Жер ресурстары

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СМЖ 3 деңгейлі құжаты
ПОӘК

ПОӘК 042-14-3-04.0903-2012
ПОӘК
Табиғатты пайдалану экономикасы пәнінің
оқу-әдістемелік материалдары
Басылым № 1
28.08.2012

“Табиғатты пайдалану экономикасы” пәнінен
050731мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған

Оқу-әдістемелік кешен

Пәннің оқу-әдістемелік материалдары

Семей 2012

Мазмұны
1. Глоссарий
2. Дәрістер
3. Семинар сабақтары
4. Студенттердің өздік жұмысы

1. Глоссарий
Автаркия – нақты бір елді экономикалық оқшаулау саясаты, жеке бір мемлекеттің шеңберінде томаға – тұйық, өзін - өзі қамтамасыз ететін экономика құру мақсатымен оны әлемдік нарықтан ерікті немесе мәжбүрлі түрде тұйқтау.
Автократия – экономиканы, кәсіпорынды басқарудың билікті бір адамның қолына шоғырландыруға негізделген тісілі, стилі; шексіз билікке ие ұйым басшысына көссіздікпен, сөзсіз бағынушылық.
Автономия - өзін - өзі басқару, аумақтарды, кәсіпорындарды басқарудағы тәуелсіздік, дербестік.
Авторитаризм – демократияға қарсы, құқыққа қарсы тұжырымдама және билік жүргізу практикасы.
Авторитарлық - өкіметке құлдық ұрып бағынушылыққа негізделген басшылық стилі.
Әдіс – табиғи құбылыстарын, қоғамдық өмірді танып білу тәсілі; теория, ілім, тәсілдері немесе нақты міндетке бағындырылған тұрмыс салт.
Әміршілдік экономика - экономикалық жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда материалдық ресурстар мемлекеттік меншікті құрайды, ал экономикалық қызметтің бағыты мен үйлестірілуі бір орталықтан жоспарлау арқылы жүзеге асырылады.
Бизнес – кәсіпорындардың немесе ұйымдардың, жекеше тұлғалардың өңделмеген түрде өнім шығару, тауар өндіру немесе сатып алу және сату немесе табыс табу мақсатымен басқа тауарларға немесе ақшаға айырбас ретінде қызмет көрсету.
Бизнес-жоспар – кәсіпорынды белгілі бір кезеңде дамыту жоспары;пайда алу мақсатыменмәмлені жүзеге асырудың бағдарлама-жоспары.
Бизнесмен, табыскер – бизнеспен айналысушы адам, коммерсант, кәсіпкер.
Болжау мен жоспарлаудың әдістері – кәсіпорынның оның бөлімшелерінің, басқарудың басқа деңгейлеріндегі болжамдары мен жоспарларын әзірлеу тәсілдері.
Бюджет – мемлекеттің нмесе отбасының не жеке тұлғаның белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай кірісі мен шығысының тізімі, сметасы.
Жергілікті бюджеттер – жергілікті өкілдікті органдардың қаржы базасы, олардың қажетті шараларды қаржыландыруға арналған қаражатын қалыптастырудың негізгі жоспары.
Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің ақшалай қаражатының белгілі бір уақыт кезеңіндегі кірісінің құралуы мен шығысының атқарылуының заңды тәртіппен бекітілген смета.
Республикалық бюджет – жалпы республикалық мәні бар шараларды қаржыландыру үшін қаражатты құраудың негізгі жоспары.
Бюджет жүесі – түрлі деңгейдегі бюджеттердің экономикалық қатынастар мен заңдылық нормаларға негізделген жиынтығы.
Бюджет кірісі – салық түсімдер мен салыққа жатпайтын түсімдердің, алымдардың көлемі.
Бюджет процесі – мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту, атқару бақылау жөніндегі заңмен және тбасқа нормативті актілермен тәртіптелген қызмет.
Бюджет статистикасы – мемлекеттік бюджет статистикасы-қаржы статистикасының аса маңызды бөлімі; отбасы бюджеттерінің статистикасы- әлеуметтік –статистиканың құрамдас бөлігі.
Бюджет тапшылығы – бюджеттің шығыс бөлігінің кіріс бөлігінен асып түсуі.
Бюджетті тәртіпке келтіру – бюджет жүесін ұйымдастыру және оның құрылымының негізгі қағидаларын тұжырымдау.
Бюджеттен тыс қорлар – кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін таратылатын және ұйымдық дербестігі негізінде кешенді түрде жұмсалатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдалану нысаны.
Бюджеттік есеп – бюджеттің атқаруына және бюджеттік мекемелер шығысының сметаларына бухгалтерлік есеп жүргізу.
Бюджеттік жоспарлау – бюджеттің жоспарлы түрде жасалуы, қаралуы, бекітілуі және атқарылуы барысы.
Бюджеттік несие – бекітілген бюджет бойынша шығыстың белгілі бір түрлерін қаржыландыруға берілетін қаражат.
Бюджеттік қаржыландыру – кәсіпорындарға олардың қызметін жүзеге асыру және дамыту үшін тегін берілген бюджет қаражаты.
Бюджеттік реттеу – жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге олардың кірісі мен шығысын тепе- тең ұстау үшін бөлінетін қаражат.
Бюджеттік тексру – халықтың әртүрлі қоғамдық топтарының тұрмыс дәрежесін туралы алынатын мәліметтердің көзі болып табылатын отбасының бюджеттің статистикалық тұрғыдан іріктеп тексеру.
Жобалау – кәсіпорынды, ғимаратты салу немесе оларды жаңғырту үшін қажетті техникалық-экономикалық негіздемеден, сызбалардан, түсіндірме жазбалар мен басқа да материалдардан тұратын техникалық құжаттама кешенің әзірлеу.
Стратегия – қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам дамуының нақты кезеңінің жағдайларынан туындайтын жалпы жоспар.
Тактика – экономикалық әлеуметтік және басқа саясатта алға қойылған мақсатқа жету үшін қолднылатын құралдар мен тәсілдер.
Ретроспективті талдау — объектінің бұрыннан қалыптасқан техникалық, әлеуметтік, экономикалық даму тенденциясын оның даму стратегиясын қалыптастыру мақсатында зерттеу әдісі.
Верификация - болжау моделінің ақиқатын (адекваттығын) тексеру.
Ықтималдық – берілген жағдайдың аяқталу мүмкіндігінің деңгейі (0 ден 1 дейін өзгереді).
‘’Мақсаттар ағашы’’ – жүйеленген, иерархиялық қағида бойынша құрылған жүйе, бағдарлама, жоспар мақсаттарының жиынтығы.
Динамикалық қатар – болжау объектісі айнымалысының өткенді шолатын мәндерінің уақытша тізбектелуі.
Болжау тапсырмасы – болжау мақсаттары мен міндеттерін анықтайтын, оны жасау тәртібін реттейтін құжат.
Болжау объектісінің мағыналы айнымалысы – болжау міндетіне сәйкес объектіні сипаттау үшін қолданылатын болжау объектісінің айнымалысы.
Корреляциялық дала - әрбір фактор мен функция арасындағы байланыс формасы мен тығыздығын анықтау мақсатында құрылған функцияның фактордан тәуелділігін көрсететін графикалық сызба
Стьюдент критериі – модельге кіретін факторлар мағынасын сипаттайтын математикалық критерий.
Болжау әдісі- болжау жасауға бағытталған болжау объектісін зерттеу әдісі.
Болжау әдістемесі – нақты болжам жасау барысында болжау әдсітерін қолдану тәртібінің жиынтығы. Параметрлік әдіс – бір жағынан объект параметрлері мен өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейі арасындағы тәуелділікті көрсетуге негізделген, екінші жағынан пайдалы тиім немесе шығын элементтері арасындағы тәуелділікті көрсетуге негізделген пайдалы тиім, шығын және басқалардың элементтерін болжау әдістері.
Экономикалық-математикалық әдістер - жоспарланған немесе қалыптасқан экономикалық жағдайлардағы шаруашылық шешімдерді анықтайтын ең жақсы, оңтайлы нұсқауларды таңдауда қолданылатын талдау және оңтайландыру әдістері.
Экспертті әдістер – осы облыстағы мамандар тобының ұжымдық пікірлесуіне негізделген болжау әдістері.
Экстраполяция әдістері -1) бағдарламаның сол немесе басқа аспектісін жүзеге асыруға қажетті өнімді болжауға негізделген әдістер.
-2) объектінің оның бұрынғы даму тенденциясы бойынша болашақта дамуын болжау әдістері.
Модуль – объектінің болашақта мүмкін болатын жағдайын болжауда қолданылатын оның жеңілдетілген көрінісі.
Анықталмаған жағдайлар – потенциалды нәтижелердің ықтималдығын бағалау мүмкін болмаған жағдайда пайда болады.
Нормативті болжам – болжау объектісінің белгілі бір жағдайға жету мерзімі мен жолдарын белгілейтін болжам.
Алдын-ала саралау кезеңі – бұл болжам жасалынып жатқан кезең.
Жоспар – белгілі бір мақсаттар мен ресурстарға байланысты іс-әрекеттер тізімі мен мерзімін директивті анықтау, шешім.
Ізденіс болжамы – болжау объектісінің мүмкін болатын жағдайын көрсететін болжам.
Көрсеткіш – объект жағдайын білуге мүмкіндік беретін көлем, өлшем.
Жорамал – белгілі бір объектінің немесе процестің болашақтағы жағдайы туралы пікрдің логикалық тізбегіне негізделген қорытынды.
Болжам әдісі – белгілі бір кезеңде нақты объект алуға бағытталған бір немесе бірнеше логикалық немесе математикалық операциялар.
Болжау – объектінің болашақтағы жағдайы немесе осы жағдайға жетудің альтернативті жолдары туралы ықтималды пікір.
Болжамдық ретроспекция (өткенді шолу) – олардың жүйелі сипатын алу мақсатында болжамдық фон және болжау объектісінің тарихы зерттелетін болжау кезеңі.
Болжау шегі – болжаудың нақтылығы мен сенімділігі қамтамасыз етілетін саралаудың максималды кезеңі.
Болжамдық диагноз – мәселелерді, даму тенденци көрсету және болжау әдісін таңдау мақсатында болжамдық фон және болжау объектісінің тарихы зерттелетін болжау кезеңі.
Прогностика (футурология) – болжау жасау заңдылықтары туралы ғылыми пән.
Жоба – нақты шараға, құрылысқа қатысты шешім.
Проспекция – таңдалған әдістерді пайдалана отырып болжау, болжау фонының объектілері болжанатын, олардың верификациясы жүргізілетін болжау кезеңі.
Менеджментті жүйелі қарастыру – кез-келген объект, жүйе бір-бірімен байланысты элементтер жиынтығы ретінде қарастырылатын жағдай.
Құрылым – оның басты мақсатын дұрыс орындауға қажетті жүйенің құрамды бөлімдерін сәйкестендіру әдісі.
Басқарушылық шешім – менеджмент жүйесінің нақты мақсаттарына жету үшін альтернативаларды таңдау, экономикалық негіздеу, оңтайландыру, болжау, талдау нәтижесі.
Фактор – функцияға әсер ететін, жүйедегі объектінің немесе процестің жеке көрсеткіші.
Сырт көзге ғана дұрыс статистикалық мәліметтер – болжау объектісін талдау немесе ресми статистика мәліметтерін пайдалана отырып ретроспекция кезеңінде алатын мәліметтер.
Функция – регрессия деңгейі бойынша есептелген нәтижелі белгі, болжамдық көлем.
Болжау объектісінің сипаттамасы – болжау объектісінің кез-келген қасиетінің сапалық немесе сандық жағынан бейнеленуі.
Мақсатты болжам – жиынтығында жүйе эволюциясын құрайтын оқиғаның уақыт және кеңістікте жүйелі түрде өрбуінің гипотезалық суреті.
Болжау объектісінің экзогенді айнымалысы – болжау фонының (сыртқы ортаның) қасиеттерін бейнелейтін болжау объектісінің маңызды айнымалысы.
Болжау объектісінің эндогенді айнымалысы – оның өз қасиеттерін бейнелейтін болжау объектісінің маңызды айнымалысы.
Энтропия – объектінің белгісіздік деңгейін сипаттайтын көрсеткіш.
Болжау кезеңі - өзінің міндеттерімен, әдістерімен, нәтижелерімен сипатталатын болжау жасау процесінің бөлімі.

1. Дәрістер

1- тақырып Табиғат пен қоғамның өзара әрекеті жөніндегі ғылыми тұрғыдағы экология.
1. Табиғатты пайдалану экономикасының міндеттері мен проблемалары.
2. Ғылымының пайда болуы мен дамуы
3. Экология туралы түсінік

Әлемдік экономиканың тоқтаусыз дамуы ғаламдық экологиялық көкейкесті проблемалардың туындауына себеп болып отыр. Жердің шөлге айналуы, орманның құрып кетуі, табиғи қордың сарқылуы, озон қабатының бұзылуы, жылыжай буынның әсері (парник), тұзды жауын, ауыз судың тапшылығы, мұхиттардың ластануы, өсімдік пен жануарлар түрлерінің жойылуына және жердің азуына әкелуде. Жоғарыда аталған осы проблемалар қайткенде де адамзат өркениетінің болашағымен тығыз байланысты.
Тұтастай алғанда табиғат экологиялық проблемаларды білмейді. Егер де, олар кейбір организм топтарында туындай қалса, әдеттегідей эволюциялық бояу жолымен, біршама уақыт аралығында бір түрдің екінші түрге ауысуымен табиғатта білінбестен өте береді. Оларға қарағанда адамдардың экологиялық проблемалары жер шарындағы бар табиғаттың өзекті проблемаларына айналып отыр.
1. Табиғат пен қоршаған ортаға адамның ХХ ғасырдағы антропогендік әсер етуінің шамасы үлкен болды. Қалыпты биосфераның шегіне жақындап қалды, тіпті кейбір параметрі бойынша асып кетіп жатыр. Әрине, мұның көріністері әртүрлі:
2. бұзылмаған жер көлемінің күрт азайып кетуі, олардың тозуы, биологиялық табиғатқа жағымсыз әсер етуінің де ұзақ тарихы бар. Бірақ, осылардың барлығы біздің заманымыздағы жағымсыз әрекеттің түрлердің азаюы, биосфераның сандық және сапалық жағынан да кедейленуі;
3. Тұщы су, топырақ гумусын, биомассаны және өсімдік өнімдерінің орнын толтыруға мұрша бермей бәрін алып, тұтынып жатыр;
4. ХХ ғ. Орны толмайтын минералдық және отындық қорлардың тез азайып, сарқылуға жақындауы өз кезегінде қиын экономикалық проблемаларды тудырып отыр;
5. Құрамындағы заттар мен материалдар табиғат айналымында еш пайдаға аспайтын шаруашылықтағы қалдықтар ортаны ластайды, экожүйенің бұзылуына әкеліп, адам денсаулығына қауіп төндіреді;
6. Ортаны реттеп тұратын биосфераның қызметі әлсізденіп, экологиялық тепе – теңдіктің бұзылуына әкеледі.
Жердің геологиялық тарихында өсімдік жабындысының құрғақтығында, құрлықтың ландшафт құрылымында, климат пен атмосфераның химиялық құрамында айтарлықтай өзгерістер бұрындары болып тұрған.
Сондай – ақ, адамның жылдамдығындай болған емес. Бұл ғаламдық экологиялық дағдарыстың есіктен сығалуы деген сөз.
7. Өсіп отырған антропогендік қысымға табиғат бұрын соңды көрмеген экологиялық қауіпті өзгерістермен жауап беруде:
ортаның химиялық және радиациялық ластануының әсерінен мутацияны тездетіп және жаңа биологиялық түрлердің пайда болуына әкеліп отыр. Олардың бейімделуі мен тұрақтылығы өте жоғары, ал кей жағдайда адамға қауіпті қасиеттерге де ие;
микроорганизмдердің, өсімдіктердің немесе жануарлардың жеке түрлеріне таңдап жүріп әсер етуі, олардың табиғи бірлестіктен жойылуы көптеген түрлерді жанап өтетін, экожүйелердің тұрақтылығын бұзып және олардың ішінен көбін бүлінуге әкелетін бақылауға еш келмейтін тізбекті реакцияларға жол ашады.
Ландшафтың антропогендік тұрғыдағы қайта құрылуы мен ортаның ластануы экологиялық апаттар мен экономикалық шығындарға, экологиялық қауіп – қатері жоғары зоналардың пайда болуына әкелетін бақылауға еш келмейтін салдарлары да жоқ емес. Табиғат жауаптарының адам табиғатына тікелей қатысы бар.
8. Адам өзінің консерваивті биологиялық мәнінің және табиғаттан күн санап өсе түскен өгейсінудің арасындғы қайшылықтардың торында шырмалғандай күй кешуде.Өздері ойлап тапқан технологияны жақсы өмір сүру үшін тұрмыс құралдарын пайдалана отырып, табиғи сұрыптау мен түр аралық бәсекелестіктің қысымынан үлкен дәрежеде құтылып отыр. Ол биологиялық түрлер санынан бірнеше есе асып, биологиялық тұтынуды қанағаттандыру үшін заттар мен қуат (энерги) көздерін пайдалану көлемін ондаған есеге арттырды.
адам санының өсуі олардың биологиялық сапасының артуымен байланысты емес. Керісінше, тұқым қуалайтын аурулардың жұқпалы ауруларға бейімділігі, сондай – ақ егде адамдардың созылмалы арурулары да кең етек алып отыр. Адам экологиясының проблемалары денсаулықтың проблемаларына көп ұқсап келеді.
Адамзат ХХ ғ. өзінің тұтыну өркениетінің шегінде отыр.Экономика екінші қажеттіліктің үлкен санына жабысуының арқасында тұр. Осылардың бәрін қанағаттандыру қоршаған орта мен табиғатымызға артық техногенді салмақ түсіреді.
Адамзаттың экологиялық проблемалары әлеуметтік және экономикалық проблемалармен өте тығыз байланысты. Аймақтық экологияның проблемалары әлеуметтік мүлік теңсіздіктері мен геосаяси сілкіністердің тікелей ошағы болып табылады. Осы проблеманың көпшілігін тек қана экологиялық себептерге ғана емес, сонымен қатар экономика мен қоғамдық идеологиялық саясатқа да байланысты. Қазіргі тандағы экология оларды кешенді түрде зерттеп және шешудің маңызды ғылыми негіздерін енгізуде.
Ғылым ретінде қазіргі тандағы экологияның міндеті: көптеген нақты материалдардың бірегей теориялық платформаға өзар қатынасын барлық қырынан көрсетіп, осы мәліметтерді бір жүйеге келтіріп, біріктіруі керек.
Қазіргі кезде ғаламшардың экологиялық проблемасын түсіну үшін, эколгияның жаңа идеологиясы мен әдісінамасын жасау үшін табиғатты пайдаланудағы тәжіриебелік істерді, экологиялық білімді дұрыс ұымдастыра білу қажет. Осы күнгі экологияның жалпы міндеттерін ғылыми іс – тәжірибелік жоспарды ауқымды түсінік бойынша төмендегідей қалыптастыруға болады:
1) ғаламшар табиғаты жағдайының және оның ресурстарының жан – жақты диагностикасы, ортаның ластануы мен адамзат әрекетінен биологиялық қорлардың алынуына себеп адамның ісінен, антропогендік қысымға қатынасы бойынша биосфераның шыдамдылық шамасын анықтау;
2) биосферасы ең маңызды өнім әлуетінің табиғатын кешенді түрде толығымен қалыпты өзгеруінің, сонымен қатар қоршаған ортаның аймақтық және ғаламдық жай – күйін, аймақтың және адамзаттың толық әлеуметтік дамуының әр түрлі елдердің түрлі сценарийі негізінде болжауын жасау;
3) табиғатты күштеп бағындыру идеологиясын алшақтау, эксцентризм әдіснамасы мен жаңа идеологияны қалыптастыру, өнеркәсіп өркениетіне өтуге байланысты білімді, саясатты, техниканы, өндірісті, экономиканы экологиялындыруға бағытталған шаралар;
4) оңтайландыру крийтерийлерін орындау – экологиялық өктемдік пен анағұрлым келісімді тандау мен қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының экологияға қарай бет түзеуі (бағдары);
5) адамзат қоғамының стратегиялық әрекетінің экономикасы мен технологиясы, табиғат шыдамдылығы шегінің экологиясына сәйкес шаруашылық қызметінің сипаты мен көлемін қалыптастыру ғаламдық экологиялық дағдарысты болдырмайды.
2. Экология ұзақ оқиғадан бұрын өткен ерекшелігіне қарай дербес ғылым ретінде табиғат туралы үлкен ғылыми ілімді жинақтаудың кезеңінен өткен. Ерте дүниедегі пәлсафашылардың еңбектерінен жануарлар мен өсімдіктер дүниесінен, олардың өмір сүру ортасына тәуелділігі мен ауа райының жай – күйін баяндаудың мәліметіне талпыныс жасалғанын аңғарамыз. Мәселен, Аристотель (б.з.д.384 – 382 ж.ж.) жануарлардың өзіне белгілі 500 түрінің мінез – құлқы айтады. Ботаниканың атасыТеофраст Эрезейский (б.э.д.372 – 287ж.ж.) өсімдіктердің түрлі жағдайларда ауа райымен топыраққа байланысты өсуінің түрліше болатындығынан мәлімет береді.
Ғасыр ортасына қарай табиғатты зерттеу дінбасылар тарапынан болған қысым нәтижесінде босанси бастаса, Дәуірлеу заманында ұлы жағрапиялық ашылуларымен жаңа қарқын ала бастады. Осы кездері зерттеушілер жануарлар мен өсімдіктердің ішкі және сыртқы құрылыстарын тәптіштеп жаза бастайды.Дж.Рей (1627 – 1705), К.Линней (1707 – 1778) және басқалары толық (жіктеу) жүйені жасауға ұмтылып, өсімдік әлемінің қыр – сырын, жан – жақты зерттеп, мол мағлұматтар жинады.
ХХVII – XVIII ғ.ғ. атақты саяхатшылардың жазбаларында да экология мәліметтері жайында айтылады. С.П.Крашенинников, И.И.Лепехин, П.С.Паллас және басқа табиғат танушылардың еңбектерінде өсімдік пен жануарлардың жер шарының түрлі аудандарында таралуы ауа райының климатына да байланысты,деп тұжырым жасайды.А.Ж.Б.Ламарк (1744 – 1829) эволюциялық ілімінің алғашқы авторы, ол жануарлар мен өсімдіктердің эволюциясы сыртқы жағдайдың әсерінен өзгеріп, бейімделіп отыратындығын тұжырымдайды.
ХІХ ғ.басында биогеография саласындағы экологиялық зерттеулер шыға бастады. А.Гумбольдтің (1769 – 1859) еңбектерінде өсімдіктер жаратылысын танудың экологиялық жаңа бағыты анықталады. Жер ландшафтысына орай өсімдіктердің сыртқы түріне қарай: ұқсас түрлері болады, деп ол ғылымға ұсыныс енгізді.
Мәскеу университетінің профессоры К.Ф.Рульені (1814 – 1858) классикалық экологияның негізін салған адам ретінде атауға болады. Ол жануарлар өмірін жан – жақты зерттеудің зоологиядағы ерекше бағыттың даму қажеттілігін кең түрде насихаттады. Әсіресе жануарлардың қоршаған ортамен өзара байланысының күрделі жақтарына назар аудара білді (аналары мен ұрпақтарының өзара байланысы, түрлі жануарлардың өзара байланысы және өсімдік, топырақ т.б. байланысы). Ол жануарлар дүниесін зерттеудің экологиялық кең жүйесін жасады.
Ч.Дарвиннің происхождение видов путем естественного отбора, или Сохранение благопритствуемых пород в борьбе за жизнь кітабында (1859) табиғат аясында өмір сүру үшін күрестің барлық түрлері, олардың өзара қайшылықтары табиғи сұрыптауға алып келеді, яғни бұл эволюция факторының қозғаушысы – деп, автор жазды.
Тірі жәндіктердің өзара қатынасы мен олардың табиғаттың органикалық емес компоненттерімен байланысы (өмір үшін күрес) – зерттеудің үлкен бір саласы.
ХІХ ғ. 70 – жылдарының соңына таман экологияда биоценолгияның жаңа бағыты туындады. Неміс гидробиологі К. Мебиус ортаның белгілі бір жағдайында организмдердің үйлесуі және ұқсас экологиялық жағдайда ол түрлердің бір – біріне бейімделуінің себепшісі болатынын, тарихының ұзақтығын зерттеді. Сонымен қатар, ол биоценоз туралы түсініктің алғашқы негізін салушы болды. Экология ботаникасының жеке саласы өсімдіктер топтамасының ерекшелігі туралы – геоботаника ілімінің негізгі ережесі орман туралы ғылым негізінде Г.Ф.Морозов пен В.Н.Сукачевтің еңбектерінде зерттелді. Жер ландшафтысын танушы ботаник В.Н.Сукачев биоценоз терминін 1940 ж. Толықтырып, биогеоценоз деп атады.
Гидробиолог, ботаниктар мен экологтардың экологиялық мектебі белгілі бір жақтарымен дамып, ХХғ. Басында эклогия ғыдлымы дамыды.
1913 – 1914 жж. Экологиялық ғылымы қоғамдар құрылып, журналы да ашылып, экология пән ретінде университеттерде оқытыла бастады.
Ағылшын ғалымы Ч.Элтон негізін салған экология саласындағы жаңа – популяция экологиясы (демэкологи) 30 – жылдары қалыптасқанын жария етті.Экологиядағы популяцияны зерттеу (бір түрдің тұтас ерекшелігін) тәжірибеде айтарлықтай сұранымға, атап айтқанда: орман және ауыл шаруашылығында зиянкестермен күрес, бағалы жануарлар тұқымының нашарлауы, жабайы жануарлардың адамға және үй жануарларына түрлі ауру қоздырғыштарын жұқтыруының ашылуы себепші болды.
40 – жылдарға таман экологияда табиғат ортасын зерттеудің принципті жаңа тәсілі туды. 1935ж. Ағылшынның ғалым ботанигі А.Тенсли өздерінің тіршілік ететін ортасыиен кез келген организмнің қалыпты да жүйелі тұтастығының сипаты үшін экожүйе түсінігін ұсынды (биотикалық пен абиотикалық). Бұл түсінік өз шеңберінде қатысты үлкен анықтықтан еш айырмасы жоқ. Қай жерде болсын қоршаған ортамен өзара байланыстығы биосферада, тұтас ғаламдық құбылыста тіршіліктің нышаны бар болса кез келген биосфераның кәдімгі қалдығы экожүйе болуы мүмкін.
В.Н.Сукачев биогеоценоз туралы негізді ұсынды. Бұл түсінікте абиотикалық қоршаумен организмдердің тұтастығы мен заңдылығы, барлық тіршілік аталуының негізіне жататын және органикалық емес қоршаған орта заттарының айналымы туралы және олардың энергияға айналуы көрініс береді.
Соғыстан кейінгі 50 – ші жылдардың басында экология қарыштап дами түсті. Көптеген экологиялық зандылықтардың баяндау, математикалық әдіспен модельдеу (үлгілеу) кең түрде енгізіле бастады.Көбею динамикасының мүмкін деген нұсқаларының кең түрдегі суреттері алынып, түрлердің топтана бірлесіп тіршілік етуінің маңызды принциптері қисынға келтірілді. Ал, бұл нәтиженің арқасында егістікті бағдарламалау міндетінің шешіміне негіз болды. Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылық дақылдары сызбасының тиімді есебін жасауға т.б. мүмкіндік берді.
Соңғы 20 жылдың ішінде экология біздің елде секіріс жасап, экожүйені зерттейтін маңызды ғылымның біріне айналды. Адамзат алдында қоршаған ортаны үйлесімді түрде менгеру ісі, тірі табиғаттың элементтерін күрделі жүйе ретінде қарауды талап ететін міндеттер тұр. Бұл күндері экологиялық принциптер және оның теориясы сирек өсімдіктер мен жануарларға, адамға, олардың табиғи өмір сүру жағдайына қолданылуы, жалпы танылып отыр. Экология принциптерін зерттейтің экология саласы адамзат қоғамының қалыпты дамуы үшін өте қажет. Оны қоршаған орта жөніндегі ғылым, - деп орынды айтады.
өкінішке орай, ғасырлар бойы табиғат байлығын пайдалану экология заңдарын білмей жүзеге асырылып келді. Соның салдрынан табиғи қордың сарқылуы мен өмір сүріп отырған ортамызды кең ауқымда ластап отырмыз. Оның зардаптарын адамзат баласы тартып та отыр.
Адамның болашақта және бүгін әдеттегідей өмір сүруіне мүмкіндік үшін шұғыл түрде шаралар қолдану қажет. Осыған орай, экологияда биологиялық және дүниеге деген көзқарастың негізі болуы керек екенін атап өткен жөн. Сол негізге сүйене отырып, адам баласы қоршаған табиғатты сақтап қалу үшін тиісті шаралар қабылдауы қажет.
Жердегі экожүйенің жоғары дәрежелісі. Тіршілік иелері қоныстанған планетаның қабаты – биосфера болып саналады.
Қазіргі мәннің түсінігіне жақын биосфераны алғаш рет енгізген австрия геологы Э.Зюсс болатын. Ол өзінің Происхождения Альп (1875) кітабында жерден ерекше организм құрайтындай қабықты анықтады. Бүгінгі таңда бұл қабатты белгілеу үшін биота, биос, жанды зат түсінігі қолданылады.
Академик В.И.Вернадскийдің (1863 – 1945) классикалық Биосфера (1926) еңбегінде биосфера туралы ілім ұсынылған.
Ол биосфераны өмірмен қамтылған жердің ерекше қабаты – деп анықтады.
В.И.Вернадский келесі компоненттерді белгілейді:
Тірі зат – барлық тірі организмдердің жиынтығы;
Сірескен зат – жансыз дене немесе құбылыс (атмосфера газы, магма текті тау жынысы, органикалық емес пайда болуы т.б.);
Биотекті заттар – тіршілік әрекетінің өнімдері (топырақ гумусы, тас көмір, торф, мұнай, тақта тас т.б.);
Радиоактивті зат;
Шашыранды атомдар;
Ғарышта пайда болған заттар (ғарыштық тозаң, метеориттер).
В.И.Вернадскийдің көзқарасына байланысты барлық жердің болмысы, жер ландшафты, атмосферасы, судың химиялық құрамы, шөгінділер қалындығының пайда болғаны үшін тірі заттарға (міндетті) қарыздар. өмір – жер мен ғарышты байланыстыратын желі іспетті, ғарыштан келетін энергияны пайдалана отырып, сірескен заттарды өзінен өткізеді де, материалдық әлемнің жаңа түрін жасайды. Сонымен, тірі организмдер топырақты жасап, атмосфераны оттегімен байытады. өзінен кейін бірнеше километр болатын шөгінді жыныстарды, жер қойнауының байлығын қалдырып, жер шарындағы мұхит суларын өздері арқылы бірнеше рет өткізіп отырады.

