Қазақша рефераттар

Көпбұрышты салу

Зертханалық жұмыс № 5.

Polygon құралы.

Polygon (Многоугольник) – көпбұрыштарды салу құралы. Оның көптеген мүмкіндіктері бар. Оның қасиеттерінің панелі 2.40. суретінде көрсетілген. Қарапайым дөңес көпбұрышты салудан бастайық.
Рис. 2.41. Көпбұрышты салу.

Рис. 2.40. Polygon құралының қасиеттер тақтасы.
1. Көпбұрышты салу мен оны түрлендіру.

1. Саймандар тақтасындағы Polygon (Многоугольник) құралын таңдаңыз.
2. Курсорды жұмыс парағының бос жеріне орналастырыңыз. Курсор тұрған жерде көпбұрыш қоршауының сол жақтағы жоғарғы бұрышы орналасады.
3. Тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны диагональ бойынша төмен қарай жылжытыңыз. Көпбұрыш бұрыштарының саны көрсетілмеген жағдайда, CorelDRAW бесбұрыштарды салады. (2.41сурет).
4. Тышқан батырмасын жіберңіз. Көпбұрыш дайын.
5. Ал енді көпбұрыш қабырғаларының санын да өзгертуге болады. Ол Polygon (Многоугольник), Shape (Форма) немесе Pick (Указатель) құралдарының қасиеттер тақтасындағы Number of Points on Polygon (Число вершин многоугольника) өрісінде белгіленеді. Төбелер санын тоғызға дейін арттырыңыз. (2.42, а-сурет).

Рис. 2.42. Жұлдызды түрге келтірілген және түрлендірілген тоғызбұрыш.

2.Дұрыс көпбұрыштарды салу.
Дұрыс көпбұрышты салу үшін салу барысында Ctrl пернесін басып тұру қажет.
Polygon (Многоугольник) құралы тек дөңес көпбұрыштарды ғана емес, сонымен қатар жұлдыздарды сала алады. Қасиеттер тақтасындағы Star (Звезда) батырмасы көпбұрыштарды жұлдыздарға айналдырады..
1. Қасиеттер тақтасындағы Star (Звезда) батырмасын басыңыз. Тоғызбұрыш тоғыз сәулесі бар жұлдызға айналады. (2.42, б-сурет).
2. Жөбелері әр төбесінен кейін сызықтармен қосылған. Егер оларды екі төбесінен кейін қосатын болсақ, онда бұрыштары сүйірлеу болып келеді. Sharpness of Polygon (Острота углов многоугольника) жүгіртпе жолын оңға қарай жылжытыңыз. Онымен байланысқан өрісте төбелер екі төбеден кейін байланысқанын білдіретін 2 деген саны көрсетіледі. (2.42, в-сурет). Сәуле сүйірлігін одан да арттыруға болады. (2.42, г-сурет). Егер көпбұрыштың бұрыштар саны 7-ден аспаса, онда бұрыш сүйірлігі үшін тек бір ғана нұсқа болатыны ақиқат. Бұл көпбұрыштар үшін Sharpness of Polygon (Острота углов многоугольника) өрісі активсіз болады.
3. Жұлдызды еркін түрде бояңыз. Байқайсыз ба, фигураның өзара қиылысу аудандары боялмаған қалпында қалған. ( 2.42-сурет).
Мұндай мүмкіндік CorelDRAW-дағы айналы редактрлеу деп аталатын ерекше қасиетімен қамтамасыз етіледі. Бағдарлама үшін көпбұрыш симметриялы фигура болып табылады.Оның кез келген бұрышын немесе сәулесін редактрлеу қалған сәулелерінде дәл сондай өзгерістерге әкеледі. Көпбұрыштың жұп және тақ түйіндерінің симметриялары әр түрлі. Сонымен көпбұрыштың жұп және тақ түйіндерін редактрлеу арқылы сіз бүкіл көпбұрышты өзгертесіз.
3. Көпбұрышты жұлдызға айналдыру.
1.Жұмыс парағында орналасқан барлық объекттердің ерекшеленуін алып тастаңыз.
2. Polygon (Многоугольник) құралын таңдаңыз.
3. Number of Points on Poligon (Число вершин многоугольника) өрісінде көпбұрыштың төбелерінің санын біршама көп етіп алыңыз. Мысалы 15.
4. Курсорды жұмыс парағының бос жеріне орналастырыңыз.
5. Ctrl пернесін және тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз.
6. Курсор көпбұрыштың кез келген түйініне әкеліп қойыңыз.
7. Курсорды диагональ бойынша оң және төмен қарай жылжытыңыз.
8. Тышқан батырмасын жіберіңіз. 15 төбесі бар көпбұрыш дайын. ( 2.43, а-сурет).
Рис. 2.43. Көпбұрыш түйіндерінің орналасуын өзгерту.

