұшырауы. Бейбіт уақыттағы әскери саясаттың сипаттағы болатын төтенше жағдайларға жататандар: ядролық қаруды тасмалдаушының апатқа ұшырауы; әскери қоймаларға, байланыс торабына, басқару пунктеріне жасалынатын әскери шабуылдар; қоғамға қарсы және ұлтшыл топтардың әрекетімен болған халықтың арасындағы қозғалыстар. Стихиялық апатқа әкеліп соқтыратын төтенше жағдайлары төмендегідей: геологиялық сипаттағы стихиялық апат; метеоралогиялық сипаттағы стихиялық апат (боран, бұрқисын т.б.); гидрогеологиялық сипаттағы стихиялық апат (тасқын, цунами т.б.); табиғи өрт. 7.3.Техногендік сипаттағы төтенше жағдай Техногендік сипаттағы төтенше жағдай адамның өндірістік қызметіне байланысты және ол қоршаған ортаның ластануы және де ластамайтын жағдайда болуы мүмкін. Қоршаған ортаны ластауы өндіріс орындарының апаты әсерінен радиоактивті химиялық және биологиялық қауіпті заттардың ауаға тасталуына байланысты. Радиоактивті заттарды тастау қаупіне жататын апаттарына атом станцияларындағы ядролық қондырғылардағы, атом кемелеріндегі және тағы басқа апаттары жатады. Химиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға химиялық өндірістер мен обьектілердегі химиялық улану заттар қоймаларындағы апаттар және сол сияқтылар жатады. Биологиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға өндіріс орындары мен зерттеу орталықтарындағы бактериалдық құралдарды даярлау, жасап шығару,өндеу және тасымалдау кездегі апаттар жатады. Қоршаған ортаға зиянды заттар тастамайтын төтенше жағдайларға жарылыс, өрт, ғимараттардың құлауы және т.б. апаттар жатады. 7.4.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері Қазіргі кезде қоршаған ортаға және адамға тікелей зияны бар өндіріс орындары көптеп саналады. Бірақ ондағы технологияның деңгейі бақылау және жұмыс жүргізуі, сонымен қатар, орындау тәртібінде талапқа сай емес жағдайлар кездесуде. Оның үстіне бұл жағдайды экономикалық кризиспен экологиялық проблемалар қиындатып жіберді. Өндіріс орында болып жатқан апаттар мен катастрофаны талдап көргенде олардың орнын алатын жағдайлары технологиясы ескі, техникалары өзіндік ресурстарын тауысқан өндіріс орындарында көп кездесетіні анықталық отыр. Сонымен қатар қауыпты өндірістердің мекен жайларға жақын орналасуы да өзінің әсерін беруде. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай Химиялық қауіпті объектілердегі апаттар Радиациялық қауіпті объектілердегі апаттар Өрт және жарылыс қауіпі бар объектілердегі апаттар апаттар Көліктегі апаттар (темір жол, автокөлік, әуе, су және метро) Гидродинамикалық қауіпті объектілердегі апаттар Коммунаолды және электр жүйесіндегі апаттар Сурет-20 Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды топтау 7.5. Химиялық қауіпті обьектідегі апаттар Химиялық өндіріс халық шаруашылығында кеңінен пайдаланады.Бірақ кейбір кездерде кішігірім апаттар орын алуда.Ол апаттар әсерінен химиялық зиянды заттар атмосфераға тасталынып қоршаған ортаны ластауда.Химиялық өндірістің қауіпсіздігі шикізаттың және өнімнің физика химиялық қасиетіне,қондырғылардың сенімділігіне, технологиялық процестің сипатына, химиялық зиянды заттардың сақталу және тасмалдау шарттарына, бақылау құралдардың деңгейі мен жағдайына, мамандардың профессионалдық біліктігі мен дайындығына және апатқа қарсы құралдардың тиімділігіне байланысты.