2- тақырып . Экологияның ғаламдық проблемалары.
1. Климаттың ғаламдық жылынуы.
2. Озон қабатының таусылу проблемалары.
3. Биологиялық әр алуандылықтың ғаламдық өзгерістері.

ХХ ғ. 60 ж. Соңына қарай жиырма тыныштықтан кейбір бір мезгілде барлық сынап бағаналарының жоғары көтеріле бастағанын ғалымдар аңғара бастады. 80ж. Ортасына таман тағы да көтерілді. 90ж. әлемнің орташа температурасының жылына бастағанын метереологиялық станциялар байқады. әрине, бұл өзінше рекорд еді.
Ғалымдар мен экологтар саясатшыларға қарсы шабуылға шыға бастады. Нәтижесінде климаттың өзгеруі бойынша мемлекетаралық комиссия жұмыс жасай бастады. 1995 ж. Алғаш рет адамзаттың бейберекет жаққан отындларының нәтижесі жер шарында температураның жылынуына әкелгенін ресми түрде мойындалды. Дүрлігу мен алаңдаудың негізгі көздері – автомобиль газдары мен өндірістік түтіндер озон тесіктерін тудырып, одан ультракүлгін сәулелер жылыжай әсерін туындатып отыр.
Қоршаған ортаны қорғау бойынша жапон ҒЗИ – ның ғаламдық экологияның проблемаларын зерттеу бойынша топ жетекшісі Сюдзо Ниноко: ғаламдық климаттың өзгеруі шындыққа айналып отыр. Жылына климаттық зоналардың шамамен бір жарым километр экватордан екі полюске қарай жылжуы үлкен көлемде өзгерістерге ұшыратуы мүмкін - тұжырымдайды. Жағдайдың бұлай дамуы 2030 жылы Токионың климатын тропикалық ауа райына әкелуі мүмкін.
Егер көмір қышқыл газы осы үрдіспен шығарыла беретін болса, онда жапон аралында жылдың орташа температурасы 70 жылдан соң 2 – 3° Сөседі. Бұл мұхиттағы су деңгейінің көтеріліп, 4 млн. Адамды көшірумен аяқталады. Температура 33о С ыстықты көрсетсе, 65 жастан асқандардың өлімі 20 % артады – деп, ғалымдар қоғамды сақтандырады.
Ең тиімді нұсқасы қазірден бастап кәсіпорындарды аз мөлшерде ластайтын технологияға, баламалы энергия көздерін пайдалануға көшірген дұрыс болар еді. Республикада энергияны тиімді пайдалану бойынша заң жобасы дайындалып, бағдарлама қабылданды. Қазақстанның стратегиялық дамуының көп жылғы шаралары белгіленді. Соның ішінде СО2 тұтқыштары, шабындықтар мен ормандарды қалпына келтіруге, органикалық тұрғыда жерді игеру т.б. бірақта, экономикалық өтпелі кезеңнің қарждылай қиындығы қол байлауда. Сондықтан, тысқары жерден қаржылай және технологиялық көмек болмайынша ол шараны ойдағыдай іске асыру екі талай.
Сондықтан республика коммерциялық тұрғыда газдарды шығару үшін жолды қайтадан білуге мүдделі.
Бұрынғы министр С.Дәукеевтің мәлімдемесі бойынша Киото конференциясында әлемдік банк АҚШ пен өзге мемлекет бастамаларын қолдай отырып, Қазақстанда шығарылым бойынша сауданы бастау керектігін ұсынады. Ол шараны 2008 – 2012 жылдары емес, жақын арада іске асыру керек дейді. Сондықтан, конфернцияның адамгершілік жағын тани отырып, Қазақстан экономикалық даму деңгейі әр алуан елдермен бірдей жағдайды қажет ететіндіктерін мәлімдеді. Осыған орай біздің Республика Бонн қаласында Танзания өкілінің конвенцияға енгізген түзетулеріне оң көзбен қарайды. 77 топ атынан дамушы елдерге жаңа технологияны тезірек беру керектігін, міндеттемені орындау ғаламдық өзгерістерге қойылатын тосқауыл екендігіне дау туғызбас, - дейді топ өкілдері.

2.2. Озон қабатының таусылу проблемалары.
Озон тесігінің ұлғаюы жайында ғалымдардың айтқан болжамдары шындыққа айналуда. Ньюсуик журналының хабарламасында Американың ұлттық аэронавтика мен ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі басқарма мамандары соңғы кезде атмосферада шоғырланған химиялық заттардың аса көп мөлшері туралы айтады. Олар жердің озон қабатын бұзып, барлық тіршілік иелеріне ультракүлгін сәулелердің өтуіне ықпал етуде. Бұрын озон тесігі адам аз қоныстанған жерде болса, енді халық жиі тұратын аймақтарда да пайда бола бастады.
Озонның үлесі өте аз – атмосфера көлемінен бірнеше ондаған миллион үлесіндей ғана. Күннің қатқыл ультракүлгін сәулелеррінен ол барлық тіршілк иелерін қорғайды.
Озон қабатында тесіктің пайда болуы – адамдарда тері рагы және көзді шел басу ауруларының өсуімен қауіпті болуда.
БҰҰ – ның ресми мәліметтеріне сәйкес озон қабаты 1% - ке қысқарса, әлемде 100мың адамның көзін шел басып (катаракт), 10 мың адам тері рагы ауруына ушырайды екен. АҚШ мамандарының пікірінше атмосферадағы озонның әрбәр процентке азайып кетуі, экватор аймағындағы халықтың (барлық тіршілік иелерінің) 4 – 5 % иммунитетін төмендетіп, ауру – сырқауды асқындырып жібереді. Мысалы: соңғы 7 жылда АҚШ – та тері рагының қауіпті түрі маленоммен ауыратындар саны 3 – 7 % - ке артып отыр.
Денсаулыққа әсер етумен қатар, озон қабатының азайып, кеміп кетуі жылыжай әсерін күшейтіп, егін шығымы түседі, топырақ бұзылады, жалпы қоршаған ортаның ластануы етек алады.
70 ж. Басында озонға деген қызығушылық бұрқ ете қалды. Озон тесігі өте жүйрік Конкорд (ағылшын – француз фирмасы) пен ТУ – 144 ұшақтарының әсерінен деген болжамдар айтылды. Яғни, олардан шыққан газдар озон қабатының бұзылуына әкелуде, десті мамандар. Бірақ, ол айтқан болжамдар кейіннен дәлелденбеді.
ЖТҒК – не адамның әсер етуінің төмендегі түрлерін атап өтсек:
Зымыран қозғағыштарының жұмыс істеу нәтижесіндегі химиялық заттекті шығарындылар;
Зымыран ұшуынан соң энергетикалық және динамикалық ауытқулардың болуы;
Ғарыш қалдықтарымен, қатты бөлшектермен ластануы;
Радио хабарын таратушы мен басқа өнеркәсіпті жүйелердің электромагниттік сәулеленуі;
Жер бетіндегі атмосферадан ластайтын заттектілердің енуі;
Ғарыш апаттарында қолданылатын ядролық энергетика қондырғысының зиянды сәулелері мен радиоактивті ластануы.
ЖТҒК көзқарасы бойынша өте қауіпті өзгерістердің бірі – химиялық заттекті шығарындылар. Негізінен жоғары температуралы және жылдамдығы бар газтекті өнімдер зымыранның қуыс каналының жанына орналасқан. Сондықтан, массаның гидродинамикалық тез кеңеюі болады да, шығарынды газдар соңынан қоршаған ортаның температурасына теңесіп суи бастайды. Осы принциптердің салдарынан атмосфераның жоғарғы жағынан өн бойында ұшу траекториясының барлығында газды бұлт қалыптасады. Ал, оның химиялық құрамы күрделі болып келеді де, компоненттері жоғары атмосфера мен ионосфераның негізгі шығарынды өнімі – су және көміртегінің диоксиді. Протон зымыранының ұшқанынан ЖТҒК – не 100т су мен 90т. – дан астам көміртегінің диоксиді бөлініп шықты.
Ұшқан зымырандардың озон қабатына әсер етуін зерттеу нәтижесі көрсеткендей, әр ай сайын ұшқан Шаттл 4 жылдың ішінде жалпы озонның мөлшері орта кеңістікте 0,3 % және жоғарыда 0,4 – 0,5 % - ке төмендейді.
Шаттл мен энергия зымырандарының ғарышқа ұшырылуы озонның ғаламдық азаюын болдыруы мүмкін.
Ғарыш аппаратында ядролық энергия құрылымдарын пайдалану салдарынан туындайтын ЖТҒК – нің радиоактивті ластануы бұл ортаға аса қауіп төндірмейді. Солай дей тұрғанмен, жақын ғарыштан жердегі атмосфераға радиоактивті заттектердің шөгуі мен оны қоршап алуы сөзсіз.
Жердің сыртқы қорғаныс қабаты ретінде ЖТҒК – ін сақтап қалу үшін зымырандардың ұшуын қысқарту, ғарыш аппараттарын орбитаға шығару әдісінің техникалық құралын өзгерту керек, - дейді мамандар. Олай істемеген жағдайда ЖТҒК түгелге жуық бұзылуы мүмкін.

2.4 Биологиялық әр алуандылықтың ғаламдық өзгерістері.

Жерде қоныстанғаннан организмдердің саны өте көп, бірақ бұл шаманың мөлшері сол 5 пен 80 млн арасы деуге болады. Соның өзінде көбірек немесе азырақ дегендей, шыққан тегі таксоманиясының 1,4 млн түрі анықталды. Осылардың ішінде белгілі түрлерінің саны шамамен 750 мыңы шыбын – шіркей, құрт – құмырсқа, 41 мыңы – омыртқалылар, 250 мыңы - өсімдіктер; қалған түрлері күрделі жиынтықпен беріледі: омыртқасыздар, саңырауқұлақ, балдырлар және басқа микроорганизмдер. Түр – тұқымының байлығы әр түрлі климаттық, географиялық зоналарда анағұрлым ерекшеленеді. әрине, олардың полюстен экваторға дейін көбейген тенденциясы нақты байқалуда. Мәселен, қалыпты жағдайдағы тропикалық ормандарда тұщы су насекомдары 3 – 6 есе көп. Тропикалық ормандардағы алаңдардың бірлігіне жердегіден мейлінше көп ұсақ қоректілер тіршілік етеді. Латын америкасының тропикалық ылғалды орманының әр гектарында ағаштың 40 – 100 түрі, Солтүстік Америкада бар жоғы 20 – 30 түрі бар. Малайзия ойпатының Куала – лумпур ауданында бір гектарда діңінің ені 2см биік ағаштың 600 түрі бар, ал Данияның барлық аумағында оған қарағанда 2 есе кем.
Көптеген түрлер арасындағы себеп – салдарлық қатынасатр адаммен тікелей байланыстығы экожүйенің компонентерінде, энергия ағыны мен заттектердің айналымында үлкен рөл атқарады. Мысалы, сүзгіш заттар мен қалдық қоректілер, жануарлар адам азыққа пйдаланбайтындарды қорек етіп, биоген элементтерін айналымға шығарып, елеулі үлес қосады.
Биоәралуандылық түсінігіне, әсіресе, экологиялық биоценоз бен экожүйенің экологиялық жағымдылығына және жағдайына баға берген кезде жиі сөз болып, төрден орын беріледі. Ол уақыт өте келе жан – жақты болып және биология ғылымының арнаулы бөлімінің мәртебесіне ие болып отыр. Қазіргі таңда биоәралуандылық деген түсінікке: өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдердің барлық түрлері, сонымен қатар олардың өздері кіретін экожүйенің экологиялық процестері жатады.
Биоәралуандылық үш деңгейде қарастырылады: генетикалық, түр – тұқым белгілері және экожүйелік.
Генетикалық әр алуандылық – жерде мекендейтін организмдердің генінде болатын генетикалық ақпараттың көлемі. Түр – тұқымының әр алуандылығы – бұл жерде мекендейтін барлық организмдердің әр алуандылығы. Экожүйенің әр алуандылығы түрлі мекен ететін ортаға қатысты. Мәселен, биотикалық бірлестіктер мен биосферадағы экологиялық процестер, сонымен қатар мекендеу ортасындағы көп мөлшердегі әр алуандылық және экожүйе шеңберіндегі процестер.
Түрлердің жоғалуы. Түрлі геологиялық кезеңде болған эволюциялық процестер жерді мекендейтін түрлердің тұқымына маңызды өзгерістер әкелді. 65 млн жыл бұрын бор дәуірінің соңғы кезеңінде құстар мен ұсақ қоректілердің түрлері көптеп жоғалды. Динозаврлар толығымен жойылды.
Кейіннен бор дәуіріндегі ұлы жойылуларға қарағанда, биологиялық түрлер жылдамырақ жоғала бастады, осының барлығы табиғат құбылыстарының және адам әрекетінің салдарынан болды.
Биоәралуандылыққа төніп тұрған қатер үнемі артуда. 1990 – 2000 жж. Аралығында 5 – 15 % түрлердің құрып кетуі мүмкін деп айтылды. Оған мысал, тропикалық ормандардың селдірей бастауы. Бұл жылына 15 мыңнан 50 мыңға дейінгі түрлердің бір жылдағысы немесе күніне 40 – 140 аралығында түр жойылады деген сөз. Қазір 22 мыңдай өсімдік пен жануарлар жоғалып кету шегінде тұр. Олардың 66% - і омыртақалы жануар түрлеріне жатады және олар ғаламшарды мекен етеді.
Түрлердің жоғалып кетуінің негізгі төрт себептері бар:
Мекендейтін ортаның жоғалуы, түрлену мен фрагменттелуі;
шамадан тыс ресурстарды пайдалану;
қоршаған ортаның ластануы;
жерсіндірілген экзотикалық түрлердің табиғи түрлерді ығыстыруы.
әр жылда тропикалық орманды алқаптың 11,1 млн га (әр минутта 21 га) жері жойылып барады. Тропикалық орманның 70% қысқаруы сол түрлердің 30 % қысқаруына әкеледі.
Антропогенді әсер етудің үлкен қауіптілігі – қоршаған ортаның ластануы. Олар әсіресе, химиялық заттектермен, ксенобиотикпен, соның ішінде, пестицидпен жиі ластануда. Мәселен, ДДТ экологияға қауіпті заттек ретінде бұрыннан тыйым салынған болатын, бірақ, әлі күнге дейін топырақта емес, тірі организмдердің клеткаларында байқалып отыр. Бұл себептерден ДДТ – ның тұрақты екендігін, оның ауа ағыны және құстар арқылы тарайтынын көрсетіп отыр.
Басқа сөзбен айтқанда, қазіргі сәтте басым болып көрінбей, орта жағдайының өзгеруі кезінде басымды бола алады. Биоәралуандылықты жоғалтқан жағдайда экожүйенің әрекетіне қалай көрінетінін қазір болжауға болмайды. Мұндай жоғалтып алу ісінің жанға жайлы болмайтынын мамандар айтып жатыр.

Экологиялық дағдарыстан шығудың экологиялық – экономикалық стратегиясы.
Саяси-құқықтық қыры:
Экономикалық қыры:
Әлеуметтік қыры:
Халықаралық қыры:
Адам ғаламшарда қуатты фактор. Енді ол осы ғаламшардағы ең ақылды және сезімтал тіршілік иесі болуы қажет. Өйкені ол парасат иесі – адам ретінде табиғаттың тағдыры үшін өзінің жауапкершілігін түсінуі тиіс. Ғаламшардың болашағы енді өзінің қуаттылығын қалай жұмсайтынымен, оның қоршаған табиғат тынысын терең сезіне алатындығымен байланысты.
Өндіріс өркениетінің дамуына ғана бағытталған сипаты тұтыну үшін болса, онда ол талан-таражға салудың барып тұрған ессіздігі болып табылады. Сонымен қатар, табиғат қорларының сарқылуының өзі қылмыспен парапар ерекше жағдай болып отыр.
Әлеуметтік теорияда-экотехника, экодаму, экобілім, экологиялық тәрбие мен мәдениет т.б. бағыты маңызды орын алуда. Көріп отырғанымыздай, адам қызметінің біршама бөлігін әлеуметтік-экономикалық проблемалар құрайды, сондықтан да қоғамның экономикалық тіршілігін экологияландыру жағы айрықша маңызды. Алғаш рет ғылым ретінде әлеуметтік экологияның жарыққа шығуы 1972-1974 жж. Рим клубындағы баяндамалар болды. Алдымен онда табиғат процестерін және әлеуметтік экономикалық дамудың тенденциясын зерттеу бойынща математикалық еліктеу әдісі қолданылды. Америка ғалымы Джим Форрестердің Әлемдік экономика кітабында ғаламдық көптеген компоненттер процестеріне динамикалық еліктеу үлгісімен болжамдар берілді.
Егер өткендегі болжамдар оптимистік сипатқа ие болса, экологиялық заттарды есепке ала отырып, жасалған ғаламдық болжам пессимистік тұрғыда болып отыр. ХХІ ғасырдың ортасына таман барлық минералды шикізат қорлары таусылып бітеді, қоршаған орта шектен тыс ластанады. Рим клубының тапсырысы бойынша Д. Медоуздың жетекшілігімен Пределы роста (1972), М. Месарович пен Э. Пестелдің Человечество у поворотного пункта (1974), Дж. Форрестер құрастырған еңбектерде негізінен болжамды дәлелдейді. Алыс болашақта емес, нақты осы уақыт ішінде өркениеттің ақырғы заманы болады деген суық болжам алғаш рет айтылды. Сондықтан болар, тап қазіргі проблеманы зерттейтін сол саланың біліміне деген қажеттілік туындап, ғаламдық апатты болдырмау жолдары белгіленуде.
Қоршаған ортаның ерекшеліктерімен адамдық қоғамның бірлесуі мүмкіндігінің рөлін зерттейтін сала-әлеуметтік экология болды. Солай болғандықтан, адамның қызметі өзінің сан қырлылығымен ерекшеленеді, мейлі ол жалпы теориялық мәселелер болсын және әлеуметтік экология болсын, одан бөлініп мына бөлімдер шықты: адам экологиясы, инженерлік экология, геоэкология, урбоэкология, ауыл шаруашылық экологиясы және т.б.
1968 жылы халықаралық беделге ие болған үкіметтік емес ұйым-Рим клубы құрылған болатын. Оның мүшелері-ғаламдық экологиялық-экономикалық дағдарысты болдырмау үшін қажетті шаралар туралы, әлемдік бірлестіктерге пайымдауларын ұсыну мен жақын болашақтың болжауын құруды алдарына мақсат етіп қойып отыр. Алғаш рет олар компьютерлік жүйелі талдаудың негізінде және көп деңгейлі иерархиялық жүие теориясының, әлеуметтік және экологиялық жүйенің математикалық үлгісін жасауға әрекеттенді.
1971 ж. Дж.Форрестер Мировая динамика кітабында әлемдік дамудың мүмкін нұсқалары есебінің нәтижелерін келтірген болатын. Оның бір-бірлеп шыққан сценарийі бойынша даму тенденциясын ойда сақтау кезінде ол 1960 жылдарға сәйкес табиғи қорлардың тез сарқылып бітуі нәтижесінде қоршаған ортаның ластануы мен өзге де өзгерістерінен адамдардың қырылуы басталды. 20-30 жылдың ішінде жер шарының халқы 1,5-2 млрд-қа дейін төмендейді-міс. Көп кешікпей Форрестердің болжауы сенімді болмай шықты (2030 жылы емес 2006 жылдың өзінде адамзат саны 6,5млрд болмақшы, қордың таусылуы да өте ұзақ мерзімге шегеріліп отырт). Бірақ , соған қарамастан көптеген айқындалған тенденциялар мен қолданылған талдау амалдары өзінің маңызын сақтауда.
Комиссияның (1987) есебіндегі тұрақты дамудың тұжырымдамасына келесі негізгі ережелер кірді.
1. Бүгінгі өмір сүріп жатқан адамдардың қажеттіліктеріне сай болатындай ұзақ мерзімді және тұрақты дамуды сақтауға адамзаттың қауқары жетеді. Сонымен қатар, болашақ ұрпақтың өздерініңқажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінен айырмау бүгінгі ұрпақтың міндеті. Басты жағдайы мыналар болып саналады: қолайлы ортаны мекендеу мен экологиялық қауіпсіздікке орай адамдардың құқықтарын іске асырудың әділдігі; орны толмайтын табиғи қорлардың қайтымсыз шығыстарын тоқтату; қоршаған ортаның қажетті сапасын сақтау мен экологияны қалпына келтірудің мүмкіндігі; қоршаған орта мен адамзаттың тектік қорын жоғалтуды жеңіп шығу мен тоқтату.
2. Тұрақты дамудың негізінде ғаламшардың экологиялық әлеуетіне және қолдағы бар ғаламдық қорларға деген қатынаста ұқыпты болу жатыр. Табиғи қорлар саласын пайдалануды шектеудің қажеттілігі абсолютті емес, бірақ ол салыстырмалы және әлеуметтік ұйымдар мен қазіргі техниканың деңгейімен, сонымен қатар адамзат әрекетінің зардаптарын биосфераның жеңіп шығуы қабілеттілігіне де байланысты. Халықтың саны жағынан алғандағы қарқыны мен мөлшерінің болжауы тұрақты дамуға, егер олар өндіріс әлеуетінен экологиялық-экономикалық жүйенің өзгермелілігімен келіссе жол береді.
3. Қайыршылық шарасыз болып табылмайды және ол өз-өзінен келмейді. Тұрақты және ұзақ мерзімді дамуды қамтамасыз ету үшін, барлық адамдарға және бәріне қарапайым қажеттілігін, жақсы өмірге деген үмітін іске асыру үшін мүмкіншклік беру керек. Әлемде қайыршылық созылмалы сипатқа айналып отыр, әрқашанда экологиялық және өзге де апаттардың мүмкіндігі болады. Кедейлік категориясына жататын адамдарға экономикалық өсу кезінде есептелетін үлесін алу үшін кепілдік берілуі керек. Шешім қабылдау процесіне азаматтардың қатысы үшін демократиялық қамтамасыз етілуі тиіс.
4. Көп қаражаты бар адамның өз өмірінің экологиялық жағын ғаламшардың мүмкіндігіне қарай ғаламдық тұрақты дамумен үйлесімді жүргізуді талап етуі. Мысалы, энергия тұтынуын алсақ, ол үшін дамушы елдерге көмек беремін деп, елдің табиғи қорларын шамадан тыс ашкөздікпен пайдалануға жол бермегені абзал.
5. Тұрақты даму үйлесімділік жағдайының өзгермейтінің емес, қайта өзгеру процесін көрсетеді. Капитал салымы бағытталған ресурстарды пайдалану көлемі мен техникалық бағыттағы дамуы бүгінгі мен алдағы қажеттілікпен келісіледі. Тоқ етерін айтқанда, тұрақты дамудың негізінде саяси ерік-жігер жатуы қажет.
Тұрақты даму түсінігі бірнеше қырынан қарастырылады.
Саяси-құқықтық қыры:
-қазіргі демократияның дамығаны (халық үкіметі, конституциялық үкімет, құқықтық мемлекет, шынайы азаматтық қоғам);
-парасатты заң шығару мен салық салу жүйесі;
-әлеуметтік әділеттілік (еңбегіне қарай лайықты төлем, адам құқығын қатаң сақтау);
-заң алдында барлық адамдардың бірдей болуы мен еркіндігін қамтамасыз ету;
-патриотизм бірлігі мен интернационализм, халықтар достығы, қоғам меназаматтың өзара жауапкершілігі;
-мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың қоғамдағы ноосфералық дамуын қамтамасыз етуді үйлестіру.
Экономикалық қыры:
-халық шаруашылығындағы мемлмкеттік, қоғамдық және жеке меншіктің парасатты түрде үйлесімі;
-монополиясыздандыру және өндірушілер мен сатдшылардың еркін бәсекелестігі;
-ғаламшардағы барлық тұрғындардың негізгі тіршілікке қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті мөлшерде мәдени игілікті, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру;
-жердегі тұрғындардың пайдалы қызметін (әрекетін) тиімді және адамгершілік тұрғыдан ынталандыру.
Экологиялық қыры:
-қоғамның қатарлас эволюциясы мен табиғатты, адм ьен биосфераны, барлықөзгерістерді ноосфераны (ноосферогенез) қалыптастыруға бағыттап, олардың арасындағы салыстырмалы үйлесімділікті қалпына келтіру;
-бүгінгі ұрпақтың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырып қоймай, болашақтың да шынайы тіршілігіндегі мүмкіндікті сақтап қалу;
-теория жүзінде жасалғанды іс-тәжірибеде табиғат ресурстарын тиімді пайдалану әдісімен жүзеге асыру;
-ноосфералық дамудың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
-алдымен қалдығы аз, кейіннен жабық цикл бойынша ойластырылған биотехнологияны жетілдірумен қалдықсыз өндірісті күшейту;
-органикалық отын негізінде жағылатын энергетикадан біртіндеп көздерінің орны толатын баламалы энергетикаға ауысу (күн, су, жел, биомасса энергиясы, жер асты жылуы т.б.).
-табиғатты қорғаудың экономикалық, әкімшілік, құқықтық әдістерін жетілдіру;
-биосферадағы түрлер әр алуандылығын сақтап қалуға тұрақты қамқорлық;
-ел арасында экологиялық тәрбие жұмыстарын, әсіресе жастарға жүйелі түрде жүргізу мен азаматтардың табиғатқа деген ұқыпты қатынасын өз үйіндегісіндей қалыптастыру;
-экологиялық-парасатты кодекстің талаптарын сақтауды мүлтіксіз орындау;
Әлеуметтік қыры:
-жер бетіндегі аштық пен қайыршылықты тамырымен жою;
-балаларға, қарттарға, ауру мен мүгедектерге қамқорлық;
-мектепке дейінгі және мектепте жалпы білім беру, балалар мен жас өспірімдерді тәрбиелеу;
-жалпы қол жететін кәсіби орта және жоғарғы оқу орындарының жүйесін кең түрде дамыту.
Халықаралық қыры:
-бейбітшілік үшін күрес, аймақтық қақтығыстар мен әлемдік жаңа соғыс өртін болдырмау, кез келген қайшылықтарды бейбіт, саяси жолмен шешу;
-барлық елдер мен халықтардың өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, мәдениет пен ғылымда екі жақты және көп жақты ынтымақтастығы мен әріптестігін қамтамасыз ету;
-экономикалық дамудың түрлі көріністері бойынша әлсіз дамыған елдерге жан-жақты көмек көрсету;
-БҰҰ-ның бейбітшілік пен табиғатты қорғау жұмыстарына белсенді түрде жәрдемдесу.
Көріп отырғанымыздай, тұрақты экодаму түсінігі көп қырлы екен, әлемнің әр түрлі мемлекеттері үшін де көп қырлы. Тұрақты дамудың тұжырымдамасы болашақтағы адамзат қоғамының барлығы біртұтас болуына бағытталған. Сондықтан, ол осымен ерекше маңызды және мәнге ие болып отыр.
3.3. Рио-де-Жанейродағы БҰҰ конференциясы
1992 жылдың маусымында Рио-де-Жанейрода БҰҰ-ның қоршаған орта және даму бойынша ҚОДК-92 (КОСР-92) Конференциясы болды. Оған 179 мемлекеттің басшылары, үкімет мүшелері мен сарапшылары, көптеген үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылыми және іскерлік аумақтың адамдары қатысты.
ҚОДК-92 ашылуына дейін әлемде көптеген өзгерістер болып жатты. Осыдан 20 жыл бұрын Стокгольмде аталған ғаламдық қаіпті тенденциялар бірнеше еселеніп күшейе түсті. Адамзат Чернобыль апатын бастан өткерді, ұлы мемлекеттердің әскери теке тірестері аяқталды, қарусыздандыру мен әскери бюджетті қысқартудың шынайы алғышарттары көрініс берді.
Тағдырдың тәлкегі мен тоталитарлық жүйенің құлайтынын, қщғамдағы және тарихтағы шалт бұрылыстарды ешкім де болжап айта алмады.
Жаңа тарихи ахуалдарға байланысты әлемдегі демократияның дәуірлеуі, шекараның ашықтығы мен ақпараттың бұқаралығы, елдер мен адамдардың экономикалық және олардың ғаламшар ресурстарын пайдаланудағы теңсіздігі мен қайшылығы бірдей еместігін көрсетеді. Конференцияға қатысушының бірі айтқандай:Егерсалқын соғыс бай мен кедей елдердің арасындағы қиын соғыстың кіріспесі болса, онда ол трагедиямен аяқталды.
Сондықтан ҚОДК-92 ортақ идеялары ретінде төмендегілер жорамалданды:
- тұрақты даму мен әділетті бейбіт жолда дамыған елдер тарапынан ымыраға келу мен құрбандардың болу шарасыздығы;
- дамыған елдердің сәттілігіне жеткен жолмен жүрудің дамушы елдерге мүмкін еместігі;
- ұзақ мерзімді тұрақты дамудың даңғыл жолына әлем бірлестіктерінің ауысуының қажеттілігі;
- барлық елдердің барлық топтарына осы талаптарға ауысудың қажет екендіктерін түсініп, барынша жәрдемдесу.
Конференция бірнеше маңызды құжаттар қабылдады. Соның ішінде:
- Қоршаған орта және даму жөніндегі Рио Декларациясы.
- Барлық орман түрлерінің тұрақты дамуы мен басқарылуы, сақталуы бойынша ғаламдық консенсустың принциптері туралы мәлімдеме.
- Жақын болашақтың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық-экономикалық мәселелерін шешу үшін әлем бірлестіктерін дайындауға бағыттайтын ХХІ ғасырдың күн тәртібіндегі-құжаты.
Сонымен қатар, конференция шеңберінде климаттың өзгеруі туралы Рамалы конвенция мен биологиялық әр алуандылық туралы Конвенция дайындалды. ҚОДК-92 тұрақты даму тұжырымдамасының барлық құжаттары өзінің өткірлік өтімділігімен ерекшеленеді.
Конференция ортадағы климаттың бар проблемаларын танумен және солармен күресудің қажет екендігін көрсетті. Рамалы конвенция 1994 жылы күшіне еніп, 150-ден аса мемлекет оны бекітіп үлгерді. Жылы жай газдарының атмосфераға шоғырлануының қалыпты деңгеіне жету мен оның климат жүйесіне тигізетін антропогенді әсерін болдырмау жөнінде Конвенция алдына мақсат етіп қойды. Сонымен қатар, экожүйенің түрлі ахуалдарға табиғи бейімделуінің мерзімдері халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге төніп тұрған қауіпті болдырмай және оның тұрақты дамуының экономикалық негізін жасайды – деп конвенция қорытынды шығарады.