9. Ctrl пернесін басып тұрып, тышқан батырмасын жылжытыңыз.
10. Түйіндердің біреуін көпбұрыш центріне қарай жылжытыңыз. Сізде жұлдыз пайда болуы тиіс. Байқасаңыз, оның ішінде ешбір сызық жоқ.
11. Жұлдыздың бір түйінін сәл жылжытып байқаңыз. Көпбұрыштың қалған түйіндері де сәйкесінше қозғалады.
12. Көпбұрышты PolygonStar (ПростойЗвездчатый) батырмасын басу арқылы жұлдызға айналдырыңыз.
13. Енді жұлдыздың әрбір түйінін түрлендіріп байқаңыз. (2.44-сурет).

2.44-сурет. Көпбұрыштың түйіндерін жылжыту арқылы алынғн жұлдыздардың мысалдары.

4. Көпбұрышты келесі фигураларға түрлендіріп көріңіз.
1. Polygon (Многоугольник) құралының көмегімен тағы да бір көпбұрышты салыңыз.
2. Саймандар тақтасындағы Shape (Форма) құұралын таңдаңыз.
3. Shape (Форма) құралымен көпбұрыштың кез келген екі түйінін ерекшелеңіз.
4. Convert to Curve (Преобразовать в кривые) батырмасын басыңыз. Бұнымен сіз барлық түзу сызықты сегменттерді қисыз сызықты фигураларға ауыстырасыз.
5. Көпбұрыштың барлық түйіндерінен ерекшелендіруді алып тастаңыз.
6. Shape (Форма) құралының көмегімен сегменттердің қисықтығын өзгертіп байқаңыз. Түйіндерге түрлі типтерді меншіктеп көріңіз(симметриялы, жұмыр, сүйір).
7. Қайтадан Polygon (Многоугольник) құралына көшіңіз.
8. Көпбұрыштың қабырғалар санын өзгертіп байқаңыз, оны жұлдызға айналдырып көріңіз. (2.45-сурет).

2.45-сурет. Көпбұрыш сегменттерінің қисықтығы мен оның бұрыштарының типін редактрлеу.

5. Үшбұрыштардан фигураларды құру.
Көпбұрыштың бұрыштарының минималды саны 3 болуы мүмкін. Үшбұрыштан алуан түрлі объекттер мен фигураларды жасауға және құруға болады. Бұл жаттығуда сіздерге осы фигуралардың кейбіреулерін құру ұсынылады.
I. Ұзындықтары бойынша әр түрлі үшбұрыштарды салыңыз.Үшбұрыштан ағаш діңгегін құрыңыз. Оларды шырша бейнесі құралытдай етіп орналастырыңыз. Pick (Указатель) құралының көмегімен барлық объекттерді ерекшелеңіз. Қасиеттер тақтасында Біріктіру батырмасын басыңыз. Сонда қажетті шырша суреті пайда болады.
II. Үшбұрыштар арқылы гүлдің жапырақтарын құраңыз және Free Transform (Свободное преобразование) құралын таңдаңыз. Жапырақтарды центрге қарай жылжытыңыз.Freehand (Кривая) құралының көмегімен гүлдің сабағын салыңыз және Mirror Button (Кнопка Зеркало) батырмасы арқылы бір жапырағының айналы бейнесін аласыз.

