Тісті механизмдердің синтезі
Құжат
Оқу-әдістемелік кешен (ОӘК)
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті. ОӘК: ОӘК042-14-1-02.1.20.1202-20113.
Пән
Машиналар және механизмдер теориясы
Мамандық
5В071200 — Машина жасау
Басылым
№2 баспа (№1 баспа орнына енгізілген)
Семей, 2013
Алғы сөз және бекіту
Құрастырушы
Қ.Ж. Тлеубердин — «Машина жасау технологиясы және механика» кафедрасының аға оқытушысы (Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті).
Бекіту
30 қыркүйек 2013 ж., хаттама №1. ОӘК төрағасы, бірінші проректор — профессор Искакова Г.
Талқылау хаттамалары
- Кафедра мәжілісі («Машина жасау технологиясы және механика») 2 қыркүйек 2013 ж., хаттама №1
- ИТФ оқу-әдістемелік бюросы 15 қыркүйек 2013 ж., хаттама №1
- Инженерлік-технологиялық факультеттің ғылыми кеңесі 20 қыркүйек 2011 ж., хаттама №1
Кафедра меңгерушісі
т.ғ.к. С.Д. Токаев
Бюро төрағасы
т.ғ.к. С.С. Төлеубекова
Ғылыми кеңес төрағасы
т.ғ.д., профессор А.Л. Касенов
1. Жалпы жағдайлар
Оқытушы туралы
- Аты-жөні
- Тлеубердин К.Ж.
- Кафедра
- Машина жасау технологиясы және механика
- Байланыс
- Оқу ғимараты №10, кабинет №5
- Сабақ өтетін орын
- №7 дәрісханасы
Пән туралы қысқаша
- Пән атауы
- Машиналар және механизмдер теориясы
- Кредит саны
- 3
- Соңғы бақылау
- Емтихан
- Жалпы көлем
- 82,5 сағат
Пәннің мазмұндық өзегі
«Машиналар және механизмдер теориясы» механикалық жүйелердің құрлымын, кинематикасын және динамикасын қарастырады. Курста механизмдерді талдау және синтездеу қағидалары меңгеріледі.
Негізгі бөлімдер
- Машиналар мен механизмдердің құрлымы
- Механизмдердің геометриясы және элементтері
- Механизмдердің кинематикасы
- Машиналар мен механизмдердің динамикасы
Мақсат және міндеттер
- Мақсаты: механизмдерді талдау және синтездеу дағдыларын қалыптастыру.
- Міндеті: әртүрлі механизмдер мен жүйелердің құрлымын, кинематикасын және динамикасын зерттеудің жалпы әдістерін меңгерту.
Пререквизиттер
- Жоғары математика
- Инженерлік графика
- Теориялық механика
Постреквизиттер
- Машина бөлшектері
- Көтеру-тасымалдау машиналары
- Автоматтандырылған жобалау жүйелері
Жұмыс оқу жоспары (қысқаша)
| Курс | Семестр | Кредит | Дәріс | ТЖ | ЗЖ | ОСӨЖ | СӨЖ | Барлығы | Бақылау |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 2 | 3 | 3 | 15 | 15 | 15 | 22,5 | 15 | 82,5 | Емтихан |
Қысқартулар: ТЖ — тәжірибелік жұмыс, ЗЖ — зертханалық жұмыс, ОСӨЖ — оқытушының жетекшілігімен студенттің өздік жұмысы, СӨЖ — студенттің өздік жұмысы.
2. Пәнді оқып-үйрену бойынша әдістемелік нұсқаулар
Оқу стратегиясы
- Материалды тізбектей меңгеру ұсынылады (бағдарлама логикасын сақтай отырып).
- Негізгі анықтамалар мен түсініктерді нақты ажыратыңыз.
- Есептерде қолданылатын шамалардың өлшем бірліктеріне міндетті түрде мән беріңіз.
- Әр тақырыптан кейін шешу әдістемесін бекіту үшін есептер шығарыңыз.
- Курс материалын терең меңгеру үшін әр тақырып бойынша конспект жүргізіңіз.
Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ)
СӨЖ аудиториялық сабақтарды толықтыратын маңызды бөлік болып табылады. Өздік оқуға теориялық тараулар, есептер, сондай-ақ есептік-сызба жұмыстары (ЕСЖ) және жеке зерттеуге арналған сұрақтар беріледі.
