Ыбырай Алтынсаринның оқулықтарындаға оқу - тәрбие мәселесі

Кіріспе

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер білім беру жұмысын түбегейлі жаңартуды, оның мазмұнын қайта қарауды талап етеді. Өйткені ұлт тағдыры мен халықтың әл-ауқатының жақсаруы жас ұрпақтың білім деңгейіне, мәдениетіне, өмірге бейімділігіне және қоғамды басқару қабілетіне тікелей байланысты.

Бұл жаңа көзқарас тек оқу-тәрбие жүйесіне ғана емес, тұтас білім жүйесінің жаңа парадигмасын айқындауға да ықпал етеді. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында ғаламдық стратегиялық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ете алатын білім берудің жаңа ұлттық моделін енгізу жоспарланған. Тұжырымдамаға сәйкес, орта білім берудің мақсаты — өзгермелі әлем жағдайында терең білім мен кәсіби дағдыларға сүйене отырып еркін бағдарлай білу, өзін-өзі дамыту және өз бетінше адамгершілік тұрғысынан дұрыс әрі жауапты шешім қабылдау.

Негізгі қағида

Қоғамның әлеуметтік сұранысын орындау және білім беру жүйесін реформалау ұлттық мұраны зерттеп, оның құндылықтарын жаңа заман талабына сай білім тәжірибесіне енгізбейінше мүмкін емес.

Басым міндет
Білім берудің жаңа парадигмасын қалыптастыру

Бұл міндет өткенді бағалап, болашақ даму жолдарын айқындауды және бай педагогикалық мұраны шығармашылықпен пайдалануды талап етеді.

Осы тұрғыда қазақ даласының біртуар азаматы, ұлы ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық жүйесінің әлеуеті зор. Ол ғасырдан астам уақыт бұрын ұлттық негіздегі білім беру идеяларын көтеріп, ұрпақ болашағын білім арқылы айқындауды мақсат етті. Педагогикалық қауымдастық үшін маңызды бағыттардың бірі — Ы. Алтынсариннің педагогикалық жүйесін зерттеп, оның құндылықтарын бүгінгі және болашақ ұрпақ игілігіне тиімді пайдалану.

«Ыбырайтану» арнайы курсы: мақсаты мен мәні

Ұсынылып отырған «Ыбырайтану» атты арнайы курс бағдарламасы Ы. Алтынсариннің педагогикалық жүйесіндегі рухани және әдіснамалық құндылықтарды болашақ мұғалімдердің меңгеруіне бағытталған. Бұл курс педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттер мен оқытушыларға «Педагогика тарихы» пәнін игеру барысында көмекші құрал ретінде ұсынылады.

Арнайы курстың мақсаты

Ы. Алтынсариннің педагогикалық жүйесінің даму тарихымен танысу және оның құндылықтарын болашақ ұрпақ тәрбиесінде, сондай-ақ ұлттық негіздегі білім беру парадигмасын құруда тиімді қолдану.

Оқу жүктемесі

Дәріс
15
сағат
Семинар
15
сағат
СӨЖ
15
сағат

Арнайы курс 45 сағат (1 кредит) көлемінде оқытылады және болашақ мұғалімдерді даярлайтын бөлімдерге арналған.

Арнайы курстың міндеттері

  1. Ы. Алтынсариннің педагогикалық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының тарихи-экономикалық жағдайын анықтау.
  2. Жүйенің дамуындағы әлеуметтік, мәдени-ағартушылық идеяларды айқындау.
  3. Педагогикалық жүйенің құрылымдық компоненттерін талдау.
  4. Озық идеяларды бүгінгі тәрбие мен ұлттық білім беру парадигмасын құруда тиімді пайдалану жолдарын негіздеу.

Білуі керек

  • Ы. Алтынсарин педагогикалық жүйесінің даму ерекшеліктерін;
  • әлеуметтік және мәдени-ағартушылық алғышарттарын;
  • озық идеяларды кәсіби қызметте қолдану мүмкіндіктерін.

Іскерлігі

  • тарихи-педагогикалық құбылыстардың әдіснамалық негізін айқындау;
  • білім беру дамуын зерттеуде тұтастық қағидасын сақтау;
  • тарихи және әлеуметтік-саяси жағдайларды педагогикалық деректермен байланыстыра талдау.