2.46-сурет. Үшбұрыштар арқылы күрделі фигураларды салу.
III. ТАПСЫРМА. Әтешті, балапанды және қыз баланы салыңыз.

2.47-сурет. Күрделі фигураларды салу.

IV. Қарапайым графикалық примитивтер арқылы өз бетіңізше Менің сүйікті қуыршақтарым атты суретті салыңыз. Мысалы:

2.48-сурет. Менің сүйікті қуыршақтарым.

Инструмент Spiral.

CorelDRAW-дағы спиральдар примитив болып табылмайды, олар қарапайым контурлар болып табылады. Spiral (Спираль) құралы тек осы контурларды салу үшін арналған. Бұл әрекет Shape (Форма) құралының көмегімен жүзеге асырылады. Спиральды салып болғаннан кейін сіз оның түрін өзгерте алмайсыз, оны алдын-ала белгілеп алған жөн. (2.49-сурет).

6. Келесі түрдегі спиральды құрыңыз.
1. Саймандар тақтасындағы Spiral (Спираль) құралын таңдаңыз. Polygon (Многоугольник) батырмасының панелінде орналасқан.

2.49-сурет Spiral құралының қасиеттер тақтасы.

Қасиеттер тақтасы арқылы спиральдің параметрлерін орнатуға болады. Spiral Revolutions (Число витков) өрісінде спиральдағы орамалардың саны белгіленеді. Орама санын 10 қып алыңыз.
2. Symmetrical Spiral (Симметричная спираль) және Logarithmic Spiral (Логарифмическая спираль) көршілес орналасқан батырмалар спиральдің түрін белгілейді. Симметриялы спиральдағы орамалар бір-бірінен бірдей қашықтықта орналасқан. Логарифмдік спиральдағы орамалар арасындағы қашықтығы экспонентаға байланысты артады. Symmetrical Spiral (Симметричная спираль) батырмасын басыңыз.
3. Курсорды құжаттың бос орнына орналастырыңыз. Осы жердан бастап спираль салынады немесе спиральдың габритті тік төртбұрышты қоршауының сол және жоғарғы төбесі орналасады.

2.50-сурет. Спиральді салу.

4. Тышқанның сол жақ батырмасын басып, курсорды диагональ бойынша оң және төмен қарай жылжытыңыз. (2.50-сурет).
5. Тышқан батырмасын жіберңіз. Симметриялы спираль пайда болды. ОбратитҚалып-күй қатарында бұл объект Curve (Кривая) ретінде сипатталып тұрғандығына назар аударыңыз. Қасиеттер тақтасы арқылы спираль параметрін өзгерту ешбір нәтиже бермейді, бұл өзгерістер болашақ спиральдың параметрлері болып табылады.

7. Центрденшыққан спиральды құрыңыз.
7.1. Логарифмдік спиральды құрыңыз.

Центрден шыққан спиральды құру үшін тышқанды жылжыту кезінде Shift пернесін басып тұру қажет.
Логарифмдік спиральдің қосымша баптау атрибуты бар — спиральді созу. Spiral Expansion (Коэффициент расширения) өрісіндегі мәні спиральдің қаншалықты созылғандығын, яғни көршілес орамалардың арасындағы қашықтықтың қандай екендігін көрсетеді.
1. Қасиеттер тақтасындағы Logarithmic Spiral (Логарифмическая спираль) батырмасын басыңыз.
2. Spiral Ехраnsion (Коэффициент расширения) өрісіндегі максималды мәнді орнатыңыз.
3. Ctrl пернесін басып тышқан арқылы логарифмдік спиральды салыңыз. (Ctrl пернесіспиральдің тігінен және көлденеңінен өлшемдерінің бірдейлігін қамтамасыз етеді).
4. Курсорды оңға және төмен қарай спираль орамалары анық көрінгенге дейін созыңыз.
5. Тышқан батырмасын жіберіңіз. Спираль дайын болды. (2.51, а-сурет).
2.51-сурет. Логарифмдік спираль, созылу коэффициенттері: 100(а), 50(б) и 1(в) тең.