Химиялық қауіпті заттардың тасталуы химиялық ластануға әкеліп соғады. Химиялық қауіпті заттар адам организміне тыныс алу жүйесі және тері арқылы енеді. Химиялық қауіпті заттар адам организміне жара беттеріне де кіреді. Химиялық қауіпті заттар адам организміне әсер жағынан 4 қауіпті классқа бөлінеді: Өте қауіпті. Жоғары қауіпті. Орта қауіпті. Қауіптілігі аз. 7.6. Химиялық қауіпті обьектілердегі апатты топтау Химиялық саладағы апаттар 2 категорияға бөлінеді: жарылыс салдарынан болған апаттан технологиялық тізбектің және инженерлік қондырғының бұзылуы; апат салдарынан қосымша технологиялық және негізгі қондырғылардың зақымдануы. Химиялық апаттардың топталуы. Жеке. Обьектілі. Жергілікті. Регионалды. Глобальды. Жеке - зақымдағы улы заттарды атмосфералық ауаға тастамаған апат. Обьектілі-зияндығы жоғары улы заттардың санитарлық қорғау зонасының радиусынан аспайтын апат. Жергілікті-зияндылығы жоғары улы заттардың қоймасының қирауынан туындаған апат. Регианалды-зияндылығы жоғары улы заттардың үлкен көлемді тасталуына алып келген апат. Глобальді-үлкен химиялық қауіпті өндірістік барлық зияндылығы жоғары улы заттардың барлық қоймаларының толық қирауының салдарынан болатын апат (20-сурет). 7.7. Радиакциялық қауіпті обьектілердегі апаттар Қазіргі кезде көптеген шаруашылық және ғылым салалары радиактивті заттар мен жедел сәулесінің көздерін пайдалануда. Ядролық энергетикада жоғарғы қарқынмен өркендеуде. Осыған орай бұл салаларда да апат орын алуы мүмкін. Апат болған жағдайда мекендеген жай радиактивті ластануға және адамдар сәулеленуге душар болар. Локальді апат-бұл радиактивті заттар мен жедел сәуленің радиактивті қауіпті обьектілердегі қондырғылардың істен шығуының арқасында қондырғы технологиялық тізбектің қисында және ғимараттық белгіленген нормадан аспай байқалады. Жергілікті апат-бұл радиактивті заттар мен жедел сәуленің радиактивті қауіпті обьектілеріндегі қондырғылардың істен шығу арқасында санитарлық қорғау аумағында белгіленген нормадан аспай байқалуы. Жалпы апат-бұл радиактивті заттар мен жедел сәуленің радиактивті қауіпті обьектілеріндегі қондырғылардың істен шығуының арқасында санитарлы қорғау аумағынан тыс жерде белгіленген нормадан артық мөлшерде байқалуы. Негізгі радиактивті қауіпті обьектілерге: атом станциялары, ядролық отын дайындайтын өндіріс орындары, радиактивті қалдықтарды көму және өндеу орындары, ядролық реакторы бар ғылыми және жобалау институттары, ядролық энергетикалық қондырғылары бар көліктер жатады. Жедел сәуле көздері Жедел сәуле көздері табиғи және техногенді болып бөлінеді. Табиғи сәуле көздеріне жер радиакциясы мен ғарыштық сәулелер кіреді. Техногендік сипаттағы жедел сәуле көздеріне жататындар: медициналық апаттар. Бұлар техногендік сәуленің 50% құрайды; ядролық отын комплексіндегі өндіріс орындар; ядролық қаруды сынақтан өткізу. 