Дағдысы

  • тарихи-педагогикалық білімді бүгінгі тәжірибемен үйлестіру;
  • практикалық қызметте қолдану;
  • мұрағат деректерімен жұмыс істеу;
  • әдебиеттермен өз бетінше жүйелі жұмыс жүргізу.

Тақырыптық жоспар

Тақырып Дәріс Семинар СӨЖ
1 Ы. Алтынсарин — ағартушы педагог 1 1 1
2 Педагогикалық қызметіне жалпы сипаттама 1 1 2
3 Мектеп жүйесі 2 2 2
4 Кәсіптік білім берудегі жүйесі 2 2 2
5 Дидактикалық жүйесі 3 2 2
6 Қазақ тілінде оқулықтар жазу жүйесі 2 3 2
7 Мұғалімдерге қоятын талаптар жүйесі 2 2 2
8 Тәрбие мәселесі 2 2 2
Барлығы 15 15 15

Дәрістер мазмұны

Дәріс 1. Ы. Алтынсарин — ағартушы педагог

Тақырыптың өзегі: тарихи-әлеуметтік жағдай, көзқарастың алғышарттары, педагогикалық үндестік

Мазмұны
  • Ы. Алтынсарин дәуіріндегі тарихи-әлеуметтік және педагогикалық жағдайлар.
  • Педагогикалық көзқарасының қалыптасу алғышарттары.
  • Басқа ұлт өкілдерінің педагогикалық көзқарастарымен үндестіктер.
Дайындық сұрақтары
  1. Ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрдің көзқарас қалыптастырудағы орны.
  2. Шығыс елдерінің және орыс педагогикасы мен философиясының ықпалы.
  3. Ильминский көзқарасымен айырмашылығы мен үйлесімділігі.

Дәріс 2. Педагогикалық қызметіне жалпы сипаттама

Мазмұны
  • Мектеп ашушы ретіндегі қызметі.
  • Мектеп мұғалімі ретіндегі еңбегі.
  • Оқулық жазушы және әдіскер ретіндегі рөлі.
  • Кәсіптік білімнің негізін қалаушы бағыттары.
Дайындық сұрақтары
  1. Мектеп ашудағы қызметіне сипаттама.
  2. Мұғалімдік іс-әрекетінің ерекшеліктері мен қайшылықтары.
  3. Оқулық жазудағы мақсаттары мен қағидалары.
  4. Әдіскерлік қызметінің мазмұны.
  5. Кәсіптік білім беру мәселелерін шешу жолдары.

Дәріс 3. Мектеп жүйесі

Мазмұны
  • Мектеп жүйесіне жалпы сипаттама.
  • Мектеп сатылары.
  • Білім мазмұны және оның ұлттық негізі.
  • Озық идеяларды бүгінгі тәжірибеде қолдану жолдары.
Дайындық сұрақтары
  1. Ашқан мектеп түрлері және сипаттамасы.
  2. Ауыл мектептері: мазмұны және ұлттық сипаты.
  3. Орыс-қазақ мектептері: мазмұны және ерекшеліктері.
  4. Идеяларды бүгінгі мектеп талаптарымен салыстыра талдау.

Дәріс 4. Кәсіптік білім берудегі жүйесі

Мазмұны
  • Кәсіптік білім беру жөніндегі педагогикалық іс-әрекеттері.
  • Қыз балаларды оқыту мәселесі.
  • Кәсіптік мектептердегі білім мазмұны және ұлттық негіз.
  • Құндылықтарды бүгінгі білім жүйесімен сабақтастыру.
Дайындық сұрақтары
  1. Ашқан мектеп түрлері және сипаттамасы.
  2. Кәсіптік білім мазмұны және ұлттық сипаты.
  3. Ұлттық салт-дәстүрді пайдаланудың жолдары.
  4. Озық идеялардың бүгінгі өзектілігі.

Дәріс 5. Дидактикалық жүйесі

Мазмұны
  • Жалпы оқыту және білім беру мәселелері.
  • Білім мазмұнын айқындау ұстанымдары.
  • Пәндерді оқыту жүйесі.
  • Ана тілін оқыту мәселесі.
  • Орыс тілін оқыту мәселесі.
  • Оқыту әдістерін қолдану жүйесі.
Дайындық сұрақтары
  1. Идеялардың бүгінгі білім талаптарымен үйлесімділігі.
  2. Білім мазмұнын айқындаудағы қағидаларға сипаттама.
  3. Жаратылыстану пәндерін енгізудегі мақсаттары.
  4. Ана тілін оқыту және бүгінгі тіл саясатына қатысы.
  5. Орыс тілін оқыту тәжірибесінің қолданысы.
  6. Әдістерді қазіргі оқу тәжірибесіне енгізу жолдары.

