Статистика пәнінен білімгерлердің білімін бағалауға арналған сұрақтар

Тест тапсырмалары арқылы студенттердің білімдерін бақылау түрі ретінде республиканың жоғары оқу орындарында өткен жүз жылдықтың 90–шы жылдарынан бастап кеңінен қолданылды. 1993 жылы ҚазақстанРеспубликасы Білім беру Министрлігінің О разработке инструментария аттестации учебных заведений №371 бұйрығы бойынша барлық оқу мекемелерінде тестілерді құру жəне мамандардың дайындық деңгейін көтеру мақсатында оқу үрдісіне енгізу міндеттері жүктелді.
Тест тапсырмалары білімгерлердің білім деңгейін тексеруде маңызды, тиімді жəне негізгі əдіс болып отыр.
Тест – бұл стандартталған тапсырма, оның орындалу нəтижелеріне сəйкес тексерілушінің білімі, білігі жəне дағдыларының деңгейін бағалау жүргізіледі. Білімгерлердің білімдерін тиімді бағалау əдістерінің бірі.
Əдістің артықшылығы:
тестілеу арқылы бағалаудың объективтілігінің артуы;
бағалаудың жылдам жүргізілуі;
қарапайымдылығы мен түсініктілігі;
тестілеу нəтижелерінің компьютерлік тəсілмен өңдеулігі;
бағалаудың статистикалық əдістерін қолдану мүмкіндігі.
Тестілеу оқыту деңгейін бақылаудың дəстүрлік жүйесіне маңызды толықтырушы болып табылады. Білімгерлердің білім сапасының деңгейлерін тестілеу арқылы бағалау үшін арнайы педагогикалық тестілер жасалады.
Тестілеудің негізгі мақсаты жоғары оқу орнының мамандарды дайындау сапасын ішкі басқару міндеттеріне, сонымен бірге түлектерді қорытынды аттестациялау, мемлекеттік аттестациялау міндеттеріне байланысты өткізу.
Педагогикалық тестің белгілі мазмұны, өзіне тəн пішіні бар, əрбір тексерілуші білімін сапалы бағалауға жəне тиімді өлшеуге мүмкіндік беретін есептермен (немесе) cұрақтардың жүйесі ретінде анықталады.
Кейінгі кездегі тест тапсырмалары деңгейленіп құрастырылады:
I деңгей – тану;
II деңгей – жаңарту;
III деңгей – білімді, білікті жəне дағдыны ұғына отырып қолдану;
IV деңгей – шығармашылық деңгей, студент білімінің ең жоғарғы деңгейі, терең білім көрінісі болып табылады.

1-ші межелік бақылау тестілері
Статистика пәнінен
білімгерлердің білімін бағалауға арналған сұрақтар

$$$1
Статистика теориясының пәні не?
А) қоғамдық құбылыстардың сапалық жағын зерттеу
В) қоғамдық өмірдегі бұқаралық құбылыстар
С) қоғамдық құбылыстарды, процестерді сандық және сапалық жағынан тығыз байланысты зерттеу
D) қоғамда болып жатқан фактілердің сандық жағын оқыту
E) сандар тізбесі

$$$ 2
Статистиканың жалпы теориясының теориялық базасы не болып табылады?
А) экономикалық теория және әртүрлі экономикалық қатысулар
В) философия
С) тарих
D) социология
E)барлық жоғарыдағылар дұрыс

$$$ 3
Статистиканың жалпы теориясы статистикалық мәліметтерді талдауда қандай әдістерді қолданады?
А) статистикалық бақылау
В) мәліметтерді жинақтау және топтау
С) нақты және қатысты шамалар
D) индекстер
E) барлық жоғарыдағылар дұрыс

$$$ 4
Статистиканың жалпы теориясының міндеттері қандай?
А) статистикалық мәліметтерді талдау
В) ағымдағы,оперативтік,перспективалық жұмыстардың артынан бақылау
С) мемлекеттік органдарды сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету
D) коммерциялық,акционерлік құрылымдарды нақты,қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету
E) барлық жоғарыдағылар дұрыс

$$$ 5
Индукция дегеніміз бұл -
А) жеке ойдан жалпыға ауысу
В) жалпы ойдан жеке ойға көшу
С) біртектес элементтер жиынтығы
D) қоғамдық құбылыстың өзара қарым -қатынасы
E) мемлекеттің жағдайын жетік білу

$$$ 6
Қазақстанда алғашқы статистика органы қай жылы құрылды?
А) 1948 жылы
В) 1931 жылы
С) 1995 жылы
D) 1919 жылы
E)1930 жылы

$$$ 7
Жиынтық бірліктер дегеніміз не?
А) әлеуметтік-экономикалық құбылыстың көлемін сандық түрде сипаттау
В) қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеудегі біртектес элементтерден тұратын көрсеткіштер
С) қоғамдық құбылыстардың өзгерістерін жүйелі түрде есепке алу
D) мерзімді баспаларда жарияланатын сандық көрсеткіштер
E)сандық көрсеткіштің өзіне тән ұғым түрінде берілуі

