Міржақып Дулатов

Ол 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы, Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында, қазіргі Торғай облысының Жангелдин ауданында Қызбел кеңшарында дүниеге келген.
Әкесі Дулат ескіше хат танитын, орташа шаруасы бар адам болған. Үлкен ұлы Асқарды әуелі ескіше, одан соң орысша оқытып, заң қызиетіне бейімдейді.
Міржақыпты да алдымен ескіше оқытып, екі жылдан соң орысша оқытытын Мұқан Тоқтабайұлы деген мұғалімге береді. 1897 жылы Торғай қаласындағы Ы. Алтынсарин ашқан екі кластық орыс- қазақ мектебіне түсіп, 1902 жылы ойдағыдай бітіреді. Содан ел ішінде 6-7 жыл өзі бала оқытады. 1904 жылы қазақ зиялыларының алтын бесігі – Омбыға келеді. 1905 жылы революциялық оқиға кезінде Қарқалыдан шеруге қатысқандар қатарында болады. Ол қазақ Конституциялық – демократиялық партиясының Оралдағы съезіне қатысып, делегаттар қатарында 1906 жылы Петербургке барады.
Саяси күрескерліктің алғашқы сабағын Омбы мен Қарқаралыда Ә. Бөкейханов а. Байтұрсыновтан алады. 1909 жылы Уфа қаласынан тұңғыш Оян қазақ! Жинағы басылып шыққан. 1910 жылы қазандағы Каримовтар баспасынан “Бақытсыз Жамал” романын бастырып шығарады. Халқының қамын ойлаған, еркін ойлы қазақ зиялысының соңына патша тыңшылары шырақ алып түскен. М. Дулатов 1911 жылы Ахмеетің артынан Семей түрмесіне біржарым жылға қамалады. Абақтыдан шыққан соң елден жер аударылған Ахаңның ізімен міржақып Орынборға келеді. 1933 жылы екеуі бірлесіп, 2 ақпан күні Қазақ газетін Ахаңмен Міржақып екеуі бірігіп шығарады. Бұл – бүкіл қазақ зиялысының сүйіп оқитын басылымына айналады. Қазақ газеті 1913 жылдың басынан 1978 жылдың наурызына дейін шығып тұрды. Алаштың әскеріне жасақ жинап, сол жасақпен жорыққа қатысады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сол кездегі Түркістан республикасның органы Ақ жол газетіне қызметке тұрады. Алаштан бас тартса да, көсем ретінде қудалаудан құтылмайды. Семейге келіп бір жыл облыстық сотта судья болып істеп, 1922 жылы қамауға алынады.
1922 жылы ол екі бөлімнен тұратын Есеп құралын жазып, Ташкентте шығарады. 1924 ж. Орынборда екі жылдың “қирағат кітабын”, Қызылордада”Есеп құралының” жаңа басылымын шығарады.
Міржақып Дулатұлының төл әдебиет тарихындағы ерекше еңбегінің бірі – оның қазақ романының бастаушысы болуы. Бақытсыз жамал романы араға ұзақ жылдар салып барып, 1991 жылы қазақ оқырмандарымен қайта жүздеседі. Роиан 1910 жылы Қазан қаласында басылып шыққан болатын.
Міне осындай творчестволық кемел шағында М. Дулатов Сталин, Голощекин озбырлығына ілінеді. 1928 жылы қайта тұтқындалады. 1930 жылы ОГПУ коллегиясының үкімімен өлу жазасына кесіліп, кейін бұл 10 жылға абақтыға қамау жазасымен алмастырылады. 1935 жылы қазанның 5- і күні, елу жасқа толуына бір ай қалғанда Ақтеңіз Балтық каналының бойында Сосновец станциясында лагерьдің лазаретінде ауыр науқастан қайтыс болады.



Ұқсас жұмыстар

Міржақып Дулатов
Міржақыптың балалық шағы
Патша цензурасы Оян, қазақ
Міржақып Дулатұлының педагогикалық негіздері
М. Дулатов шығармашылығындағы азаттық рухы
М.Дулатұлының алаш партиясы мен кеңес өкіметі кезеңдеріндегі көзқарастары
Міржақып Дулатовтың публицистикалық - лирикалық жинағы
Мiржақып Дулатұлының ағартушылық көзқарастары хақында. Дулатовтың өмірбаяны
Міржақып дулатов- зерделі сөз зергері
Міржақып Дулатовтың қазақ журналистикасындағы орны мен публицистикалық еңбектері
ДУЛАТОВ МІРЖАҚЫП
Міржақып Дулатов туралы
XX ғасыр басындағы қазақ халқының азаттық күресінің басында тұрған Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов тәрізді айбынды Алаш азаматтарының еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек еткені баршаға мәлім