3.4. Киото хаттамасы (Жапония)
1997 жылдың желтоқсан айында әлем қауымдастығының елдері атмосфераға жылыжай газдарының шығарындылары ғаламдық жылынуға әкелетініне бақылау жасау жөніндегі тарихи келісімді жалғастырды. Оның негізінде заңды түрде міндеттемей, қайта өз еріктерімен 2000 жылға дейін атмосфераға шығарылатын жылыжай газдарының көлемін 1990 жылдың деңгейіне дейін жеткіземіз деген өнеркәсібі дамыған елдердің мәлімдемесі болды. Осы келісімнің экологиялық және экономикалық негізі берік болуы үшін басты үш міндет қалыптастырылды.
1. Қатысушы – мемлекеттер үшін жылыжай газдарының шығарынды көрсеткіштерін және мерзімін шынайы белгілеу.
2. Міндетті сызбалар мен шараларды емес, көміртегінің екі тотығының шығарындыларына икемді нарық механизмін қолдану. Атап айтқанда, шығарынды газдарға салынатын салық.
3. Дамушы елдердің бұл шараға шындап қатысуына қол жеткізу.
Қатысушы – мемлекеттер 2008 – 2012 жылдары айтарлықтай көрсеткіштерге қол жеткізулері керек. өйткені, ол оңтайлы шығынмен жаңа технологияны біртіндеп енгізуге молынан мүмкіндік береді және оның салдары компания мен оның қызметкерлері үшін тиісінше бәсеңдеу болады.
Басты өнеркәсібі дамыған елдердің жылыжай газдары шығарындысының ауқымы, (1990 –1995 жж.) 6-дан 8%-ке дейін базалық деңгейінен төмен сараланып белгіленді.
Белгілі бір қызмет түрінен шығарындыларды қысқартуды есепке алуға мүмкіндік беретін ұсыныс енгізілді. Мәселен, ағаш отырғызу арқылы көміртегінің қос тотығын бойына сіңіретін табиғи сіңіргіштер құру. Климаттың өзгеру проблемаларын шешуге экономикалық әдістерді енгізуге көмектесу, ағаш отырғызуды ынталандыру т.б.
Екінші тапсырманы орындау келесіде айтылады.
Киото хаттамасында нарықтық тәсілдеменің негізгі элементі белгіленді – компаниялар мен елдер енді бір-бірінен шығарылатын газдардың квоталарын сатып алуға және сатуға мүмкіндіктері бар. Соған қарай квоталар да - өзінің бағасы бар тауар болып саналады. Квотаны сату мен сатып алуды есепке алу банк жүйесіндегі ақшалай қаражаттың есепке алуына ұқсас келеді. Банк өзінің артық ақшасын басқа банкке жоғары процентпен береді. Сатудан түскен табысты банк өзінің қалауынша жаратады. Банк ішіндегі операцияларға қарамастан, қорытындысында ақша балансының шамасы өзгеріссіз қалады.
Ал енді, жылыжай газдарының шығарындысына квотаның сатылуы мен сатып алуының мысалын қарастырайық (1-кесте). Үш елді алайық: А, В және С. Хаттамада белгіленгендей әрқайсысының шығарынды лимиті жылына 150, 100 және 200 млн тоннаға сәйкес болады. Есептеу талдауының мәліметі А. Райсова мен А. Сартбаевадан алынды.
1. Киото хаттамасының екінші міндетінің орындалу мысалы

Шығарынды
өлшемі
(млн т)
Квотаны
сату
(млн т)
Киотаны
сатып алу
(млн т)
Рұқсат берілген шығарынды
(млн т)
А елі
150
20
10
140
В елі
100
-
30
130
С елі
200
20
-
180
Қорытынды:
450
40
40
450
А елі өз мөлшерінің шамасында 20 млн т жылыжай газын сатуды шешті, соңынан өзге себептермен 10 млн т сатып алмақшы. Қорытындысында рұқсат етілген шығарындының шамасы А елі үшін жылына 140 млн т құрайды (150 – 20 + 10). В және С елдері үшін де рұқсат етілген шығарынды осылай есептеледі. Сонымен, алғашқы жалпы лимит шамасының үш елге шығарындысы 450 млн т өзгерген жоқ. Бірақ, алғашқы шығарындылары бұл елдердің бөлінгенінен ерекшеленеді. Мұндай дәлелдеулердің өзгеруі экономикалық тиімділіктен, әрбір жақтардың квота саудасына қатысуымен болып отыр. Оның үстіне бұл мысал осы шығарындылардан климат зардап шеге ме? деген сұраққа жауап береді. Квотамен жүргізілген сауда шығарындының көлемін өсірмейді, тек оларды бөліп береді. Бұрындары белгіленген шектеулердің негізін шайқалтпай, қоғам шектеуді орындаудың ұтымды жолдарын табуға мүмкіндік алады.
Киото хаттамасының үшінші міндеті дамушы елдердің қатысуымен байланысты.
Ғаламдық жылыну проблемасын шешу – кезек күттірмейтін талаптардың қатарына жататын маңызды істердің бірі. Бұл іске тек дамыған елдер ғана қатысып қоймай, экономикасы даму үстіндегі елдердің де қатысқаны абзал. Дамушы елдерде жылыжай газдарының шығарындылары жан басына шаққанда біршама кезеңдер мерзіміне дейін аз болады. Ал, атмосфераға шығарылатын газдардың 70% үлесі өнеркәсібі дамыған елдерге келеді.
Мысалы, дамыған А елі жылына 10 млн т көмірқышқыл газының шығарындысын қысқартпақшы. А елі энергия үнемдеуге мол қаржы жұмсады, сондықтан осы салымның әзірге экологиялық жағынан қайтарымы шамалы. Көміртегі қос тотығының жылдық шығарындысының 1 тоннасы 40 долл. инвестициядан келеді. В елі енді ғана энергия үнемдеуге шын ден қойып отыр. Олардың 1 т шығарындысының қысқарғаны 10 долл. болды. Егер де міндеттемелерін тәуелсіз орындаса, онда тиісінше 400 және 100 млн долл. шығарады. Бірақта, А елі 400 шығарудың орнына, өз үйінде 100 млн долл. шығаруы тиіс (10 долл. х 10 млн т). В елінде де осындай тиімді экологиялық жолмен; соның өзінде В елі 100 млн долл. инвестиция алады, ал, А елі (10 млн т х (40 – 10) өз міндеттемесін орындағаны үшін 300 млн долл. үнемдейді. Міндеттеменің инвестициясына байланысты А елдері шаралардың өтеуін сәтті жасайды. В елі өзінің міндеттемесі бойынша шығарындыны 10 млн т қысқартуы үшін 100 млн долл. (10 млн т х 10 долл.) инвестиция қажет болады.
Сонымен, осындай ынтымақтастық бұл елдерге тек инвестиция ғана әкеліп қоймай, пайда да әкеледі.
Сатып алушы елдердің (2-кесте) жаңа технологиялар мен денсаулыққа зиянды шығарындыларға тазалау қондырғыларын орнатуға байланысты олардың атмосфераны ластауын қысқартумен пайда жағы қорытындыланады.
2. Киото хаттамасының екі міндетінің орындалу мысалы

А дамыған елі
В дамушы елі
ЖГ (млн т) шығарындысын қысқарту бойынша міндеттеме
10
10
Шығарындының бір тонна шығысы (долл.)
40
10
Шығыс қорытындысы
400
100

Сщнымен, Киото хаттамасының шешімі дамушы елдердің экономикасын дамытуға мүмкіндік беретін тәсілдерді кеңінен қолдап отыр. Бірақ, бұл даму экологияға дәлелденіп және алдыңғы қатарлы технологияға бағытталып, тұрақты экономиканың негізінде болуы керек.
Қатысушы елдер былай деп келісті: бірінші кезектегі келіссөзге өнеркәсібі дамыған елдер үшін ғана шектеу белгіленеді. Өйткені, олар жылыжай газдары эмиссиясын атмосфераға шектеудің заңды түрде міндеттемесін алуға келісімін беріп отыр. Шешімнің қорытындысында атмосфераға шығатын жылыжай газдары шығарындыларының көлемі 2008 – 2012 жж. бойынша 1990 жылғы деңгейден жоқ дегенде 5% кем болады деп көрсетілуде.
Тіпті, дамушы елдердің шындап қатыспауының өзінде осы елдер арасындағы атмосфералық эмиссия квотасымен жасалған сауда есебінен шығыстар көлемі әжептәуір түсуі мүмкін. Киото хаттамасының тарихи маңызы ерекше, әрине бұл ұзақ процесс шеңберіндегі алғышарттардың алғашқы қадамы ғана.
3.5. Қазақстанда тұрақты экологиялық дамудың бағдарламасы
2000 ж. ҚР мемлекеті БҰҰ-ның дамыту бағдарламасымен бірге 2001 – 2004 жж. тұрақты даму үшін институционалдық күшейту атты Қазақстандағы халықаралық жобалардың міндеттері бойынша күрделі және ұзақ мерзімді бағдарламаны қабылдады. Бағдарламаның негізгі мақсаты – тұрақты даму (ТД) институттары арқылы ведомствоаралық және сектораралық кедергілерді болдырмауды жетілдіру. Сонымен қатар, зияткерлік, ақпараттық және тұрақты даму бойынша әлеуетті әрекеттің сарапшылылығын арттыру болып табылады.
Бұл бағдарлама тұрақты даму институттарын дамытуға, басқару жүйесін жетілдіруге, экологиялық қызметтің зияткерлік әлеуетін және ұйымдастырушылығын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Бағдарлама шеңберінде талдаулар өткізіліп, Қазақстанның күн тәртібіндегі ХХІ ғасырға тұрақты дамуын зерттеу, сектораралық ынтымақтастықтың кедергілерін жеңуі жөнінде ұсыныстар дайындайды. Сонымен қатар, тұрақты дамудың Ұлттық Кеңесін құруға ықпал етеді. Бағдарламаны басқару комитеті жүзеге асырады, оған министрлік өкілдері мен ведомстволар, донорлар кіреді. Сектораралық басқару үлгісі болатындай оның отырысына Парламент мүшелері мен халықаралық ұйымдар шақырылады.
Ел бойынша оперативті мәлімет базасында ұлттық сарапшылар бағдарлама бойынша жұмыстардың түгелге жуығын атқарады. Алынған нәтижелер Қазақстан жағдайында шынайылығымен көрініп, қаржылай ұсталған шығынды қысқартады.
Тұрақты даму мақсатында қоршаған ортаны басқару жүйесін жетілдіру. Бағдарламадағы негізгі міндеттердің бірі: Әкімшілік шеңберде қоршаған ортаны қорғау бойынша институттар талдауы мен экологиялық басқаруды жақсарту үшін ұсыныстар дайындау, реформаларды басқару бойынша жобалармен және мемлекеттік тиімді басқарумен және сектораралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерімен тығыз байланысты.
Тұрақты саяси даму бағдарламасына жәрдемдесу бойынша жүйелі түрде және түрлі жоспарда болады. Экологиялық жобалар (Ғаламдық Экологиялық Қор, СИЯП, Каспий экологиялық бағдарламасы), ҚР-ның кедейлікті жеңу бойынша бағдарламасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша аймақтық әрекет жоспарының арнаулы жұмысшы тобымен, сонымен қатар БҰҰ-ның Еуропа экономикалық комиссиясы (ЕЭК) шеңберінде нәтижелі экономикалық қызметтің шолуымен өзара бірлестікте үйлестіріліп жүзеге асырылады.
Тұрақты дамудың жергілікті, ведомстволық, ұлттық және халықаралық деңгейімен байланысты бағдарламалар мен мониторинг жобалары жоспарлы түрде өтіп тұрады.
Қазіргі кезде экологиялық жобалар басымдылығымен көрінуде.
Сарапшылардың зерттеулеріне байланысты осы бағытта Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің түрлі комитеттеріне жоспарлы стратегиялық құжаттар мен ұсыныстар дайындалды. Атап айтқанда, ҚР 2010 ж. дейінгіұзақ мерзімді дамуының стратегиясы, ҚР 2005 ж. дейінгі су қорларын пайдалану мен қорғау бағдарламасы, 2003 – 2007 жж. Қазақстан ормандары мен т.б.
Бүкіл дүниежүзілік министрлер Саммитіне Алматыдағы субаймақтық кездесудің дайындығы бойынша Орталық Азия елдерінің экономика, қаржы және Қоршаған ортаны қорғау министрлері: Каспий экологиялық бағдарламасының мәртебесін кеңейтуден Каспий бассейніндегі тұрақты даму бағдарламасын, Каспий жағалауындағы мемлекеттердің экономикалық бағдарламаларын интеграциялау мақсатымен жаңа технология мен бизнесті дамыту жобаларына дейін атты шешім қабылдады. Қабылданған міндеттемелерді орындауда мұнай-газбен ластану және Каспий проблемалары бойынша сектораралық комитет әрекет жасайды. Оның мақсаты – Каспий экологиялық бағдарламасын дайындау.
Бағдарлама саны бойынша жобалардың мониторингі және үйлестірмудың Ұлттық кеңесі (ТДҰК) атқарушы орган немесе жеке жоба аясында 21-кезектегі мәселемен шұғылдануы мүмкін.
Халықаралық табиғатты қорғау конвенцияларының ауқымында көп жақты әлеуетті қалыптастыру. Бұл бағыттың негізгі функциялары: қоршаған орта бойынша халықаралық конвенциялардың орындалу рәсімдерін қолдау және бағалап, талдау; ортақ шараларды табу мен үйлестіру, ведомствоаралық механизмнің әлеуметтік және экономикалық бағдарламалар интеграциясы. Бұл келіспеушілікті, қайталауларды болдырмауды, сонымен бірге бюджеттік және донорлық қаржыны пайдалану тиімділігін арттырады.
Конвенция бойынша құрылған әлеуметтік халықаралық ынтымақтастық бөлімінің негізі ретінде Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне берілуі тиіс.
Осы тақырыптық бағыт шеңберінде халықаралық және трансшекаралық бірқатар жобаларды жүзеге асыру үшін донорлар тартылады.
Тек қана экологиялық үйлестірудің қажет еместігін, бірақ қол қойылған халықаралық шарттар мен тұрақты дамуға байланысты барлық (конвенциялар, келісімдер, хартиялар мен декларациялар) бекітілгендерді ескерте кету керек. Атап айтқанда, әлеуметтік даму жөніндегі Копенгаген декларациясы (1995 ж.), Күн тәртібіндегі Хабитат (Стамбул мен Найроби декларациясы), Еуропалық энергетика Хартиясы мен энергетика тиімділігі бойынша хаттама және экологиялық аспектісіне сәйкес Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраны қорғау бойынша Конвенция, мұнайдың ластануынан келген зиянға азаматтық жауапкершілік туралы конвенция және басқалары.
Тұрақты даму үшін ынтымақтастық. А. Сектораралық ынтымақтастық.
Бұл бағыттың мақсаты: Қазақстандық 21-кезекті мәселе мен жергілікті 21-кезекті мәселені зерттеп іске асыру процесін қолдау, Тұрақты Дамудың Ұлттық Кеңесін (ТДҰК) құру және оны қолдау.
2002 ж. Қазақстандық 21-кезекті мәселенің тұжырымдамасы мен Тұрақты Дамудың Ұлттық Кеңесін құру қабылданды. Ол стратегиялық жоспарлау жөніндегі Агенттікпен және Сыртқы істер Министрлігімен өзара тығыз байланыста қызмет жасап отыр.
ҚР Үкіметінің ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарға байланысты әрекеті министрліктермен және ведомстволармен тұрақты даму бойынша Ұлттық жоспардың қызметін қалыптастыруы мүмкін.
Ғаламдық 21-кезекті мәселенің компоненттерін енгізу бойынша мониторинг өткізіліп, тұрақты дамудың алға басу бағасымен ақпаратты бағдарлама қоса жүзеге асырылады. Осындай ақпаратты БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб пәтеріндегі интернет-серверіне орналастыру туралы ҚР Үкіметінің қаулысы қабылданды. Бұл Қазақстанның халықаралық арнадағы жағымды имиджін нығайтып, қалыптастыру да өте маңызды.
Осы бағыттың басты идеясы – тұрақты дамудың ынтымақтастығы үшін сектораралық кедергілерді жеңу, барлық секторлар мен салалардың әлеуметтік және ғаламдық әріптестікке өтуі болып табылады.
Күн тәртібіндегі ХХІ ғ. – бұл, бір жағынан қолданыстағы бағдарламалар мен жобалардың үйлестірулері жөніндегі шаралары (мұнда ерекше қаржыландыру қажет емес), екінші жағынан инвестициялық және өз шығынын өзі өтейтін жекелеген тізімдемелер сияқты үлкен жоспарлар мен бағдарламалар, гранттар. 21-кезектегі мәселелер жобалары салааралық және сектораралық сипатымен ерекшеленеді, мысалы:
жергілікті және трансшекаралық 21-кезектегі мәселелер, Іле-Балқаш бассейнін тұрақты дамыту;
экологиялық туризм, орнықты мекндер мен қалалар, экологиялық үй құрылысы, жаңғыртылмалы энергия көздері;
биосфералық резервтер, экологиялық-экономикалық аймақтар, ғылыми серуентоғайлар (парк);
экологиялық таңбалау мен өнімдерді сертификациялау, технологиялық желі мен қызметкерлердің әлемдік стандартқа өтуі, жалпы сапалы басқару;
экологиялық бизнесті дамытудың инкубаторы;
тұрақты даму қорын қайта инвестициялау желісі;
дамыған елдерге экологиялық қызмет көрсету, сыртқы берешекті жаңғырту;
тұрақты дамудың заңын немесе кодексі мен заң жобасының ТД үшін мониторингін дайындау, ҚР-ның заң шығару базасы аппаратының куәгерлерін жетілдіру.

3.6 Тұрақты дамудың міндеттерін шешуде экологиялық- экономикалық механизмнің тиімділігін арттыру.
Нарықтық реформаларды тереңдету, ұлттық және аймақтық деңгейде тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамумен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен, сондай- ақ өтпелі кезеңде табиғи ресурстарды сарқылмастай тиімді пайдалану үшін экономикалық механизмдерді пайдалану аса маңызды болып табылады, биологиялық әр алуандылықты сақтау, экологиялық қауіпсіздікті сақтау, қоршаған табиғи ортаны қорғау және халықтың экологиялық жағынан денсаулығын қамтамасыз ету. Іс жүзіндегі экономикалық құралдардың бағалануы негізінде олардың тиімділігі мен үйлесімділігін арттыру бойынша шралар қолданып, сондай- ақ арнаулы экономикалық құралдарды әзірлеу керек. Сараптық бағалаулардың және экономикалық құралдарды өткізудің әлемдік тәжрибесінің негізінде олар табиғатты қорғау саясатын жүргізуде маңызды құрал болып табылады.
4. Экономиканы экологияландырудың негізгі бағыттары.
4.1. Экономикадағы экологиялық факторлар
Экономиканың құрылымдық қайта құрылуы
Негізінде жаңа экологиялық-экономикалық жобаны экономика саласында қалыптастыру үшін экономиканы дамытудың экологияландырылған тұжырымдамасын жасау талап етілуде. Қоғам мен технологиялық саланың өзара қарым-қатынасында қоршаған ортамен экономиканың барлық құрылымдары мен функциялары, яғни өндіріс, бөлу мен тұтыну тартылған десе де болады. Адамзат қоғамының материалдық игілігінде шек жоқ, ал материалдық қажеттілікті қамтамасыз ететін ресурстар шектеулі. Осыған орай, бұл байланыста экономиканың іргелі тәртіптің негізіне байланысты қалыптасатынын әсте естен шығармаған жөн. Шектеулі ресурстар мен қажеттіліктерді барынша қанағаттандыруда экологиялық процестерді оңтайландыруда айқын көрініс табады.
Экономиканың табиғи ресурстармен қамтамасыз етілуі ұзақ уақыт табиғи заңдылыққа тәуелді екендігі мойындалмай келді. Өндіргіш күштердің соңғы онжылдықта қарыштап дамуына байланысты бұл тәуелділік қатты сезілуде. Мәселен, топырақ құнары 1%-ке төмендесе, өткен жылғы егін шығымдылығын сол деңгейде сақтау үшін шығынды 10%-ке арттыру керек болады. Кесілген орманның орнына өскен жаңа ағаштың сапасы бұрынғы шырышы бұзылмаған орман ағашынан кем болатыны анықталды. Көріп отырғанымыздай ресурстарды пайдалануда шаруашылық қызметтің ұқыпсыздығы, немқұрайдылық бізге өте қымбатқа түсуде. Ең бастысы - әлеуметтік және экологиялық-экономикалық зиянның аса зор болуынан қоршаған орта ластануда.
Бұл проблеманы әлеуметтік-экономикалық саланың экологияландыру жолымен келесі жағдайлардың негізінде шешуге болады:
экологиялық факторлар мен ресурстарды, оның ішінде байлықтың өзге категорияларымен тең болатын экономиканың категориялар санында қайта жаңғыртылатындарды қосу;
экологиялық шектеулер мен төлем жүйесінің кеңеюімен балансталған табиғатты пайдаланудың принципін және ресурстарды пайдалану мен өндіріс экономикасын бағындыру;
табиғатты қорғаудың функциясын тікелей өндіріс экономикасына енгізу;
өндірістің технологиялық жарақтану негізінде сапалы өсудің стратегиясына көшуі.

Экономиканың құрылымдық қайта құрылуы
Экономикадағы құрылымдық оң өзгерістерді жүзеге асыру үшін тиімді құрылымдық саясат жасалуы қажет.
Бұл жүйе экономикада барлық ресурстарды жемісті пайдалану, толығымен қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру, экономикадағы өзгерістердің пропорциясын қолдап, қалыптастыру бойынша шараларды мақсатқа сай бағыттап жүзеге асырып отырады. Құрылымдық саясат – экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және өзге проблемаларды шешуде басымдылықты белгілейді. Осы басымдылыққа сәйкес белгілі бір саланың қызмет түрлерінің дамуын жүзеге асырады.
Мақсатқа сәйкес қайта құрылған халық шаруашылығының құрылымын түбегейлі қарастырайық. Барлық экономиканың технологиялық сатыларға байланысты блоктарға бөлінгенін пирамида түрінде көз алдыңа елестетуге болады. Ондағы сатыда бастапқы шикізат пен өңделуден шыққан соңғы өнім болады. Пирамиданың негізінен алыстаған шамада ол тарыла бастайды, ал жоғары деңгейдегі жалпы ұлттық өнімнің салалық үлесі кеми береді. Бұл дегеніміз Қазақстан экономикасына тән сипаттама.
Өндірістің басты категориясы арасында арақатынастың өзгеруі: өндірісті сақтап қалған кезде өндіріс құралдарының азаюы немесе табиғат сыйымдылығынан азырақ тұтыну құралы ретінде өндіріс көлемін ұлғайтуы. Бұл талаптарды экономикалық пирамида құрылымындағы ауырлаудың орнына жеңілдеу деп көрсетуге болады. Бұл жағдай Қазақстанның қазіргі экономикасына тән құбылыс.
Пирамиданың негізі – табиғатты пайдаланатын салалар. Бұл жерден халық шаруашылығының төтр секторы да табылады: тау-кен өндірісі (барлық энергия ресурстарын өндіру), ауыл шаруашылығы, орман өнеркәсібі және балық шаруашылығы.
Екінші блокқа табиғи шикізатты алғаш рет өңдеуді қамтамасыз ететін салалар кіреді. Ол шикізаттар – байыту фабрикаларындағы өндіріс өнімдері, түсті металлургия салаларындағы шойын мен болат, электроэнергиялар, қарапайым ағаш өңдеу және т.б. Аграрлық-өнеркәсіптік кешенде ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін салаға ет консервілейтін, ұн тартатын кәсіпорындар, шарап зауыттары және т.б. жатады.
Одан ары қарай өнімдерді терең өңдеу пирамиданың үшінші блогында жүреді. Металлургия прокат, сым темірлер, құбырлар мен құймаларды алады. Аграрлық-өнеркәсіптік кешенде өнімдердің өте терең өңделуі іске асады. Мәселен, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінде сапалы жаңа тауалар шығару.
Төртінші блокта машина жасайтын күрделі тауарлар өндірісі мен қызмет көрсету ісі болады.
Көріп отырғанымыздай, пирамиданың төменгі блогында табиғат ресурстарынан алынатын алғашқы шикізат пайдаланылды. Пирамиданың негізінен көтерілген шамада бірінші кезекке жоғары білікті еңбек, ғылым мен техниканың жетістіктері, жоғары технологиялар мен ақпараттар шығады. Жоғарға блоктың құрылымында ақпараттар шешуші фактор болып саналады. Осы заманғы экономикада пирамиданың ең басында ақпараттар өндірісі тұрады. Атап айтқанда, кәсіпорынды басқару бойынша бағдарламаларды қосқанда патенттер, жобалар, түрлі ғылыми қызмет көрсетулер.

Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиянның экономикалық бағалануының бар әдістеріне шолу.

