Жалаңаш тұқымдастардың споралары
Өсімдіктер систематикасы пәнінен межелік тест тапсырмалары.
Жалаңаш тұқымдылар
1. Қыста қылқаны түсетін өсімдікті атаңыз.
A.Тисс
B. Қарағай
C. Майқарағай
D. Арша
E. Туя
2. Шырша қандай тұқымдасқа жатады.
A. Подокарптілер
B. Араукариялар
C. Қарағайлар
D. Кипаристер
E. Таксоидтар
3. Жалаңаш тұқымдастардың споралары.
A. Сыртқы пішіні жағынан айырмашылығы бар көлемі бірдей
B. Сыртқы пішіні жағынан да көлемі жағынан да айырмашылығ жоқ
C. Микроспорасы-кішкене, мегаспорасы-ірі,әртүрлі
D. Микроспорасы-ірі, мегаспорасы-ірі, әртүрлі
E. Барлық спорасы бірдей
4. Пихта қай тұқымдасқа жатады..
A. Подокарптілер
B. Араукариялар
C. Қарағайлар
D. Кипаристер
E. Таксоидтар
5. Жалаңаштұқымдылардың тұқым қабықшасы түзіледі.
A. Жұмыртқа клеткасының ұрықтануынан
B. Қосарланып ұрықтану нәтижесінде
C. Интегументтен түзіледі
D. Аналық гаметофит тканінің өсуінен
E. Мегаспорангия қабырғаларынан
6. Жалаңаштұқымдылардың ұрығының хромосом саны
A. п
B. 2п
C. 3п
D. 4п
E. Полиплоидты
7. Аналық бүрінің қабықшасы етженді шырынды бірігіп жидек бүр түзеді, өркені улы өсімдік.
A. Кипарис
B. Секвойя
C. Арша
D. Метосеквойя
E. Қылша
8. Жалаңаш тұқымдылардың қай қатардағы өсімдіктері жер бетінде мүлдем жойылған.
A. Гинкалықтар және вельвичиялықтар
B. Қарағайлар және гнетталықтар
C. Вельвичиялықтар
D.Саговниктер
E. Тұқымды папоротниктер, кордаиттар, беннеттиялықтар, кейтондықтар
9. Қазіргі кезеңде жалаңаштұқымдылар бөлімінің ең көп тараған класы.
A.Саговниктер
B. Қылқандылар
C.Тұқымды папоротниктер
D.Гнеталықтар
E. Гинкалықтар
10. Қай өсімдіктің аналық бүрі сүректеніп сыртқа қарай қайырылады
A. Лиственница
B. Кедр
C. Қарағай
D. Секвойя
E. Туя
11. Сыртқы пішіні жағына гүл шоғырына ұқсас,аталық стробильдердегі тозаңдары бір осьте жинақталған өсімдік
A. Балқарағай
B. Кедр
C. Эфедра(қылша)
D. Секвойя
E. Метосеквойя
12. Өсімдіктер дүниесіндегі ең үлкен, көп мөлшерде талшықтарымен жабдықталған сперматазоид қай класқа тән.
A. Гнетталықтар
B. Беннетиттер
C. Қылқандылар
D. Гинкалықтар
E. Саговниктер
13. Тұқымы бір вегетациясы кезеңде жетіледі және қылқанды түседі, тозаңның ауа камералары жоқ өсімдік.
A. Балқарағай
B. Кедр
C. Қарағай
D. Секвойя
E. Метосеквойя
14. Туя қай тұқымдасқа жатады
A.Тисстер
B. Қарағайлар
C. Подокарптер
D. Кипаристер
E. Таксоидтықтар
15. Қылқандылар класының кипаристер тұқымдастарына қандай жапырақтар түрлері тән.
A. Ине тәрізді
B. Қабыршақ тәрізді
C. Саусақты салалы
D. Ланцет тәрізді
E. Cопақ тәрізді.
ЖАБЫҚ ТҰҚЫМДЫЛАР
16. Күлтесі тіл тәрізді, гүлшоғыры себет, барлық континентерде таралған, көп жылдық өсімдік.
A. Беде.
B. Бетеге
C. Бақ-бақ
D.Сасық меңдуана
E. Итмұрын
17. Тамырларында түйнек бактериялары тіршілік етеді. Гүлшоғыры шашақ, масақ, шоқпарбас. Жапырағы күрделі. Қай тұқымдасқа жатады.
A.Раушангүлділер
B.Шатыршагүлділер
C.Асқабақгүлділер
D.Айлауықтар
E.Бұршақтылар.
18. Бүлдірген, малина немесе құлпынайдың гүлтабанының формасы қандай.
A.Конус немесе дөңес
B.Ойыс немесе конус тәрізді
C.Жалпақ және тегіс
D.Жалпақ және ойыс
E.Дұрыс жауабы жоқ
19. Қазақстанның Қызыл кітабына енген, қорғауды қажет ететін өсімдік топтары
A.Грейга қызғалдағы,Ледебург миндалі, Павлов итмұрыны
B.Орыс тікенбұтасы, Алтай сиякөгі
C.Сібір истоды, Сары жоңышқа
D.Орман қазтабаны, Жер жаңғағы
E. Аққаңбақ,Құм ебелегі.
20. Құрамында алколоид опиум, морфин,кодеин т. б. заттар қай тұқымдасқа тән.