7.8. Өрт және жарылыс қаупі бар обьектілердегі апаттар Өрт - бұл жану салдарынан материалдық байлықтың жойылуы және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдай. Жану дегеніміз жанушы зат пен ауадағы оттегінің арасындағы тез жүретін сонымен бірге газ, жылу және жарық бөлетін процесс. Жану толық және толық емес болып бөлінеді. Толық жану оттегі жеткілікті жағдайда, ал толық емес жану оттегі жеткіліксіз жағдайда жүреді. Өзі тұтану (самовоспламенения) химиялық процесстің әсерінен болатын жағдай. Өзі тұтанудың температурасы әр түрлі факторлардан тұрады. Атап айтқанда жанушы қоспаның құрамы мен көлемі ортаның қысымы т. б. байланысты. Көптеген газдар мен сұйықтар 400-700 °С аралығында, ал қатты денелер (ағаш, көмір) -250-450 °С аралығында тұтанады. Өрт және жарылыс қауіпі бар обьектілерге жарылу және тұтану қауіпі бар заттарды өндіру, сақтау және тасмалдаушы өндірістер жатады. Жарылу, өрт пен жарылыс, және өрт қауіпі бойынша өрт және жарылыс қауіпі бар обьектілер 5 категорияға бөлінеді (А,Б,В,Г,Д). Бұлардың ішіндегі өте қауіптілері А,Б,В кетегориялары. А категориясына - мұнай өңдеу зауыттары, химиялық өндірістер, мұнай өнімдері қоймалары мен құбырлар кіреді. Б категориясына - көмір шаңын, ағаш ұнтағын, қант пурдасын дайындайтын және тасымалдайтын, сонымен қатар диірменнің ұнтақтан бөлімдері кіреді. В категориясына-ағаш кесу, ағаш өңдеу және столярлық өндірістері кіреді. Г- категориясына ыстық күйіндегі жанбайтын заттарды өңдеу және тасымалдау өндірістері мен қоймалары кіреді. Д- категориясы салқын күйдегі жанбайтын заттар мен материалдарды сақтау өндіріс орындары мен қоймалары жатады. Барлық құрылыс материалдары мен конструкциялары жану жағынан 3 топқа бөлінеді: жанбайтын, қиын жанатын және жанғыш. Жанбайтын деп жоғары температура мен оттың әсерімен тұтанбайтын және жанбайтын материалдарды айтады. Қиын жанатын деп жоғары температура мен оттың әсерімен қиын тұтанатын және от ошағы болған жағдайда ғана жанатын материалдарды айтады. Жанғыш деп жоғары температурада немесе оттың әсерімен тұтанып кететін және от ошағынан алып тастағанда да жана беретін материалдарды айтады. Үлкен өндіріс орнындағы және елді мекендердегі өрттер жеке және жалпы болып келеді. Жеке бұл бір ғимарат пен құрылымда болатын өрт. Жалпы бұл елді мекендегі өндіріс орындарындағы ғимараттардың 25 % алып жатқан өрт. 7.9. Өртті сөндіру құралдары мен жолдары Өртті сөндіруде әр түрлі өртті басу сұйықтары пайдаланады. Олардың ішінде кең тарағаны химиялық және ауалы механикалы көбіктер. Химиялық көбіктер қышқыл мен карбанат немесе бикарбанаттың араласуынан пайда болады. Ал ауалы механикалық көбік ауаның (90 %) судың (9,6-9,8 % ) және көбіктенуінің (0,2-0,4 %) қоспаларынан тұрады. Мұндай қоспалар адамға зиянсыз және ток өткізбейді. Тиімді өрт сөндіруші заттарға инертті газдар да жатады. Олар жанып жатқан заттардың булары мен қышқыл газдарымен араласып оттегінің канцентрациясын төмендетіп оттың сөнуіне себеп береді. Инертті газдар көлемі кіші жабық бөлмелеріндегі және ашық жерлердегі отты өшіруде тиімді. Отты өшіруде ұнтақ түріндегі қатты от өшіру заттарды да пайдаланады. Оларға альбумин, көмірсутекті және екі көмірсутекті сода, құм, құрғақ жер т. б. жатады. Бұлар өз салмақтарымен жанып жатқан жерді басып жану аумағымен жанушы затты бөлу арқылы өртті өшіреді. Мұнай өнімдеріндегі болған өрттерді сөндіруде өртті галландірленген калиреудегі негізіндегі өртті басуға арналған құрам көп қолданылады. Өртті өшіруде екікөмірқышқыл және көмірқышқыл содасының су ертіндісі аммонидің хлорлы су ертіндісі пайдаланады. Тұздың су ертіндісінің де отты басу қасиеті бар. Олар жанып жатқан