Дәріс 6. Қазақ тілінде оқулықтар жазу жүйесі

Мазмұны
  • Оқулық жазудағы алғышарттар.
  • К.Д. Ушинскийдің ұлттық идеяларын қолдану.
  • «Қырғыз хрестоматиясы» оқулығына құрылымдық және әдістемелік талдау.
  • Оқулықтың қазақ тілін оқытудағы рөлі.
  • Оқулықтағы тәрбие мәселесі.
  • «Қырғыздарды орыс тіліне оқытудың алғашқы құралы» еңбегіне талдау.
  • Оқыту әдістері және әдістемелік негіздер.
Дайындық сұрақтары
  1. Оқулық жазудағы басты ұстанымдары.
  2. Орыс педагогтарының үлгілерін пайдалану ерекшелігі.
  3. «Қырғыз хрестоматиясы»: құрылым, әдістеме және қазіргі талаптарға сәйкестік.
  4. Мәтіндердің жанрлық және мазмұндық ерекшеліктері.
  5. Жалпы тәрбие мәселесінің көрінісі.
  6. Еңбек тәрбиесі мәселесі.
  7. Тілді оқыту құралдарының бүгінгі маңызы.
  8. Қолданылған әдістерге сипаттама.

Дәріс 7. Мұғалімдерге қоятын талаптар жүйесі

Мазмұны
  • «Педагог — мектептегі басты тұлға» идеясы.
  • Оқу-тәрбие үдерісіндегі гуманистік бағыт.
  • Мұғалімге қойылатын талаптар жүйесі.
  • Идеяның өміршеңдігі және бүгінгі мәні.
Дайындық сұрақтары
  1. Мұғалімнің орны және Алтынсарин идеяларының өзектілігі.
  2. Мұғалімдік қызметтегі үлгілік жүйе.
  3. Талаптардың бүгінгі талаптармен үйлесімділігі.

Дәріс 8. Тәрбие мәселесі

Мазмұны
  • Педагогикалық жүйедегі тәрбие мәселелері.
  • Отбасы және ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі.
  • Ұлттық салт-дәстүр мен мәдени құндылықтардың орны.
  • «Қырғыз хрестоматиясы» және «Мұсылманшылықтың тұтқасы» еңбектеріндегі тәрбие идеялары.
Дайындық сұрақтары
  1. Тәрбиенің жеке адамды дамытудағы орны туралы пікірі.
  2. «Қырғыз хрестоматиясы» оқулығындағы тәрбие жүйесі.
  3. Табиғи және мәдени үйлесімділікті сақтау қағидалары.
  4. Тәрбие идеясын бүгінгі мектеп тәжірибесіне енгізу жолдары.

Студенттердің өзіндік және ғылыми жұмыстары

Өздік жұмыс мазмұны Жұмыс түрі Бақылау түрі
1 Ы. Алтынсарин — ағартушы педагог Реферат Тексеру
2 Педагогикалық қызметіне жалпы сипаттама Хронологиялық сызба-нұсқа жасау, түсіндіру Тексеру
3 Мектеп жүйесі Пікірталас ұйымдастыру Салыстырмалы қорытынды
4 Кәсіптік білім берудегі жүйесі Реферат жазу Баяндама, қорғау
5 Дидактикалық жүйесі Пікірталас К.Д. Ушинский мен Ы. Алтынсарин идеяларын салыстыру
6 Қазақ тілінде оқулықтар жазу жүйесі Ыбырай оқулығының макетін жасау Тексеру
7 Мұғалімдерге қоятын талаптар жүйесі Жекелеген ауызша әңгіме Тексеру
8 Тәрбие мәселесі Жазбаша баяндама дайындау Тексеру