1. Автокөлік құралдарының шығарындыларымен ауа ортасының ластануынан болатын зияндар.
2. АКҚ-ң қозғалысы көрсетілген шығарындының бөлінуі
3. Қалдығы аз өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау
.
Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиян экономикакалық, әлеуметтік және экологиялық болуы мүмкін. Экологиялық зиянда қоршаған ортаның, гидросфераның, флора мен фауна жағдайлары нашарлап ахуалы төмендейді деп түсінген жөн. Ал әлеуметтік зиян адам денсаулығының нагарлауы мен әлеуметтік тұрмыс жағдайының төмендеуінен байқалады. Экономикалық зиянды ластану әсерінен болған келеңсіз өзгерістердің негізгі сипатын ақшалай бағалау деп түсінген дұрыс. Зиянның тигізетін әсері өте кең спектрлі – металдардың коррозияға жылдам ұшырауымен ауыл шаруашылығы өнімділігінің төмендеуімен, флора мен фаунаның құрыумен байланысты адам денсаулығының нашарлауынан басталып шығындарға дейін.
Уақытша типтік әдіспен экономикалық зиянның экономикалық тиімділігін анықтауда осы ықпал етумен келген рецепиенттер мен шығындарға әсер етудің алдын алуға кететін ұсынылған шығындардың ең аз әрі қажетті сапасы жобаланады.
Н.Н.Федоренко, К.Г.Гофманның пікірлері бойынша ластаушылар әрекеті салдарынан келенсіздіктің туындауы, қоршаған ортаның ластану денгейінің көтерілуі, халақ арасында және халық шаруашылыңында экономикалық зиянның қосымша шығындары деп түсінген жөн.
Бұл жероде яғни ауыл шаруашылығындағы зиян ортаның ластану нәтижесінде өнімнің ысырабы экономикалық көрсеткіштер ахуалын нашарлатады.
Кейбір зерттеушілер пікірлері бойынша экономикалық тұрғыдағы зиянды таза табысты пайданың немесе ұлттық табыстың ысырабы деп қабылдайды.
Қоршаған ортаның ластануынан пайда болатын зияннан шығындар 2 бөлімнен тұрады. Олар табиғатты шараларын жүзеге асырудан болатын шығындар немесе экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан болатын экономикалық зияндар.
Қоршаған ортаның ластануынан пайда болатын экономикалық зиянның құрамына табиғатты қорғау шығындары зиянның өтелу шығындары, уыстан шыққан пайданың алынбаған табыс түрін немесе әзірін де есепке алу қажетті деп сан.аймыз.
Сондықтан табиғатты қорғау шараларын жү.зегеь асырудың экономиткалық тиімділігін анықтаудың уақытұша типтік әдісі мен қоршаған ортаның ластануынан болатын халық шаруашылығына тигізетін экономикалық зиянды бағалау жеңілдетілген рәсімнің негізіндегі формула бойынша мына тәсілді ұсынады:
Ỳ=ỳσf ∑Ạỉmỉ
Мұндағы ỉ-ластаушы
mỉ-көлемі
Ạỉ-біріктірме түріне келтірілген түрлі қоспалар коэф.
Σ –уақытша ықпалға ұшыраған аумақтың аймақтық ерекшелігін есепке алуға мүмкіндік беретін коэф.
f-шығарындының жоғарылығы мен температурасына жылдамдығына байланысты таралуын есепке алатын коэф.
ỳ-шығарынды бірліктердің ақшалай бағалануы
Қалыпты жағдайда фактордың өзгеруінің есептеу нүктесіндегі атмосфераның күйі мынадай болуы керек: барлық зиянды қоспалар жол берілген шаманың нормативінен аспауы керек.
Бұл жерде бір мезгілдегі әсерә емес ұзақ уақытқа деген ықпалы.
Зиянды есептеу формулаларында шартты шамалардың көптігі сондай тіпті есептеулер нақты бола бермейді. Себебі әрбір аумақ өзінше бірігей мұндай жағдайда коэф. нақты дәрежесі өте үлкен болуы керек.
Жоғарыда баяндалған атмосфералық зиянды бағалаудың әдістеменің жақтастары да қарсыластары баршылық. Оның сөзсіз артықшылығы – есептеуіндегі қарапайымдылығы болып тұр. Бұндай артықшылығы оның бір мезгілдегі кемшілігі де болып саналады. Біздің көзқарасымыз бойынша бұл әдістеменің кемшілігінің маңызы аз емес, сондықтан ластану зияны үшін болған төлемді зияннның бағалануымен байланыстырылмайды. Зиянның бағалануы бұл әдістеменің негізінде жүзеге асырылады, оны шартты түрде нәтиженің тәсілі деп айтуға болады, ал төлемді басқа шығын тәсілі бойынша анықтайды
Автокөлік құралдарының шығарындыларымен ауа ортасының ластануынан болатын зияндар.

90-шы жылдардан бастап Еуропа Одағына кіретін Еуропа елдері үшін алғаш рет жанармай нормасының бірыңғай сапасы белгіленді. Сонымен қатер, өте сапалы жанармай өндіруге орай қосымша шығынның енгізілуіне байланысты өте қатаң нормаларға жетудің мерзім кезеңдері белгіленді.
Мотор жанармайының мынадай ластаушы заттектер Pb, C, SO2 шығарындыларына бірінші кезекте әсер. Мотор жанармайының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізгі проблемаларының бірі- көпшілік жағдайда этилденген бензиндерді өткізу б.т. Этилденген және этилденбеген бензиндерге сапа жағынан қойылатын талаптардың елеулі түрде өзгешелігі бар. Бірінші кезекте бұл қорғасынның шоғырлануына қатысты. Этилденбеген бензинді қолдану этилденгенмен салыстырғанда СО шығарындысын бірнеше есе кемітуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде ауа жанармай қосындысына оттегіден тұратын компоненттердің қосылуынан СО-ның мөлшері азаяды. Дизельді жанармайдың құрамында хош иісті көміртектер мен күкірттің болуы оның жағымсыз мөлшеріне жатады.
Соңғысын 0,5-тен 0,1 пайызын азайтса, күкірт қосындысының және қатты бөлшектердің шығарындысы тиісінше 4-5 есемен 20 пайызға кемиді.
Бақылаудың іс тәжірибесі көрсеткендей мотор жанармайларын өткізудегі мемлекеттік стандарт талаптарына сай келмейтіндері жиі болады.
Ластаушы заттек шығарындысына автомобиль қозғалысы режимінің әсерін алдымен белгіленген және белгіленбеген режимдердің сонымен қатар қозғалыс жылдамдығының арақатынасымен анықтауға болады.
АКҚ ластаушы заттектер шығарындысына әсер ететін ең маңызды деген пайдалану факторларына жататындар:
жүргізушілердің кәсіби деңгейі
техникалық жағдай
пайдаланған кезден бастап жүріп өткен қашықтығы
АКҚ қолданудағы техникалық пайдалану көрсеткіштері
АКҚ пайдалану процесінде ластаушы заттек шығарындысының өзгеруін бірінші кезекте тудыратын негізгі тетіктер мен агрегаттардың табиғи тозуы.
Екінші бір маңызды проблема – АКҚ техникалық жағдайларының төмен деңгейі б.т.

АКҚ-ң қозғалысы көрсетілген шығарындының бөлінуі

АКҚ типтері
Жанармай түрі
АКҚ құрылымдары
Жанар-май
Қозғалыс режимі
Пайдалану факторлары
Жеңіл авто-көлік
Б
БЭ
56
6
2
63
34
19
8
12
Жүк авто-көліктері мен авто-бустар
Б
БЭ
Д
60
14
49

2
59
5
22
13
33
16
14
13

Атмосфера ауасының ластануы тудырған экологиялық зиян ластаушы заттек шығарындысына пропорционалды. Табиғатты пайдаланудың ақылы принциптері нәтижесінде және келтірілген экологиялық зиянның төлем шамасына сәйкес атмосфера ауасын ластаушылар үшін жауапкершіліктің АКҚ жасаушылар мен жанармай өндірушілер атқарушы өкімет органдары мен автокөлік иелері арасында өзара бөлінуі мүмкін.
Аз қалдықты және ресурс үнемдеуші өндірістің тиімділігі мен дамуы.
Экономикалық дамудың экстенсивті әдістердің басымдылығы қоршаған ортаның нашарлауы мен халық шаруашылығын ресурспен қамтамасыз етудің шиеленіскен проблемасына алып келеді. Табиғат байлықтарын ұтымды түрде пайдалану, әсіресе, табиғи ресурстардың тапшылығы үдеп отырған кезде ресурстардың сарқылуының абсолютті және салыстырмалы жағы пайда болып жатқанда, айналымдағы шикізат ресурстары массасының қолдағы барынан өнімнің санн көбірек алумен қорытындылады. Сондықтан,өндірістік емес
Жұмыстарда және өндірістің өзінде өндірістік тұтынудың соңғы сатысында пайда болып, қалатын қайталама ресурстарды өндіріске әкелу керек.
Бұл үшін ресурс үнемдеуші технология негізінде өндіріс өнімдеріне тиімді тұрғыдағы бағалау мен экономикалық талдау әдісінің жетілдірілуі қажет. Қоршаған ортаның ластануы мен табиғат ресурстарын орынсыз пайдаландың салдарынан экономикалық бағалауды белгілеуге деген қажеттілік туындайды. Қоршаған ортасының ластануынан болған зиянды есептей отырып, қалдықсыз технологиялық процестердің қолданылу шегін кеңейтуді мақсатқа сай жүзеге асыруға алып келеді.
Барлық технологиялық жағдайлардағы процестерді экологиялық үйлесімділік көзқарас тұрғысынан қарастырған жөн болады. Табиғат жүйесінің қалыпты қызметінің белгіленгеншеңбер соңындағы арақатынасын және қоршаған ортаға әсер етуді бұзбайтын осындай өндіріс пен технологиялық процестерді біршама экологиялық деп айтуға болады. Экологиялық емес процестер жоғары техногендік күшті туындатып, қоршаған ортаның жағдайына жағымсыз әсер етеді.
Ары қарай өндірістің дамуы мен оған байланысты қоршаған ортаның проблемасын шешу принципті түрде қалдықсыз технология атауына ие болған жаңа тәсілді қажет етуде. Қоршаған ортаны қорғау проблемасының мүмкін еместігін тиімді шешуге оның жаңалығы себепші болуда. Сонымен қатар, экспоненцилдық көлемінің өсуі жағдайында қалдықтарды көму мен зиянсыздандыру, сақтау, қайта өндеу, тек қана пайдаға асыру әдісімен табиғат ресурстарын орынды да ұтымды пайдалану керек.
Өнімдер өндірісіне қалдықсыз тәсілді қолдану идеясын алғаш рет кеңес академик – ғалымдары
Ресурс үнемдеуші технологияны дамытудың басты міндетінің бірі – қалдығы аз және қалдықсыз өндірістің сандық критерийлерін зерттеу болып табылады. Бірқатар салаларда осыған сайма – сай зерттемелер бар, алайда осы уақытқа дейін қалдықтарды анықтаудың әмбебап әдістемесінің жоқ болып тұрғаны.
Экологиялық биотехнологияның келесі саласының негізгі бағыттарына жататындар:
Қатты қалдықтарды биологиялық өңдеу (ағынды лас сулардың балшығын пайдаға асыру. ҚТҚ өңдеу, қауіпті өнеркәсіп қалдықтарын зарасыздандыру);
Ағынды лас сулар мен ауаны иісті заттектерден биологиялық тазарту;
Мұнай және органикалық химия қалдықтарынан ластануынан жерді биологиялық тұрғыдан қайта құнарландыру;
Химиялық пестицидтерге баламалы ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері мен ауруларына қарсы тұратын, қауіпсіз, биологиялық күрестің тиімді құралын жасау.
Биоыдырағыш пластиктерді жасаудың алғашқы қол жеткен табыстары микроорганизмдердің көмегімен іске асты. әлемде тұңғыш рет американ компаниясы биоыдырайтын биопол термопластигін жасады. Олар пленкалар, тоқыма емес орауыш материалдар, үлкен сыйымды ыдыстарды шығару өндірісінде пайдаланатын болды. Пластмасса өндірісіндегі ары қарай ілгерілеу түрлі қасиеттері бар полимерлік материалдарда дайындаудың іргелі биотехнологиясын құрумен байланысты.
Экономикалық әсердің енгізілуі мен олардың экономикалық тиімділігін анықтаудың көптеген көрсеткіштері мен бірқатар критерийлері ұсынылды.
Табиғи ресурстарды ұдайы өндіру шығындары үнемі артып отыр, және қоғамдық өндірістегі олардың үлесі де күрт өсуде.
Сондықтан ресурстарды ұдайы өндіруге кеткен шығынды үнемдеу ісі, қалдығы аз және қалдықсыз өндірісті құрған кезде өте маңызды болады. Жекелеген кең орындарында барлау жұмыстарының шығындары ондаған, жүздеген млн теңгемен есептеледі. Соңғы он жылда 1т мұнайдың қорына шыққан шығынның өсімі 2 есеге артып отыр. Сонымен, бұл дегеніңіз барланған басы артық қордың тереңде жатуының өсуіен түсіндіріледі.
Бұның барлдығы кен – геологиялық ахуалдың нашарлауы, әсіресе, алынатын кеннің тереңде жатуы мен кен өндіру өнеркәсібінің нашар игерілген алыс аудандарға қоныс аударғанына байланысты болуда.
Табиғатты қорғау шараларының шығындары маңызды қымбаттау факторлары болып табылады. Табиғатты пайдалану саласындағы табиғатты қорғау шығындарының үлес салмағы барлық күрделі қаржы шығындарының 10% - тен 50 % - ке дейін, ал пайдалану шығындары 10% - тен 20 % - ке дейін өнім шығару бойынша ағымдық шығынды құрайды. Тасымалдау шығындары да қымбаттау факторына қатысты болып отыр. Атап айтқанда, әсіресе шикізат ресурстарын тасымалдау(руда, көмір, газ, мұнай) едәуір қымбаттады.
Қалдығы аз өндірістің экономикалық тиімділігін бағалаған кезде мыналар есепке алынуы тиіс. Соншалықты оларды құру ісі – шикізат саласындағы техникалық – экономикалық көрсеткіштердің ары қарай нашарлап кетуін тежейді. Сонымен шикізат секторындағы қоғамдық өндірістің тиімділігіне болатын келенсіз беталыстың ықпалын тегіс жояды. Қалдығы аз және қалдықсыз өндірісті іске асыру барысында бастапқы шикізатқа шығатын үнемділік маңызы мен технологиясының жүйесі тұрақты өседі. Өйткені тау – кен өндірісінің өзіндік құны мен қор сыйымдылығының өсу процестері қалыпты сипатқа ие болып отыр.
өндіріс қалдықтарын сақтау шығындары өндірілген өнім құнының біршама үлесін құрайтынын атап өткен орынды. әрине, қалдықтарды қаладан алыстау жерге апару мен оны ұстап тұру шығын үлесінің шамасы оны жинақтап үю технологиясын қолдануға көбірек тәуелді болады. Үйінді шаруашылығының құрылысын салу құны мен қалдықтарды сақтаудың ағымдық шығындары олардың өндеу шығыстарынан артып кетуі жиірек кездеседі.
Үйінді шаруашылығын құру қажеттілігі бірталай жер көлемін өз қарауына алуға мәжбүрлейді. Ал, бұл жағдай ауыл шаруашылығына зиян келтіреді. Сондықтан, барлық келеңсіз салдарларды ескере отырып, аңғарғанымыз – қоқыстарды үю экономикалық жағынан тиімді емес екен. Оларды сол жерде өндеп, пайдаға асыру мен қалдықтардан қосымша жер қойнындағы бар өнімдерді алу әлдеқайда арзанға түседі. Сонымен қатар, жаңадан қуатты қазба кен орындарын ашудың қажеті де шамалы болар еді.

Таукен өндірісін ұйымдастыру және минералдық ресурстарды орынды пайдаланудың принциптері
1. Қазақстанда жер қойнауын пайдалану мәселесі
2. Жерді пайдалану құқығы
3. Кеніш қорларын жіктеу және геологиялық барлау процесінің сатылары
4. Шетелдерде минералдық ресурстардың экономикалық тұрғыдан бағалануы

Біздің республикада минералдық ресурстарды қорғау және оны орынды пайдаланудың келесі шарттарын орындау керек
1) табиғаттағы барлық ресурстардың түрлері мемлекет меншігінде, сондай-ақ оларды болашақ ұрпақ үшін жер қойнауының байлығын сақтап, пайдалануды кешенді жэне жоспарлы түрде орындайды;
2) қоғамдық қажетті шығындардың ең азымен халық шаруашылығын минералдық шикізаттармен қамтамасыз етуді жүзеге асыру, таукен өнеркәсіп өндірісінің қоршаған ортаға келтіретін зиянды әсерінің деңгейін төмендету үшін қалдықсыз және қалдығы аз үдемелі технологияны енгізу.
Қазіргі таңда Қазақстанда жер қойнауын пайдалану мәселесі ҚР Президентінің Жарлығымен 1996 ж. қаңтарындағы Жер қойнауын пайдалану туралы қолданысқа еңген күші бар заңмен реттеледі. Осы Жарлыкқа және республика Конституциясына сәйкес барлық жер қойнауы және оның пайдалы қазбалары мемлекеттің меншігінде болады.
Еліміздің үкіметі келесі функцияларды орындайды:
- мемлекеттік жер қойнауының қорын басқаруды ұйым-дастырады;
- жер қойнауын пайдалану тәртібін белгілейді;
- мемлекеттік қажеттілікті қанағаттандыруға арналған стратегиялық және тапшы минералдық шикізат түрлерінің учаскелерін анықтайды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде жер қойнауын пайдалануды шектейді, қоршаған табиғат ортасының шырышы бұзылмай сақталуын және халықтың қауіпсіздігін белгілейді.
- кен өндіруші өнеркәсіп саласында қызметін жүзеге асырушылардың жер қойнауын пайдаланушылар үшін салықтар мен төлемдердің төлену тәртібін белгілейді;
- лицензиямен жасалған өзара шарттың тәртібін анықтайды;
- өзара шарттар мен т.б. лицензиялардың шарттарын орындау мен оның сақталуына бақылау жасайды, сонымен қатар жер қойнауын пайдалануға құқықтық лицензияны беруді жүзеге асырады.
Жерді пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, басы-байлы немесе шеттету болып тегін немесе орны толтырылып берілуі мүмкін.
Жер қойнауын тегін және тұрақты пайдалану құқығы жалпы таралған пайдалы қазбаларды жер учаскелерінде өзінің меншік қажеттілігі үшін өндіруді жүзеге асырғанда, жер қойнауын пайдаланушының жеке меншік құқығына жататын немесе тұрақты жер пайдалануға жататын кезде іске асырады.
Жер қойнауын пайдалану бойынша қалған барлық операциялардың түрлері жер қойнауын уақытша және орнын толтыру негізінде жүзеге асады.
Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектісі мыналар жеке және заңды түлғалар, оның ішінде шетелдік түлғалар, сонымен қатар шет мемлекеттер, халықаралық үйымдар болуы мүмкін.
Ұлттық жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының азаматтары мен қазақстандық занды түлғалар.
Шетелдік жер қойнауын пайдаланушылар - шетел азаматтары, шетелдік заңды түлгалар, шетел мемлекеттері, халық-аралық үйымдар.
Жер қойнауын тұрақты пайдаланушылар - жер қойнауын пайдалану құқығы шексіз сипаттағы тұлғалар.
Жер қойнауын уақытша пайдаланушылар - жер қойнауын пайдалану құқығы шектеулі мерзімге белгіленген тұлғалар.
Жер қойнауын пайдалану құқығы берілетіндер:
- өндіруге байланысы жоқ жер асты ғимаратын пайдалануға және оның құрылысына, барлауға, өзара шарт пен лицензия негізінде атқарылады;
- жалпы таралған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсатта өндіру облыстық атқару органдары берген лицензия негізінде атқарылады;
- жер қойнауын геологиялық мемлекеттік тұрғыда зерттеу ісі ведомствоға қарайтын ұйымдарға бағытталған немесе өзара шарт, жер қойнауын қорғау мен пайдалану бойынша өкілетті органның әкімшілік актісі негізінде атқарылады;
- жалпы таралған пайдалы қазбаларды және жер асты суларын меншік қажеттілігі үшін өндіру бір мезгілде жер учаскесін берумен, оның астында жатқан жалпы таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын жеке меншікке немесе жер пайдалануға берумен атқарылады;
- жер учаскесін уақытша пайдалануға берген кезде жалпы таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын меншік қажетіне пайдалану шарты уақытша жер пайдалану туралы шартта ескертілуі мүмкін:
Барлау немесе өндіру үшін лицензия құқығы қағида бойынша конкурс негізінде инвестициялық бағдарламаға беріледі.
Жалпы таралған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсатқа өндіруді қоспағанда, барлау мен өндіруге лицензияны беруді облыстық атқарушы органдар атқарады.
Барлауға арналған лицензия алты жыл мерзімге беріледі. Өзара шарт пен лицензияда көрсетілгендей өзге міндеттемелерді және бағдарламалық жұмыстарды орындаған жағдайда лицензия алушының оның мерзімін ұзартуға құқығы бар. Барлауға берілген лицензияның әрбір кезеңінің ұзақтығын екі жылға дейінгі мерзім күші екі рет ұзартылуы мүмкін.
Өндіруге берілген лицензияның мерзім кезеңі - 25 жылға дейін болады.
Лицензияның күші мына жағдайда тоқтатылады:
1) лицензияда көрсетілген мерзімнің өтуі бойынша;
2) лицензиялық орган қайтарып алғанда;
3) жер қойнауын пайдаланушының шартты орындамаған кезінде шығатын лицензиядан өзара шарттың үзілуі жағдайында немесе шартты жарамсыз деп танығанда;
4) заңды түлғаның таратылуы кезінде.
Берілген лицензияны лицензиялық органның келесі жағдайда қайтарып алуға құқық бар:
1) лицензияның кұшін тоқтату туралы қабылданған шешім тудырған немесе оларды болдырмау үшін жеткілікті уақытта жоймаған себепте, лицензия алушы себепті жоюдан бас тартқанда;
2) орынды себептер тудырған немесе жер қойнауын пайдаланушының кінәсінен болмаған басқа жағдайларда, өзара шарт жасалған мерзім жөніндегі лицензия шартын бұзғанда.
Лицензия органына біле тұра қате ақпарат беріп, соның ықпалымен сол тұлғаға лицензия беруге шешім шығарған фактілері сот арқылы анықталғанда, лицензия жарамсыз деп танылады.
1997 ж. қырқүйегіндегі жағдай бойынша 950 лицензия берілген, соның ішінде қатты пайдалы қазбаларға - 733, мұнайға -170, суға - 47. Лицензия шетелдік өнімдерге берілді. Сол кезде 46 өзара шарт жасалған болатын.

Кеніш қорларын жіктеу және геологиялық барлау процесінің сатылары

Пайдалы қазбалар кеніші өзінің сан және сапа көрсеткіштері бойынша техниканың, технологияның және экономикалық жағдайдың осы күнгі даму деңгейінде өнеркәсіптерді игеруге келетін табиғи заттардың табиғи жолмен жинақталуы деп аталады.
Кеніш - бұл жер қыртысында шоғырланған химиялық элементтердің жер қойнауынан алынуын экономикалық мақсатқа лайықты ететін жүйе.
Пайдалы қазбалар кенішін жіктеудің әр түрлі өлшемдері бар. Кеніш зерделену дәрежесі бойынша барланатын, барланған және пайдаланылатын боп бөлінеді. Қор шамасына қарай кеніш үсақ, орташа, ірі және бірегей боп бөлінеді. Экономикалық мәні бойынша - балансты және балансталган.
Қорлар категориясы бойынша кеніштердің және пайдалы қазбалардың болжаулы ресурстарының қорларын жіктеу бұрынгы Кеңес Одағында қабылданған принциптерге негізделген. Алайда, бүгінгі таңда ол қайтадан қарастырылып, қорларды 50%-тен кем соқпайтын сенімділігі анықталған сенімдіге, әлеуеттіге және келешегі барға жіктейтін халықаралық талаптарға бейімдеу қолға алынды. Өкінішке қарай бұл жұмыс аяқталған жоқ. Бұл арада бүгінгі тандағы қолданыста жүрген жіктеу келтірілген .

Қорлардың ауқымы бойынша кеніштерді жіктеу (В.И. Красников бойынша)

Пайдалы қазбалар

Қорлар, т

ұсак
орташа
Ірі
Темір кендері
107
108
109
Бокситгер мен фосфориттер
106

107
108
Марганц және хромит кендері
105

106
1О7
Мыс, қорғасын, мырыш
104
105
106
Молибден, вольфрам
103
104
105
Сынап, күміс
102
103
1О4
Сирек және шашыранды
Элементтер
10
102
103
Алтын, платина
1
10
10 2

Қатты ұайдалы қазба қорлары мен олардағы пайдалы компоненттер халық шаруашылығындағы мәні бойынша жеке есептелуі тиіс және жеке есептелетін екі топқа бөлінеді:
- баланстық, пайдалануы бекітілген кондицияға сәйкес жер қойнауын ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптарға сай кен өндіру мен шикізатты өндеудің озық техникасы мен технологиясын өнеркәсіптердің игеруі барысында экономикалық мақсатта лайықты болады.
- балансталғаны, пайдалануы бекітілген кондицияға сәйкес бүгінгі таңда экономикалық мақсатқа лайықты емес немесе техникалық және технологиялық жағынан іске асуы мүмкін емес, алайда кейін баланстыға ауыстырылуы ықтимал.
Кен орындарын іздестіру әдістемелері және кен орындарын экономикалық-геологиялық тұрғыдан бағалау реттілікпен жақындастыру принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл принцип жер қойнауын зерделеу барысында ең ауқымды терри-торияларда да сақталады. Осыған орай бұгінгі танда геологиялық барлау жұмыстарын үтымды әрі үнемді жұргізу үшін оларды сатыларға бөлу қолға алынған.
1. Аймақтық геологиялық зерделеу.
2. Жалпылама іздестірудің геологиялық жұмыстары.
3. Іздестіру жұмыстары.
4. Іздестіру-бағалау жұмыстары.
5. Алдын ала барлау.
6. Детальдық барлау.
7. Кен орнындағы барлауды аяқтау.
8. Пайдалану барлауы .
Іздестіру — бағалау жұмысының негізі мақсаты — пайда болған кен орындарындағы іздестіру жұмыстарында анықталғандардың ықтимал өнеркәсіптік мәнін бағалау. Осының негізінде халық шаруашылығының мүддесіне тиімсіз объектілер жарамсыз деп танылады, содан соң алдын ала барлау жүргізілетін объектілер тандап алынады.