A.Алабұталылар
B.Лалагүлділер
C.Көкнәрлар
D.Алқалылар
E.Күрделігүлділер
21. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің төменгі сатыдағы өсімдіктерден негізгі бір айырмашылығы болып саналады.
A.Жер бетінде таралуы
B.Тұқым мен жеміс түзуі
C.Споралар түзуі
D.Қоректенуі және спора түзуі
E.Қолдануына байланысты
22. Бидайық,қоңырбас,селеу, бетеге қай тұқымдасқа жатады ?
A.Алқалалар
B.Еріндігүлділер
C.Қияқөлеңдер
D.Астық тұқымдасы
E.Раушынгүлділер
23. Жапырақ тақтасының қынабы қай тұқымдаста жақсы жетілген
A.Құлқайырлар
B.Астыралықтар
C.Қияқөлеңдер
D.Раушандар
E.Алқалылар
24. Еріндігүлділер тұқымдасының сабағының пішіні
A.Жұмыр
B.Төрт қырлы
C.Үшқырлы
D.Көпқырлы
E.Екі қырлы
25. Азотқа, калийге, фосфорға бай топырақтарда өсетін арам шөп түрі-
A. алабұта
B.шпинат
C.кумарчик
D.альча
E.итмұрын
26. Алқалылар тұқымдасына жататын туыстар -
A.Асқабақ, колоквинт
B.Алабұта, көкпек
C.Қараған,беде
D.Меңдуана, бұрыш.
E.Астра, ферула
27. Жабықтұқымды өсімдіктердің аналық гаметофиті неден тұрады -
A.Тозаңнан
B. Жетілген өсімдіктен
C.Жұмыртқа клеткасынан
D.Антиподтардан
E.Тозаңқаптан
28. Жапырақтары күрделі өсімдік -
1.Алма
2.Сасыр(ферула)
3.Емен
4.Қайың
5.Бидай
29. Сасыр, борщевик, сәбіз т. б. туыстар қай тұқымдасқа жатады?
A.Лалагүлділер
B.Қияқөлеңдер
C.Көкпектер
D.Шатыршагүлділер
E.Құлқайырлар
30. Анемофильді тозаңдану көбінесе қай тұқымдасқа жатады?
A.Құлқайырлар
B.Крестігүлділер
C.Астық немесе Қоңырбастар
D.Раушандар
E.Сабынкөктер
31. Лалагүлділердің жемісін көрсетіңіз
A.Тұқымша
B.Қорабша
C.Жаңғақ
D.Алма
E.Таптама
32. Қос жарнақтыларға жататын күлтесі түтік тәрізді,жемісі тұқымша, жапырағы қатты тілімшеленген. Құрамындағы эфир майына байланысты өсімдік қатты иіс береді
A.Қияқ
B.Жусан
C.Картоп
D.Қамыс
E.Жуа
33. Қай тұқымдас өкілдерінің гүлсеріктері қайық ескек, желкен деп аталады?
A.Fabaceae
B.Posaceae
C.Mitasoidae
D.Crassulaceae
E.Umbelliferae
34. Күнбағыс қай тұқымдасқа жатады?
A.Asteraceae
B.Agavaceae
C.Oleacea
D.Salicaceae
E.Cannabinaceae
35. *СА5 СО5 А~ G~ формуласы қай тұқымдасқа тән?
A.Алқалылар
B.Лалагүлділер
C.Сарғалдақтар
D.Раушангүлділер
E.Астық тұқымдасы
36. Гүлінің мүшелері көбінесе төрт мүшелі зигоморфты,жемістері қорабша, сирек жағдайда жидек, гүлшоғыры масақ және шашақ?
A.Лалагүлділер
B.Асқабақтар
C.Сабынкөктер
D.Крестігүлділер
E.Алабұталылар
37. Еңкіш сылдыршөп, кәдімгі сылдыршөп, Дымқыл жұлдыз шөп қай тұқымдасқа жатады.
A.Қияқөлеңдер
B.Қалампырлар
C.Сабынкөктер
D.Крестігүлділер
E.Алабұталылар
38. Шолпанкебіс,масалы көкек қай тұқымдасқа жатады.
A.Астыралар
B. Күрделігүлділер
C.Астықтар
D.Сүйсіндер
E.Қияқөлеңдер
39. Өгейшөп, түймешетен, жусан, салабас қай тұқымдасқа жатады.
A.Сүттегендер
B.Шатыршагүлділер
C.Күрделігүлділер
D.Лалагүлділер
E.Раушандар
40. Қай туыс шатыршагүлділер тұқымдасына жатады.
A.Шеңгел,чина, астрагал
B.Сасыр,тмин, петрушка
C.Сауыт тал, қара терек, ақтал
D.Көк шатырша, ақ қыша,яруткасы
E.Қияр, асқабақ,қарбыз
Оомициттер - Oomycetes класының өкілі
Қыналардың көбеюі. Қазақстанда таралуы, экологиясы
Қыналардың құрылысы
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Саңырауқұлақтар гетеротрофты организмдер
Антарктика
Энтомология пәнінің қысқаша даму тарихы
ФИТОПАТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
«Су жағалап өсетін қырықбуындар және папоротниктер»
Бұт - борбайыңды шөпке жырғызып, жалаңаш жүрген сенің тіршілігің құрысын
Жалаңаш қалталылар класс тармағының табиғатта таралу ерекшелігі