Қарсылықты сабақтас құрмалас

Кафедра және пән туралы мәлімет

Кафедра

Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы

Мамандық

5B020500 — Филология: қазақ тілі

Пән

Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі

2-межелік бақылау тапсырмалары төмендегі үш бөлімнен тұрады: эссе, синтаксистік талдау және тест.

I. Эссе тапсырмасы

Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңыз.

A) А. Байтұрсынұлы

Құрмалас сөйлем синтаксисі бойынша көзқарастары.

Ә) Н. Сауранбаев

Құрмалас сөйлем синтаксисі бойынша көзқарастары.

Б) С. Аманжолов

Құрмалас сөйлем синтаксисі бойынша көзқарастары.

В) Қ. Жұбанов

Құрмалас сөйлем синтаксисі бойынша көзқарастары.

С) Б. Шалабай

Құрмалас сөйлем синтаксисі бойынша көзқарастары.

Д) Қ. Есенов

Құрмалас сөйлем синтаксисі бойынша көзқарастары.

Кеңес: эсседе негізгі ұғымдарды анықтап, автордың тұжырымдарын мысалдармен дәлелдеп, қысқа қорытынды жасаңыз.

II. Синтаксистік талдау

Төмендегі сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.

A) Сөйлем 1

Нұрғали әбігерленгенмен, Әлжан әзір байсалды қалпын бұза қойған жоқ-ты; аяғын жай басып, бәріне байыпты қарап келе жатып, жалпақ ала сиыр ұстаған біреудің қасынан өте бере, кілт бұрылды.

Ә) Сөйлем 2

Болыс әмірін ести салысымен, атығай-қарауыл жігіттері ордаңдап, қорбаңдап кеп, байлаулы жатқандарды ашулы аюларша жұлмалап, тұрғыза бастады.

Б) Сөйлем 3

Билер мен ояз отырған үлкен үйге Абай табалдырықтан аттап кіргенде, сол үйді әлденеше жүзден асқан қара халық еңсере қамап, басып кетті.

Ескерту: талдауда құрмалас сөйлемнің түрін, байланысу тәсілін, бағыныңқы/басыңқы құрамдарды және баяндауыш тұлғаларын көрсету ұсынылады.

III. Тест тапсырмалары

Дұрыс жауап нұсқасын таңдаңыз.

1) Шартты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.

  • A) -са, -се.
  • B) –ғандықтан, -гендіктен.
  • C) –ғанда, -генде.
  • D) –мақшы, -мекші + болып.
  • E) –ғанмен, -генмен.

2) Себеп бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.

  • A) –а, -е, -й.
  • B) –у үшін.
  • C) –ғандықтан, -гендіктен.
  • D) –са, -се.
  • E) –са да, -се де.

3) Мезгіл бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.

  • A) –қанмен, -кенмен.
  • B) –са, -се.
  • C) –ып, -іп, -п.
  • D) –қанда, -кенде.
  • E) –у үшін.

4) Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.

  • A) –са, -се + жіктік жалғау.
  • B) –мақшы болды, -мекші болды.
  • C) –ғанмен, -генмен.
  • D) –ғанша, -генше.
  • E) –ып, -іп, -п.

5) Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмаластың жасалу жолын анықтаңыз.

  • A) –ғанмен, -генмен.
  • B) –у үшін.
  • C) –ғандықтан, -гендіктен.
  • D) –са, -се + жіктік жалғау.
  • E) –са да, -се де.

6) «Бірақ», «дегенмен» шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.

  • A) Ыңғайлас салалас құрмалас.
  • B) Қарсылықты салалас құрмалас.
  • C) Себеп-салдар салалас құрмалас.
  • D) Кезектес салалас құрмалас.
  • E) Түсіндірмелі салалас құрмалас.

7) «Бірде», «біресе» шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.

  • A) Ыңғайлас салалас құрмалас.
  • B) Қарсылықты салалас құрмалас.
  • C) Себеп-салдар салалас құрмалас.
  • D) Түсіндірмелі салалас құрмалас.
  • E) Кезектес салалас құрмалас.

8) Себеп-салдар салаластың шылауын табыңыз.

  • A) және, әрі.
  • B) бірақ, дегенмен.
  • C) өйткені, себебі.
  • D) бірде, біресе.
  • E) не, немесе.

9) Шартты бағыныңқы құрмалас сөйлемнің жұрнағын анықтаңыз.

  • A) –ған, -ген.
  • B) –са, -се.
  • C) –ып, -іп, -п.
  • D) –у.
  • E) –қан, -кен.

10) «Және», «мен», «пен» шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.

  • A) Қарсылықты сабақтас құрмалас.
  • B) Қарсылықты салалас құрмалас.
  • C) Ыңғайлас салалас құрмалас.
  • D) Кезектес салалас құрмалас.
  • E) Шартты бағыныңқылы сабақтас.

Әзірлеген

Ф.ғ.к., доцент: Самекбаева Э.М.