Шетелдерде минералдық ресурстардың экономикалық тұрғыдан бағалануы

Қазақстанда және шетелдерде минералдық ресурстарды экономикалық тұрғыдан бағалаудың әдісін қалыптастыру өндірістік күштердің әр түрлі даму кезеңдеріндегі табиғатты пайдалану саласында пайда болған ғылыми жэне іс-тәжірибе міндеттерімен анықталды. Біздің елімізде ұзақ уақыт бойы ресурстарды экономикалық жағынан бағалау проблемасы күн тәртібіне қойылмай, минералдық шикізат ресурстары табиғаттың тегін сыйы ретінде қарастырылып келді. Жер қойнауындағы шикізатты экономикалық тұрғыдан бағалау - өндірілген шикізатгы өткізу барысында алынуы мүмкін ақша түріндегі әлеуетті тиімділікті анықтау болып табылады.
Бұл проблемаға мүдделік таныту отандық экономикаға нарықтық қатынастардың элементтерінің енуіне қарай 80-ші жылдардың екінші жартысында өсе түсті. Экономикалық-геологиялық бағалау айрықша мәнге геологиялық барлау және кен өндіру кәсіпорны акцияланғаннан кейін, сатылас-біріктірілген мұнай компаниялары құрылған соң және жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық жүйесіне көшуден кейін ие болды. Сондықтан да бүгінгі таңда қолданылып жүрген ҚР Жер қойнауы туралы заңында Пайдалы казба кендерінің өнеркәсіптік кұндылығын анықтау үшін, оларды ең тиімді және қауіпсіз тәсілмен өңдеу... мұндай бағалауды жүргізу міндеті екені қадап айтылған.
Шетелдерде минералды шикізат ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалау кеңінен қолданылады. Әр түрлі елдерде оны өткізудің мақсаты, өлшемдері және объектілері жер және пайдалы қазба меншік түрлерінің сипаттарымен, сондай-ақ экономиканың осы секторындагы ақша-тауар қатынасының дамуымен анықталады.
Жер мен пайдалы қазба сату-сатып алудың объектісі болып табылатын нарығы дамыған елдерде ресурстарды экономикалық тұрғыдан бағалау оларды игеруден түсегін болжалды пайданы анықтауға негізделген. Бұл арадағы бағалаудың мақсаты учаскені іздестіру жұмыстары үшін жалға алудың немесе сатып алудың, барланған кен орнында өнеркәсіптік құрылғыға капитал жұмсаудың және пайдаланылатын кен орнын сатып алудың мақсатқа лайықтылығын негіздеуге қызмет етуі мүмкін. Оның үстіне, экономикалық бағалауды пайдаланумен кен орнын игерудің техникалық-технологиялық схемаларын негіздеу, кен өндірудің және пайдалы қазбаларды қайта өңдеудің, оларды кешенді пайдаланудың, сондай-ақ табиғатты қорғау шараларының жаңа әдістерін енгізу жүзеге асырылады.
Шетелдерде қолданылатын кен орындарын экономикалық тұрғыдан бағалаудың негізгі әдістері. Хосколдтың формуласы

мұндағы Ур - кен орнының жалпы осы заманғы құндылығы;
А - орташа жылдық пайда;
п - кен орнын әзірлеудің уақыты;
г - қалыпты пайда;
г' – тәуекелділіктің деңгейін ескеретін пайда.
. Тікелей дисконттау әдісі

Vp =
мұндағы Аti - кенді әзірлеу барысыңдағы tti пайдасы.
Меркилдің формуласы

Vр =

Мәндері сол қалпында қалады.
Осы замангы құндылықтардың (пайдальшық индексі) арақатынасы

Мұндағы І tІі- жылдық капитал салымы;
tі - 0-ден Р жылға дейін кен өндіруші кәсіпорынның құрылыс мерзімі;
tі - 0-ден п жылға дейін кен орнын әзірлеудің мерзімі.
Осы заманғы таза құндылық (өзгеріп тұратын жыл сайынғы пайда барысындағы)

мұндағы I - капитал салымы.
Осы заманғы таза құндылық (тұрақты жыл сайынғы пайда барысындағы)

Ресурстарды экономикалық тұрғыдан бағалауды жүргізудің детальдылығы мен оны жүзеге асыруда қолданылатын дәлдік накты іс жүзіндегі жорамалдаумсн анықталады. Кенді игеру туралы шешім көп нұсқалы оңтайлы есептердің негізінде қабылданады.
Біздің елімізде кен орындарын экономикалық тұрғыдан бағалаудың көптеген әр түрлі әдістері бар. Олардың көбісі барланған және пайдаланылатын кен орындарын бағалаудың әдістері. Геологиялық барлау процесінің бастапқы сатысындағы кен орындарын экономикалық тұрғыдан бағалау теориялық аспектіде ең аз зерделенгені болып табылады. Соңғы жылдары мұндай бағалауды өткізу әдіснамасының принциптік мәселелері бойынша пікірлердің белгілі бір дәрежеде бір жерде тоғысуы байқалды, бұл бірқатар салааралық әдістемелердің жасалуына түрткі болды.
Кен орындарын құндық бағалаудың базасы ретінде орташа әлемдік баға экономикалық, әлеуметтік және басқа да құрастырушылардың барлық кешенін ескеретін тұтыну құндылығының әмбебап көрсеткіші ретінде қабылданып жүр.
Алайда бірқатар ресурстарды бүгінгі күнгі баға бойынша өндіру, өндеу тиімсіз, бірақ бұл шара болашақта олардың бағасын көтергенде пайда әкеледі. Сондықтан кен иеленушінің алдында ұдайы балама болады - ресурсты дереу өндіруге немесе сатуға болады әйтпесе қолайлы уақытқа дейін оның қорларын сақтай алады.
Кен орындарын экономикалық бағалау және уақыт факторының есебі
Кез келген өндірістік кәсіпорындарының ұзақ жылдар бойы қызмет мерзімінде шығарылатын өнімдердің, экономикалық-техникалық көрсеткіштері өзгеріске ұшырайды, жөндеуге жұмсалатын шығын артады, өнім сапасына қойылатын талап пен сұраныс өзгереді және т.б. Уақыт озған сайын орын алатын осынау өзгерістерді бейнелеу үшін жылдар бойы созылатын уақыт аралығындағы тиімділікті бағалауды жүзеге асыру қажет.
Уақыт факторы есебінің ең белгілі және баршасы қабылдаған тәсілінде бұл формула бір жылғы шығын үшін келтірілген. Әр жылдың құрылысына капитал салымы В = (1 + Е) t коэффициентіне көбейтіледі немесе бөлу жүзеге асырылады.
Мұндағы Е - әр жолғы шығынға келтірілетін тиімділіктің нормативті коэффициенті, і - капитал жұмсалған жылдан олар (капитал) келтірілетін жылдардан бөлетін жылдар саны.
Алайда уақыт факторы есебінің мұндай тәсілінде де кемшіліктер толып жатыр. Онда ұзақ жылдар бойғы қызмет мерзімінде шығарылатын өнімдер саны мен сапасының өзгерісін көрсету мүмкін емес, сондай-ақ заттай және сапалық тозуына қарай істен шығарылатын объектілердің ауысуымен байланысты болашақта болатын шығын мен оның өзгерісі толық ескерілмейді. Осынау кемшіліктерге қарай статистикалық емес, өндіріс тиім-ділігін анықтаудың динамикалық әдісі ұсынылып отыр.
Бұл әдістің негізгі ерекшелігі: онда Т тиімділігін бағалаудың ұзақ кезеңі үшін кәсіпорындар қызметінің жиынтық шығындары мен нәтижелері көрсетіледі. Бұл арада әрбір жылы шығындарда және нәтижелерде орын алған өзгерістер ескеріліп отырады. Әр жылдарға қатысты шығындар мен нәтижелер В коэффициенті арқылы олардың экономикалық әр келкі құнды-лықтарын ескеру үшін бір жылға келтіріледі. Интегралдық критерийдің құрамында жылдар бойынша капитал салымы және объекті амортизациялық аударымдарынсыз енгізілгеннен кейін ғана ағымдағы шығындар ескеріледі.
Бұл арада капитал салымы реновацияға амортизациялық аударым арқылы жанама түрде емес, тікелей ескеріледі.
Бұл арада нәтижені Ц қолданыстағы көтерме сауда бағасы арқылы шығарылатын өнім мөлшері түрінде көрсетуге болады. Сонда интегралдық нәтижені формула түрінде көрсетуге болады:

Т инт =

Келтірілген өрнектен мынадай тұжырым шығаруға болады: нәтиже бағаланатын кезең үшін пайда құрылысының екі көзінен, атап айтқанда, бағаланатын объектіден тікелей алынатын пайдадан және оның тысында халық шаруашылығы айналысына тарту есебінен объекті алатын пайдадан әрі пайда әкелетін басқа объектілерді қаржыландырудың уақытша босатылған реновациялық аударымдарын пайдаланудан қалыптасады.
Мәселен кен объектісін - 7 жылға кенмен қамтамасыз етуге жететін қоры бар кен орнын сатып алудың бағасын анықтау қажет болды делік .

Осы заманғы құнды анықтаудың әдісі

Компания барлық салықты төлегеннен кейін ол пайданың қандай бөлігін алатынын көрсететін ақшалай ағынның есебін жасады. Компания дисконттаудың есептік мөлшерлемесін 20%-ке белгілеуге шешім қабылдады делік, яғни бұл объектіні тиімді деп санайтын ең аз шамадағы пайда нормасы. Объектінің жұмысы үшін қажетті капитал салымы 120 млн тг-ні құрайды.

Кен орнын сатып алудың бағасы немесе қазіргі заманғы таза құн 190,14 - 120 = 70,14 млн тг-ні құрайды. Ақшалай ағын динамикасының есебі кен объектісінің экономикалық-техникалық негіздеуін жасау барысында қорытындылаушы қаржы құжаты болып табылады.
Қазіргі заманғы таза құн кен онеркәсіптерінде ұйғарынды инвестицияның мөлшері қандай болу керектігін көрсетіп беруі тиіс. Егер капитал салымының мөлшері қазіргі заманғы таза құннан жоғары болатын болса, онда кен орнын пайдалану мақсатқа лайықты емес, деп саналады. Егер қазіргі заманғы таза құн инвестициядан асып түсетін болса, онда бұл объекті тиімді саналып, пайдаланылуы да ықтимал. Бұл арада мынаны ескеру қажет: ақшаның таза құйылысы салықты және несие бойынша процентті төлегеннен кейін ғана қалыптасады.
Мәселен. Кең орнын игеру үшін 18% есептік мөлшерлемесімен алғанда кең орны жұмысының 8 жылына шаққанда жыл сайын 200 млн тг ақшалай ағынын кұрайтын 650 млн тг қажет. Кеңді сатып алушының қазіргі заманғы таза құнын анықтау керек. Бұл үшін таза табысты дисконттау коэффициентіне көбейту жолымен дисконтталған таза табысты жылдар бойынша есептейміз.
Дисконтталған таза табысты анықтаудың әдісі

Жылдары
Таза табыс, млн теңгемен
Дисконттау коэффициенті
Жылдар бойынша
дисконтгалған таза
табыс, млн
теңгемен
Жиынтық-талған таза ақшалай ағын

4 "(1 + Е)'

1-ші
200
0,8475
169,50

2-ші
200
0,7182
143,60

3-ші
200
0,6086
121,70

4-ші
200
0,5158
103,20

5-ші
200
0,4371
87,40

6-шы
200
0,3704
74,10
∑ = 815,5
7-ші
200
0,3139
62,80

8-ші
200
0,2660
53,20

Объектінің қазіргі заманғы таза құны: Т
Егер компания капиталдық шығынмен 18% пайда алуды жоспарлаған болса, онда бүғінгі таңдағы объектінің құны 165,5 млн тг-ні құрайды. Уақыт факторы есебінсіз таза табыс 1,6 млрд тг-ні құрайды, бұл кен орнының нақты бағасын және оны сатып алудың бағасын 2 есе бұрмалап көрсетеді. Оның үстіне, мынаны да есте ұстау қажет: егер бұл жағдайда біз жиынтықталған таза табысты кенді пайдалану уақыты үшін дисконттау коэффициентін қолдану арқылы есептейтін болсақ, онда жылдар бойынша бірдей таза табыста жиынтық табыс рента коэффициенті негізінде әлдеқайда қолайлы әрі нақтырақ анықталады. Бұл жағдайда жиынтықталған таза табыс былайша анықталады:
∑ЧД = ЧД • Б t,200 • 4,0776 = 815,50 млн тг.
Есептеуді оңайлату үшін әр түрлі мәндеғі есептік мөлшерлемелерде дисконттаудың коэффициенттері келтірілген:

b -t = және рента коэффициенті

b t =
Кенді игерудің жалпы экономикалық жағынан мақсатқа лайықтылығы туралы мәселе алға шыққанда кен орнына алдын ала экономикалық баға беру сатысында есептеу үшін рента коэффициентін пайдаланған қолайлы. Егер объект тиімді, пайдалы, деп саналса, онда капиталдық салымдардың мөлшері, пайдаланылатын мерзім ішінде алынатын жыл сайынғы табысы (жылдар бойынша табыс, әдетте, өзгеріп отырады) жүйелі түрде рет-ретімен мүқият есептеледі әрі бұл жағдайда дисконттау коэффициентін қолдану қажет.
Проценттік мөлшерлеме немесе дисконттау коэффициенті қазіргі заманғы құнның шамасына әсер етеді. Әрбір инвестор өз саясатын жүргізеді, алайда қатері аз ұзақ мерзімді инвестицияға қатысты борышқорлық міндеттеменің үкіметтік деп аталатын мөлшерлемелері болады. Көптеген жағдайларда әлемдік іс-тәжірибеде, әсіресе, аса ірі кен орындарын бағалауда және әзірлеуде дисконттау коэффициенті 8-12% шегінде қолданылады. Бұл мынаған байланысты: дисконттық мөлшерлеменің артуына қарай алдағы жылдардың ақшалай табысы күрт (бірден) кеміп, төмендеп кетеді. Мәселен, 30 жыл кезеңімен алғанда жыл сайынғы ақшалай табыс 10 млн теңге мөлшерінде дисконттаудың 26% мөлшерінде отыз жылдағы табыстың осы заманғы қүны бар-жоғы 10 мың гг-ні құрайды (10 млн тг. . 0,001 = 10 тыс. тг.), яғни табыс 100 есеге кеміген.
Алайда 8% дисконттау коэффициентінде алдағы кезеңнің табысы бүгінгі таңда 996 мың тг-ні құрайды (10 млн тг. • 0,0996 = 996 тыс. тг.), яғни 30 жылдағы табыстың қазіргі заманғы қүны 10 есеге азайған.
Бұдан шығатын қорытынды мынау: дисконттау мөлшерлемесі неғұрлым жоғары болса әрі біз қазіргі заманғы пайданы неғұрлым жоғары бағалайтын болсақ, алдағы кезең табыстары мен шығындарының мәні соғұрлым кем болады.
Жоғары мөлшерлемені қолдану табиғи ресурстардың жылдам алынуына жол ашатын олардың шамадан тыс пайдаланылуына әкеп соқтырады әрі осылайша бүгінгі әл-ауқатты барынша жақсартуға басымдықтар беріледі.
Оның үстіне мынаны есте ұстау қажет: үлкен жобаларда олардың орындалу мерзімі 20 жылдан асып жығылады, өйткені дисконттау коэффициенті геометриялық прогрессияда кеміп кетеді, қазіргі заманғы таза құндағы соңғы жылдың салымы өте аз болып шығады. Осылайша, үзақ мерзімді жобалардың бүгінгі таңдағы ақшасында пайдасы аз болып шығады.
Сондай-ақ пайданың ішкі нормасын да анықтаудың қажеттілігі пайда болады. Ол жиынтықталған, дисконтталған ақшалай ағын мен капитал салымын салыстыру жолымен белгіленеді әрі ақшалай ағын мен инвестиция тепе-тең болған жағдайында ғана оған қол жеткізуге болады, яғни ішкі норма ақшалай ағын инвестицияны жабатын нөлдендірудің негізінде анықталады: Пін = ТТ - К = 0 (ВНп = ЧД - К = 0).
Қазіргі заманғы құнның ішкі пайда нормасы қандай мәнде кен орнын әзірлеуге қажетті капитал салымын жаба алады?

Жер ресурстары.
1. Топырақ жамылғысының осы заманғы жағдайы
2. Қазақстанның топырақ жамылғысының және жер ресурстарының сипаттамасы

Жерді пайдаланудьң функциялық ерекшелігі оның табиғи ресурстардың арасындағы орнын анықтап береді. Ол қоғам мұшелерінің әл-ауқатының бастапқы материалдық негізі, адамдарды қоңыстандырудың және өндірістік кұштерді орналастырудың кеңестік базисі әрі барлық экономикалық өсім факторының - еңбек, материалдық-техникалық және табиғи ұдайы өндірістік процестердің қалыпты жүзеге асуының негізі болып табылады. Тарих В. Петти формуласының дұрыстығын көрсетті, оның ойынша: еңбек - заттай байлықтың атасы, ал жер - анасы.
Құрал ретінде жер өндірісінің, әсіресе, өндірістің қолдан жасалған құралымен салыстырып қарағанда өзіндік ерекшелігі болады.
Біріншіден, жер - табиғаттың өнімі, сондықтан да бастапқы жағдайда оның құны болмайды, өйткені оны жасайтын адам еңбегіне жұмсалатын шығын жоқ. Өндірістің басқа құралдары адам еңбегімен жасалатындықтан, олардың құны болады.
Екіншіден, өндірістің қолдан жасалған құралы физикалық тозуына қарай ұдайы өндірілуі мүмкін. Жердің топырақ жамылғысы да жаңғыртылатын табиғи ресурс болып табылады, алайда оны табиғи жолмен қалпына келтіру ұшін жүздеген жылдар қажет. Бұл мынаны білдіреді: келешекте бүлінген топырақ қабаттары қарқынды шаруашылық қызметке жарамсыз болады.
2,5 см қалындықтағы топырақ қабатының қалпына келуі үшін 300-1000 жыл керек, ал 18 см егістік қабатының қалпына келуі үшін 2-7 мың жыл қажет болады екен. Бұл жерді және жаңғыртылмайтын табиғи ресурстарды қолдануды жоспарлауда тәсілдемелердің салыстырмалылығына себепкер болады.
Жерді дұрыс пайдалану, үнемдеу және оны қорғау оның биологиялық әлеуеті мен өнімділігін бұрынғы қалпында ұстауға мүмкіндік беріп қана қоймай, оны айтарлықтай тыңайтады да.
Жер ресурстары. Біздің планетамыздың беті -510 млн км2 (51 000 млн га). Оның көп бөлігі - 361 млн км2 (36 100 млн га), яғни 71%-ін су алып жатыр; құрлыққа тиесілісі - 149 млн км (14 900 млн га). Бұл территорияның 4 060 млн га (28%-ін), орман алып жатыр, шалғын мен жайылым - 2 600 млн га (17%), Өңцелетін жер (егістік) - 1 450 млн га (10%). Жер категориясы бойынша жер ресурстарының бөлінуі диаграммада бейнеленген (5-сурет).
Бұрынғы ҚСРО территориясы - 22,3 млн км2 (2 230 млн га); Қазақстанның территориясы -2,72 млн км2 (272 млн га).
Ауыл шаруашылыгына пайдалы жердің көлемі, оның ішінде жан басына келетін егістіктің көлемі

Ауыл шаруа-
шылығына пайдалы
жер. ға-мен
Көп жылғы егістік
Егістік
Қазақстан
14,18
2,26
2,25
Өзбекстан
1,58
0,26
0,24
Қырғыстан
2,26
0,36
0,34
Тәжікстан
1,00
0,21
0,19
Түркіменстан
12,32
0,36
0,34
Тұтастай алғанда КСРО бойынша, оның ішінде
2,20
0,84
0,81
Ресей
1,60
0,95
0,94
Украина
0,83
0,701
0,68
Белоруссия
0,98
0,64
6,62
ҚР Мемлекеттік жер комитетінің мәліметі
Кеңес Одағы планетадағы құрлықтың алтыдан бір бөлігін алғанына қарамастан ауыл шаруашылығына пайдалы жері - барлық ауыл шаруашылық өңдірісінің негізі - 1990 жылы 600 млн га-дан сәл асып түсетін, яғни ел территориясының 27,3%-ін құрады, оның ішінде 228 млн га-ды, яғни 10,2%-ін егістік құрады. Барлық ауыл шаруашылығына пайдалы жердің шамамен 70%-і құрғақ аудандарда, оның көп бөлігі шектен тыс ылғалды аудандарда орналасқан, оның үштен екісі топырақтың құнарлы қабатын жоятын әр түрлі эрозиялық процестерге ұшыраған.
Соңғы 60-70 жылда орыс жазығындағы қара топырақ эрозияның және дефляцияның нәтижесінде өз қарашірігінің үштен бірінен айырылып қалды, оның құнарлы қабаты 10-15 см-ге кеміп кетті. Осыған орай, бұрынғы КСРО-дағы егістіктің биологиялық өнімділігі, шамамен, АҚШ-қа қарағанда 2,4 есеге кеміген.
Жер шарында жерді игеру қандай қарқынмен жүргізілді? Жердің ең қарқынды жыртылған кезі (П.И. Полетаевтың мәліметі бойынша) - 1940-1965 ж.ж. Бұл кезеңдегі бүкіл әлемдегі оңделетін лсер 830 млн га-дан 1,5 млн га-ға дейін артқан. Алғашқы он жылдықта бұл өсім 5%-ті құраса, соңғы жылдары -2% қана.
1965 жылдан 1970 жылға дейін жыртылатын жер ауданы 28 млн га-ға дейін кеміген және бұл көрсеткіш күйі өзгеріссіз қалды десе де болады. Онеркәсібі дамыған елдерге келетін болсақ, статистиканың көрсетуінше, ауыл шаруашылығына тән жердің тұрақты түрде кемуі байқалған. Мәселен, АҚШ-та жыл сайын ауыл шаруашылық айналымынан 1 млн га жер қолданыстан шығып отырады. Бұл миллион жаңа жолдың, зауыттардың құрылысына, қалаларды салуға және т.б. пайдаланылған. Жаңа территорияларды игерудің есебінен американдықтар жыл сайын 0,5 млн га бойынша орнын толтырады, яғни таза залал оның қақ жарымын (тең жартысын) құраған.
Әлемдегі егістік жердің кемуіне адам ғана кінәлі емес, яғни егістік ауданының кемуіне адамдар ғана себенші болып отырған жоқ, бұл арада эрозияның да зияны орасан зор. Тек соңғы 100 жылда эрозияға ұшыраудан 20 млн км2 топырақ асарамсыз болып қалған, бұл барлық егістік алабының 28%-ін құрайды. Егер осылай жалғаса беретін болса, онда тағаммен қамтамасыз етіп отырған жердің көлемі қаншаға кемиді? Рас, ғылым тағамның басқа да көздерін іздестіріп жатыр. Бірақ, сәтсіз. Мүхиттар мен теңіздердің болжанған жоғары биологиялық өнімділігіне қарай келешекте құрлықтағы ауыл шаруашылық өндірісін мүхит және теңізбен біріктіру көзделіп отыр. Дегенмен, құрлықтың биологиялық өнімділігі әлдеқайда жоғары. Тағам өнімдерін жерден өндіру адамдарға қолайлы әрі ұйреншікті болып табылады. Сонымен, ғылым мен техниканың осы заманғы даму кезеңінде тек жер ғана, оның үстіңгі топырақ қабаты ғана негізгі тағам көзі болып табылады.

Қазақстанның топырақ жамылғысының және жер ресурстарының сипаттамасы
Қазақстанның топырақ жамылғысы. Қазақстан Республикасы орман-тоғай алқабын, жазық даласын, жартылай шөлді және шөлейт аймақтарын қоса алғанда территория көлемі бойынша әлемде 9-шы орынды иеленеді (272,5 млн. га). Еліміздегі топырақтың әр түрлі болуы (И.А. Гвоздецкий, В.И. Николаев бойынша) кең, зоналылығымен батыстан шығысқа дейін созылған климаттың қуаншылыққа ұшырау деңгейінің артуымен, территорияның әр қилы бөліктеріндегі геологиялық-геоморфологиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Қазақстан жазығындағы топырақтың аймақтық тұрпаты бұрынғы ҚСРОның Еуропалық бөлігіндегі біздікіне ұқсас зоналық топырағынан біршама айрықшаланады. Бұл айырмашылық негізінен мыналарда:
1.Батыс-Сібір жазығына жататын республиканың солтүстік бөлігіндегі суайрықты кеңістік жоғары гидроморфологиялығымен сипатталады. Сон-дықтан да ондағы топырақ жамылғысыньщ шектен тыс батпаққа айналуы мен кешенділік (әр түрлі топырақтың ұсақ учаскелерінің заңды алмасуымен байланысты болатын ала-құлалық (пестрота) байқалады, сонымен қатар аудандардағы топырақ секілді жақсы сорғытылған жағдайда қалыптасқан. Зоналық қара топырақ қарашірінді қабатының аз ғана қуатына, бұл қабаттың біркелкі емес төменгі шекарасына және қарашіріндінің жоғары мазмұнына ие.
2. Қазақстанның орташа ендік жолағында зоналық топырақ каштанды болып келеді және климаттың құрғақтығымен әрі топырақ түзуші (қалынтастырушы) жыныстың сортандануымен байланысты топырақ көп сортанданған. Ұсақ шоқылы өңірде әлсіз дамыған және куаты аз тығыз жынысты, ұсақ тас шоқылы топырақ үстемдік етеді.Бұл орташа жолақтағы тонырақ жамылғысьш одан бетер әркелкі әрі кешенді етеді.
3.Қазақстанның оңтүстігінде қуаңшылықтан жэне шектен тыс қуаңшылықтан құба, сұр-кұба, тақыр түсті және сұр топырақ түзілген, батысынан шығысына қарай топырақтағы қарбонаттың біртіндеп кемуімен сипатталады.
4.Тұтастай алғанда оңтүстікте барлық ендік зонаны алып жатқан жазықтағы топырақ жамылғысының қуаңшылық климатының және континенталдығының арқасында бұл өңір үлкен кешенділігімен айрықшаланады. Сортаң, сор, шұрай және басқа да тұзды судың, аналық жыныстың және территорияның даму тарихы әсерімен түзілген интробелдемдік топырақ кең жайылған. Жауыншашынның бұл өңірдегі салыстырмалы түрде аз түсуіне қарай топырақтың көп шайылмауы елеулі нивелирлейтін ықпалға жол бермейді.
Батыс-Сібір жазығының орманды дала зонасына жататын елдің ең солтүстігінде шалғынды-қара топырақ (әлсіз сорғытылған суайрықты кеңістігінде), сүр орманды топырақ және сілтісіздендірілген қара топырақ кеңінен тараған.
Бұл өңірде сортанды қара топырақ және шалғында-қара топырақ та ұшырасады.
Оңтүстікке қарай қара топырақты далада сілтісіздендірілген қара топырақ, әдеттегі жай және сонан соң оңтүсгікке тән болып келетін топырақ алмастырады. Солтүстік Қазақстанның қара топырақты даласында бөртүелі топырақта өсетін шоқ қайың (березовые колки с осолоделыми почвами) және ойпаңды шұраттар (солодями в западинах) көп ұшырасады.
Қарашірінді жай қара топырақ солтүстіктегі ылғалы бір қалыпты қара топырақты дала зонасының белдемшесінде (қылқанды дала) кең тараған әрі бұлар далалық бетегелі (ақ селеу) және әр түрлі өсімдіктердің әсерімен түзілген. Қазақстанның ұсақ шоқылы беткейлері бойынша олар абсолюттік биікке 400 метрге дейін көтерілген. Олардың жоғары қабатындағы қарашірінді 6-9% мөлшерінде болады. Топырақ элементтерге, әсіресе, кальций мен магнийге бай. Жоғары қабатындағы реакция бейтарапты болады, ал төменгісінде - сілтілі. Азоттың жалпы қоры шамамен 0,5%-ті, фосфор 0,2%-ті құрайды. Жай қара топырақ толық жыртылатын алаңғы кіретін ең құнарлы топырақ болып табылады.
Оңтүстіктен табылатын қарашіріндісі аз қара топырақ оңтүстікте, бір қалыпты құрғақ қара топырақты дала зонасының белдемшесінде кеңінен тараған. Ол бетегелі (ақ селеу) және әр түрлі өсімдіктердің әсерімен қалыптасқан және ол жай қара топырақтан қарашіндісінің (жоғары қабатында 4-6%) және жалпы азотының (0,3%) аз болуымен әрі қуатының кемдігімен және генетикалық қабатының жатыс тереңдігінің кем болуымен (аздығымен) айрықшаланады.
Соңғы жылдары түпкілікті өнім өсімінің қарқыны күрт төмендеп кетті, алдағы кезеңге арналған капитал салымының жоспарланған мөлшері өте аз, сол себепті де норматив көп төмен болуы керек, әдеттегіше капитал салымы тиімділінің нормативіне қарағанда әлдеқайда кем болуы қажет. Халық шаруашылығы бойынша ірі есептердің нәтижесі көрсеткендей, дисконттаушы көбейткіш шетелдерде қабылданған нормативке сәйкесетін 0,02-0,04 шегіндегі шамаға ие болуы керек.
Табиғат ресурстары, оның ішінде, жер еңбек өнімі болып табылмайды, осыған орай оның ақшалай бағасы әділ түрде толық анықталатын болса да, құны болмайды. Алайда, ол бағаланған ресурстарды игерудің өткен шақтағы шығынымен емес, өңдіріске - бұрын пайдаланылмаған учаскені игеруге кеткен шығынымен беріледі.
Сараланбалы рента түйықтанған шығынның деңгейіне қарай өзгереді, соңғысын пайдаланылатын жердегі ауыл шаруашылық өндірісін қарқындандыру арқылы немесе жаңа жер учаскесін енгізудің нәтижесінде арттыруға болады. Бұл шаруашылық айналымына тартылған барлық жердің сараланбалы рентасының өсуіне әкеледі. Қайтадан игерілетін жерге біркелкі үлкен шығындарды жұмсау жолымен сапасы қалпына келтірілетін, пайдаланылатын кез келген жер учаскесі осы категорияда жаңа шығынға тең рента әкеледі, ал бұрынғы деңгейімен салыстырғандағы рентаның өсімі пайдаланылатын жердің категориясындағы нашар учаскіге аударылатын шығынмен анықталады. Пайдаланылатын нашар учаскенің сапасына дейін жаңа жерді игеруге кететін шығын ең жоғары сападағы жерге қайтадан тартылатын жерге аударылатын шығынның санау шегі болып табылады. Жерді игеруге арналған ықтимал шығынын реттейтін тағы бір реттеушіге сараланбалы рента жатады. Осы сападағы жер неғұрлым көп рента әкелетін болса, қайтадан игерілетін учаскенің осы категориясына үлкен шығын аударудың мағынасы болады.
Шартты мысал арқылы жер ресурстарын бағалаудың әр түрлі әдістерін салыстырып көрейік.
Мәселен. Ауыл шаруашылық өндірісінде үш категориядағы жер пайдаланылады: өнім бірлігі есебінде жақсы жерге жұмсалатын шығын 15 теңгені, орташасына жұмсалатын шығын 10 теңгені құрайды, ал нашар жерге жұмсалатын 20 тгц тұйықтанған шығын болып табылады.
Сонымен бірге төртінші категория да бар болсын делік, айталық, оған шығын жұмсау арқылы игерілетін кез келген сападағы пайдаланылмаған жер жатады. Жақсы, орташа және нашар категорияларындағы жаңа жерді игеруге кететін шығын 1 гектарына 500, 200 және 50 теңгелерді құрайды. Ықтимал нұсқалардың кез келгенін жүзеге асырғанда тұйықтанған шығынға жаңа жерді оңдеуге кететін шығын жатады және ол 1 ц. әнімде 30 теңгені құрайды. Тұйықтанған шығынның өсімімен қатар пайдаланылатын жерден түсетін жер рентасы да артады.
Су ресурстарын эконмикалық тұрғыдан бағалау және ұтымды пайдалану
1. Судың шығу тегi.
2. Су балансы.
3. Қазақстанның су ресурстары.
Көп бөлiгi мұхиттар мен теңiздерге жиналған су кембр кезеңiне (в докембрийский период) деiнгi жанарту (вулкан) атқылағанда атқылағанда ақтарылған граниттiң магманың кристалдану процесiнiң нәтижесiнде пайда болады. Жердiң үстiңгi жағында ювенилдi су деп аталатын, яғни жер шарының ылғал айналымына алғаш рет енген термалды су көздерi табылды. Бұл су магмадан бөлiнетiн оттегi мен сутегiнен қалыптасты.
Су атмосферада 10 күнге, ал ағында өзендерде 12-16 тәулiкте жаңарып (жаңғырып) отырады.
Салыстырмалы түрде алғанда өзендерде су аз болады, олар жылына 10-12 км3 қатты затты және 3,3 млрд т ерiтiлген заттарды ағызады. Орташа есеппен алғанда әрбiр 125 мың жылда құрлықтың 1 метр жер қабаты шайылып кетедi.
егер жердегi барлық мұздақ еритiн болса, мұхиттың деңгейi 65-70 см-ге дейiн көтерiлiп, көлемi онсыз да аз құрлық судың астында қалар едi.
Алайда, тұщы судың негiзгi қоры мұздықтарда жинақталған. Мәселен, тау шаңдарындағы және Антрактида мен Арктиканың мұздағындағы тұщы судың қоры 97%-ды құрайды. Ал, өзендердегi, көлдердегi және су қоймаларындағы тұщы судың қоры – 3%.
Жердегi судың айналымын қасқаша былай сипаттауға болады: Жер бетiндегi су негiзiнен теңiз бетiнен және өсiмдiктерден (транспирация) судың булануы нәтижесiнде атмосфераға көтерiлетiн су буынан пайда болатын жауын-шашын түрiнде қалыптасады. Оның бiр бөлiгi өсiмдiктер мен хайуанаттар арқылы тiкелей және жанама түрде қайтадан баланады, ал ендiгi бiр бөлiгi жер асты суларын байытса, қалған бөлiгi өзен арналарымен теңiздерге барып қосылады да қайта буланады. (6-сурет)
Трансляцисының немесе теңiздiң бет жағынан баланудың нәтижесiнде бөләнетiн судың мөлшерi әрбiр жердiң жергiлiктi жағдайына қарай өзгередi. Мәселен, теңiзден қашық орналасқан орманды алқаптарда аудан бiрлiгiмен алғанда су теңiз бетiнен буланатыун судан гөрi көп буланады. Өсiмдiк кемiсе, транспирация да кемидi, осының нәтижесiнде жауын-шашын аз болады.
Теңiзден бiрдей қашықтықпен алғанда бiр кендiкте және биiктiкте жылына буланатын ылғалдың мөлшерi:
тропикалық ормандарда – 1400 мм;
саваннада – 1000 мм.
Кейбiр авторлардың есебiнше, транспирацияның қарқындылығы:
1 га қайыңды орманда жылына – 4700 литр су,
1 га шыршалы орманда – 4300 литр су.
Бұл арада 1 га қайыңды орман жапырақтарының массасы (салмағы) 5 тоннаға (құрғақ зат) тең, ал 1 га шыршалы ормандiкi – 31 т.
Жартылай қуаң аудандардағы транспирацияның, жауын-шашынның және өсiмдiк мөлшерiнiң арасындағы тiкелей ара-қатынасы анықталды (Вальтердiң ережесi). Өсiмдiктердi жылына 1 тоннаға арттыратын болсақ, орташа есепппен алғанда жауын-шашын 100 мм-ге артады екен.
Су балансы. Геологиялық ауқымда құрғақтағы су мен теңiз суының арасындағы тепе-теңдiктiң (баланстың) жиi бұзылатынын байқауға болады. Теңiз деңгейiнiң өзгеруi көптеген жағдайларда планетадағы климаттың өзгерiсiмен байланысты болады. Жер бетiндегi және жер астындағы судың флуктуациясын, өсiмдер өзгерiсiн, қар және мұз жамылғыларының ырғағын бақылап қарағанда, 1800-2000 жылда қайталанатын құрғақтағы ылғалдың режимiн байқауға болады.
Шнитниковке жүгiнсек, бiз бүгiгi таңда өте ылғалды континенталдық (құрлықтың) фазадан аөту үстiнде екенбiз. Бұл құрлықтағы судың бiр бөлiгi теңiзге ауысатынын бiлдiредi. Соңғы 80 жылдағы байқау көрсеткендей, теңiздiң деңгейi жыл сайын 1,2 мм-ге көтерiледi, бұл құрғақтағы судың қорын жылына 430 км3-ке кемiтедi. Бұл көрсеткiш Каспий теңiзiне құятын барлық өзендерге де (оның iшiнде Едiл мен Жайық секiлдi (Волга и Урал) аса iрi өзендерге) қатысты. 31 кестеден көрiнгендей, адамзат өз қажеттiлiгiне пайдалынатын судың жыл сайынғы мөлшерi теңiзге тек гидрографиялық желi бойынша құйылатын судың мөлшерiн ескергенде 37,3 мың. км3-тi құрайды екен. Бұдан басқа 13 мың км3-ке тең болатын жер асты суының бiр бөлiгiн пайдалануға болады.