Рефераттар мен бақылау жұмыстарының тақырыптары

  • Ы. Алтынсариннің педагогикалық қызметіне Ә. Сытдықовтың көзқарасы.
  • Ы. Алтынсариннің педагогикалық қызметіне Р. Сүлейменовтың көзқарасы.
  • Ы. Алтынсариннің педагогикалық қызметіне А. Ламашевтың бағасы.
  • Ы. Алтынсариннің педагогикалық қызметіне Дербісәлінің бағасы.
  • Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарасына орыс демократ-ағартушыларының әсері.
  • Ұлттық идея және оның К.Д. Ушинский көзқарасымен үндестігі.
  • Педагогикалық идеясы мен қызметіндегі гуманистік ұстанымдар.
  • Ы. Алтынсарин және Ильминский.
  • Алтынсарин ашқан мектептердің ерекшеліктері.
  • Идеясындағы кәсіптік білім мәселесі.
  • Идеясындағы саяси-әлеуметтік мәселелер.
  • ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы білім мазмұны және Алтынсарин.
  • Ы. Алтынсарин — оқулық авторы.
  • Оқулықтарының құрылымы.
  • Оқулықтарының ғылыми-әдістемелік негізі.
  • Оқулықтарындағы оқыту әдістері жүйесі.
  • Оқулықтарындағы тәрбие мәселесі.
  • Оқулықтарындағы еңбек тәрбиесі мәселесі.
  • Оқулық мәтіндерінің ерекшеліктері.
  • Алтынсарин оқулықтары және ХІХ ғасырдағы орыс педагогтарының оқулықтары (салыстырмалы талдау).
  • Мектеп жүйесі: құрылымы және ерекшеліктері.
  • Педагогикалық жүйесінің бүгінгі таңдағы өміршеңдігі.
  • Педагогикалық жүйені мектеп практикасына енгізу жолдары.

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Асфендияров С. История Казахстана. Алматы, 1993.
  2. Кунантаева К.К. Развитие народного образования в Казахстане (1917–1991). Алматы, 1997.
  3. Храпченков Г.М., Храпченков В.Г. История школы и педагогической мысли Казахстана. Алматы, 1998.
  4. Жарықбаев Қ.Б. Развитие психологической мысли в Казахстане. Алматы, 1968.
  5. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 1984.
  6. Бурабаев М.С. Общественная мысль Казахстана в 1917–1940 гг. Алматы, 1991.
  7. Жусанбаева Г. Кеңес дәуіріндегі асыра сілтеулер. Қазақстан мектебі, №4, 1998.
  8. Игібаева А. Қазақстан білім беру жүйесінің қалыптасып дамуы. Қазақстан мектебі, №10, 2004.
  9. Мырзахметова Ғ. Кеңестік оқу-ағарту шараларының науқаншылдық көріністері. Ізденіс, 1-2000.
  10. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Орталық Қазақстан, 27 желтоқсан 2003.
  11. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, 1999.
  12. Құнантаева К.Қ. Развитие образования в Казахстане (1917–2000). Алматы: КазГосЖенПИ, 2001.
  13. Жарықбаев Қ.Б. Из истории развития педагогической мысли в дореволюционном Казахстане: методические рекомендации. Алматы, 1978.
  14. Мадин И.Б. Қазақстанда совет дәуіріндегі педагогикалық ой-пікірдің дамуы. Алматы, 1979.
  15. Ильясова А.Н. История становления и развития педагогической науки Казахстана (1917–1988 гг.). Дисс. Алматы, 1989.
  16. Мусин С. Из истории учебно-воспитательной работы Казахской Советской школы Казахской АССР (1920–1936). Дисс. Алматы, 1960.
  17. Сембаев А.И. Очерки по истории казахской советской школы. Алматы, 1958.
  18. Сейталиев Қ.Б. Қазақстанда жоғары педагогикалық білім берудің қалыптасуы мен дамуы (1920–1991). Дисс. Алматы, 1996.
  19. Тәжібаев Т.Т. Развитие просвещения и педагогической мысли в Казахстане во второй половине XIX века. Алматы, 1958.
  20. Храпченков Г.М. Школы Казахстана в начале XX века (1901–1917). Дисс. Алматы, 1960.
  21. Әлсатов Т.М. Қазақ хандығы тұсындағы педагогикалық ойлардың дамуы (XV–XVIII). Алматы, 1995.
  22. Омар Есенәлі. Қазақстандағы мектептен тыс мекемелердің қалыптасуы мен дамуы (1917–1990). Дисс. Алматы, 2002.
  23. Есекеев Ж. Педагогическое образование в Казахстане (1917–1930 гг.). Алматы, 1968.
  24. Байзакова Е.М. Развитие методов обучения в истории начальной школы Казахстана (1920–1930 гг.). Алматы, 1965.
  25. Жанабаева Р.А. История создания и развития системы профессионально-технического образования в Казахстане. Дисс. Алматы, 1989.
  26. Кайрханова Ф.К. Создание и развитие сети культурно-просветительных учреждений в Казахстане (1920–1932 гг.). Алматы, 1993.
  27. Акжаркенова Л.П. Интернат типтес мектептердің қалыптасуы мен дамуы (дереккөз көрсетілмеген).
  28. Шұғаева Г.Қ. Қазақстанда ауылдық шағын жинақталған мектептердің дамуы (1930–1960). Автореф. Атырау, 2006.
  29. Жарықбаев К., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, 1997.
  30. Әбдікерім А. Ұлттық педагогика негізінде оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру жолдары. Дисс. Алматы, 1994.
  31. Храпченков Г.М. Научно-педагогические вопросы народного образования в Казахстане. Алматы: Мектеп, 1976.
  32. Қалиев С.Қ. Қазақтың тәлім-тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері. Автореф. Алматы, 1996.