заттың бетіне жұқа қабат түзіп оттың арасын бөгейді. Ең қарапайым өрт сөндіру құралдарына сұйықты және көбікті өрт сөндіргіштер жатады. Олар ішінде қышқыл сұйық құйылған темір баллон түрінде болады. Ол темір баллонның ішіне шыныдан немесе полиэтилен пакетінен жасалған күкірт қышқылы құйылған ыдыс орнатылады. Керек жағдайда өрт сөндіргіштің арнайы түтігін төмен қаратып соған күкірт қышқылы құйылған ыдысты сындыру арқылы пайдаланады. Сол кезде қышқыл, сілті сұйық пен әрекеттесе бастасы мен көпірік пайда болып химиялық әрекеттесу реакциясы жүреді де сонымен қатар үлкен қысым пайда болады. Соның арқасында өрт өшiргiштен көпiрiк атқылай бастайды. Ол өрт сөндiргiштiң көбiк атқылау мерзiмi 60 см. Көпiрiктiк өрт сөндiргiштердiң артықщылығы көптеген жанып жатқан заттарды өшiруге мүмкiншiлiгi бар сондай –ақ жанып жатқан сұйық заттарды(май, керосин, бензин, мұнай) заттарды қондырғылар мен құралдарды сөндiрушiн көмiр қышқылды өрт сөндiргiштi пайдаланады. Мұндай өрт сөндiргiш металл балоны түрiнде кездеседi. Оның iшiнде қысымы 170 кг\см -ден тұратын сұйық көмiрқышқыл болады. Баллон қорғағыш мембраномен қамтамасыз етiлген. Жанып жатқан затты сөндiру үшiн баллонның шашу түтiкшесiн артқа қарай бұрып жақындатсақ жеткiлiктi мұндай өрт сөндiргiштердiң өрт сөндiруге кететiн уақты 25 –60 секунд. Ал атқыламаның ұзындығы 1,5 –3,5 метр. Өрт сөндiрудi пайдалану ережесi бойынша өртсөндiргiш баллоны әр 3 айда зарядталуы тиiс. Барлық өндiрiс орындарында арнайы өрттi сөндiруге арналған құралдардан тұратын болады. Ол шиттер өрттi сөндiруге керек(шелек, балта, лом) қамтамасыз етiлу керек. Бұл құралдарды басқа мақсатта пайдалануға болмайды. Өндiрiс орындарында арнайы өртке қарсы су құбырыда болуы тиiс. өртке қарсы су құбыры үлкен және кiшi қысымды болып келедi. Үлкен қысымды су құбырына станоктарды су құйғыш орнатылады. Ал кiшi қысымды су құбыры жылжымалы су құйғыштармен қамтамасыз етiледi. Өрт сөндiру су құбырларының гидранттары жолдың бойында және бiр –бiрiнен 100 –150 м қашықтықтан сонымен қатар ғимарат қабырғасынан 5м қашықтықтан кем болмайтын жерде орналасады. Өрт сөндiру гидранттары ғимараттардың баспалдақ ауласында да орналасуы мүмкiн. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланатын перспективтi бағыттардың бiрi автоматты өрт сөндiргiш қондырғылары. Ондай қондырғыларға спринклерлiк және дренгерлiк қондырғылары жатады. Дренчерлiк өрт сөндiргiш қондырғысы өртте сумен автоматы және қашықтықты жүйеде сөндiредi. 7.10. Көлiк апаттары Қазiргi таңда кез келген көлiк қауiп көзi. Темiр жол апаттарының негзгi себептерiне жолдың қозғалмалы құрамының ақауы, диспечерлердiң қателiгi, машинисттердiң жауапкершiлiксiздiгi. Көп жағдайдағы апаттар темiр жол көлiктерiнiң жолдан шығып кетуiнiң, соқтығысуының, вагондардағы өрттер мен жарылыстың арқасында болып жатады. Қазiрiгi заманның негiзгi проблемеларының бiрi автомобиль жолдарындағы қауiпсiздiктi сақтау болып отыр. Жол көлiк оқиғалардың арқасында адам шығыны көптеп саналуда. Олардың 75% көбi жүргiзушiлердiң жол қозғалысының ережелерiн сақтамаудан болуда. Қолданылып отырған iс әрекеттерге қарамастан әуе көлiгiнiң апаттары азайар емес. Атап айтқанда, двигательдiң өшіп қалуы, байланыс, тоқ беру жүйелерiнiң iстен шығуы апатқа әкелiп соқтыруда. Кемелердегi көптеген iрi апаттар борандар мен дауылдардың, тұман және экипаждың қателiктерінiң арқасында орын алуда. Көптеген апаттар кеменi жасаған және жобалаған қателiктердiң кесiрiнен де болып жатады. 