Әлемдегi су ресурстары (Калинин мен Быков бойынша)

Көлемi, мың км3-пен алғанда
Жыл сайынғы жаңаратын (жаңғыратын) бөлiгi, мың км3-пен алғанда
Жаңғыртуды тудыратын процестер
Жалпы көлемi

449
булану
Әлемдiк мұхит
1370000
37,3
бет жағындағы ылғал
5 км тереңдiкке дейiнгi жер асты суы
60000
13
жер асты ағыны
Көл
750

булану
Мұздақ пен қар
29000
1,8
ағын
Топырақтың және топырақ астындағы қабаттың ылғалдылығы
65
7114
жер асты ағынды судың булануы
Атмосферадағы ылғал
14
520
жауын-шашын
Өзендер
1,2
37,3
ағын
Жер шарындағы халықтың (5 млрд адам) су ресурстарын тұтынуын былайша бөлеуге болады (км3-пен алғанда):

Ирригация
7000;
өнеркәсiп
1700;
Тұрмыстық қажеттiлiк
600;
Ластанған суды таза сумен араластыру
9000;
басқа қажеттiлiктер
400;
Барлығы
18700 км3

Бұл тек бiр-ақ рет пайдалынатын суға құрылған есеп. Нақты тұтыну 18700 км3 судан ез, яғни су ресурстарын пайдалануға жарамдысының жартысынан көбiн құрайды.
Сумен қамтамасыз етiлу дегенде, бiз өнеркәсiптiң, ауылшаруашылығының, коммуналдық және басқа да халық шаруашылығы салаларының және олардың жыл сайын жаңғыртылатын ресурстарының суға деген қажеттiлiктерiнiң қанаттану мүмкiндiгiн түсiнемiз. Бұл арада судың статистикалық қоры ескерiлмейдi, өйткенi, оны халық шаруашылығы айналымына тартатын болса, қолайсыз экологиялық салдарды тудырады. Бұл өз кезегiнде шаруашылық жүргiзудiң негiзгi принципiне қайшы келедi. Мәселен, принцип бойынша ерiту арқылы (мұздықтардың үстiңгi бетiн қарайту немесе басқа да жолдармен) таудағы мұздықтарда ғасырлар бойы жинақталған су қорын пайдалануға болады. Сондай-ақ, терең жер асты суларын да пайдалануға болады. Оны көптеген қалаларды сумен жабдықтау үшiн жүзеге асыруға болады. Алайда мұздықтарды және жер асты суларының қалпына келуi ұзақ жылдарға созылатындықтан, экологиялық тұрғыдан алғанда бұл қауiптi болып саналады.
Табиғи ресурстарды тауысу есебiнен шаруцашылық жүргiзуге, былайша айтқанда, келешек ұрпақтың үлесiне қол салуға болмайды. Сондықтан да бұдан былай қарай халықты сумиен қамтамасыз еткенде жаңғыртылатын тұщы су қорын немесе ағынды су ресурстарын тек бүгiггi күн үшiн ғана емес, сондай-ақ алдағы келешекте де халық шаруашылығын сумен қамтамасыз етудiң негiзгi көзi ретiнде қарастыруымыз керек. Орташа есеппен алғанда планетаның 1 тұрғығына күнiне 3 мың литрге дейiн су кетедi екен, алайда Жердегi 5 миллиардтың 1 миллиард тұрғыны күнiне кем дегенде 2-3 литр тұщы суға қолы жетпей отыр. Миллиондаған адардар мал мен егiстiктi суаруға судың жетiспеуi салдарынан аштыққа ұщыраған.
Жаңғыртылатын ресурстардың абсолюттiк шамасы бойынша әлемде бiрiншi орында Бразилия алады. Ондағы тек бiр ғана Амазонка өзенiнiң су ресурстары бүкiл әлемнiң су ресурсы жиынтығының 20%-ға жуығын құрайды, ал бұл елдiң барлық территориясындағы (жылына 9230 км3) ресурс бұрыңғы кеңес Одағындағы су ресурстарынан 2 есе көп (19 кесте).

19.Әлем елдерiнiң сумен қамтамасыз етiлуi

Антарктиданы қоспағанда.

Су жер шары 70,8 %-ын алып жатыр. 510 млн км2 жердiң далпы ауданының 29,2 % құрлыққа тиесiлi. Планетаның қалған бөлiгi – мұхиттар мен теңiздер. Әлемдiк мұхиттың су қоры – 1370 млн км3 (93,96%). Өзендер мен көлдердiң тұщы суы шамамен 230 мың км3-тi (11% құрлық ауданын). Мұздақ қорыстары (плавление ледников) Әлемдiк мұхиттың деңгейiн көтерiп, шамамен 1 % құрлықты су астында қалдырады.
Жер асты сулары (5 км-ге дейiнгi қалыңдықтағы) 60 млн км3-тi құрайды, оның 4 млн км3-i су айналысы белсендi зонада орналасқан. Жоғары жақ қабатын 85 мың км3 топырақты ылғал алып жатыр.
Су ұдайы қозғалыс үстiнде болады – оның мөлшерi мен сапасы уақыт және кеңiстiк iшiнде өзгередi.
Су ресурстары ғасырлар бойы жинақталған қормен және жаңғыртылатын ресурстармен сипатталады.
Құрлықтағы тұщы судың ғасырлар бойы жинақталған табиғи қорына (м3, км3) көлдердегi, өзендердегi, мұздықтардағы, сондай-ақ тау қатпарларының сулы қабаттарындағы (жер асты суы) су жатады.
Жаңғыртылатын су ресурсына (м3с, м3 жылына, км3 жылына) құрлық пен мұхиттың су алмасу, Жердегi судың айналым процесiнде жыл сайын жаңғыртылатын су жатады. Бiздiң планетамыз аса алып бу машинасы болып табыладжы, ал оның қозғаушы күшiне күн энергиясын жатқызуға болады. Су Элемдiк мұхиттың бет жағынан күн энергиясының әсерiмен булану арқылы атмосфераға енедi әрi атмосфералық жауын-шашын түрiнде оралады. Буланған судың бiр бөлiгi ауа ағымымен құрлыққа келiп, жауын-шашын түрiнде жерге түседi де құрғақтағы суды, өзедндi, жер асты суын, мұздақты қалыптастырушы негiзгi көзге айналады.
Буланып үлгермеген немесе жерге сiңген құрғаққа жауған атмосфералық жауын-шашынның бiр бөлiгi мұхитқа өзендер арқылы қайта оралады.
Мұхит орасан зор табиғи булаушы ретiнде әрi құрлықты (құрғақтық) тұщы сумен қамтамасыз етушi, ретiнде қызмет етедi. Өзендегi ағынды суды қабылдап алғаннан кейiн мұхитсандық (мөлшерi) жағынан жаңғырып, сапа тұрғысынан қалпына келедi.
Су шығынын өлшейтiн гидрогиологиялық станциялар мен постарда ағынды өзен суы есептелiп, жаңғыратын су ресурстарының шамасы анықталады.
Орташа жылдық ағыны бойынша су ресурстарын бағалау судың пайдалануын баға беруде кеңiнен қолданылады. Сонымен қатар, ағынды су шаруашылық қажеттiлiгi үшiн өзендерден немесе көлден су алудың нәтижесiнде таусылып келедi. Бұл арада судың көп бөлiгi шаруашылық процесiнде өтеу барысында бiржола жоғалады.
Су шаруашылығын жоспарлау барысында көлдiң, өзеннiң, мұздықтың суы мен жер асты сыунынң табиғаттағы су айналымы процесiнде бiр-бiрiмен өзара байланысты болатынын және бiрiншiсiне өтiп отыратынын есте ұстау қажет.
Барлық су түрiнiң табиғаттағы су айналымының негiзгi әрi бастапқы буынына көлдердi, өзендердi, мұздықтарды және жер асты суларын қоректендiретiн атмосфералық жауын-шашын жатады. Осыған байланысты өзендер көлдердi, ал жер асты сулары мен мұздықтар өзендердi қоректендiредi.
Гидросферадағы айналымның салдарынан су массасының салдарынан су массасының тұрақтыф алмасуы жүзеге асады. Мәселен, мұхит ағындарының есебiнен 63 жыл сайын әлемдiк мұхиттың барлық суы ауысып отырады. Бұл процесс, әсiресе, құрғақта және атмосферада әлдеқайда шапшаң жүзеге асады.
Жер шарындағы өзендердiң ағынды суы мен жер асты сулары 41000 км3-тi құрайды немесе жердегi айналымда болатын жалпы көлемнiң 8%-ын алады. Ағынды су құрлықтың бет жағына түсетiн жауын-шашын мөлшерiнiң 36,4%-iын құрайды. Бұл қатынасты ағынды су коэффициентi деп атау әдетке айналған.
Жер шарындағы құрлықтардың өзен суларымен қамтамасыз етiлуi (мың м3(адам жылына)): Австралия – 12,9; Азия – 7,94; Еуропа – 5,18; Африка – 13,67; Солтүстiк Америка – 26,17; Оңтүстiк америка – 74,68.
Жер асты суы планетада барлық тұщы судың 14%-ын құрайды. Жер асты суының рөлi жердiң бетiндегi судың ластануына байланысты артып отыр. Жер асты суын пайдалану арқылы ауыз сумен қамтамасыз ету Белгияда – 90%, Финляндияда – 75%, АҚШ-та – 50%. Әр жыл сайын Жерде суды тұтынудың деңгейi артып келедi. Мамандардың берген бағасы боцйынша, 200 жылы тұщы судың тұтынылуы бұрынғысынан 8 есеге артқан. Алайда, оның қоры шектеулi болғандықтан келешекке ол тек теңiздерден ғана алынуы ықтимал.
Әлемдiк мұхит – таусылмайтын су қоры.Алайда, теңiз суындағы су оны алдын-ала тұщы суға айналдырмаса ауыл шаруашылығына, өнеркәсiпке және ауыз су ретiнде пайдалануға жарамсыз етедi. Теңiз суында 3,5% тұз ерiтiндiсi бар және ерiтiндi газбен органикалық қосындылардың аздаған мөлшерi кездессе.
Тұщы судың жер асты теңiзi барлық құрлықтардан және барлық шөл даланың астынан табылып отыр; мұндай теңiз Сахара шөлiнен де табылған – 150-200 м тереңдiкте жатыр. Гидрогеологтардың мәлiметi бойынша, 800 метр тереңдiкте дейiнгi жер қыртысындағы жер асты суының қоры шамамен 4 млрд км3 құрайды.
Батыс-Сiбiр ойпаңында ауданы 3,5 млн км2 болатын су қоймасы табылды, бұл Еуропа территориясының шамамен 13 бөлiгiн құрайды. Түркменистанның астанасы Арал теңiзiнiң ауданынан да улкен, 30метр тереңдiкте су қоймасы созылып жатыр. Қазақстанның сусыз шөлдерiнiң астындағы тұщы судың қоры Балқаш секiлдi көлдiң 65-iнен де көбiн құрайды.
Алайда, тұщы жер асты суын қарқынды пайдалану ойламаған қиындықтармен қатар болып отыр: тұщы судан кейiн жердiң беткi жағынан ащы (тұзды) су да кенеттен, ойламаған жерден шығады.
Жер астындағы тұщы теңiз – жер қойнауын қоректендiретiн таусылмайтын мұхиттың тiршiлiк жоқ бет жағындағы жұп-жұқа қабыршақ. Адамның араласуының нәтижесiнде тұщы және ащы жер асты суларының арасындағы қалыптасқан табиғи тепе-теңдiк бұзылып отыр.
Жер асты суын пайдаланудың басқа да көптеген салдарына топырақтың ықтимал атыруы (нығыздалуы), жер бетiнiң төмендеуi жатады. Топырақтың отыруы айтарлықтай елеулi ауқымды қамтып отыр ж(не жылына бiрнеше сантиметрден бәрнеше метрге дейiн нығыздалуы ықтимал. Әлемдегi ең әдемi қалалардың бiрiнен саналатын Венеция бұған бiрден-бiр мысал бола алады. Бұл қаланың халқы ежелден суды артезиан құдықтарынан алып келген болатын. Осы қалада тұратынхалық санының көбейуi, ең бастысы - өнеркәсiптердiң қаулап өсуi тұщы (жер асты) суды тұтынудың деңгейiн күрт көтерiп жiбердi. Мiне, осының салдарынан әдем храмдарды, сарайлары және бай мұражайлары бар бүкiл қала аласарып барады.
Тура осындай жағдай ежелгi қалалардың бiрi – сиам шығанағының үстiңгi жағынан бой көтерген Тайландтың астанасы – Бангкоктың басында да бар.
Жер астындағы бас тоғандарды (водозабор) iстен шығаратын факторларға мыналар жатады: 1) жер территориясы бойынша олардың бiркелкi орналаспауы; 2) ащы жер асты суын қайта өңдеудiң қиындығы; 3) суды сақтайтын қабаттардың жатыс тереңдiгiн ұлғайту арқылы табиғи жолмен қалпына келу қарқынының шапшаң төмендеуi; 4) технологиялық ықтимал өзгерiстерi.
Қатты фазадағы (мұздағы, мұз жамылғысындағы) суды алдымен тау мұздақтарынан суды алуды ұлғайту жолымен, екiншiден, полярлы аудандардағы мұзды тасымалдау арқылы пайдалану қажет. Алайда, бұл екi тәсiлдiң де қиындығы көп әрi осыларды iс жүзiне асыратын болсақ, оның экологиялық салдары қандай болатынын бiлмеймiз.
Осылайша, дщамудың осы заманғы кезеңiнде су ресуртарының қосымша мөлшерiн пайдаланудың мүмкiндiгi шектеулi болып отыр.
Теңiзден алынатын тұщы судың шегi жоқ мөлшерiн ауыл шаруашылығында пайдалануға болады. Алайда, теңiз суын ауыл шаруашылығы үшiн пайдаланудың ауқымы тұщы судың бағасына тәуелдi. Өкiнiшке қарай, ащы суды осы заманғы тұщы суға айналдыратын құрылғымен суды өндiрудiң бағасы өте қымбат. Суды тұщыландыратын құрылғыны экономикалық пайда тұғысынан алғанда ащы суды тұщы суға айналдыратын құрылғының сынан алғанда ащы суды тұщы суға айналдыратын құрылғының суды өндiрудiң бағасы өте қымбат. Суды тұщыландыратын құрылғыны экономикалық пайда тұрғысынан алғанда ащы суды тұщы суға айландыратын құрылғының жұмыс iстеуi үшiн орысан зор әрi арзан энергияға ие атом электрлi станцияларымен және гелиотермикалық энергия көздерiмен бiрiктiрiп салу керек. Каспий теңiзiнiң жағалауындағы Ақтау қаласында 120 мың м3 қуаттылықты беретiн ащы суды тұщы суға айландыратын құрылғы бар.
Өзендегi ағынды су осы өзен бассейнiне түсетiн жауын-шашынның мөлшерiмен және ылғалдың булану деңгейiмен анықталады. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшерi ауданның географиялық орналасуына, оның теңiзден қашықтығына, жергiлiктi жер бедерiнiң ерекшелiгiне және өсiмдiктiң сипатына тәуелдi болады.
Елдегi жауын-шашынның орташа жылдық мөлшерi ауытқып тұрады; құрғақшылық жайлаған жылдар мен жауын-шашын мол түсетiн жылдары ауытқудың орташа мәнi – 30-40 % болады.
Ылғалдың булануы да ауланның географиялық орналдасуына, ауаның географиялық орналасуына, ауаны ылғалдық деңгейiне және жердiң беткi қабатына жететiн күн энергиясының мөлшерiне тәуелдi. Булану прорцесiне желдiң ұзақтығы, топырақтың ылғалдық деңгейi және өсiмдiк жамылғысының сипаты әсер етедi. Орта Азия республикаларында су қоймаларының бет жағынан көтерiлетiн бу жылына 1500-1700 мм-ге дейiн көтерiледi, ал Қиыр Солтүстiкте құрғақ жерден көтерiлетiн бу жылына 450-500 мм-дi құрайды, ал Солтүстiкте – 50 мм.
Бұл арада транспирацияның рөлi өте жоғары (өсiмдiктердегi ылғалдың булануы); шөптегi транспирацияның рөлi өте жоғары (өсiмдiктердегi ылғалдың булануы); шөптегi транспирация – 400-450 мм, дәндiдақылды мәдени өсiмдiктерде шамамен 350 мм, ал орман-тоғайларда – 250-325 мм. Өсiмдiктер транспирациясының атмосфкерадағы жиынтығын олардың ұшар бастарынан булануын және топырақтан булануын эвапотранспирация деп атайды.
Соңғы он жылда өзендегi ағынды судың мөлшерiне адамдардың тигiзетiн әсерi артып келедi; суды пайдалану, су бөгеттерiн, су қоймаларын, сутартқы (водозабор) құрылғыларын салу, мелиорация жүйесiнiң құрылысы, қалалық және өнеркәсiптiк құрылыстардың астында территорияларды пайдалану және т.б. Елiмiздегi экономиканың және халық санының өсуiмен қатар өзендердiң гидрологиялық режимiне антропогендiк әсердiң ықпалыф да артып келедi.
Көл өзендегi ағынды судың табиғи реттеушiсi болып табылады әрi балық аулауды және сумен қамтамасыз етуде оның құндылығы жоғары.
Табиғи көлдерден басқа бiздiң елiмiзде өзендегi ағынды суды реттейтiн жасанды су қоймасы бар.
Республикада үлкен көлемде қаржылық үлкен көлемде қаржылық материалдық және еңбек шығынын қажет ететін біріңғай ететін су шаруашылығының жүйесі бар.
Осы бүгігі күнге дейін суды табиғаттың таусылмайтын байлығы әрі оны тегін болады деп ұғып келдік. Бүгігі таңда республиканың көптеген аймақтарында тұщы судың жетісеушілігі және оған қажеттіліктің артып отырғаны байқалады.
Суды пайдалану жалпы пайдалану және арнайы пайдалану деп бөлінеді.
Жалпы суды пайдалануға халықты ауыз сумен қамтасыз етуді, малды суғару, шомылу, су туризмі және т.б. кіреді. Ол негізгі су заңына сәйкес белгіленген тәртіп бойынша тегін жүзеге асырылады.
Арнайы суды пайдалану - әр түрлі халық шаруашылығының объектілерін қамтиды, мұның жалпы суды пайдаланудан айырмашылығы – объектілер суды пайдалануы үшін мемлекеттік органдардың рұқсатын алуы керек, әрі су ресуртстарын пайдаланғаны үшін көптеген жағдайларда ақы төлейді.
Су ресуртарын пайдаланудың екі түрі бөліп көрсетілді: суды пайдалану және суды тұтыну.
Суды пайдалануда су қоймасынан (өзен, көл және т.б.) алынбайды және жұмсалмайды. Тек белгіл бір функцияны орындау пайдаланады. Суды пайдаланушыларға гидроэнергия, су көлігі, балық шаруашылығы, сал ағызу және т.б. жатады.
Суды тұтынуда су су объектілерінен алынады. Оның бір бөлігі мүлдем жоғалады, ендігі бір бөлігі өнім өндірісі және т.б. үшін ауыл шаруашылығына, өндіріске жұмсалады. Оның үстіне, суды тұтынуда өзендер мен көлдерге құятын судың сапасы ластанудың нәтижесінде күрт төмендеп кетеді.
Аса iрi территорияларды жергiлiктi су ресурстарымен қамтамасыз ету мiндетiне суды ластап әрi тауысып алмауды көздейтiн, жер үстi және жер асты суларын бiрлесiп реттеудi жүзеге асыратын шаралар кешендi түрде құрастырылады.
Қолда бар су ресурстарын ұлғайтудың дәстүрлi емес әдiстерiне мыналар кiредi:
жауын-шашынды жасанды жолмен жандыру;
суармалы жердi минералданған сумен суару, ащы су қоймаларында пайда болған мұздан тұщы етiп алынған тұщы судың орнына өнеркәсiптiң әр түрлi мақсаты үшiн ащы (тұзды) суды пайдалану;
мұздықтардың еруiн реттеу;
судың булануын, оның iшiнде, су жиналатын аландардағы өсiмдiк жамылғысының құрамын өзгерту арқылы және су ресурстарының тапшылығын азайтуға мүмкiндiк беретiн басқа да белгiлi әдiстермен кемiту.

Судың құрылымы өте күрделi өте күрделi болғандықтан таза суға анықтама берудiң өзi қиын. Байкал көлiндегi су табиғаттағы ең таза су деп саналады.
Химия құрам судың дәмiн аз ғана кетiредi, бiрақ иiсi өткiр болғандықтан суды тұтынуға жарамсыз етедi.
Суды тазалау өте қымбат тұратындықтан көптеген өнiмдердiң өзiндiк құнын арттырады. Мысалы, мұнай өнеркәсiптерiнде қазiргi заманғы мұнай өңдеу зауыттарының құрылысын салу барысында қоршаған ортаның ластануына қарсы жүргiзiлетiн күреске шамамен 8-10% капитал жұмсалады.
Басты су тұтынушылардың бiрiне, бұрын айтып кеткендей, ауыл шаруашылығынан кейiн өнеркәсiп саласы жатады. Қазiргi заманғы металлургия зауыты немесе целлюлоза-қағаз комбинаты 100-200 мың халқы бар қалаға қарағанда суды әлдеқайда көп шығындайды.
Өнеркәсiп өндiрiсiнiң бiрқатар түрлерiнiң суды тұтыну көрсеткiшi:

1 т құрыш
250 м3 су;
1 т қағаз
900 м3 су;
1 т резина
1500 м3 су;
1 т синтетика
200 м3 су.