Бақылау ауызша және жазбаша сұрақтар, коллоквиум, тестілеу, зертханалық жұмыстарды және ЕСЖ-ны қорғау, сондай-ақ курстық жұмысты талдау мен қорғау арқылы жүргізіледі.
Жазба жұмыстарға қойылатын талап
Реферат құрамы: мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Курстық жұмыс құрамы: титулдық парақ, мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Әдебиеттер тізімімен шектеліп қалмаңыз: кітапхана каталогы арқылы тақырыпқа сай қосымша дереккөздерді таңдауға болады. Құжаттарды рәсімдеу университет стандартына сай жүргізілуі тиіс (СТУ 042-РМҚК-СМУ-8-2007).
Аралық қорытындыға дайындық — өтілген тақырыптарды қайталау және бекіту. Аралық бақылау жазбаша сұрақ, бақылау жұмысы немесе тестілеу түрінде өткізіледі.
3. Курс саясаты және форматы
Қатысу және тәртіп
- Сабаққа қатысу — студенттің міндеті.
- Сабаққа қатыса алмаған жағдайда студент өтілмеген материал үшін жауапты.
- Сабақ үстінде тәртіп бұзылған жағдайда студент аудиториядан шығарылуы немесе курс бағасына әсер ететін шара қолданылуы мүмкін.
- Ұялы телефондарды сабақ уақытында өшіру қажет.
Академиялық адалдық
- Бақылау жұмыстары міндетті және белгіленген мерзімде тапсырылуы тиіс.
- Кеш тапсырылған жұмыстар төмен бағаланады.
- Көшіріп алу және плагиатқа жол берілмейді (басқа студенттің есебін көшіру, дайын тапсырманы пайдалану және т.б.).
- Академиялық адалдық бұзылған жағдайда студент курс бойынша қанағаттанарлықсыз баға алуы мүмкін.
Аралық сынақ нәтижесін қалыптастыру
Аралық сынақ қорытындысын есептеу кезінде сабаққа қатысу, өздік жұмыстарды уақытылы орындау, сабақтағы ауызша/жазбаша жауаптар және аралық бақылау нәтижелері ескеріледі.
4. Баға қою саясаты
Бақылау түрлері
- Ағымдағы бақылау: апта сайын
- Аралық бақылау: 8-апта (Р1) және 15-апта (Р2)
- Қорытынды бақылау: семестр соңында (емтихан)
Ағымдағы бақылауда қолданылатын тәсілдер
- Ауызша сұрақ
- Жазбаша сұрақ
- Құрамалы сұрақ
- Тәжірибелік есепті шешу және қорғау
- Зертханалық жұмысты орындау және қорғау
- Конспект және реферат дайындау
- ЕСЖ қорғау
- Тестілеу
Қорытынды баға және рұқсат
Пән бойынша бағалау 100% шкаламен жүргізіледі. Қорытынды аттестацияда емтихан балы және семестр бойындағы бірінші және екінші рейтингтердің орташа көрсеткіші ескеріледі.
Студент қорытынды бақылауға (емтиханға) семестрлік рейтингі 50% немесе жоғары болған жағдайда жіберіледі.
Егер студент дәлелді себеппен (ауру және т.б.) аралық бақылауға қатыса алмаса, растайтын құжаты болған жағдайда аралық бақылауды жеке тапсыруға құқылы. Жеке мерзім факультет деканының шешімімен белгіленеді.
Бағалау шкаласы
| Баға | Әріптік эквивалент | % балл | GPA |
|---|---|---|---|
| Өте жақсы | A / A- | 95–100 / 90–94 | 4.00 / 3.67 |
| Жақсы | B+ / B / B- | 85–89 / 80–84 / 75–79 | 3.33 / 3.00 / 2.67 |
| Қанағаттанарлық | C+ / C / C- / D+ / D | 70–74 / 65–69 / 60–64 / 55–59 / 50–54 | 2.33 / 2.00 / 1.67 / 1.33 / 1.00 |
| Қанағаттанарлықсыз | F | 0–49 | 0.00 |
5. Пән мазмұны және сағаттарды бөлу
Тақырыптық жоспар (қысқаша)
Дәріс, тәжірибелік және зертханалық жұмыстардың негізгі тақырыптары.