7.11. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың сипаттамасы Тибиғи сипаттағы төтенше жағдай адам тіршілігі басталғаннан бері қауіпін төндіруде. Табиғи катастрофалардың әсерінен жер шары бойынша әр 100000 адам өлуде. Табиғи катастрофалардың қысқа мерзімде үлкен аумақтағы елді мекенді құртып жіберуге дейін мүмкіншілігі бар. Ол өзінің күтпеген жерден болатындығымен қауіпті. Табиғи катастрофаның тағы да бір қауіптілігі – оның болғаннан кейінгі салдары. Табиғи катастрофа болғаннан кейін ол жерде эпидемиялық аурулар, аштық т.б. жағдайлар орын алуы мүмкін. Табиғи төтенше жағдайдың орын алуына антропогендік әсердің де ықпалын айта кеткен жөн. Барлық табиғи катастрофалардың бір бірімен байланысы бар. Атап айтқанда, жердің сілкінуі мен цунамидің, тропикалық циклондар мен су тасқындарының. Жердің сілкінуінен өрттер, газдардың атылуы платинаның жарылуы орын алып, ол оқиғалар да өздерінің күшті әсерлерін тигізіп жатады. Вулканның атқылау жайлауды ластап, жан-жануарлардың өлуіне, аштыққа соқтырып жатса, екінші жағынан атмосфералық ауаныда ластайды. Ал көшкіндер (паводок) жер асты суларын ластап, құдықтарды уландырып, инфекциялық ауруларды ұшқындырады. Осыған орай табиғи стихиялық құбылыстардың бір-бірімен байланысын қарастырып көрейік. Табиғи катастрофадан қорғану әрекеттерін жоспарлай отырып, оның зардабын азайтуға болады. Табиғи төтенше жағдайдан қорғаудың негізі болып апаттың себебі мен механизмін ғылыми түрде зерттеп, білуге болады. Табиғи апаттың орын алу процессін біле отырып оның қандай мөлшерде, қандай болатын екенін болжауғада болады. Ал уақытылы және дәл болжап, апаттан қорғаудың тиімді жолдарын қарастыруға, шығынды барынша азайтуға мүмкіншілік жасайды. Табиғи қауіп қатерден қорғау активті және пассивті болып бөлінеді. Активті қорғауға инженерлік техникалық құрылымдар салу, құбылыс механизмін инвентаризациялау, табиғи объектілердегі құрылымдар мен құрылыстарды реконструкция жасау. Пассивті қорғауға панаханаларды пайдалану. Көп жағдайда табиғи апаттан қорғану кезінде активті және пассивті әдістерді бірге пайдаланады. Геологиялық сипаттағы төтенше жағдай Геологиялық сипаттағы құбылыстың әсерінен болған стихиялық апаттарға жер сілкінісі, вулканның атқылауы, опырмалар, қар көшкіні, сел және т.б. жатады. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай Геологиялық - жер сілкінісі, вулкан атқылауы, опырмалар, сел. Метеорологиялық – боран, бұрқасын, смог, дауыл . Гидрогиологиялық – су тасқыны, цунами, тайфун . Табиғи өрттер – ормандық және далалық Биологиялық – эпидемия, эпизоотия, эпифитотия. Ғарыштық – астероиттар, каметалар, сәулелену. Сурет-21 Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың топталуы 7.12. Жер сілкінісі Жер сілкінісі кенеттен, ойламаған жерден пайда болатын және ең қауіпті табиғи аппаттардың бірі. 21-сурет Жер сілкінісі көптеген материалдық және адам шығынына душр еткізеді. Жердің қатты сілкінісінде жердің жарылуыда ықтимал. Белгілі мәліметтерге жүгінсек бір жылда жер бетінде 100 мыңнан астам жер сілкінісі болады екен. Қазақстанның 