Алтынсарин педагогикасындағы тәлімдік және дидактикалық мәселелер

Оқулықтарындағы оқу-тәрбие мәселесі

Ыбырай Алтынсарин — дидактика мен әдістеме проблемаларын зерттеп, қазақ халқының оқу-ағарту ісінің ілгері дамуына елеулі үлес қосқан алғашқы ағартушы-педагогтардың бірі. Дидактиканың өзекті мәселелерінің қатарында мектепте ана тілін оқыту және жаңа әліпби мәселелері болғаны белгілі. Бұл бағытта ол орыс педагогтары К.Д. Ушинский мен Л.Н. Толстой еңбектерімен танысып, сондай-ақ Грузия, Армения, Әзербайжан, Татария, Чувашия және басқа өңірлердегі ағартушылық тәжірибелермен идеялық үндестікте болды.

Алтынсарин педагогикалық және публицистикалық еңбектерінде тәрбиеге, әсіресе адамгершілік мәселелеріне ерекше мән берді. Халық мүддесін ойлап, соған қызмет ету — оның ағартушылық көзқарасының өзегі.

Ы. Алтынсарин өз заманында қазақ халқы үшін тарихи маңызы зор іс атқарды: оқу ісін ұйымдастырудың болашағы бар үлгілерін қалыптастырып, келер ұрпаққа өнеге қалдырды. М. Әуезовтің бағалауынша: «Ірі ағартушы, зор саналы әлеумет қайраткері, жігерлі ақынның артында қалған ізіне, қадірлі жолына қарап отырсаң, заманына бақсаң, көңілге үлкен алысқа толы ойлар келеді». Мұндай істің жалғасын табуы — тарихи заңдылық.

Ыбырай көтерген ағартушылық, тәлім-тәрбиелік және педагогикалық мәселелер кейін ұлы Абай Құнанбайұлы шығармашылығындағы философиялық және моральдық-адамгершілік ойлармен сабақтасып, тереңдей түсті.

Алтынсарин қызметінің түпкі мақсаты — жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу. Оның «Кел, балалар, оқылық» өлеңі жастарды білімге, өнерге шақырған үндеу ретінде бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Баланың мектептен алған білімін өмір талабымен ұштастыруы, оқыту әдістерін батыл әрі орынды қолдануы оның дидактикалық көзқарасының қалыптасуына негіз болды.

Гуманистік өзек

Ы. Алтынсарин педагогикасындағы алтын арқау — гуманистік көзқарас: шәкіртке жылы жүрекпен қарау, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық қағидаларын орнықтыру.

Әдістемелік ұстаным

Ол оқытушыны бағалауда сыртқы сөзге емес, ең алдымен білімі мен ісіне сүйену керектігін атап көрсетті.

Екі сыныптық мектептер меңгерушілеріне арналған нұсқау хаттарында Алтынсарин мұғалім еңбегін бағалауда олардың іске қатысы аз сөздеріне емес, кәсіби дайындығына, оқыту сапасына және шәкіртке ықыласына қарап пайымдауды ұсынды.

Мәтін редакцияланды: тілдік қателер түзетіліп, құрылым жүйеленді; мазмұндық бөлімдер семантикалық тақырыпшаларға бөлінді.