6. Spiral Expansion (Коэффициент расширения) өрісіндегі созылу мәнін 50% етіп алыңыз.
7. Жуықтап сол өлшеммен тағы да бір спиральді салып көріңіз. (2.51, б-сурет). Оны алғашқысымен салыстырыңдар.Созылу параметрінің минималды мәні 1-ге тең болса, ол симметриялы спираль болып табылады.

Graph Paper құралы.

Graph Payer (Разлиновать бумагу) диаграммалы торды салуды біршама жеңілдетеді. Бұл да графикалық примитивтерге жатпайды. Диаграммалы тор құрылдғанна кейін сіз оның параметрлерін өзгерте алмайсыз. Оны алдын-ала белгілеп алу қажет.

8. Диаграммалы торды құрыңыз.

1. Саймандар тақтасындағы Graph Paper (Разлиновать бумагу) құралын таңдаңыз.
2. Қасиеттер тақтасындағы Graph Paper Columns and Rows (Строки и столбцы инструмента "Разлиновать бумагу") өрістерінде тордың жолдары мен бағандарының саны белгіленеді. Оның мәндерін сәйкесінше 5 пен 10 қылып алыңыз.
3. Курсорды жұмыс парағының бос жеріне орнатыңыз. Таңдалған нүктеде тордың жоғарғы сол жағындағы бұрышы орналасады.
4. Тышқанның сол жақ батырмасын басып, курсорды диагональ бойынша оң және төмен қарай жылжытыңыз. Торды құру барысында сіз оның ені мен ұзындығын өзгерте аласыз. (2.52-сурет). Егер құру барысында Shift пернесін басып тұрсаңыз, онда таңдалған бастапқы нүкте геометриялық цетрде орналасады.
5. Тышқан батырмасын жіберңіз. Қатарлар мен бағандар саны белгіленген диаграммалы тор салынды.

2.52-сурет. Диаграммалы торды құру.

Алынған торды сіз графиктерді және кестелерді салу үшін қолдана аласыз. Кесте үшін оны Shape (Форма) құралының көмегімен жекелей түйіндері бойынша редактрлеуге болады.

9. Келесі графиктерді құрыңыз.

1. Саймандар тақтасындағы Graph Paper (Разлиновать бумагу) құралын таңдаңыз.
2. Graph Paper Columns and Rows (Строки и столбцы инструмента "Разлиновать бумагу") құралының қасиеттер тақтасындағы өрістерінде тордың қатарлары мен бағандарының саны белгіленеді. Оларға сәйкесінше 20 және 20 мәндерін енгізіңіз.
3. Bezier (Кривая Безье) құралын таңдап, координат осьтерін салыңыз, қасиеттер тақтасы арқылы оның ұштарын салыңыз.
4. Bezier (Кривая Безье) құралын таңдап, [-2;2] аралығындағы гиперболаны салыңыз.
5. График үш нүктеден құрылады: [2;8], [0;0] және [-2;-8]. Сегменттер типі бойынша: қарапайым, симметриялы және жұмыр болады. Сегменттердің қисықтығын 2.53-суретте көрсетілгендей дұрыстаңыз.
6. График абрисінің қалыңдығын үлкейтіңіз, стилін пунктирлі қылып тағайындаңыз, түсін қызыл қылып алыңыз. (2.54-сурет).

2.53-сурет. Гипербола сегменттерінің орналасуы. Рис. 2.54. Гипербола графигі.

1. 1-3 қадамдарын қайталаңыз.
2. Bezier (Кривая Безье) құралын таңдап, [-5;5] аралығындағы астроиданың графигін құрыңыз.
3. График төрт нүктеден құрылады: [-5;0], [0;5], [5;0] и [0;-5]. Сегменттердің қисықтығын 2.55-суреттегідей дұрыстаңыз, сегменттердің барлығы сүйір болады.
4. График абрисінің қалыңдығын үлкейтіңіз, стилін пунктирлі қылып тағайындаңыз, түсін көк қылып алыңыз.

2.55-сурет. Астроида сегменттерінің орналасуы.

Рис. 2.56. Астроида графигі.

1. Өз бетіңізше [-6;6] парабола графигін құрыңыз.

2.57-сурет. Парабола графигі.