450 мың шаршы километрі жер сілкіну қауіпі бар аумақта болғандықтан бұл жағдай бізге өте өзекті мәселердің бірі болып саналады. Себебі 27 қала және 400 ден астам мекендер мен 6 миллионнан астам халық тұрады да, 30% өнеркәсіппен 35%-ға жуық тұрғын үй қоры шоғырланған. Сонымен қатар, жер сілкінісінен қорғауға үкімет үлкен мән беріп отыр. Осыған орай жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар қабылданған. Ол шаралар төмендегілерді қамтиды. Кесте . Жер сілкінісінің магнитудалық М – шамасын сипаттайтын Рихтер шкаласы Баллдар Жер сілкінісі зардабы 0 Өте жай жер сілкінісі. Бұл жағдайды тек құралдар көмегімен ғана анықтауға болады. 1 Адамдарға еш білінбейді. 2 Ғимараттар мен тұрғын үйлердің жоғарғы қабаттарында ғана байқайға болады. 2,5-3,0 Ғимараттың барлық қабаттарында байқауға болады. Ілініп қойылған теңселіп тұрады. 3,5 Есіктер мен терезелер ашалып жабылып тұрады 4-4,5 Ғимараттардан тыс жерде де байқалады. Су қоймасымен су жинаған жерлердегі судың бетінде толқындар пайда болады. Эпицентрге жақын жерлердегі ғимараттарде кішігірім сызат(трещина) пайда болуы мүмкін. 5 Бір атом бомбасының энергиясына сәйкес. Жүріп келе жатқан адамдар тепе-теңдігін жоғалтады, әйнектер сынып, қабырғаның штукатуркасы жарылады. 6 Кейбір жерлерге әжептеуір нұқсан келуі мүмкін. Жыл сайын мұндай жер сілкінісі 100-дің шамасында. Адамның өз аяғында тұруы қиындайды және сейсмикалық тұрақты емес ғимараттар құлап, бұзыла бастайды. 6,5 Жерге сызат түсе бастайды. Ескерткіштер және т.с.с құлай бастайды. 7,0 Қатты жер сілкінісі. Жалпы дүрбелең болады (паника). Тұрғызылған құрылыстар құлап бұзылады. Жер асты құбырлар жарылып, үзіліп кетеді және жердегі сызат үлкен болып білініп тұрады. 7,5 Құрылымдардың көптеген бөлігі бұзылады және опырмалар орын алуы мүмкін. 8 Жер астындағы құбырлар түгелдей және темір жол, трамвай жолы істен шығады 8,5 Энергиясы бір атом бомбасының әнергиясын 1 000 000 есе көп болады. 9 Ғимараттар толығынан құлап заттар ауада ұшып жүреді. Жалпы алғанда жер сілкінісі – бұл жер қыртысының немесе мантияның үстінгі бөлігінің кенеттен болған жылжуының және үзілуінің нәтижесінде пайда болатын, сонымен қатар үлкен қашықтыққа толқын ретінде берілетін жер асты қозғалысы мен жер бетінің толқыны. Жер сілкінісі кезінде апаттың ауқымды бөлігі оның ошағында болады. Жер сілкінісінің ошағы – бұл жер қабатының бір бөлігі көлеміндегі энергиясының бөлінісі. Ошақтың ортасы эпицентр деп атайды. 1935 жылы Калифорниялық технологиялық институтының профессоры У.Рихтер жер сілкінісі энергиясын бағалау үшін магнитуда шамасын ұсынды. Қазіргі кезде де осы Рихтер шкаласы бойынша жер сілкінісінде пайда болатын сейсмикалық толқынның энергиясын бағалау жүргізілуде. Жер сілкінісінің шығынын азайту үшін төмендегі іс-әрекеттер жасалынады: сейсмикалық бақылау мен жер сілкінісінің болжамын республикалық денгейде дамыту; сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу; халықтың сейсмикалық білімін арттыру; хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру; жер сілкінісі кезінде азаматтық қорғаныс күштерін тарту және тұрақты дайындықта ұстау. 