Негізгі тақырыптар
- Негізгі түсініктер. Жазық иінді механизмдер түрлері
- Механизмдердің құрлымдық талдауы және синтезі
- Жазық механизмдердің кинематикалық зерттеуі (жылдамдық/үдеу жобалары)
- Күштік талдау және теңгеруші күштер
- Үйкеліс және пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК)
- Берілген күш әсерінен қозғалыс. Маховик инерция моменті
- Теңестіру: статикалық және динамикалық
- Механизмдерді синтездеудің жалпы әдістері
- Тісті механизмдер: ілінісу теориясы, жобалау, эвольвент
- Планетарлы механизмдер
- Жұдырықшалы механизмдер
- Манипуляторлар мен роботтар синтезі
- Дірілден қорғау
Оқу форматы
Тақырыптар дәріс арқылы түсіндіріледі, тәжірибелік және зертханалық сабақтарда есептер шығару, модельдеу және қорғау жұмыстары орындалады. Әр бөлім бойынша өзіндік тапсырмалар беріледі.
Маңызды қағида: теорияны меңгергеннен кейін әдісті таңдап, оны есептер арқылы бекіту.
6. ЖСӨЖ және СӨЖ мазмұны
ЖСӨЖ (оқытушы жетекшілігімен)
- Кинематикалық жұптардағы жергілікті артық байланыстар және олардың сенімділікке әсері
- Жазық иінді механизмдердің беріліс функцияларын аналитикалық әдіспен анықтау (ЭЕМ қолдану)
- Кеңістіктегі механизмдердің кинематикалық сипаттамалары және құрлымдық талдау классификациясы
- Қалыптаспаған тәртіп: жылдамдық өзгеру заңы
- Иінді механизмдерді есептеудің аналитикалық әдістері
- Күштер, теңгермеу түрлері, роторларды теңгеру
- Үйкеліс: түрлері, энергия шығыны, тозуды есептеу
- Статикалық теңгеру, діріл-активтілік және дірілден қорғау
- Синтез: төмен және жоғары жұпты механизмдер
- Динамикалық модельдер, тербелісті өшіру
- Манипуляторлар және робот механизмдері
- Планетарлық берілістер: сұлба таңдау және кинематика
- Тісті берілістер: эвольвент, тіс профилін түзету, модуль және тістер санын таңдау
- Конусты және гиперболоидты тісті берілістер, профиль қиылуы
СӨЖ (өздігінен)
- Конспект жүргізу (тақырыптар бойынша қысқаша құрылымдалған жазба)
- Ілгермелі қозғалыстағы төменгі кинематикалық жұптардағы үйкеліс
- Бұранда жұптардағы үйкеліс
- Жоғары кинематикалық жұптардағы үйкеліс
- Үздікті қозғалыстағы механизмдер
- Цилиндрлі жұдырықшалы механизмдер
- Механизмдер жүйесінің циклограммасы
Ұйымдастыру қағидасы
Кредиттік жүйеде өздік жұмыстың сапасына жоғары талап қойылады. ЖСӨЖ диалогтық режимде аудиториялық сабақ ретінде, сондай-ақ аудиториядан тыс кеңес түрінде ұйымдастырылады.
7. Күнтізбелік (апталық) жоспар
Бақылау нүктелері және балл
Төмендегі жоспар семестр бойындағы тапсырмалар мен олардың бағалануының жинақталған көрінісін береді.
| Апталар | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Тапсырмалар | ЗЖ1 | ОСӨЖ1 | СӨЖ1 | ОСӨЖ2 | ЗЖ2 | СӨЖ2 | СӨЖ3 | ОСӨЖ3 | СӨЖ4 | ЗЖ4 | ОСӨЖ4 | ЗЖ5 | ЗЖ6 | СӨЖ5 | СӨЖ6 |
| Балл | 30 | 10 | 30 | 10 | 30 | 30 | 30 | 10 | 30 | 30 | 10 | 30 | 30 | 30 | 30 |
Ескерту: нақты тапсырма атаулары (ЗЖ, ОСӨЖ, СӨЖ) пән оқытушысы бекіткен тақырыптар мен кестеге сәйкес нақтыланады.