ДАНИЯЛ АХМЕТОВ

Өмірбаян

Даниал Ахметов 1954 жылы 15 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген. Павлодар индустриялды институтының өндіріс және азаматтық құрылыс факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолының бастауы

  • Еңбек жолын ұста ретінде бастаған.
  • Кейін «Павлодаржилстрой» ірі тұрғын үй құрылыс комбинатында жоба жасаушы болып қызмет атқарған.
  • 1983 жылы «Екібастұзшахтастрой» комбинатында құрылыс жөніндегі бас инженердің орынбасары болған.

Мемлекеттік қызмет

  1. 1987

    Екібастұз қалалық халық депутаттары кеңесі төрағасының орынбасары.

  2. 1993

    1993–1997 жылдары Павлодар облысы әкімшілігінің басшысы.

  3. 1997

    1997–1999 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

  4. 2000

    2000 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары.

  5. 2001

    2001 жылғы қарашадан бастап Павлодар қаласының әкімі.

  6. 2003

    2003 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Даниал Ахметовты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі қызметіне бекітті.

  7. 2007

    2007 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.