$$$ 8
Жиынтық бірліктердің әрқайсысын сипаттайтын ортақ қасиеттері статистикада қалай аталады ?
А) сапа
В) өзгермелілік
С) белгі
D) топтау
E) өңдеу

$$$ 9
Белгілер қалай бөлінеді?
А) сандық және сапалық
В) жай және күрделі
С) үзіліссіз және үзілісті
D) ағымдағы және кезеңдік
E) бір жолғы және мерзімдік

$$$ 10
Сапа дегеніміз не?
А) зерттелген әлеуметтік-экономикалық құбылыстың көлемін сандық көрсеткіштер түрінде сипаттау
В) әлеуметтік-экономикалық процестерді жинау және топтау
С) әрбір сандық көрсеткіштің өзіне тән ұғым түрінде берілуі
D) белгілердің жиынтықтың әрбір бөлігінде әр түрлі мәнге ие болуы
E) қоғамдық құбылыстың сандық құралының негізгі бөлігі

$$$ 11
Қазақстанда статистика туралы заң мен ереже қай жылы қабылданды?
А) 1948 жылы
В) 1931 жылы
С) 1995 жылы
D) 1996 жылы
E) 1930 жылы

$$$ 12
Статистика ғылымының дамуы, бастамасы қай елден басталды?
А) Қытай
В) Англия
С) Ресей
D) Бельгия
E) Италия

$$$ 13
Әрбір сандық көрсеткіштің өзіне тән ұғым түрінде берілуі қалай аталады?
А) өзгермелілік
В) белгі
С) сапа
D) бақылау
E) топтау

$$$ 14
Статистиканың сандық жағы дегеніміз не?
А) зерттелген әлеуметтік-экономикалық құбылыстың көлемін сандық көрсеткіштер түрінде сипаттау
В) әлеуметтік-экономикалық процестерді жинау және топтау
С) әрбір сандық көрсеткіштің өзіне тән ұғым түрінде берілуі
D) белгілердің жиынтықтың әрбір бөлігінде әр түрлі мәнге ие болуы
E) қоғамдық құбылыстың сандық құралының негізгі бөлігі

$$$ 15
Статистикадағы өзгермелілік дегеніміз не?
А) зерттелген әлеуметтік-экономикалық құбылыстың көлемін сандық көрсеткіштер түрінде сипаттау
В) әлеуметтік-экономикалық процестерді жинау және топтау
С) әрбір сандық көрсеткіштің өзіне тән ұғым түрінде берілуі
D) белгілердің жиынтықтың әрбір бөлігінде әр түрлі мәнге ие болуы
E) қоғамдық құбылыстың сандық құралының негізгі бөлігі

$$$ 16
Статистикалық әдістер өздерінің қолданылуына қарай қандай сатыларға бөлінеді?
А) статистикалық бақылау
В) статистикалық көрсеткіштерді топтау, өңдеу және жинақтау
С) статистикалық көрсеткіштерді талдау және қорытындылау
D) нақты, қатысты және орташа шамалар
E) статистикалық бақылау, топтау және жинақтау, талдау және қорытындылау

$$$ 17
Статистикалық бақылау дегеніміз не?
А) жиналған мәліметтерді өңдеу, топтау
В) жинақталған мәліметті қортындылау
С) зерттеу нәтижелерін тұжырымдау
D) қоғамдық құбылыстар, процестер туралы мәліметті жинау,тіркеу
A) сандық көрсеткіштердің өзіне тән ұғым түрінде берілуі

$$$ 18
Статистикалық жинақтау, - бұл:
А) қоғамдық құбылыстар мен процестерді белгілеріне қарай топтарға бөлу
В) бақылауда жинақталған мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеуді және жиынтық бірліктерінің белгілері бойынша бөліп, қортынды көрсеткіштерді есептеу
С) жинақталған мәліметтер нәтижелерін қортындылау
D) жиналған мәліметтерді топқа бөлмей есептеу
A) зерттеуге алынған құбылысты белгілі бір уақыт аралығында тіркеу

$$$ 19
Статистиканың негізгі қасиеті не?
А) қоғамдық құбылыстар мен процестерді өзгеруін сандық жағынан қарастыра отырып, сапалық мәнін анықтау
В) жиынтықтың әрбір бөлігінде белгілердің әртүрлі мәнге ие болуы
С) жинақталған мәліметтер нәтижелерін қортындылау
D) жиналған мәліметтерді топқа бөлмей есептеу
Е) зерттеуге алынған құбылысты белгілі бір уақыт аралығында тіркеу

$$$ 20
Белгілердің жиынтықтың әрбір бөліктерінде әр түрлі мәнге ие болуы қалай аталады?
А) сапа
В) өзгермелілік
С) белгі
D) топтау
E) жинақтау

