Мақал - мәтел

Еріншектің ертеңі ғұмыры бітпес,
Ал ғұмыры ертең-ақ бітер.
*** *** ***
Қорқақ қорқа-қорқа батыр болар,
Не болмаса қатын болар.
*** *** ***
Ақыл да, ақын да, батыр да бұқарадан шығады.
Ел басыда, шен басыда бұқарадан ығады.
*** *** ***
Білімді ел - Отан болар,
Білімсіз ел қотан болар.
*** *** ***
Уәде берілсе неғұрлым ерте,
Ғұмыры да болады соғұрлым келте.
*** *** ***
Көңілің толмаса заманға,
Кінә қойма адамға.
Адам билік етпейді,
Уақыт деген тажалға.
*** *** ***
Бұрын өлгендер бір уыс топырақты қанағат қылса, қазіргі өлгендер бір Камаз топыраққа да қанағат етпейді.
*** *** ***
Тәннің кірін жуып тазартасың
Жанның кірін қайтіп тазартасың.
*** *** ***
Келеді кейде ойлар қайдағы жоқ,
Кететін кейде аса пайдалы боп.
*** *** ***
Жақсы ойдан не пайда,
Жарамаса әжетке.
Жаратам деп жеті ойла,
Жақсы ойды қажетке.
*** *** ***
Көп ойдан жоқ ешбір пайда,
Екі ойың болса біреуін таңда.
*** *** ***


Көп сөздің көпшілік түсінбес парқын,
Аз сөздің әрқашан қымбат қой нарқы.
**** **** ****
Көп сөзден гөрі салмағы жеңіл,
Бір ауыр сөздің бағасы алтын.
Көп жерде сол бір бағалы сөзді,
Болады екен айтпаған артық.
**** **** ****
Ой көп болса бірін-бірі түртеді,
Ой аз болса бір-бірінен үркеді.
**** **** ****
Мақтаншақ болсаң жарылып кетесің,
Сабырлы болсаң мақсатқа жетесің.
Әсемпаз болсаң әуреге жолығасың,
Өнерпаз болсаң сәулеге жолығасың.
**** **** ****
Күдікті секіреді,
Сенімді кекіреді.
**** **** ****
Жорыққа шықсаң жолдасың сенімді болсын,
Торға түссең де қорықпайсың.
Өзіңде жоқ болса да еліңде бар болсын,
Ешқашанда торықпайсың.
**** **** ****
Мақсатың біреу болса,
Төрт жерден тіреу болсын.
Дені сау сомдай білегің,
Ақылға толы жүрегің.
Күш-қайрат пен жігерің,
Осылар болар тірегің!
**** **** ****
Уақытым аз дегендер,
Көрінcе де кемеңгер.
Өзінің емес өзгенің,
Уақытын жегендер.
**** **** ****
Мақсатың биік шығар тауың,
Қиялың ең қауіпті жауың.
Мақсатың қатты еліктіреді,
Түбінде бақытқа кезіктіреді.
Қиялың қатты желіктіреді,
Түбінде пәлеге кезіктіреді.
**** **** ****
Бидай ексең дұрыстап,
Қурай шығып кетпейді.
Бала өсірсең дұрыстап,
Алдыңнан қия өтпейді.
**** **** ****
Бағаңды білсең арзанға келіспе,
Бағаңды білмесең босқа керіспе.
**** **** ****
Қателеспейтін адамдардың түгел сияқты есебі,
Бәрібір олар болып жүр ғой басқалардың есегі.
**** **** ****
Жақсы маман да аяғын қате басады,
Бірақ ісінен ләззат ала-алмай сасады.
**** **** ****
Кішкентайдан асырап едім бөлтірік,
Өскеннен соң өзімді қапты сол шірік.
Өзіме қарай шабатынын білгенде,
Күшік кезінде тастайтын едім өлтіріп.
**** **** ****
Дүние жеткізбейді сағым құсап,
Әуре етер ер жігітті бағын тұсап.
Алдамшы дүниені қуған адам,
Кетеді ең соңында жарым құсап.
Шын достық ескірмейтін жалын құшақ,
Достармен жүрген кезің жалынды шақ.
Туған жер, ата-анаң бар асылың,
Қадірле осыларды барыңды сап.
**** **** ****
Арақ аздырады, өз көріңді өзіңе қаздырады,
Темекі тоздырады, кеудеңде құртты қоздырады.
Байлық мас қылады, адамдармен қас қылады,
Өнер мен Білім,
Тілің мен Дінің барлығынан оздырады.



Ұқсас жұмыстар

Мақал-мәтелдердегі аналитикалық байланысудың көріністері
Қытай және қазақ тілдеріндегі мақал - мәтелдердің лингвомәдени ерекшеліктері
Қазақ тіліндегі коммуникативтік фразеологизмдердің мәнмәтіндік негізі
Мақал-мәтелдер
Мақал - мәтелдер. Мақал — нақыл сөз
Мақал – мәтелдер туралы ақпарат
Қазақ тілінен ағылшын тіліне мақал мәтелдерді аудару
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің өзіндік грамматикалық ерекшеліктерін олардың семантикалық құрылымы арқылы зерттеу, мәнмәтіндік өзіндік грамматикалық ерекшеліктерін сипаттау
Мақал - мәтелдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктері
Қазақ паремиологиясының тіл білімінде зерттелуі
Тіл, сөз өнер туралы мақал-мәтелдер
С. МҰҚАНОВТЫҢ ШОҚАН ЖАЙЛЫ МАҚАЛАЛАРЫ
Мақал - сөздің атасы
Журналист Сая Молдайып өзінің облыстық Сарыарқа самалы газетінің 14 ақпан 2017 жылғы 17 санында жарық көрген Жұртыңмен талай заман көрдің атты мақаласын Ойға өріс беріп көрейік деп бастаған екен
Автор аталған мақалада
Соңғы кезеңдерде балаларға арналып шығарылған жинақтарда мақал - мәтелдер көптеп кездеседі деп айтуға боларлықтай
БАҚ - тағы бір мақаладан үзінді: 1960 жылдары Микронезия аралдарында өзіне қол жұмсау дегенді ешкім білмейтін
Елбасының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы Жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп білемін
Ғылыми мақала жазу әдіснемесі
Айқап журналы мен Қазақ газетінде жарияланған сыни мақалалар