Шаруашылық қызметiнiң кеңеюiмен бiрге мұхиттар мен теңiздердiң ластану деңгейi де артты. Көптеген танкердлердiң апатқа (аварияға) ұшырағаны, теңiз түбiндегi мұнай құбырларының тесiлгенi мәлiм. Мәлiметтерге сүйенсек, танкерлерден теңiздерге барлық тасымалданатын мұнайдың 1%-на дейiн мұнай төгiледi екен.
Мұнай ең қатерлi суды суды ластаушылардың бiрi. 1 т мұнайдың өзi теңiздегi тiршiлiк иелерiне терiс әсер етедi: мұнай қабыршағы күн сәулесiн өткiзбейдi әрi суда оттектiңқалыптасуын бәсеңдетедi. 1967 жылы Тори Каньон супертанкiлерi англияның жағалауында апатқа ұшырап, 130 мың тонна мұнай теңiзге төгiлдi, 1967 жылы Эри танкерiнен 6 мың тонна мұнай төгiлсе, 1976 жылы Олимпик супертанкiлерi Францияның жағалауында су астындағы тасқа соғылады.
Мұнай өнiмi мұхитқа кемелер апатқа ұшырағанда және салмағы ауыр су құйылғанда, теңiз қайраңдарында мұнай мен газды өңдеу барысында және ластанған суды өзен арқылы шығарғанда төгiледi.
Мұнаймен ластау – Бүкiл әлемдiк мұхиттың өмiрiне қауiпт төндiретiн фактор. Әсiресе, мұнай температураның төмен болуына байланысты ыдырамай, мұзға айналатын аса ауқымды судың мұнаймен ластануы айрықша қауiптi, сондықтан да мұнаймен ластанған су Арктика мен Антарктиданың қоршаған ортасына орасан зор зиян келтiруi ықтимал.
Ғалымдардың ой пiкiрiнше, теңiз бен мұхит муларында шамамен 0,5 млн тонна ДДТ (дус) шоғырланған әрi бұл көрсеткiш жыл сайын 45 мың тоннаға артып отыр. Теңiздердiң ластануы газдарды ерiтiп жiбере алатын судың айрықша өзiнгдiк қасиетiнне де әсерiн тигiзiп отыр. Теңiздерге жыл сайын жауын-шашын арқылы 20мың тонна қорғасын, 1 млн т көмiрқышқыл (құрамында автокөлiктердiң газы бар) және 5 млн т сынап (жанар-жағар майға қосылатын және қағаз өндiрiсiне қолданылатын) түседi екен.
Мұхиттар мен теңiздерде мекендейтiн мұхит ағзаларында (организм) қорғасын мен сынап көбейiп келедi.
Радтоактивтi изотопты жою немесе залалсыздандыру мүлдем мүмкiн емес. Белгiлi болғандай, дамыған елдер 10-15 жыл бойы радиоактивтiлiгiн жойматын радиоактивтi заттар арқылы өңдейтiн контейнерлермен мұхиттардың түбiне қоймалар қойды. Олардың iшiндегi ең қауiпсiз – биологиялық циклге қатысатын стронция –90 болып табылады.
Жерорта теңiзi – Жер шарындағы ең лас теңiз. оның суын өнеркәсiптердiң қалдықтар мен тұрмыстық қалдықтар көп ластап отыр, бұл қалдықтардың 90%-ы тазаланбайды екен. Итальяндық ғалымдардың мәлiметiне сүйенсек, 1980 жылы 1 км2 су кеңiстiгiне 500 л-ге дейiн мазут келедi екен, Тибра сағасындағы ауру тудыратын бактериялардың мөлшерi қалыпты нормадан 200 есе асып кеткен.
Ливорно өзенiнде орналасқан фабриканың титан өндiрiсi бойынша жыл сайынғы өзен суына тастайтын порциясында 920 тонна мыс тотияйыны және 2400 тонна күкiрт қышқылы бар.
Балтық теңiзiне жағалауына алпыстан астам аса iрi өнеркәсiп қалалары орналасқан суы лай 200 өзен құяды екен. Копенгаген және Данияның басқа да қалалары Балтық теңiзiне канализация суын алдын-ала тазалаудан өткiзбей ағыса салады.
Индонезиялық ғалымдардың пiкiрiнше, Ява теңiзi планетамыздағы ең көп ластанған теңiздердiң бiрi. Джакарт шығанағында теңiз өсiмдiктерi өсiп-өнуден қалған әрi хайуанаттар әлемi толық жойылған. Мексика шығанағының ластауын АҚШ-тың оңтүстiгiндегi әйгiлi пляжына кауiп қатер төндiредi. Қытайдың өзен жағалауындағы елдi мекендер, әсiресе Сары теңiздi және Шығыс-Қытай теңiзiн көп ластап отыр.
Аса ғажайып Женева көлiнiң де халi бiртiндеп нашарлап барады. Онда балық атаулы жоқ десе де болғандай. Женева көлiне байланысты микробиологтардың мынадай көңiлсiз әзiлi бар: Оның суы iшуге тым қоймалжын, ал жердi суаруға тым сұсұйылтым!
Рейн - Батыс Еуропаның мыңызды күретамыры. Жыл сайын Рейн өзенiнде 120 т темiр, 85 т сынап, 100 т мышьяк, 1500 т қорғасын тасымалданады. Ұлыбринатиядағы Темза өзенiнiң төменгi ағысы 1800 жылдың өзiнде-ақ Лондонның арық суынан ластанып, 1949 және 1954 жылдары 25 адамның өмiрiн қиған жұқпалы тырысқақ iндетiнiң жайылуына себеп болды. 1858 жыл сасық тiс жайлаған жыл деген атпен белгiлi; өзен жағалауындағы ағылшын парламентiнiң ғимаратындағы перделер арнайы құраммен жасалып, бiрiңғай ақсүйектреден (аристократ) тұратын мәжiлiсмендердi (парламентари) мүңкiген сасық иiстен қорғады. Астаналық өзендердiң бiрi – Мәскеу өзенiнiң 60-шы жылдары жақдайы нашар болды. Қаладағы көптеген кәсiпорындар тазаланбаған суды осы өзенге ағызды. Бiр ғана Лихачев атындағы автозауыты Рязань секiлдi қала халқы тұтынатын судың мөлшерiндей болатын 120 мың м3, тазаланбаған суын осы өзенге төктi: қаладағы өзеннен балықтар ұшыраспайтын болды, ал өзен суы жағымсыз иiс шығарып, көбiктенiп, мұнай дақтарынан сұрғылт қоңыр тартты.
Мәскеу қаласын электр энергиясымен жабдықтау үшiн Волж су қоймасында Конаковтың ГРЭС – аса қуатты қазiргi заманғы жылу электр станциясын салды.
Суды жылытып ластайтын оның агрегаттары су қоймасындағы сумиен салқындатылатын едi. Бұл су саласының дамуына жол ашты: Мәскеу қаласындағы су жүргiзетiн құбырларға су осы қоймасы арқылы келедi, ал оны тазалауға жұмсалатын кәсiпорындардың шығыны күрт артып кеттi.
Судың өзiндiке ерекшелiктерi, оның таусылмайтындай көрiнген, емiн-еркiн пайдалануға жететiн молдығы, ерiтiндегi химиялық реакциялардың барысы тарихи тұрғыдан өнеркәсiптердiң кез келген саласында, ауыл шаруашылығы мен коммуналдық шаруашылыққа ылғалды технологияларды тудыруға ықпал еттi. Нәтижесiнде түпкi өнiмнiң бiр тоннасы үшiн әдетте 10-1000 есе көп ластанған су өндiретiн болды.
Радиоактивтi қалдықтар мұхитты ластаушылардың iшiндегi ең қауiптiсi болып табылады. Осы уақытқа дейiн радиактивтi қалдықтардың ондаған мың контейнерлерi мұхиттардың бiрнеше түпкiрiне көмiлдi.
Әлемдiк мұхит бүгiгi таңда сұйық және қатты қалдықтар тасталатын қоқыс жәшiгiне айналды. Оған бүкiл тазаланбаған ағынды сулар кеп құяды. Мұхитқа айрықша улы химикаттары бар контейнерлер мен қоқыстар тасталатын болды. Өзеннiң ластануы туралы сөз болғанда әдетте олардың барлығы да мұхиттарға барып құйылатыны және антропогендiк тектегi ластаушы заттарды таситын ұмыт қалады.
Мұхиттар тек өзендер арқылы ғана ластанбайды, сондай-ақ оны түтiндi, газды, шаң-тозаңды, қаракүйенi таситын ауа ағындары да ластайды. Солтүстiк, Жерорта, Ирланд, Балтық теңiздерiнiң эвтрофикациялары мен ластану жолақтары бар мұхиттың аса iрi акваторийi пайда болып үлгередi. Солтүстiк теңiзiнiң жағалауында 30 млн адам өмiр сүредi әрi көптеген кәсiпорындар орналасқан. Онда жүздеген және мыңдаған шаршы шақырымды мұнай дақтарымен ластаңған алаң алып жатыр. Алайда осылардың iшiнде ең көп ластанған теңiз – Жерорта теңiзi.

Қазақстанның су ресурстары.

Қазақстан Республикасы жер үстi өзен суы ресурстарының ҚР Мемлекеттiк су комитетiнiң мәлiметi бойынша бiр жылдағы сулулық орта есеппен алғанда – 100,9 млрд м3. Оның 56,5 %-ы – Қазақстанның өз территориялардан келетiн өзен суы құрайды (ҚХР. Өзбекстан Республикасы, Қырғыстан Республикасы және Ресей Федерациясы).
Қазақстанның су ресурстары бұрыңғы кеңес Одағы ресурстарының 2,1 %-ын құрайды. Бiздiң елiмiз сумен қамтамасыз етiлу деңгейi бойынша бұрыңғы одақтас республикалардың iшiнде соңғы орынды иеленiп отыр. Сумен қамтамасыз етiлудiң үлесi шаршы шақырыммен алғанда 36,4 мың м3-ке тең, ал жан басына шаққанда жылына 6,0 мың м3-тi құрайды.
Жер үстi су ресурстары территория бойынша бiркелкi емес әрi жылдар аралығында жйне жылдың iшiнде ауытқып тұратындықтан республика облыстарының сумен қамтамасыз етiлуi бiр келкi болған емес. Сумен ең көп қамстамасыз етiлген облыс – Шығыс Қазақстан – 1 шаршы шақырымға 290 мың м3-тан келедi, ал сумен ең көп қамтамасыз етiлген Атырау, Қызылорда, әсiресе, Маңғыстау облысында – 1 шаршы шақырымға 0,36 мың м3-тан келедi.
Алайда ағында өзен ресурстарын халық шаруашылығы үшiн толық пайдалану мүмкiн емес, өзендердiң төменгi сағасынган (Ертiс, Сырдария, Жайық, Iле, Тобыл, Есiл) мiндеттi түрде жiберiлетiн (босатылатын) судың, республикамыздан тыс өңiрлерге ағып кететiн өзен суының, су қоймаларында және өзен арналарында ысырап болатын судың жиынтық мөлшерi жылына шамамен 54,8 млрд м3-ты құрайды. Жердiң үстiнгi жағындағы сулылығы орташа есепппен алғанда 45,9 млрд м3 мөлшерiнде бағаланып отыр.
Ертiс, Тобыл және Есiл өзендерiнiң суын қорғау әрi олардың пайдалануын реттеу Ресей федерациясымен келiсiп орындалады. Бұл бассейiндегi кешендi пайдаланылатын орташа және iрi бөгендер (водохранилища) гидроэнергия, ирригация, кеменi жүздiру, балық шаруашылығы және т.б. үшiн қажет. Жыл сайын Бұқтырма және Шульба бөгендерiнен Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының территориясындағы Ертiс өзенiнiң жайылмасын (пойма) толтыру үшiн ирригациялық (жердi суландыратын) су жiберiледi. Жiберiлген судың мөлшерi – 2,5-5,0 км3. 1993 жылы 5,2 км3 су жiберiлiп, жайылмадағы 354,5 мың гектар шабындық пен көлдетiп суарылатын жер суға толтырылды.
Сырдария өзенi суының мол болуы нәтижесiнде Арал теңiзiне құйылатын су 1989 жылы 4,3 км3-тан 1994 жылы 7,4 км3-қа дейiн артты.
Сырдария өзенiндегi су ресурстарын пайдалану бойынша мемлекеттер арасында келiсiмнiң болғанына қарамастан 1993-1994 жылдары қыс мерзiмiнде Қырғыстан және Өзбекстан республикалары электр энергиясын өндiру мақсатында суды артық пайдаланады. Бұл Қызылорда облысының территориясындағы аталмыш өзеннiң төменгi сағасында жағымсыз салдарды тудырды. Оның үстiне, арнасай ойпатына қажетсiз жиналған судың мөлшерi 2,5 км3-тi құрады.
Каспий-Жайық бассейiнi су ресурстары мүлдем таусылған аймақты қамтиды, бұл аймақтағы судың тапшылығы шамамен алғанда 6 км3 мөлшерiнде болады. Теңiз, Қарашығанақ және басқа да мұнай-газ химиялық кен орындарын игере отырып, бұл аймақты қосымша көздерсiз, яғни Едiл-Жайық каналының құрылысынсыз одан ары дамыту мүмкiн емес.
Соңғы бес жыл iшiнде Жайық өзенiндегi судың мол болуы нәтижесiнде адамдар мен ауыл шаруашылығы үлкен зиян шектi (нормадан 150 % артық).
Соңғы жылдардың iшiнде Шу өзенiнен су жiберу (босату) есебiнен Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Созақ ауданын сумен қамтамасыз ету бойынша шара жүзеге асырылды.
Балқаш көлi бассейiннiң суы өз нормасының шегiнде қалды және Iле өзенi бойынша 18,4 км3-ты құрады. Қапшағай бөгенiнен жiберiлген судың табиғи тасқынмен ұштасуы (14,0 км3) Балқаш көлiнiң деңгейiн 341,0 метр және одан да көп метрге дейiн сақтауға мүмкiндiк бередi.
Республикада тұтынылатын судың негiзгi үлесiн ауыл шаруашылық өндiрiсi құрап отыр: жалпы мөлшердiң 77-80%-ын құрайды. Суармалы жерге су ағызылатын бас тоған 1985 жылы жердiң ауданы 123,0 гектарға кемiдi, ал бiр гектарға шаққанда тұтынылатын судың үлесi 1985 жылы гектарына 10354 м3- тан 1993 жылы гектарына 9156 м3-қа дейiн ауытқыды.
Коммуналдық-тұрмыстық қажеттiлiктi өтейтiн бас тоғанның көлемi 1985 жылы 1,1 км3 -тен 1998 жылы 1,49 км3-ке дейiн өстi. Жан басына шығындалатын судың үлесi соңғы бес жылда 1989 жылы тәулiгiне 210 литрден 1998 жылы тәулiгiне 245 литрге дейiн өстi.
Өнеркәсiптiң қажетiн өтейтiн бас тоғанның көлемi 1998 жылы 6,4 км3-ты құрады, бұл көрсеткiш белгiленген лимиттен 0,87 км3-ке кем. Экономика жағдайының нашарлануынан, өндiрiстiң құлдырауынан, республикамыздағы бүкiл кәсiпорындар бойынша өнеркәсiп қажетiне тұтынылатын судың мөлшерi 1986 жылмиен салыстырғанда 1,2 км3-қа кемiген. Әсiресе, түрлi-түстi металлургия, химия және ауыр өнеркәсiптерi кәсiпорындарының суды тұтынуы кемiген. Сонымен бiрге, көптеген кәсiпорындар бойынша өнiм бiрлiгiне шығындалатын таза судың үлесi айналыммен қайталанып пайдаланылатын судың мөлшерiн кемiтудiң есебiнен жоғары болып тұр.
Соңғы жылдары айналыммен қайталанып пайдаланылатын судың мөлшерi күрт кемiп кеттi.
Республикамыздың территориясында су айнасының ауданы 2 шаршы шақырымнан да көп болатын шамамен 4 мың көл және су айнасының ауданы 100 шаршы шақырымнан асып түсетiн 17 көл бар. Көлдердегi судың жалпы мөлшерi – 190 млрд м3, оның 10%-ын суы тұщы көлдер құрайды. Тұщы көлдердiң суы негiзiнен сумен қамтамасыз етуде және мал суаруда пайдаланылады. Су қоры елеулi ауытқуға ұшыраған бұл ұсақ су қоймаларының көп бөлiгi жылдық құрғақ немесе ылғалды (жауын-шашынды) болуына қарай кемiп немесе артып отырады. Сол себептi де бұл көлдерге кепiлдiктi сумен қамтамасыз етудiң көзлерi ретiнде сенiмдiлiкпен қарауға болмайды.
Республикамыздағы Геология және қазба байлықтары қорғау министрлiгiнiң мәлiметi бойынша 1995 жылы жер асты суының болжам жасалған пайдаланылатын қоры жылына шамамен 41-42 млрд м3-ты құрайды, ал бекiтiлген, барланған жер асты суының қоры 17,3 млрд м3-қа тең.Алайда, пайдаланылып жүрген жер асты суының мөлшерi 2,6 млрд м3 аспайды.
Жер үстi суы сапасының өзгеру сипаттамасы

Сапа класы
Жер үстi суы сапасының сипаттамасы
СЛИ шамасы
1
Өте таза
СЛИ ≤ 0,3
2
Таза
0,3 СЛИ ≤ 1
3
Аздап ластанған
1,0 СЛИ ≤ 2,5
4
Ластанған
2,5 СЛИ ≤ 4,0
5
Лас
4,0 СЛИ ≤ 6,0
6
Өте лас
6,0 СЛИ ≤ 10
7
Шыктен тыс лас
СЛИ 10

10.5. Су ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалаудың негiзгi принциптерi мен әдiстерi.
Кез келген ресурс түрiн экономикалық тұрғыдан бағалаудың қажеттi алғышартына шикiзаттың сапасын және оған деген халық шаруашылығындағы қажеттiлiктi бiлу жатады. Жалпы бастапқы мәлiметтердiң негiзiнде қандай да бiр ресурс түрiнiң экономикада қолданылатын деңгейi немесе шекарасы анықталады. Табиғи байлықтарды пайдаланудың экономикалық мақсатқа лайықты шегi осы ресурс түрiнiң бәсекеге жарамдылығын, оның импортталатын немесе экспортталатын мүмкiндiгiн ескеретiн халық шаруашылығы қажеттiлiгiне сәйкес белгiленедi. Табиғи ресурстардың барлық түрiн пайдаланудың шекарасы жол берiлетiн (ұйғарылатын) өзiндік құнының шегіне қарай немесе тұйықталған шығын арқылы анықталуы керек, алайда, оларды ең дұрыс өлшемдейтiн есеп айырысудың бiрiңғай принциптерiн қолданған жөн.
Тиiмдiлiктi әр түрлi экономикалық көрсеткiштермен анықтауға болады, мұндай мiндет – қандай да бiр көздердi немесе зерттелетiн ауданның нақты ресурс түрiн пайдаланудың түпкiлiктi техникалық-экономикалық көрсеткiшiне әсер ететiн барлық табиғи жағдайды синтездей алатын көрсеткiштi таңдау болып табылады.
Сол себептi де қандай да бiр табиғи әлеуеттi игеру барысында алынған өнiмдi арттырудың қоғамдық тұрғыдан өзi-өзiн ақтайтын шығын шегiн белгiледiң қажеттiлiгi пайда болады. Тұйықтьаушы шығынды белгiлеудiң қажеттiлiгi пайда болады. Тұйықтаушы шығынды белгiлеу ресурстарды пайдаланудың экономикалық мақсатқа лайықты шекарасын анықтау үшiн қажет.
Тұйыұқталған шығын стержендерi көрсеткiштермен су ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалаудың негiзi болып табылады. Су ресурстары, әдетте, оқшауландырылады. Олар шағын территорияларға азырақ немесе көбiрек қайта бөлiнуi мүмкiн. Су тапшылығының деңгейi және осы деңгейге сәйкес келетiн оған дегенқажеттiлiктiң деңгейi территориялық аспектiде сараланады. Бұл судың бассейндiк (аудандық) тұйықтаған шығынның қалай қалыптасатынын алдын ала анықтап бередi.
Судың тұйықталған шығыны экстентивтi және қарқынды шараларды ескеретiн суға деген қажеттiлiктердi қанағаттандыру бойынша барлық баламалы нұсқаулардың салыстыруларын ұлғайтатын оңтьайлы су шаруашылығы балансы негiзiнде (СШБ) анықталуы мүмкiн. Тұтынылатын судың мөлшерiн ұлғайтуға бағытталған, ол үшiн СШБ-ның кiрiс бөлiгiн арттыруды қажет ететiн шара экстентивтi шара деп аталады. Ал, интенсивтiлiгi – баланстың шығыс бөлiгiн кемiтетiн тұтынылатын судың мөлшерiн азайтумен байланысты шара.Экстентивтi шара өндiрiстi суды аз қажет ететiн немесе сусыз қлданылатын технологияға, айналымды және қайталанатын сумен қамтамасыз етуге көшiрудi ұйғарады, барлық шара судың шығынын үнемдеуге бағытталған.
Судың тұйықталған шығынын анықтау барысында мына көрсеткiштердi пайдалану керек.
Су ресурстары көздерден, нақты айтқанда, өзен суы жүйесiнде (ӨСЖ) қалыптасады. ӨСЖ – су ресурстарын реттеп, территорияларға бөлудi жүзеге асыратын барлық су шаруашылығының объектiлерiн (бөгендер, ұңғыма, канал және т.б.) қоса ескеретiн, өзен тараптарынан, көлдерден, жер асты суларынан су жинайтын бассейн.
Су ресурстары рекриациялық және қоршаған ортаны қорғау шараларын қоса алғанда халық шаруашылығының қажеттiлiктерiн қанағаттардыратын тиiстi режим мен сапаға дейiн жеткiзiлгенде ӨСЖ өнiмiне айналады.
Қолдағы су ресурстары (ҚСР) – бұл қамтамасыз етудiң тиiстi есебiнен пайдаланылатын жер үстi және жер асты суларының ең көп шамадағы жылдық мөлшерi.
Бөгендердiң есептiк жылдық қайтарымы (өнiмдiлiгi) ҚСР-дың қолдағы ресурстарының қажеттi өсiмiмен анықталады. Бұл өсiм оны каналдарға – суды берудiң нетто – мөлшерiне iске қосуды қамтамасыз етедi.
1 м3 есептiк жылдық нетто – қайтарымның үлес шығыны келтiрiндi шығынның есептiк қайтарымға деген қатынасымен анықталады.
Кешендi су шаруашылығы объектiлерi бойынша (ГЭС, бөгендер және т.б.) жалпы шығыннан сумен қамтамасыз етiге қатысты оның бөлiгiн бөлiп, сол бойынша 1м3 судың үлестiк шығынын анықтауға болады.
Су шаруашылығы балансын құруға қажеттi суды тұтынудың осы мөлшерi ағын суды реттеу және территориялық бөлу есебiнен барлық бөлiнген тұстамадағы (створ) баланстық теңсiздiктiң сақталуын қамтамасыз ететiн ҚСР-ды дамытудың оңтайлы жоспарын iздестiруден туындайды.
СШБ жасалғаннан кейiн су шаруашылығы объектiлерi құрылысында белгiленген балансты қамтамасыз ету үшiн қажеттi меже бөлiнедi. Қажеттi меже тиiстi суайрықты желiлермен бiрге өзен бассейнi iшiнде су шаруашылығы ауданын, яғни тартылған суды қоса ескеретiн су ресурстары жайғасатын қосалқы бассейндердi қалыптастырады.
Өзен бассейнiнде бiрнеше дербес СШБ-мен су шаруашылығы аудандары және қажеттi межелер пайда болуы ықтимал. Судың тұйықтанған шығыны олардың әрбiреуiне бiр-бiрiнен бөлек тиiстi бөгендердегi үлестiк шығынмен анықталады. Бұл арада, әдетте, өзен ағысы бойынша төмен орналасқан аймақтардағы тұйықтанған шығын жоғарыда орналасқан аймақтардағы тұйықтанған шығын жоғарыда орналасқандарға қарағанда аз болады.
Осы заманғы жағдайда ауданның су шаруашылығы балансын жасау барысында судың сапасын да ескеру керек. Бұл өз кезiнде оларды пайдаланудан ең көп мөлшерде тиiмдiлiктi алу мақсатында суды қорғау шараларына бiршама шығын жұмсауды қажет етедi. Тұйықталған шығынның құрамына судың сапасын қажеттi деңгейге дейiн жеткiзудiң шектi шығынын бiлдiретiн суды қорғау шарасының тұйықтанған шығынын анықтауда мiндеттi түрде ескеру қажет, өйткенi ол үлкен деңгейде суды сақтаудың технологиясын қолданудың негiзiнде жергiлiктi судың үнемдеп жұмсалуына жауап бередi. Судың тұйықтанған шығынына суды дайындау, беру және бұру, оның бастау көздердегi қажеттi сапасын сақтау бойынша шығынды қосатын болсақ, ең бъективтi бағаға қол жеткiземiз.
Ластауға қарсы жүргiзiлетiн күреске қаражат аз бөлiнедi. Осыған байланысты әрбiр кәсiпорынға әрбiр бассендi детальдау бойынша қажеттi мерзiмде судың тазалық нормасына қол жеткiзу үшiн судың ластану деңгейiн кезең сайын бiртiндеп кемiтетiн суды қорғау шараларының бағдарламасын белгiлеу қажет. Бұл арада зиянды заттардың қоршаған ортаға, әсiресе адамзатқа әр түрлi деңгейде келтiретiн қөатерiн ескерiп, ең алдымен айрықша зиян заттарды залалсыздандыру бойынша шараларды қолға алу керек. Қатерлi заттардың жол берiлетiн шоғырлану шамасынан асып түсетiн әр түрлi деңгейлерiн жiктеп, осыған сәйкес әрбiр аудан бойынша, қошаған ортаны ластаушылардың түрi бойынша және ластану деңгейлерiнiң уақыты бойынша оны белгiлеу қажет. Осының негiзiнде уақытша келiсiлген ластаушы қалдықтардың төгiндiсi анықталады. Ағынды судағы осы төгiндiлердi анықтау барысында қаражаттың шектеулi жағдайында ластаудың деңгейi суды қорғау шарасының жиынтық шығынын азайтудың негiзiнде төмендейтiнiн есте ұстаған дұрыс.
Суды бағалау өндiрiстiң орналасуына елеулi ықпалын тигiзедi. Тұйықтанған шығынның шамасына қарай қандай да бiр су сыйымдылығы бар өндiрiстiң қандай аймақта орналасаыны, ал су рентасының шамасы бойынша өндiрiс қандай көздерге тиiмдi орналастырылатыны анықталады.
Мысалы. Қазақстанда су сиымдылығы бар химиялық өндiрiстi орналастыру қажет делiк. Бұл мақсат үшiн бассейндер және жекелеген облыстар бойынша судың тұйықтанған шығыны белгiлендi. Ол Алматы облысында 12,8 теңгенi, Павлодар облысында 13,6 теңгенi, Жезқазған облысында 20,0 теңгенi қрады. Су технологиясымен шығарылған өнiмнiң бiрлiгiне келтiрiлген үлестiк шығын суға шығын жұмсамағанда 120 теңгенi құрады.

Табиғат ресурстары үшін төлемдер
1. Жер қойнауын пайдаланудың төлем түрлері
2. Жер қойнауын пайдаланудың төлемдерін белгілеу әдістері
3. Өнімдерді бөлу туралы келісімшарттар

20-шы жылдардан бастап Кеңес үкіметі жер, су, орман ресурстарын пайдаланудың төлемдерін салық түрінде енгізді (жер ресурсының төлемі патшалық үкімет кезінде де болған). Тек 1967 жылдан бастап минералды ресурс бойынша геологиялық барлау жұмысына (ГБЖ) аударымдардың мөлшерлемесі анықталды. Оның үстіне, бұл мөлшерлемелер жер қойнауындағы өнімдердің тек бірнеше түріне ғана есептелді әрі ГБЖ шығынын толық өтей алмады. Геологиялық барлау жұмыстарының мөлшерлемелері іздестіру мен алдын ала барлауға бағытталған, қормен өтеуге жатқызылған қаражаттың мөлшеріне қарай белгіленді. Геологиялық барлау жұмыстары шығынының бұл мөлшерлемелері шығынды – жер қойнауындағы өнім түріне қарай 40-70% шегінде – толық өтей алмағандықтан, 1991 жылы енгізілген мөлшерлемелер шығарылған өнімнің өзіндік құнына және еркін жіберілетін көтерме сауда бағасына оларды қосу жолымен шығынды 90-100% шегінде өтейді. 1992 жылы Қазақстандағы ГБЖ-ның мөлшерлемелері сатылатын- шикізаттың өтілетін қор тоннасындағы құннан түсетін проценттермен белгіленетін болды. Олардың үлесі кең ауқымда ауытқып тұрады: мысалы, 1 тонна көмір үшін – 0,9%, темір- 2,4%, ал мұнай мен газ 8%-ке ауытқиды. Ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша төлемдердің ынталандырушы рөлі төлемдер өтелетін қорға жатқызылса да соншалықты елеулі бола қойған жоқ. Олар көбінесе шығынның орнын толтыру сипатында болды әрі ресурстарды ұдайы өндірудің төлемдері болып табылды. Төлемнің бұл түрі пайдалы қазбалардың барланған қорларының бағасы ретінде алға шықты.
1992 жылы Қазақстан Республикасының Экология және табиғатты пайдалану жөніндегі мемлекеттік комитеті жер қойнауын пайдаланудың нормативті төлемдерін анықтау бойынша әдістемелік ұсыныстарды әзірлеп, төлемдерді өндіріп алудың бірыңғай тәртібін анықтады:
- пайдалы қазбаның кен орындарын әзірлеу құқығы үшін төлем;
- табиғатты қорғаудың, табиғи-ресурстық әлеуетті ұдайы өндірудің төлемдері, геологиялық барлау жұмыстарына аударымдар;
- минералдық ресурстардың ұқыпсыз пайдаланғаны үшін салынатын айыппұл төлемдері.
Кен орнын әзірлеу құқығы үшін төлем мемлекеттің жер қойнауы меншігін экономикалық тұрғыдан жүзеге асырудың формасы болып табылады. Кен орнын әзірлеу құқығы үшін төлем сомалары осы кен орны орналасқан территорияның әлеуметтік дамуы үшін пайдаланылады. Әр түрлі пайдалы компоненттердің кен орындарын әзірлеу құқығы үшін төлем белгілі бір мерзімге (3-5 жыл) осы пайдалы қазбадан алынатын түакілікті өнім бірлігі үшін белгіленеді.
Жергілікті мәні бар, жалпылама тараған пайдалы қазбалар (құм, саз балшық, жал және т.б.) бойынша базалық мөлшерлемелердің деңгейін табиғатты қорғау органдарының ұсынуымен облыстық әкімшілік белгілейді, ол тиісті шикізат тауарларының бағасынан 3%аспауы керек. Нақты пайдалы қазба түрінің кен орнын әзірлеу құқығы төлемінің базалық мелшерлемесі осы пайдалы қазбаның немесе кәсіпорын оны қайта өңдеп өткізетін тауарлық өнімнің әлемдік бағасында тіркелген үлесімен анықталады. Төлемнің бұл түрі роялти деп аталады.
Роялтидің шамасы, яғни жер қойнауының меншік иесі-мемлекетке тікелей түсетін құндағы үлес немесе алынатын шикізат тауарының мөлшері көптеген пайдалы қазба түрлері бойынша осы заманғы кезеңге қарай 5-10% - ке бағаланады.
Айрықша құнды немесе сирек кездесетін минералдық шикізат түрлері бойынша ол 20-%-ке дейін арттырылуы ықтимал. Әлемдік бағаның деңгейі әлемнің жетекші тауар биржаларының жариялаған материалдары бойынша немесе компаниялардың анықтамалық бағасы бойынша анықталады. Бірінші кезеңде кен орындарын әзірлеуге төленеиін төлем алдын ала баға бойынша қара металл кені үшін 2%, ал түрлі-түсті металл кені үшін ішкі баға құнынан 2-5% ұсынылады.