$$$ 21
Cтатистикалық зерттеулер жүргізуде мәліметтер қандай есеп түрлері арқылы жинақталады?
А) оперативтік, бухгалтерлік, статистикалық
В) шаруашылық, өндірістік
С) қаржылық, басқарушылық
D) статистикалық, бухгалтерлік
E) оперативті-техникалық, бухгалтерлік

$$$ 22
Қазақстан Республикасында құрылған алғашқы статистика органы қалай аталды?
А) Статистика жөніндегі мемлекеттік комитет
В) Далалық өлке
С) Ұлттық статистика агенттігі
D) Орталық Статистика басқармасы
E) халық шаруашылығындағы Есеп басқармасы

$$$ 23
Статистика органы қай жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі болып құрылды?
А) 1930 жылы
В) 1931 жылы
С) 1996 жылы
D) 1919 жылы
E) 1995 жылы

$$$ 24
Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігінің негізгі міндеттері қандай?
А) экономикалық және әлеуметтік процестер мен олардың даму үрдісін жан-жақты зерделеу, қорыту мен талдау, статистика саласындағы жалпы мәліметтік саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз ету.
В) ҚР егемен мемлекет ретінде сипаттайтын статистикалық көрсеткіштердің тұтастығы, объективтілігі және жеткіліктілігін қамтамасыз ету.
С) халықаралық ережелер мен стандарттарға сай статистикалық деректердің әдістемелік салыстырмалылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
D) әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы мәліметтер, статистикалық ақпаратты тарату, халықаралық статистикалық ынтымақтастық орнықтыру және өзара статистикалық ақпарат алмасып отыру.
E) барлық жоғарыдағылар

$$$ 25
Ұлттық статистика агенттігінің атқаратын қызметтері қандай?
А) статистикалық заңдар мен нормативтік актілердің жаңа жобаларын жасау.
В) санақ ұйымдастыру.
С) ішінара бақылау түрінде жүргізілетін статистикалық бақылау ұйымдастыру.
D) елдегі статистикалық қызметті үйлестіру.
E) барлық жоғарыдағылар

$$$ 26
Статистикалық бақылау - бұл:
А) жиналған мәліметтерді өңдеу,топтау
В) жинақталған мәліметті қортындылау
С) зерттеу нәтижелерін тұжырымдау
D)қоғамдық құбылыстар,процестер туралы мәліметті жинау,тіркеу
Е)барлық жоғарыдағылар дұрыс емес

$$$ 27
Бақылау бағдарламасы - бұл:
А) жауап алу үшін сұрақтар
В) бақылау процесінде жауап алуға қажетті сұрақтар тізімі
С) барлық жиынтықтың жан-жақты сипаттамасы
E)бақылау жоспары бақылау зерзатының шегін анықтау

$$$ 28
Статистикалық бақылаудың мақсаты қандай ?
А) зерзаттар туралы шындықты дәл көрсететін,сапалы мәліметтерді уақытында жинау
В) сандық мәліметтерді жинау
С) қоғамдық құбылыстардың бағалылығы жоғары болуы керек
D) мәліметтерді талдау және қорытындылау
E)мәліметтерді бір жүйеге келтіріп жинақтау,өңдеу және топтау

$$$ 29
Бастапқы статистикалық мәліметтер жиынтығын зерттеуге жататын зерзат құрамының белгілі бір бөлігі қалай аталады ?
А) жиынтық бірлік
В) бақылау бірлігі
С) бақылау бағдарламасы
D) статистикалық бланк
E)жеке-дара формуляр

$$$ 30
Статистикалық бақылаудың қандай түрлері бар?
А) жаппай бақылау
В) жартылай бақылау
С) үзіліссіз бақылау
D) үзілісті бақылау
E) барлық жоғарыдағылар дұрыс



Ұқсас жұмыстар

Қашықтықтан оқыту әдістемесі
Физикa пәнінен кoмпьютерді oқыту технoлoгиясы
Бастауыш сыныпта информатиканы оқытудың әдістемесі
Электрондық оқыту құралдарын жасау және білім беру жүйесінде пайдалану
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Жаңа педагогикалық технологияларды дамыту
Психология пәні бойынша дәрістер
Бағдарламалық оқыту әдісі
Информатика пәнінен үй тапсырмасын ұйымдастыру әдістемесі
Ақпараттық технологияны оқыту процесінде пайдалану
Көйлектік маталар тобына арналған реляциондық мәліметтер қорын құру және өнімдер сапасын эксперттік бағалау
Қазақстанда жастарға арналған әлеуметтік қызмет
Программаға арналған негізгі шарттар және орындау жолдар
Үкіметтің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы
Пәнді оқуға арналған методикалық нұсқаулар
Статистика
Некелікпен қанағаттануға арналған сұрақнамалық тест
Бақылаудың негізгі статистикалық әдісі
Теңіз жаяу әскерлері - теңіз десанттары құрамында ұрыс қимылдарын жүргізуге, сондай - ақ әскери - теңіз базаларының, порттардың Қорғанысы мен басқа да міндеттерді орындауға арналған және арнайы дайындалған әскери - теңіз флоты күштерінің түрі
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жаз