Тіршілік процестерін реттеу тақырыптарын оқып қайталау
Биохимия пәнінен №2 межелік бақылау тапсырмалары
Төмендегі тапсырмалар межелік бақылауға дайындалуға арналған. Материалды жүйелі түрде қайталап, негізгі ұғымдар мен үрдістерді нақтылап шығыңыз.
А) Тақырыптарды қайталау
Оқу және қайталауКелесі тақырыптарды оқып, негізгі реакциялар, ферменттер, реттелу жолдары және биологиялық маңызы бойынша қысқаша конспект жасаңыз.
-
1
Нуклеин қышқылдарының алмасуы
Синтез, ыдырау, қайта түзілу жолдары және олардың жасушадағы рөлі.
-
2
Белоктардың алмасуы
Аминқышқылдар алмасуы, дезаминация, трансаминация және уреогенез негіздері.
-
3
Көмірсулардың алмасуы
Гликолиз, гликоген алмасуы, глюконеогенез және олардың реттелуі.
-
4
Липидтердің алмасуы
Май қышқылдарының тотығуы, липогенез және липопротеиндер қызметі.
-
5
Биологиялық тотығу
Электрон-тасымалдау тізбегі, тотығулы фосфорлану және АТФ түзілуі.
-
6
Тіршілік процестерін реттеу
Гормондар, аллостериялық реттелу және кері байланыс қағидаттары.
В) Өткен тақырыптар бойынша тест
Өткен бөлімдер бойынша тест тапсырыңыз. Терминдерді, негізгі реакция теңдеулерін және реттелу механизмдерін қайталауға ерекше назар аударыңыз.