7.13. Халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеті Жер сілікінісі кезінде ғимарат ішіндегі кез келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін дүмпуді алдын ала күте тұруға болатын, салыстырмалы қауіпсіз орынды білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек. Тұтас ішкі қабырғалардың ойықтары, қабырғалардың бұрыштары, есік жақтауының ортасы, мықты үстел, белағаш өтетін жер ең қауіпсіз орындар болып табылады. Спитактағы жер сілкінісі кезінде (07.12.88ж.) ванна ішіндегі 6 адам тірі қалған. Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың шыныланған ойықтары, соңғы қабаттардағы шеткі бөлмелер, лифтілер, саты алаңы мен балкондар жатады. Зілзала кезінде ғимараттан ешбір кедергісіз жылдам шығу үшін дәліздерді, өтетін жерлерді, баспалдақ торларын, ішкі және сыртқы есік ойықтарын аса қажетсіз дүние - мүлікпен ыбырсытпау керек. Егер сіз ғимараттың 1-2 қабатында болып, одан шыққыңыз келсе, онда алғашқы дүмпу кезінде дабырасыз жылдам қимылдаңыз. Бірінші қабаттан тез шығу үшін терезені немесе балконды пайдалануға болады. Ғимараттың жоғарғы қабатындағы адамдар бастарын қолға түскен затпен (түк табылмаса қолмен) жауып, дүмпуді салыстырмалы қауіпсіз орнында тоса тұрулары қажет. Ғимараттан арқаны қабырғаға тірей отырып шығу керек, ал қабырға жалаң болса оны айналып өткен жөн. Жеке үйдің иелері қажетті жағдайда оны сейсмолық тұрғыдан күшейтуі кажет. Ұйымның бүкіл қызметкерлері ғимараттың сейсмо төзімділік дәрежесін білуге тиіс. Бүкіл құрылымдық бөлімдерге негізгі шыға беріс жолын, қозғалыс бағытын, ғимарат пен аумақтағы қауіпсіз алаңдарды бекітіп берген жөн. Жұмыс істейтін барлық қызметкерлер жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер баяндалған жаднама-буклеттерді оқуға тиіс. Қазақстан аумағының сейсмо қауіпті аймағында жер сілкінісінің жиілігі әртүрлі. Қазіргі ғылым алапат сейсмикалық құбылыстың уақыты мен кіндігін әзірше дәл болжай алмайды. Сондықтан да жер сілкінісі кезіндегі әзірлік шараларына даярлануды, іс-әрекеттер тәртібін алдын ала білуге тиіс. Сейсможаттығу адамдардың жер сілкінісі кезіндегі дұрыс іс-әрекеттерге дағдылануына үлкен септігін тигізеді. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің Төтенше жағдайларды ескерту және іс-өрекеттер бойынша халық пен мамандарды оқыту жүйесін құру жөніндегі шаралар туралы 1993 жылғы 30 қыркүйектегі №969 Қауылысында сейсмо қауіпті аймақта орналасқан барлық объектілерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда тоқсан сайын сейсможаттығу өткізу белгіленген.

Источник: http:freerefwievjob.php?id=22887



Ұқсас жұмыстар

Уланғандағы көрсетілетін алғашқы көмек
Химиялық қауіпті обьектілердегі апаттар
Техногендік сипаттағы төтенше жағдай
Техногенді сипаттағы апаттар.
Химиялық қауіпті нысандағы авария». Апаттың туындау себептері мен белгілері
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдай
Атмосфералық ауаны қорғау шаралары
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ пәні бойынша дәрістер жинағы
Зерттеулердің әдістері мен көлемі
Табиғаттың ластануы: атмосфера, гидросфера, литосфера және оны болдырмау
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
МЫҢЗЫҚҰЛЫ ЕДІЛ ҚАҒАН
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК
ҚҰТЫЛЫҒҰЛЫ КҮЛТЕГІН
ШЫҢҒЫСҰЛЫ ЖОШЫ ХАН
ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
ЖАМАҚҰЛЫ БЕЙБАРЫС
СӘБИТҰЛЫ АСАНҚАЙҒЫ
СҮЙІНІШҰЛЫ ҚАЗТУҒАН
БОЛАТҰЛЫ КЕРЕЙ ХАН