Жер қойнауын пайдаланудың төлемдерін белгілеу әдістері

Республикамыздың нарықтық экономикаға өтуіне байланысты әр түрлі төлем түрлерін белгілеудің қажеттілігі пайда болды. Әрі бүл төлем түрлерін белгілеуге бүгінгі еліміздегі жетекші кен өндіретін кәсіпорындары мен металлургиялық комбинаттар өзара шарт негізінде шетелдік фирмалар мен компаниялардың басқаруымен жұмыс істеп жатқаны себеп болды. Оның үстіне, көптеген шетелдік компаниялар, әдетте тиімділігі аса жоғары болып келетін пайдалы қазба кен орындарының өте бай қорларын игеруге мүдделілік танытып отыр. Төлемдер тек өтемақылық функцияны ғана емес, сондай-ақ олардың оңтайлы пайдаланылуы бойынша ынталандырушы функцияны да орындайтындықтан бұл кезде кен өндіретін өнеркәсіп кешендері үшін де маңызды. Бұл өз кезегінде, минералдық шикізат ресурстарын пайдалану бойынша жоспарларды анықтау жөніндегі ғылыми негізделген әзірлемелерді қажет етті.
1991 жылы ҚР – ның Экология және табиғатты пайдалану жөніндегі мемлекеттік комитеті алғаш рет жер қойнауын пайдаланудың нормативтік төлемдерін анықтау бойынша әдістемелік ұсыныстарды әзірлейді.
Кен орындарын әзірлеу құқығы үшін төлемің негізіне өлемнің базалық мөлшерлемесі жатады. Ол мына формула бойынша есептеледі:

Б1=Цп∙р+0,5(Цп-Цв),
(75)
Мұндағы Б1 – пайдалы қазба кен орындарын әзірлеу құқығы үшін төлемнің есептік базалық мөлшерлемесі, тг\т-мен;
Цп – тг\т-мен есептелген АҚШ долларындағы баға;
Р – роялти, мемлекетке 0,05; 0,10 – 0,20 түскен шикізат тауары құнындағы үлес;
Цв – ішкі нарықтағы шикізат бағасы, тг\т-мен;
0,5 – мемлекетке фифти-фифти жүйесі бойынша түскен ішкі және сыртқы нарықтардағы баға айырмашылығы есебінен пайда болатын ренталық табыстың үлесі.
Отын салалары (мұнай,газ, көмір) бойынша кен орындарын әзірлеу үшін төлем шамасы есептік деңгейден 10% мөлшерінде, ал қара және түрлі-түсті металдар бойынша ішкі бағаның құнынан 2-2,5% мөлшерінде белгіленді.
Мұнай кен орны үлгісінде әзірлеу құқығы үшін төлемнің базалық мөлшерлемесін анықтайды. Мұнай кен орны бойынша роялтидің деңгейі ағымдағы кезеңге қарай 10%-ке бағаланғаны белгілі. Осы кезеңдегі кен өндіру құқығы үшін төлемді ескермегенде мұнайдың ішкі бағасы орташа есеппен алғанда – 6500 теңге.
Мұнай нарығының мәліметі бойынша, мұнайдың орташа әлемдік бағасы бір тоннасына 100 долларды құрайды, яғни бұл – 75 теңге*100=7500 теңге – коммерциялық бағамды бағалау сәтінде қолданыстағысын ескергенде құрайтыны.
Осы мәліметтерге қарай мұнай үшін төлемнің базалық мөлшерлемелерінің толық былай болады:
7500*0,1+0,5(7500-6500)=1250тг\т.
Нақты кен орнын әзірлеу үшін төлемнің деңгейі мына формула бойынша анықталады:

П=(Б±а∙Р)В6 (76)

Мұндағы, П – пайдалы қазбаның өтелген қорлар (жалпы түсім) бірлігінің есебіндегі мөлшерлеменің шекті деңгейі, тг\т-мен;
Б – кәсіпорынның түпкілікті тауар өнімі бірлігінің есебіндегі пайдалы қазбанын тиісті түрлері бойынша бекітілген базалық мөлшермесі, тг\т-мен;
а- республикалардың арасындағы келісімнің негізінде, үлестердің, бірліктердің мөлшерлемелерді есептеу барысында ескеретін ренталық табыстан (залалдан) болатын барлық пайдалы қазба бойынша бірыңғай үлес;
Р – кәсіпорынның түпкілікті тауар өнімі бірлігінің есебіндегі ішкі бағамен кен орындарын әзірлеуден түскен ренталық табыс (залал), тг\т-мен;
В – нақты кен орны жағдайында өтелген қорлардың бірлігінен кәсіпорынның түпкілікті тауар өнімінің нормативтік түсімі, тг\т-мен.
Төлем мөлшерлемелерін есептеу үшін түпкілікті өнімнің нормативтік түсімі қайта өңдеудің барлық сатыларындағы ысыраптың нормативтік деңгейіне қарай анықталады. Бұл арада есепке кен орындарын әзірлеуге нақты қандай технологиялар қолданылатынына қарамастан қорлардың озық технологияларға сәйкес толық әрі кешенді пайдаланылуының барынша экономикалық жағынан ақталған көрсеткіштері қабылдануы керек.
Сараланбалы ренталық табыс нақты ішкі бағамен есептелген, шикізат тауары бірліктерін сатудан түскен баланстық және нормативтік пайдалардың үлестік көрсеткіштері арасындағы айырмашылықпен анықталады. Пайдаларды анықтау үшін нормативтік өзіндік құнды белгілеу қажет.
Кәсіпорынның түпкілікті тауарлы өнім бірліктірінің нормативтік өзіндік құны материалдық, еңбек және басқа да ресурс түрлерінің прогресшіл шығын нормасы негізінде есептеледі. Нормативтік пайда салық салынатын пайданы және әр түрлі міндетті төлемдерді ескермегенде, кәсіпорынның өкімінде қалатын пайданың шамасымен анықталады.
Кен орындарын әзірлеу құқығы үшін төлем мөлшерлемелерінің деңгейі жаңа кендерді, қабаттарды, кен тұрпаттарын өңдеу барысында яғни кен техникаларының жағдайы өзгергенде қайта қарастырылады.
Көріп отырғанымыздай әзірлеу құқығы үшін төлем мөлшерлемесіне роядтиден басқа ренталық табыстың қосымша жартысы қосылады. Бұл жағдайда роялти жер қойнауын пайдалану құқығы үшін төлемнің бір бөлігі болып табылады.
Табиғи ресурстарды оның ішінде минералдық шикізат ресурстарын пайдалану құқығы үшін алынатын төлемдерді анықтау мақсатында З.К.Қарғажанов ресурстардың шектеулі деңгейін ескеретін ең қарапайым үлгі ұсынды. Бұл үлгі формула бойынша былай өрнектеледі:

Мұндағы tн – минералдық шикізат ресурстарымен қамтамасыз етудің нормативтік мерзімі, жылмен;
Tв – қамтамасыз етудің нақты мерзімі, жылмен;
Пн - өнім бірлігіндегі нормативтік пайда, теңгемен.
Мысалы, республикада мұнайдың бағасы кен өндіру шығыны мен өзіндік құннан 50% мөлшерінде (яғни пайда нормативі 50%-ке тең) пайдалылық деңгеціне қарай анықталады. Бұлай болатын болса, мұнай кен орнын пайдалану құқығы үшін шама мынаны құрайды:
Жоғарыда айтылып кеткендей, геологиялық барлау жұмыстарына аударылатын аударым мөлшерлемелері пайдалы қазбаның өтелген баланстық қорларының бірлігіне белгіленеді. Кен өндіру (мұнай, газ, бром, йод) барысында ысырап болған қорларды анықтау мүмкін болмаған жағдайда аударымдардың мөлшерлемелері жалпы түсімнің бірлігіне белгіленеді. Жалпы геологиялық жұмыстардың қаражаты оларды іздесріру мен барлаудың бағдарламаларына сәйкес қарастырылған қаражатқа мөлшерлемелерді пропорционалды есептеу барысында барлық пайдалы қазбалар бойынша бөлінеді.
Пайдалы қазбалардың әрбір түрі бойынша геологиялық барлау жұмыстарына аударылатын аударымның мөлшерлемесі мына формула бойынша анықталады:

Мұндағы, С – аударымдардың мөлшерлемесі, тг\т-мен;
Зпр – мөлшерлемелердің әрекет ету мерзіміне сәйкес келетін, алдағы кезеңнің бағдармаларында қарастырылған тиісті пайдалы қазба түрлерін іздестірудің алдын ала барлаудың қаражаты мың теңгемен;
Ко – жалпы геологиялық жұмыстардың шығының ескеретін коэффициент, бірлік үлесімен;
Д – баланстық қордан қандай ақ бір пайдалы қазба түрінің жалпы түсімі, мың теңгемен, мың м3-пен;
Р – ластанған бос тау жыныстарының немесе кен өндіру процесінде араласып кеткен реттелмеген пайдалы қазбалардың нормативтік мөлшері, мың теңгемен, м3-пен;
П – кен өндіру барысында баланстық қордың пайдаланылмай қалған нормативтік ысырабы, мың т-мен, мың м3-пен;
Ренталық төлемдерді анықтау. Ренталық төлем – төлемдердің маңызды түрі. Ренталық төлемдер әр түрлі тәсілдермен анықталатынын айта кетуіміз керек:
R= ЗЗ – ЗИ;
R= ЦР – (СИ + ПН)
R= (СС + ПН) – (СН + ПН)
R= (ЦР -ЦИ)

Мұндағы Цр,Ци - өнімдерді бірыңғай өткізудің бағасы, тг\т-мен;
Зз, Зи – шығарылатын өнімдер бірлігінің тұйықтанған және жеке шығындары, тг\т-мен;
Сс, Си – орташа салалық және жеке өзіндік құн, тг\т-мен;
Пн – нормативтік пайда, тг\т-мен.
Бүгінгі танда ренталық төлем шығарылған өнімнің әлемдік бағасына қарай есептеледі.
Металлургиялық қайта жасаудан кейін металға және басқа да пайдалы компоненттерге айналатын көп компонентті кендердің кен ренталарының шамасы мына формула бойынша анықталады:

Мұндағы, Цмj – 1 тонна кеннен алынған, металлургиялық қайта жасаудан кейін j-нің рафинирленген металдың немесе басқа өнімдердің бірліктерін өткізу бағасы, теңге\т-мен;
Адj - өндірілген кеннен, бірлік үлестерінен алынған j – компонентінің құрамы;
Аоj – байытушы фабрикада байыту барысында j – лік компонентті алудың коэффициенті, бірлік үлесімен;
Амj – металлургиялық ұайта жасау барысында, бірлік үлесінде j – лік металдың және басқа компоненттердің шығуы;
********* - өнім бірлігін өндіру, байыту, металды қайта өңдеу және тасымалдау барысындағы нормативтік жеке өзіндік құн, тг\т-мен;
К – кен өндіру барысындағы ластану коэффициенті, шартты белгімен.
Егер байыту барысында концентрантта алынған компоненттер дайын өнімге айналса, онда мұндай жағдайда металлургиялық қайта жасау барысындағы көрсеткіштерді қоспай-ақ жоғарыда келтірілген формуланы қолдануға болады.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты 1996 жылдың 27 қаңтарында қабылданған Жер қойнаулары мен жер қойнауларын пайдалану туралы заңдық күші бар ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес әзірленген жер қойнауы ресурстарын пайдаланудың ренталық төлемдерін анықтау үшін мынадай әдістемелік негіздерді ұсынады.
Экономикалық – географиялық, кен – геологиялық жағдайларға байланысты әр түрлі көздерден пайда болатын әрі соған негізделетін кен, кен байыту, кен – металлургия кәсіпорындарының табысты артығымен алуын минералдық шикізат ресурстарын пайдаланудың ренталық төлемдері ретінде ұғуға болады. Ренталық төлемдердің негізгі мәні – бұл ренталық төлемдерді және оларға өнеркәсіпте пайдалануға берілген минералдық шикізат ресурстарының ұтымды пайдалануын ынталандыратын пайдалы қазбалардың сапасы бойынша сараланған тиісті қосымшаларды енгізу жолымен жекеленген кәсіпорындардың тең бәсекелесуіне жағдай жасау.
Ренталық төлемдер бірліктің құндық тұлғалануында немесе өтелген минералдық шикізат ресурстарының барлық мөлшеріне әрі рентаны қалыптастыратын вариацияның және олардың кәсіпорын мен оның бөлімшелерінің техникалық – экономикалық көрсеткіштеріне тигізетін әсеріне қарай белгілі бір есептік уақыттың ішінде олардан алынған өнімдердің барлық мөлшерлеріне белгіленеді.
Ренталық төлемдердің нормативтері пайдалы қазбалардың кен орындарын немесе олардың жекеленген бөліктерін пайдаланатын әрбір кәсіпорын үшін сараланған прогресшіл техникалық - экономикалық нормативтерге қарай нақты өтелген қорлардың 1 тонна металына белгіленеді. Ол мына формула бойынша анықталады:
R=Ц-(Пн+3)
Мұндағы, Ц – металдың нарықтық құны, тг\т-мен;
Пн – 1 тонна металмен кәсіпорынның нормаланған пайдасы;
З – қолданыстағы нормативтерді қолданумен белгіленген, қарастырылған кен орындарынан 1 тонна металды өндірудің және қайта өңдеудің жеке шығыны, тг\т-мен.
Кәсіпорын табысының мөлшеріне әсер ететін рентаны қалыптастырушы факторлардың нақты жүзеге асуына қарай пайдалы қазбаларды пайдаланудың ренталық төлемдері геологиялық барлау жұмыстарының, өндірудің, байытудың, металлургиялыққайта жасаудың сатыларына сараланып белгіленуі мүмкін. Жекелеген қазбалы бірліктер өндіріс бөлімшелері бойынша минералдық шикізат дайын өнімдерді алудың осы сатыларына қарай төлемдерді белгілеудің қажеттілігі мен мақсатқа лайықтылығы төлемдер белгіленетін объектінің өзгешеліктерімен анықталады.

Өнімдерді бөлу туралы келісімшарттар

Шетелдік іс-тәжірибеде табыстан салықты өндіріп алудың әдісімен қатар салықтық емес әдіс те пайдаланылады. Оғаң ең алдымен өнімдерді бөлу туралы келісімшарт (ӨБК) жатады.
Бұл тұрпаттағы келісімшарт пайдалы қазбаларды (әдетте бұл мұнай немесе газ) барлауды және әзірлеуді қамтитын тіркелген нақты уақыт аралығында шетелдік компаниялар түрінде, мемлекеттік компаниялар мен кеңселер түрінде мемлекеттер арасында нақты мерзімге бекітіледі. Мемлекет шетелдік фирмалармен бірлесіп қалыптастырған ұлттық мұнай компаниясы түрінде барлық жұмыстарды жүргізуге белсенді қатысады. Шетелдік контрактор ұлттық компанияның алдында алдын ала келісілген жоспар бойынша қызметтің ұтымды ұйымдастырылуына жауап береді; ол жобаны қаржыландырады әрі бүкіл жобаны жүзеге асырудың тәуекелдігі олардың мойнында болады. Шетелдік контрактор өз шығындарын бұрын тіркелген проценттен (20-50%-жыл сайынғы өнімнен) артық болмайтын мөлшерде өндірілген мұнаймен өтейді. Бұл үлес табиғи ахуалы күрделі кен орындары үшін жоғары әрі өндірудің деңгейіне қарай қойылуы ықтимал.Содан соң өндірілген ресурстың өтемақыдан артылғаны ұлттық компания (70% ) мен контрактор – компанияға (30%) белгілі бір пропорцияда бөлінеді. Пропорция өнімнің өсуімен бірге өзгереді. Контрактор бөлуден кейін өзінде қалған барлық ресурсты - өзін қабылдаушы елдің ішкі нарығында тіркелген баға бойынша сатылуы тиіс бөлігін қоспағанда – емін-еркін (өз қалауынша) сатуға құқылы.
Ресурстағы үлесі сатылғаннан кейін контрактордың табысына оны (контракторды) қабылдаған мемлекеттің ішкі салығы салынады. Әдетте ол роялти тұрпатындағы салықты қоспағанда жоғарыда сипатталған барлық салықты төлейді. Соңғы уақытта роялти салығы өнімді бөлудің келісімшарттың бекіту барысында қолдануға бастады.Өзара шартты бекіту барысында әдетте бонус төленеді, кейде порциямен төленеді. Өндірістің көлемі белгіленген бірнеше деңгейден асатын болса, бонус айтарлықтай өседі.
Рента әдетте коммерциялық кен өндіру әлі жүргізілмеген территориядан төленеді.
Мемлекет өнімдерді бөлудің әр түрлі пропорциясында салық салудың әр қилы мөлшерлемелері арқылы контрактор-компанияның пайдасын реттей алады.Мемлекеттік компания да салық салынатын объекті болып табылады. Жобамен жұмыс істеу аясында контрактор сатып алған барлық құрал-жабдық – үшінші тұлғаға тиісті, жалға алынған құрал-жабдықты қоспағанда – ұлттық компанияның меншігінде қалады. Сатып алынған құрал-жабдықтардың барлық бастапқы құны ағымдағы шығындардан бірдей мөлшерде коммерциялық пайдаланудың алғашқы жылынан бастап тіркелген кезен ішінде өтеледі.
Бизнес – жоспарды қоспағанда, көбінесе мұндай тұрпаттағы контрактордың міндеттері мен құқықтарын, барлық шаралардың орналасатын орны мен ұзақтығын, геологиялық барлау кезеңіндегі территорияны зерттеудің графигін, жылдар бойынша өнімнің мөлшерін, барлау мен инвестицияның шығындарын, айырбас бағамы туралы келісімді,есеп беруді ұсынудың тәртібің, аудирлеуді, ішкі нарықта сатудың мөлшерін, импорт пен экспортты және дау-таластарды шешудің тетіктерін қамтиды.
Мұнай өзара шарттарды сәтті жүзеге асырудың маңызды сәтіне барлық операцияларды жүзеге асыруда контрактордың жеткілікті дәрежеде жербес болуы кіреді.Егер мемлекеттік компания шығындардың орнын толтыру проценттерін бақылау мақсатында барлық ағымдағы шығындарды негіздеуге ұмтылса, онда бұл контрактордың тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіреді.
Барлау кезеңі әдетте 3-6 жылға, ал өндіру кезеңі 20-30 жылға тіркеледі. Мемлекет кен орнының аз жылдың ішінде таусылып қалмауын көздеп кен өндірудің мерзімін ұзартуға ұмтылады. Алайда, мемлекеттің бұл әрікеті кен орнына өз залалын тигізуіне ықтимал кен өндірудің қарқынын арттыруға әкеп соғады
Жоба бойынша жұмыстар әдетте бірнеше кезендерде дамиды және егер өткен кезеңнің орындалмаса, келесі кезеңге өтуге болмайды. Іс-тәжірибе көрсеткендей, контрактор жоба аясында сатып алған кеден бажын немесе жалға алған құрал-сайманның төлемін төлеуден босатылады.Сондай-ақ контрактордың үлесіне қатысты өнімнің еркін экспортталуын қамтамасыз етуі қажет.
Өнімді бөлу туралы келісімшарт үшін теңдей жүзеге асырудың ережесін белгілеудің маңызы зор. Бұл мынаны білдіреді: өндіріс процесінің шарттары сырттай өзгерген жағдайда қабылдаушы мемлекеттің өкілі контрактордың өнім үлесін арттыруы керек немесе оның өзгерген қаржылық жағдайына тиісті өтемақы төлуі қажет. Федералдық мемлекет үшін әр түрлі бюджет арасында өндірілген шикізатты өткізуден түскен түсімдерді ұлттық компания капиталындағы олардың үлесіне пропорционалды түрде процентпен бөлуді ұсынуға болады.
Мысалы: Индонезияда қолданылатын заңға сәйкес келетінмұнай кен орны бойынша ӨБК-ты қарастырайық. Айталық:
1) ағымдағы шығындар ол жүзеге асырылатын жылда өтеледі, оның құрамына бұрғылаудың да шығыны кіреді;
2) капиталдық шығындар - әрбір жылы олардың 27 шамасы бойынша – жылдамдатылған схема бойынша амортизацияланады;
3) орны толтырылмайтын шығындар шектеусіз жүзеге асырылуы ықтимал;
4) жыл сайын 20% капиталдық шығынның орны толтырылады (инвестициялық несие секілді),бұл сомаға салық салынады;
5) шығынды өтейтін сома коммерциялық өндірудің алғашқы жылында жалпы табыстың 80% - інен аспайды;
6) пайда арақатынаста бөлінеді: контракторға – 30%; ұлттық компанияға – 70%;
7) контрактордың үлесінен 25% ресурсты мұнайды коммерциялық тұрғыдан өндірудің алтыншы жылынан бастап, әлемдік бағадан 10%-ті баға бойынша ішкі нарықта сату қажет;
8) корпорация табысының салығы – 50%;
9) роялтиді контрактор төлемейді.

3. Семинар сабақтары

1. тақырып Табиғат пен қоғамның өзара әрекеті жөніндегі ғылыми тұрғыдағы экология.
1. Табиғатты пайдалану экономикасының міндеттері мен проблемалары.
2. Ғылымының пайда болуы мен дамуы
3. Экология туралы түсінік

Мамыров Н.К. Табиғатты пайдалану экономикасы, Алматы-2004ж.
Тонкопий М.С. Экономика природопользования: Алматы: Экономика,1998г.
Тонкопий М.С. Практикум по экономике природопользования: Алматы: Экономика,2001г.

2 тақырып . Экологияның ғаламдық проблемалары.
1. Климаттың ғаламдық жылынуы.
2. Озон қабатының таусылу проблемалары.
3. Биологиялық әр алуандылықтың ғаламдық өзгерістері.

Мамыров Н.К. Табиғатты пайдалану экономикасы, Алматы-2004ж.
Тонкопий М.С. Экономика природопользования: Алматы: Экономика,1998г.
Тонкопий М.С. Практикум по экономике природопользования: Алматы: Экономика,2001г.

3 тақырып. Экологиялық дағдарыстан шығудың экологиялық – экономикалық стратегиясы.
1. Саяси-құқықтық қыры:
2. Экономикалық қыры:
3. Әлеуметтік қыры:
4. Халықаралық қыры

Мамыров Н.К. Табиғатты пайдалану экономикасы, Алматы-2004ж.
Тонкопий М.С. Экономика природопользования: Алматы: Экономика,1998г.
Тонкопий М.С. Практикум по экономике природопользования: Алматы: Экономика,2001г.

4 тақырып. Экономиканы экологияландырудың негізгі бағыттары.
1. Экономикадағы экологиялық факторлар
2. Экономиканың құрылымдық қайта құрылуы

Мамыров Н.К. Табиғатты пайдалану экономикасы, Алматы-2004ж.
Тонкопий М.С. Экономика природопользования: Алматы: Экономика,1998г.
Тонкопий М.С. Практикум по экономике природопользования: Алматы: Экономика,2001г.

5 тақырып. Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиянның экономикалық бағалануының бар әдістеріне шолу.

1. Автокөлік құралдарының шығарындыларымен ауа ортасының ластануынан болатын зияндар.
2. АКҚ-ң қозғалысы көрсетілген шығарындының бөлінуі
3. Қалдығы аз өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау
.
Мамыров Н.К. Табиғатты пайдалану экономикасы, Алматы-2004ж.
Тонкопий М.С. Экономика природопользования: Алматы: Экономика,1998г.
Тонкопий М.С. Практикум по экономике природопользования: Алматы: Экономика,2001г.

6 тақырып. Таукен өндірісін ұйымдастыру және минералдық ресурстарды орынды пайдаланудың принциптері
1. Қазақстанда жер қойнауын пайдалану мәселесі
2. Жерді пайдалану құқығы
3. Кеніш қорларын жіктеу және геологиялық барлау процесінің сатылары
4. Шетелдерде минералдық ресурстардың экономикалық тұрғыдан бағалануы

Мамыров Н.К. Табиғатты пайдалану экономикасы, Алматы-2004ж.
Тонкопий М.С. Экономика природопользования: Алматы: Экономика,1998г.
Тонкопий М.С. Практикум по экономике природопользования: Алматы: Экономика,2001г.

7 тақырып. Жер ресурстары.
1. Топырақ жамылғысының осы заманғы жағдайы
2. Қазақстанның топырақ жамылғысының және жер ресурстарының сипаттамасы
Мамыров Н.К. Табиғатты пайдалану экономикасы, Алматы-2004ж.
Тонкопий М.С. Экономика природопользования: Алматы: Экономика,1998г.
Тонкопий М.С. Практикум по экономике природопользования: Алматы: Экономика,2001г.

8 тақырып. Су ресурстарын эконмикалық тұрғыдан бағалау және ұтымды пайдалану
1. Судың шығу тегi.
2. Су балансы.
3. Қазақстанның су ресурстары.

Мамыров Н.К. Табиғатты пайдалану экономикасы, Алматы-2004ж.
Тонкопий М.С. Экономика природопользования: Алматы: Экономика,1998г.
Тонкопий М.С. Практикум по экономике природопользования: Алматы: Экономика,2001г.

9 тақырып. Табиғат ресурстары үшін төлемдер
1. Жер қойнауын пайдаланудың төлем түрлері
2. Жер қойнауын пайдаланудың төлемдерін белгілеу әдістері
3. Өнімдерді бөлу туралы келісімшарттар

Мамыров Н.К. Табиғатты пайдалану экономикасы, Алматы-2004ж.
Тонкопий М.С. Экономика природопользования: Алматы: Экономика,1998г.
Тонкопий М.С. Практикум по экономике природопользования: Алматы: Экономика,2001г.

4. Студенттердің өздік жұмысы

СӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
Табиғатты пайдалану экономикасы курсы бойынша кредиттік технология бойынша оқитын студенттерге СӨЖ реферат түрінде беріледі. СӨЖ бастамас бұрын студент реферат тақырыбын зерттеп алуы керек. Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарастырған жөн.
Реферат мәтінін екі түрлі әдіспен бейнелеуге болады: қолжазба түрінде немесе машинада басу арқылы. Реферат А4 таза ақ қағазының бір жақ бетіне жазылады. Қойылатын талаптар: сол жағынан – 25-30 мм, оң жағынан – 10 мм, астыңғы және үстіңгі жағынан – 20 мм қалдыру керек. Абзац - 15-17 мм. Бөлім атаулары астыңғы және үстіңгі жақтарынан бір арқылы бөлініп тұрады.
Қолжазба түрінде жазылған текст шарикті қаламмен, ұғынықты жазумен жазылуы керек. Әр-бір беттте 28-30 жол болуы керек. Мұндай жазу барысында № 3 трафарет қолданылады. Рефераттың жалпы көлемі 5 беттен кем болмауы керек. Жазу барысында бетті шимайлауға, сөздерді сызуға, үстінен жазуға, өшіруге болмайды. Сонымен қоса, жалпы қолданыстағы сөздерден басқа сөздерді қысқартуға рұқсат етілмейді.
Компьютерде басылған эссеге қойлатын талаптар: Microsoft Word, шрифт KZ Times New Roman, размері 14, бірлік интервал. Реферат көлемі 5 бет . Беттерді жоғарғы оң жақ бұрышта белгілеген жөн.

4.2. Реферат тақырыптары

Табиғат пен қоғамның өзара әрекеті жөніндегі ғылыми тұрғыдағы экология.
Экологияның ғаламдық проблемалары.
Экологиялық дағдарыстан шығудың экологиялық – экономикалық стратегиясы
Экономиканы экологияландырудың негізгі бағыттары
Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиянның экономикалық бағалануының бар әдістеріне шолу.
Аз қалдықты және ресурс үнемдеуші өндірістің тиімділігі мен дамуы.
Таукен өндірісін ұйымдастыру және минералдық ресурстарды орынды пайдаланудың принциптері
Жер ресурстары.
Топырақ жамылғысының осы заманғы жағдайы
Су ресурстарын эконмикалық тұрғыдан бағалау және ұтымды пайдалану
Табиғат ресурстары үшін төлемдер



Ұқсас жұмыстар

Жер ресурстары
Жер ресурстары туралы түсінік
Су ресурстары және оны тазалау технологиялары
Жер үсті суларының негізгі ластану көздері және ластаушы заттардың түрлері
Өнеркәсіптік өндіріс ресурстары
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық-географиялық сипаттама жайлы ақпарат
Қазақстандағы табиғи ресурстарды пайдаланудың осы заманғы жағдайы
Ландшафтардың шөлге айналуы
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Қазақстанның табиғат ресурстары
Ресей Федерациясындағы жерге меншік және жер пайдалану құқығы
Алтай осы жерден басталады
Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
Жер үсті ж/е жер асты суларының ластануы.
Жер-су реформасы.
Біз бүгін қай жерде тұрмыз
Қазіргі кездегі адам ресурстарын басқарудың ерекшеліктері.
Қазақстан жер қыртысы ресурстары оны пайдалану және қорғау